Автор туралы мәліметтер. Дәулетқанова Жансая Дәулетқанқызы – Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Туризм» мамандығының студенті
Аннотация. Мақалада қонақүй бизнесінің даму сапасының 2012-2016 жылдардағы көрсеткіштері келтірілген. Төмен бағалы қонақ үйлердің даму деңгейі жоғары классты қонақ үйлерден біршама төменірек. Мұндай құбылыстың ең басты жағымсыз жағы – әлсіз бәсекелестіктің пайда болуы. Бірақ, жалпы Қазақстан экономикасының дамуын ескерсек, қонақ үй шаруашылығы одан әрі дами түспек деген болжам жасай аламыз дейді мақала авторы.
Түйін сөздер. Туризмнің дамуы, қонақүй бизнесі, туристік ағым, қонақүй бизнесінің дамуы, толтырымдылық, орналастыру, келушілер, туристік әлеует, туризминфраструктурасы, қонақжайлылық, тамақтандыру, бай туристік ресурстар, мәдени көрнекті жерлер.
Өткен ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығы туризмнің даму жолында көптеген оқиғалар мен құбылыстарға толы болды. Бүгінгі туризм әлем экономикасындағы маңызды әлеуметтік-экономикалық тармақтарын басқарып, халықаралық деңгейдегі экономикалық байланысын дамуына зор ықпал етуде.
Қонақ үй индустриясы қоғамдағы экономикалық мәселелерін шешуде маңызды әсер етуде. Дамыған елдерде туризмнен түскен табыс қара және түсті металлдардың халықаралық саудасынан түскен табыстан екі есе жоғары екені белгілі. Туризмнен түскен табыс сол аумақтың экономикасын көтеруге қабілетті.
Қонақ үй индустриясы дамып жатқан аумақтың инфрақұрылымына, тұтынушылық нарығына және басқа да кәсіпкерлік қызметтердің дамуына экономикалық ықпалын тигізеді.
Әлемде туризмнің дамуына көп көңіл бөлуде, себебі бұл салалар жоғары табысты және тез өтуші. Валюталы түсіміне қарай туризм әлемде үшінші орынға ие. ДТҰ сарапшыларының болжамы бойынша туризм ХХІ ғасырда да ілгері дамиды және әлем экономикасының қозғалтқышы болады.
Е.А. Джанлжугазова әлемдік қонақжайлылық индустриясының сегіз даму тенденцияларын бөліп көрсеткен. Ол бойынша қонақ үй әлемдік нарығының негізгі даму тенденцияларына келесілер жатады:
- қонақ үй бизнесі мүдделерінің басқа саладағы кәсіпорындар ұсынатын өзге қызмет көрсетулер мен өнімдер сферасына таралуы; мысалы, тамақтану, ойын-сауық, көрмелік қызметтегі ұйымдары және т.б.;
- көпшілік тұтынушылар үшін қонақ үй қызметінің қол жетімділігін көтеруге айтарлықтай деңгейде жағдай жасайтын қонақжайлылық индустриясын үдемелі демократияландыру;
- әртүрлі белгілерді ескере отырып тұтынушылардың белгілі бір буынына барынша
нақты бейімделуге мүмкіндік беретін қонақ үй бизнесінің мамандандырылуы күш салу;
- тақырыптық бағыттары тұтынушылардың кез-келген категориясының қызығушылықтарын ескеруге мүмкіндік беретін және туристік өнімді сан қырлы қып көрсететін жаңа туризм түрлерінің дамуы, мысалға, экстремалдық, экологиялық, шытырман оқиғалы;
- туристік бірлестік және қонақ үйлік тізбектің құрылуында қажет ететін қонақ үй бизнесінің шоғырлануы мен жаһандануы, сонымен қатар қонақ үй қауымдастығы, одақ, халықаралық, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың құрылуы;
- қызмет көрсетуді жетілдіру және клиенттің сауалдары мен қажеттіліктеріне толық зер салу;
- терең және жүйелік экономикалық диагностикалауды өткізуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялар мен байланыстың жаңа құралдарын енгізу;
- қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының іскерлік стратегиясына жаңа технологияларды енгізу. Соның ішінде, қонақ үй қызметі мен өнімдерін алға жылжыту мақсатымен кең түрде ғаламтордың қолданылуы, сонымен қатар брондау мен резервтердің заманауи компьютерлік жүйесінің таралуы.
Қонақжайлылық индустриясын дамытуда халықтың жас аралық, отбасылық және әлеуметтік құрамы үлкен мәнге ие. Саяхаттаушылардың жас аралығындағы айырмашылықтар жас, орта жастағы және егде жастағы тұлғалар үшін мамандандырылған орналастыру құралдарының пайда болуына әкелді. Туристердің әлеуметтік беделі ауқаттылығы әртүрлі адамдарға есептелген қонақүйлердің әр алуан баға категорияларының пайда болуына әкелді. Сонымен бірге саяхаттаушылардың отбасылық құрамы да маңызды фактор боп табылады, ол отбасымен саяхаттап жүрген туристер үшін жеңілдіктердің икемді жүйесін, балалары бар отбасылар үшін отельдердің және т.б. пайда болуына әкелді.
Қонақ үй индустриясы Қазақстан Республикасындағы іскерлік шеңберде қызығушылықтарды арттырады. Демек, ішкі нарықтағы мемлекеттік емес экономикалық және өндірістік құрылымдардың жаңа бастау алған кәсіпкерлердің табыс көзі болып табылады. Сондықтан, Қазақстандағы қонақ үй индустриясы мен туризм нарығындағы персонал имиджін қалыптастыруды ішкі туристік саудасы мен халықаралық байланысын күшейту мәселесі тұр.
Қазақстан егемендігін алғалы бері кәсіпкерлердің алдында қонақ үй бизнесін және туризмді дамытуға зор мүмкіндіктері туындады. Үкімет туризмнен түскен табыс халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайын көтереді. Бірақ топталып шыққан заңнамалар туристік нарықта Қазақстанның жағымды имиджін қалыптастыра алмады. Қонақ үй бизнесінің даму мәселесіне жанама немесе тікелей қатысты құқықтық құжаттар (заң шығарушы және нормативті актілер) ықпал ете алмады.
Әлемдегі туризмге салынған қаражаттардың аз мерзімде өтелетіні туралы жарияланған мақалалар да кәсіпкерлік белсенділікті көрсетпеді және персонал имиджінің көтерілуіне алып келмеді.
Қонақ үй бизнесіне кәсіпкерлер көңіл бөлмеуде, соның бір себебі туризмде қонақүй имидждің болмауында.
Сонымен қатар, Қазақстандағы қонақ үй секторы ұзақ уақыт бойы кеңсе және сауда секторының көлеңкесінде қалды. Инвесторларды қонақ үй бизнесінің бағдарламасын ұзақ уақыт бойы сатып алу ерекшелігі қызықтырмады. Бірақ, соңғы жылдары шетел қонақтары лек-легімен келіп жатыр. Сондықтан, қазіргі кезде Қазақстанда қонақ үй кешені дамуда.
Шетелдік және отандық инвестиция салынуда, яғни Қазақстандық қонақ үй бизнесі даму үстінде. Бұл нарық халықаралық қонақ үй желісінің дамуына зор мүмкіндік береді. 90-жылдармен салыстырғанда қазіргі кездегі отельдердің жағдайы 45%-ға көтерілді.
Қазақстанға келетін туристер категориясы көбінесе іскерлік және конгресстік туризмге жатады. Көбінесе келетін туристердің 82%-ы бизнес қонақтар қатарына кіреді, олар негізінен Астана және Алматы қаласына келушілер.
Төмендегі кестеде Қазақстан Республикасына 2016 жылы келушілер саны мен мақ-
саты көрсетілген.
1 – кесте. Қазақстанға сапар мақсаттары бойынша келушілер саны (2016 ж.)
Барлығы |
Жеке |
Іскерлік |
|
Қазақстан Республикасы |
11 513 |
9 057 |
2 456 |
Ақмола облысы |
793 |
734 |
59 |
Ақтөбе облысы |
485 |
443 |
42 |
Алматы облысы |
864 |
685 |
179 |
Атырау облысы |
504 |
292 |
212 |
Батыс Қазақстан облысы |
694 |
544 |
150 |
Жамбыл облысы |
737 |
626 |
111 |
Қарағанды облысы |
677 |
575 |
102 |
Қостанай облысы |
727 |
664 |
63 |
Қызылорда облысы |
458 |
344 |
114 |
Маңғыстау облысы |
448 |
337 |
111 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
799 |
702 |
97 |
Павлодар облысы |
550 |
507 |
43 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
570 |
535 |
35 |
Шығыс Қазақстан облысы |
709 |
583 |
126 |
Астана қаласы |
1261 |
786 |
475 |
Алматы қаласы |
1237 |
700 |
537 |
Кесте деректеріне үңілсек, Қазақстанға шетел мемлекеттерінен келген туристің біраз бөлігі еліміздің бас қаласы Астана мен Алматы қалаларында, индустриялық жағынан маңызды болып есептелетін Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында қонақтаған.
Қазақстан Республикасы туризм саласын дамыту да өзінің қолайлы климаттық жағдайына, қайталанбас мәдени ескерткіштеріне және т.б. факторларына байланысты ерекше мүмкіндіктерге ие. Бірақ, өкінішке қарай, бұл мүмкіндіктер көбіне өз деңгейінде қолданылмай жататындығын байқаймыз. Сондықтан да, елімізде заман талабына сай жасалған инфрақұрылымдық кешендер мен халықаралық стандарттарға сай туристік нысандардың орналастыру секторларын ұйымдастыра білу өте қажет. Әсіресе, қонақ үй бизнесі туризм саласының ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Себебі, қонақ үй саласы туристің демалыс кезеңіндегі орналасу, тамақтану, жеке бастың қауіпсіздігі, денсаулық сақтау сияқты бірінші кезектегі қажеттіліктерін толықтай қамтиды. Жоспарлы экономика кезеңінде қонақ үй шаруашылығын жүргізу тек мемлекет тарапынан арнайы талаптар мен шарттар бойынша ғана жүргізілгені белгілі. Ал кейін еліміз Тәуелсіздік алғаннан соң, туризм саласын бизнес ретінде қарастыру мәселесі алға тартылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтің «Қазақстан-2050» халқына жолдауында туризм саласының дамуы тарихи-мәдени және табиғи қорларды игерумен қатар экономикалық шешімдерді қабылдауда басты бағыттардың бірі болып табылатынын анықтап көрсетті. Бүгінде Қазақстанда қонақ үй бизнесінің дамуына барлық жол ашылып, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отыр.
Әсіресе, қонақ үй бизнесі жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігіне ие, мемлекет қазынасын толтыруда маңызды рөл атқара алатын көпфункционалды сала екенін естен шығармаған жөн. Қонақ үй бизнесіне ерекше назар аударудың тағы бір себебі шет мемлекеттер тарапынан инвесторлардың отандық туризмді дамытуға шақыра алу. Яғни, бұл дегеніміз мемлекетіміздегі аймақтық әр түрлі туристік фирмалар, қонақ үйлер, мейрамханалар шетелдік ірі компаниялармен серіктес болуына мүмкіндігінің ашылуы. Сондай-ақ, әлемдік деңгейдегі атауы брендке айналған «Hilton Garden Inn», «Radisson SAS Astana», «Rixos», секілді қонақ үйлердің ашылуы шетел туристерінің арасында Қазақстанның «сыртқы имиджін» қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығын атап өтерлік жайт. Сонымен қатар, шетел инвесторларының тікелей қолдауымен ашылған қонақ үйлер
халықаралық стандарттарға негізделіп қызмет атқаратын ескерсек, бұл қонақ үйлер сырттан келетін туристтердің қойған талаптарына сай келеді.
Жоғарыда аталып өткен қонақ үйлер 4-5 жұлдызды деңгейлі болып келгендіктен, бағасы өте жоғары болып есептеледі. Сондықтан, бұл қонақ үйлердің шет елдерден келген іскер азаматтар мен отандық бизнесмендер немесе қоғамда «жоғарғы класс» деп аталатын топ өкілдерің арасында кеңінен танымал болуы заңдылық. Алайда, шетел азаматтары тарапынан, әсіресе, 90-жылдары шетел мамандарынан Қазақстанның «Алтын Адам», «Ұлы Жібек Жолы», көне Түркістан,Тараз қалалары, Ұлытау, Ордабасы сынды көптеген тарихи жерлер мен мәдени мұраларға қызығушылық ояна бастады. Бірақ, өкінішке қарай, кез келген отандық немесе шетелдік турист осындай елді мекендерге саяхаттап барған кезде төмендегідей мәселелермен бетпе-бет кездесуі мүмкін:
- аймақтардағы инфрақұрылымның дамуының төмен көрсеткіші;
- теміржол, әуе жолы бағыттарының жиілігінің төмендігі;
- жоғары деңгейдегі сервис қызметіндегі кадрлардың жетіспеушілігі;
- шетел қонақтары үшін визаны алу, тіркеу сияқты іс-қағаз мәселелерінің шешілу ұзақтығы.
Аталмыш мәселер шағын және орта бизнестің туризмнен де тыс басқа да салаларымен байланысты. Сондықтан, қонақ үй иелері ойын-сауықтық сегменттегі, нотариатты
заңгерлік және т.б. кәсіпорындармен бизнес серіктестік орната білуі қажет. 2-кесте. Келушілерді орналастырумен айналысатын кәсіпорындар
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
|
Қазақстан Республикасы |
1 526 |
1 678 |
2 056 |
2 338 |
2 708 |
Ақмола облысы |
165 |
228 |
292 |
319 |
316 |
Ақтөбе облысы |
50 |
47 |
61 |
70 |
80 |
Алматы облысы |
135 |
172 |
243 |
306 |
397 |
Атырау облысы |
55 |
46 |
65 |
65 |
72 |
Батыс Қазақстан облысы |
51 |
43 |
48 |
58 |
72 |
Жамбыл облысы |
54 |
65 |
88 |
126 |
140 |
Қарағанды облысы |
148 |
165 |
182 |
208 |
229 |
Қостанай облысы |
70 |
80 |
95 |
107 |
111 |
Қызылорда облысы |
49 |
55 |
72 |
75 |
85 |
Маңғыстау облысы |
44 |
53 |
55 |
63 |
78 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
122 |
102 |
114 |
131 |
167 |
Павлодар облысы |
58 |
60 |
68 |
78 |
97 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
49 |
54 |
60 |
66 |
91 |
Шығыс Қазақстан облысы |
245 |
277 |
331 |
371 |
444 |
Астана қаласы |
140 |
141 |
160 |
160 |
177 |
Алматы қаласы |
91 |
90 |
122 |
135 |
152 |
Байқап отырғанымыздай еліміздегі келушілерді орналастыру орындары жыл сайын артуда. Көрсеткіштер бойынша 2016 жылы Қазақстанда орналастыру орындары 2708 бірлікті құрады. Нөмірлік қорлардың негізгі бөлігі Алматы (5,6%) Астана (6,5%) қаларында, Шығыс Қазақстан облысында (16,4%), Ақмола облысында (11,6%), Қарағанды облысында (8,4%), Алматы облыстарында (14%) орналасқан. Орындардың толуы 2016 жылдың қаңтар айынан наурыз айы аралығында тек 20% қана болды. Бұл өте төмен көрсеткіш. Бұның негізгі себептері қызмет көрсету деңгейінің төмендігі мен бағалардың жоғарылығы. Осының барлығы Қазақстанды әлемдік туристік нарықта бәсекелестікке қабілетсіз етеді.
Сурет 1. Орналастыру орындарының бір уақыттағы толтырымдылығы
Суретке назар аударсақ, бір уақыттағы толтырылдық бойынша алдағы орында Шығыс Қазақстан болып табылады. Оның негізгі себебі Шығыс Қазақстандағы туристік потенциалдың жоғары деңгейдегімен байланысты, яғни Шығыста орналасқан Алакөл, Сібі, Бұқтырма, Катон-Қарағай курорттық аймақтары көп туристерді қабылдайды және орналастырады.
Бағалаудың нәтижесіне сүйенсек, Қазақстандағы қонақ үй шаруашылығы тек 2 қалада ғана дамыған Астана және Алматы. Қазіргі таңда отандық қонақ үй нарығында қолайлы, қымбат емес сапалы қызмет көрсетуі бар апартаментті қонақ үйлер, және қарапайым қонақ үйлерде жетіспейді.
Бірақ, жалпы Қазақстан экономикасының дамуын ескерсек, қонақ үй шаруашылығы одан әрі дами түспек деген болжам жасай аламыз.
Қазірдің өзінде инвесторлар тарапынан Қазақстандағы қонақ үйлердің құрылысына бөлінген қаржы қоры Ресей мен Еуропа елдерімен салыстырғанда инвестиция қорынан асып түседі. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек 2030 жылға қарай қонақ үй бизнесінің даму мүмкіншіліктері өте зор.
Алдағы болатын ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік көрмесі отандық қонақ үй секторының дамуына белсенді әсер етеді деп күтілуде. Елімізді әлемдік аренада дамуына, туристер ағынының көбеюіне, инфрақұрылымның артуына және туристік саладағы мамандардың қызметкерлік дәрежелерін арттыруда маңызды өзгерістер болады деп күтілуде.
Қонақ үй индустриясы және туризм туристік қызметтерді өндіру саласында бастаушы бола отырып, кәсіпкерліктің дамуы үшін үлкен мүмкіндіктері береді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Бесекей Е. Қонақ үй бизнесі. Алматы, 2012.
- Мазбаев О.Б., Омаров Қ.М. Қонақ үй шаруашылығы – Алматы, 2007.
- Барлықов Е.К., Оңаев Б.Т. Сервистік қызмет – Алматы, 2013.
- Туризм салалар бойынша статистикалық мәліметтер [Электрондық ресурс] // Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің ресми сайты. – URL://www.stat.gov.kz