Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықтық педагогика – тәрбие тірегі

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Қазіргі қоғам барған сайын күрделене түсуде. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Ал мұның бәрі тікелей ғылым, білім саласына байланысты. Сондықтан да білім беруді жетілдіру жөнінде маңызды реформалар, жаңа технологиялар пайда болуда. Ұзақ жылдар бойы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде өз халқымыздың педагогикалық аса бай мұраларын ұрпаққа беруді аңсаған едік. Жас жеткіншектерді халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық тәрбие ерекшеліктерін терең білуге, құрметтеуге үйретуге – міндеттіміз. Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық педагогикасында, ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесінде бала, ұрпақ, жастар арасындағы тәрбие мақсаттары жатыр. Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмірде, отбасында, тұрмыс-тіршілікте батырлық пен батылдыққа, әділдік пен адамдыққа, махаббат пен ізгілікке, инабаттылық пен имандылыққа үздіксіз тәрбиелеп отырған. Бұрын ата-әже тәрбиесіне көп көңіл бөлініп, баланы отбасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелеген.

«Қызың өссе, қызы жақсымен, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыю, бір үйден жыю» деген нақыл сөздер осының айғағы. «Қызыңды бөтен үйге қондырма, ұлыңды бөтен үйден тойдырма» деп, ортақ талап қойған. Мұнда ұлдың да, қыздың да ретсіз жүруінің, мезгілсіз қыдыруының жағымсыз екендігін ұқтырып отырған. «Үлкеннің алдын кеспе, бос шелекпен өтпе» деп баланы үлкендерді сыйлауға, жол беруге тәрбиелеген. Еңбекке, төзімділікке, ептілікке, шеберлікке, шыншылдыққа, ар-ұят, әдеп, үлкенді сыйлау секілді қасиеттерді үй ішілік қарым-қатынастарда, тұрмыста ұрпақ зердесіне сіңіре білген бабаларымыз. «Сіз – деген сыпайылық, біз – деген көмек»«сыйға – сый, сыраға – бал»«Жаным десе жан семірер» деген мақал-мәтелдер арқылы игілікті істерге бастаған. Халық педагогикасының имандылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелейтінін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Сондықтан балаларды кіндік қан тамған жерінің қасиетті тарихы мен мәдениеті және тілін, салт-дәстүрі, әдет-ғұрып ерекшеліктерімен таныстыра отырып, рухани жоғары деңгейде тәрбиелеу ұлы мақсаттардың бірі болмақ. Бұл үшін оқу-тәрбие сағаттарының маңызы ерекше. Қай заманда болсын есті де еңбексүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу парыз саналған. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, әділдікке үндеп отырған. Бұл ретте ғасырлар бойы сұрыпталып, әр түрлі сыннан өткен салт-дәстүрлерімізді педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде пайдаланамыз. Сол арқылы ұстаздық шығармашылықты жетілдіре түсеміз. Халық педагогикасы үнемі даму үстінде. Жаңылтпаштардың жаңа түрлері тек тіл ширатып қана қоймай, дүние танытады. Сөздік қорын молайтады, тәрбиелейді. Жаңылтпаштарды қайталай отырып, сөздік қорын дамытсақ, жұмбақ шешу арқылы ой-өрісін дамытамыз. Мұндай сабақтар көбінде қазақ тілінде, әдебиет сабақтарында жүзеге асады. Халықтың жиі қолданатын тәрбие құралдары мақал-мәтелдер, тыйым сөздерді тіл байлығын молайту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру мақсатында қолданамыз. Мысалы, Наурыз айы, түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз. Сәуір болса, күн күркірер, күн күркіресе көк дүркірер. Сәуір болмай, жауын болмас, жауын болмай, тәуір болмас. Міне халық даналығынан туған осындай мақал-мәтелдер бала танымына, қоршаған ортаны уақыт арқылы сезінуіне игі ықпал жасайды деп есептеймін. Ба-ланың сабаққа ынтасын арттырып, халық педагогикасын қолдана отырып, қызығушылығын тудыру үшін, сабақты түрлендіріп өткізу өз нәтижесін береді. Сабақта ұлттық «Көкпар»«Бәйге»«Орамал тастамақ»«Қоржын» т.б. ойындарды қолдана отырып ұлттық тәрбиенің негізін білім алушылар бойына сіңіру.

Халықтық педагогиканы қазақ тілі және әдебиет пәнінің әр сабағында жүйелі түрде кіргізіп оқытуға болады. Табиғаттағы, өнердегі әсемдікті түсінуге, эстетикалық талғамын дамытуға халықтық педагогиканың тәжірибесі өте бай. Баланы сергек сезімді, еңбексүйгіш азамат етіп тәрбиелеу ісін, оның жас ерекшелігін ескере отырып жүргізген жөн. «Ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бестен асқан соң, досыңдай бағала», – деген халық мәтелі баланы беске дейін еркін тәрбиелеудің, он беске дейін көмекшің деп қарауы, он бестен асқан соң, ақылшың деп санауды меңзейді. Ал, бұл ғылыми педагогикадағы баламен еркін сөйлесу, тең азамат санау, ашық сырласудың тәрбиелік мәнін қоштайтын ашық пікірлесу. Халық педагогикасында тәрбиелеу ісін баланың жас ерекшелігіне сай жүргізумен бірге, жеке бас ерекшелігін ескере отырып жүргізу қажет, барлық адамның мінез-құлқы, қабілеті бірдей емес. Олай болса, бала мінезін жете түсініп, өзгешелігін еске ала білу керек. Баланың тәрбиесі туған өскен ортаға, атаанаға, үлкендерге, олардың үлгісіне байланысты.

«Ұл ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге» – деу арқылы халқымыз ата-ананың, үлкендердің жас ұрпақ тәрбиелеудегі орнын көрсеткен. Қазақ халқы ұстаған қағидасын, түйген философиялық ойын жан-жақты қарастырып бір ауыз сөзге сыйғызып бере білген.

«Адамға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі ата-анадан, ұстазынан, құрбы-құрдасынан» – деп ойшыл Абай атамызда өте дұрыс айтқан. Осы пікірді халық педагогикасында: «Ұстазына қарай шәкірті»«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»«Аға-жаға, ұстаз-пана», – деген мақал-мәтелдер арқылы құптайды. Бірақ құрғақ өсиет, құнсыз уағыз арқылы емес, жеке бастың үлгісімен, тапқыр тәсілімен тәрбиелеу орынды. Халық педагогикасында мынау – ақыл-ой тетігі, мынау – эстетикалық тәрбие құралы дейтін жекеленген тәрбие құралы жоқ. Кез-келген тәрбие құралына талдау жасасақ, ақыл-ой, дене, еңбек, адамгершілік тәрбиелері іштей сабақтасып, араласып жатқанын көреміз. Әдептілік, сыпайылық, кішіпейілдік, мейірімділік, иман жүзділік қасиеттердің бәрі де ар-ұят, ұждан тазалығынан туындайды. Ар тазалығы өзгеге қиянат жасамауға, шыншыл болуға баулайды. Ұлттық табиғатымызға сай келмейтін педагогикадан гөрі халық педагогикасының маңызы зор. Халық педагогикасының негізгі мақсаты – өзінің бай тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты өнер-білім меңгеруге, еңбек етуге, ауыл-аймақтың, өз Отанның ар-намысын қорғауға, адамгершілік қасиеттерге баулу болып табылады. «Болашақ бүгіннен басталады» демекші, сол болашақтың адамдары қай жағаның болса да тамаша адам болуы тиіс. Олар әр жақты келісті адам болуы керек. Ол тек еңбекқор, адал, білімді, көп оқыған, ақылды болып қана қоймай, сонымен бірге тәрбиелі, көркем де әсем болуы қажет. Қазақ халқы әсемшіл халық, рухани мәдениет жасауды басты міндеттердің бірі деп санайтын халық. Сол үшін де өмірдің жарқын сипатын, сұлу-сипатын, моральдік қасиетін үнемі басшылыққа алу керек. Кез келген халықтың тәрбие беру ісінде өзіне тән ерекшелігі болатын секілді, қазақ халқының да сан ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі қалыптасқан. Жас ұрпаққа ізгі тәрбиелерді қалыптастыруда ғұлама ғалымдар, шешендер мен билер, ақын-жыраулар, сал-серілердің өзіндік сара жолдарының болғаны, олардың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой пікірлерін, өнегелі істері бүгінгі ұрпақтың рухани, мәдени жетілуіне саналы, білімді де мәдениетті тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізетіндігі даусыз. Бүгінгі адамның өмірі мен әрекетінде ұлттық эстетика тәрбие ар-намыссыз тіршілік етуге болмайтындығы шындық. Сондықтан жас ұрпақтың тәрбиесі ұлттық-халықтық педагогиканың қажеттігін туғызып, дамыту және қалыптастыру әлеуметтік сұранысқа айналуы қажет.

Қазақ халқының аса бай рухани мұраларының бірі – халық педагогикасы. Өкінішке орай, бұрынғы озбыр саясаттың арқасында көптеген жылдар бойы осы асыл мұраны жас ұрпақтың тәрбиесіне пайдалана алмадық. Соның нәтижесінде өзінің ана тілінен, дінінен, ата-баба салты, дәстүрлерінен кенде қалғандар санын көбейттік. Қазіргі тәуелсіздік жағдайында осы кемшіліктерден арылып, жас ұрпақтарымызды ғасырлар бойы жинаған гуманистік, демократиялық, киелі салттар мен дәстүрлер рухында тәрбиелеу қазіргі басты міндет. Қазақ халқының жас ұрпақтардың тарихи тағылымын әдет-ғұрпы, салт-санасы, жоралғы кәдесі бар. Қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіне арналған өте құнды, өте пайдалы-өсиеттер, мақал-мәтелдер, қағидалар мен пікірлер көп. Жас ұрпақтың тарихи тағылымын қалыптастыруды географиялық ортаның оның ішінде халқымыздың байырғы жер-су атауларының шығу, қойылуы, аталу себептерін білудің үлкен тәрбиелік мәні бар.

Адам баласы дүниеге келгеннен бастап тәрбиелеуді талап етеді. «Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» – дейді қазақ халқы. Жерге отырғызған жас көшетте өркен жайған жасыл ағаш болып, тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Адам да сол тәрізді. Олай болса, ұстамды, көргенді, парасатты, түп-түзу, жып-жинақы, әсем бейнелі адамға қараудың өзі тым жарасымды. Жастарымыздың үлгілі, ішкі-сыртқы адамгершілік, эстетикалық саналары биік дәрежеде болуына барлығымыздың да ат салыса қатысуымыз қажет. Орыс жазушысы А.П. Чеховтың мынандай тамаша сөзі бар:

«Адам бойын дағының бәрі де, бет әлпеті де, жан дүниесі де, ақыл ойы да, киім-кешегі де әдемі болуы керек». Сол үшін де өмірдің жарқын сипатын, сұлу сымбатын, қасиетін үнемі басшылыққа ала отырып, халықтық педагогикамыздың бай мұраларын ұрпақ тәрбиесіне пайдалануымыз өте қажет.

Халықтық педагогика – қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынастарындағы ең қымбат қазына дейтін болсақ, оқушыларға ұлтымыздың әдетғұрыптары мен салт-дәстүрлерін үйрету, оны оқушы ойына ұялату арқылы ізгілікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, өз салтдәстүрін құрмет тұтуға баулу – ұстаздардың басты мәселесі.

Бүгін де өзгелермен тереземіз теңесіп, өркениетті елдер қатарынан көрініп келе жатқан біз үшін ұлттық дәстүрімізді терең меңгеріп, ұлттық болмысымызды сақтап қалу өте қажет деп білемін. Сондықтан еліміздің болашағын тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздар үшін бұл ең басты міндет деп санап, өз сабағымда осы мәселеге баса назар аударуға тырысамын. Студенттердің санасына терең бойлату үшін күнделікті сабақта тиімді пайдаға асыра білу өте қажет. Мысалы, барлық сыныптарда халық ауыз әдебиеті тарауы беріледі, ал халық ауыз әдебиетін оқытудың өзі халықтық педагогика. Қазақ халқының тәлімдік мәні, ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Халқымыз өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан кезден қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де, жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де, мерген де болған. Кәсібі, тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан, бала 5-6 жасынан ат құлағында ойнай бастайды, бір естігенін қалтқысыз есте сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы небір қызық ертегілерді,жыр-дастандарды жаттап алатын болған. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардың сөйлеу корын байытып, мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра беретін. Халықтық шығармалар ішіндегі әр жақты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы ұйқастардың бәрі балаларды қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін шыңдап отырған. Сондықтан халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытуда тек оны оқытып, жаттатып, талдатып қана қоюға болмайды. Сол арқылы тәрбиелеу керек. Ата дәстүрімізді мақтан етіп, оқушы жүрегінде өзінің қазақ болып туғанына мақтаныш ететіндей сезімді оятуымыз қажет.

Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен басқа ақын-жазушылар шығармаларын оқытуда да халықтық педагогикаға соқпай өтуге болмас. Оқу пәнін, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халық шығармашылығының элементтерін пайдалану білім алушылардың адамгершілігін, жақсы мінез құлығын қалыптастыру құралы болып табылады.

Қазақ халқының ұлттық тәлім тәрбиесі мен мәдениеті талай халықтардың өкілдерін таң қалдырғаны тарихи жазбалардан белгілі. Ұлы саяхатшылар мен зерттеушілер қазақтың ежелгі тұрмыс тіршілігі, мәдениеті мен ауыз әдебиеті туралы, ер адамдар мен әйелдердің моральдік этикалық ерекшеліктері туралы, олардың тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы, әулеттегі, рудағы әлеуметтік орны туралы, ұлттық наным, сенім, әдет ғұрпы, мінезі, көшпенді өмір сүргеніне қарамастан салты мен дәстүрінің біртұтастығы, біртұтас тілде сөйлеуі, қолөнері мен бейнелеу өнерінің, ауыз әдебиеті және музыка өнерінің жалпы дала мәдениетінің таң қаларлық үлгілері туралы таңдай қаға айтып, баяндайды. Ендеше осындай ұлылықты, халқымыздың бай саралы да саналы дәстүрлерін еліміздің болашағы өзіміздің алдымызда отырған ұрпағымызға үйрету –ұстаз қауымының ең негізгі міндеті болып табылады.

Бүгінгі жастар ертеңгі болашақ. Сол болашағымыз халықтық педагогиканы бойын сіңірген бәсекеге қабілетті маман, әрі жеке тұлға болып қалыптасса ертеңіміз баянды болар. Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінде «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінен сабақ беремін. Әр сабақта халықтық педагогиканы кеңінен қолданамын. Тақырыпқа байланысты халықтық педагогиканы жоғарыда атап кеткен үлгілерін қолдану білім сапасын көтерумен қатар, тәрбиеге де әсер етеді.

Колледж студенттері болашақ маман иелері. Қоғамдық ортада, ұжымда өзін ұстай білуге, кәсіби этикетті сақтап, мәдениетті, әрі сыпайы қарым-қатынас жасауға, үйлесімді де, әдемі киінуге колледж қабырғасында тәрбиелейміз.

Студенттерімізді ұлттық тәрбиеге баулу тек сабақта ғана емес сынып сағатында, сыныптан тыс шараларда да жүзеге асады. «Қаржы»«Баспа өндірісі» мамандықтарында оқитын үшінші курстың топ жетекшісімін. Жоспар бойынша бекітілген сынып сағаттарын халықтық педагогикамен байланыстырып отырамын. Мысалы, «Жағымсыз әдеттерден арылуға бола ма?» сынып сағатында «Дені саудың жаны сау»«Денсаулық зор байлық» сияқты денсаулыққа, салауатты өмір салтына байланысты мақал-мәтелдерді, ақын-жазушыларымыздың өлең-жыр, шығармаларын тәрбиелік мақсатта қолданамын.«Әсемдік әлемі» сынып сағаты студенттерді әсемдікке, эстетикаға, жүріс-тұрыс мәдениетіне баулиды. Қазақ халқы әдемілікке, эстетикаға үлкен мән берген. Қолөнерден бастап, ауыз әдебиетін, ақын-жыраулар жырларын осы тақырыпқа арнаған.

Мен дәстүрлі сабақтармен қоса дәстүрлі емес, сыныптан тыс шараларды да халықтық педагогикамен тығыз байланыста өткіземін. Колледжде «Тілдер бірлестігінің» апталығы әр оқу жылында өтіп отырады. Бірлестік оқытушыларымен сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылады. Мысалы, Наурыз мейрамына байланысты ұлттық тәрбиеге толы «Қыз сыны» шарасын ұйымдастырсам, «Қош келдің, мерейлі әз Наурыз!» тақырыбындағы сынып сағатын өткіздім. Осындай шаралар халықтық педагогикамен тығыз байланыста. Бұл студенттер үшін танымдық та, тәрбиелік те жағынан маңызы зор.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Бурбаев Т. Ұлт мәдениеті. – Астана, 2010.
  2. Ғарифолла Е. Ұлттық өркениет және мәдени бағдар // Қазақстан: сындарлы жылдар және ғаламдық мәселелер. – Аматы: Қазақ университеті, 2003.
  3. Аққозин М. Қазақ мақал-мәтелдері. – Алматы: Қазақстан, 1990.
  4. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналдары. 2014 ж. № 1,2,3.
  5. Жанабилова А.К. Тіл дамыту жұмыстарының инновациялық технологиясы. – Алматы, 2009.
  6. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, 2015 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.