Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Абайдың құрметіне қойылған шетелдегі ескерткіштер – абайды шетелде насихаттаудың көрінісі ретінде

«Ескерткіште сом тұлғалық сипат бар осының өзі анық жалаң қайталаушылықтың мысалы. Тіпті бұл поэтикалық ұшқыр қағы лездіктің данышпандары – Пушкинге немесе Моцартқа арналған ескерткіш болса да солай. Гранит пен мәрмәр тас өздерінің ырқына көндіреді, сондықтан мәселе материалға көрсетілген қарсылықтың мөлшерінде ғана. Түпнұсқаның құпия сырына үңіле білудің мөлшерін мен сөз де етпеймін – ол өзінен өзі түсінікті нәрсе.

Абайдың ескерткіштеріне келгенде бір ыңғайсыздық сезінемін. Олардың бәрі заманының өзіндей зілмауыр көрінеді; өздерінде тау тұлғаның қуаты бар, олардан бастан кешкен кемеңгерліктің, көп-көп қасіреттің жүгін арқалаған білімбіліктің лебі есіп тұрады. Солай болуы керек те. Абай Құнанбаев деген, шынында, тау тұлғалы адам ғой, ол – шын мәнінде кемеңгер, шын мәнінде Мұса пайғамбар секілді тұтас бір халықтың тағдыры үшін жауапкершіліктің ауыртпалығын өз еркімен, саналы түрде арқалаған, сол себептен де туған жерінде екі аяғын тең басып тұрған қасіреткер» (1, 4 б.).

2010 жылы Абайдың 165 жылдығы қарсаңында қазан айында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б. Сапарбаев пен аймағымыздың мәдениет басқармасының өкілдері ақынның құрметіне бірқатар шараларға дайындалып, оларды өткізді. Сондай шаралардың бірінде сөйлеген сөзінде облысымыздың әкімі халық алдында сөйлеген сөзінде Үндістанның Нью-Дели қаласында Абайдың ескерткіші қойылуы жоспарланып жатқанын хабарлады. Сол кезде мүсінші Болат Құсайынов бір жарым метрлік қола ескерткішті әзірлеп та қойған еді. Ол Үндістанның Қазақстандағы елшілігімен келісім – шарт бойынша аталмыш қалаға сый ретінде тартылып, орталық көшелерінің біріне орнатылмақшы. 2009 жылы Өскемен қаласындағы «Жастар» саябағына Үндістанның классигі Р. Тагордың бюсті орнатылғанын ескерсек, бұл әрекетті екі ел арасындағы ынтымақтастық пен мәдени аралық байланыс дап әбден қабылдауға да болады. Осылайша, «... Құрметке – құрмет. Еліміз орталығында да Үндістанның ұлы жазушысы Рабиндранат Тагордың аты жарқыраса жараса түсер еді» \2, 1 б.\, деп 2002 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі А. Несіпбайдың үміті ақталды. Ал ол кезде жазылған мақаланың мазмұны Елбасымыздың Үндістанға жасаған ресми іс-сапары жайлы еді. Осы мақалада 15 миллион халқы бар әлемнің ең көне қаласының бір көшесіне Абай атының берілуі туралы ақпарат берілген: «Міне, осындай алып қаладағы көрікті көшелердің бірі Абай есімімен аталып, оның салтанатты түрде ашылу рәсімі бұл күнгі елеулі оқиға ретінде есте қалды. Иә, бұдан былай қарай осы ғажайып шаһарға жолы түскен қазақ елінің әр азаматы Делиде Абай көшесінің барын мақтан ете алады»\2, 1 б.\.

2003 жылы Қазақстан Леонард Кошутқа еліміздің әдебиетін Германияда насихаттағаны үшін арнайы сыйлық берген кезінде, ол өз кезегінде 2002 жылы жарық көрген 37 тараудан тұратын «Volk und Welt» кітабын сыйға тартады. Қарап отырсақ, бұл кітаптың бір тарауы қазақ әдебиетіне арналған. Бұл жерде ол: «Что нас, издательскую редакцию, подкупило в казахской литературе, так это то, что изучение через неё истории Казахстана, не имевшей во многом письменных памятников, позволило нам ознакомиться с основой национального самосознания казахов» [3, 137-138 б.]. Кітаптағы бұл тараудың пайда болуының тағы бір себебі 2000 жылы Берлин көшелерінің бірі «Abaj Strasse» атануы. Ол: «Абая, именем которого названа улица в Берлине, иногда называют «казахским Гете». Эта метафора имеет основание, так как подразумевает значение, которое имеет этот поэт, композитор и просветитель для национальной литературы, универсальность его творчества и деятельности» [3, 43-45 б.], дей келе, өзінің Абайдың шығармашылығымен, оның халық арасындағы маңызын жақын түсінгенін айғақтайды. Бұл тұста Абайды Гете тіліне, ал Гетены Абайдың тіліне аударған Қалмұхан Исабайдың сіңірген еңбегін ұмытпаған дұрыс. Леонард Кошуттың берген мағлұматтары бойынша 2006 жылы Берлиндегі Орыс әдебиеті мен мәдениеті үйінде «Пушкин мен Абайдың Берлиндегі кездесуі» атты кеші өтті. Бұл жерде Пушкин жайлы лейпцигтік профессор Ролянд

Опитц баяндама жасаса, гиссендік профессор Марк Кирхнердің Абай туралы оқыған мақаласы бұл жердегі ақын туралы көпшілік алдында айтылған алғашқы сөз болса керек. Ғалым Абайдың өзі аударған «Күз» өлеңін оқып, халықтың жылы қолдауын тапты.

2006 жылдың 4 сәуірінде Мәскеудегі «Чистопрудный бульвары» саябағында Абай ескерткішінің ашылу салтанаты өткізілді. Ресей ақпарат құралдарының хабарлауына қарағанда, ескерткіштің ашылу рәсіміне мыңдаған мәскеуліктер жиналды. Олардың арасында Абайдың кітаптарын ұстаған орыс жастары, Ресейдің және Қазақстанның туларын көтеріп келгендер де жиі ұшырасты. Жиналғандардың көңілдері мерекедегідей көтеріңкі, дыбыс күшейткіштен қазақтың ән-күйлері шалқып, бұл жиын Қазақстанда өтіп жатқандай болып сезілді. Қазақ халқы туралы, Аде жиі естілді. Жиналғандар түс әлетіне ескерткішті ашуға келген екі ел Президенттері Н. Назарбаев пен В. Путинді осындай көтеріңкі көңіл – күймен, ыстық ықыласпен қарсы алды.

Бір айта кетерлік жайт, осы саябаққа Абай ескерткішін орнатуға қарсы болғандардың қарасы көріне қоймады. Сірә, мыңдаған мәскеуліктердің қазақ халқына, оның кемеңгер ақыны – Абайға деген сүйіспеншілігі олардың үнін өшірсе керек. Бұлай деудің себебі, «Қазақ әдебиеті» газетінің осы жылғы 7 сәуірінде шыққан санында «Мәскеуліктер Абай ескерткішін орнатуға неге қарсы?» деген мақалада осы үрдісті кейбір жақтамау шылардағы қарсылықтың себебі айтылған болатын. Мі-не сол «Қазақ әдебиеті» газетінің тілшісі Қуанбек Боқаевтің мақаласын оқып көрейік: «Газетіміздің 10-16 ақпанындағы №6 санында Мәскеуде Абай ескерткіші орнатылатыны жөнінде Қазақстан Дизайнерлер одағының төрағасы, профессор Тимур Сүлейменовтің сұхбаты жарияланған болатын. Мәскеуде Абай ескерткішінің болуы Қазақстан Ресей елдерінің, қазақ пен орыс халқының достығын, халқымызға деген Ресейліктердің құрметін, ұлы ақындар Пушкин мен Лермонтов өлеңдерін қазақшаға аударып, сонымен бірге, орыс мәдениеті мен әдебиетін насихаттаған кемеңгер дарын иесіне деген сүйіспеншілікті білдіретіні сөзсіз.

Қазақстанда Пушкин, Лермонтов, Ломоносовтан бастап орыстың әйгілі тұлғаларына қаншама ескерткіштер орнатылды, қалалар мен елді мекендерде олардың атымен аталған қаншама мектептер, көшелер бар?! Оны есептеу оңай бола қоймас. Соңғы жылдары ғана Астана мен Алматыда Пушкинге ескерткіштер орнатылғанда оны қазақ қоғамы ризашылықпен қуаттаған да еді. Бірде-бір қазақтың аузынан бұл жөн емес дегендей сөз шықпаған-ды. Қайта кейбір сәулетшілер мен қаламгерлер Пушкин ескерткішін мұнан да айшықты етіп жасау, оны көрнекті жерге орнату қажет дегендей көңіл жылуын білдірумен болған еді. Ал ұлы Абай орыс ақындарының шығармаларын аударумен шектелмей, орыс мәдениеті мен өнерінің, орыс тілінің насихатшысы болғаны баршаға мәлім. Бұл үшін орыс халқы ұлы Абайға риза болуға тиіс екені, Абайға қандай құрмет көрсетсе де лайықты екені айтпасақ та түсінікті. Мәскеуде Абай ескерткішін орнату ең бірінші, орыс пен қазақ арасындағы достық ежелден қалыптасқанын, болашақ ұрпаққа оның мәнмаңызын ұғындыра түсетінін білдірсе керек. Содан да болар, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев былтыр Абайдың 160 жылдық мерейтойы қарсаңында Мәскеуде Абай ескерткішін орнату жөнінде наурыз айында Парламентке ұсыныс жолдаған болатын. Парламент оны қолдап, Абай ескерткішін жасауға Қазақстанның өзі тікелей қаржы бөліп, жұмысшы тобы құрылып, конкурс жарияланған-ды. Сөз реті келгенде айта кетелік, Қазақстанда орыстың ұлы тұлғаларының ескерткіштерін қоюға, көше, мектеп аттарын атауға Ресей көк тиын ақша шығарып көрген емес.

Сөйтіп конкурста жеңіп шыққан әкелі-балалы мүсіншілер Марат пен Сайыт, сәулетшілер Сайран Фазылов пен Игорь Поляков тобы жасаған жоба бойынша Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі елшілігі ғимаратының маңайынан арнайы орын бөлініп, Абай ескерткіші 21 наурызға дейін орнатылатын болып көзделген еді. Мәскеудің шеткері жағындағы "Чистый пруд" деген бұл жерде Пушкиннің, Высоцкийдің, Шолоховтың, Чеховтың, тағы басқа әйгілі адамдардың ескерткіші айнала орналастырылған әдемі гүлзардың бір шетінде енді Абай ескерткіші тұрса не сөкеттігі бар?! Бұл ұлы Абайға деген Ресейліктердің сүйіспеншілігін білдірмей ме.

Қынжыл арлығы сол, ескерткішті қою мерзімі тақалған кезеңде Мәскеудің осы "Чистый пруд" жерінде тұратын тұрғындардың оған наразылығы естіле бастады. Олардың айтқандарына қарағанда, мәскеуліктер Абайдың кім екенін білмейді саятын көрінеді. Ал мәселенің мәнісіне тереңірек ой жүгіртсек, қандай да бір әсіре ұлтшыл топтардың жұртшылық арасында теріс пікір тудырып жүргені байқалады. Мәселен, ақпарат құралдарында Абай ескерткішін "Чистый пруд" аумағында орнатуға қарсы қол жинап жүрген белсенді топтың мүшесі Екатерина Бермакт былай деп мәлімдейді:

Мәскеудегі "Патриарший пруд" деген жеріндегі Булгаковтың "Мастер 1" шығармасына орай композициялық ескерткішті қоюға тұрғындар қарсы болып, Мәскеудің тарихи орнын сақтап қалған болатын. Сол секілді Абай ескерткіші орнатылуға тиісті бұл жердегі Мәскеудің ескі көрінісін қорғағымыз келеді. Өйткені бұл жерде тек Абайға арналған шағын ескерткіш емес, ірі монументальды кешен болатын көрінеді. Бұл Мәскеудің ежелгі көрінісіне нұқсан келтіретіні сөзсіз. Сондықтан да тұрғындардың қарсылығы орынды деп білемін. Тұрғындардың атынан Мәскеу мэрі Юрий Лушковқа және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да хат жолдадық. Тұрғындар пікірімен санасу керек қой. Егер белден басып бұл ескерткішті орнататын болса, кейін мұның соңы вандализмге ұрындыруы да мүмкін. Сөйтіп мұның соңы қазақ пен орыс ұлтының арасында реніш тудырмай ма? Сондай-ақ, Мәскеу қаласындағы Алматы көшесінің тұрғындары осы көшеде әдемі гүлзар бар екенін, сол жерге Абай ескерткішін қоюды сұраған үндеу де бар. Сол көшенің бойында Абай ескерткіші тұрса, оған мәскеуліктердің бәрі де риза болар еді.

Ал Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесшісі және баспасөз қызметінің басшысы Виктор Кияница Мәскеудегі "Чистый пруд" жеріндегі тұрғындардың Абай ескерткішін қоюға қарсы наразылық әрекет жасап жүргенін естіп, қатты таңданғанын айтады.

Міне, қазір Абай ескерткішін Мәскеуде орнатуға байланысты осы секілді кереғар пікірлер ақпарат құралдарында да көріне бастады. Әрине, Абай ескерткішін қою немесе қоймау, оны қай жерге орналастыру мәскеуліктердің өз шаруасы. Қалай дегенмен де, қай ел болсын, қай қала болсын, ескерткішті қойғанда жұртшылықтың талап-тілегіне мән беретіні сөзсіз. Осы тұрғыдан қарастырғанда Абай ескерткішін Мәскеуде орнату мәселесі толыққанды шешіле қойған жоқ деуге болады» (4, 6 б.).

Алайда, сол бәзбіреулердің әрекеттері Мәскеудің қалың жұртшылығы тарапынан қолдау таппағанын Абай ескерткішін орнатуды қуана құптаған сан мың адамның Абайға деген сүйіспеншілік рухы ұқтырғандай болды. «Комсомольская правда» газетінің тілшісі ескерткішті жасауға қазақ мүсіншісі Марат Әйнековпен, дизайнер Тимур Сүлейменовпен бірге Ресей сәулетшісі Вячеслав Романенко қатысқанынан хабардар болып, олардан сұхбат алып үлгерген екен. «Мәскеуліктер осы жерге Абай ескерткішін қоюға қарсы болуы сіздерге қалай әсер етті?» деген журналисттер сұрағына олар ешқандай әсер болмағанын, ескерткіш Мәскеу түбіндегі Жуковский атындағы арнайы сынақ комбинатында жасалғанын, оны жасауға мәскеуліктердің ыстық ықылас, күшті құлшыныс танытқанын айтып жауап беріпті.

Ескерткішті ашу рәсімінде Ресей Президенті В. Путин ұлы Абай Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың елуден астам шығармаларын аударғанын, қазақ пен орыс халықтарының рухани араласуына Абайдың еңбегі орасан зор екенін қадап айтқан кезде оны қостаған ду қол шапалақ саябақты керней түсті.

Президент Н. Назарбаев Абай туралы төгіле сөйлеп «Орыс тілін білсең, көкірек көзің ашылады»«Өнер де, білім, ғылым да орыста» дегендей ұлағатын мысалға келтіріп, Абайдың жүз жыл бұрын айтып кеткен кемеңгерлік сөздері бүгінгі таңда екі ел, екі халық арасында достық байланысты нығайта түсуде маңызы өте зор болып отырғанын, Қазақстанда Пушкинге ескерткіштер орнатылатынын, өзге де тағылымдық шаралар ұйымдастырылатынын білдірді (1).Сөйтіп, 2006 жыл Қазақстандығы Пушкин жылы, Ресейдегі Абай жылының ашылу салтанаты осындай елеулі оқиғадан басталып, ол бір ел емес, әлем классиктерін шетелге насихаттау бойынша басқа шаралармен жалғасты.

Сонымен, «Чистопрудный бульвар» саябағына орнатылған Абайдың ескерткішінің тарихы осындай. Қалай дегенмен де, ескерткіш орнатылды. Алайда, ескерткіш айналасындағы әңгімелер осымен шектелген жоқ. 2012 жылдың жазында тап осы жерде Ресейдің оппозиционер партиясының жиналысы ұйымдастырылыпты. Оған қатысушылардың бірі Алексей Навальный (ол ғаламторға жазған блогтарды саясатты белсенді түрде бақылайтын халық әруақытта оқиды) Абай ескерткішінің қасында отырыпты. Блогына: "Мен бір түсініксіз қазақтың қасында отырмын" деп жазады ол. Осыдан кейін А. Навальныйдың 200 мыңға жуық оқырманы Абайдың кім екенін білгісі келеді. Осы оқиға туралы ғаламторда орналастырылған ақпаратты оқиық: "Благодаря российскому оппозиционеру Алексею Навальному имя великого казахского поэта Абая Кунанбаева стало известно огромной армии пользователей микроблога "Твиттер". Несколько дней назад Навальный назначил встречу своим сторонникам у памятника Абаю на Чистых прудах в Москве. На своей странице в "Твиттере" он сделал запись, что его высадили "возле непонятного казаха".

А так как оппозиционера читают более 200 тысяч человек, все сразу заинтересовались, кто такой Абай. За короткое время хештег "Оккупай Абай" (по аналогии с известным протестным движением "Оккупируй Уолл-стрит" в США) оказался на третьем месте в мировых трендах. В российских тегах он сейчас занимает первое место" \5\.

Немесе: "Казахский поэт и просветитель XIX века Абай Кунанбаев стал главным символом протестных акций, продолжающихся в Москве. Неожиданная популярность Абая среди интернет-сообщества Москвы вызвана тем, что москвичи, протестующие против политики Владимира Путина, собираются именно около его памятника на Чистых прудах. Российские телеканалы, среди которых НТВ и

Дождь, посвятили несколько сюжетов Абаю Кунанбаеву и его роли в протестах оппозиции. В эфире телеканала "Дождь" например, говорится: "Оказалось, что несогласные неожиданно выбрали нужное место. Абай Кунанбаев, прославившийся в конце XIX века, сам был вольнодумцем и борцом с диктатурой власти. Весьма символично. Не зря вокруг этого памятника собираются оппозиционеры. Но что самое интересное – инициатива поставить памятник Абаю на Чистых прудах принадлежала властям и лично Владимиру Путину. Просто Нурсултан Назарбаев поставил в центре Астаны памятник Пушкину. России нужно было сделать алаверды. Вот Путин в 2006 году и выбрал Кунанбаева. Наверное, он даже и не подозревал, что мало кому известный казах когда-нибудь обернется против него". Ал енді осы мақалаға комментарий жазған халықты тыңдайық: "Оценки будет расставлять история. Тем, кто сделал правильный выбор поставят пятёрку. Тем, кто ошибся двойку. А те, кто предпочитал удовлетворительную роль, просто сгинут из памяти навеки. Тот же Абай не стоял в стороне, поэтому ему поставили памятник"

\6\. Көріп отырғанымыздай, осы оппозициялық отырыстан кейін Ресейдегі Абайдың танымалдығы артты. Алайда Абай өзінің қара сөздерінің бірінде қазақ мақалдарының ішіндегі кейбіреулерін сынға алған. Сондай мақалдардың бірі "Атың шықсың десең, жер өрте". Ол кезде Абай сол мақалдың өз ескерткішіне қатысты айтылатынын білген жоқ. Алайда бұл жерде Абайдың кінәсін шамалы немесе жоқ деуге болады. Мәселенің барлығы оның отандастық ғалымдармен керек деңгейде насихат талмай келгендігі шығар. Оның бір жағы Абай шығармаларын аудару мәселесіне де қатысты. Бұл сұрақ зерттеу жұмысымыздың келесі бөлімдерінде әлі де қарастырылады. Айта кететін тағы бір ақпар осы жылдың жазында (2012) Мәскеуде 1000 данадан тұратын Абай шығармаларының жинағы лезде сатылып кетті. Енді Абайды тек ғалымдар мен мәдениет тыңшылары ғана емес, қарапайым халық та таниды деген үміттеміз. Николай Анастасьев өзінің «Абай. Самғау салмағы» атты кітабында жоғарыда аталған ескерткішке қатысты өз ойын білдіріп: «Менің ойымша, күні бүгінге дейін Абайға арнап орнатылған ескерткіштердің ішіндегі ең тәуірі – Мәскеудің Чистые пруды мақаласында ғана орнатылған белгінің өзінде де... ие, деймін, бір жетімсіздік бар: ол – музаға қызмет етудегі Пушкиннің жанкештілігі, Моцарттың елгезектігі, Беранженің уыттылығы, Байрон Лермонтовтың тұнжырлығы; ал осының барлығына жазмыштықтың түйсігін қосқанда, ақынның алхимиясы болып шығады. Анатоль Франстың айтқанындай, Париждегі Құдай –ананың соборында пілдің ауырлығы мен көбелектің жеңілдігі бар» (3, 4-5).

1995 жылы Абайдың аты ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен шаралар қарсаңында Анкарадағы мектепке Абай аты беріліп, Стамбұл, Измир, Салихли қалаларындағы көшелерге де Абай аты берілді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Анастасьев Н. Абай. Самғау биігі. – Алматы: Аударма, 2010.
  2. Несіпбай А. Делиде көшесі бар ұлы Абайдың // Егемен Қазақстан, 2002, 13 ақпан, б. 1.
  3. Сәтбаева Ш.Қ. Бес томдық шығармалар жинағы. І том. Астана: Елорда, 2007.
  4. Боқаев Қ. Мәскеуліктер Абай ескерткішін орнатуға неге қарсы // Қазақ әдебиеті, 2006, 7 сәуір.
  5. http//m.tengrinew.kz/ru
  6. http//www.altyn-orda.kz/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.