Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қостанай облысының инвестициялық саясаты

Бір мезгілде облыс өнеркәсіпті өңір болып табылады және Қазақстанның индустриялдық саясатын жүзеге асыруда», деді өз сөзінде Президент. Елбасының айтуынша, бұл комбинаттың акционерлері осы нысанға 150 млн. доллар тікелей инвестиция салады. 550 қазақстандыққа жұмыс береді. Осылайша бұл нысан Қостанай облысының өнеркәсіптік әлеуетін көтеруге қызмет ететін болады. Еліміз бойынша экономиканы индустрияландыру саясаты жүріп жатқанына тоқталған Елбасы соңғы 3 жылда Қазақстанда 615 жаңа кәсіпорын ашылғанын, 200-ге жуық жоба жүзеге асырылып жатқанын айтты. «Осылайша, біз мұнай мен газға және басқа да ресурстарға тәуелсіз, балама экономика құрудамыз. Сіздердің кешендеріңізде тек кен өндіріліп қана қоймай, оның дайын өнім ретінде өңделетіні қуантады», деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы Қазақстан саясатының дұрыстығынан және заңдарының инвестиция тартуға қолайлылығынан шетелдік компаниялардың еліміз экономикасына қырауар инвестиция салып жатқандығын атап көрсетті. Айта кетейік, бүгін ашылған жаңа кешен кенді өңдеп, жылына 5 тонна «доре» қоспасын және 60 мың тонна мыс концентратын шығарады.

Қазіргі таңда, «Тобыл» ӘКК инвестициялық жиырма екі жобаны іске асырып, он екі жобаны әзірлеу үстінде. Атап айтар болсақ, жер қойнауын пай- далану саласында жалпы құны – 214,352 млрд. теңгенің 7 жобасы (2 жоба – кең таралған пайдалы қазбалар, 5 жоба – қатты пайдалы қазбалар) жүзеге асы- рылуда. Әлеуметтік сала бойынша, құны – 12,6 млн. теңге көлеміндегі бір жоба, өнеркәсіп саласында инвестиция көлемі 446,536 млн. теңгеге жетіп жығылатын 4 жоба, ауылшаруашылығы саласында 7 жоба, тұрғын үй құрылысы саласында 2 жоба іске асырылуда.

Жалпы, «Тобыл» ӘКК күшімен игерілген қаражат көлемі 2010 жылдың 7 айы ішінде 1 264 009 мың теңгеге жеткен. Инвестициялық жобаларды іске асыруға 1 100 117 мың теңге қаражаттың тартылғанын айта кеткен жөн. Ағымдағы жылдың аяғына дейін корпорация іске асырылып отырған жобалар бойынша 116 629 653 теңге сомасында табыс табады.

Қостанай облысы - ауылшаруашылығымен аты шыққан өлке. Осы саланың кәнігі маманы ретінде астық көлемін арттыруға жылдар бойы күш салғаныңыз белгілі. Еліміздің өзге өлкелерімен салыстырғанда, биылғы бидай шығымы да жаман емес сыңайлы. Осыған байланысты, кез-келген өсімдікті өсі- руде топырақтың да, атмосфералық ылғалдықты барынша сақтау маңызды. Соңғы жылдары Тобыл өңірінде «Қостанай ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институтының» бастамасымен қолға алынған ылғалды сақтай отырып дәнді дақылдарды өсіру технологиясы қолданылып келеді. Аталған технологияны кеңінен пайдаланудың арқасында соңғы бес жыл ішінде өңірдегі дәнді дақылдар мөлшері 40 пайызға жоғарылады.

Бұл тұрғыда Үкіметтің көмек қаржысының қостанайлық диқандар қауымына айтарлықтай көмек болғанын айта кеткен жөн. Көктемгі егіс науқанын ұйымдастыру мен жанар-жағармай алу мақсатында, республикалық қордан 2,4 млрд. теңге көмек қаржы бөлінді. Ал, егісті гербицид, минералды түрлі тыңайтқыштармен баптау мақсатында, арзан бағамен жанармай алу үшін 3,6 млрд. теңге қаражат тағы қарастырылды.

Мемлекеттік бағдарлама негізінде халықты жұмыспен қамту үшін 86 ин- вестициялық жобаға 7,6 млрд. теңге бөлінгенін айта кетуіміз керек. Қазіргі уақытта, соның 37 жобасы аяқталды. Тек қана, «Жол картасы» бағдарламасы аясында бес мыңнан астам қостанайлық нанын тауып, нәпәқасын айыруға мүм- кіндік алды. Қазіргі таңда ол жерлерде бес мыңнан астам жан жұмысқа орналастырылды. Осы мақсат үшін қабылданған қызметкерлердің еңбегіне төлем жасау үшін республикалық бюджеттен 540 млн. теңге бөлінген. Осы ретте облысымызда халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына да үздіксіз қолдау көрсетіліп келе жатқанын айта кеткен жөн.

Облыс аумағында кедейлікті төмендету бойынша өткізілген іс-ша- ралардың нәтижесінде, оның деңгейі облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 тамызына 1,0 пайызды құрады. Білім беру және ғылым қызметкерлерінің алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі - әлемдік стандарт деңгейінде еліміз бойынша сапалы білім беру қызметін қалыптастыру. Ол озық және қол жетімді болуы тиіс.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың алға қойған міндеттерін орындау үшін балалардың оқуы мен тәрбиеленуіне барынша жағдай жасап келеміз. Осы- лайша, білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру үшін Қостанай облысында жалпы сомасы 5 млн. теңгеге 10 білім беру объектілері салынды, жеті білім беру ұйымдары қайтадан қалпына келтірілді.

Қостанайда «Самұрық-Қазына»Ұлттық әл-ауқат Қоры мен Қостанай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Даму институттарының ашық есік күні» бизнес-форумы өтті. Отандық кәсіпкерлікті қолдап отырған даму институттарының өкілдері өздері ұсынып отырған қызмет, қолдау құралдары бойынша кең мағлұмат берді. 28-29 қыркүйек күні оңтүстік аймақтарға барған Елбасы Н.Назарбаев «2010 жыл ел үшін үдемелі-индустриялдық бағдарламаны жүзеге асыру үшін маңызды жыл болмақ, өйткені, бұл осы бағдарламаның тұңғыш жылы. Ал Қостанай облысында мынадай жобалар жүзеге асырылып жатыр: «Қазақстанның даму Банкі» АҚ бойынша 2010 жыл 1 шілдесі бойынша«ҚДБ» АҚ инвестициялық жобаларды қаржыландыру аумағында Қостанай облысында жалпы 26,99 млн. АҚШ доллары сомасымен 2 жоба толығымен қаржыландырылды.

«Агромашхолдинг» АҚ - өндіріс қуаттылығы бойынша жылына 963 мыңнан 2,4 млн. дана а/ш қосалқы бөлшектер және құрастыру бойынша жылына 1,7 мың дана а/ш комбайндер Қостанай қаласында ауылшаруашылық техниканы құрастыру мен шығару бойынша Қостанай дизель зауытының қуаттылығын қалпына келтіру.

«Казхимволокно» ЖШС - Қостанай қаласында жылына 1500 тонна көлемінде қызуға шыдамды қорғаныш қасиеті бар «ARNIX» метаарамидті жіп өндіру. «Агромашхолдинг» АҚ жобасы пайдалануға берілді енді, жобаны жүзеге асыру аумағында 705 жұмыс орындары құрылды.

Сонымен қатар, «ҚДБ» АҚ қаржыландыру аумағында Қостанай облысының қатысуымен 1 аймақаралық жоба жүзеге асырылған және жалпы 9,86 млн. АҚШ доллары сомасымен қаржыландырылған – «Зерновая лизинговая компания» ЖШС - Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бидай өндірушілеріне Енисей маркасының 300 комбайндері лизингке берілді. 5 жұмыс орыны құрылды. «АгромашХолдинг» АҚ қызмет көрсету орталығының аумағында «ҚДБ» АҚ қаржыландыруға ағымдағы күнде қосалқы бөлшектер мен ілеспелі тауарларды сату үшін Астана және Көкшетау қалаларында 2 сауда-көрме орталықтарының, Сергеевка қаласында (СҚО) миниагромаркеттің, Есіл қаласында аймақтық қойманың ашылуы бойынша, жалпы 25,03 млн. АҚШ доллары сомасымен «Агромашхолдинг»- АҚ-ның тағы бір жобасы бар.

Қостанай қаласында болат өндіру бойынша «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС жобасы «ҚДБ»- АҚ ның қарастырылуында. Жобаның сұраныс үлесі 7 500 млн. теңге. Сонымен қатар, бұл жоба АҚ «Еуразиялық Даму Банкі»-мен жалпы 14 610,2 млн. теңге сомасына қаржыландырылған.

Сонымен қатар, «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша жалпы 1300 млн. тг. сомасымен 21 қарыз алушы қайта қаржыландырылды, бұған қоса 253 жұмыс орындары құрылды. Орта және шағын бизнесті қаржылай емес қолдау бойынша «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасының жүзеге асырылуы негізгі мехнизм, ол Қазақстанның тығыз орналасқан әкімшілік-территориялық бірлік пен барлық 209 аймақтарда кәсіркерлікке және ағымдағы кәсіпкерлер көмегімен халықты қысқа мерзімді тренинг-оқыту қызметін ұйымдастырады. Осылайша, бұл бағдарлама бойынша қатыскерлердің басым бөлігі ШҚО – 1299 адам, ОҚО – 1 181 адам оқытылды. Қостанай облысында 833 кәсіпкер осы курстан өтті.

Арқалық қаласы ұдайы Елбасының назарында. Сол себептен болар, Үкімет аталған қос қалаға қаржылай көмегін аямайды. «Жол картасы» аясында халықты жұмыспен қамтуға Арқалық қаласына 1228,1 млн. теңге, оның ішінде 5 инвестициялық жобаны іске асыруға - 1146,9 млн. теңге қаражат қарастырылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасы бойынша жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға даназар аударылды. Мәселен, «Западная» ПС қайта құруға облыстық бюджеттен 651 млн. теңге бөлінсе, канализациялық тазарту құрылғылары мен ағынды сулардың жинайтын канализациялық коллекторларды қайта құруға респуб- ликалық бюджеттен 223,8 млн. теңге бөлінді. Ал Арқалық қаласында оқушы жастарға арналған жатақхананы күрделі жөндеуден өткізілгенін жоғарыда айтып өткен болатынмын.

Облыста 105 ірі және ұсақ ұн тарту кәсіпорындары бар. Олардың қуаттылығы шамамен жылына 1 млн.тонна астықты қайта өңдеу мүмкіндігіне ие. 2011 жылы 752,7 мың тоннадан аса ұн шығарылды, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,6%-ға артық. Қостанайдан шығарылған ұнның негізгі бөлігі, өндірісінің жалпы көлемінің 78% немесе 589,3 мың тоннасы 2011 жылы экспортқа шығарылды, ол 2010 жылмен салыстырғанды 17,2%-ға артық. Қостанай ұнының экспортының 32%-ы Тәжікстанға, 21%-ы Өзбекстанға жіберіледі.

Қостанай облысы Қазақстанның ең ірі астық егуші және астық өңдеуші өңірлерінің бірі болып табылады. Республиканың басқа облыстарына былтырғы жылы 361 мың тонна ұн және 1003,5 мың тонна бидай жіберілді. Облыстан барлығы әлемнің 37 еліне алыс және жақын шетелдерге 2 154 мың тонна астық экспортталды.

Қостанай облысында барлығы 17 инвестициялық жоба жүзеге асады. Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Берік Қамалиев аймақтағы индустриялды-инновациялық жобалардың орындалу барысымен танысты. Алдымен, облыстағы инновациялық жобаларға сәйкес салынып жатқан нысандарда болған вице-министр түс ауа аймақ басшыларымен кеңес өткізді.

Биыл облыста мал шаруашылығы бойынша 7 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Жалпы құны 8,7 миллиард теңге. Атап айтар болсақ, 1-2 жылдың айналасында инфрақұрылымы сай замануй бордақылау алаңы, бройлерлік құс фабрикасы, сүт фермасы, азық дайындау кешендері пайда болмақ. Етті мал өсіру ісін қолға алғандардың бірі – «Каркен» жауапкершілігі шектеулі серктестігі. Агроөнеркәсіп кешені бойынша белгіленген инвестициялық жобалар іске асса, облыста ет өндірісі 14 мың тоннаға жетпек. 800 жаңа жұмыс орындары ашылады. Мұның сыртында облыс басшылары саланың дамуына серпін беретін ұсақ жобаларда назардан тыс қалмайтындығын білдірді.

Елбасы енді экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу үшін 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын орындауға кірісу қажеттігін, Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға ретінде сайлануы сынды үлкен мәртебеге ие болуымен басталған жаңа онжылдықта алда атқарар біршама маңызды істердің бар екендігін атап өтті.

Н.Ә. Назарбаев «Экономиканы әртараптандыру - табыс кілті» дей отырып, осы жолда еңбек өнімділігін арттыру аса маңызды міндет болып табылатынын айтты.Инвестицияларды қаржыландыру меншікті қаражатын пайдаланған кәсіпорындардың үлесі үшінші тоқсанда 50,4-тен 52,9 пайызға дейін ұлғайды. Бұл Ұлттық банк төрағасының бүгін Алматыда өткізгенбаспасөз мәслихатында айтылды. Экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың 3 тоқсандағы нәтижелері туралы мониторинг қазан айында жүргізілді. Оған қатысқан өндіріс орындарының саны 2079-дан 2137-ге дейін, оның ішінде орташа және ірілері 1237-ден 1269-ға дейін ұлғайды.

Банктердің кредиттерін кәсіпорындардың 4,2 пайызы ғана пайдаланды. Сонымен қатар едәуір бөлігі инвестициялық белсенділік танытып отырған жоқ. Инвестицияларды қаржыландырмаған кәсіпорындардың үлесі 41,6 пайызды құрады. 3-тоқсанда кәсіпорындардың дайын өніміне деген сұраныс негізгі салалар бойынша айтарлықтай ұлғайды. Соның нәтижесінде кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі көтерілді. Бұл бірінші кезекте айналым қаражаты айналымдылығының 42,,4-тен 45,3 пайызға дейін өсуімен байқалды. Дайын өнім және шикізат пен материал бағасының өсу қарқыны ұлғайды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгілі болғандай, 2014 жылға дейін елімізде жалпы соммасы 8 триллион теңгеден астам 294 инвестициялық жоба жүзеге асырылуы тиіс. Жолдауда көрсетілгендей, ауқымды қаржы құйылымы - кәсіпорындардың қарышты қанат жаюына ықпал ететініне қостанайлық кәсіпкерлердің сенімі кәміл.

Үш ел арасындағы Кедендік одақ құрылғаннан бергі уақытта Қостанай облысындағы бірқатар кәсіпорындардың екінші тынысы ашылғандай болғаны рас. Мысалы, аймақтағы «Большевичка» тігін фабрикасының тұтынушыларының қатары - Кедендік одақ елдерімен кеңейе түсті. Осыған сай, аталған кәсіпорын үздіксіз, демалыссыз жұмыс істеуге көшкен. Тігін жұмысына жанын сала кіріскен жұмысшылар қауымы тіпті, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын да, тігін құрылғысының тарсылымен қоса тыңдауға мәжбүр болыпты.

Осыған қарамастан, Жолдауда айтылған жағымды жаңалықтар фабри- каның әрбір жұмысшысының жүрегіне жеткен. «Кедендік одақ құрылған уақыттан бастап, біздің өнімді бірқатар ресейлік кәсіпорындар тұтынады. Сұраныстың артуы тігін фабрикасының өндірістік қуаттылығын көтерді. Нәтижесінде, кәсіпорындағы жалақы мөлшерін 12 пайызға өсіруге мүмкіндік алдық», - дейді, «Большевичка» тігін фабрикасының директоры Татьяна Салманова. Жолдауда мәлім болғандай, Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы тауар айналымы - 38 пайызға жоғарылаған. Ал, шетелдерге шығарылатын отандық өнім көрсеткіші 52 пайыз, осыдан түсетін кедендік салым мөлшері 25 пайызға жетті.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын жүргізу мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында қосымша 207 мың еңбек қолы қажет етіледі деп күтілуде. Алдағы бесжылдықта ел экономикасының нақты саласына баса назар аударылатын болады.

Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин «Жол картасы» аясындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен және облыс орталығындағы құрылыс алаңдарында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өндірістік алаңдардың құрылыстары мен қайта құрылымдау жұмыстары аяқталып қалған «Милх» ЖШС-нің сүт өңдеу зауытында әкім ультрапастерленген сүт дайындайтын желіге арналған аппараттық цехтыңжабдықтарымен танысты. Кәсіпорын басшылығы облыс әкіміне «Тетра-пак» қораптау желісін, су тазарту құрылғысын, болашақ өндірісті энергиямен жабдықтау жүйесін таныстырды.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
  2. 3.Закон РК от 27. 12. 2010 года № 266 - XIII “Об иностранных инвестициях”.
  3. 4.Закон РК от 28. 02. 1997 года № 75 - 1 ЗРК “О государственной поддержке прямых инвестиций”.
  4. Указ Президента РК от 5. 04. 1997 года № 3444 “Об утверждении перечня приоритетных секторов экономики РК для привлечения прямых отечественных и иностранных инвестиций”.
  5. Указ Президента РК от 6. 03. 2000 года “Об утверждении Правил предоставления льгот и преференций при заключении контрактов с инвесторами, осуществляющими инвестиционную деятельность в приоритетных секторах экономики”.
  6. Указ Президента РК от 28. 01. 1998 года № 3834 “О мерах по реализации Стратегии развития Казахстана до 2030 года”.
  7. Постановление № 1 - 206 от 21. 03. 1997 года Государственного Комитета РК по инвестициям “Об утверждении Рамочного контракта о государственной поддержке и предоставлении мер стимулирования Инвестору, осуществляющему инвестиционную деятельность в приоритетные сектора экономики РК”.
  8. Стратегия «Казахстан - 2030».
  9. Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы (утверждена Указом Президента РК от 17 мая 2003 года N 1096).
  10. Каренов Р.С. Основы государственного регулирования экономики. Алматы: Білім, 1999.
  11. Косжанов Т., Атамкулов Б. Промышленная и инвестиционная политика в долгосрочной стратегии развития экономики страны// Транзитная экономика. 2010 г.
  12. Инвестиционный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест », 2010 г.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.