Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан - конституциялық даму жолында

Қазақстанның мемлекет ретіндегі дамуы мыңжылдықтың жартысындай уақытты алып жатыр, алайда, елдің өміріндегі нақты Конституциялар өткен ғасырда бекітілген. Атап айтқанда, 1926 жылғы Лениндік Конституция, 1937 жылғы Сталиндік Конституция, 1978 жылғы Брежневтің Конституциясы, 1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары бүгінгі еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін құрудың негізгі сатылары деуге болады.

Жалпылама алғанда, Қазақстан Республикасындағы конституциялық құрылысты негізгі 3 кезеңге бөлуге болады:

  1. 1978 жылғы Конституцияны өзгерту және Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялаған жаңа Конституцияның заң жобасын қабылдау;
  2. 1993 жылғы Конституцияны қабылдау;
  3. 1995 жылғы Конституцияны қабылдау.

Қазақстанның жаңа заңнамаларының қалыптасуы Қазақ КСР-ның Конституциясына өзгертулер енгізген кезеңнен басталады. Қазақстан Республикасының егемендігінің де-юре бекуі кезеңіне (1990-93 жж.) 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған «Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясы бастама болды. Аталған Декларацияда келесідей маңызды қағидалар орын тепті:

  1. Қазақ КСР-сы егеменді мемлекет деп жарияланады;
  2. Қазақ КСР-сы ұлттық мемлекеттілікті қорғау мен бекітудің барлық шараларын қолға алады;
  3. Биліктің бөліну қағидалары жарияланады;
  4. Қазақ КСР-сы бұрын соңды болмаған егемендікке ие болды және Қазақстанның егемендік құқықтарына қайшы келетін Кеңес Одағы органдарының заңдарының күшін тоқтатты;
  5. Еліміздің аумағындағы барлық табиғи ресурстар, ғылыми- техникалық потенциал Қазақстанның айырықсыз меншігіне тиесілі болып табылады;
  6. Мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауда таптық көзқарастан бас тартылып, мемлекеттің негізін Қазақстанның халқы құрайды деп жарияланады;
  7. Осы Декларация бойынша Қазақ КСР-на халықаралық

қатынастардың дербес субъектісі болу құқығы берілді.

Сол кезеңдерде 1978 жылғы Конституцияға айтарлықтай өзгерістер енгізген бірталай заңдар қабылданды, солардың ішінде, мысалы: 1990 жылдың 20 қарашасында қабылданған «Мемлекеттік билік пен басқарудың құрылымын жетілдіру туралы» Заңын атап өтуге болады. Сонымен бірге, Конституцияға ұйғарушы және атқарушы билікті Президент жүргізетіндігі,Министрлер Кеңесі Министрлер Кабинеті болып өзгеретіндігі және премьер - министрдің лауазымы тағайындалатындығы туралы ережелер енгізілді.

Шынайы егеменді мемлекетке қол жеткізу мақсатында 1991 жылдың 1 желтоқсанында президент сайлауы өткізіліп, Нүрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы осы кезеңнің негізгі сатысы болып табылды. Аталған Заңда Қазақстан Республикасы өзге мемлекеттермен қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидаларына сай жүргізетіндігі туралы ережені бекітті. Алғаш рет бірыңғай қазақстандық азаматтық бекітілді, меншік нысандары заңдастырылды, мемлекеттің дербес экономикалық жүйеге бетбұрысы нақтыланды.[1]

Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен аумақтық біртұтастығын қорғау үшін еліміздің қарулы күштерін құру мүмкіндігне ие болдық. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң Қазақстан Республикасының халқын мемлекеттǐк биліктің бірден-бір көзі деп таныды. Жалпы айтқанда, бұл заң егеменді мемлекетті қалыптастыру кезеңіндегі Қазақстан Республикасының уақытша Конституциясы болды. Оның негізгі мазмұны 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының негізіне алынған еді. Ал, 1991 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы азаматтық туралы» Конституциялық Заңы КСРО-ның азаматтығын және қос азаматтықты мойындамады. Бұл Заң Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жаңа негіздемелерін бекітті.

Тәуелсіз мемлекетті нығайту жолында 1992 жылы 4 маусымда Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттǐк елтаңба, мемлекеттǐк ту және әнұранның музыкалық редакциясы туралы» Заңы арқылы мемлекеттǐк рәміздерді бекітті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттǐк егемендігіне қол жеткізуінің алғашқы кезеңдершде елǐмǐздщ конституциялық заңнамалары Қазақ КСР-ның Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгǐзу жолымен дамыды.

1993 жылдың қаңтар айына дейǐн жаңа саяси және құқықтық жүиенщ, экономика мен əлеуметтǐк өмірдегі өзгерістердің қазіргі кезеңдегі сипатын көрсететш жаңа Конституцияның жобасын жасау жүргізілді. Бұл жобаны жасаушылар бірқатар демократиялық елдердщ конституциялық құрылыстағы тəжǐрибесǐн ескерǐп отырды. 1993 жылғы Конституция - Қазақстанның мемлекеттǐк және қоғамдық құрылымын жаңадан айқындаған тарихи құжат болды.

Аталған Конституцияны қабылдағаннан кешнгǐ екǐ жылдай мерзǐмде жаңа Конституция қабылдау қажеттілігін туындатқан көптеген оқиғалар болды. Нұрсұлтан Назарбаев жетекшǐлǐк атқарған сарапшылық- консультативтǐк кеңес 1995 жылдың 30 маусымынан 30 шǐлдесǐне дейǐн Конституцияның жаңа жобасын талқылады. Жобаға 32000 ұсыныстар мен ескертпелер ұсынылып, нəтижесǐнде 1100 түзету енгǐзǐлдǐ.

Қазақстан Республикасының Президентǐ Конституция мызғымастығының нышаны əрǐ кепǐлǐ, мемлекеттǐк-билǐк жүиесшщ түпқазығы болып табылады, ол бүкіл мемлекеттǐк қызметтщ бǐрлǐгǐ мен үилесімділігін, билǐктармақтарының езара келісіп жүмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қуатты да жауапты президенттік билік институты болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың қызметі арқасында Қазақстан, адам және адамның емірі, қүқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып табылатын егемен, бейбіт және түрақты, беделді, гулденген және емір суруге тиімді мемлекетке айналды. Республика қызметінің мемлекеттік практикада керініс тапқан конституциялық принциптері бугінгі және келер үрпақтың ертеңгі кунге деген сенімін, еліміздің халықаралық аренадағы саясатының дәйектілігін қамтамасыз етеді.

2007 жылғы конституциялық реформа, мемлекет қүрудың уақыт сынынан еткен қазақстандық моделін сақтап қалып, біртүтас мемлекеттік билік тармақтарындағы тежемелік әрі тепе-теңдік жуйесін жетілдірді, Парламенттің екілеттігін кеңейтті, саяси партиялардың ролін кетерді, жергілікті мемлекеттік басқару және езін-езі басқару жуйесін жаңғыртты, мемлекеттік және қоғамдық институттардың езара белсендірек жүмыс істеуі ушін жағдай жасады.

Қазақстанның конституциялық заңдылық режимі езек етіп алынған қүқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы, мемлекет пен қоғам толыққанды емір суруі ушін түрақты заңнамалық негіз қүрылуын қажетсінді. Соның нәтижесінде еткен 20 жылдай уақыт ішінде Парламент Конституция негізінде және оның ережелерін дамыту мақсатында, қоғамдық қатынастардың турлі салаларын реттейтін 1700-ден астам заң қабылдап, сол арқылы еліміздің қүқықтық жуйесі тиімді жүмыс істеуін қамтамасыз етті.

Осы кезең ішінде Конституцияда кезделген мемлекеттік басқару институттарының барлығы да қүрылып, тиісті қүқықтық негізбен қамтамасыз етілді. Әсіресе адамның және азаматтың қүқықтарын, бостандықтары мен заңды мудделерін қорғау саласындағы мемлекеттік механизмдерді қүру маңызды болып табылады. Соттар, прокуратура, адам қүқықтары женіндегі уәкіл институты, ішкі істер, қаржы полициясы, үлттық қауіпсіздік органдары, езге де қүқық қорғау қүрылымдары конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудің тиімді қүралына айналды.

1995 жылғы Конституция преамбуладан, 9 тараудан және 98 баптан қүралды. Ал енді, осы Конституция қабылданғаннан соң еліміздің тарихынан келесідей маңызды оқиғалар орын тепті: 1995 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының екі палаталы парламентіне сайлау еткізілді; 1996 жылдың қаңтарында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты; еліміздің астанасы Астана қаласына кешірілді және т.б. [2]

Соңғы кездері қүқық теориясы мен практикасында “конституциялық саясат” және “конституция” деген категориялардың арақатынасын зерттеуге кеп кеңіл белінуде.

Мемлекеттің Негізгі Заңы мемлекеттің конституциялық саясатын жузеге асыру қүралы болып табылады. Өз кезегінде, конституциялық реттеу мен оның әдістерінің ерекшелігіне қарай Конституция нормалары тікелей және жанамалай қолданылады. Егер конституциялық реттеудің жоғары деңгейінде, әдетте, конституциялық нормалар жеткілікті болып жатса, мемлекеттік

органдар мен азаматтар арасындағы конституциялық қүқықтық қатынастарда олардың қүқықтары мен міндеттері формалды түрде көбірек айқындалып, белгіленуі қажет. Бүл әкімшілік, азаматтық, еңбек, қылмыстық, жер, қаржы қүқығының және оның өзге де салаларының нормаларымен қамтамасыз етіледі. Соңғы жағдайда конституциялық нормалар, қүқықтың тиісті салаларында нақтылана келе, жанамалай қолданылады. Сонымен бірге бүл Конституция нормаларының тікелей қолданылуы тоқтайды дегенді білдірмейді.

Конституциялық нормалар Конституцияда көзделген заңнамалық актілерді шығару түрінде де қолданылуы мүмкін. Мәселен, Негізгі Заңның тиісті нормаларын орындау мақсатында Президент туралы, Парламент және оның депутаттарының мәртебесі, Үкімет, сайлау, республикалық референдум, сот жүйесі және судьялардың мәртебесі, Конституциялық Кеңес туралы және т.б. конституциялық заңдар қабылданды.

Конституциялық қүндылықтардың мазмүнын заңнамалық толтыру кезінде қайшылықтар болуы мүмкін. Осы игіліктер мен оларға қол сүғылуына мемлекет тарапынан шара қолдану деңгейінің арақатынасы халықтың қүқықтық мәдениетіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, тарихи кезеңнің ерекшеліктеріне және т.б. қарай әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, сөз бостандығы қүқығын және түлғаның абыройы мен қадір-қасиетінің қорғалуына қүқығын заңнамалық реттеу мәселелері жала жапқаны және қорлағаны үшін қылмыстық жауаптылық шараларын белгілеуге қатысты пікірталас туындауына негіз болды. Осылайша, конституциялық және жай заңдар, заңға тәуелді актілер қабылданғанда, сондай-ақ бүкіл қүқық қолдану практикасы қалыптастырылғанда негіз етіп алынатын Конституция еліміздің конституциялық саясатын білдірудің негізгі нысаны болып табылады деп айтуға болады.

Конституциялық саясат та мемлекеттің өзі сияқты үнемі дамуда болады, өйтпеген күнде ол дамудың “тежегішіне” айналады. Конституцияның өзінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі көзделген. Қазақстанда 1998 және 2007 жылдары жүргізілген конституциялық реформалар соның жарқын дәлелі. Уақыт бүл шешімдердің дер кезінде және дүрыс қабылданғанын көрсетті.

Қазақстанның конституциялық саясатының негіздері туралы айта келе, еліміздің конституциялық дамуының түжырымдамасын айқындаудағы Мемлекет басшысының айрықша рөлін атап өту қажет. Негізгі Заңға (40-бап) сай республика Президенті Конституцияның мызғымастығының нышаны әрі кепілі болып табылады. Қазақстанның қоғамдық және саяси өміріндегі демократиялық қайта өзгертулер, нарықтық экономика талаптарына сай жүргізілген экономикалық реформалар, қоғамдық келісім мен саяси түрақтылық, азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы – осының бәрі де президенттік басқару нысаны енгізілуімен тікелей байланысты.

Бүған Мемлекет басшысының Конституцияның әлеуеті өмірдің барлық салаларында мейлінше толық іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі қатаң талабы сеп болуда. Президенттің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі Жарлығымен мақүлданған Қүқықтық саясат түжырымдамасында Конституцияның қүқықтықидеялары Қазақстанда демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне әлеуметтік мемлекет институттарын орнықтыруға бағытталған заңнамалық, ұйымдық жəне басқа шараларда жүзеге асуға тиіс деп атап өтілді. Өткен жылы тамыз айында Мемлекет басшысы бекітіп, қазір қолданылып жүрген 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасында бұл бағыт сақталды, жəне Конституцияның қағидаттары мен нормаларын, ең алдымен, мемлекеттік билік органдары мен оның лауазымды адамдарының қыз-метінде толыққанды іске асыру, бұл ретте Конституцияны тікелей қолданумен қатар ағымдағы заңнама жəне құқық қолдану арқылы оның əлеуетǐн қамтамасыз ету конституциялық құқықтың маңызды міндеті ретінде айқындалды.

Осы үздіксіз үдеріс кезінде Негізгі Заң талаптарына жауап беретін конституциялық практика қалыптасуы үшін қажетті барлық жағдайды жасау, конституциялық нормалардың іс жүзінде қолданылуын жəне олардың бірізді қолданылуын қамтамасыз ету өте маңызды.

Осы күрделі мəселелердǐ шешу үшін республикада тиісті өкілеттік берілген органдар жүйесі қызмет істейді. Конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету кешенді жəне көпдеңгейлі міндет болып табылады, оның жай- күйі үшін біртұтас мемлекеттік биліктің барлық тармақтары, құқық қорғау органдары, қоғамдық-саяси институттар, сондай-ақ азаматтар жауапты.

Қазақстан өз ішіндегі адам құқықтарына қатысты жағдайлар бойынша халықаралық құқық қорғау құрылымдары алдында ақталумен ғана шектеліп, “қорғаныс” шебін ұстап келген уақыт өтті. Енді біз кем-кетігімізді түзеп қана қоймай, басқа елдер үшін үлгі де бола алатынымызды көрсетуге дайынбыз.

2008 жылғы 27 ақпандағы №2 нормативтік қаулыда Конституциялық Кеңес, адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеудің конституциялық жол берілетін шектеріне қатыстыра отырып, егер мұндай шектеу заңды түрде негізделген мақсатқа барабар жəне əдǐлдǐк талаптарына жауап беретін, конституциялық маңызды құндылықтарды қорғау үшін тепе-тең, мөлшерлес жəне демократиялық мемлекетте қажетті болса, онда адамның құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылыс-ты қорғау, қоғамдық тəртǐптǐ, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында шектелуі мүмкін, деп атап көрсетті.

Мемлекеттік тілдің жоғары саяси-құқықтық мəртебесǐ оның жария-құқық саласында қызмет етуінің айрықшалығы не басымдылығы Конституцияда баянды етіліп, заңдарда белгіленуі мүмкін екендігімен расталады. Заңнама жəне құқық қолдану практикасы Конституцияның 14-бабы 2-тармағының нормасын ескеруге тиіс, бұл нормаға сай ешкімді ешқандай, соның ішінде тіліне байланысты, кемсітуге болмайды.[3]

Оған дейін, яғни Қазақстан Республикасы тəуелсǐздǐк алғаннан кейін, 1993 жылы 28 қаңтарда өзінің алғашқы Конституциясын қабылдаған болатын. Бірақ 1993 жылғы Ата Заңымыз ескі əкǐмшǐлǐк, əмǐршǐлдǐк қоғам ережелеріне, көбінесе кеңестік демократия қағидаларына негізделгендіктен жаңа қоғам өмірінің талабына жауап бере алмады. Онда адам құқықтары мен бостандықтары, оларды жүзеге асыру қағидалары, мемлекеттік өкімет билігінжүзеге асыру нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі жете көрсетілмеген еді.

1995 жылғы Конституцияның ерекшеліктері мен артықшылықтары қандай болды? – деген сүраққа жауап іздейтін болсақ: біріншіден, заң шығарушы, атқарушы, сот билігін белгілеп, олардың ара жігін межелеп, қүзыретін, жүмыс істеу тетігін, өзара іс-қимыл бірлігін заң түрғысынан айқындап берді. Екіншіден, өкімет билігінің жоғарыда көрсетілген тармақтарға жіктелуі – саяси түрақтылықты орнықтырып, азаматтардың барлық конституциялық қүқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Үшіншіден, мүнда қүқық пен жауапкершілік үғымдары пара-пар көрсетілген. Соның нәтижесінде елімізде бүгінгі таңда президенттік басқару жүйесі, қос палаталы Парламент, Үкімет, қазіргі заманғы сот жүйесі және басқа да мемлекеттік органдар тиімді жүмыс істеуде. Сондай-ақ, бүрынғы Конституцияда шешімін таппаған мемлекеттіліктің мәні, жер, тіл, азаматтық сияқты күрделі мәселелер заңдылық түрғысынан өз шешімін тапқан. Елдің дамуына тың серпін әкелген нәтижелер біздің таңдауымыздың дүрыс екендігінің айқын дәлелі. Ата Заңымыз уақыт сынынан мүдірмей өтті. Конституцияның негізгі қағидалары барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және қоғам мен мемлекеттің даму үрдістерімен үйлеседі [4].

1995 жылғы Конституцияның ең басты жетістігі – ел тәуелсіздігінің нығаюы мен экономиканың бүгінгі даму деңгейі, әлеуметтік-мәдени табыстар және қоғамдағы саяси, үлт аралық, дін аралық келісім мен түрақтылықтың, ел қауіпсіздігінің басты кепілі болғандығы деп батыл түрде айтуға болады.

Тәуелсіздіктің арқасында республика халықының саяси белсенділігі артты.Азаматтардың қоғамдық өмірдің барлық саласына араласуы заңдылық сипатқа ие болды. Осы аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру мемлекетімізде заман талабынан туындап отырған демократиялық реформаларды рет-ретімен жүзеге асыруды талап етті. Ел басының бастамасымен елімізде Демократиялық реформалар әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия жүмыс істеді. Нәтижесінде 2007 жылы Конституцияға өзгерістер еңгізілді. Конституциялық реформалар жүзеге асты. Бүл реформаларда халықтың тілегі, биліктің үсынысы және оппозицияның талабы үйлесімділік тапқан. Енді, жаңа өзгерістерге сай Парламент қүзыреті кеңейтілді. Үкімет бүрын Парламент палаталарына және Парламентке есеп берумен шектелсе, ендігі жерде өзінің бүкіл қызметінде Президент алдындағы жауаптылығы мен бірге, Конситуцияда көзделген жағдайларда Парламент мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты [5].

Осылайша, жоғарыда атап өтілген жайттарды зерттей келе, Қазақстан Республикасында қазіргі замандық шынайы да нақты жүмыс істейтін заңдарды қалыптастыруға, Конституцияның нығаюына және елдің абыройлы өмір сүруіне бағытталған демократиялық заң шығармашылығы нәтижелі деңгейде жүргізіліп жатыр деп қорытындылауға болады.

 

Пайдаланылған дереккөздер тізімі:

  1. Мадуан С.М. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың конституциялық реформалары – тәуелсіздігіміздің негізгі қозғаушы. // Конституциялық реформа және Қазақстанда демократиялық үдерістердің тереңдей түсуі. – Астана.-2007 ж.
  2. «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жолдауы (2010 ж. 25 мамырдағы).
  3. http: //www.constcouncil. kz/kaz/resheniya/?cid=5 &rid=6 5 3
  4. Егемен Қазақстан газеті, Сенбі, 28 Тамыз, 2010ж.
  5. http: //www.egemen.kz/14704. html

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.