Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көркем шығармаларда троп түрлерінің қолданылу аясы

Тіл табиғаты, сөз мағынасы күрделі құбылыс саналады. Тілдегі троп түрлері мәтіннің экспрессивтік бояуын жасайтын құрал болады. Тілде сөз метафорамен түрленіп ажарланады, бейнелі құралға айналады. Метафора ауыстыру немесе ұқсату, яғни мәтіннің экспрессивтік бояуын жасайтын құрал ғана емес, ол - әсемдікті беруге, сөзге жаңа мағына, мәтінге соны мазмұн беруге қызмет етеді. Метафораның негізгі қызметі хабар жеткізумен шектелмейді, басты күшті ұғым қалыптастыруды көздейді. Яғни метафораның қызметі - ұғым тудыру. Метафора әлемі - бейнелі ойлау әлемі. Ал оны түсінудің негізгі шарты - сол метафораны қабылдаушы субъектінің ойлау қабілетінің дәрежесі. Метафора бойына өзіндік бейнелік ассоциациясын орнықтыратын теңеу жинақталады,

Қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынов метафораға «ауыстыру» деген атаумен ғылыми талдаулар жасап, теориялық анықтама берген:

«Сөздің көбін өз мағынасында жұмсамай, өзге мағынада жұмсаймыз. Арасында тек ұқсастық жоқ, екі нәрсенің етететін әсері бірдей болса, біріне қас қамалды екіншісіне ауыстырып айтамыз. Мәселен, «күн құтырып кетті», «аяз қарыған», «қырау соққан» дейміз. «Құтырып кетті», «қарыған», «соққан» деген сөздер нақ өз мағынасында емес, өзге мағынада айтылып тұр. «Құтыру» жанды, есті нәрсенің күйін көрсететін сөз. Мұнда күннің желдетуі адамның құтырған күйіне ұқсас әсер ететіндіктен жанды нәрсенің күйін көрсететін сөз күннің күйін көрсетуге ауыстырылып алынып тұр. Осындай ұқсастығымен ауыстырылып, өз мағынасынан сөзді өзгелеп айту - ауыстыру деп аталады»,- дейді ғалым [1, 69].

Қ.Жұмалиев метафораны «сыртқы не ішкі бір ұқсастығына қарап, бір нәрсені екінші нәрсеге балау, екі нәрсенің арасына тепе-теңдік белгісін қою» деп анықтаса [2,117], З.Қабдолов «метафора сөз мәнін түрлендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау, сөйтіп, зерттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту» деп тұжырымдайды [3, 214].

Метафора дәстүрлі зерттелуде көбінесе тілді көркемдеуші құрал ретінде танылады. Ол көркем әдебиет пен шешендік өнердің адресатқа әсер ету қызметі тұрғысынан зерттеліп келді. Оның тілдік сипатына соңғы уақыттарда ғана көңіл бөліне бастады. Бұл ретте, ең алдымен метафораның адамның ойлау үрдістерімен байланыстылығы және тілдегі әлем туралы білімнің бейнелену заңдылықтарына қатысы ескеріле бастады.

«Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың атауымен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы - метафора деп аталады» немесе «Метафора - сыртқы не ішкі ұқсастығына қарап, бір нәрсені екінші нәрсеге балау. Екі нәрсенің арасына тепе-теңдік белгісін қою» [4, 23].

Көркем прозада болсын, поэзиялық шығармаларда болсын метафора - сөз мәнін түрлендіре, өңдендіре, құлпыртып, өзгертіп айту үшін тартылатын тілдік бірлік. Суреттеліп отырған затты яки құбылысты образды бейнелеу үшін, оларды өзге затқа не құбылысқа балау арқылы беру, автордың айтпақ ойын әсірлеп, суреттеліп отырған жайттың мағынасын тереңдетіп, оқырман сезіміне әсерін күшейте отырып жеткізу үшін, оқиғаның немесе затты, құбылыстың мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту үшін метафора бірден-бір көркемдегіш тәсіл.

Орыстың тілші ғалымы А.И. Ефимов метафора құбылысының қызметі туралы былай дейді:

«Метафоризация - это область формирования образных средств, непрестанно появляющихся в процессе общенародного речевого творчества, а также деятельности выдающихся художников слова » [5, 121].

«Белгілі бір затты не құбылыс атауы басқа бір зат не құбылыстың түрі, тұлғасы, қимыл-әрекет ұқсастықтарына қарай ауысып аталу тәсілін метафора деп атайды. Мысалы, иненің көзі, бұлақтың көзі, істің көзі, күн көзі дегендегі көз сөздері адам не жануардың мүшесі - көзге ұқсату арқылы аталатын ауыспалы мағынадағы сөздер. [ 6 ].

А. Айғабылова метафоралар арқылы ауыспалы мағына туғызу тәсілін үш түрге бөліп қарастырады. 1. Тілдік метафора. Тілдік метафора жалпы халық тілінде: сөйлеу, жазу, оның ішінде әдеби шығармаларда да кең қолданылады. Мысалы, таудың басы, өзеннің басы, қос басы, әскер басы, кітап беті, істің беті, судың беті, жердің беті т.б.

  1. Тұрақты метафора. Тұрақты метафоралар жалпы халық тілінде қолданылатын, бірақ суреттеу құралы ретінде образдылығымен ерекшеленетіп ауыспалы мағыналы сөздер. Мысалы, сары алтын (бидай), ақ алтын (мақта), алтын күз, сөз маржаны, жасыл алаң (футбол), көгілдір экран (телевизор) т.б.
  2. Индивидуалдық метафоралар. Бұл топқа сөз шеберлерінің метафора тәсілі арқылы қолданған көпшіліктің қолданысында жоқ метафоралар енеді». [53,10-б].

Осы үш метафораның түрі Т. Әбдіков шығармаларында кеңінен қолданылған. Мысалы, Істің беті бүгін ашылғандай болды. (7, 145-б) Жазушы «істің беті» метафорасын тұрақты метафора ретінде қолданғанын көреміз. “Менің салт бас, сабау қамшы кезім ” (7,66-бет). Автор салт бас сабау қамшы кезім деп адамның бойдақ кезін берген.

“Ай сәулесін малынып, қалқып жүрген ақ бауыр бұлттың тасасына еніп, жоұ болды да, қайта көрінді.” (7,151б ) Ақ бауыр бұлт тіркесі автордың даралық стилін көрсететін метафора.

Сонымен, көркем шығарма тіліне метафораның айрықша ажар беретіндігіне көзімізді тағы да жеткізе түсеміз. Ал жазушы еңбектерінде бұл метафоралық қолданыстар төмендегідей көрініс тапқан: Адамның рухани түлеп, жаңаруына, жаңа биікке көтерілуіне кедергі болып отырған қатігездік, күншілдік, қызғаншақтық, менмендік, астамшылдық, сараңдық, ақшақұмарлық, араққұмарлық, әйелқұмарлық, атаққұмарлық, секілді кесапатқасиеттердің қай - қайсысының да түп – тамырында “ өзім, өзім ғана” деп емінген “ Меннің” жатқаны ешкімге де құпия емес” (7, 40-б).

Ақиқаттың бір жауы- сұлулық. Ақылсыз сұлу адам, опасыз сұлу әйел, алдамшы сұлу сөз” (7, 20-б). “ Адам психикасы – медицина әлеміндегі ең бір күрделі, сыры терең, жұмбағы көп айрықша сала. Сол себепті бұл салада ғылымнан гөрі мистика басымырақ деуге болады. Мәселен, адам түлғасының екіге бөлінуі деген құбылыс бар. Мен өткенде де сізге бір рет шет жағасын айтқан болатынмын. Бұл әлі де толық ғылыми анықтамасын таба қоймаған нәрсе. Бір адамның бойында кезектесіп бір-біріне ұқсамайтын екі тұлға пайда болады”(7, 56-б). “ Қара жолдың айналысына көз жіберіп, аяңдап келе жатырмын. Жол маңында көзге ілігер қара жоқ. Қу медиан дала. (7, 87-б). “ Ал бақыт деген не? – деді ол ол бұл бір әшейін зат дегендей қолын сілтеп. - Бақыт – адамдардың рухани қанағаты. (7, 128-б). “ Туған жерің мейлі көкмайса болсын, мейлі кезерген шөлейт болсын, бәрібір көркем де, ал балалық шағың мейлі рақатпен өтсін, мейлі жоқтықпен өтсін, бәрібір балдан тәтті емес пе?” (7, 129-б). “ Көзімді жұмсам сол бір балалық шағым ап- айқын түсінікті қалпында алдыма келеді. Және көңілімді мөлдір сезімге толтырып, ғажайып мекен- бақытты дәурен болып елестейді” (7, 129-б). Жазушы шығармаларындағы метафоралар кейіпкер бейнесін толықтай ашумен қатар, өзіндік ой-арманын, сағыныш сезімін дөп басып беруге қызмет етеді. Табиғат көрінісі , балалық шағы мен кейіпкер ойын суреттеу бір-бірімен ұштасып жатыр. Нақты айтқанда, кейіпкердің жеріне, туған еліне деген құштарлығын айқындайды. Әрі кейіпкердің өз жеріне деген ынтықтығын, сағыныш махаббатын метафора арқылы қаламгер шебер бере біледі.

Метафораның қызметін автор шеберлікпен қолдана алған. Мысалы, қаламгер метафоралар арқылы кейіпкердің ішкі жан дүниесін, сыртқы келбетін де өзгеше етіп көрсете білген. Сонымен қатар, кейіпкерлер арсындағы қарым- қатынастар, оларды қоршаған орта, оның тигізетін әсері де ұмытылмаған. Метафора фразеологизмдердің бейнелілігін арттырып отырған. Мысалы, Сондайда өзінің туған жері - Торғай бойы, өскен-ыстық мекені көз алдына келеді де, әлдене жүрегін шымшып ауыртады ( 7, 167-6).

Жүрегін шымшып ауырту - сағыныш сезімін аңғартып тұр. Шымшу тек адамның қолымен істелетін әрекет және адам жүректі шымши алуы шындыққа жанаспайды. Дегенмен, автор сағыныш күйін әсерлі бейнелеу үшін «жүректі шымшу» деген фразеологиялық тіркесті қолданған.

Жазушы шығармаларында метафоралар фразеологиялық тіркес ретінде көрініс тапқан.

Шығармадағы кейіпкерлердің мінез ерекшеліктері метафоралар арқылы айқындалған. Мысалы, - Мына отырған - Сабыр ерегіс десе басын береді. Балаларымның ішінде өзіме тартып туған асылым.. Тасың өрге домаласын! - деді ақсақал. Содан кейін, ақырын дауыспен - Жалғыз-ақ айтарым: күрес те өнердің бір төресі. Оны оңай кәсіпке айналдыра көрме! (7, 151-бет).

“ – Жармағамбеттің бес ұлының ең жаманы мына Сейсен ғой... Қалғандары қасқыр еді шеттерінен. (7, 73-б).

Бірінші мысалда, ерегіс десе басын береді, тасың өрге домаласын, күрес те өнер төресі - күрделенген метафоралар. Бұл метафоралар арқылы кейіпкердің ішкі сезімі толықтай берілген. Оның ризашылығы, қуанышы - бәрі тұтастай бір сөйлем ішіне сыйып кеткен. Ал, екінші сөйлемде, Жармағамбеттің ұлдарының алғырлығын баян еткен.

Лингвистикалық әдебиеттерде метафора екіге бөлініп қарастырылады: бірі дәстүрлі метафоралар. Олардың мағынасы халықтың таным-түсінігіне байланысты болып келеді, әрі көпшілікке ұғынықты, жиі қолданылатын бейнелі метафора болып танылады. Сонымен қатар, дәстүрлі метафоралар тілде тұрақты түрде қолданылады. Екіншісі - автордың өзінің жеке қолданысынан туындаған метафоралар. Метафораның бұл түрі қаламгердің тіл байлығымен, сөз қолдану шеберлігімен байланыста болып келеді.

“- Өмір дегенің қашан да – кеменің апаты , - деп бастапты хатын бейтаныс құрбым. Мұхитқа батып бара жатқан кеме сияқты, өмір де құбылмалы бір табиғаттың құбылысы сияқты. Бірақ парасатты адам қашан да рухани әлемнің биік қағидаларымен өмір сүргісі келеді.” (7, 40-б)

Өмір - апат тұрақты метафора болса, өмір деген кеменің апаты, өмір деген құбылмалы бір табиғаттың құбылысы - өзіндік жеке авторлық метафоралар болып саналады.

Кейіпкердің сөзге, уәдеге беріктігін автор келесі метафораларды қолдану арқылы көрсетеді:

« Әкемнің өлер алдында айтқан өсиет сөзі әлі есімде.Өлген адамның соңғы сөзі - құдай сөзі. Өлген адамның өсиетін орындамау - кісілік емес. Мен де сертіне берік болуға тырысамын. Әкемнің айтқан қақ жолды айнытпай ұстап келемін.» (7,120 - б)

Келтірілген мысалдағы құдай сөзі, қақ жол метафоралары сөйлемнің әрін келтіріп, эмоциялық мән үстеген. Сонымен қатар, кейіпкердің жеке сапалық қасиетін, өзгешелігін айқындаған.

Метафораның тілде бірнеше қызмет атқаратындығы, сөзге атау беріп, жаңа мағына тудыратындығы, көркем образ жасай отырып, сөз мағынасына көркемдік қана бермей, айтылатын ойға тереңдік, жандылық беретіндігі көптеген ғалымдар еңбегінде сипатталады, дәлелденеді. «Метафоралар ғылым тілінде де қолданылады. Ғалымдар да ақын-жазушылар сияқты тілде жаңа метафоралар жасайды. Таным процесі негізінде жаңа болжаммен бірге тілде метафоралар пайда болады. Ғылым тілінде метафора бейнелілігінен толық, не жартылай ажырап, деректі, дерексіз ұғымдарға атау береді. Ғылым тілінде қолданылатын метафораларды жаңа ұғымды танытып, осы тілдік белгіге айналдыру қызметіне байланысты концептуалдық метафора деп атадық» [8, 66]. Зерттеу жұмысында концептуалдық немесе ғылыми метафоралардың ғылымның барлық салаларында кең қолданылатынын көрсетіліп, олардың мағыналық топтарына, жиі кездесетін түрлеріне талдау жасалынады [8]. Тілші ғылым тілінің қалыптасуында метафораның маңызын аталым бірліктерінің жасалуы арқылы дәлелдейді. Метафора сөзге эмоционалды-экспрессивті мағына үстейді. «Ол - адамның эмоционалды реакциясын білдірудіңқұралдарының бірі. Сонымен бірге метафораның белгілі жағдайға баға беру қасиеті де бар.

Метафора құбылысына тән тағы бір ерекшелік - ол тілде белгілі нәрсеге (жағымды, жағымсыз) баға да береді» [8, 14].

Мысалы, Бұл жерге бас-жөн білетін, айтқаныңды екі етпейтін тіс қаққан мұғалім керек (7 ,99-бет)

Т. Әбдіков метафораларды қолдану барысында кейіпкердің келбетіне, қоршаған ортасына т.б. қимыл-әрекеттеріне баға беру мақсатын да ұстанған. Мысалы: “ Дүниеде соқыр сезімдер қаншалықты құдіретті болғанымен, жоғары сапалы парасат әлемінде билеуші күш бола алмайды, ең бастысы, болуға тиісті емес. Бірақ адам баласы әлі де өз “ Менін” өзі қызықтап, сол соқыр сезім патшалығынан шыға алмай жүрген сияқты. ” (7, 40-б)

Қаламгер соқыр сезім қаншалықты құдіретті болғанымен, сапалы парасат жармаған өмірдегі өзімшілдік сезімдердің бар екендігін тұспалдаған, өзінше метафора құраған. «Метафора ұғымға атау ғана бермейді, сол ұғымды анықтап табуға көмектеседі. Бұл бір жағынан жаңа ұғымды түсініп, тез қабылдау үшін болса, екіншіден - тілдік үнемділіктің нәтижесі» [8, 17].

Т.Әбдіковтың шығармаларынан мысал келтірер болсақ, Дүйсен екі өкпесін қолына алып, төбе астына барды... (7, 69-б)

Арада айлар жатыр. қыз жарасы дa, aт жарасы да жазылып келеді (7, 72- б).

Айлар жатыр ұғымы - көп уақыттың өткенін білдірсе, қыз жарасы, ат жарасы - кейіпкердің жүрегінде жатқан қайғының жарасы яғни уайымы ауыстырылып әсерлі эмоциялық реңк беріп көрсетілген.

Менің әкем өмір қыспағын көп көрген (7, 69-б)

Дүниенің ащысы мен тұщысын көп көрді деген Роберттің өзі де ұнатыңқырамай қалды (7, 188-б)

Өмірдің қыспағы, дүниенің ащысы мен тұщысы — метафоралары өмірдің қиындығын көргендіктен хабар береді.

Автор кейіпкердің мінез-құлқын ашу мақсатында қолданған метафоралар: Гүлшайра жеңгей машинаның есігін ашты да қабағын түйді:

- Әй, осы сен шірік, менің байымда не шаруаң бар?! Тиісті наныңды жеп жайыңа жүр. Әйтпесе аяғың аспаннан келеді (7, 233-б).

Сен шірік, тиісті наныңды же, аяғың аспаннан келеді деген метафоралар ауыспалы мағынада қолданып, кейіпкердің мінезін, ашулану сәтін көрсеткен.

Сонымен, «сыртқы не ішкі бір ұқсастығына қарап, бір нәрсені екінші нәрсеге балау, екі нәрсенің ортасына теңдік белгісін қою» Т.Әбдіков қаламына тән құбылыс деп санауымызға болады.

“Өмір күрес. Адамдар алдымен қара күшпен күресетін болды. Одан кейін неше түрлі қару – жарақ ойлап тауып, соғыс ашып, халықтарды жаппай қырғынғы ұшыратты. Енді қатері одан кем емес ақыл – парасат майданы шықты. Егер бұл майданда ізгілік жеңіске жетпесе, адамзаттың рухани күйреу дәуірі басталады. Одан құтқаратын күш жоқ. Сіз сол екеуара шағын майданды бастадыңыз. Амалсыз қабылдадым...” (7,22-б )

Жоғарыдағы мәтінде жазушы метафораларды молынан қолдана отырып, кейіпкердің дүниетанымын бере алған. Метафоралардың дүркін- дүркін қолданылуы автордың шеберлігін дәлелдейді.

Сөзімнің бір ұшын мықыр мойынға тигізе сөйледім (7, 125-б). ...Түрі mac құДайға ұқсаған мықыр мойын бір көзілДірікті газет қарап отырған (7, 227-б). Оған жұрт та күледі, өзім де күлемін (7, 175-б), Қалада оқығандардың әдеті көзінің еті өсе келетін,-деді түйеден түскендей етіп (7, 143-б)

Жұрт та күледі, қалада оқығандар, қос бұрымы қылт етті, мықыр мойын, көзілдірікті т.б. алмастырып қолданылған сөздер кісі деген ұғымды ауыстырып қолданылған.

«Қазіргі қазақ және орыс тілдеріндегі метафораланған терминдердің

Қорыта айтқанда қаламгер туындыларындағы метафоралық қолданыстар жаңа ұғымдарға атау береді, әрі тілді байытады, сонымен қатар тілдік үнемдеуді жүзеге асыра отырып, берілген ойды нәрлендіреді.

А. Байтұрсынов: «Метонимия - арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту, алмастыру, ауысу»,-дейді [1,126].

Осы тәріздес ғылыми анықтамалар А.Байтұрсынов [1], З.Қабдолов [3], Б. Хасанов [4] т.б. еңбектерінде беріледі.

«Метафораға қарағанда, метонимияның қолданылу аясы әлдеқайда тар. Метафора стиль түрлерінің қай-қайсысында қолданылатын болса, метонимия мүлдем олай емес. Метонимия тілдегі стильдердің бәрінде бірдей қолданылмайды. Ал ғылыми стиль мен ресми-кеңсе стилінде жалпы кездеспейді. Оның көбірек қолданылатын жері - көркем әдебиет стилі. Шығармада метонимияны қолдануда белгілі дәрежеде шеберлік қажет» [9, 90]. Егер жоғарыда келтірілген тұжырымға сүйенер болсақ, онда біз жазушының сөз қолданыс шеберлігін танимыз. Себебі автор метонимияны орынды жұмсай отырып, кейіпкерлерін сомдайды. Т. Әбдіков өз шығармаларында метонимияларды түрлі мақсатта қолданған.

  1. Тұрмыс тіршілікті көрсету мақсатында.

Колхоз белсенділері өзгерген жоқ па?

Колхоз басшылары өзгерген жоқ па? (7,88-б ). Автор бұл мысалда ауыл жағдайын суреттеп отырған оқиғаны дәл беру үшін қолданған.

Жұрт көзіне қалай көрінемін (7,92-б). Бұл мысал көпшілік қауымға қатысты алынған.

  1. Кейіпкер тілінде келіп екінші бір каһарманның бейнесін тудыру үшін қолданған. Мысалы, Ақ жаулық көнер емес. Осы тұқылга ерегескенде қалай да көндіремін.

- Әй, көк тұқыл, сен өлген күннің мен ертеңіне кемпіріңді азғырып бір бойдақтың арбасына салып жібермесем бе, әкел қолыңды (7, 209-б).

  1. Кейіпкерді мінездеуде метонимияларды ұтымды пайдаланған. Мысалы, Жуан қарын секем алып қалды. Дүйсенге қарап бірдеңе деп шүлдірлеп жатыр(7, 67-б). Жуан қарын метонимиясын жазушы жағымсыз бейне беру үшін қолданған.
  2. Т. Әбдіков кейіпкердің портретін жасауда да метонимияларды ұтымды қолдана алған. Мысалы, Мұртты қара айыбынан ақталып шығып, алғашқы абыройын қайтып алғандай көтеріліңкіреп отырып, баяғыда бір патшаның әкесіне тамды құлдарына салдырғанын, бірақ о дүниеде әкесінің тамы мойнына қарыз болып мінгенін, іреудің қолымен салынған топырақ топырақ салдыға есептелмейтінін айтты.(7,208 б)
  3. Автор шығармаларында метонимияны сөздегі айтылатын ұғымдардың әсерлілігін арттыру мақсатында қолданған. Мысалы, Өңшең тобырлар жиылып ТОЗ құрыпты, тоздырып жіберу керек дейтін көрінеді өшіккен байлар ( 7 , 15-6). Айыр қалпақ қатты кейіді ( 7,91-6)

Тобыр, айыр қалпақ сөздері кісілер атауын алмастырып, сөйлемге эмоциялық мағына үстеген.

Кейіпкердің көңіл күйін беру үшін. Мысалы, Айнала орап, Қаулай жанып қара өрт келеді. Жел соққан сайын алтын найзалар жарқ-жұрқ етіп ырғып- ырғып түседі де дуылдай жөнеледі ( 7, 15-6).

Белсенділерден ығыр болған ба, кім білсін, мені керіп қаға беріске қарай айнала берді. Жауырда менің не шаруам бар ( 7, 17-бет).

Алтын найза сөзі өртті алмастырса, белсенді, жауыр деген атаулар адамға, атқа қатысты айтылған. Өрттің алтын найза секілді ырғи қозғалуы, жауыр аттың адамнан қашуы кейіпкердің сезімталдығын, көңіл-күйін көрсетуге жұмсалған тілдік бірліктер болып табылады.

Қорыта келгенде, Т.Әбдіков шығармаларындағы троп түрлері жазушының тіліне эстетикалық нәр беріп, суреттеп отырған оқиғаның көркемдік әлемін байытқан.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 318 б.
  2. Жұмағалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1969, 243 б.
  3. Қабдолов З. Таңмамалы шығармалар ІІ том. Алматы, 1983, 456 б.
  4. Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы.- Алматы: Мектеп, 1966.– 208 б.
  5. Ефимов А.И. Стилистика русского языка. – М.: Просвещение, 1969.– 262 с.
  6. Айғабылова А. Қазақ тілі стилистикасы. – Алматы, 1998. – 64 б.
  7. Т.Әбдіков «Әке» Повестер мен әңгімелер жинағы. Алматы «Қайнар» 2005,384 б
  8. Сыбанбаева А. Метафораның тілдік болмысы және концептуалды метафоралар. - Алматы, 2002. - 154 б.
  9. Нуржекеева Л.Метонимияның тілдік табиғаты. - Алматы, 1992. - 80 б

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.