Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Электрокардиограмманы талдауда және артериалды қысымды тиімді емдеуде тәуліктік мониторингілеу

ТҮЙІНДІ

ЭКГ+АҚ дәрігердің қызығушылығына қарай тағайындалады – екі параметр де немесе біреуі ғана, дегенмен бұл әдіс стандартты зерттеулер арасында айтарлықтай маңыздылығымен үлкен танымдылыққа ие. Ол белгілі бір уақыт аралығында ЭКГ және артериалды қысым жоғарылауын тіркеп қана қоймай, белгілі бір аралықта дамып отыратын (ұстама түрінде) ырғақ бұзылыстарын да тіркеуге, қан айналым жеткіліксіздігінен және бұлшық еттерінің қоректенуінің бұзылысы нәтижесінде болатын миокардтың бұзылыстарын да тіркеуге көмектеседі.

Холтер бойынша тәуліктік мониторингілеу келесі жағдайларда қолданылады:

  1. Анықтау – ырғақ және өткізгіштік бұзылысы болған жағдайда немесе миокард қызметінің бұзылысында (ишемия) өзін нашар сезінуі.
  2. Жүрек қызметіндегі іркіліс қандай факторлардың әсер етуінен туындайтынын анықтау, тәуліктің қандай да бір мезгілінде дамығанын басқа да жағдайлардың әсерін білу.
  3. Жүрек қызметіндегі бұзылыстардың себебін анықтау.

Холтер әдісі арқылы АҚ және жүректің ырғағын диагностикалық мақсатта тәуліктік мониторингілеу (күндізгі және түнгі орташа АҚ маңызы), жүректің ишемиялық ауруларын тиімді және адекватты емдеуде, криз және инсульт тәрізді күрделі асқынуларының алдын алуда, одан әрі реабилитациялық ем-домдарды жүргізуде тиімді болып табылады.

Ұзақ уақыт ішінде (7 тәулікке дейін) Холтер әдісі немесе Холтерлік мониторингілеу (хм) арқылы ЭКГ-ны үздіксіз жазу жүректің түрлі аурула- рында кеңінен қолдану.

Дегенмен бұл әдіс аритмияларды, миокард ише- миясының ауырсынусыз түрін, АГ және гипотонияны диагностикалауда кеңінен танымал.

Холтер әдісі артериялық қысымның стенокардия ұстамаларымен және жүрек ырғағының бұзылыс- тарымен байланысын, жүрек-қан тамыр жүйесінің көптеген патологиялық жағдайлары мен артериал- ды қысымның секіріп отыру себебін анықтауда көп мүмкіндіктер береді.

Қарапайым ЭКГ арқылы еш себепсіз дамитын, өт- пелі ырғақ бұзылыстарын тіркеу қиындық тудырады ( ырғақ қалпына келгенде – ЭКГ қалыпты). Ал, ұзақ уақыт аралығында бақылап, ұйқы кезінде, күш түсіру, дәрілік заттар, басқа да факторлармен әсер ету арқы- лы аритмияны тудырып, оны тіркеу тіпті де мүмкін емес.

Диагностикалауға қиындық тудыратын - жүректің жиырылу жиілігімен артериялық қысым қысқа уақыт аралығында өзгертетін жүрек бұлшықетінің уақыт- ша ишемиясы болып табылады. Мұндай жағдайда зерттеуді шұғыл жүргізу қажет, ал науқас бұл кезде жұмыста, қоғамдық көлікте немесе табиғат аясында демалып жатуы мүмкін.

Жұмыстың мақсаты: Артериялық қан қысымы жоғары науқастарды зерттеуде Холтерлік аппараттар- дың мүмкіндігін байқау және жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарды емдеу мақсатында ЭКГ жазба- лаларын алу.

Материалдар және әдістер. Зерттеуге күштемелік стенокардия, ЖИА-мен ауыратын 23 науқас алынды, жас айырмашлықтары бойынша 2 топқа бөлінді: I топ- қа 13 науқас (56,5%), 45-55 жас аралығындағы, II топқа 55 жастан жоғары 10 науқас (43,5 %) қатыстырылды.

Қан қысымын және ЭКГ-ны күнделікті бақылау 15 минут сайын (күндіз) және әр 30 минутта (түнде) жү- зеге асырылды. Күндіз (кемінде 17 өлшем) және түнде (кем дегенде 7 өлшем) жеткілікті мөлшерде өлшеуді қамтамасыз етті. Артериялық қысымды және ЭКГ-ны күнделікті бақылау бағдарламасы күндізгі және түнгі уақытта артериальды қысымның және ЭКГ-ның орта- ша мәндерін, сондай-ақ соңғы қортынды жасау үшін қан қысымының, жүрек соғу жылдамдығының және ЭКГ-ның тәуліктік профилінің кестелерін ұсынады.

Холтерлік мониторингілеу науқастың активтілігін шектемейді, ол зерттеу барысында әдеттегі өмірін жалғастырады, себебі Холтерлік әдістің мақсаты ЭКГ-ны тәуліктің әр түрлі уақытында (демалу, таңер- теңгілік гимнастика, түскі ас, жұмыс уақыты, көңіл- күйдің болмауында, қуанышты жағдайларда да) жазу болып табылады. Ең бастысы сол уақыттағы барлық әрекеттер, сондай-ақ сезім мен эмоциялар, науқасқа рекордер орнатылғаннан кейін берілетін күнделікке түсіп отыруы қажет.

Бұдан басқа ЭКГ-ны ғана емес артериалды қысымды да мониторингілеу кеңінен танымал. Холтер әдісі бойынша ЭКГ-ны мониторингілеу жүректің қызметі туралы ақпаратты оқып, рекордерге жібереді, олар тір- келіп, өңделіп электрокардиограмма түрінде (графика- лық қисық сызық) құрылғының жадында сақталады.

Әрине, жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), жалпы алғанда, тәуліктік профильді жүргізудің абсолюттік көрсеткіші болып саналмайды. Холтер әдісі диффе- ренциальды диагностикада таңдамалы әдіске жатады. Алайда, ЖИА жағдайында Холтер әдісін тағайындау барысында, науқас жүктемелерге қатысты жеке ұсы- ныстарды өз күнделігінде жазып отырады.

ЭКГ-мен қан қысымын тіркеу үшін портативті құрылғыны орнатуға әдетте науқастың шағымы себеп болып табылады, бұл тәуліктік профильды жүргізудің негізгі көрсеткіштерінің бірі:

  • - Белгілі бір жағдайлардағы (эмоциялар, тамақ- тану, жаттығу) немесе тыныштықта жүректің өте жыл- дам (жиі) соғуы;
  • - Себепсіз естен тану және бас айналу;
  • - Кардиалгия (кеуде қуысындағы ауырсыну – жүрек аймағында немесе төс артында күйдіріп, шан- шып) ;
  • - «Жүректің тоқтап қалуы»
  • - Ауа жетіспеу сезімі, ентігу, жөтел, тыныс алу жүйесінің ауруларына қатысты емес.

Холтер әдісі бойынша жүрек жұмысын зерттеу көрсеткіштеріне жатады:

  1. Әртүрлі аритмиялар (экстрасистолия, бради – және тахиаритмия);
  2. Синус түйіні әлсіздігіне күдіктенуде;
  3. Естен тану;
  4. ЖИА-ның ауырсынусыз түрінде;
  5. Жүрекшелердің тіркелген фибрилляциясын- да;
  6. WPW – синдромы ( қарыншалардың қайта қозу синдромы);
  7. Гипертрофиялық кардиомиопатиялар;
  8. Артериалды гипертензия;
  9. Жүктемелік стенокардия, жүктемелік үлгі алу барысында кедергі келтіретін объективті себептердің болуы (тромбофлебит, буын аурулары);
  10. Стандартты ЭКГ жүргізу барысында тіркел- ген ұзартылған QT синдромы, өмірге қауіпті жағдай болып табылады ( қарыншалардың фибрилляциясы);
  11. Принцметал стенокардиясы – вазоспастика- лық стенокардияға күдік, оны диагностикалау үшін Холтер әдісін қолданудың тікелей көрсеткіші болып табылады. Аурудың бұл түрі жас ер адамдарда дамиды, ол физикалық күш түсуге, коронарлық атеросклерозға ( егде жастағы адамдарда кездесетін) ешқандай қатысы жоқ. Ұстама коронарлық қан тамырлардың спазмымен байланысты ( ЭКГ-де ST сегментінің элевациясы), та- ңертең орын алуымен және қысқа уақытта дамуымен сипатталады – бірнеше секунд ішінде ( немесе минут) ұстама басылады, осыдан соң ЭКГ-де қайта « синусты ырғақ» пен ST сегментінің қалпына келуі;
  12. Жүрек ақаулары;
  13. Миокард инфарктінен кейінгі жағдай;
  14. Аритмияға қарсы және гипотензивті препа- раттарды қабылдау, олардың тиімділігін бақылау;
  15. Жүрекке және басқа да өмірлік маңызы бар ағзаларға хирургиялық ем жүргізуде жоспарланған тексеруден өту;
  16. Қант диабеті ( қант диабетімен ауыратын нау- қастарда жиі болатын тамырлардың зақымдануын тек- серу);
  17. Кардиохирургиялық емнің тиімділігін бақы- лау ( аортакоронарлық шунттау, коронарлық артерия- лық қан тамырларын стендтеу);
  18. Жасанды карлиостимулятордың жұмысын ор- нату және бағалау;

Холтер бойынша тәуліктік мониторингілеу ( ЭКГ мен АҚ), ЭКГ жазбасына қосымша артериальды қы- сымды өлшейтін және нәтижелерді аппаратқа сақтау үшін жеткізіп отыратын, портативті құрылғыға жал- ғанған манжетті тексерілушінің иығына қолдануды көздейді.

Нәтижесі және талдау. Осылайша, 1 жағдайда

(30,4%) І топтағы науқастарда АҚ-ның адекватты түр- де төмендеуі байқалмады, бұл нысана ағзалардың за- қымдалғанын көрсетеді. ІІ топтағы науқастарда систо- лалық АҚ-ның орташа көрсеткіші күндізгі систолалық артериялық қысымнан жоғары болды, ал бұл жалпы тәуліктік мониторингілеу көрсеткішіне әсер етіп, оқ- шауланған систолалық гипертонияны асыра бағалауға әкелді, осыған орай емдік іс-шаралар шамадан артық болды. Олардың жасы мен басқа да аурулардың бо- луын ескерсек жүрек-қан тамырларының патологиясы дамуын арттыра түседі. Егде жастағы науқастар тобы үшін барорецепторлардың дисфункциясымен және ве- гетативті жеткіліксіздікпен ассоцияцияланатын гипо- тензинвті жағдай тән; сондықтан 5 жағдайда (21,4%) болжам жасаумен шектеледі. ЭКГ-де барлық жағдайда байқалғаны науқастар тыныш сипатта болды.

Осылайша зерттеу аяқталған соң Холтер әдісі кезіндегі жазба келесі ретпен міндетті түрде баға- ланды ( ырғақ, ырғақ көзі, ырғақтың кідіруі, ЖСЖ, экстрасистолиялар, аритмия ұстамалары, PQ және QT интервалдары, QRS комплексі, ST сегменті және басқалары), сондай-ақ ырғақпен өткізгіштік бұзылы- сының, экстрасистолия мен бөгеттердің, миокард пен синус түйінінің активтілігінің мүмкіндіктері анықтал- ды. Зерттеудің мақсаты – жүрек бұлшықетінің қанмен қамтамасыз етілуінің жасырын бұзылыстарын(ише- мия), белгілі бір жағдайларда (психоэмоциянальды және физикалық күш түсу, тағам қабылдау, түнгі дема- лыс және т.б.) аритмия ұстамаларын, басқа да патоло- гиялық жағдайларды анықтау болып табылады.

Экстрасистолиялар және реполяризациялық про- цесстің басқа да бұзылыстары анықталған жоқ.

Қорытынды:

  1. Артериялық қысымды тәуліктік мониторингілеу және электрокардиограмманы зерттеуде науқастарда Холтерлік мониторингілеудің барлық көрсеткіштері белгіленді.
  2. Артериялық қысымды Холтерлік тәуліктік мони- торингілеуде болжанды және бағаланды, бұл артерия- лық қысымды және ЭКГ-ны дәстүрлі бақылауда қол жетпейтін динамикада байқау мүмкіндігін берді.
  3. Артериялық қысымды тәуліктік Холтерлік мо- ниторингілеу кезінде алынған деректер, жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарда осы әдісті қолдану тиімділігін көрсетті.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Окороков А.Н. «Диагностика болезней внутренних органов». М. - Медицинская литература, 2003. – С.87-93.
  2. Беленков Ю.Н., С.К.Терновой «Функциональная диагностика сердечно-сосудистых заболеваний». Москва, изд. группа «ГЭОТАр-Медиа», 2007. – С.67-95.
  3. Чазов Е.И., Чазова И.Е. (ред.) руководство по артериальной гипертонии. М.: Медиа-Медика; 2005. – С.35-54.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.