Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Атопиялық дерматитке шалдыққан науқастардың терісің күтімі

Мақалада атопиялық дерматитке шалдыққан науқастардың реабилитациялық шаралары берілген, онда көбінде тері күтіміне көңіл аударылған. Алдын-алу шаралары және емінің сапасын көтеру ретінде элиминациялық шаралармен қоса, кешенді емге ылғалдыратын зат ретінде топикремді қолдануы туралы жазылған және оның тиімдігі анықталған.

Аурудың жылдан-жылға көптеп таралуына, кемтарлыққа алып келуінің және үлессіз-қайталап отыру жиілігінің артуына байланысты атопиялық дерматит мәселесінің маңыздылығы артып отыр [1.2].

Құрғақ тері - атопиялық дерматиттің барлық сатысында кездесетін белгілердің түрі және де аурудың диагностикалық критерилерінің бірі болып саналады. Көп жылдар бойы сөз талас болып келе жатқан сұрақтардың бірі атопиялық дерматитте кездесетін тері құрғақтығы: негізгі белгі ме, не қосалқы ма, со- ныменен қатар ол құрғаудың салдарынан туындайма, не оның қабынуы ма. Біз биохимиялық зерттеу- лер бойынша атопиялық дерматитке шалдыққан науқастардың терісінде май қызметтерінің бұзылыстары орын алатынын байқадық. Соның салдарынан туындаған құрғақ тері, өзінің былғарылығын жоғалтып, тез зақымданғыш келеді, сонымен қатар әсіресе қатпарларда, бүгілетін жерлерде жарылады, терінің қорғау қызметі әлсірейді, ол бактерия, вирус және саңырауқұлақтар енуіне беймділік тудырады [3,4,5].

Жоғары көрсетілген себептерге байланысты атопиялық дерматиттің емінде кешендік емдермен қоса, теріні күту шаралар алғашқы орында болып табылады.

Атопиялық дерматитке шалдыққан науқастардың терісін күтуде сыртқы жақпа ретінде косметикалық заттар немесе емдеу-косметикалық заттармен қолданумен қатар арнайы триггерлік факторларды жоятын шаралар қолдануға болады (кесте 1) берілген.

Атопиялық дерматитке шалдыққан науқастардың терісі сыртқы ортаның әсеріне өте сезімтал келеді, сондықтан тітіркендіретін заттарды анықтап, ол заттармен қолданбағандары жөн. Оларға көбінде физикалық, химиялық және биологиялық заттар жатады. Оның ішінде жуынатын сабындық заттар, химиялық заттар, дөрекі немесе синтетикалық киімдер жатады, ауа қысымы да сонғы орындарда емес.

Кесте 1 - Атопиялық дерматитке шалдыққан науқастардың триггерлік факторларын жоятын шара- лар тізімі

Түрлері

Атауы

 

Физикалық заттар

Сыртқы орта қысымы Ылғалдылық

¯2¯¯

Химиялық заттар

Жуыға қолданылатын сабындар, ұнтақ жуғыш заттар, сабын сулар, ерітінділер, еріткіштер; тыныс жолдары арқылы өтетін бензин, бояу, лактар; ыдыс-аяқ, еден, кілем, жиһаздар тазалайтын заттар. Үйде жөндеу жұмыстарын бастағанда, басқа үйге жіберген жөн.

3

Биологиялық заттар

Көк өніс, өсімдік заттары. Жеміс-жидектер

4

Физикалық шынығу

Қатты терлейтін шынықтырулар жасамау, өйткені қышынуды тудырады

^5~

Киімі

Дөрекі тіндерден жасалмаған немесе синтетикалық заттарды қолданбау.

 

Жүйке жұйесіне жүктеме

Ашуландырмау

АД шалдыққан науқастардың терісінің күтімі қалай қабыну кезінде болса, солай клиникалық ремиссия уақында жүргізіледі, өршуді тудырмас үшін.

Сол сұрақтарды шешу үшін қандай кезекте күту шаралар жүргізілетініне тоқтала кетейік. Күнделікті қолайлы қысымдағы душ қабылдағандары дұрыс (өте қатты салқын, не ыстық болмағаны жөн). Жуына- тын сабынның иісі болмауы керек, арнайы жуынатын заттар бар осындай науқастарға арналған солар- ды қолдану керек. Судан шыққан кейін кептіріп ылғалдандыратын майларды жаққан жөн. Қабынуға қарсы және кортикостероидттық майларды тек дәрігердің кеңесінен кейін қолдануға болады.

Соңғы жылдары Қазақстан саудасында құрғақ теріні қорғайтын және қабынуға қарсы, терінің май- су алмасуын қалыптастыратын, тіңдердің регерациясын жақсартатын, түлеуді орнықтыратын, соның сал- дарынан қышынудың азаюына әкелетін заттар пайда болып отыр. Олардың бірі Топикрем (Нижи-Шарльо - Француз зертханасының өнімі), олар ересек, балалар және нәрестелерге арналған ылғалдандырғыш эмульсиялар. Бұл заттар құрамында глицирин және 2% несеп қышқылы бар, олар өздеріне суды сіңдіретінболғандықтан, ылғалдандырғыш заттар болып табылады.

Біздің бақылауымызда атопиялық дерматитке шалдыққан 40 науқас болды, олар стационарлық және амбулаторлық ем алып жүрген науқастар. Олар теңдей 20 науқастан ересектер 18-45 жас аралығында және 20 науқас балалар 2 жаспен 15 жас аралығындағы. Барлық науқастар бала кезінен бастап ауы- рады, 24 науқаста терідегі көрінісі жайылмалы, ал 16 - да шектеулі түрде кездесті. Барлық науқастар бұдан бұрында ылғалдандыратын майлар қабылдаған. Барлық науқастарға жалпы клиникалық зерттеу- лер жүргізілді, олар бойынша қосалқы аурулары түрі мәліметтер алдық. Емдеу шаралары ретінде кешендік емге элиминациялық тәсілдер қолдандық (кесте 2) берілген.

Кесте 2 - атопиялық дерматитке шалдыққан науқастардың эломинициялық шараларының тізімі

Неден қорғану керек

Тамақтану шаралары

Бөлмеде кілем болмағаны тиіс

Балаларды табиғи түрде тамақтырған жөн, яғни нан сүтіменен, тек аналарына ескерту жасау керек гипоаллергендік иамақтар қабылдасын деп

Жұмсақ жиһаздар болмағаны жөн, не шаң жинамайтын жылтыр болуы керек

Егерде қолдан жасалған тамақта болса, онда сиыр сүтіне аллергиясы болмаса: сүт қоспалар беруге болады; ал егер сиыр сүтіне аллергия болса, онда ешкі сүтін, гидролизаттар, соедан жасалған тағамдарын берген жөн.

Ашық кітап сөресі болмауы керек

Егерде аралас тамақта болса: ешкі сүті, гидролизаттар, соедан жасалған тамақ қосымша беруге болады

Киімдерді жабық шкафтарда ұстаған жөн, жүннен жасалған киімдерді чемоданда жабық, және де йісі бар нафталан, басқа да таблеткілерін салмаған жөн

Ересектерде: шоколад, цитрус, кофе,какао, жаңғақ, жұмыртқа сарысын, майлы тағамдар болмайды. Бірақта оларға аллергия барма, жоқпа анықтап барып қолданғандары жөн.

Үйде жануар, құс, балық ұстамау керек

Ащты,тұзды,қуырылған,тәтті пісірілген нан өнімі, шұжық, байыр, балық және теңіз заттарын, жұмыртқаны, ащты ерітілген ірімшіктер,

редиска, щавель,томат, қызыл бұрыш, тұздалған капуста, тұздалған немесе маринатталған қияр, саңырауқұлақ, анар, жүзім, киви,ананас, қарбыз, қауын, маргарин, тұштырылған сары майы, бал, шайнайтын резенке болмайды.

Жұмсақ ойыншықтардың орнына пластикадан, ағаштан, темірден жасалған ойыншықтар болу керек

 

Үйде гүл өсіруге болмайды

 

Йіс сулар қолдануға болмайды

 

Үй қабырғалары ақталатын болғаны жөн, не жуылатын түс қағаздар қолдануға болады

 

Үйдің торы мақтадан жасалған болғаны жөн, не болмаса синтетикалық, 3 айда бір рет жуылуы керек

 

Егерде үйде ауа мұздатқыш болса 2 аптада 1 рет тазаланып тұруы керек, электр желдеткішін қолданбаған жөн.

 

Темекі тартуға болмайды

 

Көрпе жастығы синтепоннан жасалған, не мақтадан жасалған болуы тиіс

 

Кенеге қарсы төсек орын болғаны жөн

 

Төсек астында заттарды сақтауға болмайды

 

Күнде үйді сүрту керек

 

Шаң сорғышпен аптасына 1 рет өткізілген жөн

 

Жұмыс істейтін жерлерде қағаздарды көп жинамай

 

Мониторды мақтадан жасалған матаменен жауып қойған дұрыс. Теледидар және компьютерден алысырақ отырған дұрыс

 

Науқастардың киімдері кең, мақтадан жасалған болуы керек. Бояулары бар киімдер (түрлі-түске боялған), соныменен қатар жүннен немесе синтетикалық заттар қолданбау. Күн АД науқастарға қолайлы әсер етеді дегенмен күннен қорғанатын майларды жағу керек (оларды өзі таңдауына да болады, не дерматолог кеңесін алуға да болады).

Балалар 2 жаспен 5 жас аралығындағы емдерінде глюкортикоидттық майлар қабылдамаған. Барлық 40 науқасқа клиникалық түрі және сатасына қарамастан кешендік емдеріне топикрем қостық, оны науқастардың терісіне күніне 2 реттен жақтық 1 ай бойына. Соныменен қатар душты Топикрем Биоэкольменен қабылдады, душтан кейін де топикрем денесіне жақты. Басқа жуынатын заттар және ылғалдандырылатын майлар жағылмады.

Аурудың ағымының ауырлық дәрежесі SCORAD коэффициенті бойынша анықталып, науқастар 3 топқа бөлінде: 16-де (40%) ауру жеңіл ағымда,19-да (47,5%)-орташа ауыр ағымда және 5-де (12,5%)-ауыр ағымда.

Кешенді емнің теріге еткен әсерінің тиімділігін бағалау келесі параметрлер бойынша есептелді: қышынудың дәрежесі, эритема, сіңбеленуі, лихенификация, құрғықтық, экскориациялар, жаңа бөртпелердің шығуы.

Емнің тиімділігін дәрігер, ата-анасы және науқастың өзіменен қадағаланды, 4-балдық шкаламенен анықталды. (0-әсері жоқ, 1 - жағдайы нашарлады, 2- жағдайы жақсарды, 3-едәуір жақсарды).

АД-тің ағымы жеңіл түрімен ауыратын науқастарда терідегі көріністердің даму барысы қалыптағыдай болды, ал аурудың орташа ауыр және ауыр ағымы байқалған, кешенді емге қоса топикрем қолданғандарда қышыну сезімі тезірек азайып, 3-ші тәулікте аурудың эритемалық көріністері басылды, ал 14 тәулікте лихенификация мен сіңбе азайды (кесте 3).

Кесте 3 - Атопиялық дерматит белгілерінің ауырлық дәрежесі байланысты қайту мерзімі

Белгілері

Ауырлық дәрежесі

Қайту мерзімі (күндер) (M±m)

Зерттеу тобы

Қышыну

ауыр

7±3

 

орташа ауыр

4±2

 

жеңіл

3±1

Эритема/

ауыр

5±1

қызару

орташа ауыр

3±1

 

жеңіл

2±1

Ісік

ауыр

6±1

 

орташа ауыр

4±1

 

жеңіл

2±1

Сіңбе

ауыр

19±1

 

орташа ауыр

14±2

 

жеңіл

12±1

Лихенификация

ауыр

18±1

 

орташа ауыр

13±2

 

жеңіл

12±1

Құрғақтық/

ауыр

21±2

қабыршақтану

орташа ауыр

16±3

 

жеңіл

15±2

Экскориация

ауыр

6±2

 

орташа ауыр

3±1

 

жеңіл

2±1

Жоғары берілген кесте бойынша қышыну, экскориациялар 6-10 күні, ісік, эритема 6-8 күні, терінің құрғақтығы, сіңбе және лихенификация 8-21 күндері айыға бастады.

Емдеуде қосалқы әсерлер мен асқынулар байқалмады. Жасалған кешенді емнің нәтижесінде SCORAD индексі 4,7 есе (р<0,001 төмендеді.

Балл бойынша топикремнің әсерін бағалаудың қорытындысы 1 – суретте берілді.

Бұл сурет бойынша 29 науқаста едәуір жағдайының жақсаруын, яғни тері құрғақтығының бәсеңдеуі, қызару және қабыршақтану жойылуы анықталды, ал қалған 10 науқаста жалпы жағдайының жақсарғаны, тері құрғақтығының және тырысуының басылуы, ал тек 1 ғана аса қолайлы әсері болмағандығы анықталды. Ал бал бойынша бағалайтын болсақ 3 балды 89%, 2 балды 11% кездесті (сурет 2).

Емдеу барысында топикрем қабылдаған науқастарда кері әсер, не жағымсыз жағдайлар кездеспеді.

Қорыта айтқанда, жүргізілген зерттеулеріміз бойынша атопиялық дерматитке шалдыққан науқастардың алдын-алу шаралары және емінің сапасын көтеру ретінде элиминациялық шаралар- мен қоса, кешенді емге ылғалдыратын зат ретінде топикремді қолдану, негізделген және тиімді екенін анықтадық. АД шалдыққан науқастардың терісін күту реабилитация уақытын қатар жүргені тиіс, көбінде құрғақтық өзі ауруды қайта өршітуі мүмкін. Құрғақтық тудырмас үшін үнемі Топикрем Биоэколды жуыну үшін, топикремді эмульсиясын душтан кейін қолдануларына болады, олар терідегі үрдісті тұрақтандырып, аурудың қайталамауына көмектесетін профилактикалық шара болып табылады.

 

пайдаланылған әдебиет

  1. Балаболкин И.И., Гребенюк В.Н. Балалалардағы атопиялық дерматит М. Медицина., 1999, 238 бет
  2. Гилер У., Нимайер Ф., Купфер Й., Львов А.Н. Атопиялық дерматит-нейрогенді қабыну ре- акциясы? Тері және венерологиялық аурулары Ресей.мед.журналы 2006; 4:46-61
  3. Иванов О.Л., Львов А.Н., Миченко А.В., Атопиялық дерматит: қазіргі таңдағы көз-қарас. 2007. стр 256
  4. Калюжная Л.Д. Дерматовенерологияның өзекті мәселелері – атопиялық дерматит // Украінський медичный часопис, 2003, №2 (34), III / IV, С. 87-91.
  5. Атопиялық дерматит. Дәрігерлер үшін басшылық (Ю.В. Сергеевтің редакциясымен, М.Медицина, 2002, 183 бет)
  6. Gupta M.A., Gupta A.K., Watteel G.N. Pruritus and stress in atopic derma-titis// J. of the Eur. Academy of Dermatology and Venerology, 1997, Sept., V.9, suppl. 1, P. 162.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.