Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тоғызқұмалақ ойнының пайда болуы мен дамуы

Әлемнің түкпір-түкпірінде адамзаттың қолымен, ақыл-ойымен жасалған зияткерлік ойындар мыңдап саналады. Бірақ оны жүйелеген Д. Мюррей бар жоғы бес түрге бөліп қарастырады. Оның ішінде соңғы түріне африкалық калах, арабтың манкаласы және қозғалыс ойындары деп аталады және соған ұқсас тақта басында ойналатын қозғалыс ойындарының бірқатар түрлері кіреді. Қазіргі кездегі деректер бойынша аталған ойындардың алғашқы үлгілері осыдан 3,5 мың жыл бұрын Африка не Азия өңірлерінде пайда болған. Археологтардың қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған ойын тақтасы, шар типтес заттар осы уақыттың аралығын көрсетеді. Әсіресе, оның көне екендігін және дүние жүзіне танымал болғандығын Египет саркофагтарындағы, Афины храмдарындағы, көне керуен жолдарындағы тастарға салынған сурет, кескіндерден байқауға болады. Бірақ осы Калах ойынының танылуының қызғылықты тарихы бар.

1893 жылы Чикаго қаласындағы көрмелердің бірінде ежелгі кезде адамзаттың жартысы ойнаған, уақыт өте келе ұмытылып қалған зияткерлік бір ойынның ережелері жазылған тақташа ілінеді. Кейінірек осы ереже көпшілікке таныстырылуы үшін бір қатар америкалық журналдарда жарияланады. Осы басылымдардың бірі 1905 жылы Вильям Чемпионның қолына тиеді. Ойынның негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтары жас американдық азаматқа қатты ұнайды және жастық шағында ойынды дамытуға деген құлшынысы болғанымен, ниетіне әрекеті сәйкес келмейді. 1940 жылы кексе тартқан шағында ғана ойынды дамытуға құлшына кірісіп, ойынға керекті құрал-жабдықтарды ағаштан жасап, айналасын-дағыларға үйрете бастайды. Зияткерлік ойынға – Калах деп ат қояды (В. Чемпион Калахари елді мекенінде сол кезде де бұл ойынды ойнаушылар бар деп сенген) және көп ұзамай Америкадағы көпшілік ойнайтын қызықты ойындардың біріне айналады.

В. Чемпионның қарқынды жұмыстарынан кейін, оның қатарластары көбейіп, сол жерде түрлі үйірмелер ашылып, жарыстар ұйымдастырылады. Жарысты өткізудің коммерциялық нұсқалары жасалып, пайда табудың көзіне айналады. Сондықтан болар Калахты насихаттаумен және тақтасын жасаумен үлкен компаниялар айналысады.

Ойынды жетілдіру бағытында компьютерлік бағдарламалар жасалып, бірқатар уақыттардан кейін адамзат пен жасанды интеллект арасында жекпе-жектер ұйымдастырылады. Алғашқы бағдарлама үлгілері ойынның негізгі заңдылықтарын толығымен игере алмай, табиғи ақыл-ойдан жеңіліс тауып отырды. Бірақ уақыт өте келе техникалық сана өз құдіретін көрсетеді. Кезекті кездесулердің бірінде 1970 жылы адамзат ақыл-ойы Калах ойыны бойынша өткізілген жекпе-жекте компьютерлік бағдарламадан жеңіліс табады.

Қазіргі кезде калахтың көптеген елдерде қауымдастықтары бар. Интернетте ойынды үйретуге және насихаттауға сайттар ашылған, кейбір ұялы телефондарға бағдарламалық нұсқалары да енгізіліп, кез келген мезетте ойнауға болады. Яғни сапалы даму жолына түсіп, дүниежүзілік зияткерлік ойындардың қатарынан орын алған.

Ал осы қозғалыс ойындары санатындағы зияткерлік ойындардың бастау көздері қайдан басталатынын зиялылар, ойын тарихымен айналысып жүрген азаматтар біледі ме екен? Білмегендіктен соңғы кездері жарыққа шыққан еңбектерде бұл мәселе бір жақты көрсетілуде. Мысалы, «Домино, нарды, кости» кітабында: «Калах көптеген халықтарға таныс болған, әркім оны өзінше атаған және қосымша ережелер енгізген. Мысалы, қазақтарда калах – тоғызқұмалақ, Малак жартыаралында джонгок, ал Шығыс Африка елдерінде оуа деп аталады» – делінген. Ал шын мәнінде осы пікір дұрыс па? Егер тоғызқұмалақ ойынының пайда болуы қатарлас болса және ұлттық ойындағы кейбір негізгі ережелер Калахта жоқ болса, онда неге мысырлық ойын қозғалыс ойындарының түпкі тегіне саналуы тиіс. Міне, осындай ойындардың ерекшелігін және даму тарихын түсінбей жазылған түрлі еңбектерде тоғызқұмалақ өзінің лайықты бағасын ала алмай жүр.

Жоғарыда айтқанымыздай, калах ойыны көптеген ғасырлар бойы ұмытылып калып, XIX ғасырдың соңында ғана адамзат есіне түссе, ал, тоғызқұмалақ ұрпақтанұрпаққа ұмытылмай жетіп отырған. Ұлттық ойынның сақталып қалуында көшпенді бабаларымыздың ұрпақ тәрбиесіне деген жауапкершілігі, ауызша айту дәстүрі, жадының мықтылығымен қатар, тастан жасалған тақта үлгілерінің де маңызы болды деп ойлаймыз. Тас тақталардың жасалуы – Орхон-Енисей ескерткіштерін кейінгі ұрпағына жетсін деп әдейі балбал тастарға жазып қалдырған бабаларымыздың даналығы секілді биік мұраттардан туындаса керек. Уақыт та бұл шешімнің дұрыстығына көз жеткізіп отыр. Небір жаугершілік замандар өтсе де, жазба деректерде мәлімет қалмаса да уақыт сынына төтеп беріп, бүгінгі ұрпаққа жетті. Бірақ ойынның ережелері өзгеріске ұшырады, көне тақта үлгісі жаңа түрге ауысты, жадымыздан ойынның дүниетанымдық көріністері ұмытыла бастады.

Бірақ халық жадында сақталған нәрселер ұмытылмайды екен. Бірде ауыз әдебиеті үлгілері, бірде хатқа түскен дүниелер арқылы жарыққа шығады екен. Тек оны саралай алатын, қасиетін тани алатын таным қажет. Ал ондай ақыл-ой алыптары тәуелсіз санадан шықпақ. КСРО ыдырап, еліміз өз билігін өзіне алғаннан кейінгі кезеңде рухани өміріміздегі өзгерістер мәдениет пен өнер салаларының барлығына оң әсерін тигізіп, кезінде бұрмаланып, өзгеге телініп қарастырылған көптеген ұлттық жәдігерліктерді жаңадан саралауға жол ашылды. Рухани тұлғаларымыздың ел мәдениетін дамытудағы еңбегі бағаланып, тарихтың ақтаңдақ беттерін ашуға арналған ғылыми еңбектер шыға бастады. Бірақ түркілік өркениеттің қайталанбас үлгілерінің бірі – тоғызқұмалақ туралы әлі толымды, танымдық еңбектер жоқтың қасы. Бірқатар ғылыми еңбектер шыққанымен әлі күнге дейін оның негізгі мәні ашылмай келуде. Сондықтан осы әдістемелік нұсқауда ұлттық ойынның бұрын қарастырылмаған дүниетанымдық қырларымен қатар, ойынның теориялық негіздерінің нақтылы мысалдарын арқылы көрсетіп көрейік.

Тоғызқұмалақ қазақтың ұлттық ойыны. Бірақ тоғызқұмалақ ойынымыздың аты қалай қойылған? Қашан пайда болған? Қайдан шыққан? Кім ойлап тапқан? Әуелі қай халықтар ойнаған деген сұрақтарға дәл былай деп айта қояр ғылыми дәлел мен терең талданып, жете зерттелген мағлұматтарымыз (тың пікірлеріміз) жоқ. Кейінгі жылдары осы сұрақтарға жауап беру үшін спорт тарихын, соның ішінде тоғызқұмалақ ойынының тарихын зерттеушілер нақтылы деректер іздестіре бастады.

Тоғызқұмалақты зерттеушілер нақтылы мағлұматтарды біріншіден, ел аузында жүрген әнгіме сөздерден яғни ауыз әдебиетінен және салт-дәстүрімізден іздесе, екіншіден, археологиялық яғни жер қойнының қазба жұмыстарынан табылған заттар мен этнографикалық дүние бұйымдарға барынша назар аударып көзбен көріп көңілге тоқуы керек.

Тоғызқұмалақ күрделі сөз: тоғыз және құмалақ. Тоғыз сан. Өзгешелігі тақтығы. Көбейтілуі немесе бөлінуі үштік. Дегенмен оның өзінен аз сандардан айырмашылығы бар. Мәселе екі жіп есіледі, үш жіп өріледі, ал тоғыз жіп тоқылады. Сондықтан соңғысы жұртқа мәлім, кезінде ой өнері мен қол өнері үшін күрделі сан болып есептелді. Уақыт есебінде де тоғыз санының орны өзгеше. Он екі жылдық Азия халықтарына тән мүшелдік жылдардың, яғни жыл есептеудің (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз) тоғызыншысы мешін жылы. Бір ғажабы сол – мешін жылдарының бәрі он екіге бөлінеді. Мәселен, 1956, 1968, 1980, 1990, ... бәрі 12 санына бөлінеді. Қариялар қазірдің өзінде де жыл қайырғанда (былайша айтқанда қанша жасқа келгеніңді білгісі келсе) сол мешін жылына бағдар ұстап отырады. Мәселен, орта жасар кісі, туған жылым ит десе. Жыл қайырушы адам ішінен. Мешіннен – мешін төрт мешін 48+ тауық+ ит =50 жаста екенсіз ғой балам дейді. Үлкен кісілер, әңгіме, өсиет айтқан кезде: “Е, балам білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз” деп ақыл айтып, түйінді тоқтамға келеді. Кең байтақ даламызда көп жолдардың бір-бірімен түйіскен жерін тоғыз жолдың торабы немесе тоғыз торау деп атаймыз.

Кезінде аты алты алашқа тараған Ықылас Дүкенұлының есімін шартарапқа жайған күйі: “Тоғыз торау – Кертолғау” деп аталады. Күйге арқау болған оқиға баяғы «Ақ табан шұбырынды» заманымен жалғас жәйт. Бір ашаршылықта ел тозып, балапан басымен, тұрымтай тұсымен кетеді. Зарлы заман өзіне тән әні мен күйін шығарды. Тоғыз торауға қоныстанған халық бұл жолы мұң-зарын былайша төгеді:

Тоғыз торау, кер толғау, Бәріңе болды мол толғау Шұбырынды ақ табан Алқакөл ұзақ жол болдыау...

Қысқашалауы “Кертолғау” деп аталатын бұл күйді тыңдаған адамның “көкірегі көз жасымен көл болып” отырады екен дейді қариялар. Одан соң “Тоғыз қойдың терісі бір тондық”, “Тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық”, “Тоғыз інген боталап”, “Тоғыз бие құлындап” (т.с.с.) дейміз.

“Ақыл-ойдың нағыз қайнар көзі, тоқсан тараулы тоғызқұмалақ өнері туралы әр жерде тоғыз оянып, тоқсан толғанып түйген маржан ойларымды көпшілікке жеткізуді жөн көрдім” – деп жазады өзінің “Тағылымы мол мұра” (спорт газеті 13.04.99 ж.) атты мақаласында Шымкенттік Қадырбек Сапарбаев. “Тоғыз саны киелі сан. Оның мәні ықылым заманнан көшпен-

ділердің Тұран деген елі Иранмен қанаттас өмір сүріп, Қытайдың ақ қорғанынан Балқаш түбегіне дейінгі кең байтақ елге иелік еткен ежелгі көк түріктердің “Көк бөрісінен” өрбіген, Шыңғыс хан да қолбасшы батырларына “тоғыс сирақты ақ байрақты” қолдарына беріп жорыққа аттандырады екен. Түрік халықтарының қыз ұзатып, келін түсіргенде екі арада жүретін аралас-құралас құдалық жоралғылары тоғыздық дүниелер арқылы атқарылған. Тұрмысқа шыққан жас келіншек те өз құрсағында пайда болған нәрестесін тоғыз ай, тоғыз күн сақтайды екен. Алланың құдіретімен жаратылған адамдар мен көптеген жан-жануарлардың да бойында өмір сүруге қажетті тоғыз тесігі болады екен. Бұл керемет құбылыста тоғыз санының қасиетін аша түскендей. Ал, енді біздің Күн жүйесіндегі кеңістікте бір жазықтықта әртүрлі тоғыз планеталардың айналып жүргені әлімсақтан белгілі жай.

Кейінгі кезде баспа бетінде жарияланған статьяларда: “Тоғызқұмалақ ойынын тұңғыш рет орта ғасырда қойшылар ойнап шығарыпты (бір байдың Аманжол және Жайлаубай атты қойшылары). Олар жерді қазып алып, жүрелеп немесе молдас құрып отырып ойнай береді екен, ойынның қызығына түсіп кетіп, қойларын қасқырға қырғызып алады екен .

Бертін келе ойын халық арасына кеңінен тарап, қалың бұқараның мәдени қажетіне айналыпты. Мұны кейде қойшының “алгебрасы” дейді екен” – деген жорамал – топшылаулар айтылғанымен, ол әлі зерттелмеген мәселе.

Қызылордалық Иманбаев Е.Ә. (ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қ.Р. білім беру ісінің үздігі, Қызылорда облысының аға жаттықтырушысы) өзінің “Тоғыз-құмалақ – II халықаралық сайыс” атты кі-тапшасының “Әріден әліппеге дейін” тақырыбында “Тағы бір көңіл аударатын нәрсе. Тоғызқұмалақ ойын атауы, ол “162” құмалақ па әлде тас па? Бұл жөнінде біз мынадай пікір білдіргіміз келеді:

Қазақта мынадай мәтел бар. “Баланың еңбегі тілі тас деген сөзге келгенде қатаяды”, деген. Мұның өзі адамның санасы өзінің тастан (жерден, топырақтан) жаратылғанын білгенде қатаяды деген мағынаға келеді. Яғни отаудағы құмалақты тас деу ойынның логикалық құрылымын байытатындай” десе, “Әліппеден өзімізге дейін” тақырыбында “Ұлы Абай тоғызқұмалақ ойынын аса құштарлықпен ойнағанын халық біледі. Мен Жидебайға барғанымда бір ақсақалдан мынадай әңгіме естіп едім. Абай өзі ұтылса: “Тақтай бағып ойын қуған қу ұтады”, ал өзі ұтса: “Ми ұтады” – деп қасындағыларды күлдіріп отырады екен. Осы “Ми ұтады” – да үлкен тұжырым бар дейсің. Бүкіл болмысымыздың патшасы – Ми. Ал ойында Ми ұтса онда тоғызқұмалақ мидың добы болғаны да. Сонымен бізбенсіз ми добын үйреніп, үйретіп, ойнай жүр екенбіз”, деп, бабалардан мирас болып қалған, әрі нағыз халық ойыны ретінде сан ғасырлар бой өзінің жұртты баурап алатын қасиетін сақтап қалған ойынымыздың “атына” тосырқай қарайды. Ал, енді тоғызқұмалақ ойынының тарихын зерттеу жолының бір саласы археологиялық және этнографиялық зат бұйымдарға зер салып сүйенетін болсақ. 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында, осыдан 2500 жыл бұрын халық мекендеген жайларға қазба жұмысын жүргізгенде, ол жерден әртүрлі тастан жасалған шариктер табылды. Ғалымдар бұл шариктерге зер салып зерттегеннен кейін, шариктер тоғызқұмалақ ойынына әдейілеп істелген деп тапты.

1983 жылы Қазақстан баспасынан жарық көрген “Бәйгеден олимпиадаға шейін” (орыс тілінде шыққан) деген монографиялы кітабында ғалым Мұратқан Тәнекеев былай дейді: “ Тоғызқұмалақ ойынының даму тарихы өзінше қызық, бұл туралы орыс және шетел ғалымдары еңбектерінен оқып жүрміз. 1906 жылы орыс этнографы Н. Пантусов бірінші рет ойынымыздың теориялық жағына “анализталдау” жасап берді. Осы анализге сүйене отырып 1936 жылы атақты қазақ ғалымы С. Аманжолов бүгінгі жарыстарда ойналып жүрген жеңіл ойнау (түсінік: бір ойыншының ойын барысында өз жүрісімен “тұздық” алатын болса, артынша екінші ойыншы өз жүрісімен “тұздық” алуына болады) тәртібімен таныстырып кетті. Кейбір деректерге сүйенсек тоғызқұмалақ ойыны осыдан 8 мың жыл бұрын пайда болып, осы уақытқа дейін ұмытылмай келеді” – деп ойын тоғарады.

Бәлкім солай болған шығар. Әлемнің әр түкпірінде өмір сүретін әр алуан халықтың өз ұлттық ойындары болғаны мәлім. Солардың осы біз өмір сүріп жатқан заманымызға жеткен “оймен ойлау” ойындарының бес түрі бар. Шахмат, шашка, вейцы, нарды және манкала. Осы ойындардың да әр халыққа тән өз өзгешеліктері мен ойналатын түрлері де бар. Мәселен Бирманың, Қытайдың, Жапонияның шахматтары, шашканың орыс халқы ойнайтын және халқаралық түрлері. Біздің тоғызқұмалақ ойнымызды орыс ғалымы А. Аникеич Африка халықтарының арасында кең тараған “Манкала” деп аталатын ойынның бір түрі болуы мүмкін деп жорамалдайды. Міне, осы ойындардың шығу тарихын дөп басып айта алатындар сирек әрі бұл заңды да.

Ойын тақтасы мен ережесі туралы бірер сөз айтсақ.Шахмат терминдерінің дені шетелдік. Бірқатары ұлт тілдеріне аударылған: піл, ат, король, пешка. Ал, тоғызқұмалақ терминдерінің барлығы қазақша. Бұған тақта бетіндегі тоғыз отаудың атаулары жақсы мысал: арт, тектұрмас, атөтпес, атсыратар, бел, белбасар, қандықақпан, көкмойын, маңдайбәрі тоғыз. Оныншы қазаны яғни ордасы. Қарсылас жақтікі де солай. Қазақ атқа мінгенде үзеңгіге сол аяғын салып, оң аяғын ердің оң жағына асырып түседі. Былайша айтқанда оңына бақыт ұстайды. Сол секілді тоғызқұмалақшылар да құмалағын жүріс кезінде оң жағындағы отауларға салып отырады. Сонымен тақтаның сол жағында тоғыз отау болады. Екінші жағында да соншалықты. Әр отауға тоғыз құмалақтан салынады. Ойын бәсекесіне түскендердің, демек 81ден құмалағы бар.

Ойынның шарты не? Шарт мынау: ойын басталған кезде қазанына 82 немесе одан да көп құмалақ жинаған адам жеңімпаз атанады. Ал қалай ұтуға болады. Жүріс кезегін бірінші болып алған адам, өз қалауы бойынша, өз отауларының біріндегі айтайық тектұрмастан, (екінші отау, солдан оңға қарай санағанда) тоғыз құмалақты уыстап алып оның біреуін орнына қалдырады да сегізін оң жағындағы отауларға біртіндеп тастап шығады.

Соңғы құмалақ қарсылас жақтың бірінші отауына, артына барып түседі. Сөйтіп, ондағы тоғыз құмалақты он (10) яғни жұп етеді де, бұл құмалақтарды өз қазанына салып алады. Өз кезегінде екінші жақ та осындай жүріп қарсыласының тектұрмасындағы тоғыз құмалақты ол да алуға тырысады. Әңгіме әзірше бір ғана жүріс туралы болды. Айтайық, бір жүрісте екі жақта он құмалақтан жиырмасын алды. Келесі жүрісте қарсы жақ отауларын сонша көп жаулатып алмау үшін олар өз жүрісімен отауларды “жұп” етіп жауып отыруға тырысады. Ең болмағанда өз құмалағын аз беруді, қарсыласының құмалағын көп жеуді ойластырады. Былайша айтқанда қорғанысқа шығады. Дәл осы жерде тоғызқұмалақты шахмат ойынының құрамдас үш бөлігімен салыстырып кетудің реті келіп тұр. Шахмат ойынының алғашқы бесжеті жүрісі дебют яғни бастамасы деп аталады. Одан кейінгі миттельшпиль (орта шені), соңғысы эндшпилі (аяқ шені) түрінде болып келеді. Тоғызқұмалақ та сондай. Оның алғашқысы аршынды, одан кейінгісі орта белді, соңғысы атсырау деп аталады. Неге бұлай? Мәселен мынада: бастапқы кезде отауларда құмалақ көп болу себепті аршынды алымдар жасауға болады. Алымдар, берімдер көбейеді. Ойынның орта шенінде отаулардағы құмалақ, саны әрқилы болып кетеді. Он ойланып, тоғыз толғануға тура келеді. Ойын соңында құмалақ өте азайып, кейбір отаулар тіпті бос қалады. “Жаяу қалған” ойыншы міне осында атсырайды. Шахмат пен дойбыда ферзіге, биге шығу дегеніміз бар. Мұндай артықшылықтан тоғызқұмалақ та құр алақан емес. Ол “тұздық” кейде “тұздый” деп аталады. Тұздық қалай алынады? Ойын барысында қарсы жақ отауларының бірінде немесе екеу үшеуінде екі құмалақтан жатуы мүмкін. Жүріс алған адам сол қос қүмалақты отауға өзінің соңғы құмалағын жеткізіп түсірсе, онда ол “тұздық” алғаны. Бұдан былайғы жерде сол отауға түскен құмалақтың бәрі алушының иелігіне (қазанына) көшеді.

Кейде “тұздый” деуіміздің себебі ойынымыздың ескі заманнан бері келе жатқандығын байқаймыз. Орхон жазуларының мәліметтері бойынша бұдан 13 ғасыр бұрын к,қ,ғ әріптері орнына “и” қолданылған екен.

Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән ерекшелігі – бұл нағыз математикалық есеп ойыныОлай деуіміздің себебі ойын тәртібін үйреніп алғаннан кейін жас та, кәрі де қызығып ойнайтын тоғызқұмалақ ойынының барысында тақта үстіндегі тартыстың сырын (күрделі позицияны есептеу) алдын ала біліп отыру үшін ойыншыға математикалық төрт амалды жетік біліп, сәт сайын қолданып отыруға тура келеді.

Демек, “Тоғызқұмалақ” – үлкендерді былай қойғанда, жас жеткіншектерге спорт әліппесін үйретумен қатар, олардың ойөрісін, сана сезімін дамытуға, оқу үлгерімін жақсарта түсуге өзіндік септігін тигізеді.

Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Түркі халықтарының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынына осы ойынның өзі де дәлел бола алады. Жасөспірімнің дене күшінің мол болуымен қатар, ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан.

«Тоғызқұмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан спорт ойындарының бірі. Бұл ойынды қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар да ойнайды» – дейді зерттеуші Т. Сұлтанбеков. Сонымен қатар Түркия, Түркіменстан, Өзбекстанның кейбір аудандарында ұлттық ойынның ойналатыны туралы мәліметтер бар. Бірақ осы аталған елдерде ойынның атауында кейбір өзгешеліктер кездеседі. Мәселен, тоғызқұмалақты қырғыздар – «тогузкоргоол» десе, Ақтеңіз жағалауындағы кейбір көшпелі түрік тайпалары – «тогузташ» деп атайды екен. Сөз тіркесінің алғашқы сыңарында кейбір дыбыстық ерекшеліктер болмаса жалпыға түсінікті екені белгілі. Ал «коргоол» – монғол тілінде «құмалақ» деген сөзді білдіреді.

«Таш» сөзі – тас деген мағынаны айқындауымен қатар, ойынға жүріс жасау құралы ретінде қатынасы бар. Бұл атаулардан не байқалады? Және де тоғызқұмалақтың мыңдаған жылдық тарихы бар көне ойын екендігін ескере отырып, түркі халықтарының шығу тегінің бір болғандығын және тек қана осы түркі дүниесінде сақталу ерекшелігін қарастыра отырып, ойынның осы халықтарға ортақ атауы болмады ма? – деп, ойға да қаласың.

Түркі тілдерінде әр сөздің негізгі мағынасымен қатар, астарлы, тұспалды мағынасы да болады. Бүгінгі күнге дейін жарық көрген бірқатар еңбектерде «тоғызқұмалақ» атауын оның екінші сыңарына байланысты заттық, тұрмыстық негізде түсіндіру – оның құндылығы мен қасиетін өз дәрежесінде таныта алмай отыр. Яғни құмалақты – қойдың нәжісі деп, тоғызқұмалаққа «қойшылар ойыны» деген қарабайыр тіркесті жамау – ұлттық ойынның мәнін өз дәрежесінде көрсетпейді. Сөз өнерінің қуатын жетік түсінген бабаларымыз ұрпағының зерделі ойлы болуы үшін де көп тер төккен. Кез келген өнер туындысы болсын, ақыл-ой шығармашылығының жемісі болсын оның атауына да ерекше мән берген.

«Құмалақтың не сегіз, не жеті немесе он бір, он үш болмай дәл тоғыз болу себебі кездейсоқ емес. Қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілінде көп кездесетін сандардың бірі – тоғыз (Мысалы, «тоғыз жолдың торабы»«тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық»«тоғыз інген боталап, тоғыз інген құлындап»). Тоғызқұмалақ ойынының атауы осылайша пайда болды ма? Әлде, тоғыз санының өзіндік арифметикалық ерекшелігі бар ма? – деген болжамдар да бар. Әрине, оның бәрі де көп зерттеуді талап етеді. Біздіңше бұл ойын есеп ойыны болғандықтан, оның аты қалай болса солай қойыла салмауы тиіс», – дейді Т. Сұлтанбеков.

«Тоғыз» саны ежелгі түркілерде көптік мағынаға ие болған. Бабаларымыз осы санды шексіздік қасиеті бар сан деп түсінген. «Тоғыз жолдың торабы» деген тіркес нақты тоғыз жолды емес, көп жолдың тіркесуін бейнелейді. Тоғыз санына байланысты шыққан басқа тіркестерге де осы сипат тән. Ал «құмалақ» сөзі ойынның қойшылар арасында белгілі бір кезеңдерде кеңінен таралып, насихатталуына байланысты сақталып қалса керек. Ілкі тектеріміз тақта отауларына құмалақ салып ойнағанға дейін түрлі жеміс-жидектердің дәндері, сүйек, уақ тастармен және т.б. заттармен де ойнауы мүмкін. Ақтеңіз жағалауындағы көшпелі тайпаларда тасқа байланысты атаулардың жадыда қалуы осыған айғақ. Ал «коргоол» сөзінің қырғыз тілінде ұшырасуы – монғолдардың көптеген жылдар бойы қазіргі Қырғызстан аймағына үстемдік жасауынан қалған тілдік ерекшелік болса керек.

Құмалақтың бір қасиеті – оның қозғалысқа бейімділігінде. Оны түртіп қалғанда жылжиды, яғни қозғалады, қозғалысқа түседі. Демек «құмалақ» – қозғалыстың символы. Сондықтан «тоғызқұмалақ» сөзінің беретін мағынасын қарастырғанда көшпенді дүниетаным мәселелерін естен шығармау керек. Осыған сәйкес бұл тұжырымға сүйенсек, тоғызкұмалақты «шексіз қозғалыс» ойыны деп қарастырған жөн болмақ. Өйткені осы ойындағы 162 құмалақтың ерсілі-қарсылы қозғалыстары өте көп. Шынында да сол шексіз қозғалыстардың тақтадағы түрліше өзгерістерін жадында сақтай алатын, логикасы мықты, қиялы жүйрік адам ғана тоғызқұмалақ ойынымен тереңдеп айналыса алады. Егер осы тұжырымға сүйене отырып, тоғызқұмалақты «шексіз қозғалыс» ойыны – деп қарастырар болсақ, онда ойынның төл тума болмысын, тарихи дүниетанымдық мәнін өз дәрежесінде аша аламыз ба?

Жоғарыдағы калах ойынында – 2 қазан, 12 отау, 72 құмалақ бар. Ойынның басты мақсаты – қарсыластардың бірінің өз отауларындағы кұмалактары арқылы – 37 құмалақ ұтуы болып табылады. Бір ерекшелігі бұл ойындағы калах деген сөз – қазан деген мағынаны білдіреді. Яғни «калах» немесе «манкала» – ұтып алынған құмалақтар салынатын орынның атауы. Біздегі – қазан немесе көнедегі – орда. 1936 жылғы «Тоғызқұмалақ» кітапшасында С. Аманжолов құмалақтарды ұтып алып жинайтын жерді осы екі атаумен де атаған. Мысалы, «18 отаудың ортасын ала біріменбірінің арасы 8 см, жерде 2 үлкен шұңқыр болады, әрқайсысының кеңдігі 8 см, тереңдігі 2 см болады. Бұл шұңқырларды – «Орда» немесе «Қазан» – дейді.

Енді бір жағдайларда шетелдік бірқатар қозғалыс ойындарының атауы – сол жерлерді мекендеген халықтардың тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты өзгеріске ұшырап отырған. Мысалы, Нигерияда отауларға Ади өсімдігінің дәндерін салып ойнағандықтан, ойынның атауын «Ади» деп атаған. Бұл жері қазақтың тоғызқұмалақ ойынының атына ұқсайды.

Бірақ бабаларымыз тоғызқұмалақты үнемі құмалақпен ойнамаған, ол тек жеке бір ойнаушылардың (қойшылардың) мәжбүрлігінен ғана туындаған. Ал халықтың басқа зиялы өкілдері сүйектен, ағаштан жасалған домалақ заттармен, жемістің дәндерімен ойнаған. Құмалақтың өзімен ойнағанның өзінде оны жүріс жасау кезінде басқаша атаған. Мәселен, С.Аманжолов: «Айтылған 18 отаудың іштерінде ойын басталмас бұрын тоғыз тоғызданқұмалақ болады (барлығы – 162), олар жүріс үстінде атдеп аталады» – дейді. Ал Т. Сұлтанбеков: «Тоғызқұмалақ ойынында атпен байланысты екі атаубар. Бұл атаулардың кіру себебі – тоғызқұмалақ ойынының қазақтың өмірімен іштей біте қайнасып жатқандығын дәлелдейді. «Ат» деп ойынның барысында жүрілетін құмалақтарды айтады. Мәселен, бір отауда сегіз құмалақ жатыр делік. Оның арты, яғни соңғы құмалақтың түсетін жері – әлгі отаудан солдан оңға карай санағанда сегізінші отауда жатыр. Сонда ойыншы: сегізінші отауға менің құмалағым жетіп тұрдеудің орнына «атым жетіп тұр» немесе ойынның ретіне қарай «сенің бел басарыңа жететін менде ат жоқ», «сеніңатың” менің «байыма» жығылып жатыр немесе «байға»жетем десең ат жина деп сөйлейді. Ерте кезде қазақ халқы алыс жолдарға сапар шеккенде қосағына ат алып жүретін болған немесе айшылық сапарға шығарда әрбір бекет сайын ат ауыстырып мінетін болған. Тоғызқұмалақ ойынында да осыған ұқсас жайлар кездеседі. Мәселен, бір отауда жиналған «байды» «шауып алу» үшін, ойыншыға кәдімгідейақ ат жинау керек. Ол аттарды «байға» жеткенше әрбір отауға бір-бірден тастап отырасыз (бекетке қалдырған тәрізді). Сонда соңғы атыңыз байға жетіп, «бай» алым болса, сіз«олжаға» қарық болып қалған болар едіңіз» – дейді.

Қысқасы, тақта басында ойналатын ұлттық ақыл-ой өнерін «Тоғызқұмалақ – шексіз қозғалыс ойыны» дегеннен гөрі, «Орда – ат жинау немесе қор жинау ойыны» – деп қарастырған орынды. Яғни шексіз қозғалыстың өзі белгілі бір заңдылыққа бағынуы тиіс. Ал заңдылық түрлі қозғалыстарға ақыл-ой арқылы ықпал етіп, белгілі бір мекенге орналастыру ойын ережесінен шығады және ойынның мақсатына сай келіп, нақтылы мәнін таныта алуы тиіс.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Тілеубаев С.Бизақов С. Тоғызқұмалақ әліппесі. – Алматы: «Мектеп», 2000. – 223 б.
  2. Ақшораев Ә.Жүнісбаев Н. Тоғызқұмалақ. – Алматы: «Мектеп», 1980. – 251 б.
  3. Тілеубаев С.Жақапбаева А. Тоғызқұмалақ нұсқалары. – Алматы: «Мектеп», 2000. – 104 б.
  4. Иманбаев Е.Ә. Тоғызқұмалақ – халықаралық сайыс. – Алматы: «Қазақстан», 1977. – 40 б.
  5. Ақшораев Ә. Тоғызқұмалақ. – Алматы: «Жалын», 1983. – 59 б.
  6. Жалымбетов Ө. Айгөлек. – Алматы: «Қазақстан», 1975. – 34 б.
  7. Балғамбаев М. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. – Алматы: «Мектеп», 1985. – 234 б.
  8. Төтенаев А.Г. Қазақтың ұлттық ырықты және спорттық ойындары. – Алматы: «Мектеп», 1995. – 83 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.