Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ересек ешкілердің ащы ішегінен лимфаның тасымалдану жолдары

Кіріспе. Мүйізді ұсақ малдардың ащы ішегінің лимфалық жүйесі көп зерттелмеген объект болып табылады. Ащы ішектің мүшеден тыс лимфалық жүйесі А.Д.Ноздрачевтің (1973), Л.С.Баспалованың (1967), О.А.Гречконың еңбектерінде қысқаша жазылған.

Ащы ішектің мүшеден әкететін лимфа жолдары лимфаны тікелей мүшеден шығаратын (бірінші реттік лимфа тамырлары) коллекторлық (афферентті) лимфалық тамырлардан, бірінші реттік аймақтық лимфалық түйіндерден, эфферентті лимфалық тамырлардан (екінші реттік лимфа тамырлары) мен екінші реттік лимфалық түйіндерден тұрады және кейбір жағдайларда үшінші реттік лимфа тамырлары мен түйіндері де байқалады. Соңында лимфа тамыры бел цистернасына келеді.

Мүшеден әкететін лимфа ағыны, мүшеден лимфа өзегіне дейінгі жолында 3 кезеңді орналасқан лимфа түйіндерінен өтеді. Ф.А.Стефанистің (1902ж.) пікірінше, лимфаның мүшеден әкетудің бірінші кезеңі – лимфа тамырының басталған орнынан бірінші лимфа түйінге дейінгі аралық, осы лимфа түйін – бірінші реттік; келесі лимфа түйінге дейін – лимфа ағынының екінші кезеңі, ал лимфа түйіні – екінші реттік түйін; келесі – үшінші реттік лимфа түйін болады. Мүшеден шығатын лимфа ағыны кезеңдерінің маңызы қабыну процесінің таралу жолдарын және дәрілік заттардың лимфа тамырларындағы өту жолдарын анықтауда маңызды орын алады.

Зерттеу нысандары мен әдістері. Зерттеу нысаны ретінде ересек ешкінің ішегі алынды. Жұмыс барысында зерттеудің келесі әдістері қолданылды: препараттау, морфометрия, аймақтық лимфалық түйіндер мен тамырларды әр түрлі бояулармен шаншу, ішек қабырғаларының қабаттарын ажыратып алу, ағарту, тотальды препараттардың дайындалуы, суретке түсіру және тағы басқалары.

Ғылыми – зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері. Мүшеден әкеткіш лимфа тамырларының шығу орындары артерияның мүшеге кіретін орнымен және көктамырдың мүшеден шығу орындарымен сәйкес келеді.

Мүшеден әкеткіш лимфа тамырлары мүшеден шыққаннан соң бір – бірімен бірігіп, лимфа ағынының бас коллекторлы жолына және аймақтық лимфа түйіндеріне бағытталады.

Ащы ішектің афферентті лимфалық тамырлары негізінен он екі елі ішек, аш ішек пен мықын ішекті қоректендіретін қан тамыр тармақтарымен қатарласып жүреді. Лимфа тамырлары ішектің оралымдарынан шажырқайдың тиісті жақтары бойынша аймақтық лимфалық түйіндеріне қарай бағытталады.

сурет - 2,5 жасар ешкінің ащы ішегінің афферентті және эфферентті лимфа тамырлары. Көк тушь және қызғылт кадмиймен егу.

Әкелуші лимфа тамырлары арқылы лимфа лимфалық түйіндерге келеді, әкетуші лимфа тамырлары арқылы - түйіндерден шығады.

Біздің зерттеу нәтижелеріміз бойынша, лимфа түйіндерінің әкелгіш және әкеткіш лимфалық тамырлар арасындағы айырмашылығын көруге болады.

Жаңа туған және 2 жастан асқан ешкі жануарының ащы ішегінің әкелгіш лимфалық тамырларының диаметрі 1 мм-ден аспайды.

Қақпалар саны бойынша әкеткіш лимфа тамырларындағы қақпалар әкелгіш тамырлардағы қақпаларға қарағанда көп болатыны байқалды.

Біздің пайымдауымызша, бұл әкелгіш және әкеткіш лимфалық тамырлардағы лимфаның морфологиялық және биохимиялық құрамына байланысты.

Көптеген авторлардың дәлелдегеніндей, барлық жағдайда әкелгіш лимфалық тамырлардың саны әкеткіштердің санынан артық болады, ал әкеткіш лимфалық тамырлардың диаметрі әкелгіштердікіне қарағанда едәуір үлкен болады (Э.В.Швецов, М.Р.Сапин және т.б.).

Біздің бақылауымызда әкелгіш және әкеткіш лимфалық тамырларлың саны бірдей болды.

Әкелгіш және әкеткіш лимфалық тамырлар кейде лимфалық түйіннің үстімен кетіп бара жатқан анатомоздармен бірігіп кете алады.

Лимфалық түйіндер арасында бір түйіндегі әкеткіш лимфалық тамырлар басқалар үшін әкелгіш тамырлар бола алады. Бір топтағы немесе көршілес топ маңайындағы лимфалық түйіндерді жалғаушы лимфалық тамырлардың саны олардың диаметрлері сияқты өте өзгермелі.

Ащы ішектің әкеткіш лимфалық тамырларын шартты түрде он екі елі ішектің, аш ішектің және мықын ішектердің лимфалық тамырларына бөлуге болады.

Ешкінің он екі елі ішегінің мүшеден әкеткіш лимфа тамырларының белгіленген бір топографиясы болмайды.

Он екі елі ішектің лимфа тамырлары дорсальды пилорикалық, он екі елі ішек – ұйқы бездік, бауырлық және краниальды шажырқайлық лимфа түйіндеріне келеді.

Он екі елі ішектен лимфа осы аталған лимфа түйіндері арқылы ағады және олардың саны тұрақты емес, көп дегенде 14-ке жетеді.

Дорсальды пилорикалық лимфа түйіндердің әкеткіш лимфа тамырлары көбінесе ұйқы безі басының үстіңгі беткейімен оның денесінің артқы жақ шетін бойлай, содан кейін жоғары көтеріліп, көкбауыр мен қарын қан тамырларының сол жағындағы лимфа түйіндерге келіп аяқталады. Дорсальды пилорикалық лимфалық түйіндердің әкеткіш лимфалық тамырлары бауыр, краниальды шажырқай түйіндерінде және шажырқайда жатқан лимфалық түйіндерде аяқталады.

Дорсальды пилорикалық лимфалық түйіндердің әкелгіш лимфалық тамырлары қарын түйіндерінен кей препараттарда он екі елі ішектің қабырғаларынан шығатыны көрсетілген. Сонымен қоса, осы тамырлардың ішектің шажырқайында жататын лимфалық түйіндерге ғана келетіні атап өтілген. Сондай-ақ дорсальды пилориикалық лимфалық түйіндердің әкеткіш лимфалық тамырлары аш ішектің краниальды шажырқай лимфалық түйіндеріне келетіні белгілі болған.

Бауырдың лимфалық түйіндеріне бауырдан және өт қабынан келетін лимфалық тамырлар түйіседі.

Бауырдан және өт қабынан келетін лимфаны лимфа тамырлары бауыр лимфа түйіндеріне әкеледі.

Көп жағдайда түйіндер лимфа тамырлары арқылы бір немесе бірнеше тізбек жасай отырып, бір-бірімен жалғанады және аралырында лимфа тамырлары бар лимфа түйіндерінен тұрады.

Көк бауырдың, қарынның, бауырдың әкеткіш лимфалық тамырлары ұйқы безінің лимфалық түйіндеріне келеді. Ұйқы безінің әкеткіш лимфалық тамырлары бел лимфа түйіндеріне бағытталады.

Аш ішектің краниальды бөлігінің тамырлары краниальды шажырқай түйіндеріне бағытталады. Орталық топтары барлық аш ішектің әкеткіш лимфа тамырлары лимфаны мықын ішектің каудальды шажырқай түйіндеріне әкеледі.

Аш ішектегі афферентті лимфалық тамырлар қан тамырларындағыдан көрі 3-4 есе көп. Шажырқайдың оң жағындағы лимфалық тамырлар, оң қатардың лимфалық түйініне келеді, ал сол жағындағы тамырлар сол қатардың лимфалық түйініне келеді. Тамырлардың ұзындығы 3,5-14,0 см аралығында өзгеріп отырады, ол ішектің бөлігінің ұзындығына және жануардың жасына байланысты болады. Бір қақпа (клапандар) мен екінші қақапаның аралығы 0,8-4,8 мм аралығында болады.

Аш ішектің шажырқайында орта есеппен 85-150 лимфалық тамыр өтеді. Аш ішектің лимфа ағынының бағыты аймақтық түйіндердің орналасуына қарай тікелей байланысты болады.

Аш ішектің орта және шеткі бөліктерінде тамырлардың қабаттары нашар байқалады. Лимфалық түйіндерге құятын тамырлар саны шажырқай жапырақшалары арасынан өтетін тамырлардан көрі аз болады.

Аш ішектің қабырғасынан шажырқайдың лимфалық түйіндеріне қарай көптеген лимфалық тамырлар бағытталады. Шажырқайдың лимфалық тамырларының саны қан тамырларынан 3-4 есе артық болады.

Краниальды шажырқайдың лимфа түйіндерінің әкеткіш лимфалық тамырларының негізгі бөлігі шажырқай қан тамырларымен бірге жүре отырып, бел лимфалық түйіндерінде аяқталады (жорамалдаймыз) және түйіндердің әкеткіш лимфалық тамырларымен қосылып ішек өзегін (бағанын) құрайды.

Краниальды шажырқайдың лимфа түйіндерінің әкеткіш лимфалық тамырлары бір-бірімен қосыла отырып, шажырқайға тереңдеп орналасқан тамыр торын құрайды да, түбіріне жақындау жерінде бел лимфа өзегіне құйылады.

Мықын ішектің мүшеден тыс лимфалық тамырлары мықынды-ащы ішектік, мықынды-бүйендік және бүйенішектік лимфа түйіндеріне бағытталады. Эфферентті лимфалық тамырлары лимфаны аймақтық лимфа түйіндерден және келесі кезеңдегі түйіндерден әкетеді. Афферентті тамырлардың саны эфферентті тамырлар санынан артық болады, ал соңғысының диаметрі афферентті тамырлардың диаметрінен үлкен болады. Шажырқай лимфалық түйіндер неғұрлым ұзын және ірі болған сайын, солғұрлым олардан эфферентті тамырлар көп шығады. Ащы ішектің афферентті тамырларының саны эфферентті тамырларының санынан шамамен 8-12 есе артық болады.

Эфферентті тамырлар диаметрі 1,8-4,6 мм шамасында болатын шажырқай лимфалық өзегін құрайды. Краниальды шажырқай артериясының маңайында ішек шажырқай лимфа өзегі қалыптасады. Ұйқы безінің аймағында оған он екі елі ішектен және ұйқы безінен шыққан лимфалық тамырлары, ал бел цистернасына жақын - қарын лимфалық өзегі және жуан ішектің эфферентті тамырлары келеді.

Ішек өзегінің диаметрі шамамен 2,5-5,5 мм аралығында болады. Мықын ішектен лимфа негізінен бел лимфа цистернасына, содан соң бел лимфа өзегінің каудальды ұшына келетін болады. Бел лимфалық цистернасы 1 және 2 бел омыртқасы бойында қалыптасады, 1 бел омыртқа және 15 көкірек омыртқалары бойында сирек болады.

Тоқ ішектің ортаңғы артериясына жақын орналасқан лимфалық түйіндерден кететін әкеткіш лимфалық тамырлар ортаңғы шажырқай түйіндеріне, ұйқы безі - он екі елі ішектің түйіндеріне, дорсальды пилорикалық лимфа түйіндерге келеді. Соқыр ішек пен тоқ ішек айналасында орналасқан лимфалық түйіндердің әкеткіш лимфалық тамырлары шажырқай түйіндерінде аяқталады. Шажырқай артерияларының өзегінің маңайында жататын түйіндердің әкеткіш лимфа тамырлары лимфаны каудальды шажырқай лимфа түйіндеріне әкеледі.

Біздің зерттеуіміздің нәтижесі бойынша зерттелген жануардың мүшеден әкететін лимфа тамырлары жас ерекшеліктеріне қарай сипатталады. Ешкілерде афферентті лимфа тамырлар саны 9 –дан асады, эфферентті – 15. Он екі елі ішектің, ащы ішектің және мықын ішектің лимфа жүйесінің құрылымдық элементтері жас ерекшеліктеріне қарай анық байқалады.

Ішектердің ұзындығының тұрақсыздығына байланысты ешкілердің мүшеден әкететін бірінші реттік лимфа тамырларының белгілі бір топографиясы болмайды. Он екі елі ішектен әкеткіш лимфа тамырлары негізінен дорсальды пилорикалық, ұйқы безі – он екі елі ішек, бауыр және краниальды шажырқай лимфа түйіндеріне келеді, ащы ішектен – оң және сол қатарда орналасқан шажырқай лимфа түйіндері тобына, ал мықын ішектің мүшеден әкететін лимфа тамырлары мықын – ащы ішек, мықын – соқыр ішек және соқыр ішек лимфа түйіндеріне бағытталады. Одан басқа, ащы ішектің лимфа тамырларының бір бөлігі қан тамырларымен қатар жүріп отырып жуан ішек (бұл жағдайда тоқ ішек лимфа түйіндері) лимфа түйіндеріне жетеді. Сонымен, ешкілердің бірінші және екінші реттік лимфа тамырларының топографиясы аймақтық лимфа түйіндерінің орналасуынан тәуелді болады және жас ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады. Көптеген афферентті лимфа тамырларының жүру жолдары тік болып келеді де, иректік байқалмайды. Ешкіде мүшеден әкететін лимфа тамырларының нақты топографиясы жоқ. Жалпы алғанда, ересек малдардың тамырлары неғұрлым ирек келеді (әкеткіш мықын ішек тамырларынан басқа), ал жас малдарда -неқұрлым түзу келеді. Жас ұлғаюына қарай лимфа құрылымының морфометриялық көрсеткіштері пропорционалды түрде өсіп отырады.

Лимфа тамырларының жүру бағыты әртүрлі – түзу сызықты, доға тәрізді, иректелген болады. Лимфа тамырларының доға тәрізді жүріс бағыты әдетте лимфа ағыны он екі елі ішектен басталған кезде кездеседі. Лимфа тамырларының түзу сызықты жүрісі көп жағдайда лимфа ағыны ащы ішектен басталғанда байқалады, тамырлардың иректелген жүру жолдары лимфа ағыны мықын ішектен аймақтық лимфа түйіндеріне дейінгі кезеңде кездеседі.

Мүйізді ұсақ малдарда екінші реттік лима түйіндер мен лимфа тамырлардың саны тұрақты емес. Ешкінің эфферентті лимфа тамырлары афферентті лимфа тамырларына қарағанда едәуір қысқа, өйткені 2 – реттік лимфа түйіндер 1 – реттік лимфа түйіндерге немесе ащы ішектің барлық бөліктерінен жинайтын лимфа бел лимфа цистернасына жақын орналасқан. Эфферентті лимфа тамырларының диаметрі мен ұзындығы жасқа қарай аздап қана артады, олардың иректілік коэффициенті неғұрлым жоғары, яғни афферентті тамырларға қарағанда түзу сызықты келеді.

Қорытынды. Алынған мәліметтерді қорытындылай отырып, біздің атап өтетініміз, зерттелген малдардың аш ішектерінің мүшеден әкететін лимфа тамырларының құрылысы мен топографиясы жас ерекшеліктерінеқарай едәуір айырмашылығы болды. Сонымен, ешкілерде мүшеден лимфаны әкететін 13 коллекторлы тамыр болды.

Зерттеу нәтижесінде ешкінің ащы ішегінің лимфа айналымына бауыр лимфа түйіндері, лимфа түйіндердің дорсальды пилорикалық тобы және ұйқы безі – он екі елі ішегінің лимфа түйіндері, краниальды, орта және каудальды шажырқай, мықын – ащы ішек, мықын – соқыр ішек, мықын – соқыр – тоқ ішек түйіндері қатысады.

Ащы ішектен ағатын лимфа бауырдың висцеральды бетінде орналасқан лимфа түйініне, дорсальды пилорикалық ұлтабарға және ұйқы безі – он екі елі ішекке, ал каудальды және орта бөлігі бөлімдерінен – краниальды шажырқай лимфа орталығына келеді.

Әкелгіш және әкеткіш лимфа тамырларының құрылымында ерекшеліктер болады. Әкеткіш лимфа тамырларында қақпақшалар (клапан) санының әкелгіш тамырлардағы қақпақшалар санынан көптігі байқалды. Эфферентті тамырлар саны 15 және афферентті тамырлар саны 9 болды, орта есеппен алғанда шамалас.

Ащы ішектің аймақтық лимфа түйінінің саны зерттелген малдарда 20 мен 28 аралығында тұрақты болды. Біздің зерттеуімізде лимфа түйіндерінің тобының саны 1 – 4, сопақша пішінде жиірек, дөңгелек пішінде сирек кездесті. Сегментті және лента тәрізді пішіндегі лимфа түйіндер кездеспеді. Аш ішектің аймақтық лимфа түйіндерінің барлық морфометриялық көрсеткіштері (ұзындығы, ені, қалыңдығы) жасқа қарай өсіп отырады.

 

Әдебиет

  1. Гречко О.А. Морфология и потенциальные возможности кровеносного русла поджелудочной железы плода человека и некоторых видов млекопитающих. - Казань, 1972.- 24 с.
  2. Беспалова Л.С. Материалы сравнительно-анатомического исследования лимфатических узлов брюшной полости млекопитающих и их значение в учении об эволюции лимфатической системы человека // Сборник Морфогенез сосудистой и нервной систем. - Киев: «здоровье», 1967•-С.19- 32•
  3. Горчаков В.Н. Морфологические методы исследования сосудистого русла. - Новосибирск, 1997.-С.85.
  4. Куприянов В.В. Микролимфология / В.В. Куприянов, Ю.И.Бородин, Я.Л.Караганов, Ю.Е.Выренков. М.: Медицина, 1983. 287с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.