Қазіргі таңда созылмалы аурулары бар науқастарда психологиялық ауытқулар жиі кездеседі. Сондықтан созылмалы аурулары бар науқастардың өмір сапасын алғашқы медико – санитарлық көмек көрсету мекемелерінде психологиялық көмек көрсету арқылы жақсартуға үлкен мән беруіміз қажет.
Осы мәселені зерттеген ғалымдар: Адаптация феномені бойынша А. Я. Анцупова, С.Е. Павлова, С.Т. Посохова, И.А.Фурманова және т.б.
Әлуметтік-психологиялық адаптация бойынша: Ф.Б.Березин, В.М.Воробьев, Р. Даймонд және К.Роджерс, А.Н.Жмыриков және т.б. Өмірдің қиын жағдайларындағы әлуметтік – психологиялық адаптация ерекшеліктері тақырыбында: Г. И. Ефремова, А.А. Нестерова, А.Н.Орехов, Е. А.Петрова және т.б.
С.А.Алтынбеков, Н.И.Распопова, Е.Б.Дуплякин зерттеулерінде алғашқы медико-санитарлық көмек деңгейінде зерттелген созылмалы аурулары бар науқастарда депрессиялық бұзылыстар байқалған. Оның ішінде артериалдық гипертониямен ауыратын науқастарда (82 науқаста – 66,7%), жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарда (67 науқас – 54,5%), қант диабетімен ауыратын науқастарда (23 науқас – 18,7%) және бронх демікпесі бар науқастарда ( 15 науқас- 12,2%) депрессиялық бұзылыстар кездескен.
Алғашқы медико – санитарлық көмек деңгейінде зерттелген науқастарда жеке созылмалы ауруларда кездесетін депрессиялық жағдайлар 48 % болса, қосарланған созылмалы ауруларда 52 % құраған.
Әр түрлі соматикалық патологиялары бар науқастардағы депрессивті жағдайлардың клиникалық құрылымы (С.А.Алтынбеков, Н. И.Распопова, Е. Б.Дуплякин зерттеулері)
Соматикалық бұзылыстар |
Депрессивті бұзылыстар |
Барлығы |
||||||
F06.32 |
F32-F34 |
F41-F45 |
||||||
А.ч. |
% |
А.ч. |
% |
А.ч. |
% |
А.ч. |
% |
|
Артериалды гипертония (АГ) |
5 |
16,7 |
2 |
7,2 |
23 |
35,4 |
30 |
24,4 |
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) |
2 |
6,7 |
4 |
14,3 |
11 |
16,9 |
17 |
13,8 |
Қант диабеті (ҚД) |
2 |
6,7 |
- |
- |
2 |
3,1 |
4 |
3,3 |
Бронх демікпесі (БД) |
- |
- |
3 |
10,7 |
5 |
7,7 |
8 |
5,6 |
АГ+ЖИА |
11 |
36,7 |
10 |
35,7 |
17 |
26,1 |
38 |
30,9 |
АГ+ҚД |
3 |
10 |
5 |
17,8 |
2 |
3,1 |
10 |
8,1 |
АГ+БД |
1 |
3,3 |
1 |
3,6 |
2 |
3,1 |
4 |
3,3 |
ЖИА+ҚД |
4 |
13,2 |
3 |
10,7 |
2 |
3,1 |
9 |
7,3 |
ЖИА+БД |
2 |
6,7 |
- |
- |
1 |
1,5 |
3 |
2,4 |
Барлығы |
30 |
100 |
28 |
100 |
65 |
100 |
123 |
100 |
Осы мәліметтерге байланысты жалпы тәжірибелі дәрігер тәжірибесінде созылмалы аурулар тек жеке дара емес, психологиялық ауытқулармен қосымша жүретінін байқауға болады. Ал қазіргі таңда алғашқы медико – санитарлық көмек көрсету мекемелерінде педогогикалық психологияны бітірген мамандар жұмыс істеуде. Олардың көмектері созылмалы аурулары бар науқастарға жеткіліксіз болып жатады. Оның бірнеше себебі:
- созылмалы аурулар жайында толық мағлұматтар игермеген, себебі медициналық білім алмаған;
- халықтың психолог кеңесіне әлі толық дайын еместігі;
Созылмалы аурулары бар науқастарға психологиялық көмекті жалпы тәжірибелі дәрігер көрсету арқылы, олардың өмір сапасын жақсартуға үлесін қосуы қажет деп есептейміз. Яғни жалпы тәжірибелі дәрігер әр созылмалы ауруы бар науқаспен кеңеске келген уақытында 5 минуттық психологиялық кеңес жүргізу арқылы:
- науқасты алғаш қойылған созылмалы ауруға бейімдейді, тұрақты ем алу арқылы ұзақ ремиссияға жетуге болатындығын, оның қауіпсіз екендігін түсіндіру арқылы науқастың депрессиялық жағдайға ұшырамауының алдын алады;
- диспансерлік бақылаудағы созылмалы аурулары бар науқастарды тұрақты ем алу қажеттілігін, қаралуға уақытылы келу керектігін түсіндіру арқылы науқастың комплаенттілігін арттырады;
- созылмалы ауруы бар науқастың жалпы тәжірибелі дәрігер аймақтық, емдеуші дәрігері, сондықтан науқас пен дәрігердің тіл табысуы жеңіл, жалпы тәжірибелі дәрігердің психологиялық кеңесі де тиімдірек.
Қорытынды Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында жалпы тәжірибелі дәрігерлерді қайта даярлау жүріп жатыр. Қайта даярлау бағдарламаларына психологиялық көмек негіздерін кіргізу арқылы, жалпы тәжірибелі дәрігерлердің психологиялық білімін, тәжірибесін жоғарылатуымыз керек.
Алғашқы медико – санитарлық көмек көрсететін мекемелерге жалпы тәжірибелі дәрігердің әлуметтік – психологиялық көмек көрсетуі бойынша алгоритмін жасап, тарату арқылы созылмалы аурулары бар науқастардың ауруға деген көз қарасын, емделу тәртібін өзгерту арқылы науқастардың өмір сапасын жақсартуымыз қажет.
Жалпы тәжірибелі дәрігердің әлуметтік – психологиялық кеңесі арқылы созылмалы аурулары бар науқастарда кездесетін психологиялық өзгерістердің алдын алуымыз, емдеуіміз қажет.
Қолданылған әдебиеттер
- Алтынбекова С. А., Распопова Н. И., Дуплякин Е. Б. Психосоматические и соматизированные психические расстройства у пациентов общемедицинской практики. Алматы, 2010г.
- Ковалев В.В. Соматопсихический и психосоматический аспекты депрессий у больных общесоматической практики// Депрессии в амбулаторной и общесоматической практике – М,1984. –С.5 – 11.
- Ромасенко Л. В., Абрамова И. В., Артюхова М. Г., Пархоменко И. М. Диагностика и терапия психических расстройств у пациентов общемедицинской практики: Пособие для врачей. –М.:ГНЦ ССП им. В.П. Сербского, 2006.-32 с.
- Вертоградова О. П. Депрессии в общемедицинской практике (ранняя диагностика, профилактика6 лечение)// Первый съезд психиатров социалистических стран. – М. 1987.-С.41-45.
- Вертоградова О. П. Депрессия как общемедицинская проблема// Медицина для всех.- 1997;2:4.-С10-12.
- Измайлова Н.Т. Депрессивные расстройства в общемедицинской практике и некоторые аспекты их лечения// Медицина. -2002. - №6. –С. 86-88.
- Ромасенко Л. Б., Хлебникова Л. Ю. Типология депрессий у пациентов терапевтического стационара.//Рос. Психиатр. Журн. 2003;3:С.30-33.
- Десятников В.Ф., Сорокина Т. Т. Скрытая депрессия в практике врачей. Минск, 1981, 239стр.
- Ромасенко Л. В. Депрессивные расстройства в общемедицинской практике// Терапевтический архив – М., 2006. Е.78, №10. С. 5-8.
- Чахова К. О., Ершова Е. М. Депрессия у больных с хроническими болевыми синдромамиЗДОРОВЬЕ для всех: хронические заболевания. проблемы. решения (диагностика и терапия): Пособие для врачей. –М.:ГНЦ ССП им. В. П. Сербского, 2006. – 16 с.