Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тәуелсіздік жылдардағы қазақстанның әлеуметтік – экономикалық реформалары

Қорыта айтсақ, алдымыздағы онжылдық ел шаруашылығын индустриялық деңгейге көтеретін өте бір маңызды кезең болғалы тұр. Осы стратегия Елбасының тікелей басшылығымен жасалды. Одан біздер стратегиялық болжау мүмкіндігіміздің өскенін, күрделі проблемаларды шешу барысында ұтымды тәжірибелер жиналғанын байқаймыз.

Қазіргі стратегиямыздан әлем елдерінде бұрын болмаған үлкен дағдарысқа байланысты мемлекет пен нарықтың ара қатынасы туралы қалыптасқан тұжырымның өзгере бастағаны да байқалады. Батыс елдері осыған дейін нарық экономикасы тетіктерін негізгі дамыту күштері деп санап, мемлекетке осы саланың тек “түнгі күзетшісі” міндетін ғана бөліп беріп келді. Ал әлемдегі экономика-қаржы дағдарысына тірелгенде күйзеліске ұшыраған шаруашылық салаларына, банктерге, компанияларға көмекке келетін мемлекеттен басқа ешкім табылмады. Либералдық экономика қоғамның тұрақты дамуын барлық уақытта қамтамасыз ете алмайтыны әлем елдеріне белгілі бола бастады. Сондықтан да нарық қатынастарын дамыта отырып, мемлекеттік реттеу шараларын да қолдану керек. Бұл тек қалыптасқан пікір ғана емес, әлем елдерінде әртүрлі деңгейде қазір қолданылып жатқан, мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан реттеу шаралары.[1-37].

Қазақстанда да осындай деректі шаралар жүргізіле бастады. Стратегиялық жоспарлау, оны экономиканы басқару жүйесіне енгізу тетіктері туралы Елбасының арнайы Жарлығы қабылданды. Алдымыздағы стратегиялық даму жолымыз тиянақты деуіміз осы ұзақ мерзімге жасалған жоспарларымыздан туып отыр. Индустриялық-инновациялық даму ісі, оны ұйымдастыру, қолдау, бақылау бұрынғыдан да көбірек мемлекетке жүктеліп отыр. Осындай бізде болып жатқан өзгерістер әлем елдерінде экономика саласында мемлекеттің рөлін көтеру шараларымен үндес. Бұл да Президенттің әлем елдерінде болыпжатқан өзгерістерді өз назарында ұстап отырғандығынын, оларды терең түсінгендігінің айқын көрінісі.

Қазақ елін әлемнің ең алдыңғы қатардағы 50 мемлекетінің санатына қосу туралы келесі Жолдауында ұсынған Президент жобасының да маңызы өте зор. Ғасырлар бойы әлем елдерінің көшінің сонында келе жатқан Қазақ елі үшін сол елдердің алдыңғы тобына қосылу асқақ арман. Біздің тарихымызда осындай өр міндет, биік мақсат бірінші рет қойылып отыр. Оны тек айтып қана қоймай, мақсатқа жету үшін жүрер жол, алатын асулар Елбасы Жолдауында жан-жақты сипатталған. Бұл баста-маның да рухани әсері күшті, қоғамымыздың қай саласын алсақ та істеген ісімізді, көтерілген биігімізді осы елу озық елдердің деңгейлерімен салыстыра бастадық. Дәл бүгін әлем дағдарысының салқын әсеріне байланысты ілгерілеуіміз сәл бәсеңдеген болар, бірақ елу озық елдердің санатына қосылу Қазақ елінің болашақта жүретін сара жолы екенінде ешкімнің күмәні жоқ. [5-91].

Жоғарыда көтерілген мәселелер біздің қоғамға тарихи өте бір жауапты міндеттер жүктеуімен қатар оны орындау үшін осы қоғамның, қазақ мемлекетінің әлі де есейіп, жетілуі, кемелденуі, жасампаздық әлеуетінің әлі де арта беруін талап етеді. Әр қоғамның даму қарқыны, оның өсу деңгейі басшысы бастаған, халқы қостаған ішкі және сыртқы саясатына байланысты.

Біздің егемен елдің тарихында президенттік басқару жүйесі Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тікелей байланысты. Президент және ол құрған мемлекеттік жүйе тәуелсіздік жылдары еліміздің тұрақты және жаңару, жаңғыру жолымен жүруін қамтамасыз етті, оған керекті жағдайды жасады, әлі де жасау үстінде.

Енді осы мүмкіндіктерге тоқталып көрейік. Жалпы алғанда олар баршамызға белгілі, дегенмен, оларды атасақ, мақсатымыз Президент басқарған билік жүйесінің кәсіби деңгейінің жоғары екендігін көрсету ғана емес, осы мүмкіндіктерді алдағы уақытта барынша тиімді пайдаланып әлеуметтік- экономикалық даму қарқынымызды бұдан да жақсы өсіруіміз керектігін ескерту.

Бірінші мүмкіндік тәуелсіздіктің басында-ақ экономикамыздың болашақ жүйесін бұлтартпай тапқанымыздан басталды. Президент Қазақстан халқына нарық үлгісін ұсынып, осы жолмен жүруге шақырғанын мақала басында айттық. Міне, содан бері басқаға алданбай, осы нарық жолымен, оның тетіктері мен тәлімдерін игере, бойымызға сіңіре ілгері жүріп келе жатырмыз. Және де осы саладағы әлем елдеріндегі озық тәжірибе мен үлгілерді өз шаруашылық жүйемізде пайдалануға да талпыныстамыз. Сөйтіп, экономикада тұрақты дамудың іргесі қаланды, негізі салынды. Нәтижесінде әлем елдерімен тереземіз тең мемлекет ретінде дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірдік, осы тұрғыдан олармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі туды. Қазір елімізге шет елдерден инвестициялардың келіп жатқаны, әлемдегі ірі компаниялардың біздерде кәсіпорындар ашып, экономикалық қатынасты дамытуға ынталы болуы да бізде құрылған нарық жүйесінің беделі мен мүмкіндігінің арқасы. Болашақ жолын бірден тауып, осы бағытынан айрылмай, ұзақ даму әлем елдерінің, әсіресе егемендік туын алғаш көтерген елдердің бәрінде бола бермейді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1,5 ғасырдың ішінде Латын Америкасыелдері өздерінің экономикалық жүйесін үш рет өзгерткені белгілі. Осындай өзгерістерді кезінде Қытай Халық Республикасы, Малайзия, Индонезия, кейбір басқа да мемлекеттер өз бастарынан өткізді. Көршілеріміз де жүрер жолын баяу бастағанын көрдік. Бізде бір бағытта тұрақты даму мүмкіндігі болды. Мұны біз президенттік басқару жүйесінің ұлттық дамудың шешуші факторына айналғандығының айқын дәлелі дейміз.

Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының өз елінің ұлттық мүддесін қорғап, өз елі үшін тиімді екеніне ешкім күмән келтірмейді. 130-дан артық елдермен сауда қатынасы орнаған, көптеген елдерден миллиардтаған инвестиция құйылып жатыр, әртүрлі халықаралық экономика саласындағы ұйымдардың Қазақстан беделді мүшесі.

Президенттің әлемдегі дағдарыс кезіндегі Қытайға, Ресейге, араб елдеріне, Кореяға сапары осы бір қиын кезеңде елімізге қажет инвестициялар әкелді. Оның АҚШ-қа, Францияға, Ресейге, Италияға сапары осы елдермен қарым- қатынасты стратегиялық әріптестік дәрежесіне көтерді. Яғни, осы елдермен экономикалық байланысты жан-жақты дамытып, олардың жаңа техника, жаңа технология жасайтын кәсіпорындарымен әріптестік байланысты күшейтті. Барған жерінен туған елінің ұлттық мүддесіне жарайтын тәжірибе, озық үлгі, басқа да жаңалықтарды әкелу Президент дәстүріне айналды. Президент арқылы әлемдегі ең беделді мемлекеттердің, ұйымдардың, қауымдастықтардың Қазақстан үшін есігі айқара ашылды. Мұны біз, қайталап айтсақ, Елбасының өз еліне, оның тұрақты дамуына жасаған мол мүмкіндігі дейміз.

Осындай ел, қоғам даму үшін ең керек мүмкіндіктердің - еліміз тандаған сара жолдың анықтығын, өз жерімізге ешкім ала көзімен қарамай, шекарамыз беріктігін, қоғамда тыныштық, түсіністік, бірлік барлығын, Қазақ елінің қауіпсіздігінің мықты екенін, оның әлем елдерінде жаулары жоқ екенін, әлемдегі ең ірі мемлекеттермен стратегиялық қарым-қатынаста екенімізді біздер, қазақстандықтар, білеміз бе? Иә, білеміз. Олар үшін Президентті құрметтейміз, қадірлейміз. Ол да дұрыс болар, әсіресе Елбасы өз өмірінің ең маңызды белесіне шығу қарсаңында. Ілияс ақын айтқандай, “өз ұлын, өз ерлерін мақтамаса, осы жұрт қайдан табар кемеңгерді”. Ол ел құрметіне барынша лайық тарихи тұлға. [5-126].

Сонымен қатар, әңгіме тек мұнда емес, әңгіме Қазақстанның дамуы үшін осы жасалған зор мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалана білуде. Осы жағынан қоғамда олқылықтар бар. Тіпті кішігірім мәселелердің өзін шешу үшін Президенттен нұсқау күту дәстүрге айналған. Үкімет, министрліктер, әкімшіліктер тарапынан жауапкершілікті өз міндетіне алып, белсенді жұмыс істеу жетіспейді. Кейбір жауапты істерде, бағдарламаларды орындауда көзбояу- шылық бар. Қолдағы мүмкіндіктерді толық пайдаланбау біздің алға жүруімізді бәсеңдетеді. Шаруашылықтың көптеген салаларынан біздер белсенділіктің аздығын, жауапкершіліктің төмендігін көріп отырмыз. Осыған байланысты бүгінгі таңда маңызы зор бір-екі мәселеге тоқталғанды жөн көрдік.

Президенттің халыққа жолдауларында ауыл экономикасын жетілдіру, ауыл шаруашылығын ірілендіру мәселелері бір емес, бірнеше рет көтерілді. Реформалардың басында ауыл экономикасын жекешелендіру үрдісі нарықэкономикасына көшудің негізгі талаптарының бірі еді. Әлемде осындай тәжірибе бар. Көптеген елдерде жеке шаруалар, фермерлер мал өсіріп, егін егіп, пайдасын көріп және де өз елін азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, барлық елдерде де ауылдағы шаруашылық жүйесі дәл осындай үлгімен қалыптасты десек, ол жаңсақ пікір. Мысалы, Израиль еліндегі кибуцилер жеке фермерлер шаруашылығы емес, ол өндірістік кооперативке, кеңес тілімен айтсақ, ұжымшарларға ұқсайды. Жұмыстары тиімді, бау-бақша өнімдерімен бүкіл Еуропаның “оңтүстік жылыжай” міндетін атқарып отыр. [2-137]. Бұрынғы кеңес республикалары колхоз-совхоздарын таратып жібергенде, оларды таратпай сақтап қалған Белоруссия еді. Олар да бүгін Еуропа елдері мен Ресейдің сүт фермасының міндетін атқарып отыр.

Біздер шаруа қожалықтарын құрдық. Бірақ олар осы егемендік жылдары өздерінің өміршең екенін дәлелдей алмай келе жатыр. Ұзақ жылдар елімізде мал басы, әсіресе асыл тұқымды мал басы айтарлықтай өспеуде. Жер құнар- лылығы төмендеп, гектарға шаққанда егін түсімі де өспеді. Еңбек өнімділігі өте төмен. Президент атап көрсеткендей, біздің ауылдағы әрбір шаруа орта есеппен жылына 3000 доллар табыс табады екен, ал батыс елдерінің осындай жылдық табысы 50-70 мың доллар, яғни 15 есе көп.

Ауыл экономикасын көтеру үшін мемлекет көптеген қаржы жұмсауда. Оны көтеру үшін үш жылдық арнайы бағдарлама қабылданған еді. Ауылдағы елді мекендерді қалпына келтіру бағдарламасы алынған-ды. Ауылдық жерлерде мектеп, емхана немесе дәрігерлік көмек беретін орындар салуда, сол сияқты оларды ауыз сумен қамтамасыз ететін қатынас жолдарын жөндейтін арнаулы жобалар жасалып, оларға миллиардтаған қаржы бөлінді. Егін салу, мал өсіруге мемлекет тарапынан жәрдем әр жылда беріледі. Осындай көлемді шаралар ауыл экономикасын құлдыраудан шығарды.

Дегенмен, осы саланың тиімділігі әлі заман талабына сай емес, ауыл өнімдерінің бәсекелік дәрежесі төмен. Ауыл экономикасын ұйымдас-тыру саласында олқылық бар, біз дәстүрлі қалыптасқан шаруашылық менталитетімен дұрыс үйлесімді басқару жүйесін әлі таппаған сияқтымыз.

Дегенмен, Қазақстанның аталмыш елдермен Кеден одағын құруы біздер үшін өте бір жауапты шешім болғалы тұр. Егемендік алып, нарық жолына түскенімізден кейінгі экономика саласындағы ең күрделі өзгеріс, дәлірек айтсақ, бетбұрыс осы одаққа кірумен байланысты болып тұр. Ресми мәліметтерде құрылып жатқан одақтың кейбір ережелері жарияланды. Олардың саяси астарына үңілсек, егемендік тұсында экономика саласында ел болып қол жеткен дербес биліктің кейбір тетіктерін басқаға, кеден одағын басқаратын ұжымға беруге тура келеді екен. Біреулер мұны кеденді реттеу туралы кейбір техникалық міндеттерді республикадан алып, аталмыш ұжымға беру ғана дейді. Өз басым бұл техникалық міндеттер емес, экономикадағы егемендігімізді басқалармен бөлісу дер едім. Өйткені, кеден - әр елдің басқа елдермен сауда- саттығын, оның тиімді-тиімсіздігін анықтайтын, экономиканың өте бір маңызды саласы. Сондықтан оны реттеу экономикадағы егемендікпен тікелей байланысып жатады.

Кеден одағында шешім қабылдау рәсімі бойынша Ресейдің дауысы 57 пайыз, Қазақстан мен Белоруссияның әрқайсысының дауысы 21,5 пайыз деп белгіленген. [9]. Ол да көптеген сұрақтар туғызады. Егемендікті пайызбен өлшеуге бола ма? Осындай жағдайда мәселені шешу тізгіні тек қана Ресейдің қолында бола бермей ме? Бір-бірімен терезесі тең мемлекеттер одақ құрып жатса, мәселе қараларда әрқайсысы бір-бір дауысқа ие болып, шешімді консенсус, яғни бір ауыздан келісім арқылы неге қабылдамасқа. Осы сұрақтар дұрыс шешімін табуы керек, өйткені үш ғасыр бойы билігі өзінде емес, басқада болған, армандаған тәуелсіздігіне жақында ғана қолы жеткен қазақ халқының осы билікті басқалармен бөлісеміз дегенге сезімі нәзік, құлағы түрулі, күдігі мол. Әлемдегі кеден одақтарының тәжірибесіне қарасақ, оларда әр мемлекеттің үлесін пайызға шақпай, мәселені консенсус арқылы шешу тәртібі қолданған. [21].

Қазақстанның бірлескен кеден одағын құрамыз деген мемлекеттермен экономикалық байланыстарын әлі де терең үйлестіру қажеттігі бар. Үш елдің арасында экономиканың көлемі, дамып отырған салалары және даму деңгейлері жағынан айырмашылықтары бар. Осы салада олигарх, монополистердің де ықпалы үлкен. Мысалы, біздің елден Ресейге ет өнімдерінің сатылмай отырған себебі, біздердегі ветеринария саласындағы кемшіліктермен қатар осы Ресей олигархтарының да теріс ықпалы. Аталмыш үш мемлекетте де бар монополизм, коррупция, көлеңкелі экономика кеден одағы жұмысына теріс әсерін тигізбей ме, осындай келеңсіз жағдайлармен күресу шаралары белгіленген бе?

Кеден одағының осыған әсері қандай болады? Өйткені, біртұтас кедендік тарифтің 92 пайызы Ресейдегі тариф бағамына негізделген. Осыған байланысты біздегі тариф бағамы орта есеппен 10,6 пайызға өсті деп ресми мекемелер айтып отыр. Осы жағдай индустрияландыру бағдарламасын қымбаттатып, біздегі өндірістің жаңару, әртараптандыру шеңберін азайтпай ма?

Қорыта айтсақ, кеден туралы басқалармен одақтасу керек, мына жаһандану заманында әріптес мемлекеттермен ортақ экономикалық кеңістік те керек. Олардың толыққанды жұмысы әрбір одақ құрамына кірген елге тиімді болса ғана баянды жүреді. Сондықтан да кеден одағы туралы мәселелерді терең, жан- жақты ойластырып, дұрыс шешімін тапқанымызда айтылған талаптарға сай болады.

Нарық экономикасы елдегі шаруашылықтың әрбір саласының бір деңгейде дамитын жүйесі емес. Оның алға шығып, артта да қалып жатқан салалары болады. Біреулері осы салаға сұраныс болғандықтан не болмағандықтан, енді біреулері – оған дұрыс көңіл бөлінбегендіктен. Жоғарыда көрсетілген Олардан біздің экономика алған жолын өзгертпейді. Елбасының “халқым, мен нарық жолын таңдадым” деген жалынды ұраны әлі де алға жетектейді.

Алдымызда Қазақ елінің әлемдегі тұрақты орнын анықтайтын онжылдық тұр. Барлық әлем елдері осы жылдары жақсы орынға жету үшін бәсекеге түсуде. Ол жайбарақаттықты көтермейтін, екпінді дамуды, өнімді еңбекті, жасампаздықты талап ететін бәсеке. Президент бағдарламалары біздерді осыған шақырады. Президент реформалары әлем бәсекелігінде біздер жеңіске жетіп,абыройлы орынға ие болу үшін жан-жақты мүмкіндіктер туғызды. Елбасымызға, халқымызға амандық, болашақ іс-қимылға сәттілік тілейік.

 

Әдебиеттер

  1. М. Қ. Қозыбаев. Тарих зердесі (замана асуы). 1- кітап, Алматы, 1988, 344 б.
  2. Тынышпаев М. История казахского народа, Алматы, 1993;
  3. История казахской ССР: В пяти томах. Т. 1- Алма-Ата, 1977;
  4. Күзембайұлы А. История дореволюционного Казахстана. Алма-Ата, 1992.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.