Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Негізгі құралдарды қайтадан бағалау (индексациялау)

Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар (астық қоймасы, мал қорлары, мұнай қоймалары, автомобиль гараждары, мал азығын сүрлейтін мұнаралар, суландыру жүйелері, көң қоймалары);

Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер (тракторлар, күш бергіш қондырғылар, электр двигательдері, бумен жұмыс істейтін двигательдер, топырақ өңдейтін, егін салатын, тұқым себетін және егін жинайтын машиналар мен құралдар, жем-шөп әзірлейтін машиналар, мал фермасының жабдықтары, электр жүйелері, жылу энергиясын немесе газ тәрізді заттарды өткізуге арналған құралдар, телефон және радио жүйелері);

Көлік құралдары (автокөліктердің барлық түрлері, автоприцептер, қайық және қатерлер, мотоциклдер, велосипедтер, арба және шаналар);

Басқадай негізгі құралдар (құрал-саймандар, шаруашылық құрал-жабдықтар, өндірістік құрал-жабдықтар, өнім малы, көпжылдық екпе ағаштар, тағы басқалар).

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты есептен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құралжабдықтар жатқызылады.

Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы күндері тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:

А) негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда (кеңейткенде, жаңартқанда тағы да басқа) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;

Ә) Қазақстан Республикасы Үкіметтің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.

Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбекақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың құны оны бір кезде жасап шығаруға өндіруге, салуға кеткен, жұмсалған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын-оқтын, уақыт өте қайтадан бағалап (индексациялап) тұрады.

Негізгі құралдарды қайтадан бағалау (индексациялау) кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі күні өндіріп шығаруға кететін құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағаланғаннан (индексациялағаннан) бастап, оларды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді. Негізгі құралдардың талдамалық есебін олардың жіктелік топтары, әрбір объекті түрлері және орны бойынша анықтау мүмкін болатындай етіп ұйымдастыру қажет. Бұл арқылы негізгі құралдардың «Мүліктік карточкалары» арқылы (негізгі құралдар есебінің мүліктік карточкасы) жүргізілетін талдамалық есебі және негізгі құралдар есебінің шоттары бойынша синтетикалық есебімен қамтамасыз етіледі. Мүліктік карточка әрбір объектіге немесе объектілердің топтарына алғашқы құжаттардың, техникалық төлқұжаттардың және басқа да құжаттардың негізінде ашылады. Толтырылған мүліктік карточкалар негізгі құралдардың жіктелік топтары бойынша арнайы тізімге тіркеледі.

Ағымдағы және қаржылық жалдағы негізгі құралдарға мүліктік карточка ашылмайды. Олардың талдамалық есебі үшін негізгі құралдарды жалға беру актісіне тіркелген жалға беруші берген карточканың көшірмесі қолданылады. Объектіні қайта қалпына келтіру кезінде, құрылысын аяқтаған кезде немесе толықтай құралданғанда жаңадан карточка ашылады.

Тізімге тіркелген карточкалар негізгі құралдардың карточкалар ұясына орналастырылады. Ұяшықта негізгі құралдар жіктемек топтары бойынша, ал оның ішінде орналасу жерлері бойынша топтастырылады. Қызмет істемейтін негізгі құралдардың карточкалары бөлек топтастырылады.

Негізгі құралдардың пайдалану орындарында (цехтарда, бөлімдерде) тізімін, яғни «Негізгі құралдардың мүліктік тізімдемесін» (орналасу және пайдалану жерлері бойынша) жүргізеді және онда пайдаланудағы негізгі құралдар туралы қысқаша сипаттама беріледі.

Түскен, шыққан және ұйымның ішінде орын ауыстырған негізгі құралдар бойынша «Мүліктік карточкалардағы» тиісті жазулардан кейін айдың соңына дейін орналастырмай, бөлек сақтайды. Бұны карточкалардың негізінде негізгі құралдарға амортизация есептеу үшін жасайды.

Айдың соңында осы ай үшін жазылған жазулармен карточкалар негізгі құралдардың жіктемелік белгілері бойынша топтастырылады. Әрбір негізгі құралдардың түрлеріне қарай олардың түскені және шыққаны бойынша айналымдар жинақталып, «Негізгі құралдардың қозғалысы есебінің карточкасына» жазылады. Бұл карточка жылдың басында бір жылға ашылады.

Алдыменен бұл карточкада 1 қаңтарға негізгі құралдардың түлері бойынша нақты бары көрсетіледі. Содан соң ай сайын ай ішіндегі айналымдарды жазғаннан кейін келесі айдың 1 күніне негізгі құралдардың нақты барын анықтап, жазып отырады.

Топтастырылған карточкалардың мәліметтері негізінде «Негізгі құралдар қозғалысының айналым ведомостісін» немесе «Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қозғалысын есепке алу жөніндегі ведомостісін» жасалады және «Негізгі құралдардың нақты бары және қозғалысы жөніндегі есептемені» жасау үшін негіз болып саналады. Бұл есептеменің мәліметтері Бас кітапқа және журнал ордерге немесе машинограммаға түсіріледі.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында әрбір құрылымдық бөлімшедегі (егер кәсіпорында бірнеше бөлімшелер болса) өнім және жұмыс малының қозғалысы жөніндегі жиынтық есепті бөлімше меңгерушісі «Малдар мен құстардың қозғалысы жөніндегі есеп» арқылы жүргізіп отыруға тиісті. Бұл есеп малдар мен құстардың қозғалысы жөніндегі алғашқы құжаттар мен есеп регистрі негізінде екі данада дайындалады. Бөлімше меңгерушісі есепті мерзім үшін өнім және жұмыс малының қозғалысы жөніндегі есепті алғашқы құжаттармен бірге тексеру үшін ұйымның орталық есеп бөліміне тапсырады. Малдар қозғалысы жөніндегі есеп тексеруден өткеннен кейін, ұйымның басшысымен бекітіліп, бір данасы ұйымның есеп бөлімінде қалады да, екінші данасы бөлімше меңгерушісіне қайтарылады. Бұл есепте өнім және жұмыс малының есепті мерзімдегі мал басының саны, ай ішіндегі түскені, шыққаны және есепті мерзім соңындағы мал басының қалдық саны көрсетіледі.

Қаржылық есептемелерін ҚЕХС-на сәйкес ұйымдастыратын кәсіпорындар негізгі құралдар есебін 2410 «Негізгі құралдар» шотында жүргізеді. Өнім және жұмыс малдарының есебін 2520 «Малдар» шотына ашылған 2520/1 «Өнім малдары»; 2520/2 «Жұмыс малдары» активтік шотында, ал көп жылғы көшеттердің бухгалтерлік есебін 2510 «Өсімдіктер» шотына ашылған 2510/1 «Өнім беретін көпжылдық көшеттер»; 2510/2 «Егіс алқаптарын қорғайтын көпжылдық көшеттер» және басқа да көшеттердің түрлеріне байланысты ашылатын аралық шоттарда жүргізуге болады.

Бұл бөлімнің шоттары ұйымның меншікті пайдалануындағы шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруындағы, ұзақ мерзімді жалдағы, негізгі құралдардың, өнім және жұмыс малдары мен көпжылдық көшеттердің нақты бары, қозғалысы жөніндегі мәліметтерді жинақтауға арналған.

Негізгі құралдарға тиісті шоттардың дебеті негізгі құралдардың бастапқы құндарымен түсу кезінде төмендегі шоттармен корреспонденцияланады:

  • 2930 «Аяқталмаған құрылыс» ұйымның шаруашылық әдісімен салынған негізгі құралдарды пайдалануға берілуі;
  • 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» арқылы негізгі құралдарды сатып алу;
  • 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3390 «Өзге де қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» төлем арқылы заңды және жеке тұлғалардан негізгі құралдарды сатып алу кезінде;
  • 5110 «Төленбеген капитал» негізгі құралдар объектісін құрылтайшылардың жарғылық қорға салған салымдары;
  • 6230 «Мемлекеттік субсидиялардан алынған кірістер» немесе 6280 «Өзге де кірістер» басқа да заңды және жеке тұлғалардан негізгі құралдарды төлемсіз алу арқылы кір істегенде;
  • 4150 «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешектер» негізгі құралдарды ұзақ мерзімді жалға алу кезінде кір істегенде.

Бухгалтерлік есепте есептен шығарылған негізгі құралдардың құны 2410 «Негізгі құралдар» бөлімінің сәйкесті шоттарының кредитінен мына шоттардың дебетіне шығарылады:

  • 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» және 7410 «Негізгі емес қызметтерден шығыстар» сату кезінде, физикалық және моральдық тозудың нәтижесінде негізгі құралдардың істен шығуы, сонымен қатар басқа заңды және жеке тұлғаларға төлемсіз беру кезінде. Осымен бір уақытта негізгі құралдарды сату кезінде алынған кіріске 6210 «Негізгі емес қызметтерден кірістер» бөлімінің сәйкесті шоттарының кредиті және 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі», 1060 «Банктің арнайы шоттарындағы ақша қаражаттары», 1030 «Ағымдағы банктік шоттағы нақты ақша», 1010 «Кассадағы нақты ақша» шоттарының дебеті бойынша бухгалтерлік жазу беріледі;
  • 2420 «Негізгі құралдардың тозу» және 7410 «Негізгі емес қызметтерден кірістер» негізгі құралдар объектісін басқа ұйымдардың жарғылық қорына салым ретінде бергенде. Осымен бір уақытта 6210 «Негізгі емес қызметтерден кірістер» бөлімінің сәйкесті шоттарының кредиті және 2200 «Инвестициялар» бөлімінің сәйкесті шоттарының дебеті бойынша бухгалтерлік жазу беріледі.
  • 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» және 7410 «Негізгі емес қызметтерден кірістер» ұзақ мерзімді қаржылық жалға беру кезінде. Осымен бір уақытта бір уақытта 6210 «Негізгі емес қызметтерден кірістер» бөлімінің сәйкесті шоттарының кредиті және 2160 «Басқа да дебиторлық берешек» бөлімі шоттарының дебеті бойынша бухгалтерлік жазу беріледі.
  • 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» және 7510 «Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан кірістер (зияндар)» төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардың нәтижесінде негізгі құралдардың шығуы.

Негізгі құралдардың істен шығуына байланысты пайда болған кірістер немесе зияндар сату құны мен баланстық құн, сондай-ақ сату және активтердің басқадай істен шығуына байланысты шығындар арасында айырма арқылы анықталады.

Негізгі құралдарды істен шығару кезінде олардың қызмет ету ұзақтығында бөлінбеген кіріске апарылмаған қайта бағалаудың жалпы сомасы 5320 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал» шотының дебетінен 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» шотының кредитіне шығарылады.

Негізгі құралдардың есебі ұйымның бухгалтериясында инвентарлық объектілері шегінде жіктемелік топтар бойынша ұйымдастырылады. Инвентарлық объекті ретінде толығымен жинақталған құралдар немесе сол объектіге жататын барлық құрылғыларды қамтитын заттар кешені түсіндіріледі. Негізгі құралдардың әрбәр жіктемелік топтары бойынша инвентарлық объектіге саналады: А) ғимараттар бойынша – ішкі құрылғыларын қоса алғандағы әрбір ғимарат (жылу жүйесі, су, газ желілері, кәріз, желдеткіш құрылғы) және есік алдындағы қоршаулар; Б) құрылыстар бойынша тіреуіштерімен қоса алғандағы көпірлер, т.б; В) берілістік құрылғылар бойынша ғимараттың немесе құрылыстың құрамдас бөлігіне саналмайтын әрбір жеке құрылғы; Г) қуатты машиналар мен жабдықтар – іргетасы, приборлары және жеке қоршауларын қоса алғандағы әрбір қуатты машина; Д) жұмыс машиналары мен өндірістік жабдықтар іргетасы, приборлары және жеке қоршауларын қоса алғандағы әрбір аппарат, Е) көлік құралдары – әрбір көлік құралы. Ұйымдарда негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға инвентарлық нөмер беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді. Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның инвентарлық нөмері ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Инвентарлық нөмір негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Инвентарлық объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесімен номерлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік номерлер белгіленеді, ол сериялық реттік номерді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындарын көрсететіндей етіп тағайындалған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген инвентарлық номері оның инвентарлық карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауыстыру үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс. Негізгі құралдарды есепке алу кезінде келесі нысандағы алғашқы құжаттар қолданылады: Негізгі құралдарды қабылдау өткізу актісі НҚ-1 Жөндеу жүргізілген, қайта конструкция-лаған және жаңғыртылған негізгі құралдарды қабылдау өткізу актісі НҚ-1 Негізгі құралдарды есептен шығару актісі НҚ-3көлік құралдарын есептен шығару актісі НҚ-4Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасы НҚ-5Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасын тізімге түсіру НҚ-6Негізгі құралдардың қозғалысы есебінің карточкасы НҚ-7Жалға алынған негізгі құралдар есебінің карточкасы НҚ-8. Негізгі құралдардың түсуі қабылдау өткізу актісімен ресімделеді. Акт әрбір объектіге жасалып, оған сол объектінің техникалық құжаты қоса тіркеледі. Техникалық құжат бухгалтерия инвентарлық карточканы ашқаннан кейін тиісті бөлімге өткізіледі. Акт екі данада өткізуші және қабылдаушы үшін толтырылады. Шаруашылық ұйымдарының бухгалтериясында негізгі құралдардың әрбір объектісіне типтік ведомостволық инвентарлық карточка ашылады. Егер жеке бірнеше бірінсіз – бірі қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар, тағы басқалары қосылып бір инвентарлық объектіні құрайтын болса, онда оның инвентарлық карточкасына құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі жазылады. Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптық немесе басқада негізгі құралдардың бір түрінің (аты техникалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар инвентарлық карточкаларында тобы бойынша есептелінеді. Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына бөлек инвентарлық номер беріледі. Негізгі құралдардың барлық түрлерін, сондай ақ шаруашылық ұйымына календарлық бір ай ішінде пайдалануға берілген біртектес өндірістік шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды есептеуге үлгілі түрі НҚ 6 ведомство арқылы инвентарлық карточкасы қолданылады. Инвентарлық карточкалар шаруашылық ұйымның бухгалтериясында тиісті топтары бойынша тіркеледі. Негізгі құралдарды көп емес шағын ұйымдар мен бірлестіктер өздерінің негізгі құралдарын есептеу үшін инвентарлық карточкалардың орнына үлгілі түрі НҚ – 11 санды инвентарлық кітапшасын пайдалана алады. Бұл кітапша негізгі құралдардың есебін жүргізуге ыңғайлы болып келеді және онда негізгі құралдар жоғарыда айтылған топтары бойынша бөлек есептелінеді. Негізгі құралдарды инвентарлық кітапшада есептеген жағдайда инвентарлық тізім жүргізілмейді. Ұйымдарда инвентарлық карточкалар немесе инвентарлық кітапшалар қабылдау – тасымалдау, ауыстыру актілері, техникалық паспорттар және басқада негізгі құралдарды сатып алу, сату, салу, орнату, бір жерден екінші жерге ауыстыру, есептен шығару актілері, тағы басқа осылар сияқты құжаттар негізінде толтырылады. Инвентарлық карточкалар (жекелік немесе топтық) әдетте әрбір инвентарлық объектіге бір данадан толтырылып шаруашылық ұйымның бухгалтериясында сақталынады. Ол картотекада негізгі құралдар халық шаруашылығының саласына қарай жіктелген топтары бойынша орналастырылады. Әрбір топтың ішінде инвентарлық карточкалар негізгі құралдардың тұрған жері, яғни жұмыс орны, олардың атқаратын қызметіне және де түрлеріне қарай (үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көліктер тағы басқалар) орналастырылады. Ұйымдарда шығыс етілген және өндіріс орны мен ұйымының ішінде бір жерден екінші жерге орнын ауыстырған негізгі құралдардың инвентарлық карточкалары есепті айдың соңына дейін картотекада бөлек сақталынады. Сондай ақ келешекте пайдалану үшін сақтаулы тұрған негізгі құралдар мен басы артық тоқталып қойылған негізгі құралдардың да инвентарлық карточкалары бөлек қойылуы қажет. Инвентарлық карточкалар мен кітапшалар талдамалы (аналитикалық) есептің негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, инвентарлық номері, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттық номері, келіп кіріске алынуына және істен (есептен) шығарылуына байланысты толтырылған актілерді уақыты (айы, күні, жылы) тағы басқа шартты белгілермен керекті мәліметтер жазылады. Толтырылған инвентарлық карточкаларды үлгілі түрлі НҚ – 10 санды ведомствоаралық негізгі құралдарды есептейтін инвентарлық карточка тізіміне тіркеледі. Бұл тізім бухгалтерияда бір дана етіп толтырылып, инвентарлық карточкалардың түгел сақталуын бақылау үшін пайдаланылады. Ұйымдарда негізгі құралдарды жіктелуі, яғни аралық шоттары бойынша тізімге жазады. Негізгі құралдардың сақталынып және жұмыс істеп тұрған жері бойынша есебі үлгілі түрі НҚ-13 санды карточка жүргізіледі. Инвентарлық карточкаларға қарағанда бұл карточкада келіп – түсіп, кіріске алынған объектілері бойынша тек қана қысқаша мәліметтер, яғни объектінің аталуы, бастапқы құны, инвентарлы нөмірі, инвентарлық карточка немесе инвентарлық кітапшаға жазылған нөмірі, басқада мәліметтері жазылады. Ай сайын алғашқы құжаттар негізінде бұл карточкаға үлгілі түрі НҚ–13 кіріске алынған және шығыс етілген негізгі құралдар жайлы мәліметтер жазылып, бухгалтерлік есептің ақпараттарымен салыстырылып, тексеріліп отырылады. Бұл карточкада көрсетілген объектілері мен олардың құны бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкес келуі керек.

Есеп құжаттарын қолмен өңдегенде аралық шоттар бойынша негізгі құралдардың қозғалысын, яғни кірісі мен шығысын есептеу үшін үлгілі түрі НҚ – 12 санды карточка қолданылады. Ол карточка ұйымдарда негізгі құралдардың тиісті шоттарының инвентарлық карточкаларының мәліметтерінің негізінде толтырылады. Бұл карточкада негізгі құралдардың жіктелу топтары мен түрлері бойынша есеп беретін айдың бағасындағы құны бойынша қалдығы олардың кірісі мен шығысы көрсетіледі. Карточканың НҚ – 12 санды үлгілі түрінің мәліметтері негізгі құралдар жайлы есеп беруге пайдаланылады. Ұйым бойынша негізгі құралдардың кірісі мен шығыс етілуін есептейтін үлгілі түрі НҚ – 12 санды карточкадағы қалдығы ай сайын бас кітаптағы негізгі құралдардың мәліметтерімен салыстырылып, тексеріліп отырылады. Ұйымдарда, инвентарлық карточкалар және инвентарлық кітапшалармен қатар ірі машиналар мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырылады. Бұнда олардың техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері тағыда басқа деректері жазылады. Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы, өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс. Ұйымдарға негізгі құралдар сатып алу, сату, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдар мен ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай ақ жоғары үкімет орындарының беруі, тағыда басқалар арқылы келіп туседі. Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға ұйымдар үлгілі түрі НҚ – 1 санды қабылдау – тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланылатын бір түрлі, құны тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланылатын бір түрлі, құны бірдей құрал саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса оларға жоғарыда аталған қабылдау тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстарға, объектілерге алдымен тағайындалған комиссия оларды іске қосу – қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Сонымен қатар, бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс объектінің аты; объектіні алушы мен тапсырушы ұйымдардың аты салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы; құрылыстың салынып біткен уақыты; амортизациялық аударым мөлшері бастапқы құны; басқада шартты белгілері.Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне шаруашылық ұйымдағы бас механикалық бөлім төлқұжат толтырылады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы, (көлемі, материалдық өзгешелігі, агрегаттардың қуат күші, тозу нормасы, істен шығару себебі) тағы басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде негізгі құралдарға түгендеу жүргізіліп тұрады. Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау тапсыру актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына тапсырылады. Актімен бірге объектінің техникалық құжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті инвентарлық карточкалар мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар шаруашылық ұйымның тиісті бөлімшелеріне табыс етіледі. Актіні шаруашылық ұйымның басшысы бекітеді. Бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға және олардың бастапқы құнын өндіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша кіріске алынады. Ұйымдардағы негізгі құралдарының есебі бухгалтерлік есепте мына төменде аталған бөлімше шоттарында жүргізіледі.2411 – жер 2412 – үйлер мен ғимараттар 2413 – машиналар мен жабдықтардың беріліс қондырғылары 2414 – көлік құралдары 2415 басқадай негізгі құралдар 2930 аяқталмаған құрылыс. Қаржылық есептілікті ҚЕХС сәйкес жасайтын ұйымдар негізгі құралдарды төмендегі шоттарда есепке алады. 2310 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялар», 2400 «Негізгі құралдар», 2510 «Өсімдік», 2610 «Бағалау активтері; Бұлар активті шот болғандықтан дебетінде негізгі құралдарының кірісі, яғни көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдардың азаюы, яғни есептен шығарылуы көрсетіледі. Негізгі құралдардың есебі ұйымның орталық бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық (талдамалық) есебі әрбір инвентарлық объектісі байынша бөлек жүргізіледі. Инвентарлық объекті – деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды (үйлер мен ғимараттарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекелеген немесе бірімен бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады. Жоғарыда айтылғандай, негізгі құралдардың өзіндік құнына оны әкелуге, құрастыруға және орнатуға кеткен шығындар да кіреді. Негізгі құралдар есебінің тиісті шотының дебеті бойынша келіп түскен негізгі құралдар бастапқы құнымен келесі шоттарда көрсетіледі: 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шаруашылық әдіспен салынған негізгі құралдарды іске қосу кезінде; 1060 «Банктегі арнайы шоттардағы ақша», 1050 «Валюталық шоттағы ақша», 1040 «Есеп айырысу шотындағы ақша», 1010 «Кассадағы ақша» немесе 3310 «Жеткізушілермен және жабдықтаушылармен есеп айырысу», 3390 «басқадай кредиторлық қарыздар мен есептеулер» бөлімшелерінде негізгі құралдарды заңда немесе жеке тұлғалардан сатып алғанда;

5020 «Төленбеген капитал» 51 «Төленбеген капитал» бөлімшесінің шоты – жарғылық капиталға жарна ретінде құрылтайшылардың берген негізгі құралдары;

6230 «Үкіметтің атқарушы органдарының субсидиялары» немесе 727/6280

«Басқалар» «Негізгі емес қызметтен түскен табыс» бөлімшесінің шоттары – негізгі құралдарды қайтарымсыз тегін алғанда. Ұзақ мерзімді жал шартымен алынған негізгі құралдардың құны Стоимость 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті шоттарының дебеті және 3360 «Жалгерлік міндеттеме» шотының кредиті бойынша жазылады. Шаруашылық ұйымның өздерінің пайдаланудағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын істен немесе есептен басқа ұйымға, заңды тұлғаларға, адамдарға тегін бергенде, сатқанда, ұрлағанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп жоғалғанда шығарылады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де шаруашылық ұйым өздерінің балансынан негізгі құралдарды есептен шығара алады.

Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт бойы (бір және одан артық жыл) материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.

Негізгі құралдарға жер, жер учаскелері мен ғимараттар, машина жабдықтары, кемелер, ұшақтар, автокөліктік құралдар жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік кеңсе жабдықтары және тағы басқалар жатады.

Негізгі құралдар өндіріске қатысуларына байланысты өндірістік және өндірістік емес деп бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өнім өндіру орындарында қолданылатын негізгі құралдарды айтамыз. Олар өндіріске арналған ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік – тасымалдау құралдары, станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және т.б. Өндірістік емес негізгі құралдарға тұрмыстық үй-жайлар (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар.

Негізгі құралдар пайдаланатын мақсатына және атқаратын қызметіне қарай төмендегідей топтарға бөлінеді:

  1. жер;
  2. үйлер;
  3. ғимараттар;
  4. өткізгіш тетіктер;
  5. машиналар, көтергіш крандар, грейдерлер, бульдозерлер, электро аппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, жүк көтергіш шығырлар, бетон араластырғыш машиналар, таразылар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, кассалық аппараттар;
  6. көлік құралдары;
  7. аяқталмаған құрылыс;
  8. басқа да негізгі құралдар.

Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан және сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан құралады.

Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнынын кіргізілмей, ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады.

Ұйымдар жерді және сол жерде салынған үйлер мен ғимараттарды тұтастай сатып алғанда, ол объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объект бойынша бөліп көрсету керек. Өйткені жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ, амортизацияланатын актив,ал үйлер мен ғимараттарға амортизация есептеледі. Егер жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, сол жерде тұрған үй бұзылатын болып келісілсе, онда олардың құндары бөлінбейді. Жер ғана сатып алынған болып, үйлер мен ғимараттарды бұзу шығындары жер бағасына қосылып, бұзғаннан алынған материалдардың бағасы шегеріліп бастапқы құны анықталады.

Негізгі құралдардың баланстық құны бұл ұйымның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны.

Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жой удан кейін алынған іске жарамды, пайдалануға болатын бөлшектерінің құнынан сол объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын алдағы уақыттағы шығындарды алып тастағаннан кейінгі сома.

Негізгі құралдардың келісілген құны ол сатушы мен сатып алушының келіскен құны.

Негізгі құралдарды пайдалануға бергенде бухгалтерлік есепке бастапқы құнымен алынады. Уақыт өте келе оларды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдардың бағасы мен пайдаланатын техникалық шығындар және жұмысшылардың еңбекақысы, яғни жалпы негізгі құралдарды өндіру өзгеріп отырады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын-оқтын қайтадан бағалап (индексациялап) тұрады. Оны негізгі құралдарды қалпына келтіру құны деп атайды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А. Бухалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі. Алматы, 2011.
  2. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп. – Қарағанды, 2012.
  3. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп. Алматы: LEM, 2014.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.