Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі

Жолдан таю, түкке тұрмайтын ақымақтық жасау, имансыз үлкендердің тізгінімен кету. Өкінішке орай, жасөспірімдер өздерінің қателіктерін бірден түсіне бермейді.

Өйткені, олардың өздері дұрыс шешім қабылдауға, қиын жағдайлардан тиісті шығу амалын табуға көмек болатын өмірлік тәжірибелері жеткіліксіз. Сондықтан, оларға үлкендердің жылы сөздері, ой салулары, ақыл-кеңестері өте маңызды.

Бірақ, олар сөзсіз сенетін және сенім білдіретін, нақыл сөзіне еретін кісі әрқашан қасында табыла қоя ма? Әттең, бұндай жағдайда барлық жасөспірімдердің жолдары бола қоймайды.

Жалғыздықтан жасөспірім өз ақыл-ойының үнін тыңдамай, көбіне өткінші елікпені басшылыққа алады.

Соңғы 10-12 жыл ішінде балалар қасіретіне қоғам селқосты және бейжайлы қарайтындығын қазір арамыздағы әркім сезінеді. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыскерліктің қазіргі жағдайы, олардың денсаулықтарының, әлеуметтік қорғаныстарының жағдайлары үкіметтен, әлеуетті ведомствалардан, ғалымдардан, қоғамдық ұйымдардан әдеттегідей қағаз бетінде ғана қалатын емес, расымен жүзеге асатын шұғыл шараларды қажет етеді.

Жасөспірімдер қылмыскерлігі Қазақстандағы өте көкейтесті мәселе екендігі күмән туғызбайды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметтері бойынша жыл сайын қылмыс жасаған жеті мыңға жақын жасөспірімдер анықталады, соның ішінде тең жартысына жуығы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Жасөспірімдердің жауапкершілігі мен жазаларының ерекшеліктері Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде (әрі қарай - ҚР ҚК) бекітіліп, дербес VI тармаққа бөлінген.

Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары қолданылатын, қылмыс жасаған уақытта жасы он төртке толып, бірақ он сегізге толмаған жасөспірімдер кәмелетке толмағандар болып саналады.

PRI («Халықаралық түрмелік реформа» ұйымы) мәліметтері бойынша Қазақстанда төрт тәрбиелік коллониялар және қыздар үшін бір жергілікті учаскі қызмет жасауда. Тәрбиелік коллонияларда 400 астам кәмелетке толмағандар ұсталып отыр. Қазіргі уақытта республикамызда 20 мыңнан астам ауытқымалы мінез-құлықты балалар, 16 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалар анықталған. Әлеуметтік жағымсыз жағдайда, қажетті білім және тәрбие алмай, 34 мыңнан астам балалар тұрып жатыр.

Қазақстанның барлық салаларында өтіп жатқан тағдыр-шешті өзгерістері жасөспірімдер қылмыскерлігінің жағдайына, құрылымына және динамикасынаіле-шала ықпалын тигізіп отыр. Қазақстандағы жасалып жатқан қылмыстардың 50% астамы 14-29 жас арасындағы жастармен жасалады. 14-29 жас аралығындағы халықтың қылмыскерлігі түрақты екендігі көрінеді. Оның себептері жүмыссыздар, үсақ бизнеспен айналысатын жасөспірімдер, бостандығынан айыру орындарынан шыққан кәмелетке толмағандар, әскерден келген және өзіне орын таппаған жігіттер, күнкөрісі төмен отбасыларының жасөспірімдері есебінен қауіп топтарын толтыратын әлеуметтік базаның үлғаюы.

14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қылмыс түрлері Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 15 бабында айқындалған.

Кәмелетке толмаған түлғаға жаза тағайындағанда, ҚР ҚК-нің 52 бабында белгіленген жағдайлардан басқа, өмірінің және тәрбиесінің жағдайлары, психикалық даму деңгейі, түлғаның басқа да ерекшеліктері, сонымен бірге оған жасы үлкендердің ықпал етуі есепке алынады.

Қылмыстық кодексте тек қана кәмелетке толмағандарға қолданылатын арнайы жазалар түрлері көзделмеген. Әлеуметтік жағдайын ескере отырып, заңшығарушы оларға тәрбиелік әсер тигізуге бағытталған, қылмыстық жазаның аса жеңіл түрін қолдануды ниеттейді. Қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға қылмыстық жазаның аса қатал (өлім жазасы, өмірлік бостандығынан айыру) және белгілі бір лауазымға орналасудан айыру, қамау, мүлікті тәркілеу түрлерін қолдануды көздемейді.

Қылмыстық заңда түзету мекемелерінің түрлері және бостандығынан айыруды өтейтін орындар атап өтілген.

Мысалы, кәмелетке толмаған жігіттер мен қыздар алғаш рет қылмыс жасап сотталушы бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптік тәрбиелеу коллониясында, ал бүрын бостандығынан айыру жазасын өтегендер – күшейтілген тәртіптік тәрбиелеу коллониясында жазасын өтейді. Кінәлі түлғаның қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі мен сипатына, істің басқа да жағдайларына қарай сот, қабылданған шешімнің себебін көресете отырып, ер жынысты кәмелетке толмаған сотталушыларға бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптік тәрбиелеу коллониясында өтеуді тағайындауы мүмкін. Сондықтан, қылмыстық заң бостандығынан айыру мерзімін, бүл жазаны өтеу орындарының түрлерін, сотталғандар санатын және белгілі бір бостандығынан айыру жеріне жолдау шарттарын нақты айқындайды.

ҚР ҚК-нің VI “Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі” тармағы нормаларын саралай келе, он сегізге толмаған түлға қылмыс жасағанда, оны міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тарту және оған ҚР ҚК-нің 79 бабында көрсетілген жазалау шарасын қолдану керек дегенді білдірмейтіндігін көруге болады.

Заңшығарушы қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату мүмкіндігін ескерген. Қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату туралы сүрақты шешу кезінде сот жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін және сипаттамасын, кінәлінің жеке басының бағасын, оның тәрбиелену жағдайын, отбасы жағдайынжәне кінәлінің түзелуі үшін оны қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе қылмыстық жаза тағайындау қажет етпейтін басқа жағдайларды саралай отырып шешім қабылдайды.

Кәмелетке толмаған тұлға кішкене ауыртпалықтағы немесе алғаш рет қылмыс жасаған болса, егер оның түзелуі қылмыстық жауапкершілікке тартпай-ақ мүмкін екендігі анықталса, сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуы мүмкін. Онымен бірге оған ҚР ҚК-нің 82 бабымен көзделген тәрбиелеу әсеріндегі мәжбүрлік шаралары қолданылуы мүмкін.

Кішкене және орташа ауыртпалықтағы қылмыс жасап алғаш рет сотталған кәмелетке толмаған тұлға, егер ҚР ҚК-нің 82 бабында көзделген тәрбиелеу әсеріндегі мәжбүрлік шараларды қолдану арқылы оның түзелуі мүмкін деп танылса, жазасынан сотпен босатылуы мүмкін.

Көрсетілген қылмыстық-құқықтық нормалар мазмұнынан, егер негіздері және жағдайлары болса қылмыс жасаған тұлғаға келесі шаралар қолдану мүмкін екендігін байқауға болады:

а) қылмыстық жауапкершіліктен босату;

б) қылмыстық жазадан босату;

в) жазаны әрі қарай өтеуден мерзімінен бұрын босату.

Бұл босатулардың бір беткейлі ортақтығы болғанымен, бір бірінен елеулі ерекшеліктері бар.

Бірінші, қолдану негіздері бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қана қылмыс үлкен қоғамдық қауіп тудырмаған жағдайда пайдалануы мүмкін, ал қылмыстық жазадан босату бұл белгімен мүлдем байланысты емес.

Екіншіден, қылмыстық жауапкершіліктен күдікті де, айыпталушы да, сотталушы да, сотталған да босатылуы мүмкін. Ал, жазадан тек сотталған, яғни сот үкімі шығарылған тұлға, босатылуы мүмкін.

Үшіншіден, қылмыстық жауапкершіліктен кінәлі тек сотпен ғана емес прокурормен, тергеушімен немесе анықтау органымен алдын-ала тергеу сатысында немесе тұлға қылмыстық процесте ешқандай белгілі бір дәрежеде болмаған жағдайда қылмыстық істі тоқтату арқылы босатылуы мүмкін. Қылмыстық жазадан босату тек қана сот шешімі арқылы ғана жүргізілуі мүмкін.

Қылмыстық жауапкершіліктен босату өзінің заңды мазмұны бойынша кінәліні ол жасаған қылмыстың барлық құқықтық салдарынан босату деп танылады: қылмыскер деп ресми мойындаудан, жазадан және соттылығынан.

Бірақ, қылмыстық жауапкершіліктен босату тұлғаны кінәсіз деп танымайды және азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, әкімшілік, тәртіптік және қоғамдық жазадан босатпайды.

Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің 2/3 бөлігі жиі жанжал, шатақ, жәбірлеу, маскүнемдік және азғыру болған отбасыларында өскендігін зерттеулер көрсетеді.

Сонымен бірге бейберекет, нашар отбасы өз мүшелеріне ғана емес, балаларының достарына да теріс әсерін тигізеді. Атап айтқанда, мұндай отбасына жатпайтын басқа жасөспірімдерге «жұқтыру» процессі жүреді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексі, Алматы – 2001 ж.;
  2. ҚР Бас Прокурорының 2000 жылғы 28.08. № 45 бүйрығы;
  3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21.12. «Прокуратура туралы» заңы;
  4. ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 04.11. № 42 «Жазалардың орындалуына прокурорлық қадағалау және азаматтарды ақтау туралы» бүйрығы;
  5. ҚР 1995 жылғы 30.08. Конституциясы;
  6. ҚР Президентінің 2002 жылғы 20.09. Жарлығымен бекітілген Қүқықтық саясат концепциясы.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.