Бұл мақала кораллов невролитиазын хирургиялық емдеуге ұсынылған.Іп sito тастарды астауДың кішкене кескен тесігінен жəне бүйрек паренхимасынан бөліп алу.
Зəр тасы туралы мәліметтің адамзатқа өте ерте дүниеден бері ақ белгілі болғандығы жөніндегі ақпар Египеттегі, біздің дәуірімізге дейінгі 3500-4000 жылдары мумияланған адам денесін зерттеген кезде табылған .Кейбір аймақтарда зəр тасы кеселімен адамдардың жап- пай ауыратыны байқалады, мұндай жерлерді эндемикалық аймақтар дейді. Дүние жүзінде зəр тасы сырқаты Австрияда, Нидерландияда, Югославияда, Грецияда, Туркияда, Сирияда, Мысырда, Бразилияда, АҚШ тың шығыс аудандарында, Түркіменстанда, Тәжікстанда, Өзбекстанда, Кавказда, Еділ бойында, Оралда, Қиыр Сібірде, ал Қазақстанның оңтүстік аймақтарында (Шымкентте,Кызылордада ) өте жиі ұшырасады.Мұның өзі зəр тасының пайда болуында экзогенді факторладың ( географиялық, ұлттық салт дәсүрлер , тамақтану ерекшеліктері тб. ) үлкен роль атқаратындығын дәлелдейді. ( Ормантаев К.С.,Чичикасов О.Я. 1975, Пулатов А.Т. 1990 ). Ұл балалар қыздарға қарағанда 2-3 есе көп ауырады.
Бүйректің үлкен маржан тәріздес ( кораллов ) тастарын қазіргі урологияда жоғары технологиялық аз инвазивті әдістермен бұзу жəне конкрементерін алу да қиыншылық туғызуда. Арақашықтық (дистанция) литотрипсия жəне əр түрлі контакті перкутанды,трансуретральды əр түрлі энергияның көмегімен механикалық жəне лазерлі жəне де басқа эндоурологиялық әдістер кей жағдайда техникалық тұрғыдан орындау өте қиын.Сондықтан бүйректің маржан тәріздес (короллов) тастарын ашық хирургиялық ашық ем- деу өте ыңғайлы , көптеген жағдайларда ең маңыздысы да болып саналады. Секциялы нефролитотомия өте ауқымды жəне қауыпті оталау, бұл операцияның қауыпі тастардың бөлінуін азайтатын жəне нефротомды жəне пиелотомды жолдармен алуын қиындатады.
томия , несеп ағарға турникет салынды, тостақаншаның жоғарғы мойын аралығына дейін артқы пиелолитотомия жасалынды, астау несеп ағар сегментінен жəне төменгі тостақаншадан шығып тұрған тас бөлігі мықты қысқашпен бұзылды. Бұзылған бөлішектері алынғаннан соң, қалған тас үлкен бөлігімен алынды. Ревизия жасағанда резиду- альды тастар қалған жоқ.Операция пиелостомия жасаумен аяқталды. Операциядан кейінгі кезең барлық операциядан кейін асқынусыз өтті. Бұл кездерде бүйректің жарақаттануы болған жоқ,қан тамырларға турникетті салудың қажеті жоқ жəне қан ағу, тромбоз, іріңді септикалық аурулардың болу қауіпі төмен.
Демек, бүйректің үлкен (коралл ) маржан тәріздес тастарын емдеуде маңыздысы ашық литолапаксия,алдын ала конкрементерді фрагментациялап кішкене кескін жара бойынша алынатын әдіс.
Əдебиеттер
- «Балалардағы уролитиаз » Пулатов А.Т. Ленинград, 1990
- «Несеп - тас ауруы. Зерттеу жəне емдеудің таңдаулы сұрақтары » Аляев Ю.Г., Руденко В.И.,Газимиев М.А.Москва 2006 ж.
- «Соққы толқынды дистационды литотрипсияның асқынуы » Москва 2001 ж. Аляев Ю. Г., Рапопорт Л. М .,Руденко В.И.,Винаров А.З.
- «Балалар урологиясы «Сұлтанбек Ешмұхамбеттегі 1994 жыл.
- Кілітті сөздер: нефролитиаз, кораллов тасы, нефролито- томия, пиелолитотомия, литолапаксия,литотрипсия.