Аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының қоғамдық ой-пікірі, мәдениеті мен әдебиеті тарихында жаңашыл педагог, жаңа мектептердің ұйымдастырушысы, этнограф, фольклоршы, ақын, прозашы және орыс классиктері туындыларының, атап айтқанда, Крылов мысалдарының аудармашысы ретінде кеңінен мәлім. Ол 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысында туған. Әкесі ертерек қайтыс болып, атасы Орынбор шекаралық комиссиясының әскери старшинасы Балғожа бидің қолында тәрбиеленді. 1850 жылы Ыбырай шекаралық комиссия жанынан қазақ балаларына арнап ашылған мектепке түсіп,оны алтын медальмен бітірді.
Мектепті бітіргеннен кейін Ы.Алтынсарин үш жылдай (1857-1860) атасының қоластында кеңсе қызметкері, содан соң 1859 жылдың тамызынан бастап Орынбор басқармасында тілмаш болып қызмет етті. 1860 жылы облыстық басқарма оған Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды да, өзін сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады. Ағартушылық идеялармен жігерленген ол ауылдарды аралап, халыққа білім алудың маңызын түсіндірді.1864 жылы 8 қаңтарда мектеп салтанатты түрде ашылды.
1868 жылы Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасып, содан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік судья міндеттерін қатар атқарды. Қызмет бабымен ол ауылдарда жиі болып, болыс басқарушылары мен ауыл старшындарының сайлауына қатысып жүреді.
Сайлау кезінде ол әділ шешім шығарылу үшін, дауысты сатып алудың, парақорлық пен қиянат жасаушылықтың орын алуына жол бермеуге тырысты. Наразы болған байлар оның үстінен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және одан әрі ішкі істер министріне шағым жасап, оны 1868 жылғы Уақытша ережеде белгіленген сайлау жүргізу тәртібін бұзды деп айыптады. Жалақорлар Ы.Алтынсаринді уездік басқармадағы қызметінен кетіруге тырысты. Николаев уезі Аманқарағай болысының басқарушысын сайлау кезінде Ы.Алтынсарин ұсынылған екі байдың орнына халықтың мүддесін қорғайтын үшінші бір адамның сайлауына қол жеткізді.Ы.Алтынсаринның үстінен жазылған шағымдардың бірінде ол “социалист”деп аталды және осы іс бойынша тергеу жүргізілді.
Ы.Алтынсарин қарапайым халықтың қамын ойлады. Мәселен, ол 1864 жылғы 14 сәуірдегі хатында былай деп жазған: « Қызмет бабы бойынша мен қазақтармен жиі қақтығысып қаламын, олардың ішінде осындағы өз туыстарым да бар. Маған іштей жамандық ойлайтындар 370
Ордадағы лауазымды адамдар арасында да бар. Олар қорғансыз кедейлерді арсыздықпен талап-тонауда...»
Ы.Алтынсарин патша өкіметінің жүгенсіз саясатына қарсы болды.Мұны оның 1880 жылы «Оренбургский листок» газетінде жарияланған мақалалары дәлелдейді.
1879 жылы Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынбор қаласы болатын. Алтынсариннің мектептегі қызметі халық арасында лайықты бағасын алды. Орынбор бекінісінің бастығы 1864 жылғы 22 қаңтарда Орынбор және Самара генерал-губернаторына «Мектептің ашылуын ордалықтар шын көңілден қуанып, алғыс сезімімен қарсы алды» деп хабарлады. Торғай облысы мектептерінің инспекторлық қызметіне кіріскен соң, Алтынсарин Ырғыз, Николаев, Торғай және Елек уездерінде екі сыныптық орыс-қазақ училищелерін ашып, оқушылар жинап, мұғалімдермен қамтамасыз етті.1888 жылы Ырғыз қаласында қазақ қыздарын оқытатын интернаты бар мектеп ашып, патша әкімшілігінен интернаттары бар қыздар училищелерін ашуға рұқсат алды.1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қостанайда, 1896 жылы Ақтөбеде интернаты бар қыздар училищелері жұмыс істей бастады.Жалпы алғанда, Алтынсарин көзінің тірі кезінде төрт екі сыныптық орталық «орыс-қазақ» училищесін, бір қолөнер училищесін, бір қыздар училищесін, бес болыстық училище, орыс шаруаларының балаларына арналған екі училище аштырды. Сонымен қатар, орыс-қазақ мектептерінің мұғалімдеріне оқулық-көмекші құрал ретінде орыс педагогтары мен жазушыларының еңбектері мен оқулықтарын ұсынды.
Белгілі бір дәуірдің адамы және қайраткері болған Ы.Алтынсарин өз көзқарасында кейбір қайшылықтардан арыла алмады.Барлық ағартушылар сияқты ол да ағарту ісінің әлеуметтік және өзгертушілік рөлін көбінесе асыра бағалады.
Алтынсарин жан-жақты білімді адам болды. Ол қазақ этнографиясының кейбір мәселелерін егжей-тегжейлі зерттеп, 1868 жылдың наурызында Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлім ін ің мәжілісінде өзінің «Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы кезіндегі әдет-ғұрыптарының очеркі» атты еңбегін оқып берді. Мақала қоғам мүшелері тарапынан жаппай қолдау тауып, көп ұзамай жарық көрді.
Әдебиет
- Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. -85 б.
- Базарбаев М., Аққұлұлы С. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. Таңдамалы. – Алматы: Қаз .Энциклопедия. 1995. - 27 б.
- С10. Алиби Джангельдин. Документы и материалы. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1961, 1961. 64-66 с.