Қазіргі кезде толеранттық мәселелері туралы саясаттану, педагогика, медицина, мәдениеттану, философия, психология, мәдениеттану ғылымдары бойынша өткізіліп жатқан көптеген ғылыми конференциялар және дөңгелек үстелдерде талқыланып жатқан өзекті тақырыптарының біріне айналды.
Толеранттық бұл көпмағыналық ұғым, оның негіздері сонау ерте кезден Гераклит, Антифон, Аристотель, Сенек және т.б. ойшылардың пікірлерінен бастау алған. Толеранттық түсінігі туралы ең алғашқы ойлар антикалық заманда басқа діндер мен сенімдерді түсіну, қабылдау ретінде пайда болады. Сократ индивидті космостан бөліп алуға ең алғаш талпынады, ол тұлға аралық қатынасты табиғаттан тыс күштердің болжауы ретінде емес, тұлғаның ерікжігері мен мінезіне байланысты қарастырады. Сократ, алғаш индивидтің әлеуметтік мінез-құлқының феноменін, оның мінезқұлқын анықтайтын мотивтерін түсіндіреді. Платон мектептеріндегі шығармаларда еңбектегі шыдамдылық жақсылық үшін, қайғыдағы шыдамдылық жақсылық үшін деп «төзімділік» түсінігін сипаттайды. Бұл жерде қайғы рушылықты айтып тұрған жоқ, керісінде сабырлық, өзін ұстай білу, рухтың күшін баяндап тұр. Жалпы, Платонның көзқарасы бойынша, толеранттылық – ақыл-ойдың өзін-өзі қорғауы» деген. Қоғамның табысты дамуы үшін төзімділік міндетті екенін айтып өткен.
Аристотель бұл көзқарасты ары қарай дамытып, құндылық аспектісін бөліп көрсетеді: шыдамдылық – тәжірибелік мінез-құлық қасиеті ретінде және дағдыдан пайда болған этикалық қайрымдылық. Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.) «Никомаховая этика» атты еңбегінде: өзіне мейірімділік көрсеткен адамға түсіністікпен қарайтын адамды жақсы деп есептеуге болмайды», «жақсы адам» өзгеге сондай қарым-қатынас көрсеткен адам, ал бұл қиын іс», − деп жазған.
Цицерон Марк Тулий tolerantia сөзін адамзаттың істеріне төзімділікпен қарайтын, данышпанның рухына қатысты қолданылды. Толеранттықты мазмұнды жағын Сократ ипен софисттер қарастырды. Стоиктер мен эпикурейцтер үшін «шыдамдылықты» азапқа шыдаумен байланыстырады, яғни, қатыгездік пен әділетсіздік қайрымдылық жасауға мүмкіндік береді және ерлік пен төзімділікке тәрбиелейді. Кейін стоиктер (Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий) ерте кезде стоиктер мен эпикурейцтердің айтылған негіздемесін біріктіруге талпыныс жасады, «шыдам» түсінігін ерлік үшін негіздеме деп түсіндірді (Сенека) [2].
Рим императоры Марк Аврелий Антонионың (121-180 ж.ж.) «К самому себе» немесе «Наедине с собой» деген шығармаларында əңгімелесушіге толеранттық қарым-қатынасты сипаттайтын жазбалар бар: «Адамдарды сендіруге тырыс. Егер олар көнбесе өзің əділет заңына қарсы келме», «Оларға шын мейірім мен пайданы көрсет, бірақ тітіркенбей, сілкінбей», «Өзіңе айтылған нәрсені мұқиятты дауға дағдылан және өзіңмен сөйлесіп отырған адамның ойын толық қабылдауға ұмтыл. Адамдардың басшылыққа алатын əдетғұрпы мен күшін түсіну үшін мінез-құлқы мен əдеттерін жақсы білу керек» [2].
Марк Аврелий шыдамдылықтың адамгершілік құндылықтары: «әділеттілік, ақиқат, ақылдылық пен ерлік» болып табылатынын мойындады. Толеранттық негіздері ретінде әртүрлі мәдени принциптер болды. Грек-рим өркениеті үшін негіз болған діни сенімділік болды.
Н.В. Круглова өзінің «Толерантность: генезис и типология» еңбегінде тарихта толеранттық белгілерінің болуына байланысты зерттеу жүргізді.
Сурет 1.1 – Толеранттықты түрлері
Яғни, автор толеранттықты екі типін бөліп көрсетеді: христиандық және христиандықтан кейін деп. Христиандық типтің өзі полистікі, имперлік деп екіге бөлінеді. Полистік тип антикалық демократияның тенденциясы басым азаматтық қоғам үшін тән және сыни рационализм, жоғары мәдениеттілік, жан-жақтылыққа бейім, саяси плюрализм мен діни тәжірибенің формаларының көптүрлілігін көрініс тапқан. Имперлік типі діни плюрализм мен айқындалған көпұлтты, көпмәдениетті, көп дәстүрлікте саяси плюрализмнің болмауы тән. Толеранттықты христиандықтан кейін типі Реформация барысында қалыптасты.
Толеранттық идеялар 16 ғасырда түпкілікті мойындаушылыққа ие болды.
Толеранттық (tolerarе) түсінігін римдік авторлар алғаш енгізген, уақыт өте келе христиандық әдебиеттерде кеңінен танымал болады. Бұл ұғым бастауы ең алдымен «шыдау», «төзу», дегенді білдіретін «tolero» етістігінен бастау алған. Толеранттық түсінігінде адам өмірінің қайғыру негізінде діни мағына қамтылған, яғни, христиандық сана-сезім. Төзім христиандықтардың рақымшылдығының негізінің бірі болып табылады. «Құдай шыдады және бізге әмір етті» деп христиандық өмірдің ережесінің бірінде айтылған.
Негізінен «толеранттық» түсінігі еретиктерді догматтары мен салт-дәстүрлеріне төзі мүмкіндігімен байланысты қолданылады. Демек, толеранттықты алғашқы формасы дінге еріктілік болып табылады.
Толеранттық ұғымына «еркінділік», « плюрализм» түсініктері жақын, Христиандықта толеранттық этикалық принцип ретінде енгізіледі және өзінің мазмұнын діни рақымшылық ретінде алды. Барлық библиялық көз қайнарлары төзімділікке үндейді. Христиандық авторлар үшін төзімсіздік жын-перінің тудырған нәрсесі, ол адамда ашу, кекшілдік және өшпенділік тудырады деген.
В.М. Золотухин өзінің зерттеулерінде, төзімділік ерте христиандық этикада (Августин, Григорий және т.б.) аскетикалық нормативтік идеал арқылы күнәден арылу мүмкіндіктерімен байланыстыратынын айтқан. Бұндай жағдайда адам құтқаруға үміттік пен Құдайға сенімділікпен ғана қалады.
14-16 ғғ. бастап ғылыми білімдерге қызығушылық туындағанда, моральдық радикализмнен моральдық компромисске және Құдайдың күнә өмірімен татуластыруға ауысу қажеттілігі туындайды. Демек, отағасыда «төзімділікті» адам құдайды ауызға алып, қайғы-қасіретке төзу ретінде қабылдады. Бұл жағдайда төзімділік пен төзу адамға байланысты емес, адамға Құдай, Шіркеу және басқа адамның төзімділік қарым-қатынас мүмкіндігіне байланысты деп түсіндірді. Осылайша ерте орта ғасырда «толеранттық» термині біздің зерттеу мәселемізге қатысты қолданылмағанымен, құдайдан өзге ешкім кіре алмайтын жабық әлем ретінде қабылданды. Сондықтан толеранттық жақын адамға деген махаббат және көнбістік түрлерінде көрініс тапты.
Біз христиандықтар үшін толеранттықты көптеген философтардың еңбектерін қарастырдық, алайда Квинт Тертуллиан ерекше орын алады. Квинт Тертуллиан
«Біреу Құдайды пір тұтса, басқасы Юпитерді» деген ой айтып, толеранттықты негізі адамға парыз ретінде артатын, тепетеңдік болып табылады. Бұл тек төзімділікке байланысты болады, оны жағымды дағды және құтқарушы ретінде өзіңді шыңдауың керек [1].
«Толеранттық» түсінігіне байланысты екі негізгі түсіндірме қалыптасты: төзімділік (patientia) және Исидора Севильскийден бастау алған оны рухпен, жанмен байланыстырды. Әлеуметтік мағынада «толеранттық» түсінігі сирек қолданылды және негізінен еретиктерді дәстүрлері мен догматтарына төзу мүмкіндігімен байланыстырды (Фома Аквинский в «Сумме Теологии»).
Сонымен бірге Отағасыдағы христиандықта әлеуметтік және діни толеранттық «өзіне» құндылық ретінде емес, ізгілік, қайрымдылық емес қақтығысты болдырмаудың құралы ретінде қолданылды. Сонымен «егер сенімсіз адамдар мен еретиктерді жеңе алмасаң, қақтығыстан қаш» деген толеранттықты қолданбалы сипаттамасы пайда болды. ТОлеранттық туралы ойлардың тарихи дамуына назар салсақ, Ежелгі Қытай, Ежелгі Үнді, Ежелгі Греция және Рим империясы басқа тайпалардың құдайы мен табынушыларына олардың төзімділікпен қарауында байқалды. Толеранттық түсінігіне тарихи жақын ұғымдар болып қоғамдық санада таралған. Олардың ақиқаттылығы айдан анық, мысалы, «еркінділік» немесе «плюрализм» ойы, өзінің нормативтік мазмұнының арқасында басынан бастап толеранттық бағытталған, ал толеранттық, плюрализм сияқты, еркінділік принципі Жаңа уақытқа сәйкес келетін және өзінің әділдік ойларында өзінің заңдылық негізі бар. Бұл идеялар орта ғасырдың философтарының ойларында қамтылған, олар «дінді ішкі, ар ұяттың ісі, ретінде түсіндірді, өйткені, шіркеу қанауына қарсы тұрды». Олардың ішінде Пьер Абеляр и Агорд из Лион. Толеранттық түсінігі біраз уақыт көлеңкеге кетіп, Қайта Өркендеу дәуірінде жаңа күшпен пайда болады. Яғни, толеранттық философиялық мен құқықтық негіз алып, ғылымилыққа бастау алып толыққанды қалыптаса бастайды.
Қайта Өркендеу дәуірі сенім, наным сұрақтары бойынша да бостандық кезеңі болды. 1453 жылы философ Николай Кузанский «О согласии вер» трактатын жазды, онда барлық діндерде негізгі ұстанымдар тұтастығын сендіре көрсетеді. Реформация кезеңінде қарсы тұрушылық күшейді, протестанттар мен католиктердің діни фанатизмі мыңдаған адамдардың өліміне әкелді.
16 ғасырда Францияда «Толеранттық» түсінігі пайда болады, 1598 жылы Нантский эдикт уақытынан бастап, төзімділік туралы көптеген заңдардың шығуы және француз протестанттары – гугеноттары діни өмірдің бостандықта көрінуіне құқық пен жол берді.
Оның көрінуі діни соғыстардың дәуірімен негізделген, онда католиктер мен протестанттардың амалсыз келісімге келуі, ымыраның көрінуіне ықпал етті. Көптеген ғасырлар бойы созылған қанды діни соғысты тоқтату үшін осындай қабылданған шешім қоғамның құтқарушы әрекеті болды.
Жаңа заманда төзімділік әлеуметтік реңк береді және қандай да бір мәдени дәстүрдің өмір сүруімен байланыстырды. (Дж. Бруно, П. Бейль, М. Монтень) [2].
Дж. Локктың толеранттық ойларын жүзеге асыруда үлесі ерекше болды. Өзінің «Послание о веротерпимости» пен «Опыт веротерпимости» атты екі еңбегінде Джон Локк төзімділіктің маңызды ойларын толық және көлемді біріктірді. Д.Локк (1632-1704) өзінің «Опыт о веротерпимости» (1667 ж.) еңбегінде толеранттық шексіз құқық береді. Толеранттықтың апологеттік дәстүрі – билеушінің діни істерге араласу құқығының болмауы. Тұлғаның рухани ізденісіне қол сұғу, өзге дінді мойындауға мәжбүрлеу дұрыс емес. Бұл билік өкілі үшін оны ақырында жеңіліске ұшырататын ең тиімсіз жол. Д. Локк «Послание в веротерпимости» еңбегінде: «Адамның рухани сенімін өзгерту үшін көңіліне сәуле түсіру керек, ол ешқашанда дене жарақаты арқылы мойындалмайды», дейді. Сөйтіп, ол басқаша ойлайтын бытыраңқы секталарға қатысты толеранттық жол беруге болады, ал олардың езушіні тайдыру ниетімен бірігуіне жол бермеу керек деген пікір айтады. Д. Локк сенімдері мемлекет құрылымын шайқалтатындай ой-пікірлері бар адамдарға қатысты мәжбүрлеуді ақтайтынын атап көрсетеді.
Толеранттық тақырыбы француз публицисті және философы П. Бейль (16471706 ж.ж.) еңбектерінде де көрініс тапты. Оның пікірінше, адамдардың табиғи үйлесімсіздігі өз кезеңінде пікірлердің әртүрлілігі әкеліп соқтырады: «Қабылдау мүшелері бірдей болғанымен әр адам бірнәрсені түрліше таниды, олардың тәрбиесі бірдей емес, қалған жағдайларда да осылай әрекет етеді».
П. Бейльде ұят еркіндігі және оның мемлекет билігіне бағынбайтындығы туралы талап Д. Локкқа қарағанда жоғары. Толеранттық оның шығармаларында догматикалық билікке қарсы құрал ретінде көрінеді және билікті ұстап тұрудың басты қаруы өрескел қарсылықты жоюға бағытталған. Ол философтардың толеранттық жөніндегі пікірталасы діни негізде жүргенімен, діни ұстанымның астарында мемлекет мүддесі жатқандығын жақсы түсіне білді. Билеуші өз билігін шіркеудің әмбебаптығына сүйене отырып, ғайбаттау, жалған сөйлеу, жер аудару, өлім жазасына кесу секілді жаман құралдар арқылы жүргізді. Сөйте тұра, ол жасап отырғандарының барлығының дінді насихаттау барысындағы дұрыстығына, заңдылығына өзі сене білді немесе сондай түр жасады [3, б. 45].
Философ «мен» және «басқа» арасындағы қарама-қарсылықты драмалықпен сипаттайды. Француз жазушысы және философ Мишель де Монтеньдің қарамақарсы ойлары өмір сүрудің екі тәсілінің арасында: адамдар арасындағы өмір мен өзін оқшаулау арасында арпалысады. Ал шындық өмірде барлық адамгершілікке жат әрекеттер аяныш сезімдеріне белсенді қарсылық көрсетіп отырғандығын ол ашына жазды.
Біртіндеп толеранттық мәселесі теология аймағынан әлеуметтік философияға ығыстырылады. Танымал ойшылдар төзімділіктің болу қоғамның толықтай дамуы және адамның тұлға ретінде дамуы үшін қажеттілігін дәлелдеуге тырысты. Бұл ойларды Жан-Жак Руссо өзінің «Теории Общественного договора» атты еңбегінде және Ш. Монтескье «Персидских письмах», «О духе законов» атты еңбектерінде дамытты. Франсуа Мари Аруэ Вольтер толеранттық мәселесін бірнеше туындыларында қарастырды: «Философские письма» (1734), «Философский словарь» (1766), «Трактат о веротерпимости» (1763), «Вопросы по энциклопедии» (1772).
18 ғасырдағы француз жазушысы және философы Вольтер: «... сіздің пікіріңіз маған жат, бірақ сізге оны жақтау үшін мен өмірімді құрбан етуге дайынмын», – деген. Ол – толеранттықты басты қағидаты. Бұл адамдар арасында өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді. Сондықтан, толеранттық екі жақты сана: мемлекеттер, діндер, этностар, жеке адамдардың бір-біріне шапағат жасай білуі.
Вольтерде толеранттық бір жағынан барлық демократиялық бостандықтың негізі, ал басқа жағынан «Не делай другому того, что ты не желаешь, чтобы делали тебе» деген адамгершіліктің алтын қағидасының нәтижесі ретінде қарастырады.
Танымал философ педагог И. Кант (1724-1804) көптеген еңбектері толеранттық проблемасына арналған. Оның этикалық тұжырымдамасында алғаш рет «төзімділікті» «толеранттық» байланыстырады. Төзімділікті жалпы адамзаттың парызына жатқызады, егер өзіне ұнамаған дүниелерге адам төзетін болса онда ол адам төзімді болып саналатынын және төзімділікті өшпенділікке қарама-қайшы деп айтқан. Ол толеранттық проблемасын адамның ішкі «мені» тұрғысынан қарастырған. Неміс ойшылы «Идея всеобщей истории во всемирно-гражданском плане» (1784) еңбегінде толеранттық «Өзгеге» қатыстылығы мәселесіне пайымдаулар жасайды. И. Канттың пікірінше, адамда екі жақты бейімділік болады: бірі өзі сияқтылармен пікірлесу мүддесі, екіншісі - оқшаулануға тырысу. Бұл жағдайда адамның өз туыстарымен сыйласудан басқа амалы қалмайды. Басқаша айтсақ, адам өзінің басқаларға деген табиғи шыдамсыздығын жеңе алады, қоғамда құндылықтарға ие болып, өз орнын табады.
18 ғасырдағы Ағартушылық дәуіріндегі Франциядағы революция «Адам және азамат құқықтарының Декларациясының» дүниеге келуіне ықпал етті.
Вольтердің өлгеніне 11 жыл өткеннен кейін 1789 жылы 26 тамызда құрылтай жиналысы қабылдаған «Адам және азамат құқықтарының Декларациясынан» көрініс тапты. Бүкіл әлемге ойлар мен сөздің еркінділігін паш етіп, Вольтердің табандылықпен қалаған ойы танылды. Ұлы Француз революцияның нәтижесі тек азаматтық еркіндікті жариялау ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің жаңа типінің «национальное» дүниеге келуіне ықпал етті. Бұл төзімділік идеяларының екі жүз жылдықта ары қарай дамуын анықтап, ұлттық төзімділік идеясын плюрализм, еркінділік идеялардың жалпы жиынтығынан бөліп алып, алғаш ұлттық сипатталық берді. Ғалымдардың айтуынша, ұлттық сұрақ 19 ғасырда қалыптасып және қойылған деген. Осылайша өз беттілік тарихына құқығы бар, халықта тұлғаның адамгершілік пен еркінділігін мойындайтын. Сонымен толеранттық Батыс Европаның рухани өмірінің құбылыс ретінде оның буржуазиялық өзгертілген нәтижесінде бекітілді [1].
Чех педагогы Ян Амос Коменский толеранттық көңіл бөліп, ешкім басқа біреуге өзінің принциптерін міндеттемеу керек және әркімге өзінің ісімен айналысуға еркін құқық беру керек деген. Оның ойынша ортақ ақиқаттылыққа барлығы келу үшін келісімге барлығы ұмтылу керек және әркім өзінше оны нығайту керек.
Голландиялық философ Бенедикт Спиноза өзінің трактаттарында сенім-наным сұрақтарында иудейлік консерватизм мен догматиканың жалғандығын ашуға талпыныс жасады. Ол «Богословско-политический трактат» атты еңбегінде еркін мемлекетте әрбір азамат калай ойлайды, солай ойлай алады, не ойласа соны айта алады деген.
Толеранттық идеяларының мәселе жиынтығы неміс философиясындағы Л.А. Фейербах (1804-1872) еңбектерінде қарастырылады. Оның ойынша, адамның мәні адамда туғаннан бастап болмайды. Керісінше басқа адамдармен қарым-қатынаста құрылып, қалыптасады деген. Жеке адам, «Ойлаушы ретінде емес, моральдық мәні ретінде емес өзінде адамдық мәні де қамтылмаған бірдеме оқшауланған ретінде», деді ол. Адамның мәні Мен және Сен арасындағы шырайлылыққа негізделген тұтастыққа, адаммен адам тұтастығында, қарым-қатынаста болады. Орыс ойшылдарының тарихында толеранттық сипаттамасына балама ретінде төзімділік түсінігі жиі қолданылды. 19 ғасырдың екінші жартысында төзімділік мәселесінің зерттелуіне аса үлес қосқан орыс философы В.С. Соловьев болды. Ол «төзімділік» пен «төзу» түсініктерін ажыратады. Біріншісінде В.С. Соловьев жан қасиеттерінің оның әрекетте көрінуін кең пейілділік деп аталады, ал кейде – рухани батырлық.
B.C. Соловьев бойынша төзімділікті адамның ішкі мотивтеріне байланысты, ол басқалардың мінезіне кең пейілділік, құрметтілік және басқаға бостандық берумен анықталады деген ойды айтты. Орыс мәдениетінің тарихында революциядан кейін толеранттық идеяларына аса қызығушылық танытқан жоқ. Революциядан кейінгі сөздіктерде толеранттық сөзі сирек кездеседі.
«Большой Советский энциклопедический словарь» сөздігінің 3-ші басылымында толеранттық түсінігі тек арнайы медициналық термин ретінде енгізілді. Жалпы, толеранттық түсінігі 90-жылдардан бастап және қазіргі уақытта ғылыми әдебиеттерде белсенді қолданылуда.
Сонымен толеранттық түсінігінің шығу тарихына жасалған қысқаша тарихын əр дәуірде бұл мәселенің əртүрлі түсіндірілгенін көруге болады. Ғасырлар бойы толеранттық қоғамдық және діни біліктің, дін мен секталардың, дінге сенушілер мен атеисттердің өзара қарым-қатынасының қағидасы ретінде түсіндіріліп келді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Вагабова Н.М. Этническая толерантность в поликультурном обществе: автореф. дис... кан. фил. наук. – М., 1987. 35с.
- Головатая Л.В. Толерантность как проблема философии образования: автореф. дис... фил. наук. М., 2006. 49с.
- Абсатова М.А., Еслакова А.И.., Адасканова Ж.Қ. Толеранттық мәселесінің дамуына тарихи шолу // Педагогика және психология: ғылыми-әдістемелік журнал.М.: Алматы, 2013.С. 75-78.
- Бейсенбаева А.А., Убниязова Ш.А. Сущность понятия толерантности и её характеристика // Сборник материалов X Всероссийской научно-практической конференции. Психология и педагогика: методика и проблемы практического применения. Новосибирск, 2009. С. 67-71.