Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикада шағын бизнесті мемлекеттік қолдау және ондағы кедергілер

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті, әрі серпінді дамып келе жатқан әлем мемлекеттерінің қатарына қосылуы алдыңғы қатарлы қоғам құрудағы басымдықтардың бірі » деп өз Жолдауында атап өтті. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және жан-жақты қолдауға қазіргі уақытта үлкен мән беріліп отыр.

Экономикалық дамудың осы кезеңінде мемлекеттің негізгі рөлі кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау болуы тиіс.

Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы бұл субъектілердің дамуына жәрдемдесетін және оларға кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті қызмет көрсететін және кәсіпкерлік ортаның тыныс тіршілігіне орта мен жағдайды қамтамасыз ететін ұйымдар мен бірлестіктердің жиынтығы.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап шағын бизнес мемлекетте үдемелі көрініске айналды. 2013-2014 жылдары шағын бизнестің белсенді субьектілері 6 есеге көбейді және 667 225 бірлікті құрайды. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің тауар өндіруі 26,4 есеге көбейді және ол 2317,9 млрд. тенге ал жұмыспен қамтылғандар саны 2,8 есеге көбейіп 1 831 мың бірлікті құрады.

Бұл ретте, қаржыландыру көлемі белгіленген тәртіппен тиісті жыл бюджетін қалыптастыру мен нақтылау кезінде нақтыланады. Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға ұлттық компаниялардың қаражаты тартылады.

Осы жылдары мемлекет шағын және орта бизнесті қолдау шараларын жоспарлы түрде жүзеге асырды, яғни мемлекеттің салалық бағдарламаларын қабылдап іске асыру арқылы. Шағын кәсіпкерлік субъектілердің мақсаты қызмет саласын барынша кеңейтуге және оларды жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

1992 жылы 4 шілдеде Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Заңы қабылданды, осы Заң жеке кәсіпкерлікті қорғау мен оны қолдаудың негізгі түрлері мен әдістерін белгілейді, мемлекеттің жеке кәсіпкерлік қызметке тікелей араласудан бас тарту саясатын, жеке кәсіпкерлердің барынша еркіндігін, коммерциялық құпияның қорғалуын және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жеке кәсіпкерлердің хұқықтарын бұзғаны үшін жауаптылығын баянды етеді.

Шағын бизнестің тұрақты дамуын, басты экономикалық салаларда өз үлесін арттыруын және жаңа жұмыс орындарының көбеюін қамтамасыз ету мақсатында 1999-2000 жж. және 2001-2002 жж. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік даму және қолдау бағдарламалары жүзеге асты. 2005-2006 жылдары елімізде бағдарламаларды іске асырудың нәтижесінде мынандай өзгертулер мен жұмыстар атқарылады:

  • 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық кесімдері әзірленеді және қабылданады;
  • 2005 жылы кластерлік желілік ұстаным негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық моделі әзірленді;
  • 2005 жылы Үлкен қаржылық маркет құрылды;
  • 2005-2006 жылдары кезеңімен мемлекеттің бейінді емес функцияларын шағын және орта кәсіпкерлікке беру жүргізілді.

Шағын кәсіпорындардың басымды бағыттарын анықтап, дамыту, шағын кәсіпорындардың ірі өндірістік кешендерімен кооперациялық байланыстарын дамыту бағдарламаларын әзірлеу, ақпарат тарату және лицензия беру арқылы ғылыми-техникалық жетістіктерге қол жеткізу үшін жағдай жасау, ғалымды көп қажетсінетін, қарқынды дамып келе жатқан өндірістерде жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін жеделдетілген амортизация саясатын жүргізу, сондай-ақ жаңа технология, өнім мен қызмет әзірлеумен айналысатын кәсіпорындарға салықтық жеңілдікті негіздеп беру, ғылыми-техникалық жетістіктерді игеру үшін мемлекет тарапынан қаржылық және инвестициялық қолдау көрсету қажет.

Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қабылданған 2002 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған жеделдетілген іс-шаралар бағдарламасы қабылданған болатын. Осы Бағдарламаға сәйкес мемлекеттің бастамасы бойынша құрылған қаржы институттарына келесі ұйымдар кіреді: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен өңірлік филиалдары, лизингтік компаниялар, микрокредиттік және микроқаржылық ұйымдар.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын» АҚ құру шағын бизнесті қолдаудағы ірі шаралардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің субьектілерінің қалыптасуын ынталандыру және экономикалық өсу, шағын бизнесті қолдауға арналған мемлекеттің қаржыларын тиімді пайдалану осының барлығы қордың негізгі мақсаттары.

Шағын және жеке кәсіпкерлік туралы ұғым 1997 жылы 19 маусым күні «Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы» қабылданған заңда енгізілген.

Бизнестің дамуына бөгет жасайтын әкімшілік кедергілерді жою және бизнес ахуалын жақсарту мемлекеттік органдардың алдында тұрған нақты мақсаттар.

Бизнесті жүргізуіндегі әкімшілік кедергілерді жою қажеттілігі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауында айрықша атап көрсетілген. Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіне әрбір кәсіпкер заңға қайшы келетін әрекеттер фактілері бойынша немесе құқық қорғау органдарының тексерісі жөнінде өтініштерін білдіру үшін арнайы интернет блог ұйымдастыруға тапсырма берді. Әкімшілікке, Бас прокуратураға және «Нұр Отан» партиясына жолданған әрбір өтініш бойынша шаралар қабылдану қажет. Кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мәселесіне қатысты, Мемлекет басшысы Үкіметке «Бизнестің жол картасы – 2020» аясында әлемдік дағдарыс салда-

рынан күрделі жағдайда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға көмектесудің тетіктеріне ерекше назар аудару туралы тапсырма берді. Бұл сондай-ақ банктерге берілген кредиттердің өсуіне байланысты қиындықтарды еңсеруге көмек көрсету болып табылады. Бұдан басқа, Жол картасында субсидия, кепілдік беру, инфрақұрылым құрылысы және жұмысшыларды қайта даярлау тетіктерін қайта қарастыру қажет. Банктер өз тарапынан кәсіпкерлерге қол ұшын беруді де қарастырулары керек деген тапсырмалар жүктелді.

Кәсіпкерлікке тән әкімшілік кедергілер-бизнесті ашу сатысында немесе әрекеті барысында рұқсат құжаттарын алуда пайда болатын әкімшілік бөгеттер. Мысалы, үдеріс өте көп сатылы, қиын, өте қымбат, түсініксіз, логика бойынша жүйесіз немесе тіпті қайшылықты болып келеді.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуында мынандай проблемалар қордаланған:

  • Экономикада кәсіпкердікі аз нысаны жұмыс істейді.
  • Қазақстандық ұсақ кәсіпкерліктің түрлері нашар әр тараптан дырылға және олар технологиялық жағынын артта қалған. Қазақстан Республикасында 2006 жылы 31 қаңтарда «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң қабылданды. Мазмұнына қарай бұл Заң шағын кәсіпкерліктің жеке тұлға мен заңды тұлға қарым-қатынасын одан әрі тиімді реттеу негізінде құрылған Қаржылық дағдарыстың шағын бизнеске кері әсерін азайту үшін Қазақстанның үкіметі 2007 жылы қабылданған дағдарысқа қарсы саясатында қаржылық қолдау Тұрақтылық Бағдарламасы І ІІ ІІІ транш және «Даму-Аймақ» ШОК субьектілері арқылы жүзеге асып өтті. «Даму» қоры 2009-2019 жылдарға арналған он жылдық стратегиялық даму бағдарын айқындап, осы кезеңде 13 қаржылық бағдарламаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ол бағдарламалардың ішінде «Тұрақтылық»«Даму-Өндіріс»«Даму-Аймақ» сияқты бүгінде жақсы жұмыс істеп тұрған бағдарламалар бар. «Даму-Аймақ» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры 51 заим алушыға 3,4 миллиард теңге көлемінде несие беріп, осының арқасында 160 жұмыс орны құрылды. Ал, тұрақтандыру бағдарламасы бойынша 3,8 миллиард теңгенің 118 жобасы іске қосылып, жаңадан 396 жұмыс орны ашылды. «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша 2,1 миллиард теңгенің 22 жобасы іске қосылды.

2008 жылдан 2010 жылға дейін шағын және орта бизнес саласына мемлекеттен 514 млрд. тенге қаржылай қолдау көрсетілді. 10 мыңнан аса кәсіпорындарды қолдауға және 13000 жұмыс орнын сақтап қалуға септігін тигізді.

Осыған қоса жоғарыда айтылған істерді орындауда 2009 жылы 17 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. Сонымен қатар 72 заңнамалық актіге және 8 кодекске өзгертулер енгізілді.

Даму қорының 2015 жылғы жұмыс нәтижелері мен 2016 жылға арналған жоспарлары туралы айтатын болсақ 10 537 қарыз алушы 513 млрд. 428 млн. теңге сомаға қаржыландырылды. Соның арқасында 19 784 жұмыс орны жаңадан құрылды және бар жұмыс орындары сақтап қалынды. 2015 жылдан бастап Қор қаржы агенті және үйлестіруші ретінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Жалпы алғанда 2015 жылы құны 91,6 млрд. теңгелік 73 жоба субсидиялап, төленген субсидиялар сомасы 983,7 млн. теңгені құрады. 2016 жылға арналған Қордың қолданыстағы және жаңа бағдарламалары бойынша әріптес банктердің игеретін қаражатының жобалық мөлшері 112 млрд. теңге шамасында болады, оның ішінде 34,5 млрд. теңге жаңа бағдарламаларға бағытталады деп күтілуде. Бұл сомаға Қор 2016 жылы кредиттеу, лизинг, факторинг және т.б. құралдар арқылы қаржылық қолдау көрсетуді көздеп отыр.

Қойылған мақсаттарға жету мемлекет пен кәсіпкерлердің бірігіп жұмыс істеу арқасында сәттілікке жетеді.

Ел экономикасының ілгері басуына шағын және орта бизнестің қосар үлесі зор. Дамыған елдерде экономиканың қомақты бөлігін осы шағын кәсіпкерлік құрайды. Сондықтан біздің елімізде де шағын және орта бизнестің қанат жаюына жағдай жасап, табысты саланың өркендеуіне айрықша көңіл бөлуде. Азаматтар жеке кәсіпкерлігін жүргізуге талпынса, ол ауданның атқарушы органдарынан да, кәсіпкерлік бөлімінен де қолдау тауып, көздеген мақсатына жедел қол жеткізеді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің болашақта дамуын болжамдаудың тиімді әдістері мен әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалын арттырудың ұтымды бағыттары тарауында экономика – математикалық әдістердің көмегімен шағын және орта кәсіпкерліктің болашақта дамуына болжамдау жасап, әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалын арттыру тетігі ретінде технобақтар мен бизнес инкубаторлар, аутсорсинг жүйесі қарастырылды.

Ірі кәсіпорындардың көпшілігі шағын бизнесті өзінің сенімді серіктесі ретінде санамайды. Сондықтан, ірі ұлттық және жеке компаниялар мен шағын және орта кәсіпорындар арасындағы қарым – қатынасты реттейтін үш сатылы бағытты ұсынып отырмыз:

Бірінші саты, қазақстандық ірі өнеркәсіптік кәсіпорыны жылына 500 миллион доллар болатын 20 000 түрлі тауарлар мен қызметтерді Ресей, қытай, және батыс елдерінің мердігерлерінен сатып алады. Осы себептен жүйені құраушы компанияларға қажетті импорт алмастырушы өнімді өндіруде Ұлттық компаниялар мен аймақтардағы жеке меншіктегі ірі компаниялардың шағын кәсіпорындармен әрекеттесуіне, объективті алғышарттары бар деп айта аламыз.

Екінші саты, тендерді жеңіп алған кәсіпорын территориясында бизнес инкубаторды ұйымдастыру. «Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар, федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті – шағын, әсіресе инновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубаторлар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжірибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткеннен соң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес – инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.

Бизнес – инкубатордың негізгі ресурстарына келесілер жатады:

А) бизнес-инкубаторлар персоналы, соның ішінде кеңес берушілер;

Б) құрал-жабдықтар, соның ішінде ұйымдастыру техникалары (көшірме машиналары, факс, компьютерлер т.б.);

В) бір жылға жалданатын ғимараттар мен жиһаздар;

Бизнес – инкубатордың басындағы тұлға – директор немесе атқарушы директор болып табылады.

Ірі кәсіпорындар қуатты негізгі қорларға ие, яғни оларда қазіргі талапқа сай құралдар, көлемді, пайдаланылмай жатқан өндірістік алаңдары бар. Сондықтан екінші сатыда аймақтардағы өндірістік әлеуеті бар шағын қалалар мен аудандарда ірі кәсіпорындардың басқаруында болатын бизнес инкубатор ұйымдастыруды жүзеге асыру керек. Төмендегі суретте тендердің өткізілу тәртібі берілді.

Үшінші саты, аутсорсинг жүйесін жүзеге асыру болып табылады. Аутсорсинг концепциясы шағын және ірі кәсіпорындардың әрекеттестігінің бір түрі ретінде қарастырылады, яғни ірі кәсіпкерлік құрылымда негізгі емес қызмет түрлері анықталып, қолдаушы ұйымдарды ұзақ мерзімді тапсырмалармен қамтамасыз етеді. Негізгі тірек берілген қызметтерді шағын кәсіпкерлерге беру болып табылады. Аутсорсинг – бұл бизнестің жаңа концепциясы. Ежелгі билеушілер өз әскер күшін шет елдерден алынған жалшылар көмегімен күшейтіп отырған, әлгінде ғана заманауи кәсіпорындар өндірісін дүние жүзі бойынша арзанырақ жерлерге ауыстырды. Осыған орай, бүгінгі күндері, өнімнің дәстүрлі көздеріне қосымша ретінде халықаралық сауда аутсорсинг формасын дарытпайды.

Шағын және орта кәсіпкерлік – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және т.б.

Көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады.

Шағын бизнес – жеке және заңды тұлғаның өз күш қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырып, іскерлігін қалыптастырады. Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау – оның жалпы экономикалық ой-пікір сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендігін көрсетеді. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсіпкерлік туралы, оның индустриялық қалай аталғанына қарамастан, ерекше пікірлер қалыптасқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбір азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда, оны жүзеге асыру қоғам мүшелерінің кезкелгенінің қолынан келе бермейді. Сондықтан, кәсіпкерліктің шын, нақты субъектісі – бұған деген алғышарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы бар субъектілер жатады. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет және ең бастысы – әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне, осы себептен кәсіпкерлердің басты мақсаты – өз кәсіпорынының пайдасын барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсіпкердің табысы көбіне оның бизнесті ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезеңінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын іздейді, яғни, бұл кәсіпкерліктің ең басты мәселесі. Кәсіпкерлік қызмет тәуекелге ұшырайды. Осы арқылы ол шаруашылық жүргізудің нашар нәтижелері кезінде мемлекетке жүгінуге мүмкіндігі болған зиянды кәсіпорындарды біле тұра жол берген әкімшілік жоспарлы экономика кезеңінің шаруашылық қызметінен түпкілікті түрде ерекшеленеді. Кәсіпкерлік тәуекелі – табысты жұмысқа қуатты ынта. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік нарықтық экономиканың негізі болып табылады және халықтың басым бөлігін жұмыспен қамтамасыз етіп, өте ірі салалар мен жобаларды дамытуға қолдау көрсетеді. Шағын және орта бизнес – жаңа бастау алып келе жатқан кәсіпкерлер арасында капиталды инвестициялау тәсілі ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде маңызға ие.

Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.

Бүгінгі таңда Қазақстанның танымал экономист-ғалымдары шағын кәсіпкерліктің мәселелерін терең қарастырған және оның өтпелі экономикадағы маңызын белгілеген болатын. Осы маңыздылықтарға:

  • тұтынушылық тауарлар мен қызметтер ассортиментін көбейту және өндіріс көлемін ұлғайту;
  • халыққа қат тауарлар мен қызметтердің өндірісін ұйымдастыру;
  • экономиканың мемлекеттік секторының тиімсіз өндірісін қолға алып, өнім шығару және осының есебінен ірі кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру;
  • нарық сұранысына ыңғайлы және шұғыл жұмыс істейтін өнім түрлерін шығару арқылы қоғамдық өндірістің көлемін ұлғайтып, халықтың әл-ауқатын артуына ықпал ету;
  • жаппай жұмыссыздықты жоюға көмектесу;
  • қосымша жұмыс орындарының пайда болуына ықпал ету мүмкіндіктері;
  • экономикадағы бәсекелестікті дамыту.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымындағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік кепілдіктерді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген.

Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы, орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті оқ дау бойынша әкімдердің қызметің қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оны қолдау Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларының басым бағыттарының бірі болып саналады. Сондықтан бұл жұмыста шағын кәсіпкерліктің даму барысын, оның қалыптасуындағы негізгі кедергілері мен оны мемлекеттік қолдау саясатының маңызды бағыттары сипатталының, басқару тұрғысынан талданды.

Курстық жұмысты орындай отырып Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы және шет елдердегі экономиканы салыстырмалы түрде зерттедік.

Қазақстанның болашағы зор мемлекет. Шағын кәсіпкерліктің дамуы мемлекеттің социалды-экономикалық жағайын жақсартатыны анық. Ойды тұжырымдай келе келесідей мәселелер шешілу керектігі анықталды:

  • қызметтің тиімділігі мен ұтымдылығын арттыру;
  • салық салу жүйесін тиімді тұрақтандыру;
  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мейілінше бақылап, басқару арқылы проблемаларын шешу, яғни тиімді менеджментті іске асыру.

Осы шатырды орындау үшін әр бір Қазақстан азаматы үшін мемлекеттегі жағдайды жақсарту міндеті. Экономикадағы негізгі мәселелерді жойы және оларды болдыртпау экономистердің атқаратын жұмысы бола тұра, шағын және орта бизнесті дамыту шараларын жүзеге асыру кәсіпкерлердің білімділігі мен шеберлігіне байланысты.

Білікті маман дайындау мемлекет мойында. Оның барлығы Заң жүзінде іске асады. Болашағы жақсы мемлекет даму үстінде.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Токсанова А.Н. Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход. Алматы, 1999.
  2. Феномен предпринимательства в переходных обществах: состояния, проблемы, перспективы. Сборник научных работ. Алматы. 1999.
  3. Николас К. Сирополис управление малым бизнесом. М., 1999.
  4. Қазақ энциклопедиясы. 9 том 18 бөлім.
  5. Қаржы-экономика сөздігі. Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС. 2007.
  6. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Жалпы бөлім (берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  7. Ұлттық экономика. Оқулық. Алматы. 2014.
  8. Винс Р. Математика управления капиталом. Методы анализа риска для трейдеров и портфельных менеджеров. Пер. с англ. – М.: Альпина, 2014.
  9. Битемиров Қ.Т. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері, Алматы, 2002.
  10. Бердалиев К.Б., Тұрсынбаева А.А. Менеждмент теориясы мен тәжірибесі. – Алматы, 2012.
  11. www.damu.kz
  12. www.zakon.kz

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.