Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары білім жүйесінде бұқаралық спорт жұмыстарын ұйымдастыруды құқықтық реттеудің шетелдік тәжірибесі

Бүгінгі таңда спорт көптеген елдер мен халықаралық қатынастардың әлеуметтік экономикалық өмірінде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар осы сала бойынша көптеген қауіптер де орын алуда (допинг, спорттағы жемқорлық, күштеу, спорттағы әдептен тыс әрекеттер, халықаралық жарыстардағы төрешілердің әділетсіздігі және т.б.). Спортты дамытуда университеттер мен басқа да жоғары оқу орындарының маңызы зор.

Шетелде спорттық құқық пен жоғары кәсіби білім беруді құқықтық реттеуге ерекше мән берілген. Тек спорттық шараларды ұйымдастыру жүйесін құқықтық реттеу ғана емес, университеттерде спорттық құқықты оқыту тәжірибесі қалыптасқан. Мысалы, Манчестер университеті (Метрополитен) мен Ағылшын политехникалық университетінде спорттық құқық бойынша ғылыми атақ берілсе, Лондон корольдік колледжінде спорттық құқық саласы бойынша кәсіби дәрежесін жоғарылату туралы сертификат беріледі. АҚШтың Маркетт университетінде спорттық құқықтың Ұлттық институты жұмыс істейді.

Университеттік спорттың Халықаралық федерациясы (УСХФ) 1949 жылы Италия мемлекетінің Мерано қаласында құрылып, қазіргі уақытта бұл ұйымға әлемнің 100 елі біріктірілген. Барлық контингенттің ұлттық спорттық ұйымдары УСХФның мүшелері. УСХФ-ға КСРО студенттік спорттық федерациясы 1959 жылы мүше болды. УСХФ – халықаралық спорт федерациясының бас ассоциациясы мүшесі болып табылады. Жоғары орган – бас ассамблея, екі жылда бір рет жиналады. Ассамблея арасында оның қызметін атқарушы орган – комитет жүзеге асырады. Ресми тілдер ағылшын, француз және орыс тілдері, жұмыс тілдері – ағылшын және француз тілі.

Осы сала бойынша сарапшылар бағасы мен мемлекеттік органдардың ресми баяндамаларына мән берудің негізі бар деп санаймыз. Осы мәселеге еуропалық ұйымның бірнеше күрделі баяндамалары арналған. Бұл баяндамалар жүйелі түрде Францияда қарастырылады. Мұндай баяндамалар университеттегі бұқаралық спорт шараларын ұйымдастыруға немесе жоғары білім беру жүйесіне мемлекет тарапынан қолдау көрсету мәселелеріне арналады. Солардың ең маңыздысының бірі профессор Жан Фабраның «Спорт және университет» атты баяндамасы деп санаймыз (қараша, 1991).

Сондай-ақ, 1999 жылы Ұлттық комитет дайындаған университет спортының жоғары білім жүйесіндегі тәрбиелік мәніне арналған баяндама ондаған жылдар өтсе де, қазіргі уақытқа дейін өзектілігін жоғалтқан емес. Баяндама авторлары бірінші кезекте спорт – тұлғаның қоғамда қалыптасуы, дамуы, тәрбиеленуі, қоғаммен толық бірігуге дайындық, қосалқы дәрігерлік тексеру арқылы өзінің денсаулығына бақылау жасау деп түсіндіреді. Университеттегі спорт тек бос уақыт өткізу емес, студенттің білім алуының маңызды элементі ретінде қарастырылады. Сондықтан да, Франция университеттері спортының аспектілерін зерттеу Ұлттық комитеттің міндеті болып табылады.

Бұқаралық спорт саласы бойынша университеттік білім беру жүйесі миссиясын жүзеге асырудың келесідей құрылымдары қарастырылған:

  1. Университеттік дене мәдениеті және спорт қызметі. Бұл қызмет 1968 жылы құрылған. Кейбір жағдайларда Дене мәдениеті және спорттың университет аралық қызметі қарастырылған. Бұл бірнеше университет бір аймақта орналасса жүзеге асырылады. Мұндай қызмет құрамында 400 000 студент, 629 штаттық оқытушы болған жағдайда жүзеге асады. Олардың бюджеті шамамен 25% мемлекет қаражаты болса, 25% университеттің субвенциясы. Сондайақ, 50%-ы залды жалға беру мен университеттің спорт құралдарын қолданудан, студенттердің ақы жарнасынан құралады.
  2. Дене мәдениеті және спорттық ғылыми әдістемелік бірлестіктер. Бірлестік 1975 жылы ресми мәртебе алған, өз қызметін 28000 студент пен мыңға жуық оқытушымен жүзеге асырады. Мақсаты: кәсіби спорттық дайындықты жүзеге асыру.
  3. Спорттық ассоциациялар(AS – association sportives) – бұл Францияның барлық университеттерінде студенттер мен оқытушыларды кәсіби спорттық дайындауға арналып ашылған ассоциация. Оның мақсаты – университеттік спорттық жарыстардың барлығына қатысу болып табылады. Бұл ассоциация 95 мыңдай студент пен 500-ден аса университет пен жоғары оқу орнының спорт қауымдастығымен қамтылған.
  4. Университет спортының ұлттық федерациясы. Бұл 1978 жылы құрылып, студенттердің аймақтық, ұлттық және халықаралық спорттық жарыстарын ұйымдастырумен айналысады. Францияның Ұлттық Федерациясы университет спортының халықаралық Федерациясы құрамына енген. Мұның құрамына ең үздік студенттер мен студент емес спортшыларды коллегия таңдайды. Оқу түріне байланысты лицензиаттар саны шамамен 95 000 мыңға жуық.
  5. Университеттік спорт клубтары
  6. бұл ХХ ғасырдың басында университеттегі спорттың бастаушысы ретінде саналған. Негізгі міндеті университет қалашығында спорттық шараларды ұйымдастыру және университеттің үлкен спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету. 1999 жылғы көрсеткіш бойынша 45 спорттық клуб деңгейінде 78000 мүшесі болса, оның 20000 мыңы студенттер деген мәліметтерде беріледі.
  7. Университеттік спорт клубтарының Ұлттық одағы – 1961 жылы құрылған. Мұнда барлық университеттік спорт клубтары біріктірілген.
  8. Университеттік спорт кеңесі – бұл жоғары білім жүйесінде дене мәдениеті және спорт жұмыстарына, өтетін спорттық шараларды кәсіби дәрежеде ұйымдастыру қызметіне жауаптылар өзара бірлесе жұмыс атқаруы мақсатында құрылады.

Осы аталған құрылымдардың өзара әрекеттесуі университет ішілік ортада спорттық қызметтер бойынша белгілі бір бәсекелестікті қамтамасыз етеді.

Университеттегі дене мәдениеті мен спорттық шараларды ұйымдастыру ерекшеліктері мен тиімділігін бағалау үшін, авторлар Ұлттық комитеттің «Университеттегі спорт: студенттік спортты ұйымдастыру тәжірибесі» атты баяндамасы сараланды.

Жоғарыда қарастырылған Францияның жоғары кәсіби спорттық білім мекемелер спортының аспектілеріне арналған баяндамаларды зерттеу арқылы авторлар Ресейлік университеттері шараларын бағалаумен байланыстыра келе мынадай қорытынды жасайды;

  1. Франция студенттері спортпен шұғылданады, университеттердегі спорттық шараларды ұйымдастыруды қолдайды. Бірақ бұл жеткіліксіз, университеттің спорттық өміріне деген көзқарасты, спорттық шараларды ұйымдастыруға байланысты студенттердің ойлауын өзгерту қажеттілігін өзекті деп есептейді. Атап айт-қанда, қазіргі уақытта спорт басқа пәндер тәрізді екінші оқу пәні ретінде қа-растырылады.
  2. Франция университеттерін әлі күнге дейін спортпен шұғылдануға қажетті арнайы алаңдар мен құрал-жабдықтар жетіспеушігі анықталған, Бірақ соған қарамастан университет өмірінде спортқа деген қызығушылық артып, студенттер өміріне де өзгерістер енгізуде.
  3. Спорт тұлға аралық қарым-қатынаста маңызды құрал болып табылады. Жеке тұлға ретінде қалыптасуға зор ықпал етеді. Адамның жалпы жеке өмірінің динамикалық элементі саналады.
  4. Қоғамда, экономика мен дәстүрлік құндылықтарда спорттағы жас ерекшеліктің маңызы зор. Бұл тәрбие құралы болып табылады. Сондықтан да университеттің дене мәдениеті мен спорт саласы бойынша жеке саясатын қалыптастыру, оны жүзеге асыру қажеттілігі пайда болады.
  5. Университеттегі спортты дамыту мақсатында көптеген кедергілерді жою қажет. Біріншіден, спорттық құрал-жабдықтар, кәсіби маман, несиелеу, сондай-ақ университет есебінен басшылықтың спортқа дұрыс мән бермеуі.
  6. Спортты экономика саласының бір бөлігі ретінде саналы түрде қабылдауымыз қажет. Спорт тек спорт саласы мамандарына ғана қатысты емес, басқа да саланың кәсіби қызмет етуін қажет етеді. (денсаулық сақтау, спорттық медицина, өнім өндіру, спорттық кешендер салу, спорттық құрал-жабдықтар жасау).
  7. Студенттердің спорттық тәжірибеге қол жеткізуіне ықпал ету. Сондай-ақ университетке оқуға түскенге дейін спортпен шұғылданбаған студенттерді қамту. Университетте білім беруде әрбір адам үшін физикалық денсаулығын қажет етеді. Университеттің спорттық өмірімен толық таныс болуы үшін, әрбір оқу жылының басында «Спорт күні» өткізіледі. Спорттық бағытты таңдау үшін бірінші курста теориялық білім мен практикалық тәжірибе қатар ұсынылады. Бұл студенттің міндетті білім алуына қажет.
  8. Кәсіби спортшы саналатын студенттердің оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктеріне мән берген дұрыс. Жоғары кәсіби дәрежедегі жүзеге асырылған спорт, адамның басқа да әлеуметтік пайдалы қасиеттерін жетілдіреді. Сонымен, университеттегі оқу бағдарламасы мен спорттағы жоғары деңгейді қатар үйлесімді дамыту маңызды. Бұл үшін университет спорттық саланы жетілдіріп, студент спортшыларға ерекше құқық беруі тиіс. (сабақ кестесін таңдау, тапсырмалар таңдау, бақылау, университеттегі спорттық шараларға қатысу, студент-спортшы мен университет арасында келісім шарт жасау).
  9. Университеттегі спорттық жарыстардың өтуіне жағдай жасау. Бұл жарыстар ерекше жағдайда өтіп, студенттерде «Университеттік жанұя» сезімін қалыптасуына ықпал етуі тиіс.
  10. Студенттік өмірде спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасау. Жеке және ұйымдық спорт түрлерін тәжірибесіне тарту. Спорт адамның жеке ерекшелігіне қарай емес, барлығымен тіл табыса білуге үйретеді. Осы мақсатта адамдардың қоғамдық және интеллектуалдық стратификациясына қарамастан біріктіріп, жұмыс жасап жатқан студент пен оқытушы, университеттің әрбір персоналы марапатталуы тиіс. Бұқаралық спорттық шаралар студенттің өміріне өзгеріс енгізіп, бірлік пен ортақ мақсатта жұмыс жасай білуге үйретеді.
  11. Студенттерді спорттық ассоциация өміріне көп тарту қажет. Студенттерге кейбір спорттық шараларды ұйымдастыру жауапкершілігін жүктеу, олардың болашақ басшы ретіндегі дағдыларын қалыптастырады. Университет студенттері мен спорт ассоциациясы арқылы басқа да қоғамдық ұйымдар арасындағы қатынасты дамыту, университет мәртебесін арттырып, танымалдығына ықпал етеді.
  12. Университетке спорттағы жетістіктері арқылы қолдау көрсету арқылы оның бейнесін қалыптастырады. Университет потенциалды студенттермен қарым – қатынас жасауды қажет етеді. Спорт қарым қатынастың тиімді құралы болып саналады.

Университеттің спорттық құралжабдықтармен қамтамасыз ету жағын жақсарту.

Университетте оқытушыларына қойылатын талап қатал, сондықтанда университеттің кадрлардың біліктілігін арттыру, сырттан мамандар шақыру мәселесіне мән беру. Штаттағы оқытушылардың санын арттырып, олардың мәртебесі (статус) анықталуы тиіс.

Еуропа университеттерінің спорттық базаларын дамыту мәселесі 2004 жылы Француз Республикасының Ұлттық ассамблеясы делегациясының Еуропа Одағында жасаған «Еуропадағы жоғары білім туралы» ақпараттық баяндамасында қарастырылған. (депутат Мишель Эрбийон). Осы баяндамаға тоқталар болсақ. Баяндамада АҚШ университеттерінің спорттық шараларды қамтамасыз етуге деген бірнеше ерекшеліктерін келесідей қарастырады:

  • университет кампустарын көптеген спорттық құрал-жабдықтармен, спорт алаңдарымен қамтамасыз етілген. Бұл елдің ең жақсы деген спорттық жасақтарымен бәсекелесуге қабілетті. Америкалық университеттердің инфрақұрылымын Еуропалық университеттердің инфрақұрылымымен салыстыруға келмейді. Спорт алаңдары, бассейн, театрлар, кинотеатрлар, гольф, су спорты базасы, мұражай, парк, және т.б. АҚШ-тың Беркли университетінің стадионы 80 000 орындық, Францияның басты стадионы да осындай көлемде;
  • американдықтардың сүйікті спорты
  • америкалық футбол, баскетбол және бейсбол. Бұлар университеттің спорттық өмірінде ерекше орын алады. Америкалық күрделі университеттер жоғары деңгейлі спортшыларды таңдауға арнайы квота бөлінеді. Өйткені, спорт командалары университеттің мақтанышы болып саналады;
  • жалпы университеттегі жарыстар кәсіби спорттың жоғары деңгейін көрсетеді. Себебі, мұнда спорттық базаларға, спорт саласына, жоғары спорттық дайындық сапасына арналған ғылыми зерттеулер тек қана өз елдерінде ғана емес, шетелдерде кеңінен қолданылады. Бұл университеттің имиджін қалыптастыру үшін жасалған жұмыс болып табылады;
  • студенттердің әлеуметтік және спорттық өмірі көбінде кампус түсінігімен байланысты болып келеді, бұл Еуропада АҚШ-қа қарағанда аса көп тарамаған. Бұл, проблемалық мәселелерді студенттер мен оқытушылардың өзара бірлесіп шешуге мүмкіндік береді (есірткі қолданудың алдын алу, оқу үлгеріміне бақылау жасау, оқу үлгерімін жақсартуға мүмкіндік береді). Студенттің уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік;
  • америкалық университеттердің кампусы әлемге танымал, бұл оның тартымдылығын арттыруды қамтамасыз етеді. Университет қалашықтарында студенттердің толыққанды өмірі көрінеді, газеттер шығару, мәдени – спорттық шаралардан жарыстар ұйымдастыру. Университет аралық жарыстар оның өмірінің құрамдас бөлігі болып саналады. Осының барлығы жоғарғы сапалы студенттік өмірді көрсетеді;
  • Осыған байланысты америкалық университеттер спорттық жарыстарда да ерекше нәтижелеріне сәйкес көптеген жетістікке жетіп, жоғары кәсіби білімді студенттерді қабылдау квоталар бөлу мәселесі қарастырылған;

АҚШ-та әрбір университет студент таңдау мен қабылдауда университет талабына сай еркін жұмыс атқарады, мұнда тек білім деңгейі ғана емес, спорттағы жетістігімен қоса, талапкердің жеке әлеуметтік және мәдени шараларға қатысу жағына да мән беріледі.

Осыларды қорыта келе Эрбийона баяндамасында еуропалық Одақтың рөлін күшейтуді ұсынады. Бұл еуропалық университеттердің беделін арттырады.Мұнда Еуропалық Одақ университет дәрісханаларын жабдықтауға, кітапхана қорын көбейту, спорттық шараларды құралдармен жабдықтауды қаржыландыру жағынан маңызды рөл атқарады.осы аталған жоғары білім орындардың көп салалығы білім алмасу негізін көрсетеді. Осы баяндамадағы идеялар Ресей Федерация бұрынғы президенті В.В. Медведевтің жоғары білім саласына қойылған талаптарына сәйкес келеді. Мұны жүзеге асыру мақсатында Ресейде күрделі федералдық университеттер жобасы жасалуда.

Біздің ойымызша, жоғары кәсіби білім жүйесін жүзеге асыруда, оның стандарттарын қазіргі заманға сай өзгерістерін ескеріп, жоғары да аталған аспектілеріне мән берген жөн. Сондай –ақ кәсіби атлеттер лигасынан Стефан Дьяган және профессор Жерардың «Университетте спортты дамыту» атты баяндамаларына ерекше мән беруді қажет етеді. Баяндамада Францияның жоғары кәсіби білім жүйесіндегі университеттердің студенттерінің сандық көрсеткіші берілген.

2007-2008 оқу жылы бойынша Франция университеттері 1 400000 студент, оның ішінде 878 053 студент лицензиат деңгейінде, 452 886 – магистрант, 68 238 – докторант екендігін көрсетеді.

Бірақ осылардың 20% ғана, яғни 280 000 студент спорт саласы бойынша білім алуда. Студенттер арасында жүргізілген жалпы сауалнама көрсеткіші бойынша 70%-ға жуығы университет қабырғасында жүріп спортпен шұғылдануға қызығушылық танытқан. Бірақ қалай айналысу жолдарын білмеуде.

Бұл дегеніңіз спорттық шаралардың дұрыс ұйымдастырылмауы себептерімен және спорттық инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілмеуі салдарынан. Париж университеттерінің біреуі де толық спорт құралдармен жабдықталмаған.

Сауалнама нәтижесі бойынша Франция университеттерінің 28% ғана спорт жабдықтарымен қамтылған, қалғаны басқа мекемелердің еншісінде. Сонымен қатар, университеттің спорт құрал-жабдықтарының 60% күрделі жөндеуді қажет етеді. Шығынның 20 немесе 40% құрылыс жұмыстарына кететіндігі анықталған. Ашылған спорт алаңдарымен басқа да залдардың 15% қайта жөндеуді қажет етеді. Көптеген лицей мен колледждерге тиесілі спорт залдар кешкі 5-6 дан кейін жабылып қалатыны анықталған. Университеттегі спортты дамыту мәселесіне байланысты баяндама авторлары қазіргі уақыттағы мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы мөлшеріне мән берген. Мысалы, шамамен 4300000 еуро жылына бөлінсе, орта есеппен бір студентке шаққанда 2-3 еуродан келеді. Баяндама авторларының пікірлері бойынша осы көтерілген мәселені шешу жолдарын ғана ұсыну емес, 1 студентке жылына мемлекет тарапынан кем дегенде 15 еуро бөлінсе дұрыс деп есептейді. Ал университеттер өз бюджеті есебінен жылына 1% осы аталған қажеттіліктерді жоюға аудара дұрыс. Бұл позицияны университет қауымдастығы өкілдері сынға алатыны белгілі, себебі университеттің білім бағдарламасы бойынша оқитын студент үшін барлығы тегін болуы тиіс деп есептейді. Университетте студентке тегін спортпен шұғылдануға толық мүмкіндік жасалуы тиіс. Студенттің спортпен шұғылдану дәрісханасын, химия, биология пәндер бойынша тәжірибелік сабақтар өтетін дәрісхана құрал-жабдықтары құнымен салыстыруға мүлдем келмейді. Әсіресе күрделі жөндеу немесе спорт кешенін салу инвестициясын алатын болсақ. Жеңіл атлетика манежін салудың өзі шамамен 20 аудиториялы, 500 орындық амфитеатрды салу құнымен тең.

Сондықтан авторлардың айтуынша, мемлекет өзі үлгі көрсетіп, қолдау жасауы тиіс. Сонымен қатар студенттің спортпен шұғылдану құқығы оның университет кітапханасы қорын пайдалану құқығымен тең. (Франция университеттерінде студент кітап қорын тегін және ақылы түрде қолдана алады). Спорттық кешендер, нысандар салу, оны құралдармен жабдықтауды қаржыландыру мәселесі өзектілігін жоғалтқан емес. Сонымен қатар студентке жылына 50-60 еуро жұмсалса, жоғары деңгейлі кәсіби спортпен арнайы тәжірибе қалыптастыратынын айтады. Қорыта айтқанда, елімізде де жоғары кәсіби білім беру жүйесі саласы бойынша шетелдік тәжірибені қолданып, спорттық шараларды ұйымдастырудың аталған аспектілерін ескеріп, құқықтық тұрғыдан реттеуге мән беру қажет.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Бароненко В. А. Здоровье и физическая культура студента. – М.: Инфра-М, 2009.
  2. Виленский М.Я. Физическая культура и здоровый образ жизни студента. – М.: «Гардарики», 2007.
  3. Виленский М.Я. Физическая культура в формировании здорового образа жизни студентов / М.Я. Виленский, И.Г. Бердников // Физическая культура в процессе обучения и профессиональной подготовке будущего учителя: сб. статей. М., 1982
  4. Алексеев С.В. Международное спортивное право: учебник/ Под ред. П.В. Крашенинникова. – М.: Юнити – Дана: Закон и право, 2008.
  5. Beloff Michael J.Kerr Tim, Demetriou Marie. Sports law. Oxford; Portland (Oreg.): Hart, 1999.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.