Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік қолдау және жетілдіру мәселелері

Еліміз тәуелсіздігін алған уақыттан бергі жылдарда қоғамда көптеген өзгерістер, жаңарулар болды. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығынан бері ел экономикасын

Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне əсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. 2010 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауының он үшінші бағыты - шағын жəне орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимылға арналды[1]. Осыған орай, нарықтық шаруашылықтың ұлттық жобасын құрудың белсенді ізденістері басталды. Бүгінгі таңда кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдау көрсету, оның аясын кеңейту мәселелері жолға қойылып отыр.

Қазіргі кезде Қазақстан өзінің посткризистік кезеңінде экономикалық өсуінің басты көрсеткіші жəне оны ары қарай дамытушы болып табылатын кәсіпкерлік екенін түсінеді.

Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Кәсіпкерлікті жетілдіру - экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет.

Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылар қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі болып «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау жəне қолдаудың мәні мен мазмұны, басты бағыттары мен мақсаттары айқындалады. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау жəне қолдау дегеніміз - аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық жəне ұйымдастырушылық, жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан мынадай іс- шараларды жүзеге асыру қажет:

  • мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;
  • мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;
  • жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;
  • кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;
  • кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою;
  • тексеруші органдар санын қысқарту;
  • заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, т.б.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметінің маңызды турі. Оның релін Адам Смит былай деп бағаланған болатын: «Кәсіпкер ез муддесін езі ушін үтымдылық жағдайды кездейді дей түрғанмен, ол қоғам муддесіне де қызмет етеді» [2]. Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты үйымдастырудың турі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы ерлетуге қосар улесі ете зор.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту ушін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттің мудделері мен түтынушылардың қүқықтарын қорғау болып табылады.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптерінің бірі болып - Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы табылады. Осы принципті жузеге асыру барысында мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалардың бірі болып – «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасы табылады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не деген сүраққа жауап берер болсақ, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономи калық ерлеу – Қазақстанның жаңа мумкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру ушін әзірленген. Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік удемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизм дерінің бірі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы еңірлік кәсіпкерліктің түрақты және теңгерімді есуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жүмыс орындарын сақтау және түрақты жүмыс істейтін жаңа жүмыс орындарын қүру болып табылады. Бағдарлама екі кезеңмен жузеге асырылатын болады:

  1. - ші кезең - 2010 - 2014 жылдар аралығында. Яғни, 2010 жыл Бағдарлама міндеттемелерінің шешілуі: жаңа бизнес- бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты уш бағыт бойынша іске асырылатын пилотты жыл болып табылады. 2011–2014 жж . міндеттемелердің шешілуі жаңа бағдарламаларды қолдау , шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады .
  2. - ші кезең – 2015 - 2020 жылдар аралығында жаңа бағдарламаларды қолдау , шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.

«Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасына әлеуетті қатысушылар жобаларын іріктеу кезінДе келесіДей салаДағы кәсіпорын қызметіне басымдық берілетін болады:

  1. Агро енеркәсіп кешені;
  2. кен ендіру енеркәсібі саласындағы техни калық қызметтер;
  3. жеңіл енеркәсіп және жиһаз шығару;
  4. қүрылыс материал дары мен металл емес езге минералды енімдер ендіру
  5. металлургия, метал жеңдеу, машина жасау;
  6. өзге өнеркәсіп секторлары (оның ішінде өзге дайын өнімдер шығару; электр мен жабдықтау, газ, бу беру және ауа сорғызу; су жинау, өңдеу және тарату; канализация жүйесі; қалдықтарды жинау, өңдеу және тазарту, қалдықтарды іске жарату; қалдықтарды жою саласында қайта культивациялау )
  7. көлік және қойма қызметі ;
  8. туризм;
  9. ақпарат және байланыс;
  10. кәсіби , ғылыми және техни калық қызмет;

11.білім;

  1. денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер ;
  2. өнер , көңіл көтеру және демалыс;
  3. қызметтің өзге түрлерін (компьютер лерді , жеке пайдалану заттары мен түрмыстық тауарларды жөндеу жүмысын) үсыну[3].

КәсіпкерлерДі «Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша қолдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады? БағДарламаның іске асырылуы:

  1. жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
  2. кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
  3. өнімді шетке шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаның іске асырылуының бірінші бағыты аясындағы мемлекеттік қолдау мынадай әрекеттерден :

  1. жобаларды іске асыру үшін Банк кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;
  2. жобаларды іске асыруға бағытталған банк кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
  3. өндірістік (индустриалдық) инфрақүрылымды дамыту;
  4. бизнесті жүргізуде сервистік қолдау көрсету;
  5. кадр дайындау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жүмыс орындарын қүру (компонент 2011 жылдан бастап енгізіледі) сияқты қызметтен түрады.

Екінші бағыт аясында – кәсіпкерлік секторын жақсарту – мынадай қолдау көрсетіледі:

  1. Борышкердің Банктерден бүрын алған кредиті (мақүлдау кезінде) және жоба мақүлданғаннан кейін туындайтын бір кредит желісі аясындағы жаңа берешегінің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
  2. Борышкерге өсімпүлын есептеместен бюджет алдындағы (мекеме үстап қалатын жеке табыс салығынан бөлек) салық берешегін өтеу мерзімін кейінге шегеру;
  3. кәсіпорындарды қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру жоспары аясында жақсарту, оның ішінде Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектері бойынша да өзге іс-шаралар.

Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған .

Мемлекеттік қолдау Банктерден бүрын алынған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.

«Жол картасында» бір біріне қарама қайшы келетін түстары бар. Бір жағынан банктерге қосымша қамтамасз етуді талап етуге тыйым салынатын болса, екінші жағынан сауықтандыру жоспары бойынша соңғы шешімді банк өзі қабылдайды делінген. Сонымен, банк өзі білетін және өзі қалайтын шарттарды қоятынын білдіреді. Осы мәселе бойынша бағдарламаны қайта қарауға үсыныс жасағым келіп отыр, өйткені бүл түста кәсіпкерлердің жағдайы толығымен қаралған емес сияқты.

Сонымен бірге кәсіпкерлікті сауықтындыру үшін мамандандырылған қаржылық қүралдарды дамыту арқылы жүргізуге болады. Мысалыға, кей компаниялар факторинг арқылы нарықта қалып отыр. Факторингті пайдалану «кассалық алшақтықты» жабуға немесе өнімді сатып алушылар кешіктіріп төлейтін жағдайда айналым капиталының жетіспеушілігін жабуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде кешіктіріп төлеу қалыты жағдайға айналуда, өйткені ешкім өзінің қаражатымен есем айырысуға асықпайды, барлығы өздері ақша алған кезден соң төлеуге үмтылады.

Тауарлы несиелендіру қалыпқа айналып бара жатыр, бірақ ол жабдықтаушыларды әлсіздетеді. Кешіктіріп төлеу немесе мүлдем есеп айырыспау орын алу тәуекелі пайда болады. Факторинг қойылған тауар үшін ақшаны сол мезетте алуға, сонымен бірге сатып алушыға төлемді кешіктіруге мүмкіндік береді. Бүл жағдайда екі жаққа та жақсы жүмыс жасауға қолайлы болады, алайда Қазақстанда бүл қүрал онша дамымаған, сол үшін оған қолдау жасау қажет.

Тағы да бір пайда болатын қиыншылықтар, ол ақпараттық қиыншылықтар. Соның ішінде:

  • Кәсіпкерліктің басты мәселелерінің жария етілмеуі;
  • Жақсы әсерлі тәжірибелерді бүқаралық ақпарат қүралдары арқылы шықпауы;
  • Қоғам мен кәсіпкерлердің жаман ақпараттанылуы (экономикалық, қүқықтық, салықтық мәдениет жағынан).

Бүл мәселені шешу үшін:

БАҚ және электронды ақпарат желісі арқылы кәсіпкерлікті дамытуды насихаттау;

Интернет желісінде арнайы беттер ашу, брошюралар, ақпараттық қағаздар, буклеттер, дайджест шығару;

Радио мен телекөрсетілімдерде арнайы бағдарламалар циклдерін жүргізу; Кәсіпкерліктің актуалды мәселелері мен сүрақтары бойынша газеттер мен журналдарда басылымдар шығару.

Осы шараларды мемлекет қолына алатын болса, ШОБ қарқынының өсуі орын алатынына сенімін бар. Ақпараттық қиыншылықтардын бөлек, қүрал- жабдықтарға байланысты мәселе туындайды. Мысалыға кәсіпорын қүралын шетелден лизингке алуға үйғарды (Қазақстандағы ауыл шаруашылық саласында жабдықтардың физикалық тозу деңгейі 70-80% жеткен). Енді, 2008 жылы Үкімет «Корпоративтік табыс салығын 2009 жылы 30-дан 20 пайызға,2010 жылы 17,5 пайызға, ал 2011 жылы 15% дейін төмендетеміз, яғни пайыздық ставкасын екі есеге дейін қысқартамыз» деген ұстанмыда болды. Бірақ өзгеріске сәйкес, жаңа Салық кодексінің жобасында қосымша құн салығына және құралдарды импорттауға байланысты лизингке берілетін жеңілдіктер алынып тасталып, лизингтік келісімшарт жасауға да кедергі келтіретін баптап пайда болды. Салық кодексіне 2004 жылы енгізілген түзетулер мен қосымшалар негізінде лизингке берілетін импортталған құрал жабдықтарға қосымша құн салығы бұрын салынбайтын. Соған байлансыты кәсіпкерге техника 14-15% арзанға түсетін. Ал 2009 жылдың басынан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексінде осы жеңілдіктер алынып тасталып, біздің кәсіпкерлерге импорт арқылы келген техника мен құрал- жабдықтар 12% қымбаттады.

Қазақстанның болашағы кәсіпкерлікте деген тұжырымды дұрыс емес деуге болады. Нақтырақ айтсақ, Қазақстанның болашағы біздің қолымызда, яғни біздің дұрыс концепцияны құруымызда. Мемлекеттің дамуының басты көрсеткіші ол - объективті және субъективті факторлардың дұрыс үйлестірілуі. Бұл жерде объективті фактор дегеніміз – елдің бізге берген ортасы, пайдалы қазбалары, т.б. Ал субъективті фактор тікелей адамның өзіне байланысты, яғни ол кәсіпкерлік қабілеті, ойлау және анализ жасау қабілеті, және т.с.с. Мысал ретінде Жапонияны алып қарастыруға болады, елдің пайдалы қазбалары өте аз мөлшеріндегі ел өз экономикасын Азиядағы ең дүркін экономикаға айналдыра білуі, және әлемде тек АҚШ-ты ғана алдына жіберуі бізге үлгі бола алады.

Қорыта келгенде, Қазақстанның бүгінгі күнге ең басты мақсаты, шикізаттық бағыттан арылу, және бұл саясатты өмірге келтіру үшін кәсіпкерліктің дамуы маңызды фактор. Бүгінгі таңда еліміз орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту басты мәселелердің бірі. Қазіргі таңда Қазақстанда бұл бағытта қолдау жасалып келеді.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауы. 2007 ж.
  2. Мороз С.П. Кәсіпкерлік құқығы. Алматы, 2009
  3. Консбаева А.Е. ҚР жеке кәсіпкерлік мәселелері мен жетілдіру жолдары. 2011 жыл.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.