Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Поэзиядағы Тәуелсіздік тақырыбы

М.Мақатаев:

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедің?

Алауратқан таңдардан сені іздедім,

Сені іздедім, жасымнанда,

Сен бе дедім, ақ нөсер шашылғанда,

Көкжиек пен көкжиек қосылғанда,

Сені іздедім сезімге у шараптан да,

Минуттерден іздедім сағаттан да,

Сені іздедім,

Іздеймін тағам бар ма?

Мені саған егіз қып жаратқан ба? – десе, «поэзия – өмірдің күлкісі, оның жарқын көзқарасы» - деп Белинский айтқан.

Халықтың азаматтық тарихы мен әдебиет тарихының арасында өзара ұқсастық та, бір-бірінен айырма да жоқ емес. Ұқсастығы – екеуі де халық жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі деп есептеді. Айырмасы – сол екі түрлі шежіренің екі түрлі міндет атқарып, әр түрлі құралмен жасалуында. Азаматтық тарих халық өмірінің әрбір тұсын, бағыт-бағдарын, белгі оқиғаларын, тұтас алғанда жалпы қозғалысын мұқияттылықпен, бүге- шігесіне дейін қамтуға тырысса, әдебиет тарихының өзінше заңдылығы бар. Ол халық өмірін тарихтай тәптіштемесе де, оның қадау-қадау тұстарын, оқиғаларын, негізгі беталысын, тағы басқаларын көркемдік дүниетанымға лайық тәсілдермен, жолдармен жинақтай, жеке образдар, идеялар, ойлар арқылы суреттейді, басқаша айтсақ, уақытты да, қоғамды да, адамды да сол ортаға, сол тұсқа, олардың көркемдік талабы мен талғамына лайық көркемдік құралдармен бейнелейді. Осындай бейнелеу барысында, атадан балаға мирас болып келе жатқан поэзия өнері.

Қазақ халқының бойына біз поэзия мен музыканың бұлағын көреміз. Поэзия ойланудан басталады. Қазақ поэзиясы жалпы сапасы тұрғысынан, тілінің анықтылығы, ойларының бейнелілігі, лирикалық қасиеті жағынан айрықша даралана түседі.

Поэзия дегеніміз – өмір, оқиға, күрес, сезім. Поэзияның прозадан айырмашылығы, ол өте сәтті, маңызды жайды үйлестіріп, өлең етіп, бір-екі ауыз сөзбен-ақ, оқушының қиялына әсер етеді. Қазіргі шыңдыққа тамыр тартпаған кез-келген поэзия, шыңдыққа сәуле түсірмеген поэзия еріккеннің ермегі.

Поэзия – өмірдің көңілді күлкісі, оның жарқын көзқарасы, әлемдік өмірдің қан тамырларының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні. Поэзияның көркемдігін бағалау үшін салауатқа жүгінудің түк орны жоқ. Пәк, таза қазақ поэзиясы – үлкен шығармашылық күштің жемісі.

Поэзия – XV –XVIII ғасырларда жинақталып, зерттеле бастаса да, ол шығу төркіні жағынан ауыз әдебиеті кезінен бастап қалыптасқан. Ертеде әжелеріміз бен аталарымыздың ауыздан –ауызга айтылып жүрген батырлар жыры, тағы басқа жырлар осының айғағы.

Орхон-Енисей ескерткіші кезінде табылған «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» ескерткіштерінде, құлпытастарында қашалып жазылған жыр-дастандары - /VI-XI/ осы поэзияның сызу, жазу дами бастаған VI-XI ғасырларда кездесуі осының дәлелі.

Поэзиядағы Тәуелсіздік тақырыбы, осы «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» жырларында да орын алған. Өйткені, бұл жырлар ерлікті, елдікті, еркіндікті аңсап жырланған. Сонымен қарап отырсақ, еркіндікке ұмтылу Орхон-Енисей ескерткіштері кезіндегі поэзияда кездесетіні көрініп тұр.

XV-XVIII ғасырлардағы поэзияның бірден-бір жанры – толғау Шәлгез, Жиембет, Бұқар сияқты белгілі жыраулар шығармашылығы арқылы бірте-бірте толысса, XVIII ғасырда Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей поэзияларында қазаққа зорлық-зомбылық көрсеткен қалмақ елін шауып, қызын-күң, ұлын – құл етсем деп халқының Тәуелсіздігін армандайды. Яғни, XV-XVIII ғасырлар поэзиясында да да Тәуелсіздікті аңсаған.

XIX ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Махамбет поэзиясында да Тәуелсіздік тақырыбы кең орын алады.

XIX ғасыр поэзиясында ғана емес, жалпы қазақ поэзиясының төл сөз өнерінің тарихында Махамбет Өтемісұлының орны ерекше де қадірлі екені белгілі. Ол әдебиет тарихына да, халқымыздың азаттық күрес тарихына да, отаршылдық пен хан езгісіне қарсы Исатай Таймановпен бірге халық көтерілісін бастаушы батыр, әрі оның жалынды ұраншысы, наркескен ақыны ретінде енген даңқты тұлға. Оның ерлік пен елдікке толы жырлары көтеріліс айнасы болуымен қатар, қазақ поэзиясының қайталанбас бір өзіндік кезеңін, белесін құрайды.

Махамбет: Мен Нарыннан кеткенмін, Нарынды талақ еткенмін, Қуатымның барында, Ағыны қатты Жайықты Тіземнен бұзып өткенмін. Жаныма айла болар деп, Назарды тастап Шүренге,

Күнім үшін жеткенмін.

Жақияны ханға ұстап бергендей,

Шүрен саған не еткенмін?

Қайтеріңді өзің біл,

Алдында кеңес еткенмін, - дейді. Батырлықты, жауынгерлікті жыр етіп ардақтаған ақын бұл өлеңінде ерлікті ту етіп көтере отырып, ездікті еске түсіреді. Махамбет – өр мінезді ақын. Ол әділдікті бетке айтар тұлға.

Еркіндігіне жаңа қадам басқан егеменді еліміздің болашағы - балалар мен жасөспірімдер десек, бұл олардың бойында да Махамбет Рухының бар екенінің дәлелі.

Сонымен қатар, XIX ғасырдың екінші жартысындағы Шоқан, Ыбырай, Абай поэзияларында да еркіндік сарыны да кездеседі.

Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейін, поэзияда Тәуелсіздік тақырыбы етек жая бастады. Тәуелсіздігіміздің алудың бірден-бір себебі - Желтоқсан оқиғасы.

1986 жылы 16 желтоқсан ызғарлы кешінде, қыста, қазақ елінің азаттық көктемі үшін, солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп құрбан болған, ұл-қыздарымыздың арқасында – Тәуелсіздік төрінде отырғанымызды ешқашан ұмытпауымыз керек.

Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқып ескесің,

Азаттық күйі қашаннан

Көкейін елдің тескесің.

Шектеліп ана тіліміз

Оқылмай өлең - жырымыз

Жабылып жатса мектептер,

Жадырар қалай күніміз.

Тарылып жатса даламыз,

Қақымыз да жоқ айтуға

Әділет қайдан табамыз.

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы,

Алаңға қарай ағылып

Таусылып барлық шарасы.

Жібердік еркін ат басын,

Қиянат жанға батқасың,

Тоқырау таңын күйретіп

Деп: «Теңдік күні батпасын!»

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете наздаппыз

Қосайық басты бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз, - деп жастарымыз, ерлікті, елдікті, Тәуелсіздікті аңсаған.

«Қайрат - деген атым бар, Қайрат – деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық», Атам десеңдер атыңдар», -

деп жастарымыз Тәуелсіздікте күресуде өз өмірлерін құрбан етуге дайын тұрған. Бұндай сарын XX ғасырдың бас кезіндегі Н.Наушабаев, С.Көбеев, М.Сералин, С.Торайғыров шығармаларында да кездеседі.

1991 жылы еліміз еркіндігін, егемендігін, Тәуелсіздігін алғаннан кейін, әдебиетте Тәуелсіз туымыз желбіреді. Әдебиетте Тәуелсіздік тақырыбы кең құшақ жая бастады. Көптеген ақын-жазушылар өз тақырыптарын Тәуелсіздік тақырыбымен ұштастыра бастады. Соның бірі Өмірхан Әбдіманов «Азаттықты аңсаған азаматтық поэзия» деген мақаласында азаттықты, еркіндікті, Тәуелсіздікті арқау етеді.

Рахметолда Нұрнейісов азаттықты былай жеткізеді:

Бұл алаңда азаттықтың қаны бар,

Ей, болашақ!

Сен бұл жерді танып ал,

Үміт – жіпке қолын созған өркеннің,

Ерте үзілген өмірі бар, жаны бар

Айтам деген,

Айтылмаған әні бар.

Біліп жүргін, тағзым еткен соларға,

Кінәсізді кінәлауға бола ма?

Бәрінің де көңілдері ақ еді,

Адал еді, сеніп еді қоғамға,

Сол сенгіштік,

Ұятқа қайғы болды ол да!

Кілең жастар, кілең өмірталдарым,

Қапысызда қатесіздік қармадың

Әділеттік аспанына қол созып,

Сол күндері алаулады арманың,

Сол күндері халқыңды да арладың.

Бұнда ақын халқының азаттықты, Тәуелсіздікті оңай жолмен емес, қаншама қиыншылдықты бастан өткізу арқылы Тәуелсіздікке қол жеткенін баяндайды.

Ал Темірше Сарыбайұлы тәуелсіздік тақырыбын, өзінің

«Тәуелсіздік - азаттығың мәңгілік» деген өлеңінде былай баяндайды:

Биігім – сол!

Аңсап, самғап шығатын.

Шың деу керек,

Оның рас,

Шын атын!

Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты,

Оның,

Сенің

Асыл – арман,

Мұратың!

Ол тұрғанда,

Тағындасың,

Тұлғасың!

Сонан алсаң,

Сарқылмайды жыр басын.

Тәуелсіздік – қазағымның қуаты

Жасай бере туым шалқып тұрғасын.

Тәуелсіздік – байлығым да, бағым да,

Тәу ет оған,

Тәңіріңдей табын да!

Көркейт оны,

Жерұйыққа айналдыр

Күшін кернеп, шабыт буған шағым да.

Тәуелсіздік - ырызым мен қазынам!

Ол – әсем ән.

Жан тыңығар сазынан

Әнұраным шалқығанда асқақтап,

Жаздай жайнап,

Құрысымнан жазылам.

Тәуелсіздік – азаттығың мәңгілік!

Соны жырла,

Соны шырқа ән қылып!

Соны ғана әспеттеуге арналсын,

Барша дәстүр,

Барша өнер,

Бар ғұрып!

Ақын Тәуелсіздікті – халықтың бақыты, байлығы, қазынасы ретінде баяндайды.

Сонымен қорытындылай келгенде, халқымызда, әдебиетте жылауық, мұң, аянышты, қайғылы өлеңдерден гөрі, ұлттың рухын көтеретін, жастардың рухын көтеретін ерлікке толы поэзия керек. Поэзияда еркіндік, бостандық, Тәуелсіздік тақырыбы - өшпесін, өлмесің, мәңгі жасай берсің!

 

Әдебиет

  1. Т. Кәкішев - Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1994.
  2. Ә. Нарымбетов - Әдеби өмір шежіресі. Алматы, 2002.
  3. Ә. Қоңыратбаев - Қазақ әдебиетінің тарихы, Алматы, 1994.
  4. З. Қабдолов - Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері, Алматы, 1993.
  5. К. Мырзағалиева - М. Өтемісұлы өлеңдеріндегі көркемдік шыңдық мәселелері. Алматы, 2005.
  6. Ә. Дербісәлин - Әдебиет туралы толғаныстар. Алматы, 1990.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.