Авторлары туралы мәліметтер. Ожекенева Бакыт Давлетчановна – ҚазақстанАмерикандық еркін университеті колледжінің экономикалық пәндер оқытушысы.
Аннотация. Мақалада көтерме сауда тауар айналымының алғашқы сатысы ретінде қарастырылған. Өндіріс құрал-жабдықтарымен көтерме сауда жасау тұтыну тауарларымен көтерме сауда жасаудан ұйымдық тұрғыдан өзгеше болып, айналыстың ерекше саласын – материалдықтехникалық жабдықтауды құрады. Нарықтық экономика жағдайында көтерме сауда өнеркәсіп орындары, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен көтерме сауда кәсіпорындарының арасындағы және көтерме сауда кәсіпорындарының өз арасындағы делдалдық буынға айналды. Қазақстанда шикізат, материалдар, қарапайым жабдықтар көтерме сауда фирмалары арқылы сатылады. Ал, арнайы қызмет көрсетуді қажет ететін зауыт қондырғылары, технология желілер өндіруші кәсіпорындар арасындағы тікелей байланыстар негізінде өткізіледі.
Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде өтіп жатқан іргелі өзгерістер кәсіпорындардың шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын қарастырумен қатар, экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуде бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуын талап етеді. Солардың бірі ретінде маркетинг жүйесінің қалыптасуын атап өтуге болады. Бұл үшін осы жүйе қызметін талдау және өнімді өткізуді кәсіпорынның өндірістік өткізу қызметінде қолдану технологиясын әзірлеген жөн.
Қазіргі кезде өнімді өткізу кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы заманғы өнім өткізудің ролі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Шындығында кәсіпорын тиімді қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет, бірақ мұндай бағыт әзірге жүзеге асырыла қойған жоқ.
Кәсіпорындардың өткізу қызметіне жүргізілген талдау, нақты мақсаттарға іс жүзінде қол жеткізу үшін оның жекелеген бөлшектерінің маркетингтік шаралар түрінде қолданылатындығын көрсетті. Сонымен қатар, отандық өнеркәсіп орындарындағы маркетинг көп ретте жарнама және өнімді өткізу ісіне бағытталған. Ал тауар саясаты маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі екенін ескере кетсек, онда тауар саясатына тоқталмай айналып өту мүмкін емес.
Көтерме сауда қызметі – тауарларды үлкен көлемде өндірушілерден сатып алып, оларды делдалдарға, қайта өндірушілерге (өнеркәсіп), бөлшектік саудагерлерге, корпоративтік клиенттерге қайта сату. Көтерме сауда түрлері бір бірінен ассортименттерінің кеңдігіне, тауарларды сақтау және жеткізу тәсілдеріне орай ажыратылады. Нарықтық жүйе қатынастарында көтерме кәсіпорындары тәуелді және тәуелсіз делдалдық ұйымдар деп екі топқа бөледі.
Көтерме сауда тауарлар мен қызметтерді сату бойынша кез-келген қызметті білдіреді. Көтерме саудагерлер бөлшек саудагерлерден төмендегі қызметтері бойынша ерекшеленеді:
- көтерме сауда қызметкерлері ынталандыруға, сауда кәсіпорынының орналасқан жеріне аса мән бермейді;
- көтерме сауда қызметкерлері көбінесе кәсіби клиенттермен жұмыс жасайды;
- көтерме сауданың келісім-шарттары бөлшектіктен ірі көлемді болып келеді;
- көтерме сауда қызметкерінің сауда ауданы әдетте бөлшек саудагердікімен үлкен болып келеді;
- көтерме және бөлшек сауда қызметкерлерінің құқықтық нормалары мен салық саясаты бір-бірінен ерекшеленеді.
Көтерме сауда қызметі сауда үрдісінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Бөлшек өндірушіге шектелген ресурстармен тікелей маркетингті тудырып, ұйымдастыруға мүмкіндік аз. Қажетті капитал көлеміне ие болса да, өндіруші өзінің өндірісін дамытуға бағыттауды жөн көреді. Көтерме сауда қызметкерінің қызмет тиімділігі оның жүргізетін операцияларының көлемділігімен түсіндіріледі.
Көтерме сауда қызметкерлерінің көмегімен келесі қызметтерді атқаруға болады
(сурет 1):
Сурет 1. Көтерме сауда қызметтері
Көтерме сауданың соңғы жылдардағы дамуы қазіргі экономикадағы маңызды тенденциялармен түсіндіріледі:
- дайын өнімнің негізгі пайдаланушыларынан алыстағы ірі кәсіпорындарда массалық өндірістің өсімі;
- өндіріс көлемінің нақты тапсырысты орындау үшін емес, жалпы өсімге ие болуы;
- аралық өндірушілер мен тұтынушылар санының өсімі;
- тауарлардың аралық және соңғы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіруге бағыттау.
Көтерме сауданың микроэкономикалық талдауы көтерме кәсіпорындарды ішкі ұйымдастыру мәселелерін қамтиды.
Көтерме сауда нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде маңызды орын алады, себебі өндірушілер үшін біршама артықшылықтар береді:
а) тауарлардың сыртқы түрін өзгертпестен жеткізеді; б) құжаттардың көп түрлерін толтырудың қажеті жоқ;
в) өнімді өткізу бойынша шығындар азаяды, себебі көптеген бөлшек сауда қызметкерлерінің орнына жеткізуді ірі көтерме сауда кәсіпорындары жүзеге асырады.
Сонымен, көтерме сауда айналымы өндірістік және сауда кәсіпорындарымен тауарлардың жиынтық көлемін жүзеге асыруды білдіреді.
Көтерме сауданың ролі мен мәні оның қызметтерін толық қарастырған кезде айқындала бастайды.
Макродеңгейде көтерме сауда келесі нарықтық қызметтерді атқарады (сурет 2):
Сурет 2. Макродеңгейдегі көтерме сауда қызметтері
Көтерме сауданың микроэкономикалық қызметтері төмендегілерді қамтиды:
- территориялардың экономикалық интеграциялануы мен кеңістік үзілісті болдырмау қызметі;
- өндірістік ассортименттің тауарлық ассортиментке айналу қызметі;
- тауарға деген сұраныстың өзгеруін сақтандыру үшін қорларды қалыптастыру қыз-
меті;
- бағалық реттеу қызметі;
- сақтау қызметі;
- тауарды қажетті сапаға дейін жеткізу қызметі;
- өзінің клиенттерін несиелендіру қызметі;
- нарық пен жарнаманы маркетингтік зерттеу қызметі.
Тауар – өткізумен айналысатын кәсіпорын үшін бірінші және ең маңызды элемент.
Тауар саясаты жеке тауар бірліктеріне, тауар ассортиментіне және тауар номенклатурасына қатысты өзара келістірілген шешім қабылдауды талап етеді. Фирма клиенттерінің қажет ететін және бәсекелестермен күресте тиімді қару болатын қызметтер кешенін дайындау қажет. Пайда табу үшін әрбір кәсіпорын өзіндік тауар шығару, оның бағасын анықтау, сонымен қатар ол тауармен сыртқы немесе ішкі нарыққа шығу керек.
Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар ұзақ мерзімде және қысқа мерзімде қолданылатын тауарлар деп бөлінеді. Қысқа мерзімдегі тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады. Түпкі тұтынылуына байланысты тұтыну тауарлары және өндіріске арналған тауарлар деп бөлінеді. Тұтыну тауарларына негізгі тұтынушының қолдануы үшін сатып алатын тауарлар жатады.
Әлемде орта есеппен алғанда, сауданың ЖІӨ-дегі үлесі шамамен алғанда, 10%, ал жалпы жұмыспен қамтуда 13% құрайды (Eurostаt, US Сensus деректері). Ресейде сауда үлесі ЖІӨ-нің – 20%, Словенияда – 13%, Нидерландта – 13%, АҚШ-та шамамен 12%,
Қытайда 8% құрайды.
Саудада елдің барлық жұмыспен қамтылған халқының 14,8% жұмыс істейді. Бұл ретте, Қазақстанның саудасындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жыл сайын орта есеппен алғанда, 33 мың адамға өсу үрдісі бар. Мәселен, егер 2014 жылы саудада жұмыспен қамтылғандардың саны 1 038,5 адамды құраған болса, ол 2016 жылы – 1 170,6 мың адамды құрады, ол бұл сектордағы еңбек өнімділігінің артуын растамайды, өйткені ЖІӨ құрылымындағы сауданың үлесі өзгеріссіз қалды.
Саудадағы жұмыспен қамту көрсеткіші экономикада жұмыспен қамтылған жалпы халықтың 10% құрайтындығы АҚШ-та (15%), Ұлыбританияда (15%), Францияда (13%),
Словакияда (19%), Нидерландта (17%), Польшада (15%) және Ресейде (17%) бар екенін атап өту қажет.
Соңғы жылдары салық түсімдерінің құрылымында үлкен бөлік тау-кен өндіруші өнеркәсіпке тиесілі, оның үлесі 2014 жылы шамамен 52,6% құрады.
Көтерме сауда бөлшек сауданы жүзеге асыру орнын алыс, оқшауланған жерлердің болуы кезінде мамандандырылған немесе аралас дүкендерде, сауда үйлерінде және базарларда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 2014 жылы 2010 жылмен салыстырғанда көтерме тауар айналымы (ағымдағы бағада) 127,5%-ға ұлғайып, 6 872,3 млрд. теңгені құраған. 2014 жылы көтерме тауар айналымында азық-түлік тауарларының үлесі 16,9%, азық-түлік емес тауарларының үлесі – 83,1% құрады.
Соңғы бес жылда елдің көтерме тауар айналымындағы елеулі үлесті Алматы алады
– 3 075,3 млрд. теңге немесе көтерме сауданың жалпы көлемінен 45%. Екінші көрсеткіш Астана қ. бойынша 1 002,5 млрд. теңге (немесе 15%) мөлшерінде, үшінші орында – Қарағанды облысы (495,1 млрд. теңге немесе 7%).
Соңғы бес жыл үшін көтерме сауда көлемдерінің жыл сайынғы өсуінің неғұрлым көп пайызы Астанада (64%), ең төмені – Солтүстік Қазақстан облысында (19%) байқалды.
2013 жылы республиканың көтерме сауда құрылымында ең көп үлесті мұнай өңдеу өнімдері – дизель отыны мен автомобиль бензині, сондай-ақ, қара металдар мен астық, яғни, халық тұтыну емес тауарлары мен азық-түліктік емес тауарлар алды.
Алматы бойынша базар үлесінің және көтерме сауданың өсуінің жоғары көрсеткіштері бұл қаланың айрықша рөлімен түсіндіріледі. Алматы аса ірі автопаркі бар қала (ЖЖМ елеулі тұтыну және автомобилдерді көп сату), сондай-ақ тамақ өнімдерін елеулі бөлігін орналастыру орны (сыра, шарап, ас суын, шырындарды және сүт және кондитер өнімдерін өндіру) болып табылады.
Көлемдерді тең бөлінбеуі себептерінің бірі өзара байланыстардың бұзылуы және көтерме сауда кәсіпорындарында меншікті айналым қаражатының жеткілікті көлемінің болмауы болып табылады, бұл көбінесе ірі өткізу базарларының маңында, яғни өнімді тұтынудың неғұрлым көп деңгейі бар өңірлерде тауарлардың үлкен көлемінің шоғырлануына алып келеді.
Қазақстандағы көтерме сауда бүгінгі күні ең алдымен, ЖЖМ, астық, қара металдар, құрылыс материалдары сияқты тұтынушылық емес тауарлардағы қажеттілікті қамтамасыз ете отырып, сауданың жеке буыны болып табылады. Көтерме сауда бөлшек саудамен байланыстырушы буын рөлін атқармайды, тауар ағындарын реттегіш функциясын орындамайды, бұл ондағы айналыстағы тауарлардың құрылымынан көрінеді, мұнда бөлшек саудада өткізілетін тауарлардың түрлері айтарлықтай емес.
Сауда өндірушілер мен сауда ұйымдарының өзара іс-қимыл үдерісінде мемлекет тарапынан араласудың төмен деңгейімен ерекшеленеді, бұл атап айтқанда көтерме сауда және дистрибуциялық компанияларды реттеудің жоқтығынан тауарлық позициялардың көпшілігі бойынша бағаны бақылаудың болмауынан көрінеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Сауда қызметін реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
- 2007 жылдың 21 шілдесіндегі № 303 Мемлекеттік сатып алу туралы заң (2011. 03. 24.берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
- 2007 ж. 12 қаңтардағы № 224-ІІІ ҚР Жеке кәсіпкерлік туралы Заңы (2009.20.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
- Жумина Г.Е. Кәсіпорынның тауар қозғалысындағы маркетингтің қызметі // Вестник Каз ГУ. Сер. экономическая. 2011. №2-3. Б. 105-109.
- Тауарларды жылжытуға тауарлық саясатпен стратегияны қалыптастыру // Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция. «Көлік коммуникациялық кешені да-муының қаржы-экономикалық механизмін жетілдіру». – Алматы, 2011. – 229-231 б. -0,2 б.т.
- Кәсіпорындардың бәсекелік қабілеттілігін бағалауға арналған көрсеткіштер жүйесін дамыту // АльПари экономикалық журналы.Алматы, 2012.– №4. 183-188 б. – 0,7 б.т.