тақырыптың өзектілігі:
Бізге қартайған ағзадағы өзгерістерді анықтап тану, дәрілік заттармен, дәстүрлі әдістермен, емдік еДШ және инешаншумен емдеу мақсатты бағытталған кешенді ем жүргізуге мүмкіндік береді. емдік инешаншумен барлық ауру туындатушы себептерді жойып, ағзаға жалпы қуаттандырушы әсер көрсетеді.Сонымен қатар, мүшелер мен жүйелердің қызметін қалпына келтіреді. Ал бұл, әсіресе қартайған адамдарды емдеуде тиімді емдеу әдістемесі.
Әдістемесі.
Қарт адамдардың саны бүкіл әлемде өсуде. Соңғы жылдары Қазақстанда орташа жас ұзақты 69-70 жас аралығын құрайды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жетістігінің арқасында өмір сүру жасы ұзарды. Тағайындалған емнің әралуандығы науқастар арасында ересектер мен қарт адамдардың пайыздық жоғарылауына әкеліп отыр.
Қартаю – барлық адам зат ағзасының, функционалдық, морфологиялық және құрылымдық өзгерістермен баяу дамитын медициналық, биологиялық, қоғамдық үрдіс. олар әртүрлі мүшелерде, жүйелерде туындап, патологиялық бұзылыстардың пайда болуына жағдай жасайды. Ағзаның күрделі жүйелерінің қартаюы, өзара бір- бірімен және реттеу механизмдерімен тікелей байланысты.
Қарттық - биологиялық баяу дамитын онтогенездің ақырғы сатысы.
геронтология - қарттық жөніндегі ғылым, ол ерте қартаю, толық қанды өмір сүру заңдылығын зерттейді.
гератрия - қарт адамдарда аурудың даму ерекшеліктерін, ағымын, емін, және алдын алу шараларын зерттейді.
Қарт адамдарда дамитын көпшілік аурулар жас кезіндегі өзгерістермен тікелей байланысты. Өмірінің соңына қарай созылмалы ауруы жоқ, қартайған кісілер өте сирек жағдайда кездеседі. Бұл аурулар қатары әртүрлі ішкі себептердің әсерінен туындайды.
Қартаюдың себептерін 2 топқа бөлуге болады: эндогенді, экзогенді.
Қартаюдың эндогенді үрдісіне қатысатындар: Ағзада өмір сүруі кезінде зат алмасу үрдістерінің және түзілімдердің метоболизмдік әсерінен пайда болған аутоинтоксикациялық өнімдер мен генетикалық факторлар.
Қартаюдың экзогенді үрдісіне қатысатындар: Ағзаға аз және көп зақымданушылық әсер көрсететін, барлық қоршаған ортадағы зиянды себептер, жылдар бойы баяу дамитын, психоэмоционалды және физикалық күш түсулер, тамақтанудың бұзылуы, инфекция, интоксикация, сәулемен улану, механикалық жарақаттар.
Қартаю үрдісінің ең негізгі бегілері:
морфологиялық тұрғыдан: жасушалық және жасушаішілікқұрылымдыққабылдаушылықтыңбұзылысы, функциональды маңызды жасушалардың қызметінің төмендеуі, қарттық сему (атрофия ) -лық жағдайлар. Сусыздану, терінің әжімденуі және серпімділігінің төмендеуі, депигментация, шаштың ұштануы, шөгінділер мен сүйек тінінің өсінділері байқалады.
Функционалдық тұрғыдан: өмірлік үрдістердің реттеуші нейрогормональды координациясы мен ырғақ бұзылыстары. Әлеуметтік ортаға және биологиялық қажеттіліктер мен талаптарына бейімделушіліктің төмендеуі. Ағзадағы ауру мен жағымсыз әсерлерге төзімділік әлсіреп, бұлшық ет серпімділігі мен физикалық күштің төмендеуі.
психологиялық тұрғыдан: жұмысқа қабілеті мен ойлау мүмкіншіліктерінің, (ұмытшақтық) есте сақтаудың төмендеуі. Өзін- өзі ұстанымың бұзылысы.Психоэмоциональды сезімталдық эмоциональдық қозғыштықтан эмоциональдық мылқаулыққа дейінгі өзгерісі. Сезім мүшелер (иіс, көру, есіту, сипап сезу) қызметінің төмендеуі.Ұйқы мезгілінің ауысуы. Өзін өзгелерден шеттетіліп, жалғыз қалғандай сезінуі. Мұнымен қоса, айналасындағы адамдардың оған көңіл бөлуін қалайды.
Қарттық атрофиялық және дегенеративті өзгерістермен (тірек қимыл аппаратында, бұлшық еттерде, эндокриндік жүйелерде т.б.) көрінетін, ағза жүйелер қызметінің бұзылысы.
Қарт адамдарда орталық жүйке жүйесінің реттеуші қабілеті төмен болады. жүйке талшықтары зақымданып, шеткеріден орталық жүйке жүйесіне келіп түсетін ақпараттар бұзылысқа ұшырайды. жүйке орталықтары болса, оларды дұрыс емес ақпараттандырады. Қартаю үрдісі кезінде гипоталамустың реттеу қабілеті бұзылады. Шеткері бөлімнің вегетативті жүйке жүйесінің рецепторларының белсенділігі төмендейді.
Қартаю ерекшеліктеріне байланысты қан айналым жүйесі өзгерістерге ұшырайды. осының әсерінен қан айналысы өз қызметін дұрыс атқара алмайды. Қан қысымының жоғарылауы ірі қан тамырларының серпінділік (эластикалық) қабілетінің жоғалуы мен шеткері қан тамырлардың кенеюімен байланысты.
Үлкен және кіші қан айналым шеңберінің өзгерістерге ұшырау нәтижесінде өкпеден оттегіні алып, тіндерге таратылуы төмендейді. осы жағдай қартаюдың гипоксиялық себебі болып табылады. гипоксия дәрежесі, тыныс алу жүйесінің қаншалықты өзгерістерге ұшырауына байланысты.
ағзаның қартаюы кезінде эндокриндік жүйенің және иммунитет белсенділігінің төмендеуі байқалады.
Қартаю үрдісі кезінде маңызды өзгерістер асқорыту жүйесінде де байқалады. иіс сезу пиязшықтары, дәм сорғыштар және сілекей бездері дәнекер және май тіндері мен алмастырылады. атрофиялық үрдістер нәтижесінде асқазанның шырышты қабаты жұқарарып, секрет бөлу және маторикалық қызметінің төмендеуіне әкеледі. асқазан сөлінің қышқылдылығының, ферменттер концентрациясының төмендеу белгілері нәтижесінде, асқазан ішек жолдарында асқорыту бұзылады. Бауырдың паринхиматоздық жасушаларының саны азайып, гликоген түзу , белокты синтездейтін және антитоксикалық қызметінің төмендеуіне әкеледі. Қартайған адамдарда бүйректік қан айналым жүйесі азайып, шумақтың сүзгіштігі төмендейді.
Емдеудің басты ерекшелігі болып: адам өмірін ұзартумен қатар, ағзаның ауруға қарсы тұру қабілетін немесе конвепсаторлық механизімін, жүйелердегі қызметінің бұзылыстарын қалпына келтіру, еңбекке және қоғамдық қызметтерге белсене араласуына мүмкіндік беру болып табылады.
Ең алдымен, қартайған адамдарда көптеген патологиялық үрдістердің болатындығын ескерген жөн. Мұқият тексеру барысында физиологиялық жүйелерде әртүрлі өзгерістер анықталады. олар негізінен жас ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Клиникалық тексеру барысында орташа есеппен егде жастағы адамдарда бестен кем емес ауру түрі анықталынады. олардың ішінде түрлі деңгейде клиникалық симптомдар кездеседі: жүрек пен бас миы қан тамырларының атеросклероздық зақымдануы (жүректің ишемиялық ауруы, дисциркуляторлы атеросклероздық эцефалопатия), гипертониялық ауру, өкпе эмфиземасы, өт тас ауруы, созылмалы пиелонефрит, қант диабеті, омыртқаның түрлі бөлімінің остеохондрозы, шеткі буындардың деформацияланған артрозы, көз аурулары (катаракта, глаукома), кереңдік ( есту жүйкесінің невриті немесе атеросклерозы нәтижесінде), жиі психикалық депрессиялар ( қартайған адамдардың 10% да).
адамдар 40 – 45 жасқа келгенде әртүрлі аурулармен сырқаттанады. Ересек, әсіресе егде жастағы адамдарда патологиялық жағдайдың қалпына келу үрдісі өте баяу. Сондықтан да, қартайған адамдар тобының ағзасын ерекше мұқияттылықпен емдеуді қажет етеді. гериатриялық тәжірибеде реабилитациялық (қалпына келтіру) шараларының қиындығы жиі патологиялық үрдістердің , қолданылып жатқан емнің дұрыс бақылау жасай алмайтындығында. Емдеуші дәрігер ұсынысындағы науқастың дәрілердің кері әсері.
Қартайған адам ағзасындағы өзгерістерді тани білу, бізге дәрілік заттармен, физиотерапиялық әдістермен, емдік ЕДШ және инешаншумен емдеу мақсатты бағытталған кешенді ем қолдануға мүмкіндік береді. аурудың себебіне байланысты әр адамның өз ерекшелігіне сай кешенді дифференцияцияланған ем құрастырылады.
инешаншудың ерекшелігі болып, әрбір жеке адамға тән дозасы мен әсер ету ерекшелігіне байланысты емдік факторлар таңдап алыну. Сонымен қоса, инешаншумен емдеуде ағза тепе-тендік жағдайда тұрған бір бүтін жүйе ретінде қарастырылады. ал кез келген аурудың туындауы осы бір немесе бірнеше функционалдық жүйелердің тепе -теңдігінің немесе ішкі энергетикалық баланыстың бұзылуы әсерінен пайда болады деп есептеледі.
Емдік инешаншу барлық ауру туындатушы себептерді жояды,ағзаға жалпы қуаттандырушы әсер етеді, бір- бірімен байланысты мүшелер мен жүйелердің қызметін қалпына келтіреді. ал бұл, әсіресе қартайған адамдарды емдеуде таптырмайтын емдеу әдісі болып табылады. Бір рет қолданған инешаншумен емдеу барысында түрлі куаттық биологиялық нүктелерге әсер етуі, қартайған адамдардың түрлі дәрежедегі мүшелер мен жүйелерге тура бағытталып қойылады. инешаншумен емдеу әдісі науқастың психикалық жағдайына әсерін тигізуі мүмкін – гериатрия тәжірибесінде маңызды ұйқы үрдісін қалыптастыру мен есте сақтауды қалпына келтіруден, психоэмоциональдық бұзылыстарды түзетуге бейімдеу қажет.
Ересек және егде науқастарда тамыр ұстау, инешаншу әдісімен емдеуді бастамас бұрын, емдеуші дәрігер мен науқас арасында сенімді байланыс туындауы қажет. Сол кезде ғана науқасымыз өзін мазалайтын жағдайларын толығымен айтып береді, ал дәрігер болса, аурудың жазылуына дұрыс емдеу жоспарын құрастыруға мүмкіндік алады. Сеніміне кірген дәрігер ғана науқастың өз денсаулығы үшін соңына шейін күресуге, қалпына келтіруге , емнің эффектілігін жоғарылатуға мүмкіншілігі зор.
Ерте қартаюдың алдын алу мақсатында ежелгі Қытай дәрігерлері күнделікті қуаттандырушы (белсенді нүктелерді: Е36, Gi4, Gi11 ) «ұзақ өмір сүру нүктелері» деп аталатын биологиялық белсенді нүктелер қатарын шаншуды немесе уқалауды тағайындаған. ал 60 жастан асқан қарт адамдарға Е36 нүктесін ретті жусанмен қыздырған.
гомеопатия
гомеопатия бұл жалпы дәрілік емдеудің, баламалы терапиялық әдісі. Тәжірибелі дәрігерлердің айтуынша, гомеопатия, маңыздылығы жоғары ісік немесе қантты диабет (сусамыр) тәріздес ауруды емдеуде қолданылады.
гомеопатия «ұқсастықты ұқсастықпен емдеу» («подобное лечится подобным») теориясына негізделген. гомеопатиялық ісіктердің ағзаның қарсы тұру жүйесін белсендіреді.
алғаш рет гомеопатиялық медицинаны сипаттаған неміс дәрігері Самуэлем ганеман болып табылады. 1810 жылығы жұмысында, Хин тамырымен жүргізілген тәжірибесі айтылған. жоғарғы дозада маляриді емдеукезінде пайда болған нәтиже, аз дозада да пайда болған. Науқастардың жазылуына бірдей әсер көрсеткен.
гомеопатиялық заттардың қалай әсер ететіндігің толық зерттелмеген. Ол ашылмаған кұпия. Дәрігер ганеман белсенді заттардың ағзаға түсетін дозасы қаншалықты аз болса, соншалықты әсері жоғары деп тұжырымдайды .гомеопатиялық заттардың ғылыми анализінде емдік дозасының аз болғаны сонша, ағзада заттың жанама әсерін анықтау өте қиынға соққан.
көпшілігі «плацебо әсері» теориясын ұсынады. Тәжірибеде ешқандайда дәрі қабылдамаған адамдарға қарағанда, плацебо қабылдаған адамдар өздерін жақсы сезінгендігін көрсеткен.
гомеопатиялық заттарды қабылдаған миллиондаған адамдар, баламалы әдістің әсерінен сауығып кеткендігін насиқаттап, қолдауға дайын. Бірақ , бұл бұл емдеу әдісімен келіспейтіндердің де қатары аз емес.
гомеопатия мынадай аурулар қатарын емдеуде қолданылады: тырыспа, экзема, артриттер, тері
ауруларында, етеккір алды синдромында, созылмалы шаршау синдромы, жөтел, суықтау, грипп және тағы басқа.
Ұлыбританияда гомеопатия тектес препаттарға жалпы халықтың 10% ға жуығы тұтынады, және жылына 500 мың адам гомеопатияға кеңес алуға келеді.
Қорытынды:
Бұрынғы заманнан қазіргі уақытқа дейін қартаюдың алдын алу және гериатрияда емдік мақсатта қолдануда инешаншудың маңызы зор.
гомеопатиялық заттар толық зерттелмегенімен миллиондаған адамдар, баламалы әдісті қолданып сауығып кеткендігі дәлелденген. Сондықтан бұл саланы кеңірек зерттеп, баламалы әдісті халық игілігіне пайдалану мүмкіншілігі зор.
Әдебиеттер:
- В.Г. Вогралик, М.В. Вогралик. «Акупунктура», 2001.
- Гаваа Лувсан. «Традиционные и современные аспекты восточной рефлексотерапии». 1991.
- И.З. Самосюк, В.П. Лысенюк. «Акупунктура», 1994.
- Д. Сингх. «Практическая энциклопедия восточной терапии», 1997.
- «Гериатрия» под ред. Д.Ф. Чеботарева, 1990.