Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша арнайы білімдер институты іс жүргізушілік ретеуінің мәселелері

Құқықтық мемлекеттің даму жағдайында сот ісін жүргізу міндеттері дәлелдемелер ауқымын кеңейту, істерді тергеу мен сот қарауының сапасын көтеру, іс жүргізу дәлелдеуінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды рөл атқаратын арнаулы білімдерді тек кеңінен және белсенді пайдалану кезінде ғана шешілуі мүмкін.

Азаматтық істегі арнаулы білім мәнінің өсуі мемлекеттегі болып жатқан оң әлеуметтік-экономикалық қайта құрулармен туындаған оның жалпы белсенділігімен себептеледі. Сот ісін жүргізудің объективтілігін көтеру, шынайыландыру, азаматтық процестегі жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін іске асыру кепілі көбінде оларды арнаулы білім құралдарымен қамтамасыз етуге байланысты болады.

Осы айтылғандар, қылмыстық сот ісін жүргізу аясындағы соттар мен құқық қорғау органдарының қызметіне сәйкес, қылмыстардың сапалы түр өзгеруімен, қылмыскерлердің кәсіби деңгейінің өсуімен, олардың қазіргі заманғы ғылыми-техникалық жетістіктерді және оларға барабар қарсы әрекет шараларын талап ететін жаңа ұйымдастырушылық нысандарды қолдануымен, сондай-ақ сот талқылауы сатысында өзгеру үрдісі бар айыпталушылардың, жәбірленушілердің, куәлардың дәлелдемелік ақпарат көзі ретіндегі рөлінің төмендеуімен байланысты болып отыр.

Құқық қолдану практикасына талдау жасауда сот ісін жүргізуде арнаулы білімді пайдалану осы институтқа қойылатын қазіргі талаптарға толық көлемде сай келмейтіндігін айғақтайды.

Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша арнайы білімдер институтын іс жүргізушілік реттеуінің мәселелерін белгілейтін заң актілері нормаларының және заңды актілері ережелерінің мазмұны көрсетілген.

Сот ісін жүргізудегі арнаулы білімді пайдалану осы аталған тұсініктің мазмұнын дұрыс жəне біржақты түсінуге көп байланысты.

Сот сараптамасы - жеке іс жүргізу әрекеті, оның мәні мән-жайларды шешу үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында арнаулы ғылыми білім- блілік негізінде жүргізілетін іс материалдарын зерттеу болып табылады. Дəл осылайша «сот сараптамасы» ұғымы Қазакстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңынын 1-бабында белгіленген.

Сот сараптамасы қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді пайдаланудың ең білікті нысаны болып табылады. Ол іс бойынша сотқа дейін іс жүргізу барысында жəне оның сот қарауында барлық ғылыми таңымның құралдарының арсеналын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, сот пен алдын ала тергеу органдарының таңымдық мүмкіндіктерің едәуір кеңейтеді.

Сараптаманың негізгі сипаттарын анықтай отырып, сараптама арнаулы ғылыми білімдерді тартуды қажет ететін қылмыстық істі тергеу немесе сот қарауы барысында туындайтын проблемалық танымдық ситуацияны жеңу нысаны болып табылатындығын білу керек.

Мұндай шешім кезінде сараптаманың сипаттамасы ретінде оны тағайындау мен жүргізудің мақсаты мен шарттарын бөліп алуға болады.

Мақсаты сарапшы қорытындысынын жаңа дәлелдерін алу, қылмыстық істің жаңа мән-жайларын анықтау болып табылады.

Шарттарына мыналар жатады:

  1. арнаулы ғылыми білім негізінде зерттеу жургізу. Сараптамаға қа-тысты «арнаулы ғылыми білім» терминін пайдалануға баса назар аудару керек;
  2. сараптаманы арнайы іс жүргізудің тұлғасы, қылмыстық процеске қатысушы өзге адамдардан оны айрықшалайтын құқықтары мен міндеттерінің жеке жиынтықтары бар сарапшынын жүргізуі;
  3. занңмен реттемеленген сот сараптамасының іс жүргізу нысаны, оған оны тағайындау, жүргізу, зерттеу нәтижелерін ресімдеу және оларды бағалау, сондай-ақ сараптамаға қатысушылардын құқықтары мен міндеттері жатады. Сарапшылық зерттеу нәтижелерін белгілеудің іс жургізу нысаны іс бойынша дәлелдеме болып табылатын сарапшының қорытындысы болады;
  4. зерттеушінің белгілі бір теориялық принциптері мен тәжірибесіне сүйенетін бағалау мен фактілерді түсіндіру негізінде тұжырымды зерттеу нәтижесіндегі қалыптастыру. Сарапшылық зерттеудің нәтижесі фактілерді анықтау, табу емес, ол оның өмір сүруі туралы тұжырым, ой қорытындысы. Сонғысы сарапшының өзінің арнаулы ғылыми білімдері негізінде жүргізген объектілерде анықталған белгілер мен байланыстарды жиынтықты бағалау жолымен белгіленеді. Сарапшының тұжырымы фактілерді өзгеше түсіндірудің, дауласудың принциптң мүмкіндіктеріне жол бере отырып, сол арқылы пікір ретінде қалыптасады.

Аталған мақсат пен шарттар сараптаманы қылмыстық процестегі арнаулы білімдерді пайдаланудың өзге нысандарынан айырады.

Сот сараптамасы ұғымының анық анықтамасынын практикалық аса маңызы бар, ойткені оның болмауы сараптамаларды жургізу практикасының іс жүргізу және ұйымдастырушылық сәттерінде келеңсіз көрініс табады да, сөйтіп сараптаманы өзге іс жүргізуден бас тартудың, сараптаманы өзге іс жүргузу әрекеттерімен ауыстырудың, сарапшының құзыретінен тыс сұрақтарды қоюдын негізделмеген себебі болады.

Сараптаманың тектік (түр) тақырыбы белгілі бір мамандықтағы сарапшының құзыреті, осы тектік (түр) сараптаманың мүмкіндіктерін анықтайды.

Сарапшылық міндет — сарапшынын алдына қойылған сұрақтағы тапсырманы сарапшының қабылдауы. Гносеологиялық тұрғыдан қарағанда ол оның түпкі мақсаты (ізделінетін факт) мен оған жетудің шарттарын, яғни сараптаманы тағайындау кезінде сарапшыға ұсынылған алғашкы мәліметтерді сипаттайды.

Заң мазмұнынан шықсқк, сараптаманың объектілері қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген ақпараттын заттандырылған кездері — қылмыстық іс материалдары болып табылады. Әдебиеттерде сот сараптамасынын объектілері, көбінде, сарапшы-лық зерттеуді қажет ететін іс мән-жайынын материалдық жеткізгіштері ретінде, арнаулы білімдерді пайдалану арқылы алынатын фактілер мен уақиғалар, фактілік деректердің көздері туралы ақпараттың жеткізгіштері ретінде белгіленеді.

Сарапшылық зерттеуге тек нақты заттар ғана емес, егер олар жөнінде ақпарат заттандырылған көрініс тапса, онда, сонымен бірге әр түрлі процестер (оқиғалар, құбылыстар, әрекеттер) жатқызылуы мумкін.

Сараптама объектісінің жалпы ұғымымен бірге заттық, нақ-ты және тікелей объектілер ұғымы деп ажыратылады.

Сот сараптамасы объектілерінің ішінде сарапшылық зерттеу үшін улгілер үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, сарапшылық зерттеу үшін улгілер алудын іс жүргізу реттемелеуі ҚІЖК-нің жеке тарауында көрсетілген (33-тарау).

Үлгілер мен сынамаларға қойылатын жалпы талаптар — ол репрезентаттық (өкілділіктік), бөліктері бойынша бүтін туралы тусінікті қалпына келтіру, қайта жаңғырту шарасы немесе осы бөлікті бүтінге қосатын бөлік туралы түсінікті таратудыі мүмкіндік шарасы.

Үлгілер түпнұсканың қасиеттерің тікелей зерттеу мүмкін; болмағанда немесе мақсатқа лайықсыз болғанда пайлаланылады. Бұл жағдайда объектінің өзі емес, одан алынған үлгілер зерттеледі.

Азаматтық процесте арнаулы білімдерді пайдалану сот қызметі негіздерінің елеулі бөлігін құрайды. Арнаулы білімдерді пайдалануға негізделген әдістер, амалдар мен дәлелдемелермен жұмыс істеу құралдары, оларды шебер және дұрыс қолдану кезінде, дәлелдемелерді жинау, зерттеу жән бағалау процесінде соттың мүмкіндіктерін едәуір кенейтеді, азаматтық сот ісін жүргізудегі дәлелдеудің сапасын көтеруге ықпалын тигізеді.

Азаматтық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді пайдалануды реттемелейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ғылыми негізделген жүйені және мызғымас іс жүргізу институтын құрайды.

Азаматтық сот ісін жүргізудегі арнаулы білім институты өзінің нақты мазмұнымен соттың дәлелдемелік қызметімен байланысқан, яғни арнаулы білімді проблемалар тұрғысынан оларды азаматтық сот ісін жүргізудегі мақсаты және пайдалану нысандарымен байланысты оқып зерртеу кезінде азаматтық іс жүргізу қызметінің негізгі мазмұнын құрайтын дәлелдеу құрылымындағы арнаулы біліінің орнымен байланыстыру керек. Тиісті мәселелер дәлелдеу теориясының элементі болады.

Заң ғылымының бөлігі ретінде тақырыбы дәлелдеу процесі болып табылатын дәлелдеу теориясы қазіргі уақытта барған саның іс жүргізу құқығының, криминалистика, сот сараптамасының жалпы ғылымы саласы ретінде ресімделеді.

Азаматтық процестегі арнаулы білімді пайдаланудын ең білікті нысаны сот сараптамасы болып табылады, ол дербес құқықтық институттан, яғни сараптаманы тағайындау, жүргізу, сарапшы қорытындысын алу мен бағалаубойынша қатынасты реттемелейтін азаматтық іс жүргізу құқықтары нормаларының жиынтығынан тұрады.

Азаматтық сот ісін жүргізуден сот сараптамасы туралы айтқанда, оның құқықтық және ғылыми-әдістемелік жақтарын айыра білу керек. Сараптаманын ғылыми-әдістемелік негіздері сот ісін жүргізу нысандарына тәуелді емес. Ал іс жүргізу аспектілеріне келсек, азаматтық сот ісін жүргізуде олардың азаматтық процестің ерекшеліктерімен себептелген айқын өзіндік ерекшеліктері болады. Осыған байланысты міндеттері мен іс жүргізу нысандарының өзіндік ерекшелігімен себептелген азаматтық сот ісін жүргізуден сот сараптамасын тағайындаудын, жүргізудің және сарапшы қорытындысын бағалаудың ерекшеліктерін егжей-тегжейлі қарастырған жөн.

Азаматтық сот ісін жүргізуден сот сараптамасын тағайындау мен жүргізудің жалпы ережелері азаматтық процесте мынаған келіп тіреледі.

Сараптама тағайындаудың нақты негіздері істі қарау кезінде туындайтын мәселелер бойынша қорытынды беру мақсатында арнаулы ғылыми бөлімдер негізінде зерттеу жүргізу қажеттілігі болып табылады. Сот тиісті сұрақтарды, тіптен судьяның қажетті арнаулы білімдері болса да, өз бетінше шешуге құқылы емес (Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 91- бабы 1-бөлігі).

Сот сараптамасын жүргізу құқығына (және міндеттерге) ие жалғыз іс жүргізу тұлғасы сарапшы болып табылады.

Сонымен, адамға сот сараптамасын жүргізуді тапсыру үшін ол бірқатар талаптарды қанағаттандыру керек.

Сараптама жүргізуші сарапшының іске жеке мүдделі емес-тігінің шарты – сарапшының жеке мүдделігі — тікелей және жаңама екі түрінің болмауы. Сарапшыға қарсылық білдірудің негіздері Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 41-бабында баяндалған және оған процеске қатысушылардың барлығы үшін жалпы, сондай-ақ айрықша (іске қатысушы адамдарға не олардың өкілдері не қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса; ол ревизия жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса не осы істі қарағанда пайдаланылса) негіздер кіреді.

Сот сараптамасының арнаулы білімін пайдаланудың басты кемшілігі – оның мүмкіндіктерін азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істерді қарау кезіндегі шектеулілігі. Көптеген сарапшылық зерттеулердің нәтижелері істің нәтижесіне елеулі әсерін тигізе қоймайды.

Соттар мен құқық қорғау органдары іс жүргізу заңнамасының талаптарын толық көлемде орындамайды, сараптаманы тағайындаудың негізгі ұйымдастырушылық және әдістемелік принциптерін, нәтижелерді бағалау мен пайдалануды бұзу жайлары бар. Сот сараптамасының қазіргі потенциалы бірқатар істер санаттарын қарау кезінде толық көлемде пайдаланылмайды.

Сот ісін жүргізуде арнаулы білімді қолдануда мәні бойынша екінші тұрған – іс жүргізу іс әрекеттерінің сапасын көтеруге арналған маманның көмегі, ол да тиімді пайдаланылмайды. Оны практикалық іс асыру маманды іске тарту мақсаты бұрмаланатын, заңнан едәуір ауытқушылықпен жүргізіледі. Маман мен сарапшының функцияларын араластыруға жол беріледі.

Осы айтылғандарға байланысты, сот ісін жүргізуді арнаулы білімді пайдалану проблемалары аса өзекті мәселе болып тұр.

Сот сараптамасы мәселелері, негізінде, қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуге сәйкес қарастырылатындығына назар аудардым. Айтылғандардың бәрі осы аталған аяға сәйкес арнаулы білім институтының ең қарқынды дәрежеде тарихи дамуымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы іс жүргізу заңнамасындағы арнаулы білімді пайдалануды реттемелейтін нормаларды едәуір біріздендірумен себептелген.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Бычкова С.Ф., Бычкова Е.С., Калимова А.С. Сот экспертологиясы. Лекциялар курсы: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2006.
  2. Қазакстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңы 12.11.1997 ж. // База данных ЗАКОН версия 5.3.4.12
  3. Эйсман А.А. Заключение эксперта. Структура и научное обоснование. М. 1967.
  4. Росинская Е.Р. Специальные познания и современные проблемы их использования в судопроизводстве //Журнал российского права. 2001. Вып 2.
  5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі 13.12.1997ж. Алматы: ЮРИСТ. 2008
  6. Шакиров К.Н. Судебная экспертиза: проблемы теории и практики. Алматы. 2002.
  7. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: В двух томах. Т.1. Общая часть. Учебник. – Алматы: КазГЮА, 2001.
  8. Бычкова С.Ф. Организация назначения и производства судебной экспертизы // Теория и практика судебной экспертизы. Алматы. 1999. Т.1.
  9. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 13.07.1999 ж. Алматы: ЮРИСТ. 2008
  10. Эксперт. Руководство для экспертов органов внутренних дел и юистиции / Под ред. Аверьяновой Т.В., Статкуса В.Ф. М. 2003. – 57 б.
  11. Росинская Е.Р. Судебная экспертиза в уголовном, гражданском и арбитражном процессе. М. 1996.
  12. Бычкова С.Ф. Проблемы развития института специальных знаний в гражданском судопроизводстве. Автореф. дисс. канд. юрид. наук. Алматы. 2004.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.