Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісімшарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктік құқықтар жатады.
Материалдық заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді:
Клиенттің мүліктерінің кепілі: тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:
а) шикізат, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
ә) тауарлар мен дайын өнімдер кепілі;
б) валюталық балғалылар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;
в) басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі.
- бағыл қағаздар (вексельдер) кепілі;
- сол банктегі депозиттер кепілі;
- жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека).
- Мүліктік құқықтар кепілі:
- жалгерлік құқық кепілі;
- авторлық құқық кепілі;
- жерге құқық кепілі.
Несие беру кезеңі. Бұл кезең ағымдық шот ашу, ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толықтырылуы мүмкін), ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілі болады. Біріншісі – несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі – несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшіншісі – белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді).
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.
Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау – несиелік операцияның маңызды кезеңі. Ссудалар бойынша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы роліне байланысты.
Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырылады [1].
Қазақстан Республикасының банк туралы заңдарында қамтамасыз етудің әр түрлі формаларымен коммерциялық банктерге несие беру қарастырылған. Шетелдік істәжірибеде кеңінен таралған әрі еліміздегі коммерциялық банктер қолданып жүрген несиелік қамтамсыз етудің маңыды түріне кепілзат, кепілдеме, кепілгерлік, несие қатерін сақтандыру жатады.
Қарыз алушы несиелік қамтамасыз етудің бір немесе бір мезгілде бірнеше формасын пайдалана алады. Оның өзі таңдап алған, яғни пайдаланатын формасы несие келісімшартында бекітілетін болады. Несиені қайтарудың қамтамасыз етілген міндеттемесі несие келісімшартымен бірге рәсімделеді және оған міндетті түрде қоса тіркелген қосымша болып табылады.
Кепілзат келісімшарты. Мүлік кепілзаты (жылжитын және жылжымайтын) оны ұстаушы – несие берушінің осы мүлікті, егер қамтамасыз етілген кепілзат міндеттемесі орындалмаса, өткізуге құқығы бар екендігін білдіреді. Мұнда несие беруші кепілзат шарты бойынша өзге несие берушілерге қарағайда кепілге салынған мүліктің құнынан қаражаттың орнын толтыруда артықшылықты құқыққа ие болады. Кепілзат ссуданың қайтарылуын ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге, тиісті проценттердің төленуін және келісімшартта қарастырылған шарттар орындалмағанда тұрақсыздық айыбының (төлемінің) төленуін қамтамасыз етуі қажет. Оның үстіне, мынаны ескеру қажет: кепілге салынған мүліктің нарықтық құны кеміп кетуі мүмкін. Осыған орай, кепілзаттың құны барлық жағдайда сұралатын ссуданың мөлшерінен жоғары болуы керек.
Кепілзатпен заңды тұлғаның да, жеке тұлғаның да міндеттемесі қамтамасыз етілуі мүмкін. Кепілзат келісімшарттың немесе заңның күшіне қарай пайда болады. Келісімшарт күшіндегі кепілзат кеңінен тараған. Онда борышқор несие берушімен келісімшарт бекітіліп, мүлкін кепілзатқа өз еркімен береді. Кепілзатпен тек нақты талап қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл кепілзат туралы келісімшарттың дербес сипаты болатындығын білдіреді, яғни оны өзге келісімшарттармен өзара байланыстырмай тұрып бекітуге болмайды.
Өйткені, олардың орындалуын өзі қамтамасыз етеді.
Кепілзат беруші мынандай болуы мүмкін: кепілзат меншік құқығы бойынша тиесілі болады немесе толық шаруашылық жүргізуге беріледі. Мүлікпен толық шаруашылық жүргізу құқығы шаруашылық жүргізуші субъектімге, егер заң немесе меншік иесі құрылтайшылық құжатта басқаша қарастырмайтын болса, меншік иесіндегі секілді ауқымда иеленуіне, пайдалануына және иелік етуіне мүмкіндік береді.
Мүлікті шеттетуге қойылатын шектеу мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты болады, өйткені, олар үй ғимаратты және құрылғыны кепілзатқа беруі үшін мүлікті басқару жөніндегі тиісті комитеттен рұқсат алуы керек.
Тұтас кәсіпорын (немесе кешен), негізгі құрал-жабдық (үй –ғимарат, құрылғы, құрал-сайман), тауарлы-материалдық құндылықтар, тауарлы көлік құжаттары (теміржол жүкқұжаты, варрант, коносамент, қойма куәлігі, контракты және т.б.). нақты кепілзат бола алады.
Кепілзаттың екі түрі бөліп көрсетіледі:
- мұнда кепілдікке салынған мүлік кепілзатты берушінің өзінде қалуы мүмкін;
- мұнда кепілдікке салынған мүлік кепілзатты ұстаушының меншігіне, иелігіне беріледі.
Осының ішінде кепілзаттың бірінші түрі кеңінен тараған.
Мүлікті өз иесіне (кепілзатты берушінің өзінде) қалдырумен берілетін кепілдікті ұстаушының мыналарға құқығы болады:
- кепілге салынған мүлікті оның тағайындауына қарай иеленуге және пайдалануға;
- кепілге салынған мүліктің кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша борышты алушыға аударумен шеттету арқылы оны иеленуге.
Сонымен қатар, кепілзат беруші өз есебінен кепілге салынған мүлікті толық құнында сақтандыруға, оны сақтау бойынша шаралар қабылдауға һ, кепілзатты ұстаушыға кепілге салынған мүлікті жалға бергенін хабарлауға міндетті.
Мүлікті өз иесінде (кепілзатты берушінің өзінде) қалдырумен берілетін кепілзат бірнеше формада бола алады. Оның негізгі формаларына мыналар жатады:
- кепілге салынған айналымдағы тауарлар;
- кепілге салынған қайта өңдеудегі тауарлар;
- кепілге салынған жылжымайтын мүлік.
Айналымдағы тауар кепілзаты (немесе құрамы өзгермелі кепілзат) қарыз алушының бір мезгілде белгілі бір берешек бөлігін өтеу шартымен немесе жарамсыз болып қалған тауарларды тең немесе үлкен сомадағы құндылықтармен несиелеу арқылы басқа тиісті түрімен ауыстыру шартымен кепілге салынған құндылықты өткізуге құқығы барын білдіреді. Қарыз алушы кепілге салынған құндылықтардың тиісті есебін жүргізуге және сақтауға міндетті әрі осы үшін жауап береді.
Қайта өңдеудегі тауар кепілзаты қарыз алушының кепілге салынған шикізатты, материалды, жартылай дайындалған өнімді қайта өңдеуге құқығы барын білдіреді, алайда мұндағы кепілзат құқығы өңделген жартылай дайын өнімге де, аяқталмаған өндіріске де, дайын өнім мен жөнелтілген тауарға да қолданылады.
Айналымдағы тауардың кепілзатымен сауда және жеткізу өткізу ұйымдарын несиелеуге болады. Қайта өңдеудегі тауардың кепілзатымен мемлекеттік өнеркәсіп, құрылыс, көлік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары несиеленеді.
Үй ғимараттың, құрал-жабдықтың және өзге де жылжымайтын мүліктің кепілзатымен несие беретін банк олардың тек өтеу деңгейіне (сатылуына) ғана емес, сонымен бірге,кепілге салынған мүлікті сатудың әуресінен құтылу үшін несиенің орнын толтыра алатындай қарызгердің пайда лау қабілетіне де мүдделілік танытады [3].
Банк кепілзатты ұстаушы ретінде кепілге салынған мүлікті өз иесінде қалдыру барысында құжат бойынша оның нақты болуын, мөлшерін, жағдайын және кепілге салынған мүліктің сақталу шартын тексеруге құқылы болады. Егер кепілге салынған мүлік жоғалатын болса және оны кепілзат беруші қайта орнына қоймаса (қалпына келтірмесе) немесе оны кепілзатты ұстаушының келісімімен оның құнына тең өзге мүлікпен ауыстырмаса, онда кепілзатты ұстаушы банк кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеменің мерзімінен бұрын өтелуін талап етуге құқылы.
Кепілзаттың екінші түрі – кепілге салынған мүліктің кепілзат ұстаушыда қалдырылатын түрі – кепілзаттың банк қызметіндегі артықшылықты түрі болып табылады. Бұл кепілзат түрінің артықшылыққа ие болуын былайша түсіндіруге болады: мүлік кепілзат ұстаушының (банктің) иелігінде қалатын болса, банк осы мүліктің жағдайына толық бақылау жүргізе алады, оның үстіне, банк қарыз алушыға берген несиесінің орныны толтырудың біршама үлкен мүмкіндігіне ие болады.
Кепілзаттың бұл түрі екі негізгі формада көрінуі мүмкін:
- тұрлаулы кепілзат;
- құқық кепілзаты.
Тұрлаулы кепілзат тауарлардың және басқа мүліктердің банкке берілуін әрі несие мекемелерінің қоймасында немесе банктің күзетімен қарыз алушының қоймасында оның сақталуын классикалық түрде қарастырады. Кепілге салынған құндылық мынадай талаптарға жауап беруі керек: кепілге салынған мүлік оңай (еш қиындықсыз) сатылатындай болуы керек және сақтандыру мүмкіндігіне ие болуы қажет әрі ұзақ сақтауға жарамды болуы тиіс, сондайақ, кепілге салынған мүлікке банк бақылау жүргізуі қажет. Кепілге салынған мүлік банкке біршама қиындықтар тудырады әрі белгілі бір шығынды қажет етеді, өйткені тауарлы-материалдық құндылықтарды сақтау секілді функция банктің ісіне тән емес. Батыс елдерінде мұндай функцияны банк үшін арнаулы ұйымдар – қойма компаниялары орындайды. Олар қоймалық квитанцияны жазып береді, бұл квитанция ссуданы қамтамасыз етуші ретінде қызмет етеді.
Банктер өздеріне жазылатын мұндай квитанцияның құқықсыз берілуін артық көреді, өйткені, құқысыз берілген квитанция оларға несиені қамтамасыз ету үшін сенімді бақылау жүргізуге, сондай-ақ, несие қайтарылмай қалған жағдайда құндылықты қоймадан өндіріп алуына мүмкіндік береді [4].
Банк үшін тұрлаулы кепілзаттың ең қолайлы объектісіне тауарлық және тауарлы көлік құжаттары, сондай-ақ, құнды қағаздар жатады. Біріншіден, оларды кепілзат беруші ссуданы банктің (кепілзат ұстаушы) өзі тікелей қамтамасыз етуі үшін береді, әрі-беріден соң оларды сақтауға аса көп шығын кетпейді. Екіншіден, олардың өтімділігі жоғары, борышқор өзінің ссуда бойынша міндеттемесін орындамаған жағдайда олардың өтімділігі банк үшін маңызы жоғары болады. Соңғы жылдары кепілзаттың бұл түрі тиісінше дамып келеді.
Құқық кепілзаты – Қазақстанда мүлікті кепілге салудың жаңа формасы және бұл заң тұрғысынан әлі толық зерленбеген (қарастырылмаған) форма. Мүлікті иелену және пайдалану құқығын, интеллектуалдық меншік объектілеріне (өнеркәсіп жобаларындағы, тауарлық белгідегі, ноу-хаудағы, патенттегі авторлық құқық) құқықты ссуданы қамтамасыз етуші ретінде банкке берілгенін растайтын құжаттар кепілге салынған мүлік ретінде жүре алады.
Кепілге салынған мүлікті сол қалпында сақтаудан басқа кепілзатты ұстаушыға (банкке) өзге де қосымша міндеттер жүктеледі. Мәселен, кепілзат ұстаушы, егер бұл келісімшартта қарастырылған болса, кепілзат берушінің мүддесі үшін кепілге салынған мүлікті пайдаланғаны жөнінде оған (кепілзат берушіге) есеп береді, кепілзат берушіге өзінің кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындағаннан кейін мүлікті дереу қайтаруы тиіс.
Кепілге салынған мүлік қай тарапта қалса да, оны кепілзат беруші немесе кепілзат ұстаушы өрттен, селден және өзге де стихиялық апаттардан, сондай-ақ, кепілзат берушінің шаруашылық қызметін тоқтатуға актілерді жасауға, шешім шығаруға құзіретті мемлекеттік органдардың әрекетінен әрі талан-тараждан толық құнында сақтандыруға міндетті. Ал, мұндай оқиғалар орын алған жағдайда банк (кепілзат ұстаушы) сақтандырылған сомадан өзінің талаптарын қанағаттандыруға құқылы болады. Кез келген жағдайда кепілге салынған мүлік (кепілзат түріне қарамастан) кепілзат берушінің есебінен сақтандырады [5].
Қарызгер (борышкер) бір ғана мүлікті бір мезгілде бірнеше несие беруші үшін кепілге сала алады. Бұл арада заң мынаған сүйенеді: біріншіден, кепілге салынған мүліктің құны кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеме сомасынан көп жоғары болуы мүмкін; екіншіден, әр түрлі несие берушілердің алдында орындалуы тиіс міндеттеменің мерзімдері бірдей бола бермейді, сол себепті де, міндеттемені тізбектілікпен біртіндеп орындауға болады. Банк несие беруші ретінде мүлікті кепілге ала отырып, оның (мүліктің) кепілге салынған немесе салынбағанын анықтап алуы керек. Бұл банк талабын қанағаттандырудың кезегін белгілеуге және осыған орай клиентті несиелеу жөніндегі мәселені шешуге мүмкіндік береді. Кепілзат ұстаушы кепілзат кітабын міндетті тәртіпте жүргізуі тиіс. Бұл кітапқа кепілзаттың формасы мен түрі, кепілге салынған мүлік, оның құны және кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеменің көлемі туралы мәліметтер жазылады.
Кепілзат туралы келісімшарт заңды құжат болып табылады. Ол кепілзатпен қамтамасыз етілетін міндеттемеден бөлек жасалады.
Кепілзат туралы келісімшарт жазбаша формада жасалуы керек. Онда кепілзаттың формасы мен түрін, кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеменің мәнін, оның мөлшері мен орындалу мерзімін, кепілге салынған мүліктің құрамы мен құнын, кепілзат ұстаушы мен кепілзат берушінің құқықтары мен міндеттерін, кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалмаған жағдайда борышқордың мүлкінен өндіріп алудың тәртібін, сондайақ, кепілзат құқығын тоқтатуды, дау – таласты шешудің тәртібін қарастыратын шарттар көрініс табуы қажет.
Кепілзат туралы келісімшартта, сонымен бірге, екі тараптың атауы мен орналасқан орындары, кепілге салынған мүліктің тізімдемесі мен орналасқан орны көрсетілуі керек.
Кепілзат туралы келісімшарт, егер осы аталған шарттар орындалмайтын болса, жарамсыз деп саналады.
Кейбір келісімшарт түрлері міндетті түрде нотариалдық тұрғыдан расталуы керек. Бұл жағдайда кепілзат туралы келісімшартта нотариалдық тұрғыдан расталуы керек. Алайда, тараптардың келісімі бойынша өздері бекіткен кез келген келісімшарт нотариалдық тұрғыдан расталуы мүмкін, осыған орай, негізгі келісім-шарттың орындалуын қамтамасыз ететін кепілзат туралы келісімшартта нотариалдық тұрғыдан расталады [6].
Кепілзатқа берілген мүліктің кейбір түрлері мемлекеттік тіркеуден міндетті түрде өтуі керек, яғни тіркелуі қажет. Кепілзат туралы келісімшарт бекітіліп, қажет болған жағдайда нотариалдық тұрғыдан расталғаннан кейін тиісті мемлекеттік органға тіркелуі қажет. Егер мүлік кепілзаты мемлекеттік тіркеуден өтуі міндетті болып табылса, онда кепілзат туралы келісімшарт тіркелген сәтінен бастап бекітілген болып есептеледі.
Кепілзатты тіркейтін орган кепілзатты ұстаушы мен кепілзатты берушіге оның тіркелгені туралы куәлікті беруге міндетті.
Кепілге берілу барысында тіркеуге жатқызылатын мүліктің түрлеріне жер, кәсіпорын, автокөлік, шағын су кемесі, тұрғын үй, пәтер және т.б. жатады.
Кепілге салынған мүліктің есебінен кепілзат ұстаушы нақты қанағаттандыру сәтінде анықталатын өзінің талаптарын (орындалу мерзіміне байланысты орын алған процентті, залалды және тұрақсыздық айыбын (төлемін), сондай-ақ, кепілзаттың мазмұны бойынша шығынды, кепілзатпен қамтамасыз етілген талаптың жүзеге асуымен байланысты шот шығын қоса алғанда толық мөлшерінде қанағаттандыруға құқылы. Несие беруші кепілзат ұстаушы кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеме өз мерзімінде орындалмаса кепілге салынған мүліктен (немесе басқадай құндылықтан) оны өндіріп алудың құқығына ие болады. Кепілге салынған мүліктен (немесе басқадай құндылықтан) сот, төрелік сот немесе аралық сот арқылы өндіріп ала алады. Кепілзат ұстаушы (несие беруші) міндеттеменің орындалмағанын немесе дұрыс орындалмағанын дәлелдеуі қажет. Егер сот шешімі банктің (кепілзатты ұстаушының) пайдасына шешілетін болса, оған (банкке) орындау құжатын табыс етеді. Бұл құжаттың негізінде кепілге салынған мүлік (немесе басқадай құндылық) сатылып, одан түскен түсім несие берушінің талабын қанағаттандыруға бағытталады. Егер кепілге салынған мүлікті немесе басқадай құндылықты сатудан түскен түсімнің сомасы несие берушінің талап сомасынан асып түсетін болса, онда айырмашылық кепілзат берушіге қайтарылады, ал, егер кепілге салынған мүлікті сатудан түскен түсімнің сомасы несие берушінің талабын толық қанағаттандыра алмайтын болса, онда ол қалған соманы борышқордың басқа мүлкінен немесе басқадай құндылығынан өндіріп алуға құқылы.
Кепілзат ұстаушының талабын үшінші тұлға қанағаттандырған жағдайда үшінші тұлғаға талап құқығымен бірге Қазақстан Республикасы талапқа кеңшілік заңында қарастырылған тәртіпте оны қамтамасыз ететін кепілзат құқығы да беріледі.
Кепілзат туралы келісімшартпен кепілзат ұстаушыға міндеттеменің орындалу мерзімі ұзартылатын болса, кепілге салынған мүлікті немесе басқадай құндылықты соттың шешімінсіз дербес өткізуге құқық беріледі. Мұндай жағдайда келісімшартта сатудың ең аз шамадағы бағасы анықталады немесе бағалаудың тәртібі белгіленеді немесе бұл мүлікті екі жақтың да мүдделерін қорғай отырып өткізудің жөн-жосығы белгіленеді.
Заң органдары жекелеген жағдайлардың да құқығын белгілейді. Онда өндіріп алу несие берушінің пайдасына нотариустың орындаушы жазуының негізінде сөзсіз тәртіппен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, мынандай да ереже бар: кепілге салынған мүлік сатылмайынша кепілзат беруші негізгі келісімшарт бойынша міндеттемені орындау арқылы оны сатқызбауға құқылы. Кепілзат құқығы мынандай жағдайларда тоқтатылады:
- кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеме аяқталғанда;
- кепілге салынған мүліктің немесе басқадай құндылықтың апатқа ұшыраған жағдайында;
- кепілзат ұстаушы кепілге салынған мүліктің немесе басқадай құндылықтың меншік құқығын сатып алғанда;
- қарызды құрайтын құқықтың аяқталуы бойынша.
Кепілзатты тоқтатудың қалыпты (табиғи) жағдайына кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалуы жатады.
Негізгі борыштың орындалуы тиісті құжаттармен (борышты алғаны туралы несие берушінің қолхатымен, кепілге салынған мүліктің немесе басқадай құндылықты қабылдау – табыс ету актісімен және т.б.) бекітіледі.
Міндеттеме біртіндеп орындалатын жағдайда міндеттеме толық орындалмайынша кепілзат сақталатын болады.
Кепілгерлік шарт. Бұл келісімшарт бойынша кепілгер басқа тұлға (қарызгер) үшін несие берушінің алдында оның өз міндеттемесін орындауына жауапты болады. Кепілгерлік несие берушіге міндеттеме орындалмаған жағдайда борышқорға қатысты өзінің талабын кепілгерлікпен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша нақты қанағаттандыруына үлкен мүмкіндік тудырады, өйткені, кепілгерлікті міндеттеменің орындалмауына борышқормен бірге кепілгер де жауап беретін болады. Қарыз алушы мен кепілгер несие берушінің алдында ынтымақты борышқорлар ретінде жауап береді.
Кепілгерлік шарты жазбаша формада жасалады және нотариалдық тұрғыдан расталуы керек. Несие беруші банк пен борышқордың және оның кепілгерінің арасында бекітілетін кепілгерлік шартта борышқордың, кепілгерлік және несие беруші банктің атауы мен мекенжайы, төлем сомасы, мерзімі және оны төлеудің шарты, банк пен кепілгер арасындағы есеп айырысудың тәртібі көрсетіледі. Кепілгерлік өзі қамтамасыз еткен міндеттеме аяқталғанда, сондай-ақ, егер несие беруші міндеттеме мерзімі басталған күннен бастап үш ай ішінде кепілгерге талап қоймайтын болса, тоқтатылады. Міндеттемені кепілгердің орындауы бойынша мұндай талап қойылған жағдайда несие беруші (банк) борышқорға қатысты талапты айғақтайтын құжатты және осы талапты қамтамасыз ететін құқықты оған беруге міндетті.
Кепілдік бұл тек заңды тұлғалардың арасындағы міндеттемені қамтамасыз ету үшін қолданылатын кепілгерлік шарттың айырықша түрі. Онда кепіл субсидиялық сипатта болады. Банктерді қоса алғанда борышқордан жоғары тұрған ұйымдар (министрлік, ведомость, ассоциация, бірлестік), жалға берушілер құрылтайшылар және өзге де кез келген ұйым ссуда бойынша кепіл бола алады. Бұл жағдайдағы жалғыз шарт – кетілдің қаржылық жағдайы тұрақты болуы керек. Кепілдік несие беруші банк мекемесіне ұсынылатын кепілдік хатпен рәсімделеді. Хатта кепіл мен ссуданы алушы ұйымның атаулары, оларға қызмет көрсететін банк мекемесінің атауы, ссуданың түрі мен оны өтеудің мерзімі, кепілдіктің сомасы мен оның шекті мерзімі көрсетіледі. Ссуданы алушының есеп айырысу шотында несиені өтейтін қаражат болмаған жағдайда банк кепілге ссуданы өтеу жөнінде талап қояды.
Несие тәуекелдігін сақтандыру ссуданың қайтарылуын қамтамасыз етудің формасы ретінде барлық қатысушыларға пайдалы мәміле болып табылады. Мәселен, ішінара алғанда, қарыз алушы кәсіпорын (сақтанушы) несиені уақытылы өтей алмай қалған жағдайда іскерлік репутацияны жоғалтып алудан сақтанады.Банк сақтандыру мәмілесінің тікелей қатысушысы болмаса да, несиені қайтарудың жоғары кепілдігіне ие болады. Сақтандырушы ұйым өзінің көрсеткен қызметі үшін сақтандыру тарифі түрінде сыйақы алады.
Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары үшін осы сақтандыру түрі бойынша қатерді жоғары болуына байланысты (әсіресе, экономиканың қазіргі даму сәтінде) оны негізінен мемлекеттік емес коммерциялық сақтандыру қоғамдары мен компаниялары жүзеге асырып жүр. Банктер олармен іскерлік қарым-қатынасқа түсе отырып, олардың құрылтайшылық құжаттары мен қаржылық жағдайын мұқият талдауы қажет. Бұл үшін мынандай құжаттарды талап етуі керек:
- сақтандыру операцияларын жүзеге асырудың лицензиясын;
- тіркелгені туралы айғақты (ұйымдық формасы кез келген формада болуы мүмкін);
- құрылтайшылық келісімшартты;
- несиені барлық қосымшаларымен өтей алмай қалған жағдайда қарыз алушының жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ережені;
- несиенің банк пайдасын: балансқа өтелмей қалу қатерін сақтандырудың үлгілік келісімшартын;
- «Қаржылық нәтижелер жөнінде есеп берудің» №2 формасын.
Сақтандыру компаниясының қаржылық жағдайын талдаған кезде жарияланған және төленген жарғылық қордың болуына, сақтандыру қоры мен ресурстың шамасына назар аудару қажет әрі қаржы тұрақтылығының коэффициенті төлем нормасындағы және деңгейіндегі бірліктен жоғары болуы керек (төлем деңгейі төлем нормасына тең немесе одан кем болуы керек).
Ұсынылған сақтандыру келісімшартын талдау барысында сақтандыру жағдайының анықтамасы қалайша берілгеніне, ол бола қалған жағдайда талап қою мерзімінің жеткіліктілігіне, сақтандыру жағдайының орын алғаны жөнінде сақтанушыға кімнің хабарлайтынына, сақтандыру өтемақысының қашан және қалайша жүзеге асырылатынына назар аудару қажет. Сақтандырушының міндеттерін анықтайтын келісімшарттың тармақтарына және сақтанушы сақтандыру келісімшарты бойынша міндеттемеден және осыған орай банк несиесін өтеу бойынша міндеттемеден босатуы мүмкін шартқа айырықша назар аудару керек.
Қарыз алушының несиені уақытылы қайтаруын қамтамасыз ететін тағы бір форма – талаптарды банк пайдасына және қарыз алушының шотын үшінші тұлғаға қайта табыстау (цессия). Бұл қайта табыстау арнайы керісіммен немесе келісімшартпен, яғни, қайта табыс етілген талас (дебиторлық шот) бойынша цессия туралы келісімшартпен ресімделеді. Банк түскен түсімді тек берілген несиенің орнын толтыру үшін және оның процентін төлеу үшін пайдалана алады.
Егер ссуданың қайтарылуы кешіктірілетін болса, онда вексельге наразылық білдіріледі және банк сот тәртібімен қысқа мерзімде (талап қоюдың айрықша рәсімінен және қарастырылуынан) қажетті соманы алады.
Мүдделердің өзара сақталуы ғана банктің әрбір нақты жағдайда несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің ең қолайлы формасын таңдауына немесе аралас қамтамасыз етулерді (әр түрлі нұсқада) пайдалануына мүмкіндік береді.
Жылжымалы мүлік қарыз алушының пайдалануына болуы үшін ол, сонымен бірге, несиенің қайтарылуына кепілдік ретінде қызмет етуі керек, оның меншік құқығын несие беруші борышты қамтамасыз етуде пайдаланады.
Борыштың қамтамасыз етілуі үшін несиеге берушіге меншік құқығы берілгенде жылжымалы мүліктің кепіл заттан айырмашылығы –жылжымайтын мүлік клиенттің пайдаланылуында қалады.
Мұны бұлайша бөлудің себебі мынада: құндылықты несиелерге беру мүмкін емес әрі мақсатқа лайықты болмайды, сонымен қатар, қарыз алушы ссуданы қамтамасыз етуші объектіні пайдаланудан бас тарта алмайды.
Бұл жағдайда қарыз алушы өзінің пайдалануында қалған яғни өзі пайдаланатын құндылықтың сақталуына (бүлінбеуін) жауап береді және оны дербес иелене алмайды.
Жекеленген заттар автокөлік және бір қойманың немесе бір цехтің ішінен табылатын заттар тобы (тауарлар, материалдар мен жартылай дайындалған өнімдердің қорлары) ссуданы қамтамасыз етудің объектілері бола алады.
Банк борышты қамтамасыз ету үшін меншік құқығының келісім шартын бекіту барысында қарыз алушының нақты құндылықтың шынайы иесі болып табылатындығына көз жеткізу керек.
Алайда. Бұл меншік құқығымен бірге берілетін қатерді азайтпайды.
Несие берушінің ісі ссуданы қамтамасыз етуші объектіні пайдаланатын қарыз алушының адалдығына көп жағынан тәуелді болады.
Банк қатерді кеміту мақсатында қамтамасыз етудің мөлшерін абайлап анықтауға мәжбүр болады. Осыған қарай несиенің ең көп шамадағы сомасында шектеулі болады.
Несие тәуекелiнiң басқарудың әдiстерiнiң көмегімен болжай алған жүйесi, қарыздың қайтпауынан өтiп, шығынның орнын толтыруға болатынын ескереді; екiншiден, банк мамандарының болашақта болатын несиелік тәуекелдерді сезініп, оны минимизациялауы бойынша кешенді шешім қабылдай алуға және оны бағалауға мүмкiндiк бередi.
Нарықтық экономикаға өту кезеңі мемлекеттік реттеу мән ақша несиелік қатынастарды, соның iшiнде банктік қарыздың қайтарымдылығы төмендетпейді. Несие шақыр процессiнiң құқықты қамтамасыз етуін жүйесі тiркес несие қатынас келетін субъекттерге қарыздың қайтарылының қамтамасыз етуiн құрайтын тетік бола тұра қамтамасыз етсін дұрыс айтады, мiндеттер және бұзушылықтағы жауапкершiлiгi, бiр жағынан, және жұмыс iстейтiн акттердiң иерархияны және келiсу тәртiбi басқа. Несие банк үшiн кәсiпкерлiк қызмет, мақсатты пайда табуды бiр түрі. Қарыз алушы үшін қаржы қорларын тартуды әдiсі, ол үшін өте арзан және ұзақ мерзiмдi қарыздар қызықтырады. Кепiлдеушi, кепiлшi үшiншi тараптар олар мiндеттемелердiң орындамаған жағдайда несие мiндеттемелерi орындағандай етiп қызықтырған дербес құқықтар алады. Негізінен банктiк жүйе несие беруді жүзеге асыруында тұрақтылыққа көзделген.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Банковское дело/ Под ред. д-ра экон.наук Г.С. Сейткасымова. Алматы: «Қаржы қаражат», 2003.
- Сейітқасымов Ғ.С. Ақша Несие Банктер: Оқулық. Алматы: «Экономика», 2005.
- Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Алматы, 2004.
- Лаврушин О.И. Банковское дело. М.: «Финансы и статистика», 2001.
- Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Оқу құралы. Алматы, 2007.
- 31 тамыз 1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы банктік қызмет және банктер туралы» Заңының күшіне ие Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.