Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адам және азамат құқықтарын және бостандықтарын қамтамасыз ету аясында мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалардың заңды жауапкершілік институты

Адам құқықтарын қорғау мен құрметтеу - ғасырлар бойы қалыптасқан адамзат өркениетінің белгісі, жоғары мәдениеттіліктің көрінісі. Адами құндылықтарды бәрінен биік қоятын елде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мемлекеттік міндеттердің баламасыз басымдықтағы қағидаттарының бірінен саналады [1].

Егемендік алған күннен бастап азаматтардың құқығы мен бостандығына артықшылдық берген тәуелсіз Қазақстанда да бұл өзекті мәселені қалыптастыру мен дамытуға үнемі көңіл бөлініп келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен 2002 жылы елімізде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (омбудсмен) институтының құрылып, жұмыс істей бастауы соның бір дәлелі болса керек. Ол құрылғаннан бергі уақытта еліміздегі адам құқығын қорғау міндеттерінің халықаралық стандарттарға сәйкестендірілуіне, азаматтық құқықтық қоғам институттарының қалыптасуы мен дамуына жəне адам құқығын қорғау саласында бірегей мемлекеттік саясатты қалыптастыруда үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.

Біздің еліміздің Конституциясында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»,- делінген (1-бап, 1-тарм.) [2].

Қазақстан Республикасында Конституцияға сəйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады жəне оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды [3].

Мемлекеттік құқықтың классикалық теориясы ғасырлар бойы мемлекет пен азаматтық қоғам арасын түбегейлі айырмашылығы бар жəне бітіспес құбылыс ретінде бөліп келгені белгілі. Бұл мемлекеттік биліктің өз табиғатына қарай қоғамдық пікірден алшақтауға жүйелі түрде тырысатындығына, оның өзінің өмір сүруінің қажетгілігін өзі жасап алатындығына байланысты. Сөйтіп, мемлекетті бақылауға алмаса, ол əдетте қоғамнан алшақтайды да, азаматтарды сыйламайтын озбыр билікке айналады, өйткені, әкімшілдер мен қызмет басындағылар өздерін билік аппаратының қожайындарымыз жəне ешкімнің алдында есеп беруге тиісті емеспіз деп ойлайды.

Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекеттік құрылым қалыптастыру бағытына қадам басуы мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланыстың нығаюынан болып отыр. Қазіргі кезде осы заманғы өркениетті елдер тәжірибесінде мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы классикалық шекара бірден-бір саяси не қоғамдық деп анықтама беругеболмайтын, өзара кірігіп кеткен, аралас институттарға айналуда. Бұл, ең алдымен, омбудсменге (адам құқықтары жөніндегі уәкілге) қатысты [4].

Дәстүрлі демократия кезіндегі бақылаудың дәстурлі әдістері үнемі тиімді бола берген жоқ. Олардың үнемі заңдарды талқылауы, заң шығарушылықпен айналысуы тиіс. Әрине, әділет органы, сот жүйесі бар және бұлар - билікті бақылайтын екінші әрі басты тіректер. Европа елдерінде бұл жүйе өз мәнінде жұмыс істейді. Оның жеткілікті деңгейдегі әділет органы бар. Азаматтар көбіне сотқа шағымдана бермейді, өйткені олар өз мәселелеріне байланысты шешімдердің ұзаққа созылуы, тіпті шешілмеуі де мүмкін деп ойлайды. Сондықтан да, бақылаудан тыс қалған билік тарапынан қиянат жасаушылық та өте көп болады. Кез келген азамат қақтығысқа барғысы келмейді, ол қиянатқа қарсы күреспейді, өйткені онымен күресетін тиімді механизм жоқ. Міне, дәл осы арада, осы келіспеушілік кезінде, омбудсмен институтының нағыз мәні айқын көрініс береді. Ол осы кеңістікті «толтыру» үшін және биліктің жаңа институтын құру үшін емес, азаматтар үшін қажетті институтты құру үшін пайда болады.

Біздің елімізде омбудсмен институтын құру - қазіргі заманның бұлтартпас талабы.

Заңгерлердің халықаралық ассоциациясы «омбудсмен» ұғымына мынадай анықтамасын қабылдады: «Омбудсмен - Конституцияда немесе заң шығарушы биліктің актісінде қаралған және жоғарғы дәрежедегі тәуелсіз бұқаралық лауазым иесі басқаратын, заң шығарушы билік алдында жауапты, мемлекеттік органдардан, қызметкерлерден, жалдаушылардан жәбір көрген адамдардан шағымдар алатын немесе өз еркімен әрекет ететін және тергеу жүргізуге, жіберілген қателікті дәл түзетуге нұсқау беретін және өз жұмысы жайлы баяндамалар дайындап беріп отыратын қызмет».

Қазақстан Республикасының Конституциясы мұндай институт болуын қарастырмайды, сондықтан да, менің ұсынысым алдағы уақытта еліміздің негізгі Заңына тиісті толықтырулар енгізу керек деп есептеймін.

Авторлардың пікірінше, Республика тұрғындары үшін де омбудсмен термині өте оғаш естіледі. Сондықтан, оны Халық адвокаты деп атау ұсынылып отыр. «Халық» сөзі оның маңызды бұқаралық, сондай-ақ жай адвокаттың құзырында жоқ қызметтерді атқаратынын көрсетеді [5]. Бұл сөз тіркесін пайдалану адвокаттың мәртебесін, бұл қызметтің мәртебесін көтеруге көмектеседі. Өткен тоталитарлық кезеңде құқық қорғаушылардың ролі төмендетілді және сол тоталитарлықтан құтылған қоғам да әліге дейін осы ескіліктің сарқыншағынан арыла алмай отыр. Осы ұсынысты маңыздылығына байланысты өз жеке басым қолдайды.

Халық адвокаты институтын құру барлық әкімшілік қиыншылықтан құтылудың бірден-бір құралы емес. Алайда, бұл институттың құқық қорғау қызметінің басқа да демократиялық механизмдерімен қатар өмір сүруі атқарушы аппараттың төрешілдігіне, шенеуніктердің құпия әрекеті мен жауапсыздығына байланысты өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі.

Халықаралық тәжірибеде омбудсмен құқық жүйесінің қалыптасқан, дамыған институттарының бірінен саналады. Біздің елімізде Адам құқықтарыженіндегі уәкіл лауазымының әмірге келгеніне кеп уақыт бола қойған жоқ. Осы қызметтің атқаратын міндеттері мен мақсаттары ол:

Азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарының сақталуын ешкімге бағынышты емес түрғыда, тәуелсіз қадағалау және қорғау.

Сондай-ақ ез екілеттігі шеңберінде бүзылған қүқықтарды қалпына келтіру мақсатында қажетті шараларды жузеге асыру.

Адам қүқықтары женіндегі үлттық орталық мемлекеттік билік органдары мен лауазымды түлғалар тарапынан, әртурлі үйымдар мен мекемелердің әділетсіз іс-әрекеттерінен жапа шеккен жеке адамдардың бүзылған қүқықтарын қорғайды. Өзінің мәртебесі бойынша Адам қүқықтары женіндегі уәкіл жеке адамның бүзылған қүқығы мен бостандығын қорғайтын тәуелсіз халықтық адвокат болып табылады. Халықаралық стандарттарға сай айтар болсақ, үлттық орталықтың негізгі міндеті - адамзаттардың арыз-шағымдарын қарау болып табылады.

Адам қүқықтарын қорғау бойынша мемлекет езіне халықаралық міндеттемелерді алған соң, езінің үлттық заңнамасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіреді.

Қазіргі уақытта біздің еліміздегі адам қүқықтарының қорғалу ахуалына сипаттама беретін болсам, яғни қазіргі жағдайда мемлекеттік органдар тарапынан адамдардың қүқықтары мен бостандықтары бүзылуда. Бірақта мемлекет тарапынан айтарлықтай жүмыс жургізілуде, біріншіден, адам қүқықтары мен бостандықтарын қүқықтық қамтамасыз ету халықаралық байқаушылар тарапынан тиісті деңгейде бағаланды, ол транспарентті. Бүл айрықша маңызды, себебі адам қүқықтары халықаралық саясатта және мемлекетаралық қатынастарда басты ролге ие болады.

Яғни басты мақсат - үлттық парламент, укімет қабылдайтын барлық заңдардың халықаралық стандартқа сәйкес болуы, «Еуропаға жол» бағдарламасы мен Ақорданың ЕҚЫҰ-на терағалық ету мақсатына қарай туындаған міндеттерге орайлас болуы». Қазақстан президенті жанындағы Адам қүқықтары женіндегі комиссия терағасы Сағынбек Түрсынов мәлімдегендей, «Бір Қазақстан ғана емес, букіл ТМД тарихында алғаш рет Қазақстанда азаматтардың қүқықтарын қорғауға республика заңдарының қаншалықты қызмет ететінін анықтау ушін сараптама, мониторинг жургізуді мақсат еткен тубегейлі баяндама жасалды. Қазақстанның қолданыстағы барлық заңдарына БҰҰ-ның Даму бағдарламасының толық қатыстырылуымен мониторинг жургізіліп, сараптама жасалды», - деп мақтанышпен айтты [6]. Сағынбек Түрсыновтың айтуынша, қүқықтанушылар Ұлттық жоспар жасардың алдында сот жуйесі, адвокатура, заң органдары, укіметтік емес үйымдар екілдерінің қатысуымен кушінде түрған заңнаманы сарапқа салып, даму басымдықтарын анықтаған. «Бүл - букіл қоғам емірінің салаларын тугел қамтитын қүжат», - деді.

Біздің ойымызша, Қазақстанда адам қүқықтарын бағалауды елімізді ең беделді халықаралық үйым - ЕҚЫҰ-на терағалық ету туралы жуырда қабылданған шешімімен тығыз байланыстыру қажет.

Біздің елімізде адам қүқықтары бүзылмайды десек, дүрыс болмас еді. Еңөкініштісі, атқарушы билік тармақтары тарапынан жасалатын адам құқықығын бұзушылық фактілері сыбайлас жемқорлықтың етек алуына қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан менің ойымша, барлық мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуін барлық құралдар арқылы бақылауды күшейту қажет.

Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық және Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Олардың бірі- бірінен яғни Комиссияның Орталықтан ерекшелігі ол қоғамдық негізде жұмыс істейтін консультативтік орган болып табылады [7].

Омбудсменнің тиімді жұмысын жүзеге асыру үшін қажетті өлшемдер мен шарттар:

  • қоғамдық қабылдау, яғни омбудсменнің бұзылған құқықтарды айқындауға және қалпына келтіруге арналған нақты мүмкіндігі бар екендігін қоғамның керуі, қабылдауы;
  • құқық бұзу жағдайларын болдырмауға шұғыл ден қою мақсатында халықпен барынша тығыз байланыс орнату мүмкіндігі. Осыған байланысты омбудсмен өкілдерінің еліміздің барлық жергілікті жерлерінде болу мәселесі өзекті болып отыр;
  • біліктілігі жоғары, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарда жұмыс істеген, сондай-ақ байсалды өмірлік тәжірибесі бар кәсіби кадрлардың болуы;
  • өз ұсыныстарының орындалуын бақылауға өкілеттілігі.

Қазақстанның адам құқықтарын қамтамасыз етуде қол жеткізген процесі айқын әрі даусыз. Қазіргі кезде еліміз осы саладағы барлық негізгі халықаралық конвенциялар мен пактілерге қосылды. Конституцияға және жалпы қабылданған әлемдік стандарттарға сәйкес азаматтардың құқықтарын іске асыратын және олардың сақталуын қамтамасыз ететін ұлттық заңнама дамуда және жетілдірілуде.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Досжанова Г.С. Қазақстан Республикасындағы жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығының конситуциялық-құқықтық негіздері. (Мәтін): теория және тәжірибе, автореферат/-Алматы: Тапđет, 2008.-Б.35.
  2. Амандыкова С.К. Конституцконное право Республики Казахстан: Учебное пособие / С.К. Амандыкова. -Караганда: Баспа, 1998.-С.212.
  3. Амандыкова С.К. Становления конституционализма Республики Казахстан: Учебное пособие / С.К. Амандыкова.- Караганда: Баспа, 2005. – С.365.
  4. Жумагулова А.Б. Институт прав человека и гражданина: проблемы теории и практики: автореферат/—Алматы: (Б.и)-2008.-С.36.
  5. Қазақстан Республикасының «адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Халық адвокаты) туралы» Заң жобасына ТҮСІНІКТЕМЕ. 2008. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз кызметі.
  6. «Мәселенің мәнісі - Ұлттық жоспарда емес, оның орындалуында» ҚР Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Сағынбек Тұрсыновтың Азаттық радиосына берген сұхбаты. 24.04.2009.
  7. «Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі» 2007-2008 жылдағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.