Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты нарық проблемасын зерттеуге қажеттілік пайда болды. Олардың бірі кәсіпорынның тұрақты дамуы, ол кәсіпорынның өндіріс кезеңі ішінде нақты нарықтың талаптарының сапасы бойынша сәйкес келу қабілетін көрсететін кешенді көп аспектілі сипаттамасын қарастырады. Кәсіпорынның дамуы нарықтың дамуына байланысты. Алайда нарық шын мәнінде теориялық және методологиялық мәселелердің көпшілігі әлі жеткіліксіз зерттелуіне байланысты бір бағытта жұмыс істейді. Бұл кәсіпорын өндірісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермейді.
Кәсіпорынға экономикалық тәуелсіздікті тек нарықтың дамуы береді, кәсіпкер шіліктің белсенділігін тудырады, нарық бәсекелестік күресте аман қалу үшін шаруашылықты қалай ұтымды және тиімді жүргізуді талап етеді. Сол кезде кәсіпорындар нарық үшін ресурстарды негізге жеткізушілер болып табылады, олар тауар мен көрсетілетін қызметке сұранысты қалыптастырады. Әрбір кәсіпорын өнімнің белгілі бір түрін өндіреді, сондықтан басты мақсат пайда алу үшін өнімді барынша көп өндіруде болады. Нарыққа бір мезгілде басқа кәсіпорындарға тән емес бірегей қасиеттер тән. Ол өз басталуын ұсыныстан алады, одан кейін бағаға көшеді, сосын сұранысқа, сұраныстан бағаға оралады. Бұл қозғалыс үздіксіз қайталанады. Демек, нарық пен кәсіпорынның өзара байланысын анықтаудан бұрын, нарыққа тауарлардың қандай мөлшері керек екенің, яғни сұраныстың қандай екенің білу керек. Сұраныс нарықтың сыйымдылығын, тауарлар мен олардың сапасына қажеттілікті көрсетеді. Осы тәжірибелік ойға сүйене отырып, нарық пен кәсіпорын арасында сабақтас байланыстар бар екенің белгілі бір шараға қорытуға болады.
Кәсіпорын ең алдымен нарықтық шаруашылық ретінде қызмет етеді, мұнда нарық пен кәсіпорын арасында антогонизм жоқ, өйткені олар бірін-бірі өзара толықтырады: кәсіпорын нарықтың сәйкес институционалдық негіздерін құру үшін қажет. Нарық объектілерімен бір бағытта: тауар ақша және субъектілер, сатушы сатып алушымен жұмыс істейді. Сатушы ұсыныс формасын, ал сатып алушы сұраныс формасын құрастырады. Сатушы сол кезде әрі сатушы әрі сатып алушы да болады, тауар айырбасының орынына ақша алады, яғни сатып алушы болады. Ақша да тауар сияқты қасиет алады. Нарық пен кәсіпорын арасындағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылық бірте-бірте жойылуда. Нарық ортасында олардың бірте-бірте қосылу процесі жүреді [1].
Тұрақты дамушы деп, қоғамның өскелең қажеттілігін қолда бар, бірақ шектелген ресурстар мен оларды тиімді пайдаланудың нақты мүмкіндіктеріне сүйене отырып, ең аз шығындармен қамтамасыз ете алатын кәсіпорындар ғана танылады. Нәтижесінде, кәсіпорынның тұрақты тұрпатын қалыптастыруда нарықтың ерекшеліктері мен мүдделеріне сәйкес келетін тетіктері талап етіледі. Сондықтан кәсіпорын дамуының тұрақтылығы іске аспайтын бола береді. Сөз кәсіпорын дамуының жаңа тұжырымдамасы жөнінде болып отыр. Бұл күрделі іс және экономикалық, техникалық, әлеуметтік және нарықтық сипаттағы көптеген міндеттерді кешенді түрде шешуді талап етеді. Тек осындай жағдайда ғана кәсіпорынның тұрақты дамуы, ұлттық экономиканың құрамдас бөлігі ретінде, өндіруші мен тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Алайда қазіргі уақытта кәсіпорынның даму теориясының тұтастығы жоқ, оның ядросы қалыптасу сатысында болуда. Кәсіпорынның өміршеңдігінің негізі болып оның қызметінің тиімділігі есептелінеді. Шаруашылықты тиімсіз жүргізу кәсіпорынның бәсекелестік бағытын жоғалтуға және оны нарықтан ығыстыруға әкеледі. Кәсіпорынның қазіргі даму кезенінің негізгі мақсаты болып экономиканың тұрақты қызмет етуіне көшу есептелінеді. Осы проблемаға ғасырдың басындағы аса ірі форум
- Йоханнесбургтегі Бүкіл дүниежүзілік саммит (26.08.02 02.09.02 ж.) пен бірқатар басқа халықаралық конференциялар арналды. Соған қарамастан қазіргі уақытта жалпы қабылданған «тұрақты даму» ұғымының анықтамасы жоқ [1].
Бірақ, шетелдік әдебиеттерде кәсіпорынның тұрақты дамуы тұрақты экономиканың өсуімен қатар жүреді деп келтірілген. Тұрақты экономиканың даму мәселесі шетелдік ғалымдардың Дж. Ст. Милл, Й. Шумпетер, Р.Ф. Харрод, Е. Домар, Р. Солоу, П. Ромер, Р. Лукас сынды т.б. әдебиеттерінде келтірілген [2].
Ресей ғылымдары қаржылық тұрақтылыққа келесі анықтамалар берген. Мысалы, Псарева Н.Ю. «тұрақтылық бұл пайданы үнемі бір қалыпты мөлшерде ұстап тұру мүмкіндігі» деген анықтама берген [3]. Акимов А.А. «тұрақтылық бұл тартылған немесе өз қаражаттар есебінен қайтадан тепе-теңдікті сақтай білу қабілеті» деп айтқан[4].
Ал кәсіпорынның тұрақты дамуы туралы, Григорьева О.Н. «кәсіпорынның тұрақты дамуы бұл кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен оның басқару жүйесімен байланысты» деп айтады [5, б. 164].
Көптеген кәсіпорындардың тұрақты дамуының қолданыстағы түрлері болып келесілер табылады: өндірістік, ұйымдастырушылық, экологиялық, маркетингтік, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы (сурет 1) [6].
Сурет 1. Кәсіпорын тұрақтылығының түрлері
Ал жалпы ғалымдардың зерттеуінше тек кәсіпорынның тұрақтылығына мән бергенде тек бұл түрлер мен ғана шектеліп қалған жеткіліксіз болып табылады. Сол себептен Яруллина Г.Р. өз зерттеуінде кәсіпорынның тұрақты дамуының түрлерін былай жіктеп көрсеткен (сурет 2) [7].
Кәсіпорын қызметі өзгермелі және пайда көлемі ауыспалы болып тұратындықтан, тұрақтылық та белгілі бір көрсеткіштердің көбеюінен және азаюынан сақталатын көрсеткіш болып табылады. Ал тұрақты даму тұрақты жүйе мен тұрақты процестерден құралған. Сонын ішіндегі тұрақты жүйе өзара құрлымдық – ұйымдастырушылық және функционалды тұрақтылықтан құралады. Функционалды тұрақтылық тепе-теңдік, мақсаттылық пен нәтижелікпен көрсетіледі [8].
Сурет 2. Яруллина Г.Р-дің кәсіпорын тұрақтылығының жіктемесін
Әрбір кәсіпорында өндіріс көлемі мен материалдық және еңбекке жұмсалған қаражат арасында, өндіріс шығындары мен табыс арасында үйлесімділік сақталуға тиіс.
Нарық пен кәсіпорындар қазіргі уақытта өз-өзімен өмір сүруде. Үкімет, нарықсыз экономиканы көтеру мүмкін еместігін түсінеді. Өндірістің құлдырауы нарық субъектілері қаржы жағдайының тұрақсыздығына және меншікті қаражаттың өндіріске жұмсалмағанына сай келмеуіне немесе тоқтатуына әкелді. Мұның бәрі кәсіпорынның тұрақсыз дамуына, сондай-ақ өнімдерді өткізудің, импорттық тауарларымен салыстырғанда бәсекелестікке қабілеттілігінің күрт төмендеуіне әкеп соқты.
Сол себептен нарық пен кәсіпорынның үйлесімді қосылуы болмады. Берілген аймақта орналасқан және нарыққа қатынасы бар барлық кәсіпорындардың механикалық нарықтық бірігуін қабыл алмайтын жаңа нарықтық теория қажет. Үкіметтің кәсіпорын құрылымын өзгертудің ғылыми негізделген теориясы жоқ, кәсіпорын ерекшеліктерінің көпшілігі ескермейді. Сондықтан кәсіпорын дамуының тиімділігін арттыру үшін республикада қалыптасқан ережелерді өзгерту қажет.
Кәсіпорын тұрақтылығын дамытуды қамтамасыз ету үшін шетелдік тәжірибеде негізгі бірнеше стандарттар құрылған (кесте 1).
Кесте 1. Кәсіпорын тұрақтылығын дамытуды қамтамасыз етуге арналған шетелдік тәжірибедегі негізгі стандарттар
Мемлекет |
Негізгі стандарттар тізімі |
Ұлыбритания |
ВS 8900:2006 Тұрақты даму бойынша менеджментті басқару (Guidance for managing sustainable development) BS 8901:2009 Тұрақты даму үшін басқару жүйесі талаптар мен басқаруда. BS 8902:2009 Құрылыста жеткізу жүйесінің тасымалдау бойынша |
басқару кестесінің сертификациясы. |
|
Канада |
CAN/CSA-Z809-02 Орманды тұрақты пайдалану менеджменті. Талаптар мен басқару. CSA PLUS 1133:2003 Тұрақты орманды пайдаланудың менеджмент жүйесіндегі нұсқаулар – аудитор принциптері мен шарттары. CSA PLUS 1134:2003 Тұрақты орманды пайдаланудың менеджмент жүйесіндегі нұсқаулар аудиторларға арналған квалификациялы критерийлер. CSA PLUS 1136:2005 CAN/CSA-Z809-02 стандартында орманды тұрақты пайдалану менеджменті. |
Япония |
ЛS/TR Q0005:2005 менеджмент жүйесінің сапасы. Тұрақты даму бойынша ұсынылыңдар. |
Франция |
SD 21000:2005 Тұрақты даму. Корпорациялардың әлеуметтік жауапкершіліктері. Тұрақты дамуға арналған салымдар бойынша нұсқаулар. |
ИСО |
ИСО 2012 жоба стандарты, Жағдайлар бойынша тұрақты дамуды басқару. |
Жаһандану жағдайында бұл жоғарыда аталып кеткен міндеттерді шешудің маңызды алғы шарттарының бірі болып республиканың әлемдік нарықта тауар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету есептелінеді [9]. Сондықтан нарық пен кәсіпорынға қатысты стандарттық емес жағдайларға сәйкес келетін тұжырымдамалық жаңа тәсілдерді қабылдау қажет. Кәсіпорын үшін тек тұрақтылығын ғана сақтап қалмай одан әрі тұрақты даму жағдайын жалғастыруы маңызды болып табылады.
Өтпелі кезеңде пайда болатын проблемалар жиындығы ішінде кәсіпорынның нарық жағдайларына бейімделуі ерекше орын алады. Кәсіпорындардан өзгермелі сыртқы факторларға тығырықтан шығуға, икемді болуға немесе бейімделгіш сияқты қасиеттерге ие болуды талап етіледі. Кәсіпорындар сыртқы ортаның өзгеретін жағдайларына тез жауап қайтаруы керек. Кәсіпорындардың көпшілігі шаруашылық дербестігі жағдайында іс жүзінде тәжірибелері жоқ, бастары бірікпеген және әрқайсысы тығырықтан шығу жолын жеке іздейді.
Кәсіпорынның тұрақты дамуының негізгі мәні болып, ұзақ уақыт мерзімінде әлеуметтік, экономикалық, техникалық көрсеткіштердің тұрақты болуымен қатар, олардың жақсаруында болып табылады. Сол жағдайды қамтамасыз ету үшін кәсіпорын инвестициялық қаржылық, инновациялық ізденістер, басқару деңгейін жоғарлату, байланыс және коммуникация байланыстарын нығайтуға, адам капитал саясатын жүргізіп, әрдайым қадағалап отыру қажет. Қазіргі уақыттағы кәсіпорынның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл тұрақтануға екі аспект әсер етеді: сыртқы және ішкі факторлар (кесте 2).
Кесте 2. Кәсіпорынның тұрақты дамуына әсер ететін факторлар
Сыртқы факторлар |
Ішкі факторлар |
Жалпы экономикалық факторлар:
|
Операциялық факторлар:
|
Нарықтық факторлар:
|
Инвестициялық факторлары:
|
Өзге фактор: |
Қаржылық фактор: |
саясат тұрақтылығы; |
тұрақты қаржылық стратегия; |
демографиялық жағдайдың жақсаруы; |
активтер өтімділігі; |
меншікті капиталдың өтімділігінің көбе- |
|
юі; |
|
дебиторлық қарыздың артуы; |
|
қаржылық тәуекелдердің төмендеуі. |
Сыртқы факторларға сыртқы ортамен байланысты сыртқы әсерлер, ал ішкі факторларға кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметімен байланысты факторлар әсер етеді [10].
Кәсіпорынның тұрақты даму үрдісі қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің нәтижемен көнікті болады. Бұл нәтижені бағалаудың екі аспектісі бар:
- тұрақтану көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар мен экономикалық факторға байланысты бағалау:
- сыртқы және ішкі әлеуметтік, экологиялық, техникалық институционалды көрсеткіштердің экономикалық факторларға әсер ету дәрежесі;
- экономикалық факторға әсер ететін сандық және сапалық көрсеткіштерді анықтап бағалау;
2) кәсіпорын тұрақтылығын халықаралық методологиялық ұсыныстармен бағалау:
- қаржылық-экономикалық көрсеткіштер;
- әлеуметтік көрсеткіштер;
- экологиялық көрсеткіштер;
- институционалдық көрсеткіштер.
Кәсіпорынның белгілі бір беріктік қоры болу керек, ол оған, өндірістік бағдарламасына өзгертетін нарықтын әсеріне шыдауға мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Осыған орай туып келе жатқан дағдарысты ерте кезгенінде танып білу, оның алдың алу және кәсіпорынның өсу кезенуіне көшуді қамтамасыз ететін стратегиясын жасау қажеттілігі туындайды.
Бұл бағдарламаны құруда бірнеше факторларды ескере білу қажет. Алайда кәсіпорынның қызмет ету практикасында бір қатар проблемаларды шешуге ғылыми негізделген тәсілдерінің болмауынан жиі орындала бермейді: кәсіпорынның өміршеңдік кезең сатысының бағалау критерийі жасалмаған, эволюция кезеңдері диагностикасының қатаң әдіснамасы жоқ, даму стратегиясын тандану бойынша теориялық және практикалық әзірлемелер жеткіліксіз пысықталған.Аталған проблемалар практикалық шешімді талап етеді. Кәсіпорынның тұрақты дамуы сыртқы орта өзгерген кезде өзіне-өзі жеткіліктілігін сақтайтын өзара тәуелді элементтерді енгізетін біртұтас жүйе ретінде оның қызмет етуін білдіреді.
Әрбір кәсіпорын көптеген элементтерден тұратын күрделі жүйе болып табылады. Олардың арасында күрделі көп жоспарлы байланыстар болады. Өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара түсінушілік нарықтың бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз етеді.
Сөйтіп, кәсіпорынның одан әрі дамуына кедергі келтіретін, тұрақсыздандыру факторларына, мемлекеттік қолдаудың жоқтығын, ішкі нарықтың импорттық тауарлардан қорғалмауын, өндеуші кәсіпорындар мен бастапқы тауар өндірушілермен тікелей байланыстың болмауын жатқызуға болады. Әр уақытта да кәсіпорынның тұрақты дамуына әсер ететін факторларға мән беріп отыру қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Есқараев Ө.Қ. Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу.Алматы: «Экономика», 2007. – 156 б.
- Кучерова Е.Н. Современный подход к устойчивому развитию предприятия // Вестник ОГУ. – 2007. № 9. – С. 76 – 81.
- Псарева Н.Ю. Обеспечение устойчивого развития предприятия // Экономика строительства. 1995. № 5. – С. 9 – 17.
- Акимов А.А. Инновационно инжиниринговые задачи структурной перестройки экономики. – СПб., 1997. 261 с.
- Григорьева О.Н. Формирование механизма устойчивого развития предприятия в условиях инновационной деятельности / Диссер. на соискание уч. степени к.э.н., 2004. 164 с.
- Зеткина О.В. Об управлении устойчивостью предприятия // kulbaka 2002 @ ukrtop. com
- Яруллина Г.Р. Управление устойчивым экономическим развитием предприятия промышленного комплекса: теория и методология. – Казань, 2011.
- Воронов А.С. Устойчивое развитие предприятия как стратегическая цель маркетинга // Маркетинг. 2002. №3.С. 31 – 37.
- Кытманов А.В., Смильгевич А.В. Финансирование инновационного развития предприятия // Труды VI Международного Российско-Китайского симпозиума «Государство и рынок». В 3-х частях. Екатеринбург: Институт экономики УрО РАН, 2005.
- Алексеенко Н.В. Экономика и организация управления. М., 2008.
- Шестерикова Н.В. Механизм формирования стратегии устойчивого развития предприятия на основе сбалансированной системы показателей // Вестник Нижегородского университета им. Н.И. Лобачевского. – 2008. № 3. – С. 186–193.