Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шығыс Қазақстан облысында тау туризмінің дамуы

Авторлар туралы мәліметтер. Зәкиева Ақерке Ерболқызы – Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Туризм» мамандығының студенті; Калиева Арайлым Ериковна – экономика ғылымдарының магистрі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқытушысы.

Аннотация. Мақалада Шығыс-Қазақстан облысындағы тау туризмінің дамуы қарастырылған. Авторлар тау туризмін биік тау жағдайындағы таулы жерлерде салынған белгілі бір маршрут бойынша дене қуаты көмегімен бір топ адамдарының қозғалысы түріндегі спорттық туризм түрі ретінде көрсетеді. Сондай-ақ мақалада Шығыс Қазақстанның негізгі тау шаңғы кешендерін қарастырады.

Тау туризмі ертеден қалыптасып, өзінің табиғи ерекшелігімен адамдарды қызықтыратын туризмнің басты объектісі болып саналады. Таулар пайда болу ерекшелігіне, табиғат жағдайларының қалыптасуына қарай туристік іс-әрекеттерді жайғастыруға өте қолайлы, туристерді қызықтыратын факторлар түріне жатады. Таулар арқылы танымдық, спорттық және мәдени тәжірибелік жорықтар ұйымдастыруға болады.

Тау рельефінің элементтері тау жорықтарында қозғалысқа едәуір кедергілер келтіріп отыратын сәттері кездеседі. Мұны тау жорығының табиғи кедергілері деп атайды. Тау туризмімен айналысу үшін таулардың физика-географиялық ерекшеліктерін жақын білу керек. Тау рельефінің элементтерінен қалыптасатын табиғи кедергілерден өту және қорғану тәсілі тау жорықтарының техникасы және тактикасы деп аталады.

Таулар орналасуына, қалыптасуына қарай әр түрлі болып келетіндіктен олардың беткейлері тік, көлбеу градустарға бөлінеді. Бұлардың өзі жорық қозғалысы үшін үлкен кедергі болып табылады. Сонымен қатар беткейлер қиыршық, басты қорымдар мен өсімдік жамылғысымен жамылып жатады. Таулы аймақпен қозғалыс кезінде бұлар басты кедергіге айналады. Теңіз деңгейімен салыстырғанда таулар әр түрлі болғандықтан, бұл аймақта ұйымдастырылатын туристік жорық түрлері де әр түрлі болады. Тау категориялық жорықтары көбінесе биік таулы аймақта ұйымдастырылады. Өйткені бұған қойылатын талаптар мен ережелерге сәйкес келеді.

Тау туризмі бұл тек әдемі ғана емес, бұл өте қиын еңбек те болып табылады. Таулардағы жаман ауа-райы, қатты жел, қардың жаууы, +20-дан -20-ға дейінгі температура үнемі кездесіп тұрады. Таулардағы ең қауіпті деген құбылыс лавина болып табылатын шығар. Көптеген туристер, альпинистер және бүтіндей бір топтар осы қар астында қалып қалған. Таулардағы биіктік де адам баласы үшін қауіпті, 4000 м. аса биіктік адам өміріне қауіпті болып келеді. Таулы туризмде екі негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады: альпинизм мен спелеотуризм. Екі бағытта қазіргі таңда өз адамдарын табуда. Таулы туризм туристерді өзіне еліктіреді, өйткені альпинистер мен тәжірибелі туристердің айтулары бойынша «тауға бір рет шықсаң, қайта-қайта оралғың келіп тұрады» деген.

Тау туризмінде кездесетін кедергілер әр түрлі дәрежесіне байланысты топтастырылады. Олар:

  1. Асулар дегеніміз тау жоталарының арасын өтуге қолайлы иін немесе географиялық тілмен айтқанда тау аралық ершік деп аталады. Асулар биіктігіне қарай градусына байланысты және кездесетін кедергілерге қарай әр түрлі күрделілікке жіктеледі. Бұл асу категориялары деп аталады. Асу категориясы күрделілігіне қарай санмен және әріппен қоса белгіленеді. Яғни күрделі А1 асуы, одан да күрделі 1 асуы және асулар үш деңгейлікке бөлінеді: 1А 1В, 2А 2В, 3А 3В. Асулар күрделілігінде теңіз деңгейінен есептегендегі биіктігі қар немесе мұз жамылғысының болуы оның маусымдарға байланысты жатуы немесе қозғалыста болуы – қорымдар мен куә жартастың болуы,тас құлау немесе қар көшкіні болу қаупі, үлкен тастардың болуы,асулар категориясының дәрежесін анықтайды.
  2. Қорымдар. Тау жорығындағы негізгі кедергілердің бірі қорымдар. Қорымдар дегеніміз тау басынан етегіне дейін созылып жатқан белгілі бір бөліктерде ғана кездесетін жылжымалы тас үйінділері. Қорымдар жер бетіне ашық шығып жатқан гранитті тау жыныстарының сыртқы күштер әсерінен мүжілу, үгілу процесінен пайда болады.Үгілу көлеміне байланысты қорымдардың түрі де әр түрлі болады. Қой тасты,кесек тасты және қиыршық тасты қорымдар.

Тау маршрутын жоспарлай отырып, жорық кезінде жергілікті жерде маршруттың асу нүктелерін айтарлықтай биіктіктерде табу үшін алдын ала азимуттарды есептеп алған пайдалы. Арнайы қауіпсіздік шараларын әзірлеу қажет: егер топ өз ішінде бөлінетін болса, байланыс және сигнал беру тәсілдерін, барлаушы топтарын бөлу, апатты жағдайлар болған кезде іс-әрекет жоспарын құру керек.

Тау туризмі деп альпинистік техника элементтері бар жаяу адамдардың ұжымдық күрделі жорығын айтады. Мұндай жорықтар бірнеше күндерге созылып, ұзаққа бағыттарға арналады. Күрделі бағыттармен жүргенде алуан түрлі табиғи жер бедері: асулар, мұздықтар, тау өзендері, тік беткейлер, т.б. күрделі жолдар кездесуі мүмкін. Тау туризмі қауіпті спорт түрлерінің қатарына жатқызылады. Тік беткейлер мен жоталар, қуыс – қалтарыстардан өту, ауа-райы бұзылған жағдайда қар мен тас көшкіні, сел жүру қаупі, атмосфералық қысымның төмендігі мен күн радиациясының жоғарылығы, осының барлығы жинала келгенде тау туризмінің расында да қауіпті спорт түрі екенін дәлелдей түседі. Әсіресе, қыс кезінде айрықша қауіпті. Туризмнің бұл түрі таулы өңірге саяхаттауды қалайтындар үшін кеңінен танымал. Тау туризмі спорттық (спортшы біліктілігін алу және оны көтеру) және әуесқой спорт түрі болып екіге бөлінеді. Спортшыларға бағыттың күрделілігі, жорықтың ұзақтығы, кедергілердің көптігі есепке алына отырып әртүрлі жоспарлар жасалады. Оның да күрделілік категориялары альпинизмдегідей бөлінеді. Әуесқой тау туризмі спорттық біліктілікті көтеруді қарастырады, сонымен қатар қандай да бір шартты қағида, ережелерсіз ақ жеке адамның тауды танып білуіне бағытталады.

Тау шаңғы туризмінің тарихы Норвегияда ХІХ ғасырда басталды. Қазақстанда тау туризмі өткен ғасырдың 1910-1920 жылдары пайда болды. Қазір таудағы мұздықтар мен шыңдарға және асуларға есімі берілген Городецкий, Дмитриев, Титов секілді Алматы тұрғындары алғашқы турист зерттеушілер қатарынан саналады. Қазақстанда Алматы маңында Шымбұлақ, Кімасар, Көкжайлау, Табаған, Ақбұлақ тау шаңғы орталықтары орналасқан, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Қарағанды облыстарында да бірлі-жарым орындар бар.

Туризмді дамытуда Қазақстанның келешегі мол және тартымды өлкесінің бірі Шығыс Қазақстан облысы болып табылады. Мұнда туристтерді қызықтыратын көптеген нәрселер бар – кең аумақ, керемет ландшафтар, әр-түрлі климаттық аймақ, баға жетпес мәдени және тарихи ескерткіштер, туристік қызметтердің сан алуан түрі. Облыс көптеген туризм түрлерін, атап айтқанда, спорттық (альпинизм, таулы өзендермен жүзу, шаңғы спорты), аң және балық аулаушылық, экологиялық, емдік-сауықтыру, этникалық, ғылыми және танымдық туризм түрлерін дамытуға жайлы территорияда орналасқан.

Шығыс Қазақстан облысының табиғи – климаттық зонасына әркелкілік тән, аймақ өңірін –таулы, таулы орманды, орман-тоғайлы, далалы, шөлді, шөлейтті, ландшафт алып жатыр. Облыс аумағының көп бөлігін тау алып жатқандықтан, туризмді дамытуға зор мүмкіншілік бар. Ол шөл даладан бастап, орман алқаптары, өзен мен көлдер, биік шыңдардағы альпі шалғындары мен мұздықтарға дейін созылған ландшафттық – климаттық аймақтардың біртұтас жиынтығы. Мұның барлығы туристік индустрияны дамытуға негіз бола алады. Ең биік шыңы қасиетті Белуха тауы (4506 м), Батыс Алтай және Марқакөл мемлекеттік қорықтары, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, республикалық маңызы бар ресми табиғат ескерткіштерінің бірі Синегорье самырсынды тоғайы, тарихи-мәдени орындар, табиғаты әсем Марқакөл, Себин, Язевое, Зайсан, Рахман көлдері, Көккөл, Арасан сарқырамалары т.б. туристік рекреациялық ресурстарға бай болып келеді. Шығыс Қазақстан облысының Кенді Алтай және Оңтүстік Алтай жеріне Қалба, Сауыр-Тарбағатай таулары орналасқан. Таулардың биіктігі – 800 ден 1500 м-ге дейін, Алтайдың шығысы-3000 м-ден-4000 м. аралығында. (Мұзтау тауы 4506 м.).

Тау туризмі – таулы аймақта арнайы көлікті қажет етпейтін туризмнің кең тараған түрі. Белуха тауы альпинизм мен тау туризмін дамытуға аса қолайлы нысан болып есептеледі. Ол ТМД және Балтық маңы елдері тұрғындарының арасында аты әйгілі туристік нысандардың бірі болғандықтан, әрбір турист Алтай және Белуха шыңын көруді міндеті деп есептеп, 5 баллдық категория бойынша шыңды бағындыруға тырысады. Барлық маршруттар мұзды құзды аудандармен өтеді. Белуха аяздылығы және күрделілігі жөнінен дүние жүзіндегі биік шыңдардан ешбір қалыспайды. Бұл жағынан ол Мак Кинли шыңына ұқсас келеді. Алтай тауларындағы Белуха шыңына шығу категориясы жоғары емес, оған шығу – жақсы физикалық күшке ие болып, альпинист рангіне қабылдану деген сөз. Алтайда әртүрлі қиындық және қашықтық бағыттар бойынша маршруттар ұйымдастырылған. Соның ішінде Ресей мемлекетімен шекара аралық саяхаттар да бар. Ондай саяхаттарға жататындар «Белуха алтын шеңбері» (14-15 күн), «Рахман шеңбері» (13 күн),

«Озерный» (14 күн), «Алтайдың биіктік полюсі» (12 күн) саяхаттары болып табылады. Белуха шыңы ақ қармен жамылған солтүстік шығыстағы Сібір және Алтайдың ең биік нүктесі (4506 м). Бұл қардың, мұздың, ақырған қар көшкіндерінің, жарқыраған сарқырамаларының отаны. Ол Солтүстік Алтайдағы биіктігі 3,373м атақты екінші шың Бүркіт ауыл шыңымен көршілес орналасқан. Бұдан төмен қарай Үлкен және Кіші Берел мұздықтары түседі. Оңтүстігінде Тарбағатай және Саура жоталары көмкерілген. Олардың арасында Зайсан қазаншұңқыры шоғырланған.

Әдетте тауға спорттық көтерілулер кезінде топ құрамында, тәжірибелі гидтер мен жетекшілердің көмегімен жүзеге асырылады. Өзіндік көтерілуге әсіресе жаңадан бастаушыларға маршруттың қарапайым болғанымен, кәсіби болып келгенінен рұқсат берілмегені дұрыс.

Ал Белуха ауданына әрқашан ауа райының ауысып тұруы тән. Қарлы сызықтан жоғары өтетін көптеген маршруттар үшін арнайы мұзға арналған құрал-жабдықтар қажет. Қазақстандық Алтай туризмді дамытудың ең қолайлы нысаны саналғандықтан, мұнда туризмнің мынандай түрлері дамуда: тау туризмі; ғылыми-танымдық туризм; су туризмі; курорттық туризм; спорттық туризм.

Көрікті жердің бірі Алтай мен Сібір өлкесінің ең биік тауы Мұзтау. Мұзтау Ресей мен Қазақстан шекарасы бойымен көтерілетін екі шыңнан тұрады. Сондай-ақ аталған қос шың Қытай мен Моңғолия шекарасында бетпе-бет орналасқан. Екі шыңның шығыс жағындағысы батыстағы шыңнан биіктеу. Бұл тауларда бірнеше шағын мұздықтар кездеседі. Мұздықтар таудың беткі бөлігінің 27 шақырым аумағын алып жатыр. Берел олардың арасындағы ең ірі мұздық болып табылады. Биіктігі -1950 м. Алтайдың алғашқы карталарында Оңтүстік Шу Альпісі және Катун Альпісі деген жазбалар кездеседі. Бұлар осы өңірдің көне атаулары болып табылады. Қос шың беткейлерін мәңгі қар мен мұз басып жатады. Мұзтау тауы облыстың табиғи көрнекті орындарының бірі. Ол тек Алтайдың ғана емес, сонымен қатар бүкіл Сібірдің ең биік шындарының бірі, реликтік ленталық қарағай орманы болып табылады. Ол – Алтайдың қарлы диадемасы. Буддисттердің сенімі бойынша Жер кіндігі, христиан ескі дәстүршілерінің ойынша Ақсу жері. Көптеген қорғандар бұл жерде үгітіліп шашылып жатыр.

Мұзтау бөктерлеріндегі б.э.д. 3-2-ші ғасырлардағы патша қабірлері. Мұнда Ресей, Қытай, Қазақстан және Монғолияның шекаралары ұштасады. Тауларына жыл сайын барлық әлем бұрыштарынан альпинисттер келеді. Үлкен биіктіктер, құламалы рельеф, мұзданудың түрлі формалары қиындығы бойынша түрлі категориялы тау шындарына шығуға мүмкіндік береді.

Шаңғымен тауда сырғанау шипажайлары Шығыс Қазақстанның туристік салаларының өтімді түрлерінің бірі. Оларға Глубокое ауданындағы "Нұр Тау" курорты қыста тау шаңғы курорты, жазда жанұямен серуендеуге арналған таптырмас курорты сноубордпен, шаңғымен, конькимен сырғанауға мүмкіндіктер бар, «Алтай Альпісі» демалыс орталығы Шығыс Қазақстан өзінің мәртебелі тауларымен әйгілі. Елестетіңізші, Алтайдың таза ауасы, тыныштығы мен табиғаттың тамаша көріністері. ШҚО тау шаңғы спортының тарихы 70 жылдардан бастап әлі күнге дейін қысқы демалысты әуесқойлары үшін кең иығын жаюда, Риддер қаласы маңайындағы «Эдельвейс», «Star dust», Зырян ауданындағы

«Орел», Өскемен қаласы маңындағы «9-шы шақырым» базалары жатады. Тау шаңғысы базалары төңірегін аралас орман – қарағай, самырсын, үйеңкі, қайың, көк терек көмкерген экологиялық таза жерлерге орналасқан. Бұл жерлер кәнігі шаңғышылар мен сноубордшылар, сондай-ақ әуесқойлар үшін қысқы белсенді демалысты ұйымдастырушылар үшін тамаша орын.

Бұдан байқайтынымыз Шығыс Қазақстанның туризмді дамыту үшін орасан зор мүмкіндіктері бар екендігін көреміз. Туристік бағыттардың кең ауқымы, оның ішінде тұмса табиғат аясына тек жаяу ғана емес, сонымен қатар салт атты саяхаттар жасауға, әр түрлі тау өзендерінің бойымен сал ағызуға, альпинизммен айналысуға, тау шаңғысымен сырғанауға, аңға шығып, балық аулауды қызықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы Шығыс Қазақстан бойынша саяхат жасауды ұсынатын кәсіпорындар біршама. Демалушылардың көңілінен шығу үшін барлық практикалық ресустар жеткілікті, ал тәжірибелі нұсқаушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Қыс демей, жаз демей жыл бойы түрлі демалыстар ұйымдастырылады. Қыста қар қызығын тамашалағысы келетіндерге демалыс күндері қарда жүргіштермен және тау немесе жүгіріс шаңғыларымен сырғанау ұйымдастырылады. Ал мамыр айында алғашқы өзенмен ағулар басталады. Буырқанған ағынды суда қызықты сапарлар күтеді, тәжірибелі гид-сусеріктер жұмыс істейтіндіктен қауіпсіздік те қамтамасыз етілген.

Қазақстанда кейінгі жылдары тау туризмі көпшілікті қамтитын ең дамыған демалыс түріне айналып келеді. Тауға саяхат жасау, шаңғы тебудене шынықтырумен бірге адамның дүние танымын да өсіреді. Ол тек қана демалудың тәсілі емес, адамдарды мәдени және рухани жағынан байытады.

Бүгінде Өскемендіктерге тау шаңғы спортымен айналысу үшін міндетті түрде қала сыртына шығу қажет емес. Шаһар аумағында, тоғызыншы шақырым деп аталатын жерде тау шаңғы трассасы бар. Ал жақында Риддер қаласында жыл он екі ай қызмет көрсететін

«Анатау» тау шаңғы курорты жұмыс істейді. Курорт аумағында 100 шақырымға жуық тау шаңғы және қанат трассалары пайда болмақ. Сондай-ақ, бұл жерде ыстық және суық су, электр қуаты, автомобиль жолы мен теміржол да болады. Болашақта бой көтеретін курорттан бес шақырымдай қашықтықта Синегорье, Громатуха және Вертикаль қанатты трассалары орналаспақ. Сонымен қатар, бұл жерде қысқы спорт түрлері бойынша интернат та пайда болады. Бір сөзбен айтқанда, жақында, облыс басшылығының қолдауымен «Анатауды», жалпы Риддер қаласының маңайын ірі халықаралық тау шаңғы курортына айналдырады деген үміттеміз.

Шығыс Қазақстанда қысқы туризм түрлерін дамытуға барлық мүмкіндік бар. Асқар таулы, шалқар көлді табиғатқа ие киелі мекеннің климаты да аталмыш саланы өркендетуге шақырып тұрғандай. Десек те, бүгінде облысымызда туризмнің бұл саласы әлі де болса кенжелеп тұр. Мамандардың айтуынша, бұған басты себеп – өңірдегі демалыс базалары туралы жарнаманың аздығы. Облыста қысқы туризмді дамыту үшін ең алдымен жергілікті халық арасында лайықты насихаттық жұмыс жүргізілуі керек . Бұдан кейін ғана өңірге шетелдіктерді тарту жөнінде сөз қозғауға болады деп ойлайсын. Айтседе бүгінде облысымыздың тау курортына саяхаттауға Шығыс Қазақстан мен өзге облыстардан бөлек, Ресейдің бірнеше аймағынан келіп қайтуға ниет білдіріп отырғандар да баршылық. Облысымыздың үлкен аумағы, тамаша ландшафты, әр түрлі климаттық аймақтары, асқар асқар таулары, баға жетпес мәдени-тарихи ескерткіштері арқасында теңдесі жоқ туристік әлеуеті бар екені айқындалып, географиялық және геосаяси жағдайының ыңғайлы орналасуы (Еуразия орталығы), Қытаймен, Ресеймен, Монғолиямен шекаралық ынтымақтастығы туризмді дамытуда күшті жақтары болып табылатыны белгілі. Туризмнің басқа түрлері секілді тау туризмнің де дамуы қонақ үйлер құрылысы, туристік базалар, кіріс жолдар, тамақтану пунктері, жарнама өнімін даярлау, басқа да мақсаттарды қаржыландыру және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілумен тығыз байланысты.

1964 жылы Өскеменнің өзінде ғана бес тау шаңғы базасы болып, онда 24 бапкер қызмет еткен. Қалада, жалпы облыс аумағында спортшыларды дайындаудың белгілі бір бағдарламасы жасалып, бар жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп тұрған екен. Ал бүгінде сол бапкерлердің жартысы да қалған жоқ. Әрине, бүгінде мемлекет осы олқылықтың орнын толтыруға көңіл бөлуде. Дегенмен, елімізден әлем және Олимпиада чемпиондары шықсын десек, бұл жұмысты ширатуымыз керек деп ойлаймын. Мектептерде қысқы спорт түрлерінің негізі оқытылса және сабақтарды білікті мамандар жүргізіп, тауға шаңғымен серуендеулер жиі ұйымдастырылып тұрса нұр үстіне нұр болар еді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Саипов А.А. Теория и практика туризма Казахстана. Алматы, 1999.
  2. Кораблев В.А. Қазақстандағы тау туризмі: тарих беттері. Алматы, 2008.
  3. «Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс-тәсілдерінің негіздері» пәні бойынша 050902
  4. «Туризм» мамандығына арналған оқу құралы / С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Экономика және қаржы факультеті «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы. – Өскемен, 2007.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.