Мақалада иерсиниоздың диагностикасы жəне еміне арналған, өйткені бұл ауру тек инфекционситтердің ғана проблемасы емес, ол бала Дәрігерлері, терапевттерДің, хирургтарДың жəне ДерматологтарДың проблемасы болып отыр.
Иерсиниоз аурулары əлем бойынша 0,4% до 16,0-22,0% аралығында тербелуде, дегенмен кейбір ғалымдардың айтуы бойынша бұл аурулар саны 10 есе көп, диагноз дер кезінде қойылмайды немесе басқа диагноздармен өтеді [1,2].
Қазақстанда соңғы жылдары ішек энтериттерінің ішінде Y.enterocolitica (ішек иерсиниозы) ғана тіркеліп отыр. Ал жеке түрде Y.pseudotuberculosis, Y.kristensenii, Y.frederiksenii, Y.intermedia шақырылатындар тіркелмеген. 1990 жылмен 2001 жыл аралығында, республикада жыл сайын 251-ден 1553 ішек иерсиниозымен науұқастар тіркелген, үдемелі көрсеткіштері 100 мың тұрғындарға шаққан 1,85—9,32 құрайды. Егерде салыстырмалы түрде алатын болсақ ша- мамен 5 есеге төмендеді деуге болады. Яғни 100 тұрғынға шаққанда 1990 жылы 9,32 ± 0,5 болса, 2001 жылы - 1,56 ± 0,01 құрады. 1990 жылы Қазақстанда иерсиниоз бір келкі емес 19 облыста кездесті. Оның ішінде көбінесе Алматы облысына 723 науқас кездессе, Жамбыл облысында 510 адам жəне шығыс қазақстан облысында 3960 адам құрады. Көкшетау қаласында бірен-саран кездесіп отыр [3]. Соңғы жылдары мəлíметтер аса өзгерістер бермеген.
Дегенмен терідегі түрлері бірен-сараң мақалаларда берілген жəне олардың терідегі көріністері айқындалып жазылмаған, сондықтан жиі кездесетін ішек аурулары болғандықтан, соңғы жылдары санының өсуі жəне диа- гностикалау тəсíлдерíнщ өзгерулеріне байланысты, біз өз бақылауымызды талдауға салу дұрыс көрдік.
Науқас А ауру тарихы №231 8 жаста емханаға анасы дерматолог мамандыңына алып келген. Шағымы баласының 8-9 күн бойына дене қысуының 37 0С көтеріліетіндігін, аздап іш ауруына, аздап іш өтетіндігіне шағымданған. 7-8 күннен бері буындарының ауыратынына жəне терісіне бөртпелердің шығатындығын байқаған. Бөртпелерірің орналсуы аяқ-қолдарында, денесінің бүйірлерінде, алақан-табндарында ашық қызыл түсті, шамалы қышыну белгілері болған. 5-6 күннен кейін бөртпелер бозғылттанып, қабыршақтану белгілері пайда бола бастаған.
Науқас бала анасының екінші жүктлігінен туылған. Анасы жүктіліктің бірінші жұмасынан бастап түсік қаупі бойынша ауруханада жатып емделген: қабылдаған емдері магний сульфаты, дəрумендер. Жүктіліктің 37-38 аптасын- да баланы Кесеров әдісі юойынша тудырып алған.
Науқас бала асфиксияменен туалған. Дамуы жасы- на аай өткен. 1,5 жасқа дейін емізген. Жасына егілген. Аллергиялық реакциялар байқамаған.
Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене пішімі жасына сай. Сүйек-буын жүйесінің көзге көрінерлік ақаулары жоқ. Кеудесінің пішімі бұзылыссыз, өкпедегі тынысы везикулярлық, сырыл жоқ. Пульс минутына 72 рет, ритмді, жақсы толыққан. Жүрек соғысы жиіреген 90 рет минутына, қан қысымы 110\70 мм рт.бғ. Тілі ақшыл қою жабындымен көмкерілген. Ішінің пішімі өзгермеген. Бауыры үлкеймеген, сипап қарағанда сезімтал. Кқк бауыр үлкеймеген.
Status lokalis: терідегі көрініс қабынған, жайылмалы, көбінде аяқ-қол, денесінде: кеуде, арқа, бүйір тұстарында, балтырының алдынғы бетінде жəне табандарында орналасқан. Бөртпелер полиморфты: аяқ-қол, кеудесінде, табанында ақшыл қызғылт түсті дақтармен көрінсе, бүйір тұсында терісінің құрғауы жəне сызықты қышыну белгілерімен көрінген.
Аурудың басталуын асханда тамақтан уланудан көрген.
Науқасқа кан сарысуын жəне зəрíн ИФА диагностика жіберген болатынбыз: ондағы IgG антиденешігі оң нəтиже беріп. Инфекционист дəрíгерíн шақыра отырып қарап, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберген болатынбыз.
Ауруханда науқастың зеттеулері: жалпы қан анализі
Лабораторные исследования: ОАК – эрит. – 4,3 х 1012\л, Нв -127 г\л, ц.п.- 0,9, лейк. – 9,6 х 109 \л, эоз. – 5%, пал. – 2%, сег. – 62%, лимф. – 30%, мон. – 1%, СОЭ – 22 мм\ч. Общ. белок – 67 г\л, АлАТ – 1,24 мк, АсАТ – 0,22 мк, сахар – 5,0 мм\л, общ.билирубин – 22,6 ммоль\л, холестерин – 4,3 ммоль\л. ОАМ протеинурия, икрогематурия. Посев на грибы – отр. Кал на я\глист – отр. Иммунологическое обследование: Т-лимфопения за счёт снижения относительного количества активных Т-лимфоцитов. Снижение функциональной активности Т – системы.
Ауруханда қан сарысуында, зəр, нəжíсíнде полимеразды тізбешік реакциясында Yersinia enterocolitica антиденешігін тауып. Серология əдíсí бойынша титры 1:120 табылған.
Қабылдаған ем шаралары: Гентамицин 80 мг күніне 2 рет 10 күн, доксоциклин 100 мг 2 рет 12 күн. Дюфликан 10 мг 1 рет күніне 7 күн.
Қорытынды: атқарылған істердің нəтижелерíне сүйене отырып айтар болсақ, жоғары зерттеулерді дер кезінде жасауына байланысты диагнозды уақтылы қойып, науқасты дұрыс ем қабылдауына негіз тудырып отырмыз.
Қолданылған әдібиеттер
- Учайкин В.Ф. , Гордеец А.В. , Бениова С.Н. . Иерсиниозы у детей. ГЭОТАР-Медиа, Москва, 2008 г.
- Максимова О.Г. ,. Петрухина И.И. Заболевания органов пищеварения у детей. Издатель: Феникс, Москва, 2006
- Некрасова JI.E. Иерсиниозы в Республике Казахстан // Эпидемиология и инфекционные болезни. 2004. — № 2. — С. 18-20.