«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңның 70 – бабы бойынша жұмыс беруші заңға, жеке еңбек келісімшартына, ұжымдық келісімшартқа сәйкес қызметкердің еңбекақысын төлеуге міндетті.
Жұмысшының еңбекақысы орындалған жұмыстың сапасы мен санына, ауырлығына байланысты анықталады.
Еңбекақының формалары мен жүйелері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 15.05.2000 ж. № 111п «Қызметкерлерге еңбекақы төлеу мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныс» Бұйрығында белгіленген және жұмысшыларға еңбекақы есептеудің әр түрлі тәсілін анықтайды. Олар өндіріс жағдайы мен жұмыс жасайтын жеке құрам категориясына байланысты, яғни Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылдың 16 – шы қаңтарында тіркелген № 244 тіркелімі және Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық агенттігінің 1996 жылдың 19 – шы желтоқсандағы №50 қаулысында бекітілген жалданып жұмыс жасаушылардың сан және еңбекақы статистикасы бойынша Нұсқаулықтың 5 бөліміне сәйкес жұмысшылар және қызметкерлер болып екі топқа бөлінеді.
Қызметкерлер тобы мына категорияларға бөлінеді: басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер тобына жататындар.
Кәсіпорындардағы шаруашылық етуші субъект еңбекақы жүйесін дербес таңдайды. Ұйымдардағы еңбекақы жүйесі ұжымдық келісімшартпен немесе жұмыс берушінің актісімен анықталады.
Кәсіпорындағы еңбек ақыны төлеу саясаты басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.
Еңбекақы бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.
Жұмыс күші бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қаблетің қалпына келтіруге жәрдемдесерің заттардың жинақ құны.
Еңбекақы төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.
Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінің, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.
Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның кетектің шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нысаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.
Еңбекақының жүйелері және нысандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсететін, сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбекақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар.
Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:
- мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
- еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;
- қызметкердің кесірісіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;
- сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.
Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:
- демалыс уақыттарына ақы төлеу;
- мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;
- кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
- жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.
Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының қалыпты жұмыс жасауына ықпал жасайтын келесідей міндеттер алға қойылуы тиіс:
- қызметкерлер қорықпай пікірін айтуда қолайлы климатты қалыптастыру;
- проблемаларды анықтап, шиеленіс туындаған жағдайда оны шешуде шараларды бағыттау;
- ішкі коммуникациялық қызметті жетілдіру;
- еңбек бойынша мәліметтер базасын жедел жаңарту;
- ынтымақтастықты күшейтуде атмосфераны жақсарту;
- еңбекті ұйымдастырумен басқаруды жетілдіру бағыттарын анықтау;
- кәсіпорынның жетістіктерге қол жеткізгендігін сезінуге персоналды тарту;
- кәсіпорынның бөлімшелері мен бөлімдеріндегі инновациялық климат пен еңбек атмосферасын салыстыру.
Осы міндеттерді анықтауда кәсіпорынның ішінде зерттеу сауалнамаларын жүргізу қажет. Сұрау еңбек ресурстарын пайдаланудағы қажеттіліктерді қорқыныш, жасырын проблемаларды айқындауға мүмкіндік береді. Нақты шындықты айқындауда бөлімшелерде жұмысшыларға жылына 3 рет зерттеу жүргізілген, нәтиже беретіні анық. Менеджмент пікірінше коллективпен кері байланысты орнатуға мүмкіндік туындайды. 2001 жылдың қаңтардың 1-ші жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасында «Халықты жұмыспен қамтамасыз ету» туралы заң шықты. Экономист ғалымдардың пікірінше еңбек нарығын реттеудің қысқаша мазмұны нормативтік заң шығаратын актілер арқылы қарастыруға болады. Ол экономика, заң, әлеуметтік және психологиялық факторларды көрсетеді. Жалпы қызметкерлерді жұмыспен қамтамсыз ету механизмін әр елде әр түрлі деңгейде жүргізілуде. Халықты жұмыспен қамтуды жақсартудың бірнеше бағыттары бар. Олардың әрқайсысы экономикалық механизмдердің кәсіпорын, аймақ және республика деңгейінде үлестіруді қажет етеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасында жұмыссыздық деңгейі 2010 жылы 3%, жұмысыздар 2011 жылы 192332 мың адам болса, өткен жылмен салыстырғанда 265691 мың адам, яғни 73369 адамға кеміген 2011 жылғы көрсеткіш бойынша экономикалық тұрғыда белсенді халықтың саны 7,4 млн. адам болды. Республиканың экономикасында 6,7 млн. адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен аймен салыстырғанда 96,6 мың адамға көп. Ал, жалдамалы қызметкерлер саны 4 млн. адамнан жоғары өсімі 81,4 % құраған мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда байқалады. Ондағы 12,4% жеке тұлғалар, 6,2% шаруа қожалықтары жатады. Жұмыссыздар саны 667,2 млн мың адам. Бұл өткен аймен салыстырғанда 9,3 мың адамға кем, яғни 1,4% кем. Жұмыссыздық деңгейі 9% (осы жылдың өткен айында 9,3%) болған еді. Соның ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің жұмыспен қамту мекемесінде 2010 жылдың сәуір айының соңында жұмыссыз болып 191,6 мың адам тіркелген. Республика экономикасының 2011 жылдың бірінші тоқсанында 6,5 млн адам жұмыспен қамтылған, яғни 2,2%. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (142,2 мың адамға) % өскен. Жұмыспен қамтылғандарың ішінде әйелдер саны 3,1 млн адам (47,8%), қала халқы — 3,6 млн. адам (55,5%) құрайды. Ал 2011 жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыз саны 699,3 мың адам болған. Бұл 2010 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 1,1% шамасында анықталады, қалада — 11%, ауылда 7,9, көрсетілген. Жұмыссыздар ішінен ер азаматтардың саны 4%3 әйелдер 56% шамасында .ал, 15-24 жас аралығында жастар 183 мың адамды құрайды. Жастардың жұмыссыздық деңгейі 16,8% шамасын көрсетуде. Халықты жұмыспен қамту адам өмірінде үлкен орын алады. Себебі, ол өзіне керек нәрселермен қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар оның тұлға ретінде дамуына үлкен әсер етеді. Жұмыспен қамтылған халық құрылымы ішінен жоғары білімі барлар 27, 3%, жалпы орташа халық 49,8%. Көрсеткіштер экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын, деңгейін бейнелейді.
Әлеуметтік экономикалық факторлардың әсері ғылыми-техникалық үрдістің дамуын, өндірістің материалдық негізін жетілдіруге көмектеседі. Оның нәтижесі адамдардың еңбегінің ықпалымен жүзеге асатыны анық. Еңбек қызметіндегі қозғаушы күш адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға ат салысады. Нәтижеге қол жеткізетін қозғаушы күштің қатысушылары қабілетті сау болуы қажет. Еңбек өнімділігіне әсер ететін маңызды әлеуметтік-экономикалық факторлар мыналар болып табылады:
- еңбектің нәтижесіне материалды және моральдық ынталылығы;
- қызметкерлердің біліктілік деңгейі, кәсіби дайындығының сапасы, мәдени – техникалық деңгейі;
- еңбекке деген қарым-қатынасы, еңбектің сыртқы және ішкі тәртібі, тәрбиелілігі;
- меншік формасының өзгерісінен еңбектің нәтижелілігі;
- еңбек коллективінің өзін-өзі басқару негізінде дамуының саяси және өндірістік өмірі.
Нарық жағдайында еңбек өнімділігінің өсу факторларының жіктелуіне сәйкес екі жаңа факторлар тобын толықтыру керек. Олар кесілермен байланысты:
- өткен (жұмсалған) еңбек шығындарымен (шикізат, материал, энергия т.б. әрбір өндіріс цикліндегі өнімдер);
- негізгі және өндірістік қорларды үнемді және тиімді пайдалану (машина, технологиялық құралдар, механизмдер, транспорт құралдары, өндірістік ғимарат т.б.).
Жұмсалған еңбекті үнемдеу бірінші топтың материалды шығындары қорытындыланып еңбектің өнімділігі ұлғайтылып, экономикадағы қол жеткізген нәтижелерге кері пропорция болады. Өндірістік және өндірістік емес қорларды ұйымды пайдалану еңбек өнімділігінің көрсеткіштерінде бейнеленіп, амортизациялық төлемдердің көлемі арқылы анықталады. Сондықтан да еңбек өнімділігінің тең жағдайында қорлар аздап пайдаланылады.
Ұлттық экономикалық барлық салаларында кәсіпорын пайдасын жоғарылатудың мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
- өндіріс шығындарын төмендету;
- жаңа өнім, жаңа процесстерді енгізу;
- өнім сапасын жоғарылату;
- баға саясатын жүргізу;
- ҒТП жетістіктерін пайдалану;
Енді осы бағыттардың әрқайсысына жеке жеке тоқталайық: Өндіріс шығындары туындайтын еңбек және материал шығынының көлеміне байланысты азайып отыруы мүмкін. Өндіріс шығындары техника деңгейіндегі өндірісті ұйымдастырудан тәуелді.
Өндіріс шығындары өндірісте қолданылатын табиғи ресурстарды, шикізаттардың, материалдардың, энергияның еңбек ресурстарының негізгі қорының және өнімді өткізуден байланысты басқа да шығындардың құндық бағалануы болып табылады.
Өндіріс шығындарының төмендеуінің негізгі бағыттарына: Дәстүрлі жолы өндіріс процесінде тұтынылатын ресурстарды барлық түрлерін үнемдеу, олардың ішінде әсіресе, материалдық және еңбек ресурстарының шығынын азайту. Себебі, өндіріс шығындарының құрылымында еңбек ақы біршама үлес алады. Осы мақсатқа мынадай міндеттер орындалуы керек:
- шығарылатын өнімнің еңбек сыйымдылығын азайту;
- еңбек өнімділігін арттыру;
- әкімшілік және қызмет көрсетуші персонал санын қысқарту;
Еңбек сыйымдылығын азайту, және еңбек өнімділігін арттырудың бірнеше жолдары бар. Олардың ішінде ең тиімділері өндірісті механикаландыру, автоматтандыру, жоғары деңгейлі технологияларды жасақтау мен қолдау, тозған жабдықтарды ауыстыру және модернизациялау.
Еңбек өнімділігін арттырудың тағы бір маңызды жолы еңбекті дұрыс ұйымдастыру.
Ол жұмыс орнын және алдыңғы қатарлы еңбек әдістер мен тәсілдерін қолдануды қамтиды. Материалдық ресурстар өнім өндірісі шығындарының құрылымында 5/3 бөлгіш құрайды. Сондықтан оларды үнемдеу мен тиімді қолданудың маңызы зор. Мұнда біріншіден, ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану қажет және сырттан келетін шикізат пен материалдың, жартылай орабрикатпен құрамдас бөліктердің кәсіпорын келуі кезеңдегі сапасын бақылаудың маңызы зор.
Жалпы кәсіпорынның шығындарын орнықты жұмсаса оның қызметін жүзеге асыруға оңай болар еді. Сондықтан кәсіпорын басшылары шығынның орналасуына көп көңіл бөлуі керек.
Жаңа өнімдерді енгізу, яғни жаңа тауарлар мен қызметтер жетістікке жетеді, егерде нарықта бар тауарға жұмсалған шығын бір теңгесіне қарағанда осы тауарға жұмсалған шығынның бір теңгесі сатып алушыға көп пайда әкелсе.
Кәсіпорын тұрғысынан жаңа өнімді енгізу оның жиынтық кірісін арттыруды және өндіріс шығындарын шегеру арқылы нәтижесі жаңалық енгізу болып табылатын зерттеулермен әзірленерге салынған инвестициялардан оңды қайтарымды қамтамасыз етеді.
Жаңа процестерді енгізу өндіріс әдістерін жақсартып кәсіпорынның өндіріс шығындарын төмендетеді.
Бұл жалпы шығындарды арттыруға мүмкіндік береді. Бір уақытта орташа жалпы шығындарды төмендетеді, ал пайда өседі. Қосымша пайда нәтижесі процессті жетілдіру болып табылатын зерттеулер мен әзірленерлерге салынған оңды пайда нормасын қамтамасыз етеді. Қорытындылай келе, жаңа технологиялар мен (жаңа өнімді енгізу мен жаңа процессті енгізу) техникалық процесстерді жасау мен енгізу тек әлеуметтік экономикалық жағдайға да тиімді және оңды әсер етеді. Соңғы 1015 жылдарда өнім сапасы бәсекелестік күрестегі кәсіпорын жетістіктерінің, нарықтағы үлесінің өсуінің, пайданың жоғарылауының негізгі факторлары болып табылады.
Өнім сапасының жоғарылауы өндіруші кәсіпорын тұшынушы және жалпы ұлттық экономика үшін негізгі мәнге ие. Сапасы бұйым шығарылымы өткізу көлемі мен капитал тиімділігінің фирма беделінің өсуіне әкеледі. Ұлттық экономика жоғары сапасы өнім арқылы бірқатар артықшылықтарға ие болады: экспорттың потенциалы мен елдің төлем балансының кіріс бөлігінің жоғарылауы, мемлекеттің әлемдік бірлестіктегі беделі мен тұрғындардың өмірлік өмірінің жоғарылауы.
Өнім сапасының төмендеуі кері тенденциялардың пайда болуына әкеледі: сату көлеміне пайда рентабельдігінің төмендеуіне, экспорттың төмендеуі т. б.
Өнім сапасының жоғарылауы төмендегідей сипатталады:
- сапаның жоғарылауы шығындарының төмендеуіне әкеледі;
- еңбек өнімділігінің неғұрлым жоғарылауы жоғары сапа береді;
- ұсақ бұйымдарды өндіру шығындары төмендейді;
- жоғары сапа тұтынушының ұзақ уақыттық сеніміне кепілдік беру; Нарықтық экономика жағдайында баға түсімі өте кең, ол өндіріс көлемі мен құрылымын, материалдық ағымның қозғалысын, тауарлық массаның бөлінуін анықтайды. Баға пайда салмағына, өндіріс пен өнім рентабельдігіне әсер етеді.
Нарықта тұрақты орны бар компаниялар ғана емес, сонымен қатар өздерінің болашағына сенімсіз, өздеріне максималы нарық коньюнктурасын қолдануға тырысатын фирмалар да тырысады. Ең жоғарғы пайда өндірушіні ең жоғарғы мөлшерде қызметтер мен тауарларды, шығаруға ынталандырады, бұл жағдайда ол потенциалды жоғары пайда табады. Сатылатын тауарлар мен бағаның шамасы бір бағытта өзгереді. Бұл сұраныс заңы, баға өседі және өндірушілердің ұсыныс мөлшері тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін қажетті ресурстарды төмен бағамен сатып алып, нарыққа өздерінің өндірген тауарлары мен қызметтерін жоғары бағаға сатуға, яғни көп пайда табуға ұмтылады.
ҒТП жетістіктерін іске асыру бұл бір жағына өндіріс қуатын, шикізат пен материалдар, оның ішінде отын энергия ресурстарын көп пайдалану, бір жағынан тиімді жаңа машиналарды, жақсы технологиялық үрдістерді іске асыру, ҒТП ның артықшылығы тек қана жоғары экономикалық тиімділігіне емес, жаңа материалды игіліктерді, қызметтерді сапасы өндіру мүмкіндігінде болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Әбдікерімова Г.И Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы, 2010.
- Бейсенова М. Садықбекова А. Кәсіпорын экономикасы: есептер жинағы.Алматы, 2002. 84 б.
- Друкер П.Ф. Нарық: топ жарып, алға шығу: Практика мен принциптер. – Алматы: Білім, 1994. 320 б.
- Дүйсенбаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.Алматы, 2001.
- Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Менеджмент. Алматы, 2003. -315 б.
- Күржебаев К.К Мотивация құбылысының теориялық мәселелері туралы // ҚазМУ Хабаршысы. Филология сериясы. 1998. №20.Б. 79-82.