Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шығыс-Қазақстан облысында емдік-сауықтыру туризмінің даму тенденциялары

Автор туралы мәліметтер. Ратаева Арай Сайранқызы Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Туризм» мамандығының студенті.

Аннотация. Мақалада Шығыс-Қазақстан облысындағы емдік-сауықтыру туризмінің қазіргі даму жағдайы қарастырылады. Сондай-ақ 2016 жылға қарсы Шығыс-Қазақстанға келген қонақтар мен түрлі ауруларды емдей түрлері туралы мәліметтер келтірілген. Шығыс-Қазақстан облысындағы емдік-сауықтыру туризмі дамуының төмендігінің негізгі себептері мен болашағы сөз етіледі.

Емдеу сауықтыру орындары халықтың ұлттық игілігі болып табылады. Олар халықтың демалуы мен емделуіне арналған және де қатаң түрде қорғауға алынған табиғи объектілері мен өзіндік ерекшеліктері бар аймақ болып келеді.

Қазақстан Республикасындағы емдік туризмнің дамуының қажеттілігін тұтынушыларға әлеуметтік тапсырыс көптеген бүтіндей жүйесін жуықтап алғанда денсаулық мәселесі мен бос уақытты өткізуге байланысты салауатты өмір салтына республикадағы патриоттық тәлім тәрбиені үйретуге жағдайлар жасалған.

Қазақстан Республикасының кең байтақ территориясында ерекше физика – географиялық және геологиялық жағдайлары емдік туризмдегі әр түрлі факторлармен таралған. Емдік туризмді дамытуға Қазақстанның мүмкіншілігі зор. Оның негізгі ғажайып табиғи жағдайларын көптеген емдік батпақтар мен минералды бұлақтар құрайды. Қазақстан Республикасындағы емдік туризмнің даму қарқыны шикізат базасы мен дағдыланған.

Туризм демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты және жеке ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілген қызмет.

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлгін халықаралық инвестициясының 11%дан астамын, әлемдік өндірістің әр бір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше болып кірген. Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз болып қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына және қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады.

Қазақстандағы қазіргі заманғы туризм дамуының деңгейі қолда бар туристік әлеуметті толығымен пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Себебі туристік сфера дамуының төмен деңгейі туризм сферасын экономикалық реформалау жөніндегі ғылыми өңдеулердің тіптен болмауына байланысты. Қазақстанда туризм сферасында тәжірибелік ұсынуларды жасау үшін кешенді және жүйелік талдау өткізетін ғылыми-зерттеу құрылымы жоқтығы. Сондықтан қазіргі заманғы сатыдағы туризм дамуының экономикалық механизмін зерттеудің өзекті мәні бар.

Қазіргі туризм бұл әлемдік экономиканың құлдырауы болмайтын саласының бірі. Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірген әлеуметтік мәдени маңызға ие. Себебі ол елдер арасындағы мемлекет аралық байланыстардың және мәдени айырбастаудың дамуына ықпалын тигізеді және аймақаралық байланыс көлемін арттырады, халықтың танымдық деңгейін көрсетеді.

Шипажайлардың негізгі типтері: бальнеологиялық; балшықтық; климаттық;

Бальнеологиялық шипажайларда табиғи минералды сулармен емдейді және оларды сыртқа және ішке тұтынады. Минералды сулар көптеген ауруларды сауықтырады. Солардың ішінде асқазан ішек ауруларын, жүрек-қан тамыр ауруларын, қимылдатқыш аппараты ауру адамдар мұндай шипажайларға көп келеді. Жүргізілген медициналық зерттеулер кейбір аурулардың осы шипажайларда емделгеннен кейін жақсы нәтижелерді көрсеткен.

Балшықты шипажайлар шипалы балшықты жерлерде болады. Олар буын аурулары, жүйке аурулары, гинекологиялық және кейбір ауруларды емдеуге осы балшықпен емдеу жақсы нәтиже береді.

Континенталды климат тән орманды шипажайлар жоғарғы тыныс жолдары, астма ауруларымен ауратын адамдарға шипалы, ал таулы шипажайлар алғашқы формадағы туберкулез және қан аздық ауруларына шипалы болады.

Климаттық шипажайлардың ішіндегі кең тарағаны теңіз жағалаулық шипажайлар. Мұнда туристер теңіз жағалауындағы демалыс пен нәтижелі емделуді үйлестіре алады. Бұл қан ауруларына, лимфа темірлері, костная ткань ауратын адамдарға шипалы.

Климаттық шипажайлардың тағы бір түрі климаттық қымызбен емдейтін шипажайлар. Олар дала зонасында кең тараған. Қымыз ол жылқының қышқыл сүті. Қымыз адамдарда май мен ақуыздардың, салмақты көбейтеді. әлемде олардың саны 40 жуық. Оның көп бөлігі Ресей, Қазақстан және Түркменстан аумағында.

Шығыс Қазақстан аумағындағы емдік туризмнің түрлері: ландшафтотерапия, бальнеотерапия, климатотерапия, иппотерапия, аэротерапия, талассотерапия, гелиотерапия, терренкур.

Ландшафтотерапия көрікті табиғат аясында, орманды, сулы жерде қабылданатын емнің түрі.

Бальнеотерапия бальнеологиялық минералды суға түсу (ванна, фито бөшке, бассейн).

Климатотерапия табиғи климаттық жағдайдағы емделудің бір түрі.

Иппотерапия атқа мініп жүру арқылы емдеу. Жүйке жүйесі зақымданған сырқаттарды емдейтін медицинаның бір саласы.

Аэротерапия таза ауа астындағы емделу профилактикасы.

Талассотерапия альтернативті медицинаның бағыты, теңіз суының балдыры, тастары және де балшықтарымен емдеу.

Гелиотерапия күн сәулесін пайдалану арқылы жүргізілетін профилактикалық емдеу түрі.

Терренкур белгілі бір маршрут бойынша табиғат аясына жаяу саяхатқа шығу. Туризмді дамытуда Қазақстанның келешегі мол және тартымды өлкесінің бірі Шы-

ғыс Қазақстан облысы болып табылады. Мұнда туристерді қызықтыратын көптеген алғышарттары бар кең аумақ, керемет ландшафтар, әртүрлі климаттық зоналар, баға жетпес мәдени және тарихи ескерткіштер, туристік қызметтердің сан алуан түрі.

2016ж. ШҚО туризм түрлерінің үлесі

Спорттық туризм

Сурет 1. Шығыс Қазақстан облысында туризм түрлерінің үлесі

Шығыс Қазақстан мықты туристік әлеуеті бар бірегей табиғат әлеміне ие ірі өндірістік, көліктік, энергетикалық және мәдени аймақ болып табылады. Дәл осы жәйт Шығыс Қазақстанды әлемнің әр түрлі елдерінен келген туристер үшін аса тартымды ететіні жасырын емес. Шығыс Қазақстан қонақжай және құшағы кең аймақта кез келген елден келген туристерге рахат демалыс үшін барлық жағдайларды жасай алады. Бүгінгі күнде облысымыздың аумағында 64 туристік кәсіпорындар, оның ішінде 27 туроператорлық және 37 турагенттік қызметтерді көрсететін кәсіпорын, сонымен қоса, 16 туризм нұсқаушысы, 265 орналастыру орындары, 84 демалыс орындары, 5 демалыс үйі, 34 емдеу-сауықтыру шипажайы, жиынтық көлемі 1723072 га немесе Шығыс Қазақстан облысы аумағының 6%-ын құрайтын 14 республикалық маңызы бар ерекше қорғауға алынған табиғи аумақ тіркелген.

Облыс шегінде бірнеше рекреациялық аймақтар анықталған: Бұқтарма жағалауы, Сібе көлдері, Алакөл көлі, Катон-Қарағай, Глубокий аудандары, Риддер, Өскемен қалаларының маңы.

Шығыс Қазақстан облысында емдік туризмді дамытудың көш басында Катонқарағай ауданы тұр. Бұл өңір елімізде табиғатының ерекше сипатымен ғана емес, марал шаруашылығын өркендеуімен де әйгілі. Маралдың мүйізінен жасалған емдік қасиеті аса жоғары дәрі дәрумендер сұранысқа ие. Бұл күндері Катон-Қарағай жерінде бұғы мүйізінің сорпасымен бұлаулайтын ондаған емдік орындар ашылған.

Қасиетті қазақ жері мен төрінде құт қонған жерұйық қоныс, жанға жайлы жәннат мекендер аз емес. Соның бірі мен бірегейі Алтайдың төрінен, атақты Мұзтаудың етегінен ойып тұрып орын алған Катонқарағай ауданы. Мың жылдық қарағайы мен самырсыны, балқарағай жайқалып өскен нулы мекен, қаздар қаңқылдап, сансыз құстар сайрап ұшқан осынау бір ғажап өлкеге барған сайын жан сарайың ашылып, ерекше бір сезімге бөленесің. Біздің өлкеміздің керемет табиғи ландшафты, көптеген көлдері, өзендері, балық аулау, аң аулау және ғылыми турларын, пантамен емдеу, шипажай-курорттық демалыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мал шаруашылығының бірегей саласы – марал шаруашылығы Катон-Қарағай ауданында ғана дамыған және де бұл аудан осы шаруашылық негізінде емдік-сауықтыру туризмінің дамуына зор әлеуетке ие. Осы саланы игере отырып, елімізде емдік-сауықтыру туризмін дамытып қана қоймай, аймақтың экономикалық жағдайын жақсартып, жаңадан жұмыс орындарын қалыптастырып, ал ең бастысы, жағымды туристік имиджін қалыптастыруға болады.

Емдік-сауықтыру туризмі – медициналық туризмнің ең бұқаралық және кең тараған түрі, бұл туризм түрінің пайда болуы көне заманынан бастау алады. Емдік-сауықтыру туризміне ежелден-ақ сұраныс көп. ХХ ғасырда әлемде барлық елдер мен континенттерге таралған курорт индустриясы кеңінен етек жайды. Дәстүрлі климаттық, бальнеологиялық және батпақтық курорттармен қатар сауықтырудың жаңа формалары – SPA, wellness, fitness пайда болды.

Емдік-сауықтыру туризмі – бұл резидент және резидент емес тұлғалардың мемлекет шекарасы шегінде және шекарадан асып, 24 сағаттан кем емес, 12 айдан артық емес мерзімге емделу, түрлі дерттің алдын алу мақсатында саяхаттауы. Емдік-сауықтыру туризмі курортологияға негізделген.

Курортология – бұл табиғи емдік факторлардың адам ағзасына әсері мен оларды емдік профилактикалық мақсатта қолдану әдістемесі жайлы ғылым.

Емдік-сауықтыру туризмінің бірқатар айырмашылықтары бар. Біріншіден, туристің курортта болу ұзақтығы, белгілі бір себептерге байланыссыз, 3 аптадан кем болмауы тиіс. Тек осы уақыт аралығында ғана емделу мақсатымен келген тұлға қажет сауықтыру шараларын алады. Екіншіден, курорттарда емделу бағасы қымбат тұрады. Дегенмен қазіргі уақытта салыстырмалы түрде арзан туристік курорттар ұйымдастырылуда. Туристер арнайы емдеу үшін маманданған және денсаулықты нығайтуға арналған курорттардың бірін ғана таңдайды. Бұл таңдау олардың жеке мақсаттарына тікелей байланысты.

Санаторлы-курорттық емделу табиғи емдік ресурстарды терапевтикалық және медикаментозды әдістермен үйлесе қолдануға негізделген. Мұнда табиғи емдік ресурстар (ландшафт, климат, минералды сулар, емдік батпақ, флора мен фауна, т.с.с.) маңызды рол атқарады. Шығыс Қазақстанда емдік-сауықтыру туризмін дамытуға барлық жағымды табиғи алғышарттар бар. Ол үшін қажетті ресурстар Үржар, Зайсан, Күршім, Жарма, Бесқарағай, Абай, әсіресе, Катон-Қарағай аудандарында бар.

Кесте 1. Емдік-сауықтыру мақсаты бойынша қызмет көрсетілген келіп-кетушілер саны, 2016 ж.

2016 ж.

Шығыс Қазақст ан облысы

Өске мен қалас ы

Семе й қалас ы

Аб ай ауд ан ы

Аягөз аудан ы

Бесқара ғай ауданы

Жа рма ауд ан ы

Зай сан ауд ан ы

КатонҚараға й ауданы

Ұлан ауда ны

Емдік және сауықтыру емшаралары

3391

457

2303

19

2

791

12

37

35

8

392

715

Шығыс Қазақстан облысында емдік-сауықтыру туризмді дамыту маңыздылығы облыстың өндірістік орталықтарында қоршаған ортаның нашар жағдайы және өндірістік мамандану ерекшеліктерімен шартталған.

Көптеген елді мекендер мен қалалар, әсіресе Өскемен қаласының тұрғындары жағымсыз метео жағдай кезеңінде экологиялық тәуекелге ұшырау мүмкіндігі жоғары.

ШҚО бойынша арнайы орналастыру орындарында емделіп, сауыққан адам саны 2016 жылы 3391 адам, оның ішінде қызмет көрсетілген келушілер саны Өскемен қаласы – 457, Семей қаласы – 303, Абай ауданы – 192, Аягөз ауданы – 791, Бесқарағай ауданы – 12, Жарма ауданы – 37, Зайсан ауданы – 358, Катон-Қарағай ауданы – 392, Ұлан ауданы – 715.

Санаторий, емдеу пансионаттары, санаторий профилакторийлерден басқа, ШҚО турфирмалары шетелде және ҚР басқа да облыстарында емделу, сауығу, демалу турларын белсенді ұсынады.

Шығыс Қазақстанда емдік туризм жақсы дамып келеді. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті жақын және алыс шет елдерден мыңдаған туристер өздерінің денсаулықтарын түзеуге келеді. Облыстағы санаторийлер оларға панта тұнбасымен, балшықпен және жерасты емдік сулармен емдеу қызметтерін ұсынады. Олар – Алакөлдегі емдеу-сауықтыру кешендері, Катон-Қарағай ауданындағы пантамен емдеу мекемелері және тағы көп-

теген орындар. Шипалы Алакөлдің және таулы Бұқтырма су қоймасының жағажайлары жазғы мезгілде елімізден және шет елдерден, негізінен Ресейден келетін демалушылардан арылмайды.

Бүгінгі таңда ШҚО территориясында 4 ірі минералды сулар көзі ашылып, зерттелген. Олар Рахман қайнарлары (350), Барлық-Арасан (340), Арасан-Талды (370), Жеменей (25). Олардың ең алғаш ашылғаны – термалды радон көздері – Рахман қайнарлары 100 жылдан астам уақыт аралығында емдік-профилактикалық мақсаттарда қолданылады. Үржар ауданында Барлық жоталарының батыс беткейінде минералды көздер негізінде жыл бойы қызмет ететін «Барлық-Арасан» санаторийі жұмыс істейді. Оның бір уақыттағы сыйымдылығы 250 орын. Жыл көлемінде санаторий 5000-ға жуық адамға қызмет көрсетеді. Зайсан қаласынан батысқа қарай 30 км жерде орналасқан Арасан-Талды минералды көздері құрамы бойынша хлоридті-сульфатты, кальций-натрийлі, кремнийлі және өте ыстық болып табылатын, өзінің емдік суларының өзгешелігімен ерекшеленеді.

Алакөл көлінің де батпағы мен суы (хлоридті-сульфатты-натрилі) емдік қасиеттің кең спектріне ие. Осы жайт көптеген келушілерді көл жағалауында орналасқан демалыс базаларына («Ана»«Алакөл»«Айгерім» т.с.с.) еліктіреді. Алакөл Қазақстандағы ең әсем көлдердің бірі, ол Жоңғар Алатауының солтүстік-шығыс аумағында орналасқан. Тұщы көл құрамында күкірт қышқылы, минералдық тұздары бар шипалы қасиеті жоғары суы және балшығымен әйгілі. Емдік-сауықтыру туризмін дамытуда емдік процедуралардың кең спектрін көрсететін, термалды радон бұлақтарының негізінде жұмыс істейтін бальнеологиялық санаторий «Рахман қайнарлары» орналасқан Катон-Қарағай ауданының мүмкіндігі зор. 2006 жылы қайта құрылып, бір уақытты сыйымдылығы 51 орынды құрайды. Санаторий жыл көлемінде қызмет көрсетеді. Алыс ортатаулы жерде орналасқан, радонмен емдеу қызметін көрсететін «Рахман қайнарлары» санаторийі осы секторда ШҚО нарығында монополист болып табылады.

Емдік-сауықтыру туризмнің келесі маңызды бағыты – пантамен емдеу болып табылады. Бұл бағыт Шығыс Қазақстан облысы туризмінің халықаралық мамандануының болашағын анықтайды, себебі бұндай қызмет еліміздің басқа ешбір жерінде көрсетілмейді, ал пантамен емдеу қызметін көрсетуге қажетті ресурстар көлемі тек бірнеше елде ғана бар.

Бүгінгі таңда осы бағытта үш заңды тұлға өз қызметтерін көрсетеді: «Долина царей» демалыс базасы, «Катон-Қарағай бұғы паркі» ШҚ (ШҚ пантамен емдеу орталығы), «Ақсу» кешені. «Ақсу» кешенінің Язевое, Верх-Катун, Белое, Репное, Катон-Қарағай ауылдарында орналасқан 5 емдік-сауықтыру кешені бар. Соңғы үшеуінде қызмет көрсету жыл бойы жүргізіледі. Пантамен емдеу қызметін көрсететін объектілердің жалпы сыйымдылығы 178 орын. Пантамен емдеуді дамытудағы жағымды жағдай – тек жергілікті ресурстарға негізделу.

Қорыта айтқанда жалпы емдік туризм мемлекетке 3 оңтайлы нәтиже береді:

  1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
  2. Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. Бүкіл әлемдік туристік ұйым мен Бүкіл әлемдік туризм және саяхат кеңесін бағалау бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына жұмыс орны келеді. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
  3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі. Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Кусков А.С., Лысикова О.В. Курортология и оздоровительный туризм. – Ростов-на-Д.: «Феникс», 2004.
  2. Кусков А.С., Макарцева Л.В. Основы курортологии: Учебное пособие. Саратов, 2002.
  3. Третьякова Т. Основы курортного дела. М., 2008.
  4. Губа В.Воронов Ю., Карпов В. Лечебно-оздоровительный туризм. – М., 2010.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.