Беріліп отырған публикация көптүбірлі тістерге құрамалы құйылған штифтті салмалар құрылымдарын қолдану нәтижесі жөнінде және ортопедия саласындағы дәрігер-стоматологтар тәжрибесі үшін ұсынылады.
Бізге мәлім, стоматология саласындағы ойландыратын мәселенің бірі ол біршама немесе толықтай бұзылған сауыты бар тістердің түбірлерін сақтау немесе жұлу туралы сұрақты шешу.Тістің бұзылған сауы- тын қалпына келтіре алмау немесе түбірлерін жұлу тіс қатарларының дефектілері мен деформацияларының пайда болуына, олардың окклюзионды беттерінің бұзылуына, шайнау қызметінің бұзылуына және альвеола өсінділерінің семуіне әкеледі. Кейін келе шайнау бұлшықеттерінің және самай-төменгі жақ буындарының дисфункциясына алып келуі мүмкін.Көбіне бұл шайнау тобына жататын тістерге тиісті.
Дәлелденбеген, яғни нақты көрсеткіштер жиынтығы жоқ жағдайда, протездеуге келетін тіс түбірлерін жұлу ортопедия саласының көз қарасы тұрғысында қате болып саналады. Басқаша айтқанда, табиғи имплантат жұлынады, оны өз кезегінде штифтті құйылған құрылымдар үшін қолданып, кейіннен рационалды алынбайтын протездеу жүргізуге болады.
Көп түбірлі тістердің бұзылған сауыттарын қалпына келтіру үшін құрамалы құйылған күлтелі штифтті салмалардың әртүрлі түрлері қолданылады, кейіннен оларды жасанды сауыттармен қаптайды. Алайда, олардың әрқайсысының өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Біздер, өзміздің әдіс бойынша құйылған штифтті салмалардың құрамалы құрылымдарының қолдану нәтижесін ұсынамыз. Науқасты зерттеуді тісті толықтай клиникалық және рентгенологиялық зерттеуден бастайды. Бұл жағдайда, дәлдеп түсірілген суреттер периапикалды тіндердің жағдайын, тіс қуысының мөлшері мен пішінін, тіс түбірлері өзектерінің көлемі мен бағытын (бұл өте маңызды) және түбір өзектерінің өтімділігін немесе ұлпасы алынған тіс өзектерінің пломбылану сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Тіс күлтесін салма үшін дайындау кезінде өзгерген және жұмсарған тіндер, жұқа қабырғалар алы- нады, ойыстар жойылады. Жоғарғы азу тістердің таңдай түбір өзектері мен төменгі азу тістердің дистал- ды түбір өзектері 2/3 бөлігіне дейін тазалануы керек, бірақ түбірлер ұзындығының ½ бөлігінен кем бол- мау керек. Ал жоғарғы азу тістердің ұрт түбірлерінің өзектері мен төменгі азу тістерінің медиалды өзектері түбірлер ұзындығының ½ бөлігіне дейін. Мұндай параметрлерде тіс түбірінің сыну қауіптілігі мейлінше аза- яды және тұрақтану дәрежесі көбейеді. Алайда бұл кезде, штифттер арқылы берілетін шайнау қысымына қарсы тұру үшін түбір өзектерін кеңейту барысында оның қабырғалары 1,5 миллиметрден кем болмау ке- рек.Түбір өзектерін кеңейткеннен кейін оның аузына тіс күлтесінің пішініне сай амортизациялық қуыс жаса- лады.
Тіс күлтесі жасалайын деп жатқан сауыт құрылымы үшін егеледі. Тіс толықтай бұзылған жағдайда мойын аймағының дәлденген көшірмесін алу үшін ретакциялық жіп көмегімен қызылиек ретракци- ясы жүргізіледі. Содан кейін стандартты қасықтар таңдалып, альгинаты массамен екі жақтан да толық анатомиялық қалыптар алынады.
Жұмысшы мүсін супергипстен, ал көмекші мүсін гипстен құйылады. Мүсіндер орташа анатомиялық окклюдаторға гипстеледі. Тіс күлтесінің жұмысшы мүсінінде қатты балауыздан болашақ сауыт (соғылған, м/ керамикалық, құйылған) үшін салма денесі мүсінделеді, содан кейін жұмысшы мүсіннен негізді қабаты бар стандартты қасықпен силиконды қалыптық массаны қолдана отырып қалып алынады.
Клиникада дайын тіс өзектері шприц көмегімен корригирлік массамен толтырылады да, алдына- ла таңдап алынған қасық көмегімен негізді қабаты бар (жұмысшы мүсіннен) қос қабатты қалып алына- ды. Корригирлік массаның эластикасы жағынан және қаттылығы жағынан оптималды көрсеткіші зор, бұл қалыпты ауыз қуысынан қалдық деформациясыз шығаруға мүмкіндік береді.
Түбірлі штифттерден, салма денесінен тұратын бүкіл силиконды құрылым, стандартты қасықтағы қос қабатты қалыпқа өтеді. Күлтелі штифтті салманың осы силиконды құрылымы көз қандауыры көмегімен қос қабатты қалыптан кесіліп алынады. Силиконды құрылымның сапасын визуалды бағалағаннан кейін, оны төменгі жақ үлкен азу тістері үшін дайындағанда екі бөлікке, ал жоғарғы жақ үлкен азу тістері үшін кейде үш бөлікке кесіп бөледі. Бұл кезде қандауыр көмегімен салма денесі арқылы, сонымен қатар әр сили- конды штифтті бір-бірінен бөле отырып, вертикалды кесуді жүзеге асырады. Нәтижесінде бір негізгі және бір немесе екі қысқа қосымша силиконды құрылым шығады.
Диаметрі 20 мм болатын жұмсақ резеңке түтіктен ұзындығы 30 мм болатын бөлікті кесіп алады. Оны вертикалды орналастырғаннан кейін, ішін қаймақ тәрізді консистенциядағы альгинатты қалыптық массамен толтырады, соның ішіне күлтелі штифтті салманың силиконды құрылымын салады, оның денесін алдынала түбірлік инемен тесіп қояды. Альгинатты масса (блок) қатқаннан кейін, оны резеңке түтіктен шығарып, теңдей екі бөлікке бөлінетіндей етіп, ұзындығы бойымен кеседі. Силиконды құрылымды түбір инесімен бірге шығарып алады. Альгинатты блоктың ішкі бетінде штифт, салма денесінің және түбір инесінің контурлары нақты басылып шығады. Альгинаттағы түбір инесінің контурын цилиндр тәрізді бор- мен кеңейтеді, бұл блоктың бүйір бетінен воронка тәрізді тереңдетілген құю өзегін жасау үшін керек. Аль- гинатты блоктың екі жарты бөлігін қайта қосып резеңке түтікке енгізеді, құю өзегі мен воронканың коррек- циясын жүргізеді. Балқытылған «Модевакс» балауызын құю өзегі арқылы альгинатты блокқа құяды. Балау- ыз қатқаннан кейін альгинатты блокты резеңке түтіктен шығарып алады, екі жарты бөлікті де ашып, салма денесі бөлігімен бірге штифттің балауызды құрылымын шығарып алады да оны құймаға тапсырады. Осын- дай әрекетті штифтті салманың құрама құрылымының әр элементіне бөлек-бөлек жасайды.
Жасаудың екінші әдісі – силиконды штифтті күлтелі құрылымды қатты гипстен жасалған гипсті блокқа гипстеу. Гипстеудің лабораториялық кезеңі және құрылымның балауызды композициясын алу әдісі, құрамалы мүсінде салманы жасау әдісіндей.
Құрамалы құрылымның дайын құйылған күлтелі штифтті салмалары бөлек-бөлек шақталады. Бірінші болып жоғарғы тістердегі таңдай штифттері немесе төменгі жақтағы дисталды штифттері шақталады. Екінші кезекте қысқалау штифттер шақталады, яғни жоғарғы тістердің ұрт штифттері және төменгілердің медиалды штифттері. Жақсылап шақталғаннан кейін құйылған күлтелі салмаларды цементке отырғызады. Түбір өзектері медикаментозды өңдеуден өтіп, құрғатылады, содан кейін өзек толтырғыштың көмегімен өзектер цементпен толтырылады, сонымен қатар цемент штифттер мен күлтелерге де жағылады, осы- дан кейін кезек-кезекпен штифтті салмалардың құрамалы құйылған құрылымдары өзектерге енгізіліп, цемент толық енгенше тығыз бастырылады. Әрмен қарай көрсеткіштері бойынша рационалды протездеу жүргізіледі.
Көптүбірлі тістерге құрамалы құйылған штифтті салмаларды нәтижелі қолдану тәжрибесі (30дан астам құрамалы құрылым жасалған, оның ішінде 12-сі – көпір тәрізді протездердің тірегі ретінде) осы ұсынылып отырған әдісті ортопедиялық тәжрибеде тістердің бұзылған сауыттарын нәтижелі қалпына келтіру үшін ұсынуға мүмкіндік береді.
Әдебиет
- Куликович А.Н., Некрашевич М.П., «Опыт применения беззольной пластмассы Pattern resin при изготовлении литой культевой штифтовой вкладки», 2010г., Современная стоматология №1 с.66-67
- Лобанов Ю.С., Рузуддинов С.Р. «Методика изготовления некоторых видов штифтовых конструкций в ортопедической стоматологии» Алматы 1996г. Методические рекомендации.
- Тлусенко В.П., Садыков М.И., Комлев С.С. «Использование усовершенствованных куль- тевых штифтовых вкладок в клинике ортопедической стоматологии» Москва. Стоматология . 2008 №5 с 61-64.
- Юшманова Т.Н., Скрипова Н.В., Драчев С.Н., Давыдова Н.Г. « Восстановление коронок многокорневых зубов с помощью культевых штифтовых вкладок» Сб. науч. тр. вып.8.-Архангельск, 2004- с.124-127.