Ойын бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буын қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. А.Байтұрсынов: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны, өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын қысқарту үшін, сол жолдан балалар қиналмай өту үшін, балаларға жұмысты әліне шағындап беруі мен бетін белгілеген мақсатқа түзеп отыру», - деп тұжырымдайды.
А.Байтұрсыновтың оқулықтары мен еңбектерінде арнайы «дидактиалық ойындар» деген термин қолданылып, сабаққа оқушылардың ынтасын туғызатын ойындардың түрлерін кеңінен қолданған.
Ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады. Дидактикалық ойындар сабақ мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
- Тапқырлық ойындар;
- Ізденімдік ойындар;
- Рөлдік ойындар;
- Іскерлік ойындар.
Оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыратын әрбір тапсырмада берілген жауаптардың арасынан дұрыс жауапты табуды қажет ететін тапқырлық ойындардың маңызы зор. Математика сабағында көбейту кестесін жаттату мақсатында «санның көбейтіндісі» ойынын ойнаса болады. «Санның үшке көбейтіндісін кім тез табады?» - деп, мұғалім сандарды айтады.Оқушылар оның үшке көбейтіндісін айтып отырады. Мысалы, мұғалім 5 десе, оқушылар 15 деген жауап айтуы тиіс.
Ал, қазақ тілі пәнінде «Бұл неге жатады?» ойынын ойнатуға болады. Мұғалім зат атауын айтса, оқушылар сол заттың қай топқа жататынын айтуы керек. Мысалы, үстел-жиһаз, қырғауыл-құс, қалам-оқу құралы, шалбар-киім т.б.
Оқушылардың тіл байлықтарын, сөздік қорларын тексеру мақсатында «Әр әріптен баған сөз құрау» ойынын ойнатуға болады. Тақтаға екі оқушыны шығарып жарыстырып ойнатады. Сөздің әр әрпінен басталатын бір баған сөз жазуы керек. Сөздер екі оқушыда қайталанбауы керек.
Мысалы: б а л ы қ б а л ы қ
а л а р а а р а д а
с м қ ы з л а с ы й
а с а с м
а қ
Бұл ойынды түрлендіріп, етістік, зат есім, сын есім тақырыптарын өткенде ойнатуға болады. Тапқырлық ойындар тез ойналады, сол себепті ол оқушылардың тапқырлығын, зеректігін дамытады. Әрі сыныптағы көңіл-күйді жақсартады.
Келесі ізденімдік ойындар – оқушыларды өздігінен ойлауға, меңгерген білімдерін жүйелеп, жинақтауға жаңа білімді меңгерту барысында белгісізді табуға дағдыландыруға арналған ойын түрі.
«Домино» ойынын математика және қазақ тілі пәндерінде ойнатылады. Екі оқушыға үлестірме қағаздар таратылып беріледі. Қазақ тілі сабағында екеуі кезектесіп тіркестер құрайды. Мәселен, бір оқушы «үйге» сөзін қойса, екінші оқушы «бару» сөзін тауып тіркестіріп қояды.
Математика сабағында оқушылар өрнектің дұрыс мәндерін іздеп қойып
отыруы керек.
3* |
2*8 |
||||
8 |
6 |
6 |
Мысалы:
«Кім шапшаң» ойыны оқушыдан шапшаң ойлап, өтілген бөлу материалын қайталауға арналған. Мәселен, оқушыға 343 саны беріледі. Ол санды 3-ке бөліп, мәнін тағы 3-ке бөліп, мәні үшке бөлуге келмегенше бөлгізіп шығартады.
343:3=81 324:3=108
81:3=27 108:3=36
27:3=9 36:3=12
9:3=3
12:3=4
3:3=1
Осы сияқты оқушыларды ізденімдік, ойлау қабілеттерін дамытатын ойын түрлері көп.
Рөлдік ойындар – оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, олардың жаңашыл ойлар мен тұжырымдар жасау қабілетін жетілдіруге арналған ойын түрі. Бұл ойындарға ертегіні рөлдерге бөліп оқу, диалог құрастыру жатады. Диалог арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін де, қоғамда өзін-өзі ұстау мәдениетін де қалыптастыру керек.
Іскерлік ойындар – оқушылардың түрлі жағдаятта дұрыс сөйлеуін қалыптастыратын, диалогтық және монологтық сөйлеу үлгілерін жетілдіретін, көшбасшылық қабілеттерін дамытатын ойын түрі.
Оқушыларды өздерін бір мамандық иесі есебінде ойлап, іскерлік қасиетін ойластыруы керек. Мысалы, қазіргі заманға байланысты оқушыларды кәсіпкер деп алып, әрі кәсіпкердің қызметімен таныстыра отырып әрі есептеуге үйретсе, көбейту және бөлу амалдар пайдалануға дағдыландырса, немесе журналист есебінде интервью алу ойынын ойнатса өте жақсы.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыруда сабақты түрлендіріп өткізудің мәні ерекше. Мысалы, математика сабағында «қосу және көбейту атаулары» пысықтау сабағын кәсіпкер-есепші (банкир) іскерлігімен өткізілді. Бұл сабақта оқушылар кәсіпкер болып, оның кәсіпкерлік құру үшін қандай жұмыстар жасайтынын таныстыра отырып, әртүрлі тапсырмалар орындатады. Бірінші кәсіпкердің куәлігін алу үшін салықкомитетіне барады. Әр оқушы қандай затты өндіретін өндіруші болатынын таңдап алады. Ол заттарын сату үшін әр қалаларға барады. Ең соңында есепті жақсы орындап, көзге түскен оқушылар нағыз кәсіпкер атағын алады.
Келесі «аукцион» ойыны. Сандар құрамына негізделген есептеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ойнатылатын бұл ойын оқушылардың іскерлік қабілеттерін дамытады. Тақта алдына аукционға түсетін заттар қойылады. Сынып ішінен аукцион жүгізуші және сарапшылар белгіленеді. Теңге үлгілері 10-100 көлемінде алдын-ала оқушыларда болуы керек. Сатып алушылар қоян деп көрсетсе, аукционшы бағасын белгілейді: 10 теңге - деп хабарлайды. Сарапшылар 10 теңгеге сатып алушылар санын анықтайды. Оқушы өз қолындағы ақшасын есептеп, керекті затын сатып алуға тырысады.
Іскерлік ойындар баланың қазіргі өмір сүріп жатқан қоғамымыздың бір бөлшегі ретінде өзін-өзі танып, өзін әр қырынан көруге мүмкіндік ашады.
Дидактикалық ойын түрлері сан алуан көп-ақ. Әр мұғалім өз сабағына керегін қолданып, ізденіс үстінде жүрсе нұр үстіне нұр.
Қорыта айтқанда, жасөспірімнің болашақ өміріне қажетті дағдыларды қалыптастырудың бірден-бір құралы - ойын екендігі туралы қағидалар сонау көне замандардан бастап бүгінгі күнгі ойшылардың да еңбектерінде дәйектелген. Олай болса, оқу-тәрбие үрдісіне дидактикалық ойындарды әрі дәріс, әрі құрал, әрі технология ретінде орынды қолдана алу білім нәтижелілігін арттырудың да маңызды факторы екендігі даусыз.
Қолданылған әдебиеттер:
- Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. Алматы, «Ана тілі», 1992 ж.
- Дидактикалық ойындар. (құрастырған К.Оразбекова). Алматы, РОМК, 1990 ж.
- Математикадан қызықты ойындар. (құрастырған Т.К.Оспанов) Алматы. «Атамұра» 1997 ж.
- ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы // «Қазақстан жоғары мектебі», 2004 ж №1.
- Оқыту үрдісінде дидактикалық ойын түрлерінің жіктелуі. Г.Б.Жораева. «Бастауыш мектеп» №12 2010ж.