Бұл мақалада програмалық өнімдердің сапасын бағалаудың сараптамалық жүйесіне байланысты мәселе қарастырылған. Соның ішінде программалық өнімдер сапалы болу үшін қандай шарттар орындалуы қажет екені және олардың сапа стандарттары көрсетілген. Программалық өнімнің сапасын бағалаудың сараптамалық жүйесін жасау үшін бұлдыр логиканы қолдану тиімді екені талқыланады.
Қазіргі таңда программалық өнімдердің саны күн сайын артып, дамып келеді. Бірақ ол өнімдердің барлығы қолданушылар талабына,сеніміне сай емес. Әр түрлі мемлекеттер мамандарының тәжірибесінің нәтижесі болып табылатын халықаралық стандарттарға сай программалық өнімдер жасалуға тиіс. Сонымен қатар бәсекелестік те артып келеді, ал өнімнің бәсекеге жарамдылығы оның сапасына тікелей байланысты. Бүл тақырыптың өзектілігі қазіргі кездегі бәсекеге қабілеттігін арттыратын программалық өнімдердің сапасын бағалау арқылы олардың сапасын жоғарлату болып табылады. Ал программалық өнімдердің сапасын бағалау үшін сараптамалық жүйенің қолданылуы тек ақпараттық технологиялар саласында ғана емес, басқа ғылымдар үшін де маңызы өте зор. Сараптамалық жүйе – бағаланатын программалық өнімнің толық сипаттамасын бере алатын бірегей, автоматтандырылған жүйе. Бүл жүйе - ережелер мен пайдаланушыға ұсынылатын мәліметтердің негізінде жағдайды білуге, диагноз қоюға, шешімді түжырымдауға немесе әрекетті таңдауға нұсқау беруге мүмкіндік тудырады; белгілі бір ғылым саласындағы маманның (мысалы, медицина, энергетика саласында) білімі мен тәжірибесін компьютерде жинақталған білімдер базасы арқылы модульдеп көрсететін зерделік программа [1].
Халықаралық стандарттардың талаптарына сай келетін программалық өнімді бағалау үшін сараптамалық жүйе жасалады. Ол үшін мына мақсаттар жүзеге асырылуы қажет:
- Программалық өнім сапасының күйін талдау;
- Программалық өнімнің сапасын бағалау үшін қолданылатын халықаралықстандарттарды оқу;
- Сапаны бағалау жүйесі жобасының қүралдары мен әдістерін таңдау;
- Білім базасы мен түжырымдарды өңдеу;
- Сараптамалық жүйені жобалау;
- Өнімді тестілеу.
Стандарттау, үлгіқалыптау — өнім, жүмыс немесе қызметтің ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану түрғысында қабылданған келісім; қазіргі уақытта қолданылатын немесе потенциалды мақсаттарға байланысты жаппай және дүркін-дүркін қолдануға арналған ережелерді іске асыру арқылы белгілі бір салада тәртіпке салудың оптималды дәрежесіне жету үшін бағытталған іс-әрекет. Программалық өнімді стандарттау өнімнің жасалуы және оның ережелерге сай екендігінің нәтижесі болып табылады. Стандарттар қажетті сала бойынша жасалған нормативті кұжаттар ретінде болып келеді, олардың ішіне міндетті түрде орындалу керек жалпы талаптар, нұсқаулар және ережелер кіреді. Қазіргі кезде программалық өнімнің сапасын бағалайтын көптеген стандарттар бар. Оларға әр жылы өзгертулер енгізілуде. Бірақ қазіргі таңдағы программалық өнімнің инженериясы саласындағы ең басты сапа стандарты ISO/IEC 9126 болып табылады. Ол өнім сапасы талаптарының өлшемдерін атрибуттары мен номенклатураларын анықтайды.
Сонымен қатар ISO/IEC 14598 стандарттар тобы бар, олар программалық өнім сапасының сипаттамаларын көрсетеді және SQuaRE(Software Quality Requirements and Evaluation) сапа үлгісін қүрайды. Осы топқа кіретін стандарттар тізімі:
- ISO/IEC 14598-1:1999. Ақпараттық технологиялар. Программалық өнімді бағалау. 1 бөлім. Жалпы шолу.
- ISO/IEC 14598-2:2000. Ақпараттық технологиялар. Программалық өнімді бағалау. 2 бөлім. Жоспарлау және нұсқау.
- ISO/IEC 14598-3:2000. Ақпараттық технологиялар. Программалық өнімді бағалау. 3 бөлім. Әзірлеушіге арналған процесс
- ISO/IEC 14598-4:1999. Ақпараттық технологиялар. Программалық өнімді бағалау. 4 бөлім. Сатып алушыға арналған процесс.
- ISO/IEC 14598-5:1998. Ақпараттық технологиялар. Программалық өнімді бағалау. 5 бөлім. Бағалау блоктарына арналған процесс.
- ISO/IEC 14598-6:2001. Ақпараттық технологиялар. Программалық өнімді бағалау. 6 бөлім. Бағалау үлгілерін қүжаттау.
ISO/IEC 9126 және ISO/IEC 14598 стандарттары қазіргі кезде жаңа серияға біріктірілген – ол ISO/IEC 25000 «Программалық өнгімнің технологиясы. Программалық өнімді бағалау және талаптары. Нүсқау» Quality Requirements and Evaluation немесе SQuaRE.
SquaRE серияларының стандарттары 14 қүжаттан түрады, олар SquaRE үлгі жиегінде 5 секцияға топталған. Секциялар тізімі:
- ISO/IEC 2500n – «Сапаны басқару» стандарттар тобы.
- ISO/IEC 2501n – «Сапа үлгісі» стандарттар тобы.
- ISO/IEC 2502n – «Сапаны бақылау» стандарттар тобы.
- ISO/IEC 2503n – «Сапаға қойылатын талаптар» стандарттар тобы.
- ISO/IEC 2504n – «Сапаны бағалау» стандарттар тобы [2].
Жоғарыда айтылған шарттарды жүзеге асыра отырып, программалық өнімді бағалайтын сараптамалық жүйе қүруға болады. Сараптамалық жүйеде қолданылатын критерийлер:
- Жүмыс істеу тұрақтылығы;
- Жүмыс істеу мүмкіндігі;
- Қурылымдылығы;
- Қурылым қарапайымдылығы;
- Көрнекілігі;
- Қайталанылуы;
- Меңгеру жеңілдігі;
- Эксплуатациялық кұжаттарға қолжетімді болуы;
- Келісімділігі.
Сараптамалық жүйелердің ең басты артықшылығы олардың білімді жинақтап үзақ уақытқа сақтау мүмкіндігі болып табылады. Адаммен салыстырғанда сарапатамалық жүйелер кез келген ақпаратқа дүрыс қарайды, ол өз кезегінде жүргізіліп жатқан сараптаманың сапасын арттырады.
Программалық өнімді бағалау үшін белгілі бір критерийлер бар. Өнімді бағалау үшін келесі сапа сипаттамалары қолданылады(1-сурет).
- Функционалдығы;
Көрсетілген және болжамдалған талаптарға сай қажетті функцияларын орындау мүмкіндігі.
- Сенімділігі;
Көрсетілген жағдайларда жұмыс істеу мүмкіндігінің сақталуы.
- Қолдану ыңғайлылығы;
Қолданушыға тез түсініп, үйренуге ыңғайлы болу мумкіндігі.
- Тиімділігі;
Берілген ресурстарға сай рационалды қолдану мүмкіндігінің болуы.
- Сүйемелденуі;
Модификациялау мүмкіндігінің болуы. Модификацияға түзету, жаңартулар енгізу және жеке компьютерді өзгерткен жағдайда, басқа ортаға бейімделу мүмкіншіліктері.
- Тасымалдау;
Бір ортадан екінші ортаға тасымалдану мүмкіндігінің болуы [3].
Программалық өнімдерді бағалаудың сараптау жүйесі үшін бұлдыр логиканы қолдану ең қолайлы және тиімді тәсілдердің бірі болып табылады. Өйткені ол өзінің проблеманы толық сипаттауға бағытталғандығының арқасында тиімді шешім іздеуде өте қолайлы. Сол себепті сараптамалық жүйе жасау үшін қосымшаларды өңдеуде бұлдыр логиканы қолданудың маңызы өте зор.
Бұлдыр логиканы алғаш рет 1965 жылы Лотфи Заде енгізген. Жалпы бұлдыр логика формальды логикалық сызбаларға дәйектелген жол табу болып табылады. Нақты айтқанда ол қажет емес шексіз жалпылау нәтижелер алмай, дәйектелген тәсілдің арқасында бұлдыр логика кейбір шешілмейтін мәселелердің шешімін табуды қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде бұлдыр жиындар мен алгоритмдер тілі - ең дұрыс математикалық құрал, ол объектіні вербальды ауызша сапалы сипаттауды қысқартып, сол объекті жағдайының сандық сапалық бағасына көңіл бөлуінің негізінде қарапайым және тиімді алгоритмдер кұруға көмектеседі. Яғни адамның
ойын және адамның есепті шешу мүмкіндіктерін үлгілеуге мүмкіндік береді. Сол себепті программалық өнімдерді бағалаудың сараптау жүйесін жасауда сәйкестік деңгейлерін бөлу үшін бүлдыр логика негіздері қолданылады өте тиімді. Өйткені ол мәселені толық сипаттай отырып тиімді шешім беруге көмектеседі [4].
Сараптамалық жүйені жүзеге асырғанда бүлдыр логиканы қолдану орынды баға беруге мүмкіндік береді. Жүйе алынған мәліметтердің негізінде өнімнің талаптарға сәйкестік деңгейін айқындайды: төмен, орташа немесе жоғары екенін. Сипаттаманың әр көрсеткішіне баға беріледі. Сол нәтижелерді алып, баға берілуі арқылы программалық өнімнің сапасы, стандарттарға сай екені және бәсекеге қабілеттілігі анықталады.
ӘДЕБИЕТ
- Курс лекций по дисциплине "Системы искусственного интеллекта", «Экспертные системы», 2-1- - 250 с.
- Тюрина Е.Л. Стандарты качества программного обеспечения и их роль в программной инженерии. - Сборник докладов IV Республиканской студенческой научно-практической конференции по математике, механике и информатике, 2012. - 387 с.
- Липаев В.В. Качество программных средств. Методические рекомендации. - М.: Янус-К., 2002. - 210 с.
- Макеева А.В. Основы нечеткой логики.Учебное пособие для вузов. - Н.Новгород: ВГИПУ, 2009 - 493 с.