Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жедел аппендициттің емінде лапароскопиялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі

Тақырыптың өзектілігі: Жедел аппендицит ауруымен сырқаттанушылық көп болғандықтан оның диагностикасы мен емі өзекті мәселе қатарында (тұрғандардың 4–6%-да осы ақау кездеседі). Хирургиялық стационарға жатқызылған барлық пациенттердің 20-50 % жедел аппендицитпен түскен науқастар құрайды. Бір қатар авторлардың пікірінше диагностикалық қателіктер 12–31% жағдайда кездеседі, ал, жеткіншектер мен егде жастағы адамдарда қателіктер жиі болып тұрады. Операциядан кейінгі асқынулар жиілігі 0,25%-дан 32,6% дейінгі жоғарғы көрсеткіштерді ұстап тұр (Борисов А. Е., 2003).

Көптеген авторлардың жазбасы бойынша жедел аппендицит себебінен болған өлім саны 0,25 - 0,3%-ды құрайды, аталмыш сырқаттан дүние жүзі бойынша жылына 40 000-ға жуық адам одүниелік болады екен (Коваленко А.А., 2007; Н.С. Утешев., 2010; Rattner D., Kaloo A., 2006.).

Статистикалық есептің соңғы қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында бұл көрсеткіш 0,15%-ға жуық.

Кейбір авторлардың зерттеулерінде жедел аппендицит жедел жәрдем дәрігерлерімен 8 – 10%, стационарда 5 – 12% жағдайларда анықталмайтындығын жазады (Лещенко И.Г., 2003; В.Д. Левитский., 2010; Паппас Н.Теодор., 2012;).

Гипердиагностиканың кесірінен пациенттердің 30%- да, ал жеткіншектер мен әйелдерде 40-45% жағдайда аппендэктомия себепсіз жасалынады (Дурманов К.Д., Джумабеков А.Т., 1995; Ротков И.А., 2006; Н.С.Утешев., 2010.).

Зерттеудің мақсаты: Жедел аппендицит емінде видеолапароскопиялық технологияларды қолданғандағы экономикалық тиімділікті анықтау.

Материалдар мен әдістер: Лапароскопияның тиімділігін анықтау үшін, біз 2010-2012 жылдар аралығында ОҚКА-на жедел аппендицит диагнозымен емделген науқастарды екі топқа бөліп, науқастардың ем нәтижесін салыстырдық. Негізгі топқа эндовидеохирургиялық жолмен емделгендер кірсе, бақылау тобына дәстүрлі әдісті пайдаланған науқастар құрады (Сурет 1).

30

Негізгі топты 217 пациент құрады. Қорытынды клиникалық диагноздарының мәліметтері бойынша флегмонозды аппендицит 150 науқаста (69,12%), гангренозды перфоративті аппендицит 66 науқаста (30,41%) кездесті. Және де бір науқаста жәй аппендицит болды, яғни 0,46%.

Бақылау тобында 2973 пациент зерттелді. Бұл топта флегмонозды аппендицит 1263 (42,48%) болса, гангренозды перфоративті аппендицит 724 (24,35%) науқаста анықталды. Көңіл аударар жағдай патоморфологиялық тексерудің қорытындысында 184 (6,18%) науқаста жедел жәй аппендицит кездессе, 239 (8,03%) науқаста екіншілік өзгерген құрт тәрізді өсінді анықталды. Мұндай қорытынды негізгі топта бір ғана жағдайда кездескен. (Сурет 2).

Тексеру барысында перитониттің кездесу жиілігіне мән аудардық, негізгі топта 71,23% жағдайда кездессе, бақылау тобында бұл көрсеткіш 67,80% жағдайды құрады.

Негізгі топта құрт тәрізді өсіндінің деструктивті өзгеруіне байланысты және орналасу қалпы атипиялық болғандықтан техникалық қиыншылықтар болу себебінен конверсия саны 18-ге жуық. Релапароскопия екі жағдайда кездесті.

Бақылау тобында 1 жағдайда релапаротомия болған (Сурет 3).

Сурет 3. Отаны аяқтау нәтижелері.

Бақылау тобында дәстүрлі әдістен кейінгі асқынулар 127(4,2%) науқаста кездесті, олар операциядан кейінгі жараның іріңдеуі және жарадағы инфильтраттың болуы (Сурет 4).

Ота түрлері

Ота әдістері

лапароскопиялық

n=217

дәстүрлі n=2410

Конверсия

18 (8,29%)

-

Релапароско

пия

2 (0,92%)

-

Релапаротомия

0

1 (0,04%)

Негізгі топта лапароскопиялық әдістен кейінгі операциядан кейінгі асқыну 2 (0,46%) жағдайда кездесті, олар құрт тәрізді өсіндінің шажырқайынан қан кету және құрт тәрізді өсінді құлтығының босап кетуі.

Екі топтағы науқастардың стационарда өткізген төсек бейіні мерзімі салыстырмалы есептелініп, орташа алғандағы төсек бейіні мезгілінің саны шығарылды (Сурет 7).

Эндовидеохирургиялық технологияның экономикалық тиімділігін дәлелдеу мақсатында біздер екі топтағы науқастардың оталарына кеткен материалдар шығынын есептедік. Атап айтқанда ота жасау барысында жұмсалынған құрал жабдықтар, операцияда және одан кейін қабылдаған дәрілік заттар, отадан кейін жара күтіміне жұмсалған заттар жиынтығы, жалпы алғанда бір науқасқа кететін шығын көлемі есептелінді (Сурет 8).

Сурет 8. Экономикалық көрсеткіштердің салыстырмалы сараптама қорытындысы (теңгелей).

Ота әдістері

Отаға кеткен шығын

Медикамент- терге кеткен шығын

Таңғыш заттарына кеткен шығын

Бір науқасқа кететін шығын

Лапароскопиялық

1427,49

13219,57

4513,95

19161,01

әдіс

±0,75

±0,82

±0,15

±0,57

Дәстүрлі әдіс

3171,19

15130,96

6800,85

25103,0

±0,30

±0,78

±0,10

±0,39

Ескерту – нәтижелер статистикалық нақты: - Р ≤ 0,05.

       

Қорытынды: жоғарыда жасалынған бірқатар зерттеулердің нәтижесінде жедел аппендициттің емінде лапароскопиялық әдісті қолдану:

Себепсіз жасалынған аппендэктомия санының 6 есеге қысқаруына, операциядан кейінгі кейінгі асқыну жиілігі 5 есеге дейін азаюына, стационарда науқастардың емдеуге кететін мезгілінің 2 тәулікке дейін шегерілуіне, пациенттің толық еміне кететін материалдық шығынның 25%-ға дейін үнемделуіне алып келеді.

 

ПайдаЛанЫЛҒан ӘдеБиеТТер ТіЗіМі

  1. 1. Джумабеков А.Т., и соавт. Видеолапароскопия в диагностике и лечении острого аппендицита //Тезисы III Конгресса с международным участием «Инновации в хирургии».// №1, 2012z.-C.27.;
  2. Дурманов К.Д., Джумабеков А.Т., //Сборник работ научно-практической конференции посвященной 25-летию ЦГКБ г.Аматы.// Алматы,1996г.;
  3. Борисов А. Е., и соавт. Лапароскопическая аппендэктомия. Видеоэндоскопические вмешательства на органах живота, груди и забрюшинного пространства: Рук. для врачей, - СПб., 2002г.- С.63-75.;
  4. Коваленко А.А., Анализ и пути снижения летальности при семи формах острого живота в хирургических стационарах, автореф, дис. к.м.н.СПб.-2007г.-25с.;
  5. УтешевН.С., и соавт., Острый аппендицит. Современные методы диагностики и лечения острого аппендицита и его осложнений. 2010г.-С.3-10.;
  6. Лещенко И.Г., Гнойная хирургическая инфекция. Монография 2003.-С.326;
  7. Левитский В.Д., //Видеолапароскопия в диагностике и лечении острого аппендицита// автореферат на соискание ученой степени к.м.н. 2011.;
  8. 8. //Лапароскопическая хирургия под редакцией Теодора Н. Паппаса.// перевод с англ.профессор С.С. Харнаса., 2012.-С.129- 140;
  9. 9. Rattner D., Kaloo A., ASGE/SAGES Working group on natural orifice transluminal endoscopic surgery// Surg. Endosc. - 2006.-Vol.20.-P.329-333;

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.