Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мәдениетке партиялық, кеңестік бақылау

Қазан революциясының нәтижесінде билікке келген большевиктер партиясы мәдениеттің қоғам өміріндегі рөлі мен орнына прагматистік көзқараспен қарады. Со нды қтан партия көсемі В.И.Ленин мәдениеттің жаңа жағдайдағы басты міндеті пролетариат диктатурасының мақсат, міндеттер іне қызмет ету екендігін, ал жаңа мәдениет өздігінен пайда болмайтындығын оған әрқашан «жоғарыда» үнемі басшылық жасап отыру қажеттілігін атап көрсетті.

Партия мәдени революцияны жүзеге асыруда В.И.Лениннің «екі мәдениет, екі идеология» туралы теориялық ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, кеңес үкіметінің алғашқы айларынан бастап-ақ қоғамда ымырасыздыққа, соның нәтижесінде, бір біріне қарама қарсы тұрған екі жаулық лагерьге бөлінуіне жол берді. Оның басты себебі, таптық идеологияны басшылыққа алған партия жаңа мәдениетті осы идеология аясында жасамақ болды.

Коммунистік яғни, большевиктік партия қоғамның басқарушы күші болғандықтан, партия өз шешімдерінде, оның алдында тұрған міндет «мемлекеттік билік органдарының барлық саяси және мәдени жұмыстарын басқару, жаңа мәдениетті жасау процессін бағыттаушы негізгі күш болу» екендігін билікке келгеннен бастап ашық жариялады. Партия жаңа мәдениет жасауда В.И.Лениннің социалистік мәдениет туралы идеяларын басшылыққа алып отырды. Партия мәдениет саласында «коммунистік идеяларды кеңінен насихаттауды» ашық жариялай отырып, буржуазияның идеялық қарсылығына байланысты, мынаны ескертті: «что элементы, враждебные советские власти, не воспользовались аппаратом общего образования и не проводили под видом литературы, науки и искусства тенденций общественновредных, контрреволюционных и так или иначе парализующих усилия коммунистической пропаганды». Кеңес үкіметіне жау элементтердің білім беру жүйесін, әдебиет пен өнер саласын, ғылымды өздерінің революцияға қарсы пиғылдарына пайдаланып кетпеуін кейін де бірнеше рет ескерті.

Оқу-ағарту ісі мен мәдениетті бір орталықтан басқару мақсатын қойған Кеңес үкіметі Халық ағарту комиссариатын құрды. Жергіліктіжерлерде губерниялық және уездік ағарту бөлімдері де құрылған болатын. Олар жергілікті Кеңестердің қарауында болды. Сонымен бірге, басқару құрлымы бойынша губерниялық және уездік ағарту бөлімдері одақтық, республикалық Халық ағарту комиссариатының директивалық нұсқауларын орындауға міндетті болды.

РКП (б) Орталық комитетінің басшылығымен 1921 жылы Наркомпростың (Халық ағарту комиссариатында) өзгерістер жасалды. Оның құрамында саяси сипаттағы мамандандырылған басқармалар құрылды. Мысалы, саяси-ағарту бас комитеті (Главполит просвет), кәсіптік білім беру бас басқармасы (Главпрофобр), ғылыми, музей және ғылыми көркемдік мекемелерінің бас басқармасы (Главнаука), әлеуметтік тәрбие және политехникалық білім беру бас басқармасы (Главсоцвос) т.б. Байқағанымыздай, партияның тікелей нұсқауымен Наркомпростың құрылымына саяси бағыт беріліп, оның қызметі партия идеологиясының аясында өрбитіні белгілі болды. Ол туралы партияның ХХ съезінде А.В.Луначарский «Наркомпрос пролетариат диктатурасының барлық ресейлік бұқарасын коммунистік рухта тәрбиелеу ісіндегі орган болып табылады» деп мәлімдеді.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары мәдени революцияны іске асыру барысында «буржуазиялық мәдениетпен» күрестің нәтижесінде асыра сілтеушілікке де жол берілді. Жарқын болашаққа жету үшін күрес жүргізіп жатырмыз деген желеумен сол жылдары адамгершілікке жат идеология қалыптаса бастады. Партияның таптық идеологиялық ұстанымдары тек өткеннің бәріне қарсы күреске шақырып, өткен мәдениеттен жеткендердің барлығын құбыжық қылып, адамдарда ымырасыздық сезімдері қалыптаса бастады. Өткен дәуірдің мәдениетін қиратып, жаңа қоғамның жаңа мәдениетін жасаймыз деген ұрандату ғасырлар бойы халықтың санасындағы гуманистік сезімдерге қайшы келіп жатты.

20-шы жылдары партияның Орталық Комитеті, оның ізімен төмендегі партия комитеттері мәдениет саласындағы мәселелерді қарап, шешімдер қабылдау үшін уақытша немесе тұрақты комиссиялар әр түрлі комиссиялар құрды. Олардың құрамына партия мен мемлекеттік органдардың, қоғамдық және кәсіби-шығармашылық ұйымдардың өкілдері кірген. Тұрақты жұмыс істеп тұрған комиссиялар, кейін партия аппаратының құрамдас бөлігі болып кетті. 20-шы жылдары Орталық партия комитетінің жанынан құрылған Истпарт, Дінге қарсы комиссия, Өздігінен оқу жөніндегі бүкілресейлік комиссия, Кинокомиссия, Көркемдік комиссия, Кітапхана және клуб комиссиялары партияның мәдени саладағы саясатын жүзеге асыруға тікелей араласты. Осы жылдары партия алдына мынадай міндеттер қойды: а) барлық жазушылар партиямен тығыз байланыста болуы қажет; ә) пролетар жазушыларына қолдау көрсету; б) әдебиетке бақылау жасаудың әдеби-мәдени және кадрлық саяси жүйесін күшейту».

20-шы жылдары Қазақстанда әдебиет саласында пролетарлық бағыт қалыптаса бастады. Орталыққа икемделген Қазақстанда да Казақ пролетаржазушыларының ассоциациясы құрылды (КазАПП). Әдеби өмірде осы бағытты таңдаған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ш.Иманбаева, Б.Ізтөлин, Ө.Тұрманжанов, А.Сегізбаев т.б. 20-шы жылдардың басында осы бағыттың бастауында тұрса, 20-шы жылдардың екінші жартысында Ж.Сыздықов, Ғ.Малдыбаев, А.Тоқмағанбетов т.б. жас әдебиетшілер осы топқа қосылды. Әдебиеттегі партиялық бағыт ұстаған осы топ жөнінде С.Мұқанов «Кеңестік бағытта басын қосып ұйымдастыратын, жетекшілік ететін әбебиет ұйымын құрудың қажеттілігі келіп шықты» деп жазды.

Жаңа қоғамның әдебиетін жасауға саналы өмірін арнаған Сәкен Сейфуллин пролетарлық әдебиеттің күштерін біріктіріп «ұлтшылдық» әдебиеттен бөлектену үшін жаңа ұйым құруға ұмтылып, ол үшін Мәскеудегі ВАПП (Бүкілодақтық пролетар жазушыларының ассоциациясы) ұйымымен, оның ішіндегі пролетарлық бағыттағы «Кузница» бірлестіктер імен байланыс орнатты. Олардың бағдарламаларының негізінде қазақ кеңес жазушыларының ұйымына бейімдеп бағыт бағдар жасады. Қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясының (ҚазАПП) ВАПП-тың бағытын қабылдауы туралы С.Мұқанов былай түсіндіреді: « . . .Кузницаның (ВАПП-тың ішіндегі топ) басқарушыларының бірі Феоктист Березовский Сәкеннің революциялық жолдағы ескі жолдасы, «Кузницаға» оны тартатын сол және бір себеп «Кузницаның» ескі мамандары Кирилов, Родов, Герасимов, Санников және басқалары үнем саясатын (НЭП) біраз уақытқа дейін қабылдамай, оған қарсы шығармалар жазған адамдар. Сәкеннің де бір кезде көңіл күйі осылай болып, жаңа үнем саясатына қарсы «НЭП» атты өлең жазғаны мәлім. ... Екіншіден Сәкенде «пролеткультовщина» деп аталатын «мәдениеттік» басқаны танымау бейімдестігі болғаны мәлімСонымен бірге, ВАПП басшыларының көзқарасы РКП(б) Орталық Комитетінің баспасөз бөлімінің көзқарасымен сәйкес келді.

С.Сейфуллиннің бұл ұстанымын Өлкелік партия комитеті қолдап 1925 жылы 12 маусымдағы бюро мәжіліс інде қазақтың пролетариат ақын жазушыларының ассоциациясы – ҚазПП-ты құру туралы арнаулы қабылдайды. КазАПП-тың ұйымдастыру бюросы құрамына С.Сейфуллин, Ә.Байділдин, Б.Майлин, Н.Феоктистовтер кіріп, іске кіріседі.

Құрылған ҚазАПП жеке ұйым болмады. Ол Бүкілодақтық пролетариат жазушыларының бірлестігінің (ВАПП) қазақстандық бөлім ретінде құрылып, ВАПП-тың «Кеңестер одағындағы еңбекші тап жазушылары ұйымының сана (идеология) және көркемсөз бағдарламасы» деген құжатын қабылдап, оны баспасөз бетінде қазақша аударып басты. ҚазАПП-тың жұмысы ВАПП идеяларын қазақ жазушылары арасына таратудан басталды.Осы кезеңнен бастап, әдеби салаға саясаттың тікелей араласуы күшейіп кетті. Соның салдарынан әдебиетте науқаншылық басым болып, көркемдік ерекшеліктер екінші қатарға ығыстырыла бастады.

1925 жылы Өлкелік партия комитетінің хатшылығына Ф.И.Голощекин келгеннен кейін қаламгерлерді жікке бөлу, жалпы қазақтың зиялы қауымына түрлі жала жабу өрши түсті. Әдебиетті саясатқа бағындыруға беталыс та осы кезеңде белең алды. Голощекин республиканың басшы органдарындағы «жікшілдікпен күрес» жүргізуді желеу етіп, шын мәнінде жікке бөлуді кейде ашық, кейде жымысқы саясатпен өзі жүргізді. Ол қазақ зиялыларының халық арасында жоғары беделінің болғанын қаламады. Сондықтан, оларды жік-жікке бөліп бір- бірімен күрес жүргізуіне жағдай жасады. Голощекиннің басты міндеті – республикада қалай болғанда да орталықтың айтқанына көнетін, большевиктік таптық идеологияны ғана басшылыққа алатын саяси ахуал орнату болды. Сайып келгенде, түпкі мақсат, кеңес осы деген ұғым, сана қалыптастыру, сөйтіп қызыл империяның ықпалын күшейту еді. Голощекин Қазақстанға келгеннен кейін-ақ партияның атын жамылып қазақ зиялыларының өз ой-пікірі бар, ұлтжанды өкілдерін қуғындай бастады. Алдымен, «Қожановшылдықпен» күрес, Сұлтанбек Қожанов республикадан кетірілгеннен кейін Смағұл Сәдуақасов пен Жалау Мыңбаев жігімен күреске жалғасты.

Осы саясат әдебиетшілер арасына да таңылды, олар да өз арасынан «жік» іздеуге кір іс ті. Ол кезде «жікке» таба қою оңай болатын.

Қазақ зиялыларының бұрын «Алаш» қозғалысына қатысқандарының бәріне «ұлтшыл-буржуазиялық элементтер» деген ат тағылған еді. Ал, олардың әдебиеттегі, оқу, ғылымдағы қызметіне қолдау көрсеткен басшылықтағы тұлғаларға да «оңшылдар» деген айдар тағылып, партия тарапынан қудалауға түсті. Алаш қозғалысының бұрынғы қайраткерлерінің қызметінсіз қазақ мәдениеті өзінің табиғаи ұлттық болмысынан, әдебиет, өнердегі көркемдігінен айрылатынын түсініп оларды шамасы келгенше қорғап келген С.Сәдуақасовты да жан жақтан әшкерлеп қуғынға салды. Пролетарлық әдебиеттің өкілдері болып саналатын Әбдірахман Бәйділдин, Ғаббас Тоғжанов, Сәбит Мұқанов т.б. өз мақалаларында Смағұлды «ұлтшылдармен» байланысы үшін «оңшыл», «байшыл» деп сынады. Сұлтанбек Қожанов тағдыры да осы тәріздес болды. Ақыры, С.Сәдуақасов та С.Қожанов та Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. «Оңшылдарды» әшкерлеуде Голощекин және оның тобы, пролетар жазушыларынан басқа да ұйымдарды тартты. Мысалы, Қаз ақс тан комсомол ұйымының өлкелік Ү конференциясында: «Көркем әдебиет негізінен соңғы кезге дейін Алашорда идеологиясының творчествосы болып келді. Көркем әдебиеттегі басшылық орындады өз қолдарына ұстап келген алашордашылар өткен жылдарда бірқатар ұлтшыл коммунистердің Қожанов, Сәдуақасов және басқалар қолдауына сүйене отырып, өз әдебиетін бұқараға енгізумен болды. Жастар негізінен М.Жұмабаев, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгеров, А.Байтұрсынов және басқалардың шығармаларынан нәр алады. ...контреволюциялық мақсатпен жазылған «Қаракөз» (авторы М.Әуезов) пьесасы сол кездегі ҚАССР ХалықАғарту Комиссары Сәдуақасовтың ұсынысымен 1926 жылғы конкурстың бірінші бәйгесін алды» деп сынады.

Таптық идеологияның негізінде құрылған ұйым ҚазАПП партияны арқаланып, ұлт зиялыларын мәдени с алад ағы шығармашылық қызметтен шеттете бастады. Өлкелік партия комитетінің 1927 жылғы тамызда қабылдаған шешімінде: «Издательский план КазГИГа на 2-е полугодие 1927 года отклонить утверждение заданий по составлению учебников: а)А.Байтурсыновым «История словестности», б) Шонановым и Байтурсыновым «Хрестоматий 3 и 4 года обучения; в) Ауэзовым – «История каз.литературы». Міне, осылайша А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары халқына қызмет етуден еріксіз аластатылды. Ал, оқулықтар мен оқу құралдарын кімдер жазу керек оны да партия шешімі анықтады. «Составление хрестоматии поручают Джолдубаеву и Айбасову. Составление «Теории словестности» поручено коммунистам педтехникума (г.Алма-Ата), под руководством Сулеева. Поручено Байдильдину реально ознакомиться с книгой Ауэзова и дать отзыв. Жоғарыда аталған Молдағали Жолдыбаев, Біләл Сүлеев т.б. өз еліне қызмет еткен қайраткерлер. Бірақ, партия саясаты қазақ зиялыларын бір біріне қарсы қойып, екі жаққа бөліп тастады.Ғ.Тоғжанов та партияның таптық саясатын белсенді жүргізіп, Смағұл Сәдуақасовты біздің идеологиялық жауларымыз М.Жұмабаевтарды қолдап отыр деп айыптады.Жалпы партия мәдениетке толық бақылау жасады және оның даму барысын айқындап отыратын күшке айналды. Мәдениет саясат пен идеология толық бағындырылды.

 

Әдебиет

  1. Федюкин С.А. Партия и интеллигенция. – М., 1989, 10-11 с.
  2. Советская интеллигенция. – М., 1987. 216 с.
  3. Знаменский О.Н. Интеллигенция накануне Великого Октября. – М.; Наук а, 12 с.
  4. Абжанов Х. Формирование и судьбы казахской интеллигенции. Мысль, 1992, № 2, 84 с.
  5. Измайлов А.Э. Просвещение в республиках Советского Востока. – М.: Педагогика, 1973, 45 с.
  6. Тажибаев Т. Просвещение и школы Казахстана во второй половине ХІХ в. – Алма-Ата: Киргосиздат, 1962, - 38 с.
  7. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. -85 б.
  8. Базарбаев М., Аққұлұлы С. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. Таңдамалы. – Алматы: Қаз.Энциклопедия. 1995. - 27 б.
  9. С10. Алиби Джангельдин. Документы и материалы. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1961, 1961. 64-66 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.