Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы байлар институты

Дәстүрлі қазақ қоғамының экономикалық өмірінде көрнекті рөл атқарған әлеуметтік топ – байлардан құралған байлар институты болды. «Бай» атауы Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани атап көрсеткендей Дешті Қыпшақ және Моғол тайпалары арсында «дәулетті адамды, аса көп мал иесін» білдірген. «Бай» атауының әлеуметтік мағынасы да болды, далалық феодал тобының өкілдерін танытты [1, 54 б.]. Қазақ қоғамында, әрине, адамдарды мүліктік жағдайына қарай бай – кедей деп бөлу де орын алған. Ибн Рузбиханның айтуынша «арбалы үйді» қоса алғанда, малының саны мен жылжымалы мүлкі көп кез келген «ықпалды бай адам» бай деп аталған. Ол кезде байлық биліктен бөлінбейтін еді, ал «дала адамдары», Мұхаммед Шайбани ханның айтуынша, «қойды көбейту арқылы аз уақыт ішінде көп байлық жинауға және осы бір ұшы-қиырсыз далада ұсақ мал өсіру арқылы мол дәулетке жетуге барынша күш-жігер салып, соның жайын ойлайды». Қазақтардың ірі байларының ондаған арбалы-үйлері, жүздеген түйесі, сан мыңдаған қойы және 15, 18, тіпті 26 мың жылқысы болған [1, 54-55 бб.].

Көшпелі қазақтарда байлар қоғамының едәуір басым бөлігі болды. Алайды бұл арада байлардың ерекше тегі болмағанын, сұлтандар арасында да, билер арасында да, қатардағы көшпелілер арасында да байлар болғанын ерекше ескерте кеткен жөн. Басқаша айтқанда, байлар қоғамының әлеуметтік жағынан біртектес тобы болған жоқ. Сөз жоқ, материалдық игіліктің молдығы зор пайда келтіріп, қоғамдағы беделді айқындап отырды. Солай бола тұрса да, ерекше саяси құқықтар дәулеттің мол болуымен байланыстырылмады. Жекелеген байлардың қоғамдағы орны олар жататын тектің орнымен айқындалды. Мысалы, әлдебір сұлтанның экономикалық жағынан тіпті қайыршы болуы да мүмкін еді, бірақ ол қоғамның сол әлеуметтік тобының үнемі бірлесіп иеленуіне заң бойынша берілетін барлық құқықтар мен артықшылықтарды пайдаланатын.

Орта ғасырда Қазақстанда жер хандардың меншігі болды. Былайғы халық, оның ішінде қазақ байлары ханның меншігіндегі жерді пайдаланды. Қазақ байы өзі малын жаятын көктеу, жайлау, күздеу сияқты жайылымдардың меншіккер емес, пайдаланушысы ғана болды.

Қыстау қораға келсек, бір адам бір қораға көп жыл бойы қыстаудың нәтижесінде ол жер сол адамның атымен аталып, жеке меншік сияқтыкөрінгенімен, қыстау қораны жеке меншікке бергені туралы, Бөкей хандығын айтпағанда, басқа еш жерден құжат табылмайды. Сонымен қатар байлар өзінің қыстауына шаруалардың басын байлап басыбайлықта ұстағаны туралы да мәлімет кездеспейді.

Қазақ байларының табиғатына байланысты терең зерттеу жүргізген белгілі тарихшы Т. Омарбеков: «Әрине қазақ қоғамында байдың үстем рөл атқарғаны сондықтан да әлеуметтік теңсіздік орын алғаны даусыз Бірақ бұдан «қазақ байы қара басының қамын ғана күйттеген өзінің рулас кедей туысын айлакерлікпен қанаудан сөйтіп баюдан басқа нақты мақсаты болмаған, қаныпезер, қатыгез де тасбауыр, кейде тіптен қанішер еді» деген қорытынды тумаса керек» [2, 85;87-88 бб.]. – деген, пікіріне орай, қазақ қоғамындағы байлардың феодал-қанаушы еместігін дәлелдеп, керісінше, кедей шаруалардың қамқоршысы болғаны туралы тарихшы ғалымның жасаған қорытындылары қазақ байлары туралы біздің жоғарыдағы ойларымызға негіз болғанын айта кетуге тиіспіз.

Сарыарқаға және Сырдарияның арғы бетіне көшіп кеткен қазақ қауымдары 1727 жылдың өзінде-ақ біріккен күштермен жоңғарларға тойтарыс бере бастағанына қарамастан, шаруашылық күйзелісі жалғаса берді. Қала және қолөнер орталықтарымен байланыстың болмауы қатты аңғарылды. Қысқа уақыт ішінде мал шығынын қалпына келтіру мүмкін болмаған. Солтүстікке бетала жылжыған олар, башқұрттармен, сібір казактарымен, еділ қалмақтарымен жиі қақтығысқа түсіп отырды, мұның қасіретті жағдайды одан сайын қиындата түскені сөзсіз. Көші-қон жүйесі бұзылды, дәстүрлі «оңтүстік-солтүстік» өңірге қоныс аудара паналайтын тірлік қалды.

XVIII ғасырдың 20-30-жылдарында қазақ қоғамын есеңгіреткен әлеуметтік-экономикалық тығырыққа тірелуін шаруашылықтың терең дағдарысы туғызды. Ол көшпелі шаруашылықтың дәстүрлі экологиялық ырғағының бұзылуы себепті тұйыққа тірелді және мал шаруашылығында да, демографияда да шығындарға әкеп соқты.

Тек XVIII ғасырдың 40-жылдарынан бастап қана қазақтар экономикасындағы алғашқы оңға басушылық байқалады. Олар мал санының көбеюінен, қазақтардың айырбас саудаға тұрақты қатысуынан көрінеді. А.И.Левшин қазақ даласынан Орынбор айырбас сарайына әкелініп, түрлі тауарларға айырбастайтын төрт түлік мал бастарының едәуір өскенін былайша (1-кесте) кестелейді.

1-кесте.

Жылы

Жылқы саны

Өгіз саны

Қой саны

Ешкі саны

1745

552 ¯¯

2 ¯¯

3055 ¯¯

52 ¯

1750

1184

6

8213

281

1755

1762

15

13 147

334

1760

3757

54

19530

1589

1765

1636

199

55 194

4540

1770

889

276

113 115

9354

1775

1218

164

172 495

3733

1780

4643

379

225 486

7250

1790

2154

1325

1 87 286

5968

1800

2116

867

85 221

2665

1810

36

392

65 699

5639

1820

68

1074

160 296

3268

Дерек көзі: А.И.Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргизкайсацких, орд и степей. – Алматы, Санат, 1996. – С. 391-392.

1760 жылдардағы екінші академиялық экспедицияның қатысушылары қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы туралы қызықты деректер хабарлайды. Мәселен, П.С.Паллас мынадай қорытынды жасайды:«Қазақтардың байлығы шынына келгенде мал шаруашылығынан тұрады, ал оларда жылқы мен қой айрықша көп. Оларда түйе әлдеқайда аз, ал сиыр одан да аз, себебі, оларды дағдылы жем-шөпсіз далада жақсы ұстау мүмкін емес» [3, 85;87-88 бб.].

Әсіресе И.Фальк өз жазбаларында: «...қазақтарда мал шаруашылығы кең таралған, шын мәнінде, бірден-бір дерлік кәсіпшілік. Оларда аса тамаша малдың әдеттен тыс көп табындары бар». Одан әрі қазақтар үшін, қойдың маңызына тоқталады: «табын құрамында қой едәуір орын алады», «қой тұрмыста, жылқы сияқты, мейлінше қажетті мал». И.Фальктің деректері бойынша, Орынбор қаласындағы айырбас сауда айналымында қазақ малы елеулі орын алған. 1769 жылы – 40 мың, ал 1770 жылы – 130 мың қой саудаға түскен. Орынбор кеденінің материалдары бойынша, бұл ең жоғары цифрлар емес, кей жылдары өткізілген мал басының саны бұдан да көп болған [4, 85;87-88 бб.].

XVIII ғасырда Г еорги қазақтардың дәстүрлі шаруашылығын бұданда гөрі егжей-тегжейлі суреттейді. Ол Кіші жүз қазақтарының Ресей мен Хиуаға қойды көп мөлшерде сатқанын жазады. Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының мал шаруашылығы өнімдерінің көпшілік бөлігі Ресейдің және ішінара Орта Азия мен Қытайдың рыноктарына түсіп жатты. Келесі бір деректе: Қазақтармен айырбастың гүлденген кезінде жыл сайын Орынборда ғана қазақтардан 500 мыңға дейін және Ресеймен шекараның басқа жерлерінде нақ сонша қой айырбасталып алынған. Демек, Ресейге жылына барлығы 1 млн. бас қой саудаға түсіп сатылған. Жылқы саны кейде 50 мыңға дейін жетті, қазақтар осындай мөлшерде Қытайға, Бұхарға, Хиуаға және басқа көршілеріне әртүрлі мал басын сатып келген. Ең жалпылама есептеулер бойынша, барлық шекаралық аудандарға қазақтар, өзге тауарларды есептемегенде, жыл сайын 2 млн. бас қой және 100 мың бас жылқы айдап әкеліп саудаға салып отырғандығы айтылады [7, с. 31].

П. И. Рычков қазақ байларының малдарының тебінде жайылуы туралы: қазақтар арасында «малға бай адамдардың болғаны сонша, бір отбасында 20 мыңға дейін жылқы және сондай мөлшерде қой бар. Осымыңғырған мал олардың енбек етіп, бағып-күтуін көп керек етпейді, өйткені жазды күні ғана емес, қыста да қар басып жатқанымен, далада жүріп, шөп жеп өздігімен қоректенедітін десе [7, с. 31.], Георги қазақтардың сиыр малын жақыннан бері ғана өсіре бастағанын айтты [5, с. 156]. Сиыр жылы шырайлы мал түрінен болғандықтан қыста ерекше күтім қажет. Сондықтан малдың бұл түрін көп ұстамаған. Бұл - бір. Екіншіден, жалпы мал саны құрамында сиыр, бір жағынан, солтүстік қазақтарының башқұрттармен және қалмақтармен тұрақты карым-катынас жасауының салдарынан көбейді. Үшіншіден, Ресей рыногының мүйізді ірі қара малға сұранысы туғызды.

Деректер біріншіден, қазақтардың қарастырып отырған кезеңде малы көптері ірі байлар болып есептелгенін көрсетеді. Малдың құны алтын мен күміспен бағаланған. Мысалы Нұралы хан Әбілқайырұлының құйма кесек сом алтын мен күміске Орынборда, Бұхарда және Хиуада ортаазиялық көпестерден малға айырбастап алғаны айтылады [8, с. 204.]. «Малы бардың беті жарық, малы жоқтың беті көң шарық» деген халық мақалы сол кездерден қалса керек. Екіншіден, дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктелуде менішігінде төрт түлік бас малы көптері бай санатына жатқызылғынын байқаймыз. Үшіншіден, айырбас саудаға байланысты дәстүрлі қазақ қоғамының сыртпен сауда жасап, сауда капиталын жинаған жаңа қазақ байларының пайда болуындағы экономикадағы тауар-ақша қатынастарының жасалуының алғы шарттары пайда бола бастаған болатын. Төртіншіден, көп малы бар байлардың мал жайлайтын жайлаулары мен қыстаулары орналасқан жерлерге иелік етті. Олай болса бай үлкен жер иесі де болып табылады. Бесіншіден, қазақ даласын да тауар-ақша қатынасының дамуы байлардың баюының кәсібіне айнала бастады.

Сан мыңдаған үйірлі жылқысы бар соңғы байлар қазақ даласында XIX ғасырдың 30-жылдарында өмір сүрді. Патша үкіметінің отаршылдық саясатының салдарынан дала өңіріне кірген берекесіздік, жазалаушы әскерлер мен көтерілісшілер арасындағы кескілескен қақтығыстар, дәстүрлі шаруашылықтың көші-қоны көшпенділік экономикасының біржола түбіне жетті. XIX ғасырдың 70-жылдарында Қазақстанды аралап көп саяхат жасаған В.В.Радлов: «Менің. бұрынғы Жарғының колданылуын қадағалауыма жеткілікті жағдайлар болды. Ол тәртіп орнатқан және қазақтармен көрші тұратын отырықшы егіншілерді корғауды камтамасыз еткен. Бірақ тәртіп орнатылуына байланысты халықтың әл-ауқаты төмендеген. Семей маңындағы толық бағындырылған Ішкі орда мүлдем дерлік күйзелген, сонымен бірге Үлкен ордаға жақындаған сайын халықтың байлығы арта түседі». XIX ғасырдын 20-жылдарындағы реформаның құны осындай болды [9, с. 344.], - деген баға берді. Мұнан қазақ даласында көптеген қазақ байларының дәстүрлі шаруашылығын жүргізуден айырылуымен қоса мал дәулетінен айырылған қазақ байларының күйзелуінің бастамасы болды.

Қазақ шаруалары байларға және тағы басқаларға қаналып отырғанымен, олардың байлардың басыбайлысы болмағанын атап айту қажет. Байдың малын бағып-қағып, әр түрлі әдістермен қаналып отырғанымен, шаруалардың басыбайлы болғандықтан қаналып отырмағаны, оларды солай қаналуға экономикалық мұқтаждық итермелеп отырғаны ақиқат. Бұл арада қанаудың феодалдықтан гөрі экономикалық әдісі негіз болған. Байдың малын баққан кедей шаруа аздап болса да ақы алады, олар малшы, жалшы деп аталады. Сөйтіп, орта ғасырдағы қазақ қоғамында Еуропа елдері мен Ресейдегідей басыбайлылық қатынас қалыптасқан жоқ.

ХІХ ғасырдың ортасында базарға тауар шығаратындар негізінен қазақ байлары болды. Бай – жеке мал мен мал өнімдеріне сауда жүргізгеннен басқа, жер өнімдеріне иелік еткеннен басқа делдалдық сауда жүргізді. М.Вяткиннің көрсетуінше, қазақ байлары Орта Азияға Ресей тауарларын тасыды, ал Орта Азиядан Ресейге кері тауар тасыды, көбіне өзінің жинақ капиталымен емес, орыс көпестерінің капиталын пайдаланды деп көрсетеді. Қазақ байлары жеке өз бетімен сауда жүргізумен қатар делдалдық сауда өсімқорлық сауда Қазақстанда жаңа ауқаттылардың пайда болуына негіз жасады – қапшықты ақшалы байлардың жаңа тобы пайда болды. Ақшалы байлар Қазақстанда тауар-ақша қатынастарының пайда болуымен кең дамыды. «Қара сүйектен» шыққан старшын билерге айналды [10, с. 298].

Ш.Уалиханов қазақтар ХІХ ғасырдың орта шенімен салыстырғанда XVIII ғасырда әлдеқайда бай болған деп санады: «Сібір қазақтары сыртқы приказдар құрылғанға дейін байырақ болған, бұл – титей де күмән келтірмейтін факт, өйткені ғасырдың аяғымен осы ғасырдың басында Орынбор және Сібір шептеріне айдап әкелінген малдың саны мен 20-30 жылдардағы ресми есептеулерге көз салудың өзі жеткілікті. Осы соңғы дәуірде 10 мың үйір жылқысы болған қазақтар аз болмаған» [11, с. 6.].

ХІХ ғасырдың орта тұсына қарай қазақтардың экономикалық өмірінде жаңа әлеуметтік топ – байлар көрнекті рөл атқара бастады. Бұл орайда «бай» деген термин арқылы қазақтар бұрын қандай болсын бай феодалды атағанын есте ұстау керек. Қарастырылып отырған кезеңде «бай» деген сөз басқа бір әлеуметтік мән-мағынаға ие болған. Байлар сауда мен өсімқорлық ақшаға қатысты істердің дамуына байланысты ерекше қоғамдық топ болып қалыптасты. Қазақтар арасында ірі саудалық және өсімқорлық істермен айналысқан бірсыпыра бай-феодалдар пайда болды. Мысалы, П.Небольсин Кіші жүздің шығыс бөлігін басқарушы сұлтан Жантөриннің қазақтардан құралған едәуір үлкен сауда компаниясының жарнашысы болып өзіне 25 приказчик ұстағанын айтады [2, 107-108 бб.].

Сауда компаниясының мүшесі болған Күлімбаев деген бай қазақ та 10 приказчик ұстаған. Бұл байлар тек саудамен ғана айналысып қоймай, басқаларға процент өсімімен қайтаратын несиеге ақша беріп отырған. Сұлтан Ахмет Жантөринді наградаға ұсынуга байланысты оған мінездеме жазған Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Ладыженский Азиядепартаментінің директоры Синявинге жолдаған мінездемеде: Орданың батыс бөлігінде Ахмет Жантөриннің үлгісімен көпес, немесе арбакеш, немесе тұз тасушы болмаған бірде-бір дерлік қазақ жоқ. Ахмет сауда- саттықпен өзі де шұғылдана жүріп, жоғарыда аталған кәсіптердің қандайымен болса да айналысқысы келген әрбір қазаққа, әрине, өзі үшін едәуір тиімді жағдайда ақша беруге әзір тұратынын жазған [2, 107 б.]. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы байлардың әлеуметтік табиғатымен психологиясына қатысты қазақ халқында мақалдар айтылған: «Ескі бай аяншақ келер, жаңа бай мақтаншақ келер», «Жаңа байығаннан қарызға ақша сұрама», «Бай бауырын танымас», «Бай – балпаң, жарлы қалтаң» немесе «Бермесе де бай жақсы, жемесең де май жақсы», деген мақал байлардың кедейленген жамағайындары мен ауылдастарына жұмыс беріп, олардың байдың шаруашылығында жұмыс істеп күн көргендеріне байланысты айтылған болса керек-ті.

Байлардың шаруашылығында жұмыс жасаған кедей жамағайындары қызметіне қатысты тарихшы ғалым М.Вяткин: «Казахская беднота была занята и на отработках в хозяйствах старшин и баев. Она посла скот казахской знати. Но эти отработки нельзя отождествлять с капиталистическим наемом. Работу бедняк получал в качестве «милости» от своего богатого сородича. Определенной платы несуществовало. Бай не нанимал работника, а оказал «помощь» своему обедневшему родственнику – жатаку. Это кабальная форма отработок, а не капиталстический наем» [10, с. 299], – деп жазды.

Сұлтандар мен ру шонжарлары ортасынан да, сондай-ақ көбінесе «қарасүйек» шонжарлар арасынан да бай-феодалдар шықты. Сол заманнан бері сақталып келе жатқан «Батыр болып, бай болса, патшадан несі кем?» деген сияқты халық мақал-мәтелдері соны анғартса керек. Бай-феодалдар өз шаруашылығы үшін қызметшілер жалдауды әдетке айналдыра бастады. Егер ру шонжарларында «туысқандық көмек» көрсету деген желеумен қоңсылары мен руластары бақташы болып жұмыс істесе, ал бай қызметшіні шарттық (сөз жүзіндегі) негізде белгілі бір ақы беріп жалдады. Орынбор шенеунігі д'Андренің деректеріне қарағанда, «бақташы» деп аталатын қызметші еңбегіне жылына 12 қойға дейін немесе бір жылқы алған. Сонымен бірге қожайын өз есебінен оны тамақтандырып, киіндіруге, ал қысқы уакытта тұрғын үй тауып беруге міндеттенген. Оның есесіне қызметші өз қожайынының рұқсатынсыз басқа бай-феодалға кете алмайды [2, 107 б.].

Академик Е.Бекмаханов бай-феодалдардың қызметші жалдауға көшуі капиталистік жалдаудың алғашқы хабаршысы еді, бірақ ол әлі де жұмыспен өтеудің ауыр азабы астында өтіп, әрі патриархалдық-рулық сарқыншақтармен бүркемеленген болатын. Орынбор көпесі Беловтың айтуына қарағанда, қазақтар бай-феодалдарға жыл маусымдарына қарай жалданған. Егер қызметші қыста жалданса, жалдау мерзімі жер көктегенге дейін, яғни көктемге дейін созылады, бұл жағдайда қазақтар жалдау мерзімін «Көктеу» деп атайды, егер қызметші жазда жалданса, жалдаумерзімі қойдың күзгі қырқымына дейін немесе су қатқаға дейін деп белгіленеді, мұны «Күзеу» немес «Мұз қату» [2, 107-108 бб.] аталғанын айтады.

Қорыта келе айтпағымыз, дәстүрлі қазақ қоғамында бай ұғымы – ауқатты адамдарға байланысты қолданылған. Байлардың дәстүрлі қазақ қоғамында әлеуметтік топ ретінде алатын өзіндік орны айтарлықтай болды. Бай шаруашылықты өзінің мол тәжірибесіне сүйеніп, ауыл ақсақалдарымен кеңесе отырып жүргізді.

Қазақ қоғамындағы байлар феодалданған шоңжарлардың қатарын құраған. Олар көшпенді мал шаруашылығы мен ауылдық қауымның арқасында басқа топтарға қарағанда әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан малға бай дәулетті еді. Байлардың бір бөлігі әрдайым көшпенділер қатарына жатса, басқалары феодалдық-әлеуметтік дәреженің келесі сатысына көтеріліп жатты. Бұл жағдай XIX ғ. І жартысында едәуір күшейді.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы байлар өздерінің шаруашылығымен ел экономикасын еселеген әлеуметтік топ өкілдері болды.

 

Әдебиет

  1. Исенов Ө.И. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жүйесі.: Оқу құралы – Қостанай: КМПИ, 2010. – 207 б.
  2. Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырлардың 20-40-жылдарында – (Оқу құралы). – Алматы, Санат,1994. – 416 б.
  3. Паллас П.С. Путешествие по разным провинциям Российского государства. – Ч.1. СПб, 1777.
  4. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. – Сб.1. ^в.до н.э. – Х V!!! в.н.э.) А., – М., 1935.
  5. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. – Алматы: Санат, 1996.
  6. Рычков П.И. Дневные записки путешествия в киргиз-кайсацкой степи в 1771 г. – СПб.,1772.
  7. Апполова Н.Г. Экономические и политические связи Казахстана с Россией в XVIII- начале ХІХ в – М.:АН Каз ССР, 1960.
  8. Радлов В.В. Из Сибири. Страницы дневника. – М., 1989.
  9. Вяткин М. Батыр Сырым. – Алматы: Санат, 2002. – 344 с.; Исенов Ө.И. XVIII ғ. старшындық институт тарихы хақында. // X. Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінің Ғылыми хабаршысы. Ғылыми журнал. АтМУ баспасы, 2012. Хабаршы №1 (24) – 2012. – (16-20 бб.).
  10. Валихан Ч.Ч. О кочевках киргиз /Собрание сочинений в пяти томах, Т.4. – Алма-Ата,1985.
  11. Зиманов С. З. Общественный строй казахов первой половины XIX века и Букеевское ханство – Алматы Изд-во Арыс, 2009. – 400 с.
  12. Толыбеков С. Е. Кочевое общество казахов в XVII – начале XX века. – Алма-Ата:Наука, 1971. – 350 с.
  13. Исенов Ө.И., Балғабаева Г.З. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы (Лекция курсы). Оқу құралы. – Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты. Қостанай. 2012. – 175 б.
  14. Исенов Ө.И. Ресей империясының әкімшілік жүйесіндегі дәстүрлі билік институтарының өзгеріске ұшырауы және дағдарысы хақында. // Көрнекті саяси және қоғам қайраткері Деріпсәлі Беркімбаевты еске алуға арналған «Тарих сабақтары» Халықаралық ғылыми – тәжірбиелік конференциясының материялдары. Жітіқара, 2013 жыл. – 187 бет. – (34-48 бб.).
  15. Исенов Ө.И. XVIII-XIX ғғ. қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқық жүйесі билер институты. // Поблемы права и экономики. Problems of and ekonomics. Международный научный журнал. Выпуск № 3, № 3-4, 2011. (74-79 бб.). ; Исенов Ө.И. Қазақ қоғамындағы мүлдем құқықсыз әлеумет – құлдар. // Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік- техникалық университеті ғылыми хабаршысы. № 2. Мамыр. 2012. – 128133 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.