Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шығыс Қазақстан облысында емдік-сауықтыру туризмі дамуының мүмкіндіктері мен болашағы

Автор туралы мәліметтер. Шериязданова Назым Мубараковна – Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Туризм» мамандығының студенті

АннотацияМақалада Шығыс Қазақстан облысының аумағы қолайлы және емдік-сауықтыру туризмін дамытудың үлкен әлеуеті қарастырылған. Бүгінгі күні облыста 14 пантымен емдеу орындары бар, соның ішінде 290 орындық 6-уы жыл бойғы, жыл сайын бұл орындар 5,5 мыңнан аса адамды қабылдайды. 5 шипажай-курорт және балшықпен емдеу, радонмен емдеу, сумен емдеу, фитотерапия әдістерін қолданатын 7 сауықтыру кешені бар. Бұл орайда, 165 орындық 3 шипажай-курорт мекемесі келушілерді жыл бойы қабылдайды. Негізгі проблема халықаралық стандарттарға сәйкес келетін инфрақұрылымның болмауы, тұрғын үй мен тамақтандырудың төмен сапасы, қызмет көрсету сапасы мен деңгейінің сәйкессіздігі. Аудандар бойынша туристтік нысандарға талдау жасалған.

Емдік-сауықтыру туризмі бүгінгі таңда туризм индустриясының болашағы зор салаларының бірі болып табылады. Тән және рух саулығына деген сән ХХІ ғасырда емдіксауықтыру туризмінің аса үлкен қарқынмен дамуына негіз болды. Әлемнің көптеген елдерінде емдік-сауықтыру туризмі жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда, халықты жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, сонымен қатар көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тұрмыстық тауарлар өндірісі сияқты экономиканың негізгі салаларына орасан зор әсер етеді және әлеуметтік-экономикалық дамудың өзіндік факторы болып есептеледі.

Біздің елімізде «емдік-сауықтыру туризмі» ұғымы 1990-шы жылдардың ортасынан бастап қалыптасты. Бүгінгі таңда отандық турбизнестің тұрақты дамушы және болашағы зор саласы ретінде туризмнің бұл түрін дамытуға аса үлкен көңіл бөлінуде.

Емдік-сауықтыру туризмі – медициналық туризмнің ең бұқаралық және кең тараған түрі, бұл туризм түрінің пайда болуы көне заманынан бастау алады. Емдік-сауықтыру туризміне ежелден-ақ сұраныс көп. ХХ ғасырда әлемде барлық елдер мен континенттерге таралған курорт индустриясы кеңінен етек жайды. Дәстүрлі климаттық, бальнеологиялық және батпақтық курорттармен қатар сауықтырудың жаңа формалары – SPA, wellness, fitness пайда болды.

Емдік-сауықтыру туризмі – бұл резидент және резидент емес тұлғалардың мемлекет шекарасы шегінде және шекарадан асып, 24 сағаттан кем емес, 12 айдан артық емес мерзімге емделу, түрлі дерттің алдын алу мақсатында саяхаттауы. Емдік-сауықтыру туризмі курортологияға негізделген.

Курортология – бұл табиғи емдік факторлардың адам ағзасына әсері мен оларды емдік профилактикалық мақсатта қолдану әдістемесі жайлы ғылым.

Емдік-сауықтыру туризмінің бірқатар айырмашылықтары бар. Біріншіден, туристің курортта болу ұзақтығы, белгілі бір себептерге байланыссыз, 3 аптадан кем болмауы тиіс. Тек осы уақыт аралығында ғана емделу мақсатымен келген тұлға қажет сауықтыру шараларын алады. Екіншіден, курорттарда емделу бағасы қымбат тұрады. Дегенмен қазіргі уақытта салыстырмалы терде арзан туристік курорттар ұйымдастырылуда. Туристер арнайы емдеу үшін маманданған және денсаулықты нығайтуға арналған курорттардың бірін ғана таңдайды. Бұл таңдау олардың жеке мақсаттарына тікелей байланысты.

Санаторлы-курорттық емделу табиғи емдік ресурстарды терапевтикалық және медикаментозды әдістермен үйлесе қолдануға негізделген. Мұнда табиғи емдік ресурстар (ландшафт, климат, минералды сулар, емдік батпақ, флора мен фауна, т.с.с.) маңызды рол атқарады.

Туризмді дамытуда Қазақстанның келешегі мол және тартымды өлкесінің бірі Шығыс Қазақстан облысы болып табылады. Мұнда туристерді қызықтыратын көптеген алғышарттары бар кең аумақ, керемет ландшафтар, әртүрлі климаттық зоналар, баға жетпес мәдени және тарихи ескерткіштер, туристік қызметтердің сан алуан түрі. Шығыс Қазақстан – мықты туристік әлеуеті бар бірегей табиғат әлеміне ие ірі өндірістік, көліктік, энергетикалық және мәдени аймақ болып табылады. Дәл осы жәйт Шығыс Қазақстанды әлемнің әр түрлі елдерінен келген туристер үшін аса тартымды ететіні жасырын емес. Шығыс Қазақстан қонақжай және құшағы кең аймақта кез келген елден келген туристерге рахат демалыс үшін барлық жағдайларды жасай алады.

Бүгінгі күнде облысымыздың аумағында 76 туристік кәсіпорындар, оның ішінде 31 туроператорлық және 45 турагенттік қызметтерді көрсететін кәсіпорын, сонымен қоса, 23 туризм нұсқаушысы, 444 орналастыру орындары, 98 демалыс орындары, 12 демалыс үйі, 46 емдеу-сауықтыру шипажайы және Шығыс Қазақстан облысы аумағының 6% ын құрайтын 14 республикалық маңызы бар ерекше қорғауға алынған табиғи аумақ тіркелген.

Облыста келушілерді орналастырумен шұғылданатын 444 орналастыру орындары бар, олар 8243 нөмірге есептелген, сонымен қатар, біржолғы сыйымдылығы 25531 төсекорынды құрайды.

2016 жылғы қызмет көрсетілген келушiлердiң саны 2015 жылғы кезеңмен салыстырғанда 9,8%-ға артты және 383903 адамды құрады.

Келу туризмі (резидент еместер) келушiлерінiң саны өткен жылмен салыстырғанда 17,0%-ға артты және 16858 адамды құрады. Ішкі туризм (резиденттер) бойынша келушiлердiң саны өткен жылмен салыстырғанда 9,5%-ға артты және тиісінше 367045 адамды құрады.

Орналастыру орындарының қызмет көлемі (мейрамханалардың қызметін қоспағанда) есептілік кезеңінде өткен жылмен салыстырғанда 18,9%-ға көбейді және 3195,5 млн. теңгені құрады.

Курорттық аймақтарда орналастыру орындарының саны 232 бірлікпен 5060 бөлмелер санын құрады және олардың көрсеткен қызметтерінің көлемі –1317,0 млн. теңге болды.

Облыс шегінде бірнеше рекреациялық аймақтар анықталған: Бұқтарма жағалауы, Сібе көлдері, Алакөл көлі, Катон-Қарағай, Глубокий аудандары, Риддер, Өскемен қалаларының маңы.

Шығыс Қазақстан облысында емдік туризмді дамытудың көш басында Қатонқарағай ауданы тұр. Бұл өңір елімізде табиғатының ерекше сипатымен ғана емес, марал шаруашылығын өркендеуімен де әйгілі. Маралдың мүйізінен жасалған емдік қасиеті аса жоғары дәрі дәрумендер сұранысқа ие. Бұл күндері Катон-Қарағай жерінде бұғы мүйізінің сорпасымен бұлаулайтын ондаған емдік орындар ашылған.

Қасиетті қазақ жері мен төрінде құт қонған жерұйық қоныс, жанға жайлы жәннат мекендер аз емес. Соның бірі мен бірегейі Алтайдың төрінен, атақты Мұзтаудың етегінен ойып тұрып орын алған Катонқарағай ауданы. Мың жылдық қарағайы мен самырсыны, балқарағай жайқалып өскен нулы мекен, қаздар қаңқылдап, сансыз құстар сайрап ұшқан осынау бір ғажап өлкеге барған сайын жан сарайың ашылып, ерекше бір сезімге бөленесің.

Біздің өлкеміздің керемет табиғи ландшафты, көптеген көлдері, өзендері, балық аулау, аң аулау және ғылыми турларын, пантамен емдеу, шипажай курорттық демалыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығының бірегей саласы – марал шаруашылығы Катон-Қарағай ауданында ғана дамыған және де бұл аудан осы шаруашылық негізінде емдік-сауықтыру туризмінің дамуына зор әлеуетке ие. Осы саланы игере отырып, елімізде емдік-сауықтыру туризмін дамытып қана қоймай, аймақтың экономикалық жағдайын жақсартып, жаңадан жұмыс орындарын қалыптастырып, ал ең бастысы, жағымды туристік имиджін қалыптастыруға болады.

Шығыс Қазақстанда емдік-сауықтыру туризмін дамытуға барлық жағымды табиғи алғышарттар бар. Ол үшін қажетті ресурстар Үржар, Зайсан, Күршім, Жарма, Бесқарағай, Абай, әсіресе, Катон-Қарағай аудандарында бар. Шығыс Қазақстан облысында емдік-сауықтыру туризмді дамыту маңыздылығы облыстың өндірістік орталықтарында қоршаған ортаның нашар жағдайы және өндірістік мамандану ерекшеліктерімен шартталған.

Көптеген елді мекендер мен қалалар, әсіресе Өскемен қаласының тұрғындары жағымсыз метеожағдай кезеңінде экологиялық тәуекелге ұшырау мүмкіндігі жоғары.

Кесте 1. Курорттық аймақтар бойынша орналастыру орындарының негізгі көрсеткіштері, 2016 ж.

 

Орналастыру орындарының саны, бірлік

Қызмет көрсетілген келушілер саны, адам

Көрсетілген қызмет көлемі, мың теңге

Курорттық аймақтар бойынша

232

184 068

1 317 048,1

Алтай курорттық аймағы

24

35 526

338 949,3

"Нұртау" таушаңды курорты

1

5 698

89 200,7

"Алтай Альпісі" таушаңды курорты

9

26 032

212 172,6

Басқада Алтай курорттық аймақтары

14

3 796

37 576,0

Алакөл курорттық аймағы

122

97 277

460 032,5

Бұқтырма курорттық аймағы

78

44 522

440 767,3

Ұлан курорттық аймағы

8

6 743

77 299,0

Сібі көлдері

6

4 585

64 554,0

"Окуньки" демалыс аймағы

2

2 158

12 745,0

Шығыс Қазақстанда емдік туризм жақсы дамып келеді. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті жақын және алыс шет елдерден мыңдаған туристер өздерінің денсаулықтарын түзеуге келеді. Облыстағы санаторийлер оларға панта тұнбасымен, балшықпен және жерасты емдік сулармен емдеу қызметтерін ұсынады. Олар – Алакөлдегі емдеу-сауықтыру кешендері, Катон-Қарағай ауданындағы пантамен емдеу мекемелері және тағы көптеген орындар. Шипалы Алакөлдің және таулы Бұқтырма су қоймасының жағажайлары жазғы мезгілде елімізден және шет елдерден, негізінен Ресейден келетін демалушылардан арылмайды.

Бүгінгі таңда ШҚО территориясында 4 ірі минералды сулар көзі ашылып зерттелген. Олар Рахман қайнарлары (350), Барлық-Арасан (340), Арасан-Талды (370), Жеменей (25). Олардың ең алғаш ашылғаны – термалды радон көздері – Рахман қайнарлары 100 жылдан астам уақыт аралығында емдік профилактикалық мақсаттарда қолданылады. Үржар ауданында Барлық жоталарының батыс беткейінде минералды көздер негізінде жыл бойы қызмет ететін «Барлық-Арасан» санаторийі жұмыс істейді. Оның бір уақыттағы сыйымдылығы 250 орын. Жыл көлемінде санаторий 5000-ға жуық адамға қызмет көрсетеді. Зайсан қаласынан батысқа қарай 30 км жерде орналасқан Арасан-Талды минералды көздері құрамы бойынша хлоридті-сульфатты, кальций-натрийлі, кремнийлі және өте ыстық (С) болып табылатын, өзінің емдік суларының өзгешелігімен ерекшеленеді.

Алакөл көлінің де батпағы мен суы (хлоридті сульфатты натрилі) емдік қасиеттің кең спектріне ие. Осы жайт көптеген келушілерді көл жағалауында орналасқан демалыс базаларына («Ана», «Алакөл», «Айгерім» т.с.с.) еліктіреді. Алакөл Қазақстандағы ең әсем көлдердің бірі, ол Жоңғар Алатауының солтүстік-шығыс аумағында орналасқан. Тұщы көл құрамында күкірт қышқылы, минералдық тұздары бар шипалы қасиеті жоғары суы және балшығымен әйгілі.

Емдік-сауықтыру туризмін дамытуда емдік процедуралардың кең спектрін көрсететін, термалды радон бұлақтарының негізінде жұмыс істейтін бальнеологиялық санаторий «Рахман қайнарлары» орналасқан Катон-Қарағай ауданының мүмкіндігі зор. 2006 жылы қайта құрылып, бір уақытты сыйымдылығы 51 орынды құрайды. Санаторий жыл көлемінде қызмет көрсетеді. Алыс орта таулы жерде орналасқан, радонмен емдеу қызметін көрсететін «Рахман қайнарлары» санаторийі осы секторда ШҚО нарығында монополист болып табылады.

Емдік-сауықтыру туризмнің келесі маңызды бағыты – пантамен емдеу болып табылады. Бұл бағыт Шығыс Қазақстан облысы туризмінің халықаралық мамандануының болашағын анықтайды, себебі бұндай қызмет еліміздің басқа ешбір жерінде көрсетілмейді, 5675 ал пантамен емдеу қызметін көрсетуге қажетті ресурстар көлемі тек бірнеше елде ғана бар. Бүгінгі таңда осы бағытта үш заңды тұлға өз қызметтерін көрсетеді: «Долина царей» демалыс базасы, «Катон-Қарағай бұғы паркі» ШҚ (ШҚ пантамен емдеу орталығы), «Ақсу» кешені. «Ақсу» кешенінің Язевое, Верх-Катун, Белое, Репное, Катон-Қарағай ауылдарында орналасқан 5 емдік-сауықтыру кешені бар. Соңғы үшеуінде қызмет көрсету жыл бойы жүргізіледі. Пантамен емдеу қызметін көрсететін объектілердің жалпы сыйымдылығы 178 орын. Пантамен емдеуді дамытудағы жағымды жағдай – тек жергілікті ресурстарға негізделу.

Санаторлы-курорттық және жалпы туристік салалардың дамуын тежейтін факторларға ескірген материалды-техникалық база мен инфрақұрылымды, емдік-сауықтыру аймақтарындағы жоспарсыз құрылысты және қазіргі заманға сай мәдени және ойын-сауық мекемелері жүйесінің жоқтығын жатқызуға болады. Көптеген минералды су мен балшық көздерінің жекеменшік кәсіпкерлерге берілуі аса қымбат табиғи ресурстардың мақсатына сай емес пайдаланылуына және санаторлы курортты мекемелер үшін бағасының артуына алып келді. Сонымен қатар, емдік-сауықтыру туризмінің дамуына кедергі келтіретін мәселелер қатарына:

  • қоршаған ортаның ластануы;
  • табиғи ландшафттардың деградациясы;
  • емдік минералды-бальнеологиялық ресурстардың дұрыс емес пайдаланылуы;
  • материалды-техникалық базаның жоғары моралды және физикалық тозуы;
  • қызмет көрсету сапасы мен деңгейінің төмендігі;
  • табиғи емдік ресурстарды барлау және пайдалану, қазіргі заманғы технологиялық жабдықтарды құру және енгізу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының аздығы;
  • санаторлы – курортты кешен үшін мамандарды даярлау және қайта даярлау жүйесінің жетілмегендігі;
  • курортты-санаторлы қызметтер бағасын есептеудің бірыңғай жүйесінің жоқтығы, т.б. жатады.

Осы аталған мәселелерді шешудің және Қазақстан аймақтарында емдік-сауықтыру туризмін дамыту шараларын жүзеге асырудың басым бағыттары:

ету;

  • бірегей табиғи-ресурстық кешенді сақтау;
  • шаруашылық және табиғи кешендерді құқықтық бақылау жүйесін қамтамасыз
  • табиғи-ресурстық әлеуетті сақтау және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту (емдік минералды ресурстарды сақтау, өндіріс және тұрмыс қалдықтары мәселесін шешу, атмосфералық ауаны қорғау, су нысандарын ластауды тоқтату, аймақтық орман шаруашылығын қолдау);
  • бірыңғай экологиялық мониторинг кешенін ұйымдастыру;
  • табиғатты пайдалануды ұйымдастырудың экономикалық механизмдерін енгізу;
  • ұлттық туристік рекреациялық сауықтыру кешендерін жылжытуға бағытталған мемлекеттік маркетингтік бағдарламаларды жүзеге асыру;
  • шипажайлы курортты кешеннің материалды-техникалық базасын жаңартуды және курортология саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді мемлекет бюджетінен қаржыландыру;
  • шипажайлы курортты кешеннің түрлі сауықтыру мекемелеріндегі орналастыру орындарының инфрақұрылымына салынатын инвестицияларға салықтық жеңілдіктер жүйесін енгізу;
  • халықаралық нарыққа шығу шараларын дамыту т.б.

Еліміздің ұлттық мүдделеріне сәйкес емдік-сауықтыру туризмін дамытатын аймақтарда халық шаруашылығының өзге де салаларын, сауда көлік логистика кешенін, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін, ауыл шаруашылығын дамыту қажет. Әсіресе, қазіргі таңда экологиялық таза тамақ өнімдерін өндірудің инновациялық технологияларын меңгеру мәселесі өзекті, себебі емдік тамақтандыру емдеу үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады. Осы аталған салаларды отандық және шетелдік инвестицияларды белсенді тарту арқылы дамытуға мүмкіндік туады.

Әлемдік деңгейде алып қарастыратын болсақ, емдік-сауықтыру туризмі – туризмнің аса қарқынды дамушы саласы болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша 2022 жылға қарай туризм және оның емдік-сауықтыру саласы әлемдегі басты салаларға айналады. Соған орай Шығыс Қазақстан Облысы келешегі мол өлкелердің бірі. Емдік сауықтыру туризмінің орталығы болатыны сөзсіз!

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Ветитнев А.М., Кусков А.С. Лечебный туризм. М.: «Форум», 2010.
  2. Кусков А.С., Лысикова О.В. Курортология и оздоровительный туризм. – Ростов-на-Д.: «Феникс», 2004.
  3. Кусков А.С., Макарцева Л.В. Основы курортологии: Учебное пособие . Саратов, 2002.
  4. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы Сессияның
  5. № 8/104-V шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы. Өскемен, 2012.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.