Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселесі

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншікті қорғау. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік Ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек әрбір азаматтың жеке меншігі. Авторлық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік және зияткерлік меншіктің маңызды құрамасы бола келіп, келесі интелектуалдық шығармашылық қызметтердің нәтижелеріне таралады: ғылым, әдебиет және өнер туындылары; эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының орындалуы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарларын жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.

Сонымен бірге, азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына: өнертабыс, пайдалы үлгілері, өндірістік үлгілері; селекциялық жетістіктер; итегралдық микросызба топологиялары; ашылмаған ақпарат, оның ішінде өніріс құпиялары; фирмалық атаулар; тауарлық белгілер; тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары. Осы атап айтылғанның иегерлері жеке тұлғалар болып табылғанымен, жалпы мемлекеттің зияткерлік ресурсы және адамзаттың мұрасы болып есептеледі. Дәлірек зият тұрақты дамудың бас қозғаушы күші болып есептеледі. Сондықтан, мемлекеттің міндеті – барынша зияткерлік шығармашылықты көтермелеу, сонымен қатар, тиімді авторлық құқықтық қорғау арқылы және қосаралас қалыптасуы мен индустрия мәдениеті дамуына, шығармалардың кең таратушылығына және авторлардың тіршілік етуге қажетті қаражаттарымен қамтамасыз етуге, жаңашыл өнертапқыштарды қолдауына мүмкіндік туғызады. Мұнсыз елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруы мүмкін емес. Азаматтардың зияткерлік меншік обьектісі Конституция бойынша сақталады, заң жүзінде қорғалады. Біздің елімізде Қазақстан азаматтары мен қатар шетел азаматтарының да зияткерлік меншік құқығы заң алдында бірдей қорғалады. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарының зияткерлік саласындағы жетістіктері ұйымға мүше елдердің бәрінде бірдей қорғалады.

Азаматтардың зияткерлік меншігін қорғау арқылы мемлекет олардың шығармашылық өрісінің дамуын, сол арқылы ел экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселесі тек қана өзінің шығармашылық қызметінде объектілерімен ие

болып жатқан азаматтарды алаңдатпайды, олармен бірге қызметі авторлардың және өнертапқыштардың құқықтарын қорғауына бағытталған мемлекеттік органдары да зияткерлік меншікті шеттетпейді, өйткені осы бағытқа арналған мемлекеттік органдардың жұмысы жалпы

Республиканың халықаралық шарттарына қосылуына және халықаралық ұйымдарға, ассоциацияларға және зияткерлік меншікті қорғау одақтарына кіруіне қажет.

Әрбір кәсіпкер, өз жұмысында зияткерлік меншік обьектілерін қолданып, пайда – табыс табу мақсатында лицензиясыз өнімдерді пайдалану немесе меншік иесінің рұқсатынсыз жұмыс жасау заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын білуі қажет. Қазіргі таңда қоғамдық - саяси орталарда, БАҚ өкілдерінің арасында проблема тудырып отырған, ұлтымыздың ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан, халқымыздың ұлттық тағамдары болып табылатын: қазы-қарта, жал-жая, құрт-ірімшік, шұбат-қымыз, талқан-жент және т.б. тамақ өнімдері мен оларды орындау тәсілдері, сонымен қатар тұтыну құралдары болып табылатын: бесік, домбыра, күбі-күршек, сандық, саба, киіз үй сияқты құрылғылар, оларды жасау тәсілдері т.с.с. дәстүрлі білімдерді (бұдан әрі-Дәстүрлі білімдер) қорғаудың құқықтық негізі жоқ екендігі жиі көтерілуде. Осының негізінде шет елдерде қазақ халқының меншігіне жататын кейбір дәстүрлі білімдер объектілеріне қорғау құжаттарын алып алғаны жөнінде мәселе көтерілуде. Қолданыстағы заңнама бойынша бұл мәселені шешу, қорғау құжаттары берілген жағдайда күнделікті өмірге пайдалану мүмкіншілігін шектейтіндіктен, мүмкін емес болып отыр. Қолданыстағы заңнама бойынша зияткерлік меншік (өнеркәсіптік меншік) объектісіне қорғау құжатын беру үшін патентқабілеттіліктің негізгі критерийі болып табылатын жаңалығы болуы керек. Жоғарғы аталған объектілердің бірде- біреуі бұл критерийге сәйкес келмейді.Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасында дәстүрлі білімдерге жататын объектілер патенттелуге жатпайды.

Дәстүрлі білімдерді құқықтық қорғауды жүзеге асыру мемлекеттік органдардың және басқа да мүдделі тұлғалардың өтінішіне байланысты жүргізіледі. Нарықтық экономика жағдайында зияткерлік меншік құқығы адам мен қоғамның рухани өмірінің негізін құрап, нарықтық қатынастарда тауардың ерекше түрі нысанындағы тауар айналымының объектісі ретінде қалыптасты. Заманның объективті үрдістері, ең алдымен ғылыми- техникалық прогресстің қарқынды дамуы, рухани игіліктер жаратушыларына ғана емес, сонымен қатар, тұтынушыларға жаңа көкжиектерді ашуда. Мемлекет тарапынан Зияткерлік меншік құқығы саласын дамытуға жоғары деңгейде көңіл бөлінуде, өйткені дүниежүзілік қауымдастықтың талаптарына жауап беру, дүниежүзілік сауда ұйымына кіру секілді маңызды мемлекеттік мақсаттарды жүзеге асыруда авторлық және сабақтас құқықтар мен өнеркәсіптік меншік саласындағы құқықтарды қорғау маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан, зияткерлік меншік болашақта мемлекет азаматтарының әл-ауқаттылығыдеңгейін белгілейтін, құнды ресурс ретіндегі қас маңыздылыққа ие бола бастады. Оның негізгі міндеттері: зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстарды өндіруге қатысу, туындылар мен шектес құқықтар нысандарына, өнеркәсіптік меншік нысандарына, селекциялық жетістіктерге, интегралды микросызбалар топологияларға құқық қорғауды қамтамасыз ету, зияткерлік меншік құқығын қорғау сұрақтары бойынша азаматтарға кеңес беру және ұйымдастыру, авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметінде қолданыстағы заңнама талаптарының орындалуын қадағалау және тексеру, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, зияткерлік меншік саласында ақпараттық-басылым қызметін ұйымдастыру. Зияткерлік меншікті дамыту үшін ең алдымен осы саладағы құқықты қамтамасыз ету қажет. Жыл сайын зияткерлік меншік құқығын бұзу фактілері өсіп келеді. Өйткені, зияткерлік меншік объектілерінің ауқымы да заман талабына сай жылдан-жылға еселеп көбеюде. Сондықтан, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын коммерциялық негізде пайдаланатын тұлғалардың құқықтық сана деңгейін көтеру – басты мақсаттардың бірі ретінде қала береді.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.