Авторы туралы мәліметтер. Абдрахманова Арадк Қурманбаевна – заң ғылымдарының магистрі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің аға оқытушысы.
Аннотация. Мақалада Орта Азия аумағында туып, қазірге дейін қазақ мәдениетінде сақталған исламның мәдени құндылықтары қарастырылған. Автор осы мәселе бойынша ғалымдар мен зерттеушілердің пікірлерін келтіреді. Мақалада аталмыш мәселелер бойынша талдау жасалған.
Мәдениет философиясы мен тарихы шеңберінде құндылықтар мәселесінің сараптамасы құндылықтар жүйесінің басымдылығын орнатуға түрлі тарихи кезеңдер және мәдени-тарихи парадигмалардың ауысуы әсер ететіндігін көрсетеді. Сонымен, құндылық спецификасы мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде құндылық мәдениеттің адами өлшемін, адам болмысының, өмір сүру формасына қатыстылығын өз бойында жүзеге асырады. Ол адамның барлық рухани түрлілігін сезімге, парасатқа және адам еркіне жинақтайтындай. Осы ойлардың негізге ала отырып, құндылық бұл өмірдің сапасын тек саналы түрде ғана емес, сондай-ақ экзистенциалды сезіну деген тұжырым жасауға болады. Құран Кәрімдегі құндылықтар жіктеуіне назар аударатын болсақ, көңіл қалауымен жасалатын іс-әрекеттердің бет пердесі болып табылатын құндылықтардың ерекшелігі, олардың қандай жүйеге негізделгендігі назар аудартарлық жайт. Басқаша айтқанда, Құран – адам баласының қимыләрекеттерінің құндылықтарға сай жасалуын қалайды.
Дін дегеніміз жаратылысы бөлек нәрселер мен олардың бейнелерінің адамдардың жанына сәулеленуі. Ол – адамдардың рухани қиял елесіндегі қабыл алатын, ереже тұтатын, сыйлайтын, ардақтатын және құлшылық ететін тылсым күштер жиынтығы болып табылатын қоғамдық сананың бір түрі. Осы тұрғыда Ислам діні имандылық арқылы өз принциптерін түсіндіреді, басқалардың онымен танысуына мүмкіндік береді. Иман – ақыл-ойдың оянуы мен рухани сенімнің, ақиқатты парасатпен танып, одан соң ақиқат жолына түсудің нәтижесі.
Дүниеге көзқарас адам қағымымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Қоршаған дүние жайлы көзқарастың қалыптасуы танымға байланысты. Кез келген тарихи кезеңдерде дүние, табиғат оның түрлі құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі болады. Дүниеге көзқарас адамзат санасының дүниетанымының қажетті бөлігі. Отандық философ М. Орынбеков: “Дүниетаным жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы жайлы ұғымдарының жиынтығы, дүниенің біртұтастығын түсіну нәтижесі болып табылады”, дейді. Дүниетанымның басты категориясы ретінде “ дүние ” және “адам” алынады.
Дүниетану күрделі рухани жүйе. Дүниетаным, адам, оның орнын анықтау, табиғаттың құбылыстары мен заңдылықтарын тану философиялық дүниетанымның негізгі мәселелері болып саналады. Дүниетаным адам санасының қоғам, табиғат құбылыстарының ғылыми түсінігін қамтиды. Дүниеге көзқарас жеке адамның, әлеуметтік топтың, топтың немесе тұтас қоғамның қызметінің бағыты және шындыққа деген қатынасын айқындайтын ұстанымдардың, көзқарастардың мақсат-міндеттер мен сенімдердің жүйесі. Бірінші көзқарас Орта ғасырлық христиандық және мұсылман философиясында басым болды. Августин, Тертуллиан, Аквинат адамды ақыл адастырады, сондықтан құдайды және ол жаратқан дүниені танып-білу үшін сенім жеткілікті деп есептеді. Тертуллиан: “Сенемін, себебі абсурдты”. Сенім мен ақылдың арақатынасын түсіндіруде Аквинаттың ролі ерекше. Ол сенімді жоғары қоя отырып, оны біржақты қолдамай, ақыл мен сенімнің арасындағы ортақ жақтарын да талдауға, олардың таным объектісінің бір екендігіне және таным тәсілдер бірін-бірі толықтыра алатынына назар аударуға ұмтылды. Кейінірек оның ілімін жалғастырушылар неотомизм бағытын қалыптастырды, 1879 жылы папа Лев XIII бұл бағытты христиандық католиктік діннің негізгі қағидаларын дұрыс түсіндіретін жалғыз философия деп жариялады.
Діни сенім бостандығы адамның негізгі және ажырамас құқықтарының бірі. Біздің қоғамымыз ұзақ жылдардан кейін осы түсінікке келді. Қазақстан Республикасы Конституциясының “Адам және азамат” деп аталатын екінші бөлімінің 19-бабының бірінші тармағы және 22-бабының бірінші және екінші тармақтары Қазақстанның əрбір азаматы діни бостандыққа құқылы екендігін заң түрінде бекітеді. Сонымен қатар, əрбір адам басқа дінді ұстанған адамға да, құдайға сенбейтін адамға да түсіністікпен, шыдамдылықпен қарауы тиіс. Сонда ғана адамдардың арасында достық, сыйластық, ынтымақтастық қалыптасып, қоғамдағы тұрақтылық сақталады.
Ислам діні қазақ қоғамына қылыштың жүзімен таралмады. Өйткені мұсылмандар белгілі бір елді басып алу үшін емес, қараңғылық түнегінде мүлгіген бүкіл әлемге жарық сәулесін түсірген Ислам нұрына бөленуге шақырып, Жаратушы мен пенделердің арасында дәнекер болу мақсатында жорыққа шыққан. Исламның таралуының мақсатын дұрыс түсінген Қазақ жеріндегі түркі әлеміне жататын мемлекет басшылары мемлекеттік дінге айналдыра бастады. Түркілер ислам дінінің пайда болуынан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын әлемдік тарихи процестің белсенді субъектісінен айналды. Ашина державасы көршілес жатқан мемлекеттерді өзімен қуатты мемлекет ретінде санасуға мәжбүр етті. Осы уақыттардан бастап түркілер Еуразия даласындағы барлық тарихи оқиғалардың бел ортасында жүріп, өркениеттік дамудың бағыт-бағдарын айқындауға пәрменді ықпал етті [1, 223 б.].
Түркі тайпаларын исламдандыру бірнеше ғасыр ларға созылды. Бұл ретте Талас маңында арабтардың 751 жылы қарақытайлармен болған шешуші шайқасы үлкен рөл атқарды. Талас шайқасы туралы атақты француз тарихшысы, шығыстанушы Рене Грэссэ:
«Қытайша Кьюпише аталған Ташкенттің түркі билеушісі немесе түдүні қытайларға талай рет бас иді (743, 747, 749 жылдары аралығында). Бірақ сол уақыттағы Кучидің губернаторы немесе империялық комиссары Као Сьенчэ оны Қытайға барар жолдарды қорғаудағы өз миссияңды дұрыс орындамадың деп жазғырады. Као Сьенчэ Ташкентке барып, түннің басын алып, байлығын иеленді. Бұл осы батыс бөлігіндегі көтерілістерге түрткі болады. Басы алынған түдүннің ұлы Тарбағатайды және Балқаш көлінің шығыс жағалауынан Ертіске дейінгі Ұрынғыны мекендейтін түркі-қарлұқтардан, сондай-ақ Соғдыдағы араб гарнизонынан қолдау сұрайды. Араб генералы Зиад ибн Салих оңтүстіктен, қарлұқтар солтүстіктен келеді. 751 жылдың шілдесінде Као Сьенчэ Талас өзенінің бойында талқандалады. Бартольдтың айтқанындай, бұл тарихи жеңіс Орталық Азияның тағдырын шешті. Барлық оқиғалардың осыған әкеле жатқанындай болып көрінгенімен, Қытай ықпалында қалудың орнына Орталық Азия мұсылмандыққа бет бұрды» [2, 148б.].
909 ж. Еділ бойы Бұлғарларына да ислам тарала бастады. Осы елдің билеушісі Ильтебер Алмыш исламды мемлекеттік дін деп жариялады да, 920 ж. аббасид халифіне діндар адамдар мен сәулетшілерді жіберу туралы өтінді. Муктадир Халифі өтінішті қанағаттандырып, 920-922 жж. аралығында керуен жібереді. Ол керуен 922 ж. мамыр айында Еділ бойы Бұлғарларына келіп жетеді. Осы оқиғалардан соң, Еділ бойы Бұлғарлары Шығыс Европадағы түркі-ислам мәдениетінің өзінше бекітілген пункті, апорпосты қызметін атқарады [3, 59 б.].
Бұл туралы Шығыс елдеріне саяхат жасаған Гильом де Рубрук ХІІ ғ. ортасында Еділ бойынан өтіп бара жатып, бұлғарлар туралы: «Бұл жерлерге Мұхаммедтің заңдарын қай хайуан жеткізгендігіне таң қалдым?» – деуінен үлкен мән табуға болады [4, 245 б.].
Түркілердің исламды қабылдауындағы бұқаралық сипат 1043 жылдың күзіне жатқызылады, осы кезде 10 000 шатыр иелері 20000 малды құрбан айт мерекесіне орай құр-
бандыққа шалып, исламды қабылдады. Бұл түркілердің жазғы жалаулары Еділ бойында жайылса, қыстаулары Баласағұнда болатын. Осылайша Каспий маңы жерлері мен Еділ бойын мекен еткен, қыпшақ және т.б. тайпалардан тұратын түркі тайпалары, өзіндік мұсылмандық түркі мәдениетінің орталықтарына айналады [3, 59б.].
Исламдандырудың басты кезеңі ретінде елімізді Қарахан әулеті (Х-ХІ ғғ.) мен моғолдар (ХІV-ХV ғғ.) кезеңі аталып өтіледі. Себебі Ислам діні осы уақыттар аралығында мемлекеттік дін болып жарияланған.
Караханидтік билеушілерінен бірінші болып мұсылмандықты қабылдаған СатукБогра хан болды. Ол өзіне 955-956 жж. мұсылмандық есім Абу ал-Керімді иемденді. Оның ұлы Мұса 960 ж. исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады. Назкен Бакина өз зерттеуінде: «Қараханид түркілерінің исламдануы миссионерлердің белгілі бір күштеуімен емес, бірыңғай мемлекеттік діннің ықпалы негізіндегі экономикалық және саяси пайда күшімен ағым далды», – деп атап өтеді [3, 60б.].
Қараханидтер өздерінің көршілес тайпаларына жерді қолдануға берген кезде бір ғана талап қойған. Исламды қабылдаған кезде ғана көршілер жерге уақытша иелік ете алған. Қараханидтердің саяси және әскери жеңістері Орталық Азия территориясына исламның таралып қана қоймай, оның осы жердегі халықтың бұқаралық идеологиясы ретінде ресми статусқа ие болуына жақсы жағдай жасады.
Академик Ғарифолла Есім, «Ұлттық идея – ел санасы» атты мақаласында: «Ұлттық идеяның үшінші тұғыры – интеллектуалды жасампаз қоғам туралы сөз қозғай отырып, діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Сонымен бірге дінге деген көзқарастар да әр дәуірде, әр қоғамда әрқилы болып келген. Сондықтан діннің не екендігін, оның қысқаша тарихын танып, білу – әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік», – деп атап көрсеткен болатын [5].
Абайдың қара сөздерінің түпкі желісінде Яссауи мен ғұлама Диуанидің шығармалары жатыр. Қазақстанда Ислам философиясының қалыптасуы мен дамуына түркі сопылығының ұлы өкілі Қожа Ахмет Яссауидің рухани қызметі үлкен әсер етті. Оған дейін түркі тілінде нақылдық, дидактикалық және этикалық жүйелердің арнасын салған Баласағұн мен Иүгнеки бар. Яссауидің философиялық және әлеуметтік ойды дамытудағы Яссауидің айрықша «дәрежесі» мен дүниетанымының ерекшелігі, біздіңше, қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымының топырағына құдайлық таным мен сопылық-исламдық тұжырымдамасын әкелуі дер едік.
Абайды атаған кезде ұлы ағартушы педагог ғұлама Ыбырай Алтынсаринды атамау мүмкін емес. 19 ғасырда өмір сүрген ғұламалардың қоғамдық негіздегі саяси бағыты бойынша Қазақстан Ресейге қосылып құқықтық заңдар шығарылып, әлеуметтік қалыптасқан таптық принципті әртүрлі реформалармен тұншықтырып отырған кез. Соған қарамастан екі ғұлама өз еңбектерін ұрпағына аманат ете отыра бір Аллаға ғана сиынатынын ашық айтып отырған. Сонда ислам дінінің бес парызының бірі имандылық олардың жүрегінде берік сақталған. Аласапыран уақытқа қарамастан Ыбырай оқу білімге шақырған “Қазақ балаларының хрестоматиясы” Бір Аллаға сиынып деп бастауының астында үлкен мән жатқанын көрсетеді.
Қазақ мәдениетінің белді қайраткерлердің еңбектеріндегі білім, ар-ұят, имандылық, сауаттылық, төзімділік, не нәрсегенде сабыр таныту ол қазақ ұлтына тән басты құндылық болып табылады.
Тіпті адам баласының өмірі басты құндылық ретінде қарастыратын болсақ, сол өмірді бізге сыйлайтын бірінші Алла, екінші Ана. Ананың құрсағындағы бала жынысы тек бір Аллаға ғана аян, және де тоғыз ай тоғыз күн толған соң сәбиді бір Алланың тылсым күшімен өмірге келуінің өзі таңғажайып құбылыс емес пе? Қазіргі технологияның дамуына байланысты ультрадыбысты зерттеулер баланын күнін, айын дүниеге келетін уақытын мен жынысын белгілегенмен ол мүлдем сәйкес келмеуі мүмкін, дәл осындай құбылыс сәбидің жынысына да байланысты. Міне керемет бір Алланың құдіреттілігін өмір құндылығынан да көруге болады. Бір адамға ана болу бақытын берсе, енді біреуінне оның бір күнәлары үшін бермейді, бұлда тылсым күш емей немене? Исламдағы басқа да басты құндылықтарының бірі – өмір болып табылады. Исламда өмір Алланың, кез-келген тіршілік иесіне берілген сый атаулысының ең ұлы, ең бағалысы ретінде қабылданады. Өмір сыйлау және одан айыру – тек қана Құдайдың иелігінде. Мұсылман өз кезегінде өмірдің Құдайдың сыйы екенін мойындайды, мұсылман үшін бүгінгі дәуренді сүру қасиетті міндет болып саналады. Исламда өз-өзіне қол жұмсау секілді басқа адамның өмірін қию да ауыр күнә. Өз-өзін өлтіргендер ішінде ақыл-есі ауысқан адамдардың күнәсі ғана кешіріледі.
Негізінде Ислам дінін бүгінгі таңда, келер ғасырларда да қоғам тынысынан оқшау қалдыруға болмайды. Өйткені оның негізі адамзат өмірінің материалдық және рухани қырын жан-жақты әрі кеңінен қамтиды. Нақты айтқанда қоғамдық өмірдің барлық саласына бағытталған. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің актылық дәрісінде: «Біздің ата-бабаларымыз қазіргі Қазақстанның дархан даласын, өмірді тану мен сезінудің ерекше рухын қорғап бізге мұрагерлікке табыс етті. Ол рух еркін сүйгіштік рухы, тарихтың дүрбелең кезеңінде де өз күшін жоймады, себебі аға буын өкілдері өз бастарына қиын күн туған сәттерінде де бұл рухты сақтай білді» деген дана сөздері алға үлкен міндеттер жүктейді [6, 6 б.].
Макс Вебердің пайымдауы бойынша құндылық дегеніміз өз өміріміздегі тұрақты назарда тұратын күнделікті бағыт. Кант категориясы бойынша «кеңістік» пен «уақыт» ұғымдары секілді Вебер құндылық адамның «хаосты» (игерілмеген кеңістік пен ұйымдас тырылмаған уақытты) «ғарышқа» (өзара байланысқан әрі ұйымдастырылған кеңістік пен уақытқа) айналдыруы десе [7, 325 б.].
Б.В. Вышеславцев, құндылықты біржақты түсінетін императив емес, ол тек қана маңыздыдан нақтылыққа өтетін статус деп көрсеткен [8].
Біздің түсінігімізде кез келген қоғамдағы жалпы құндылық атауының туындауына генератор болатын алтын діңгек – сол ортада берік бекіген іргелі құндылық болып табылады. Іргелі құндылықтар дүниеге келген өркениет аясындағы тұрмыстық мәдени нормаларды және өздерінің рухани шеңберінде құрылымдық элементтерін нақтылайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Затов Қ.А., Нұрғалиев Қ.Т. Ислам өркениетінің Орталық Азия мен Қазақстан аймағында таралуы. Халықаралық конференция материалдары. – Алматы: Атамұра, 2009. – 223 б.
- Грэссе Р. Империя степей. – Алматы, 2006. – 304 б.
- Бакина Н.С. История культуры тюрков. – Алматы: Үш қиян, 2006. – 180 б.
- Путешествие в восточные страны Плано Карпини и Гильом де Рубрука. – Алматы, 1993. – 245 б.
- Есім, Ғарифолла. Адамзат. Философиялық эсселер мен новеллалар, зерттеулер. – Астана, 2002. – 55 б.
- Назарбаев Н.Ә. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезінде сөйлеген сөзі. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері мен құрметті қонақтарының екінші съезінде сөйлеген сөздер жинағы. – Астана: Өнер, 2006. – 4б.
- Вебер М. Избранные произведения. – М, 1990. – 42 б.
- Вышеславцев Б.П. Этика преображенного Эроса. Проблемы закона и благодати. – М., 1994. – 99 б.