Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Компанияның қаржы ресурстарын жұмсаудың мәні, түрлері және қағидалары

Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану – бұл белгілі бір нәтижеге жету үшін қаржылардың түрлеріне әсер ететін мақсатты бағытталған әдістер, операциялар, рычагтар мен тәсілдердің жиынтығы.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары – бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындарды жүзеге асыруға бағытталған кірістер және сыртқы түсімдер нысанындағы ақшалай қаражаттардың бір бөлігі.

Қаржы ресурстары мен капитал кәсіпорын қаржыларын талдаудың негізгі объектілері болып табылады. Реттелетін нарық жағдайында қаржыгер үшін нақты объект болып табылатын және жаңа кірістер алу мақсатында оған әрдайым әсер ете алатын «капитал» түсінігі көбінесе қолданылады. Капитал – бұл кәсіпорын айналымға салған және бұл айналымнан кірістер әкелетін қаржылық ресурстардың бір бөлігі.

Мұндай қағида кәсіпорынның қаржы ресурстары мен капиталының арасындағы қағидалы айырмашылық кез келген уақытта қаржы ресурстары кәсіпорынның капиталынан не үлкен, не тең болатынына негізделедіМұнда теңдік жағдайында кәсіпорынның қаржылық міндеттемелері жоқ және қолда бар барлық қаржы ресурстары айналымға жіберілген деп есептеледі. Алайда бұл капитал мөлшері қаржы ресурстары мөлшеріне қаншалықты жақындаса, кәсіпорын соншалықты тиімді жұмыс істейтінін білдірмейді.

Нақты өмірде қызмет етіп тұрған кәсіпорында қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептеме қаржы ресурстары мен капиталдың арасындағы айырмашылық көрінбейтіндей етіп құрылады. Стандартты қаржылық есептемеде қаржы ресурстары міндеттемелер және капитал түрінде көрінеді.

Нақты өмірде адамдар мәнді категориялармен емес, олардың айналдырылған нысандарымен кездеседі, сондықтан стандартты қаржылық есептемеде олар көрсетіледі.

Қаржы ресурстары пайда болуына байланысты ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегіне ішкі қаржылық ресурстар нақты нысанда стандартты есептілікте таза табыс және амортизация түрінде, ал айналдырылған нысанда кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы міндеттемелер ретінде ұсынылған, таза табыс кірістердің жалпы сомасынан міндетті төлемдерді (салықтар, жинақтар, айыппұлдар, пайыздар және басқа да төлемдер) алып тасталғаннан кейінгі кәсіпорын табысы болып табылады. Таза табыс кәсіпорынның қолында болады және оның басқарушы органдарының шешімі бойынша бөлінеді [5].

Сыртқы немесе тартылған қаржылық ресурстар меншікті және қарыздық болып бөлінеді. Осылай етіп бөлу берілген кәсіпорынның дамуына сыртқы қатысушылар ресурстарды салатын капитал нысанына байланысты: не кәсіпкерлік ретінде, не ссудалық капитал ретінде. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижесі тартылған меншікті қаржылық ресурстардың құрылуы болса, ссудалық капитал нәтижесі қарыздық қаражаттардың құрылуы болып табылады.

Кәсіпкерлік капитал өзімен бірге табыс алу және кәсіпорынды басқару құқықтарын алу мақсатында түрлі кәсіпорындарға салынған (инвестицияланған) капиталды ұсынады.

Ссудалық капитал – бұл қайтарымдылық және төлемдік шартында қарызға берілген ақшалай капитал. Ссудалық капитал кәсіпкерлік капиталға қарағанда кәсіпорынға салынбайды, ол пайыз алу мақсатында оған уақытша қолдануға беріледі.

Бұл бизнес түрімен мамандандырылған несиелік қаржылық институттар айналысады (банктер, несиелік мекемелер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар және т.б).

Нақты өмірде кәсіпкерлік және ссудалық капиталдар тығыз байланысты. Қазіргі нарықтық шаруашылық бірталай сараптанған. Сараптау бүгін нарықтық шаруашылық және оның қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бірақ сараптауды тереңдету қаржылық ағымдар мен капиталдың қиындатылуына, қаржылық тәжірибеде арнайы құралдарды пайдалануды кеңейтілуіне әкеледі, ал бұл фирманың қаржылық жұмысын қиындатады.

Кәсіпорынның барлық қаржылық ресурстары кәсіпорынның қолында бар болу мерзіміне байланысты қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) болып бөлінеді. Бұл бөліну шартты болып келеді, ал уақыт кезеңдерінің масштабтары нақты елдің қаржылық заңнамаларына, қаржылық есептілікті жүргізу ережелеріне тәуелді болады [2].

Нақты өмірде кәсіпорынның капиталы ақшалай нысанда белгілі бір ұзақ уақыт бойы қала алмайды, себебі ол жаңа кірістер әкелуі тиіс. Кәсіпорынның кассасында немесе банктік есептесу шотында ақшалай қаражаттардың қалдығы ретінде капиталдың болуы кәсіпорынға кіріс әкелмейді. Капиталдың ақшалай нысанынан өндірістік нысанына айналу қаржыландыру деп аталады.

Қаржыландырудың екі түрін ажырату қажет: ішкі және сыртқы. Мұндай бөлу кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен капиталының нысандары арасындағы қатаң байланыспен шартталған. Қаржыландыру түрлерінің сипаттамасы 1 кестеде берілген.

Меншікті тартылған қаржылық ресурстар – бұл кәсіпорынның барлық ресурстарының негізгі бөлімі, ол фирманың құрылу кезінде негізделеді және оның барлық өмірлік кезеңінде қолында болады. Қаржылық ресурстардың бұл бөлімін жарғылық қор немесе жарғылық капитал деп атайды. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына байланысты оның жарғылық капиталы акцияларды шығару және оларды кейін сату, жарғылық капиталға салымдар есебінен қалыптасады. Кәсіпорын өмір сүрген уақытта жарғылық капитал жоғарылауы да, төмендеуі де мүмкін, соның ішінде кәсіпорынның ішкі қаржылық ресурстарының бөлімі есебінен де болуы мүмкін.

Кесте 1. Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің құрылымы

Қаржыландыру көздері

Сыртқы қаржыландыру

Ішкі қаржыландыру

Меншікті капитал негізінде қаржыландыру

1. Салымдар және үлестік қатысу негізінде қаржыландыру

2. Салық салудан кейінгі табыс негізінде қаржыландыру

Қарыздық капитал негізінде қаржыландыру

3. Несиелік қаржыландыру (мысалы, қарыздар, ссудалар, банктік несиелер, жабдықтаушылардың несиелері негізінде)

4. Сатулардан, резервтік қорларға аударымдар негізінде қалыптасатын қарыздық капитал

Меншікті және қарыздық капитал негізінде аралас қаржыландыру

5. Акцияға ауыстыруға болатын облигацияларды шығару, опционды қарыздар, табыс алуға қатысу құқықты ұсыну негізіндегі қарыздар, артықшылығы бар акцияларды шығару

6. Резервтердің бөлігін қамтитын ерекше бағыттар (яғни уақытша салық салынбайтын аударымдар)

Меншікті қаржылық ресурстардың көздері болып келесілер табылады:

  • жарғылық капитал (акцияларды сатудан түскен қаражаттар және қатысушылардың үлестік жарналары);
  • кәсіпорын жинақтаған резервтер;
  • заңды және жеке тұлғалардың басқа жарналары (мақсатты қаржыландыру, қайырымдылық жарналар және т.б.) [8, 108115 б.].

Кәсіпорынның меншікті қаржылар құрылымы 1 суретте көрсетілген.

Кәсіпорынды құру кезінде негізгі құралдар, материалды емес активтер, айналым қаражаттарын сатып алу көзі жарғылық капитал болып табылады. Оның есебінен кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қажетті жағдайлар қалыптастырылады. Жарғылық капитал – бұл кәсіпорынның жарғылық қызметін қамтамсыз ету үшін меншік иелері ұсынған қаражаттар сомасы. Жарғылық капитал категориясының мазмұны кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына тәуелді:

  • мемлекеттік кәсіпорын үшін – толық шаруашылық жүргізу құқығын кәсіпорынға мемлекет бекіткен мүлкі құндылық бағалау;
  • жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – меншік иелерінің үлестерінің сомасы;
  • акционерлік қоғам үшін – барлық түрлі акциялардың жиынтық номиналды құны;
  • өндірістік кооператив үшін – қызметті жүргізу үшін қатысушылар ұсынған мүлікті құндылық бағалау;
  • жалға берілген кәсіпорын үшін – кәсіпорын қызметкерлерінің жарналар сомасы;
  • басқа нысандағы кәсіпорын үшін – толық шаруашылық жүргізу құқығы бекітілген кәсіпорынның мүлігін құндылық бағалау.

Сурет 1. Кәсіпорынның меншікті капиталының құрылымы

Кәсіпорынды құру кезінде оның жарғылық капиталына салымдар ақшалай қаражаттар, материалды және материалды емес активтер болуы мүмкін. Жарғылық капиталға салым ретінде активтерді беру кезінде оларға меншік құқығы шаруашылық жүргізуші субъектіне көшеді, яғни инвесторлар осы объектілерге меншік құқығын жоғалтады. Сонымен, кәсіпорынның ыдырауы немесе қоғам не серіктестік құрамынан қатысушының шығуы жағдайында инвестордың тек мүлік қалдығы шегінде өз үлесін өтеуге ғана құқығы бар. Сәйкесінше, жарғылық капитал кәсіпорынның инвесторлар алдындағы міндеттемелер сомасын көрсетеді.

Жарғылық капитал қаражаттарды алғашқы инвестициялау кезінде қалыптасады. Оның мөлшері кәсіпорынды тіркеу кезінде жарияланады, ал жарғылық капиталдың мөлшерінде кез келген түзетулер (акцияларды қосымша эмиссиялау, акциялар номиналды құнын төмендету, қосымша жарналар салу, жаңа қатысушыны қабылдау және т.б.) қызмет етіп тұрған заңнамада немесе құрылтайшы құжаттарында қарастырылған жағдайлар мен тәртіпте ғана жіберіледі.

Жарғылық капитал қаражаттардың қосымша көздердің (эмиссиялық табыс) пайда болуымен жүргізілуі мүмкін. Бұл қаражат көзі акцияның алғашқы эмиссиясын номиналдан жоғары бағамен сату кезінде пайда болады. Бұл сомаларды алу кезінде олар қосымша капиталға есепке алынады.

Өнім өндірісі, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету процесінде өткізуден түскен түсім сомасымен анықталатын жаңа құн пайда болады.

Өткізуден түскен түсім өнім өндірісіне шығындалған қаражаттарды өтеу, ақшалай қаражаттар қорының қалыптасудың негізгі көзі болып табылады, оның өз уақытында түсуі қаражаттар айналымдылығының үздіксіздігін, кәсіпорын қызметі процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Өткізуден түскен түсімнің уақытында түспеуі табыстың төмендеуіне, келісім-шарттық міндеттемелердің орындалмауына, айып пұлдық санкцияларға әкеледі.

Түсімді қолдану бөлу процестерінің алғашқы кезеңін көрсетеді. Өткізуден түскен түсім кәсіпорынның шикізатқа, материалдарға, отын, энергия, басқа да еңбек материалдарына, сонымен қатар кәсіпорынға көрсетілген қызметтерге материалды шығыстарды өтейді. Өткізуден түскен түсім кейінгі бөлу негізгі құралдар мен материалды емес активтерді ұдайы өндіру көзі ретінде амортизациялық аударымдар қалыптасуымен байланысты. Өткізуден түскен түсімнің қалған бөлімі – жалпы табыс немесе еңбекақыны төлеуге және кәсіпорынның табысын қалыптастыруға, сонымен қатар бюджеттен тыс қорларға аударымдар, салықтар және басқа да міндетті төлемдерге бағытталған қайта құрылған құн.

Өткізуден түскен түсім қаражаттардың айналымдылығының аяқталуын білдіреді. Өткізуден түскен түсім түспестен бұрын өндіріс шығыстары және айналыстары айналым қаражаттар көздері есебінен қаржыландырады. Қызметке алынған қаражаттар айналымының нәтижесі – шығыстарды өтеу және қаржыландырудың меншікті көздерін құру: амортизациялық аударымдар және табыс.

Табыс және амортизациялық аударымдар өндіріске салынған қаражаттар айналымының нәтижесі болып табылады және кәсіпорынның меншікті қаржылық ресурстарына жатады.

Амортизациялық аударымдардың тағайындалуы – негізгі өндірістік қорлар мен материалды емес активтерді ұдайы өндіруді қамтамсыз ету. Экономикалық мәні бойынша амортизация – бұл негізгі құралдар және материалды емес активтер (сонымен қатар құны аз және тез тозатын заттың) құнының олардың өндірілетін өнімдерге және тозу мөлшеріне байланысты біртіндеп көшіру процесі. Бұл инвестициялық процесті қаржыландырудың мақсатты көзі.

Экономикалық категория ретінде табыс – бұл қосымша еңбекпен қалыптастырылған таза табыс. Табыс кәсіпкерлік қызметтің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш болып табылады. Бұдан басқа, табыс арқылы оны бөлу және пайдалану процесінде материалды қызығушылық қағидасы, сонымен қатар материалды жауапкершілік қағидасы орындалады. Кәсіпорын қолында қалатын табыс – бұл оның қажеттіліктерін қаржыландырудың көп мақсатты көзі, бірақ оны пайдаланудың негізгі бағыттарын жинақтау және тұтыну ретінде анықтауға болады.Жинақтау және тұтыну табысты бөлу пропорциясы кәсіпорынның даму перспективасын анықтайды.

Табыс экономикалық мазмұны бойынша түрлі қажеттіліктерді қаржыландыру көзі болып табылады. Оны бөлгенде мемлекет түрінде жалпы қоғам мүдделері, кәсіпорынның кәсіпкерлік мүдделері және оның жеке қызметкерлерінің мүдделері қиылысады. Амортизациялық аударымдар қарағанда табыс кәсіпорын қолында толығымен қалмайды, салық түріндегі оның маңызды бөлігі бюджетке түседі, ал ол кәсіпорын мен мемлекет арасында таза табысты бөлу бойынша қаржылық қатынастар сферасын анықтайды.

Бұл табыстың бөлігінен кейін қалдық бөлу – кәсіпорынның артықшылығы.

Жинақтауға бағытталатын амортизациялық аударымдар мен табыс бөлігі кәсіпорынның ақшалай ресурстарын құрайды. Олар кәсіпорынның өндірістік және ғылыми-техникалық дамуына, қаржылық активтердің – бағалы қағаздарды сатып алу, басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салымдар ретінде қолданылады. Жинаққа пайдаланылатын табыстың басқа бөлігі кәсіпорынның әлеуметтік дамуына бағытталады. Табыстың бір бөлігі тұтынуға пайдаланылады, оның нәтижесінде кәсіпорын мен тұлғалардың арасында қаржылық қатынастар туындайды.

Табысты бөлу арнайы қорлар (жинақ қоры, тұтыну қоры, резервтік қорлар) құру жолымен немесе жеке мақсаттарға таза табыстарды тікелей шығыстану жолымен жүргізілуі мүмкін. Бірінші жағдайда кәсіпорында қаржылық жоспарға қосымша ретінде тұтыну және жинақ қорын шығыстанудың қосымша смета жасалады. Екінші жағдайда табысты бөлу қаржылық жоспарда көрсетіледі.

Жинақ қоры ғылыми-зерттеу, жобалық, конструкторлық және технологиялық жұмыстарға, өнімнің жаңа түрлерін, технологиялық процестерді жасау және қамтуға, технологиялық реконструкция, ұзақ мерзімді қарыздар және ол бойынша пайыздарды өтеумен, қысқа мерзімді қарыздар бойынша пайыздарды өтеумен байланысты шығыстарға, табиғатты қорғау шараларын өткізу бойынша шығыстарға, басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталын құруда қатысушылардың салымдары ретінде жарналарға, егер кәсіпорын бірлестіктер, ассоциациялар, концерндер құрамына кірсе, оларға жарналарға және т.б. жұмсалады.

Тұтыну қоры әлеуметтік даму мен әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады. Оның есебінен кәсіпорын балансында орналасқан әлеуметтік-тұрмыстық бағытындағы объектілерді пайдалану бойынша шығыстар, өндірістік емес бағыттағы объектілердің құрылысы, денді сауықтандыратын және мәдени массалық шараларды жүргізу, материалды көмек көрсету, кейбір әлеуметтік сыйақылар төлемдері қаржыландырылады.

Табыс – резервтік қорды құрудың негізгі көзі. Бұл капитал шаруашылық қызметтен мүмкін болатын шығындар мен зияндарды өтеу үшін арналған. Резервтік капиталды құру тәртібі кәсіпорын қызметін реттейтін нормативтік құжаттармен, сонымен қатар оның құрылтайшы құжаттармен анықталады.

Қазіргі шаруашылық жүргізу жағдайында кәсіпорындарда амортизациялық аударымдар мен табысты бөлу және оны пайдалану арнайы ақшалай қорларды құрумен байланысты болмайды. Амортизациялық қор құрылмайды, табысты арнайы бағытталған қорларға бөлу кәсіпорын қолында болады, бірақ кәсіпорынның қаржылық ресурстарын пайдалануды көрсететін бөлу процестерін мәнін ауыстырмайды.

Кәсіпорын қаражаттарының көзі ретінде қосымша капитал негізгі құралдар мен басқа материалды құндылықтарды жоғары бағалау нәтижесінде қалыптастырылады. Нормативтік құжаттар оны тұтыну мақсаттарына қолдануға тиым салынады.

Қаражаттардың арнайы көздері әлеуметтік бағыттағы және мақсатты қаржыландыру қорлары болып табылады: қайтарымсыз алынған құндылықтар, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени және коммуналды тұрмыстық бағыттағы объектілерді ұстаумен байланысты өндірістік емес қызметті қаржыландыруға, толық бюджеттік қаржыландыруда тұрған шығыстарды қаржыландыруға қайтарымсыз және қайтарымды мемлекеттік қаржы бөлу.

Қатынас ретінде кәсіпорын қаржылары шаруашылық қызмет процестерінде қалыптасқан экономикалық қатынастар бөлігі болып табылатындықтан оларды ұйымдастыру қағидалар кәсіпорынның шаруашылық қызмет негіздерімен анықталады. Осыған байланысты қаржыларды пайдалану қағидаларын келесідей қалыптастыруға болады:

  • коммерциялық шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы шарушылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);
  • жоспарлылық;
  • меншіктің барлық нысандарының теңдігі;
  • қаржы резервтерінің болуы [3].

Коммерциялық (шаруашылық) есеп – кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық қаржы қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты мен басты әдісі. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары (капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылық жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметтен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды талап етеді.

Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.

Өзін-өзі өтеушілік – шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол кәсіпорынның өз өнімін (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі – залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық теңдігі. Шығындарды өзін-өзі өтеушілікке жету – кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабельді жұмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың кредит ресурстарын пайдалану, екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.

Өзін-өзі қаржыландыру–нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді.

Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дербестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындары өзіндік құнға жатқызудың және т.б. жүйесі мен тәртібін белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік – бір процестің – шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмауларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.

  1. Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді.
  2. Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары – мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңи ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
  3. Кәсіпорындардың қаржысын пайдалануды ұйымдастырудың қажетті қағидаты – басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды қаржыландыруға арналған.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. Алматы, 2005 – 551б.
  2. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001 – 328 б.
  3. Лихачева О.Н. Финансовое планирование на предприятии. М., 2005 – 44-69 с.
  4. Нарықтық экономикадағы қаржы менеджментінің маңызы және қажеттілігі // Экономика негіздері. – 2006 №3 – 15-18 б.
  5. Есенова Г.Ж. Управление финансовыми ресурсами. // Қаржы-қаражат 2007 №2 – 31-36 с.
  6. Большаков С.В. Финансы предприятий. Теория и практика. Учебник. М., 2005 – 108-132 с.
  7. Финансы предприятий: Учебник для вузов/ под ред. Н.В. Колчиной. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.