Аграрлық сектор өзінің бірқалыпты жұмыс істеуі және дамуы үшін міндетті түрде мемлекеттік реттеу мен қолдауды қажет ететін жағдай ең басты нәрсе болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің негізгі екі әдісі бар. Олар макроэкономикалық және микроэкономикалық болып бөлінеді. Дәстүрлі макроэкономикалық мемлекеттік реттеу баға саясаты, қаржылық саясат, несиелік және салық саясатымен жүзеге асады.
Мемлекеттік макроэкономикалық реттеуден басқа мемлекет қазіргі заманғы қоғамның көзқарас тұрғысынан алғанда шешімнің нарықтық тегеріштері тиімсіз немесе сәйкес келмейтін микроэкономикалық әдістер де бар.
Ауыл шаруашылығында бұл – ең алдымен сыртқы тиімділік проблемасы немесе экстерналий.
Оның мәні мынада: нарықтық жүйеге қатысушылардың өзара іс-қимыл процесінде үшінші жақтың мүдделерін қозғайтын сыртқы тиімділіктер туады [1]. Қоршаған ортамен тікелей өзара іс-қимылға түсетін аграрлық өндірісте экстерналийдің жағымды да, жағымсыз да көптеген мысалдарын келтіруге болады: жеке учаскеден көшеге шығып өскен таңқурай, көп суландырудан көршінің өнімінің көбеюі және басқалар.
Нарықтың экономикалық теориясы дәстүрлі қарастыратын басқа проблема – қоғамдық тауарларды қаржыландыру, яғни қоғамның барлық мүшелері ұтатын және бірге тұтынатын тауарларды қаржыландыру. Сонымен бірге оларға ақшалай сұраныс жекелеген тұлғалар мен фирмалардың тарапынан жоқ болады, бұл олардың ешқандай жеке өндіруші шығара алмайды және шығарғысы да келмейді деген сөз. Аграрлық секторда бұл – жаппай ауыл шаруашылығы ауруларымен және зиянкестермен күреске жұмсалатын агроазық-түлік секторында – ауыл шаруашылығы шикізаттары мен азық-түлігінің сапасына кепілдікті қамтамасыз ететін тиісті істер мен инспекцияларды ұстауға жұмсалатын шығындар.
Мемлекеттің келесі маңызды міндеті монополияға қарсы реттеу және әділетті бәсекелестікті қолдау. Сыртқы тиімділікті реттеу және әділетті бәсекелестікті қолдау. Сыртқы тиімділікті реттеу мен қоғамдық тауарды қаржыландыруға, яғни жетілген ерікті бәсекелестік жағдайында мемлекет орындайтын функцияларға қарағанда бұл міндет жетілдірілмеген бәсекелестіктің нақты жағдайындағы экономикалық теорияға негізделеді.
Мемлекеттің монополияға қарсы қызметінің қажеттілігі рынокті монополияландыру нәтижесінде қоғамға келетін шығындар – сату көлемін азайтумен, бағаны көтерумен, жаңа фирмалар үшін кіру барьерлерімен түсіндіріледі.
Аграрлық рынок жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің тағы бір маңызды бағыты әлеуметтік-экономикалық укладта болғандықтан фермерлікті қолдау идеясы болып табылады. Оны жақтаушылар жеке отбасылық фермаларды ауыл шаруашылығындағы іскерліктің тиімді тәсілі ретінде әділетті қарастырады. өмірдің фермерлік уклады бостандық, саяси және әлеуметтік және экономикалық игіліктер ретінде қабылданады.
Отбасылық фермерлікті жақтаушылардың қарсыластары да бар. Олардың пікірінше, аталмыш концепция қазіргі заманғы жағдайларды еске алмайды, ал оның негізінде жүргізілетін фермерлікті қолдау саясаты фермалардың қосылу және жинақталуының табиғи әлеуметтік-экономикалық процестерін тежеп, мемлекеттік бюджет пен салық төлеушілердің мойнындағы үлкен жүк болып табылады.
Бұл екі бағыттың күресі фермерлікті мемлекеттік қолдаудың және тұтастай алғанда ауыл шаруашылығындағы ұйымдық экономикалық процестердегі мемлекеттік реттеудің тағдырын анықтайтын болады.
Шаруа қожалықтарын дамыту үшін жер, материалдық-техникалық қажетті жағдайлар, экологиялық қамтамасыз ету, салалардың мамандануы мен сәйкестендірілуі, мемлекеттік қаржылық көмек жүйесі, мамандарды дайындау, олардың біліктілігін арттыру және ғылыми қамтамасыз ету жөніндегі шаралар анықталып, сондай-ақ жергілікті ерекшеліктер есепке алынуы керек. Бұл жолдың үш кезеңі бар.
Бірінші кезең (2-3 жыл) – шаруа қожалықтарының өз қажеттілігін қамтамасыз етіп, артық өнімін сату мақсатында басым жағдайда қол еңбегін пайдалану негізінде құрылу, қалыптасу және дамуы.
Кез-келген шаруа қожалығының тиімді (оптимальді) көлемі негізгі үш фактор жер, еңбек, және капиталмен (өндірістік қорлар және қаржы) анықталады.Іс жүзінде бұл аймақтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды есепке ала отырып, жердің, жұмысшы күшінің (жұмыс істеушілердің саны) көлемі және өндіріс құралдарымен қамтамасыз етілудің қажетті арақатынасын орнатуды білдіреді. Тек аймақ қана емес, аудан және шаруашылық бойынша да айырмашылық байқалатыны сөзсіз. Бір жерлерде жұмыс күшінің маңызды болуы ықтимал, екінші жерде – техника маңыздырақ, ал үшінші бір жерде қаржы мәселесін ең алдымен шешу қажет. әрбір шаруашылықта бұл мәселеде ерекше ептілік керек. Іс жүзінде шаруа қожалықтарының тиімді көлемін енгізу үшін төмендегі жағдайларды есепке алу қажет:
- мүшелердің еңбек және дене күші мүмкіндіктері немесе шаруа қожалығының еңбек потенциалы (адам сағаттағы) бұл жерде еңбектің интенсивтігі мен ұзақтығын ескеру өте маңызды. Шетелдік фермерлік шаруашылықтардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, тіпті толық қамтамасыз етілген фермерлердің өздері тәулігіне 10-12 сағаттан (аптасына 55-65 сағаттан) жұмыс істейді. Қазір біздің шаруалар әдетте таңның атысынан күннің батысына дейін еңбектенеді;
- ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі мен сапасы ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің қабылданған мамандануы мен аймақтық технологиясына сәйкес болуы шарт;
- техникалық жарақтанудың жоғары деңгейі.
Шаруа қожалығының көлемі бірінші кезеңде салыстырмалы түрде шағын болуы тиіс. Олар басқа жақтан жұмыс күшін жалдамай-ақ отбасының нақты мүмкіндігіне сәйкес жұмыстың барлық көлемін орындауға ұмтылу керек. Бұл жерде ол астық, жем өндіру, мүйізді ірі қара бұзауларын, қой және шошқа өсіру және бордақылау сияқты салаларға маманданғаны жөн. Одан әрі еңбекті көп қажет ететін интенсивті өндіріс – сүтті мал шаруашылығымен, көкөніс және картоп өсірумен, тұқым дайындау, мал асылдандыру жұмыстарымен айналысуларына жол ашылады.
Екінші кезең (3-5 жыл) – шаруа қожалықтарының еңбек ресурстарын жаппай пайдалану және олардың кәсіби дайындықтарын арттыру, кооперация және техникалық қайта жарақтану, оларды біртебірте тауарлы өндіріске айналдыру негізінде көбеюі мен нығаю кезеңі. Бұл жерде алдыңғы планға техникалық, биологиялық, ұйымдық және экономикалық факторлар шығады.
Шаруа қожалықтары, шағын кәсіпорындар және үй іргесіндегі шаруашылық сферасындағы қосылу әр түрлі бағытта жүруі ықтимал.
- бірінші – мал бордақылау және өсіру, еңбекті көп қажет ететін дақылдарды өсіру жөніндегі ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен қосылу;
- екінші – материалдық-техникалық қамтамасыз ету сферасындағы басқа кәсіпорындармен қосылу. Кооперацияның мұндай тәсілі қазіргі уақытта өндіріс құралдарының тапшылығы мен қымбатшылығына және қызмет көрсету сферасының дамымауын байланысты болып отыр;
- үшінші өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның сфераларындағы объектілерді тиімді және тең дәрежеде пайдалану мақсатында басқа кәсіпорындармен қосылу;
- төртінші – шаруа қожалықтарының, шағын кәсіпорындардың және үй іргесіндегі шаруашылықтардың қаржы көздерін және материалдық-техникалық ресурстарды біріктіру, мамандандырылған қызметтер, пункттер және дүкендер ұйымдастыру негізінде өз кооперативтерін құруы.
Үшінші кезең (6-10 жыл) – ғылымитехникалық өркениет жетістіктерін кеңінен пайдалану негізінде интенсивті даму және шаруа қожалықтарының бірте-бірте фермерлік шаруашылықтарға айналу кезеңі. Бұл шаруашылықтар ұжымшарлық – кеңшарлық құрылысқа өнім өндіру көлемінен болсын, еңбек өнімділігінің деңгейі жөнінен болсын байсалды бәсекелес бола алады.
Ауыл шаруашылығы өнімі рыногін мемлекеттік реттеу басым жағдайда бағалық, қаржылық, несиелік және салықтық құралдарды пайдалану арқылы экономикалық әдіспен жүзеге асырылады.
Баға саясатының негізгі бағыты еркін тағайындауға көшу болып табылады. Рыноктің қалыптасуы барлық тауар өндірушілердің меншік және шаруашылық жүргізу әдістеріне қарамастан баға белгілеу мен өнімді өткізу арналарын таңдауда толық түрде өз бетінше шешім қабылдауын қарастырады. Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген белгілі бір мемлекеттік қажеттілікті өтеу үшін мемлекет өндірушілермен ерікті және өзара тиімді контрактіге отырады. Онда келісімді бағадан басқа салықтық, несиелік жеңілдіктер мен материалдық техникалық ресурстарды қамтамасыз ету, өндірістік және өндірістік емес объектілерді қаржыландыру жөнінде әр түрлі ынталандыру шаралары қарастырылуы мүмкін. Алайда, еркін баға агроөнеркәсіп кешенінің 1 және 3 сфераларындағы кәсіпорындарды демонополизациялаған жағдайда ғана тиімділік беруі мүмкін, ал басқаша жағдайда өн-дірістің құлдырауы мен бағаның өсуінен қашып құтылу мүмкін емес.
Селолық өндірушілер табысын қолдау мақсатында өнімді өткізу мен жеңілдік несиелерге жол ашуды қамтамасыз етуге кепілдік беретін ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлеріне сауда және сатып алу операциялары қарастырылған. Сондайақ, биржалар болашақ өнімді сатып алуға ауыл шаруашылық өндірушілермен келісім-шартқа отырған жағдайда фьючерстік сауда-саттық тегеріші пайдаланылады [2].
Мемлекеттік реттеусіз монополизм жағдайына өнеркәсіп және ауыл шаруашылық арасындағы бағаның паритетін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан да өндіріс құралдарын шығаратын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қызмет көрсететін немесе олардың өнімін өңдейтін барлық монополист – кәсіпорындар үшін келісімді бағаның жоғары шегін (немесе рентабельділік деңгейінің шегін) белгілеу қажет.
Қаржылық саясаты селода көпукладты экономика құрудың бастапқы кезеңінде:
- бәсекелестікті тудыруға және дамытуға жағдай жасауы керек. Сондықтан да қаржылық көмек ең алдымен тауар өндірушілерді қолдау үшін мемлекеттік бағаны қамтамасыз етуге, аграрлық сфераны жеңілдікпен қаржыландыруға көмектесетін коммерциялық банкілердің шығындарын жабуға, сондай-ақ жекелеген селолық аудандар, экологиялық аймақтар жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға, шаруашылық айналымынан шығып қалған ауыл шаруашылығы жерлерін қайта қалпына келтіруге бағытталуы тиіс;
- экономиканың аграрлық секторындағы несие саясаты ауыл шаруашылығындағы өте төмен табыстылықты есепке алады.
Ауыл шаруашылығына деген мемлекеттің салық саясаты өзінің фискалдық мәнін жоюы керек. Салықтың түрлері мен мөлшерін анықтаған кезде тікелей салық салу жолымен жеңілдетілген салық салу есебінен жүзеге асырылатын олардың ынталандырушы функцияларына ерекше назар аударылуы қажет:
- жерге біртұтас салық енгізілгеннен кейін, жер негізгі өндіріс құралы болып табылатындықтан, ауыл шаруашылық кәсіпорындары табысқа салық төлеуден босатылды. Бұл аграрлық өндірістің нәтиже беретін көрсеткіштеріне тіпті салық салудан босатылуға алып келді. Нәтижесінде салық көмегімен бағаны, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудың көлемін, жеке тұтынуға және қорлануға бағытталатын пайданы мемлекеттік реттеу пайда болмай қалды. Осыған байланысты салық салудың негізгі объектісі ретінде мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар үшін – пайда, ал ұжымшарлар үшін жалпы табыс белгіленеді;
- жалпы алғанда, салықтар мен аударулар кәсіпорынның жалпы табысының 2025%-ынан аспауы керек. Өйткені жалпы табыстың 25%-ынан 50%-ына дейін салыққа алынуы тек қана өндірісті қалпына ұстауды қамтамасыз етсе, ал 50%-дан астам салық салу өндірістің шығынына батып, жабылуына лап келеді. Одан әрі ауыл шаруашылығындағы дағдарыстан өту мен аграрлық рынокті қалыптастырудың шамашарқыңа қарай салық жүйесі күрделене түседі. Оның негізгі элементтері мыналар болады:
- пайдаға (таза табыс) салық капиталдың өсуіне салық;
- қозғалмайтын мүлікке салық;
- жалданбалы жұмыс күшін әлеуметтік сақтандыру;
- акциздер.
Инвестициялық саясат агроөнеркәсіп кешеніндегі көпукладты экономиканың қалыптасу кезеңінде көптеген өзгерістерге ұшырайды. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кең көлемдегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, әлеуметтік сферадағы объектілері құрылысын салу, сондайақ селолық тауар өндірушілерді қаржылық жағынан қолдау үшін мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру сақталады. Агроөнеркәсіп кешенінің бірінші саласында инвестициялық саясаттың басым бағыттары мыналар болып табылады (1 сурет).
Сурет 1. Агроөнеркәсіп кешенінің бірінші саласында инвестициялық саясаттың басым бағыттары
Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық саясат өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға паритетінің сақталмауы жағдайында мемлекеттік қолдау көрсету жолымен меншіктің барлық тәсіліндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасының сапалық жаңғырудың негізгі қордың шапшаң қалпына келтірілуін және жаңғыртылуын, өндірістік инфрақұрылымның дамытылуын көздейді.
Мемлекет ауылдық аумақтарды дамытуды төмендегі бағыттар бойынша қарастырады:
- ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
- ауылдық елді мекендерді әлеуметтік
- экономикалық даму деңгейі және экологиялық жай-күйі бойынша сыныптау;
- ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілуінің және ауылдық елді мекендердің экологиялық жайкүйінің нормативтерін әзірлеу;
- ауыл тұрғындарының ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым қызметтерімен қамтылуы;
- ауылдық елді мекендердің экологиялық жай-күйінің мониторингін жүргізу;
- ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын құру және дамыту;
- ауылды оңтайлы қоныстандыру;
- ауылдық елді мекендерге денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт қызметкерлерінің тартылуын ынталандыру арқылы реттеу.
Мемлекеттің реттеуі мен қолдауынсыз аграрлық сектордың дамуы мүмкін емес. Осы орайда, академик Я.Ә. Әубәкіров «... мемлекет әсері ауыл шаруашылығының барлық секторларының әлеуметтік бағытта болуын, халықты еңбекпен қамтамасыз етуді, ауыл шаруашылығы салаларына жоғары технологияны енгізуді, халықаралық еңбек бөлінісінде, отандық ауыл шаруашылығы өндірісінің енуін қамтамасыз етеді» деп санайды. Сондықтан да аграрлық қатынастарды оңтайлы реттеу үшін мемлекеттік реттеудің мақсатты бағытталған, тұрақты және белсенді саясаты, яғни реттеу мен қолдаудың ерекше мемлекеттік саясаты қажет [3].
Агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік салалық және қаржы-несие саясаты аграрлық секторға қатысты мынадай негізде құрылуы қажет:
- ауыл шаруашылығының басымды түрде дамуы;
- шаруашылық жүргізудің барлық ұйымдық экономикалық түрлерінің теңдігі.
Мемлекеттің аграрлық саясаты негізінде шешімін табуға тиіс бірқатар мәселелер жатқанын көреміз:
- кооперацияның мүмкіндіктерін максималды пайдалану және шаруашылық жүргізудің әр түрлі тиімді ұйымдық – құқықтық нысандарында өндірістің көпукладты аграрлы құрылым құруды аяқтау, осы салада кәсіпкерлік пен шағын бизнестің еркін дамуын қамтамасыз ету;
- аграрлық секторды кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикалық еркіндігімен жанама мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету;
- аграрлық сектордың дамуын мемлекеттің мақсатты бағдарламаларын жүзеге асыру негізінде мемлекеттік қолдау;
- отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қорғауды және бәсекеге қабілетті өнімдер мен азық-түлік тауарларымен әлемдік нарыққа шығуын қамтамасыз ету;
- салық саясатының және қаржы несиелік жүйе мен бағалық реттеудің нарықтық механизмдерін жетілдіру, ауыл шаруашылығы өндірісі мен тамақ өнеркәсібінің ресурстық әлеуетін жаңалауға инвестиция бағыттау;
- аграрлық секторды заманауи техникамен, минералды тыңайтқыштармен, өсімдік қорғау құралдарымен, ветеринарлық медицина құрал-жабдықтарымен және тауар өндірушілерді агросервистік қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету үшін отандық ауыл шаруашылығы машинасын жасау және химия өнеркәсібінің дамуын жеделдету;
- жерді рационалды пайдалану, оны қорғау, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- экологиялық таза өнімдер өндірісінде жаңа ресурс жинақтаушы технологияны игеру;
- жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндіру мақсатымен ауыл шаруашылығы өндірісінің өнеркәсіптік қайта өндеумен интеграциялық үрдістерін тереңдете дамыту;
- агроөнеркәсіптік өндірісте, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясын дамытуда мемлекеттің ғылыми-техникалық саясатын іске асыру;
- ауылдың әлеуметтік дамуын же-
делдету, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру, ауылдық елді мекендерде өмір сүруге толық жағдай жасау.
Қазіргі кезде мемлекеттік реттеудің мақсаты аграрлық секторды нарықтық экономиканың тиімді саласына айналдыру; агроөнеркәсіптік өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз ету; өндірістің қалыпты экономикалық қызмет етуі үшін жағдай жасау; осы салада кәсіпкерлік қызметтің дамуын қолдау болып табылады. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдау мемлекеттің қосымша шығындары бола отырып өндірістің өсуі үшін жағдай туғызады, инфрақұрылымның дамуын жеделдетеді, жұмыссыздықты төмендетеді, баға тепе-теңдігін ұстап тұрады, ал тұтастай алғанда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Мұндай шығындарға іс жүзінде әлемнің барлық елдері жол береді.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін жоғарылату, ауыл аумақтардың дамуы, ауылдарда кедейшіліктің қысқаруы мәселелерінің маңыздылығына көңіл аудара отырып Үкімет мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы мен еліміздің ауыл аумақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Бұл салада адамзат дамуының мүмкіндіктерін кеңейту үшін жұмыс орындарын қалыптастыру, әлеуметтік инфрақұрылым мен басқа да жағдайларды қажет етуші ауыл тұрғындарының табыстары мен қызмет ету бағасына қарай теңестірілген тиімді қоныстану үлгісін қалыптастыру мүмкіндігін бағалау үшін ауыл тұрғындарының жетістіктерінің қорытындысы қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Еркінбаева Л.Қ. Шаруа (фермер) қожалығының қызметін құқықтық реттеу: Оқу құралы. Алматы, 2000. 9-14 б.
- Кажмуратова А. Причины и следствие аграрного кризиса в Казахстане // Евразийское сообщество, 2010. № 3. С. 119-129.
- Әубәкiров Я.Ә. Социалистiк өндiрiстi басқарудың экономикалық заңдары мен проблемалары. Алматы, 1995. 285-287 бб.