Өткен ғасырда сталиндік репрессия салдарынан қазақтың 70 мыңға жуық көзі ашық, зиялы қауымы жазықсыз атылып кетті. Бұдан бөлек 100 мыңдаған адам қамалып, айдауға түсіп, Сібірге жер аударылды. Кеңес Одағының солақай саясаты бойынша, отарланған ұлттың бас көтере алмай, құлақкесті құл болуы үшін, көзі ашық, саналы азаматтарының барлығы да қуғынға түскен. Президентіміздің жарлығы бойынша 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген. Бүгінде репрессия құрбандарының басым көпшілігі ақталғанымен, жан жарасы жазыла қойған жоқ және жазылмақ та емес. Саяси қуғын-сүргін құрбандары ішінде Алаштың арыстары атанған Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы сынды бабаларымыз бар.
1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы шығып, соған сәйкес 31 — мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні болып жарияланды.Бұл күні бүкіл ел саяси қуғын-сүргін құрбандары болған біздің отандастарымызды еске алады. Қазақстанда саяси қуғын-сүргіннің не екенін біледі: еліміз күштеп ұжымдастырудың ауыр қалын бастан өткізді, голощекиннің Ашаршылығын, сталиндік кезеңнің Үлкен террорын, жер аударылған халықтың трагедиясын, басқаша ойлайтындарды тоқырау жылдарындағы қуғындауды, 1986 жылғы желтоқсандағы қантөгіс
уақиғаларын... Отандық тарихтағы ең қатал және жаппай кісі өлтіру кампаниясы нәтижесінде қазақ интеллегенциясының бетке ұстарлары: А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, О.Жандосов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, С.Асфендияров құртылған. Қазақстанда саяси қуғын-сүргін 40 және50- жылдары да жалғасты, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, А.Жұбанов, Е.Бекмаханов және басқалар соның құрбандары болды.Басқаша ойлау тоқырау жылдарында да қатаң қуғындалды сол кезеңнің шарықтау шегі көтеріліске шыққан жастарды аяусыз басуға, қатысушылар мен жанашырларын жаппай ату мен қуғын-сүргіндеуге айналған 1986 жылдың қанды желтоқсаны болды...
Уақыт бәрін де орны-орнына қояды және өз аттарымен атайды.Өткен ғасырдың 30-жылдарында «халық жаулары» ретінде атылған сталиндікҮлкен террордың құрбандары тәуелсіздік алғаннан кейін ұлт батырлары болды, «тәркіленген бай-кулак шаруашылықтары»- бостандықтың азап шеккендері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылар «қазақ ұлтшылдары», ал арасында көбісі ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушылары және медицина қызметкерлері мен қарапайым дұрыс адамдар олардың «астыртын дем берушілері» көтеріліс жасаған студенттерге көмектескен, қорғаған және сол үшін өздерінің мансабынан айрылғандар -нағыз патриоттар болған.
31 мамырды «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, 1997 жылы Елбасымыз жарлыққа қол қойған.
Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек. Тарихқа үңіліп қарайтын болсақ, ашаршылық қазақ даласында 1929 жылы бірінші рет болып, кейін 1932 жылы қайталанған. Бірінші ашаршылықта бірнеше миллион халық қырылған болса, екіншісінде одан да көп халық аштықтан көз жұмды. Ал қырылғаннан қалғандары жан сақтау мақсатында басқа елдерге босып, тозып кетті. Бұның барлығы қазақ даласына жасалған қиянат болатын. Мысалы, сол кезде Қазақстанда басшы болған Голощекиннің «Кіші октябрь» саясатының өзі халықты осыған итермеледі. Ол бастапқыда малмен ғана күнін көріп отырған байларға, кейін орташаларға, ең соңында астық екпейтін малшыларға астық салығын салды. Астықты тауып бере алмағандарын шұбыртып, қаңғытып жіберді. Сөйтіп 1933 жылға дейін қазақ даласында болған 40 миллион малдың, 1933 жылдан кейін 15 миллионы ғана қалды.
Ал 1929 жылғы аштықтың салдарынан 123 300 000 дихан шаруашылығының саны 1936-1937 жылдары 56 500 болып қалған. 1930 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде Мұстафа Шоқайдың «1929 жылғы аштық» деген мақаласы жарық көрген болатын. Онда ол Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ жерінде болған аштықтың кесірі біріншіден табиғаттың қолайсыздығына байланысты болды» («Қазақ жерінДегі ашаршылық» атты мақалаДан) деп айтқан пікіріне: «Бұл жерде ешқандай табиғаттың қолайсыздығы деген факті болған жоқ, қазақтың ойлы, қырлы даласында қанша қырғын, қанша жұт болса да, халқы былай жаппай қырылмаған.
Ал шын мәнінде бұл биліктің халыққа жасаған қиянаты еді. Әрине, ашаршылық сол кезде жалғыз болған жоқ. Қазақта «жұт жеті ағайынды» дейді ғой. Оған 37-жылы репрессия келіп қосылды. Сол жылдары шығып тұрған газеттерде күзде егінді орып болғаннан кейін қалған масақты тергені үшін сотталып, тіпті халық жауы аталып, атылған адамдар туралы ақпарат бар. Мысалы «Еңбекші қазақ» газетінде Қызыл тақта және Қара тақта деген айдарлар болды. Осы екі айдардың аясында қызыл тақтаға қуғын-сүргін, ашаршылыққа қарамастан шолақ белсенділік танытып жүрген мекемелер, ұйымдар, колхоз-совхоздардың басшылары туралы мақтау-мадақтау материалдары болатын болса, қара тақтада масақ теріпхалық жауы атанған қарапайым, кінәсіз адамдардың есімі тізімге ілінді. Қара тақтаға ілінгендер күні ертең ату жазасына кесіліп отырды. Ашаршылық пен репрессия тақырыбын айтпас бұрын, сол уақытты кезеңмен, саяси құрылыммен, тарихи деректермен қатар қарастыру қажет. Бір жақты баға беріп, бір жақты көзқарас таныту — тарих беттеріндегі ақтаңдақтарды одан сайын көбейтеді. Мәселен, «Қазақстан тарихы» оқулықтарымызда репрессия тақырыбында тек біржақты мәліметтер берілген. Көп жағдайда тарихшыларымыздың өзі сол уақыттарда болған нақты цифрларды бізге ұсына алмайды. Бірі 2 миллион қазақ қырылды десе, бірі 4 миллион дейді. Ал басқалары ашаршылық пен қуғын-сүргіннен 10 миллиноға жуық қазақ қырылды дейді.
Жан-жақты зерттелгенімен, мұнда тіпті бұл оқиғаларға кінәлі адамдардың аты ашық, анық айтылмайды. Тәуелсіздікке дейін, тәуелсіздіктен кейін шыққан кітаптар болсын, оларда көптеген саяси, тарихи қателер бар. Қазақ даласындағы аштық, репрессия — бұлардың барлығы, менің түсінігімде, отарлау саясаты механизмдерінің бірі. Революцияға дейінгі аштық, қуғын-сүргін — патшаның отарлау саясатының жоспарлы түрдегі механизмі болатын болса, 30-жылдардағы репрессия, ашаршылық оқиғалары кеңестік жүйедегі отарлау саясатының механизмі деп айтар едім. Бұл екеуі де қолдан жасалған оқиғалар. Мысалы, 1931 жылы Түрксіб темір жолы ашылған кезде оған үлкен мән-маңыз берілді.
Бұл теміржолдың арқасында КСРО аумағындағы көптеген мемлекеттер арасында біріншіден, әлеуметтік, екіншіден, стратегиялық, үшіншіден, экономикалық тұрғыдан қарым-қатынас орнайды деген. Әлеуметтік тұрғыдан елмен ел араласады, экономикалық тұрғыдан егін, астық, азық-түлік тасымалданады. Ал стратегиялық тұрғыдан қандай да бір соғыс бола қалған жағдайда теміржол қару-жарақ арсеналын тез арада жеткізеді деген үміт болған. Түрксіб өзін ақтады. Бірақ ашаршылық кезінде бұл теміржол арқылы Ресейден елімізге жіберілген қаншама астық жетпеген, жеткен күннің өзінде биліктегілер пайдалануға рұқсат бермеген. Міне, мұның барлығы ашаршылықтың қолдан жасалғандығының дәлелі.
Алайда, бүгінге дейін біз шындықтың көзіне тура қарай алмай келеміз. Қазақстанның тарихына қатысты көп дүниелер, әсіресе осы ашаршылық пен қуғын-сүргінге қатысты дүниелер ашылған жоқ. Сол кездердегі КГБ-ның, НКВД-ның , кейінгі ҰҚК-нің архивтерінде том-том болып қапталып жатыр. Бірақ бұл мұрағаттарды ақтарып қопарудың қажеті де жоқ, себебі сол уақыттарда олардың барлығы фальсификацияланған, яғни, ойдан құрастырылған.
Мысалы, кезінде Мір жақы п Дулатов, Сәкен Сейфуллин, тіпті Мағжанның өзі сол 37-жылы атылып кетті деп ойлап жүрдік. Ал қазіргі таңда көптеген тарихи фактілер, тарихи естеліктер олардың 1937 жылы атылмағандығын дәлелдеп отыр. Яғни, бұның барлығы біздің тарихи сананың жаңартылмағанын, зерттелмегенін, өз деңгейіндегі шындық әлі ашылмағандығын айтып отыр.
Қорытындылай келе, қалай дегенмен де, қазақ тарихындағы бұл қасіретке бей-жай қарау, санамыздан өшіру елдігімізге сын емес пе?! Ащы тарихымызды білмеу — тәуелсіздік қадірін түсінбеумен пара-пар. Ендеше, ұрпақ санасына өткен дәуір тарихын жаңғырту, халық зиялыларын жадымыздан бір сәт те шығармау баршамыздың ұлт алдындағы азаматтық парызымыз деп білейік!