Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кенен әзірбаевтың ақындық өнері

Әзірбаев Кенен (1884-1976) – қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағының және Композиторлар одағының мүшесі. Жамбыл облысы Қордай ауданы Мәтібұлақ ауылында (қазіргі Кенен Әзірбаев атындағы ауыл) дүниеге келген.

Кенен Әзірбаев қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді үзбей, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін жеткізген өнерпаз.

Ғасырға жуық ғұмыр кешкен Кенен өзі өмір сүрген замандағы әйгілі «июнь жарлығы», сонымен сабақтас 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, одан соңғы Қазан төңкерісі, ұжымдастыру науқаны, халық дәулетінің жаппай тәркілеуі, халықты қынадай қырып кеткен ашаршылық, репрессия, соғыс, одан кейінгі тың игеру мен екпінді құрылыстар салу барысындағы желбуаз ұраншылдық сияқты халық тағдырына түбегейлі өзгеріс енгізген тарихи оқиғалардың бел ортасында болды. Жай сырттай бақылаушы емес, сол тарихи оқиғаларға. Кенен сергек араласып, өзінің азаматтық позициясын бойындағы буырқанған дарыны арқылы айғақтап отырды. Бұл ретте, Кененнің әнші, ақын, жырау, күйші ретіндегі алуан арналы шығармаларын өзі өмір сүрген заманының жанды шежіресі деуге болады. Ол өз ғұмырында жүзден аса ән шығарып, оның өлеңін де өзі туындатып, бұған қоса асқан шеберлікпен өзі орындаған біртуар дарын иесі.

Сондай-ақ, екі жүздей лирикалық, дидактикалық арнаулар мен толғаулардың авторы. Оның репертуарында оңдаған эпикалық жыр-дастан болған. Сол жыр-дастандарды таңды таңға ұрып жырлап, тыңдаушысының құлақ құрышын қандырып, халықтың рухани ұйтқысы болған тұлға. Ол ән мен жырдың кенші атанған Жетісудың ғана емес, исі қазақтың әншілік – күйшілік, ақындық жыршылық, сал-серілік дәстүрін терең игерген өнер тарланы.

Кененнің дарын тегеуріні қазақтың ән өнерін әуендік интонациялық жағынан байытып, әннің түр-тұлғасын жаңа биіктерге көтеріп, тақырып аясына тарихиәлеуметтік тың мазмұн дарытып, соны өрістерге алып шықты. Оның «Бозторғай», «Көкшолақ»«Ой, бұлбұл»«Он алтыншы жыл» сияқты әндері әуендік толымды жаңалықтарына қоса, бітім құрылысы мен тақырыбы тұрғысынан да өзіндік төл сипатымен дараланады.

Кенен – ең алдымен айтыс ақыны. Оның есімін ел есінде сақтаған да осы өнері. Бұл анықтама өнердің өзге саласындағы қырларын жоққа шығармаса керек. Шәлипа, Ләтипа, Бөдене және Шәйнек, Бопина, Халима, Жамбыл, Кенжеқожа, Әбдіғали, Шашубай, Есдәулетпен айтыстары бұл айтқанымыздың анық дәлелі. Ол қазақ халқының айтыс өнерінің насихатшысы, осы өнерді кейінгі ұрпаққа жеткізуші тәлімгер ұстаз да бола білді.

Өзінің сөздік қорын байыту үшін халық әдебиетінің мол мұрасын ауқымды түрде игерген, оның сан-салалы құбылыстарын жете түсінген, әр сөз тіркесінің мәні мен мағынасындағы ерекшеліктерді, құбылтулар мен құлпыртуларды жетік меңгерген, қазақ айтыс өнерін жалғастырушы әрі дамытушы Кенен Әзірбаев – дәстүрлі ақындық поэзия мен халық әдебиетінің озық үлгілерін өз шығармашылығына көркемдік құрал ретінде молынан пайдалана білген шебер ақын. Әсерліқызулы, тасқынды, екпінді жырларыңмен оттай шалқып, еркін көсіліп сөйлеңдер!” деп үн тастайды. Асылы, ақынның бұл лебізінде өлең сөздің көркемдік болмысына, эстетикалық табиғатына қатысты құнды ойлар көрініс тапқан.

Кенен өзін жыр әлеміндегі желмен жарысқан сәйгүлікке балау (оза шапқан тұлпар, топ бастаған жүйрік т.б.) арқылы халық поэзиясындағы метафораларды, әсіресе, күрделі метафораларды туындыларына шебер пайдаланады. Шалқыған шабытын тұлпардың шабысына, арғымақтың қарышына, жорғаның шалысына салыстыра бейнелейді. Бұл Кененнің айтыстарында жүйелі сипатқа ие. Айтыстағы әр сөз, тіркес, тармақ кестелі орамдармен көмкеріліп отырады. “Тайымда атқа қосып елім мені”, “Жүйрік аттай замғаймын көсілгенде”, “Тең жорға төрт аяғым бірдей шалыс” – мұның бәрі метафоралық үзілістер. Егер өлең жолдарындағы метафоралық үзілістерді жеке қалдырар болсақ, онда ақынның жеткізбек ойы төмендегідей болып сүреңсіз шығар еді: “[Мені] – тайымда атқа қосып”, “[Мен] жүйрік аттай самғаймын,” “[Мен] жорға едім”.

Ақын күрделі метафораларды қосу арқылы өз ойына күшейтпелі мағына беріп, оларды жүйе-жүйесімен түрлендіре құлпыртуды мақсат тұтады. “Тайымда атқа қосып елім мені” деген түйінді сөз тіркесінде шынайылықтың белгісі жатыр. Жыр алыбы Жамбылдың ақындық мектебінен тәлім алған Кенен өнер аренасында ерте көрінді әрі өткірлігінің, дарындылығының арқасында қазақ даласына тез танылды. Ақын соны меңзеп отыр. “Тең жорға төрт аяғым бірдей шалыс” дегенде, бойына өнердің бар саласы тоғысқанын, мұндай қабілет екінің біріне қона бермейтінін паш етедіҚазақта төрт аяғын бірдей шалыс басатын жорға жылқы тым аз кездеседі. Ал шала жорғаларды кез-келген үйірден табуға болады. Бұл орайда ақын халық поэзиясында сирек көрінетін көркем бейненің озық үлгісін ұсынады.

Ақынның шығармашылығын әсерлі айшықтармен ажарлай түсетін метафоралардың бір бөлігі қыран құстарға қатысты. Жан–дүниесінің сілкінісін, ақындық қиялдың серпілісін сипаттағанда, “көк тұйғындай сілкінді”, “ақ сұңқардай түледі”, “тастүлектей таранды”, “тау бүркіттей шаңқылдап”, “ақиықтай таранды”, “қыран құстай қаранды”, “ақиықпен талпынды”, “ақбөкендей желейін”, “құстай ұшып”, “сұңқардай қиялап” деген халықтық тіркестерді, бейнелі оралымдарды тапқырлықпен пайдаланады. Сөйтіп, бір ойдың өзін сан түрлі киіндіріп, өрнектеп, әдемілеп жеткізеді. Алуан түрлі, нешеме сырлы мән-мағынадағы сөздер немесе құс атаулары ой тиегін ағытуда, белгілі бір ой-пікірді білдіруде поэзиялық қызмет атқарады.

Қазақ поэзиясындағы айтыс жанрының бір бұтағы ақындардың өзара дидарласу кезіндегі сәлемдесу, қоштасу, көңіл айту мазмұнындағы сөз жарыстары.

Мысалы: Жамбылдың “Майкөтпен дидарласу”, Нартайдың “Жамбылдың қазасына” т.б. Бұнда ақындардың төкпе ақындықтағы жырлау шеберлігі барынша ашылады. Осы жырлау шеберлігінің – замандас ақынның шығармашылық келбеті, оған арналған жырлаушы ақынның сезім пернелері шертіледі

Өзге замандастары сықылды Кенен арнау, толғаулары мен айтыстарының жыр үлгісіне құрылған тұстары да кездеседі. Әсіресе, егіз, шалыс, ауыспалы ұйқастармен ауыз әдебиеті дәстүрін дамыта, өрістете жырлау әдісінен Кенен де сырт қала алмаған. Мұндай жымдасқан ұйқас, әуезді ырғақ, дыбыс үндестігін шебер үйлестіру Кенен сынды өрелі ақындардың қолынан келсе керек. Кенен мұраларында тау, тас, өзен-су, адам аттары, ру атаулары т.б. өте мол ұшырасады.

Кенен өзінің айтыстарында ұйқастың барлық түрлерін қолданған. Шәлипа, Ләтипа, Кенжеқожамен айтысы, Бөдене және Шәйнек деген жеңгелерімен әзіл-қағыстары 11-12 буынды қара өлең, кейде аралас, егіз ұйқастарға құрылған. Ал, Әбдіғалимен сөз сайысын да қара өлең, аракідік кезекті шалыс, аралас ұйқастармен өрнектеген. Негізінен 3 бунақты, 9-10 буынды, кейде 2 бунақты 7-8 буынды тармақ, шумақтар аралас ұйқасып та отырады. Кей айтыстарында өлеңнің әуезділігін арттырып, түрлендіре құбылтатын ішкі ұйқастар да кездеседі.

Кенен Әзірбаев шығармалары бейнелеу құралдарына мейлінше бай, олардың танымдық, тағылымдық, әсемдік әсері мен эстетикалық қызметі ерекше мәнді. Ол – дәстүрлі халық поэзиясына тән сөз өнерінің інжу-маржандарын айрықша сезіммен талғап екшеп өз туындыларына шебер қолдана білген зергер ақын. Оның ақындық даралығы бейнелеу құралдарын шашыратпай, тығыз бірлікте, поэтикалық тұтастық қалпында игера алатын зор қабілетінде жатса керек. Тарихи шындық көркемдік шындықпен астасып, жымдасып жатады. Сөйтіп, айтысқа тың сипат беріп, тақырыпты жаңаша түрлендіру арқылы мазмұнын жаңғыртады. Кенен шығармаларының тілі көркем, әсем де айшықты нақыштармен астарланып, өрелі де тапқыр оймен ұйқас ұйытқысымен көмкеріліп жатады.

Көркемдік-бейнелеу құралдары өзара қабысып, бір-бірімен тығыз байланысып отырады. Мазмұны мен пішіні, сөз өрнегі мен ұйқас үндестігі ақын даралығын, шеберлігін байқатады.

Кенен Әзірбаев – Қабан, Сүйімбай, Шөже, Майкөт, Бақтыбай, Құлмамбет, Жамбыл, Сарбас, Қуандық, Кебекбай, Ноғайбай, Бөлтірік тәрізді іргелі ақындар мен айтулы шешендердің мектебінен өткен, солардың жыр дәстүрінде тәрбиеленген өнер иесі. Бұл аталғандардың үстіне Тоқтағұл, Қалмырза, Сағымбай, Төкпе сияқты қырғыз ақындарын қоссақ, екі елді тел емген Кененнің өнер мектебі тереңдей әрі кеңейе түседі.

Импровизатор ақынның мұрасын зерттеген кезде оның төңірегін табиғи байланыста, жалғастықта алып қараған жөн. Өйткені, өнерпаздың мектебін ашу — оның творчестволық лабораториясын, өрісін ашу деген сөз. Ендеше, Кененнің ақындығын, асқан өнерпаздығын, лаулаған, өнер, жыр ортасын ақындық төңірегін жас қыранды баулып, қияға ұшырған сол ортадан іздеуміз керек.

Шынында да, К.Әзірбаевтың өзі тамсанып, табынып әңгімелейтін соншама жайсаңның, гулеп тұрған отты сөздің Кенендей албырт талантқа мектеп болмауы мүмкін емес еді. Кенен өзінің түтеп келе жатқан әншілігі мен ақындығына қажетті нәрді осыншама өнерпаз, өңшең жақсының өнегесінен, халықтың байтақ қазынасынан алған. Сөйтіп барып ол бірте-бірте өз үнімен, өз тұлғасымен даралана түсіп, берісі ҚазақҚырғыз республикаларына, әрісі байтақ Отанымызға танымал ақынға айналған. «Жамбыл жыр» дастанында Кенекең былай деді:

Ұстазы Сүйімбайдың Қабан ақын, Бас иген Ұлы жүзде тамам ақын. Нағашысы Жалайыр Қабан-ды деп, Жамбыл атам айтатын маған атын. Атағы үлкен адам Қабан жырау, Жамбылдың айтқан сөзі есте тұр-ау, Жиені Сарбас ақын сөйлерінде, Әдеті мұртын қағып, құлақ бұрау.

Сүйімбай сөйлерінде мұртын қаққан, Өлеңнен он екі взвод мылтық атқан. Сөйлесе кейбір ақын былжыратып, Жанына Сүйімбайдың қатты батқан.

Үйреніп содан біздін Жамбыл өскен, Жамбылың сара жолда даңғыл өскен. Сол ақын жапан түзде ғасыр бойы Баршамен бал-шекердей дәмді үлескен.

немесе:

Жамбыл — Жәкең аттарын Көкірекке жаттадым.

Шөже, Түбек, Біржан сал. Саралардың атын да Жаттап алмай жатпадым. Майкөт ақын, Бақтыбай, Құлмағамбет, Сүйімбай Асыл сөзін құптадым, Басқаларын ұқпадым.

Кенен бұл жолдарда өзінің ақын ұстаздарын анық айтқан. Бір ғажабы, қолына домбыра алып, жыр айтарда Кенен де ілгергі Жетісу ақындарының салтымен мұртын қағып,құлағын бұрап, қолын аспанға сермейді.

Жамбыл өзінің Кенен тәрізді шәкірттерін өзі өнеге алған ақындық ортаның озық дәстүрінде баулыған. Ал Жамбыл мен Кенен арасындағы аға мен ініұстаз және шәкірт ретіндегі қарым-қатынас тіпті ерекше еді. Екі ақын Мәскеуге де талай рет бірге барды, Жамбыл Кавказға да шәкіртін ерте кетті. Арқалы ақын шәкіртінің қайғы қуанышын да бөлісті. Базары мен Назарын ажал қатар жалмап, көкірегі қайғыдан қарс айырылған Кененнің Көркемжаны туғанда әдейілеп барып батасын беріп, нәрестеге «Көркемжан» деп ат қойған да Жамбыл қарт болатын. Өмірінің соңғы күндерінде Жамбыл ақын «Осы Кененнің үнінен басқаны ұқпаймын» дегенді жиі айтқан көрінеді. Бұл да шәкіртіне деген сүйіспеншіліктен айтылған сөз болса керек. Кенен де ұстазына арнап дастан жазып, жырдан ескерткіш қойды.

Жамбыл бастаған халық ақындары тәрізді Кенен Әзірбаевтың да ақындық жолы халқымыздың өмір жолымен біте қайнасады, бірге өсіп толысады.

Жамбыл мен Кененнің ғажап ұқсас тағдыры халық тағдырымен сабақтасады. Революциядан бұрынғы кедей жалшының азапты өмірін жырға қосқан екі ақын, екі дүние – екі өмірдің есігін ашты, совет тұсында бақыт тапты, жыр салтанатын қайта кұрды; жаңа заманды, шұғылалы болашақты, халықтар достығын бірге жырлады. Жамбылдың даңқын күллі әлемге аңыз болып тарап жатқанда, жанында әндетіп үнемі Кенені жүрді.

Импровизация процесінде өлеңді, сөзді барынша мол қамтып игеру жағына құрылған Кенен шығармалары көбіне орындаушылыққа бағына бірде таза ән, бірде терме секілді, бірде ән мен терменің қосыла өрілген сипатында жасалған. Шығармаларының жанрлық болмысына қарай ән саздары біресе толғау, біресе термелеген нақылды, дидактикалық әуенді түрде салмақты ырғақта жырланды. Кейбір шығармаларының әуезді сазды болмысы сызылған әнге жақындап кетеді де кең қайырымды сазбен аяқталады. Кейбір шығармаларының басы желдірмелетіп өзі және өмір туралы тақпақ талып басталады да аяғы ән қайырымы мен өрілген түйінді ойлармен қорытындыланады. Демек, Кененнің импровизаторлық өнері ән әуеніне, мақамға сүйене шығарылған дәстүрдің жалғасы. Бірақ, бұл жалғастық тек қайталау емес, Кенендік стильдің дара болмысын да айқындайды.

Кенен өз замандастарының суырып салма дарыны, жыршылық даралығы, айтылатын сөз бен әуен, сарын, әуез, мақамдарды үйлестіре, сіңісті білетін сазгерлік қабілетімен ерекшеленеді. Кенен айтыстарының әуендеріне қарағанда, үні асқақ, лирикалық сезім басым болып келеді. Бұл – Жетісу ақын, жыршыларының бәріне тән ерекшелік.

Кененді халық ақын, әнші-композитор, жыршы ретінде жақсы біледі. Ақындық, жыршылық дәстүрді дамытқан Кенен ерте кезде домбырамен күй тартатын өнері де болыпты. Жыр сарындарын күйге айналдырып немесе күй ырғақтарын жыр сарындарына ұластыруға шеберлігі көбінше эпикалық жырларды орындау үстінде көрінген. Халық әдебиетін зерттегендегі олқылықтарымыздың бастысы – сөз өнері мен саз өнерін біртұтас қарастырмай, жеке бөліп кететінімізде. Мүмкін, бұл синкреттіліктен арылғанның белгісі де болар. ӘҚоңыратбаев былай деп жазады: “Жыраулар мен ескі айтыс ақындарында импровизацияның төрт түрлі өнері бірлесіп, ол синкретизм аңғарында көрінген:

1) Олар асқан импровизатор болған, мұны сөз өнері дейміз; 2) Теңдесі жоқ күйші [домбыра, қобыз] болған, мұны музыкалық импровизация дейміз; 3) Олар ғажап орындаушы [солист, артист] болды; 4) Заман, ел жайын терең толғайтын үлкен ойшыл, ұстаз болды. Бүгінгі ақындарда алдыңғы үш белгі өзінің өрнегін жоя бастаған”. Ал, ӘҚоңыратбаев атаған осы өнер түрлерінің Кенен бойында жымдасып, үндестігін тапқаны айқын көрінеді: Кенен айтысқанда, өлең, толғау, жыр-дастандарды жырлағанда тыңдаушыларды үйіріп әкететін қасиеттері аз болмаған.

Қорыта айтсақ, ХІХ ғасыр поэзиясында алатын көрнекті орны бар Кенен ақын – халқымыз қастерлеп өткен айтыс өнеріне тың леп қосып, кейінгі ұрпаққа түрлендіре, кемелдендіре жеткізуші хас шебер ақындардың бірегейі. Мұның өзі ақын шығармашылығының өзіндік бетбағдары мен ешкімге ұқсамайтын ерекшеліктерін айқындайды. Екі бірдей ғасырды басынан кешкен Кененнің өмірі – өз халқының өмірі, оның тағдыры – өз елінің тағдыры еді. Ол ескінің соңы, жаңаның басы болған ежелгі замандардан келе жатқан баба жыраулар дәстүрін жаңғыртып, оған жаңа мазмұн, жаңа сипат берген, жаңа дәстүрге айналдырған ұлы Жамбылдың ең үздік шәкірті болды, сөйтіп, ұстазының жыраулық, жырылдық, ақындық мектебінен өтті.

Кенен Әзірбаевтың есімі Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қасық орта мектебіне, Алматы қаласындағы бір көшеге, Жамбыл қаласындағы кинотеатрға берілген. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының және бұрынғы Шымкент мәдениет институтының үздік студенттері үшін Әзірбаев атындағы стипендия тағайындалған. Жамбыл облысында ақын ұзақ жылдар бойы тұрған елді мекен Кенен ауылы аталады. Онда Әзірбаевтың мұражай-үйі жұмыс істейді. Ленин (1974), Еңбек Қызыл Ту, 2 рет "Құрмет белгісі" (1945) ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Кенен Әзірбаев артына өлмес мол мұра қалдырып, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани асыл қазыналарын бүгінгі өмірімен сабақтастыруға өлшеусіз үлес қосқан өнерпаз. Ақиық ақынның өлмес өлең-жырлары мен әсем ән-күйлері халықпен бірге мәңгі жасай бермек.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Тебегенов Т. Халық ақындары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүрі. – Алматы: «Білім», 2001.
  2. Кененқызы Т. Екі Кенен тумайды. –Алматы: Шартарап, 2001.
  3. Әзірбаев К. Екі томдық таңдамалы шығармалар: 1,2 том. – Алматы: «Жазушы», 1984.
  4. Өтен А.Ж. Кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы: фил. ғыл дис. Авторефераты. Алматы, 2008.
  5. Төреқұлов Н. Жамбыл мен Кенен. –Алматы: «Жалын», 1978.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.