Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әлеуметтік- экономикалық және демографиялық (1991-2013 жж.) тарихының тарихнамасы мен дерек көздері

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер ететін қолайсыз демографиялық факторлар туралы айта келіп:

  • туу мен көп балалы болуды ынталандыру жүйесін реформалауды - жеңілдетілген салық, медициналық және әлеуметтік қызмет, еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктер беру және сол сияқты материалдық және материалдық емес ынталандыруларды қамтитын шаралар кешенін әзірлеуді;
  • елде жыныстық ерекшелігі бойынша кемсітушілікке жол бермеу және іс жүзінде гендерлік теңдік пен әйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл орайда мен сөзімді ең бірінші жұмыс берушілерге арнаймын, дегені ендігі мақсат біздің жасмемлекетіміздің демографиялық саясатын жетекші артықшылықтар қатарына қосуда екендігіне баса көңіл аударуы да кездейсоқ емес [1, 2728 бб.].

Демек, бүгінде демографиялық проблеманы зерттеу мәселесі үлкен теориялық және практикалық мүддеден туындауда. Көші-қон процестерінің салдары, олардың тұтасынан алғанда мемлекет дамуына ықпал етуі, ел-жұрттың еңбекпен қамтылуына, жұмыссыздық деңгейіне, жұмыс күші сапасына, демографиялық құрылымға, әр түрлі аймақтардағы және басқа халыққа әлеуметтік өмір қажеттілігінің артуына әсері бар.

Мәселен демография тарихына тарихнамалық шолу жасасақ, демографияға қатысты ТМД елдеріндегі халықтың миграциясын зерттеу мәселесін үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші кезең - XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 20-шы жылдарын құрайды. Бұл кезеңде мынандай еңбектер жарық көреді, олар: Ямзиннің И. Л. «Шаруалардың босау кезінен бастап Ресейдегі қоныс аударулар» Киев, 1912, Оболенскидің В.В. «Соғысқа дейінгі Ресей мен КСРО- ғы халықаралық және континент аралық миграциялар» Москва, 1928 және т.б.

Екінші кезеңде - 1930-1950 жылдар миграцияны зерттеу, басқа да ғылымдар мен миграциялық бағыттарды зерттеу тәрізді ондаған жылдарға дейін зерттелмей қалады. Өйткені бұл кезеңде «социализм дәуірінде миграция жоспарлы түрде жүргізіледі, сондықтан да оны зерттеудің қажеттілігі жоқ» деген түсінік калыптасауынан пайда болғандығымен түсіндіріледі. Осыған байланысты 1939 және 1959 жылдарда жүргізілген халық санағының парақтарына миграция туралы сұрақтар мүлде енгізілмейді.

Үшінші кезең - 1960-шы жылдардан бастау алады, бұл кезеңде миграцияның әртүрлі аспектілеріне арналған белгілі демограф ғалымдардың еңбектері жарияланды, олардың қатарында: В. И. Медков, А. Я. Кваша, В. А. Ионцев, Г. С. Витковская, Н. М. Римашевская, т.б. есімдерін атауға болады.

Әлеуметтік-демографиялық процестердің социологиялық зерттеу тәсіліне Т.И. Заславская, О. М. Маслова, В. И. Переведенцевалар өз еңбектерін арнаған. Демографиялық саясатқа қатысты миграцияның қоғамның этникалық құрылымы мен әлеуметтік-демографиялық жағдайына ықпалын Г. С. Витковская, Ж. А. Зайончковская, т.б. өз еңбектерінде қарастырады. Демограф ғалым Ф. Н. Базанованың «Формирование и развитие структуры населения Казахской ССР (национальный аспект)», деген еңбегінде Кеңестік мемлекеттің ұлттық және миграциялық саясаты, 1920-1980 жылдар аралығындағы Қазақстандағы миграциялык процестер кеңестік саясат үрдісінде қарастырылған болатын. Қазақстандағы ел халқының дамуы туралы белгілі демограф ғалымымыз М.Б.Тәтімов «Қазақ әлемі», «Дербестігіміз-демографияда», атты еңбектерінде біршама тереңдетіп қазақ халқының демографиялық дамуының тарихын қазақ хандығы дәуіріндегі«Ақтабан шұбырынды» заманынан бастап, кейінгі патша үкіметінің отаршылдық саясатының салқынын тигізген келімсектерді қоныстандырумен орыстандыру саясатынан кешегі кеңестік ұжымдастырумен «халық жауларын» жазалаумен кеңестік қолдан жасалған аштық апаттарының қазақ халқының басына әкелген шығындарының статистикалық мәліметтерін келтіреді. Сонымен қатар 2015 жылдардағы қазақ санының өсуінің ғылыми тұрғыдағы болжамдарын келтіреді. Ал М.Х.Асылбеков пен В.В.Козинаның «Демографические процессы современного Казахстана», М. X. Асылбеков пен А. Б. Галиевтің «Социально-демографические процессы в Казахстане», деп аталатын еңбектерінде Қазақстанның кеңестік дәуірдің 70-90- жылдардың аяғына дейінгі әлеуметтік-демографиялық дамуының бірнеше аспектілерін қарастырған еңбектерін айтуға болады.

Еліміздің тәуелсіздік алағаннан кейінгі жазылған тақырыбымыздың тарихнамасына қатысты еңбектерге тоқталсақ; профессорлар А. Б. Галиевтің [2], М.Х.Асылбековтің еңбектерінінде халқымыздың демографиялық жағдайын 90 жылдардың басындағы әлеуметтік жағдайдан туындаған себептерімен байланыстылығы көрсетілген [3], 1997 жылы димографиялық дамудағы миграциялық процестердің саяси-құқықтық мәселесіне арналған зерттеу жұмысы жарық көрді. Мәселен, М. Б. Тәтімов пен М. А. Ақшалованың «Формирование самостоятельной демографической и миграционной политики РК», орыс тілінде шыққан демографилық зерттеу кітабын да, бүгінгі егеменді Қазақстандағы тиімді миграциялық саясатты жүзете асыру тәсілдерімен оны жүзеге асырудың әлеуметтік жақтары талданған.

Н. Э. Масановтың «Положение этнических меньшинств в суверенном Казахстане» еңбегінде неміс, кәріс, ұйғыр ұлт өкілдерімен өткізген социологиялық сауал негізінде этникалық аз халықтардың құқықтары мен мемлекеттік саясат хақындағы әлеуметтік жақтары қарастырылады.

Н.В.Романованың «Этнополитические процессы в РК» атты еңбегінде Қазақстан Республикасындағы этноәлеуметтік процестер саяси аспектіде зерделенген. Мұнда Қазақстандағы этносаралық сенімді бұзбау керектігі, келісім, өзара көмек қажет екендігі және қоғамдағы бірлесуге миграциялық мінез-құлық басты ықпал ететін факторлардың бірі болып табылатын әлеуметтік жағдайлар мәселесіне қатысты мәселелер қамтылған. Г. М. Мендіқұлованың «Исторические судьбы казахской диаспоры на протяжении XVI-XX вв. и современное ее состояние» деген тарихнамалық еңбегінде қазақ диаспорасының әлем елдеріне таралуы, XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің еңбек миграциясы, 1990 жылдардағы қазақтарды репатриациялау және қазақ диаспорасының этникалық бірегейлігінің сақталуы проблемасының тарихы ғылыми тұрғыда зерттелген.

Қ.К.Тоқаевтың «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации» деген кітабында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы қатерлер мәселелері демографиялық саясаттың мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері сыртқы саясаттағы жахандану жағдайына қатысты қарастырылған.

Сонымен қатар еліміздегі демографиялық заңнамалық актілер жинағының негіздері болып табылатын Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасы деп аталатын Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы құжаты да тарихнамалық құжаттық негізін құрайды [4].

Демогрфиялық зерттеулерге қатысты шетел демогрфтарында айта кетуге болады. Мәселен, Бернштам болжамдары деп аталатын шетелдік демограф «Москва» журналына 1990 жылдың №5 санында американдық демограф Михаил Бернштамның «Орыс халқына канша жыл өмір сүру қалды?» деген мақаласын жариялайды. Мақалада бұрынғы Кеңес Одағының халықтарының демографиялық өсіп-өну жолдары мен жағдайлары қарастырылған және болашаққа болжам жасады. Ғылыми тұрғыда терең зерттелінбей, қоғамның тарихи дамуы заңдылығы ескерілместен, демографиялық деректері бұрмалана жазылған бұл мақалада нәсілшілдіктің, жершілдіктің, бұрынғы кеңестік қызыл империялық әміршілдік саясатының өктемдігінің сарынын сөз етеді. Автор орыс халқын болашақта сандық басымшылығы мен саяси үстемдігінен айрылып калмауға шақырады ұлы державалық, шовинистік пиғыл-әрекетті уағыздайды, славяндарды түркі тілдес халықтарға қарсы коятын пікірдегі болжамы жарияланған [5, 38-39 бб.] болатын.

М.Тәтімов және Ж. Әлиевтердің авторлығымен Алматы: Жеті жарғы, баспасынан шыққан «Дербестігіміз-демографияда» атты демографиялық зерттеу еңбектеріде Тәуелсіз Қазақстаііііың демографиялық дамуының өзекті мәселелеріне арналған. Белгілі тарихшы профессор Б. Аяған [7] еліміздегі ұлттық құрамының өзгеруінің демографиялық мәселерге қатысты қырынан қарастырса, Л.К. Бакаев өз еңбегінде тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан халқының дамуының жаһандану жағдайындағы миграция саясатына қатысты туындайтын қауіпсіздік мәселелерін зерделеді [8].

Ал Қостанай облысының демографиялық жағдайына қатысты деректік материалдарға келсек, бірінші кезекте демография және миграция жөніндегі Агентствоның 2000 жылғы есебі ағымындағы мұрағат деректері негізіндегі мәліметтер топтамасын айтуға болады [9]. Мұнда халықтың табиғи қозғалысы халық санының табиғи жолмен өзгеретін тірі туу мен өлім-жітім туралы және некелесу мен ажырасулар туралы Қостанай облысының барлық аудандарының статистикалық көрсеткіштеріне қатысты деректер жарияланған. Келесі деректік мәлімет Қ. Бәрімбековтың редакциясымен шыққан Қостанай обылысы демографиялық жылнамалығы Статистикалық жинақ [10]. Бұл жинақта 2009 жылды бірнеше жылдармен салыстырған 2008 жылы Қостанай облысындағы аудандардың демографиялық процесстерді айқындайтын негізгі статистикалық көрсеткіштер жарияланған.

Жинақта халықтың әкімшілік-аумақтық бөлінісі, халықтың жалпы санының және жыныс-жас құрамының өзгерісі, оның Қостанай облысының аумағында орналасуы туралы, туу мен өлім, некелесу мен ажырасу, көші-қон туралы статистикалық деректік мәліметтер бар.

Қазақстан Республикасы статистика агенттігі Қостанай облысының статистика басқармасының Қостанай болысының әлеуметтік-экономикалық дамуы атты тоқсан сайынғы Қостанай облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы статиистикалық деректер берілетін деректік мәліметтерде Әулиекөл ауданының тұрғындарына қатысты дерек көздерін молынан бар.

Бүгінгі таңда Қостанай облысының аудандары аймағының тарихы тыңғылықты зерттеле бастады. Бұл тұрғыда соңғы жылдары ұжымдық авторлар профессорлар: Е.А.Әбіл мен А. Күзембайұлы және т.ғ.к., доцент Т.Қ.Әлібектің көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде жарық көріп халық игілігіне айналған Қостанай обылысының Қарабалық, Федоров, Қостанай аудандарының [11], Таран, Денисов, Жітіқара, [12], Әулиекөл аудандарының әкімшілік-териториялық аудандарының бөлінісі жер-су атауларының тарихымен қатар елді мекеннің әлеуметтік - экономикалық жағдайларының тарихы нақты деректер негізінде тарихи тұрғыда баяндалады профессор Аманжаол Қүзембайұлының ұйымдастыруымен және өзінің тікелей атсалысуымен жазылған зерттеу жұмыстары бүгінде ел игілігіне айналды. Аталған еңбектердің Қостанай облысының аудандарының тарихына қатысты Тәуелсіз елдің тарихының тұрғысынан жазылған құнды зерттеу еңбек екендігін атап өтуге тиіспіз.

Келесі деректер, «Әулиекөл аймақтық мемлекеттік мұрағаты», «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің филиалында Қазақстан республикасының тәуелсіздік алғаннан бергі, дәлірек, 1991-2012 жылдар аралығындағы Әулиекөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақталуы туралы бай материалдар сақтаулы.

Аудан тарихының дерек көзі ретінде Әулиекөл ауданының әкімшілігінің құжаттары да мазмұнды болып келеді: шағын бизнесті дамыту туралы, шағын мекемелердің жарлықтарын тіркеу туралы, халықты қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеу және басқалар туралы әкімшілік қаулылары мен аудан әкімінің шешімдері, Әулиекөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтамалар, аудан бюджетінің шығыны туралы есептер, ауылдарда мал шаруашылығын дамытудың қорытындылары, ауылшаруашылық өнімдерін тапсыру туралы есебі. Бұдан да бай материалдарды аймақтық «Ауыл 2003-2005» бағдарламасының игерілуі туралы есебі, «Стратегия - 2030»-дың жүзеге асырылуы туралы мәліметтер беретін ақпараттар бар.

Әулиекөл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірталай маңызды шешімдерді аудан мәслихаты да реттеп отырады: ауданды байланыс желілермен қамтамасыз ету, ауданның бюджеті мен оның толықтырылуы туралы, электр қуаттарының жағдайы мен болашағы және тағы басқа әлеуметтік-экономикалық дамудың мәселелерін реттейтін ақпараттар жеткілікті.

Бұдан да маңызды деректерді «Әулиекөл ауданының ауылшаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кұжаттары ашады: ауданның ауылшаруашылық мекемелерінің реформалануы (1998-2012 жылдардағы ауылшаруашылықтың өзгеру динамикасы), экономикалық бағдарламалардың қорытындылары, есептер, негізгі қызмет бойынша ақпараттар, егін алқаптарының құрылуы.

Сонымен қатар Қостанай обылсының Әулиекөл аймақтық мемлекеттік мұрағат ( ӘАММ) мемлекеттік мұрағатының № 268 қор, №1 тіркеу, №76 іс, №11 бумада Әулиекөл ауданының әкімшілік аппаратының 01. 01. 1998 жылдардағы Әулиекөл ауданының тұрғындары туралы мәліметтер сақталған [13].

Әулиекөл аймақтық мемлекеттік мұрағатының № 268 қор, № 1 тіркеу, №120 іс, № 18 бумада Әулиекөл ауданының 2000 жылдардағы әлеуметтік- экономикалық жағдайына қатысты құжаттар бар [14]. Әулиекөл аймақтық мемлекеттік мұрағатының № 268 қор, № 1 тіркеу, №143 іс, № 21 бумада Әулиекөл ауданының әкімшілік аппаратының 01.01.2000 жылдардағы Әулиекөл ауданының тұрғындарының саны туралы деректерге қатысты құжаттар жинақталған [15].

Әулиекөл аймақтық мемлекеттік мұрағатының № 268 қор, № 1 тіркеу, №94 іс, № 16 бумада Әулиекөл ауданының әкімшілік аппаратының 01. 01. 2000 жылдардағы Әулиекөл ауданының әлеуметтік салалар туралы мәліметтер хатталған. Осы қорда, яғни Әулиекөл аймақтық мемлекеттік мұрағатының № 268 қор, № 1 тіркеу, №94 іс, № 16 бумада Қостанай облысының Әулиекөл ауданының әкімшілік аппаратының 01. 01. 2001 жылдардағы Әулиекөл ауданының елді мекендерінің тізімі және ондағы тұратын жергілікіті тұрғындарының саны туралы мәліметтер баршылық [16].

Әулиекөл аймақтық мемлекеттік мұрағатының № 268 қор, № 1 тіркеу, №114 іс, № 18 бумада Қостанай облысының Әулиекөл ауданының әкімшілік аппаратының Әулиекөл ауданының тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс жағдайларының тарихына қатысты оның ішінде еңбекшілердің айлық табысының көрсеткіштері мен білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік салаларға қатысты құжаттық деректер және ауданның паспорты туралы мәліметтер сақталған [17].

Әулиекөл аймақтық мемлекеттік мұрағатының № 268 қор, № 1 тіркеу, №147 іс, № 21 бумада Қостанай облысының Әулиекөл ауданының әкімшілік аппаратының Әулиекөл ауданының тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс жағдайларына қатысты кедейшілікпен күрес және жұмыссыздықты жою туралы кешенді бағдарламаны жүзеге асыру тарихына қатысты аудандағы елді мекендердің тұрғындарының жұмыссыздарының нақты саны көрсетіліп, оның ішінде еңбекшілердің айлық табысының алалмай жүрген мерзімдері туралы құжаттар сақталған. Мәселен онда 2002 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша еңбек басқармасы мекемесіне тіркелген жұмыссыздардың саны 490 адам оның ішінде 247 әйел адам, олардың ішінде 176 адамның жоғары және арнайы орта білімі барлар екендігі көрсетіліген. Жұмыссыздардың деңгейі паезға шаққанда 3,4 % құрайтынытуралы ақпар бар. Сонымен қатар 2002 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша аудан аумағында 494 отбасы әлеуметтік жағдайы нашарлардың есебіне алынған. Есепті уақытта 337 отбасына - 5822,7 мың теңге нақты адрестік материалдық көмек көрсетілгені туралы деректер тіркелген [18]. Сонымен ойымызды қорыта келе айтпағымыз, біріншіден, Әулиекөл ауданының тұрғындарының әлеуметтік-демографиялық ахуалы тарихына қатысты зерттеуде тарихнамалық еңбектер мен аудан аймақтық мемлекеттік мұрағатының деректері құнды дерек көздері болып табылады. Екіншіден, биыл Әулиекөл ауданының құрылғанына 80 жыл толатынын ескерсек, аудан тарихынан сыр шертетін тарихнамалық еңбектер мен мұрағаттық деректер туралы мәліметтерді ғылыми айналысқа түсіру аудан тарихын зерттеушілер үшін маңызды болып табылады.

 

Әдебиет

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. - 2012 жылғы 14 желтоқсан. - Астана, Ақорда, 2012 жыл. - 45 б.
  2. Галиев А.Б. Развитие историко-демографических исследований в Казахстане. - Алматы, 1993. - 161с.
  3. Асылбеков М. X. Қазіргі Қазақстанның демографиялық процесстері. Алматы: Атамұра 1995.
  4. «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР заңы. - Астана. - 2000 ж.; «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР заңы. // Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан, 1997 жыл.; Демография және миграция жөніндегі Агенствоның 2000 жылғы есебі ағымындағы мұрағат. - Астана: Елорда, - 2000.
  5. Тәтімов М. Қазақстанның демографиялық даму мәселелері. Алматы, - 1995. - 326 б.
  6. Жағанова А.Қ. Демографиялық дүмпу. // Қазақстан әйелдері, - №11. - 2001 - 10-11 б.
  7. Аяган Б.Г. Тенденции и динамика изменений национального состава Казахстана . // Евразийское сообщество: экономика, политика, безопасность. -1995. - №9-10. - С. 3-21.
  8. Бакаев Л.К. Национальная безопасность Республики Казахстан в контексте истории и современности. - Астана: Елорда, - 2000. - 160 с.
  9. Қостанай облысының демографиялық жылнамалығы Статистикалық жинақ./ - 2000; Демография және миграция Қостанай - 2000.
  10. Бәрімбеков Қ. (редакциясымен шыққан) Қостанай обылысы демографиялық жылнамалығы Статистикалық жинақ./ - 2009 - 264 б.
  11. Абиль Е.К., Кузембайулы А., Әлибек Т. Историческая топонимика Костанайской области. В 5-ти частях. Научное издание. Часть 2 (Карабалыкский, Федоровский, Костанайский районы) - Костанай: ТОО «Центиум», 2010. - 294 с.
  12. Абиль Е.К., Кузембайулы А.,Әлибек Т. Историческая топонимика Костанайской области. В 5-ти частях. Научное издание. Часть 3(Тарановский, Денисовский и Житикаринский, Костанайский районы) - Костанай: ТОО «Центиум», 2010. - 260 с.
  13. Қостанай обылсының Әулиекөл аймақтық мемлекеттік мұрағат мұнан әрі ( ӘАММ) мемлекеттік мұрағатының № 268 қор, № 1 тіркеу, №76 іс, № 11 бума.
  14. ӘАММ - № 268 қор, № 1 тіркеу, №120 іс, № 18 бума.
  15. ӘАММ - № 268 қор, № 1 тіркеу, №143 іс, № 21 бума.
  16. ӘАММ - № 268 қор, № 1 тіркеу, №94 іс, № 16 бума.
  17. ӘАММ - № 268 қор, № 1 тіркеу, №114 іс, № 18 бума.
  18. ӘАММ - № 268 қор, № 1 тіркеу, №147 іс, № 21 бума.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.