Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың: «Спорт игілікті іс. Спортта мінез – құлық қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар-ұятқа тиетін іс жасамайды. Жастайынан спортпен айналысқандар бүкіл ғұмыр бойы табысқа жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжірибемнен білемін», деуі тарих сахнасының төрінен спорт қозғалысының өзіндік орны бар екендігін дәлелдеп тұрғандай.
Міне осындай қасиетке ие спорт түрлерінің бірі ұзаққа жүгіруде адам болмысын тамаша етіп тәрбиелейді. Ұзаққа жүгірумен айналысатын қандай жастағылар болсын бойына тек бәсекеге деген ұмтылыс пен қайсарлық, қажырлылық, табандылық, батылдық және адалдық сынды адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра алады.
Телеуғалиев Ю. өзінің 10 сынып оқушыларына араланған «Дене тәрбиесі» оқу құралында: «Жүгіру – бұл үлкен ерік пен жігер көрсету... салмақсыздықты, өз денеңнің қозғалыс жылдамдығын сезіну, бәрін ұмыта ұмтылу, уақыт ағысын артқа тастау, ең ақырында, жеңістің жақын екеніне сену... қуанышы!» деп жазады. Әрине мұның мәнін жүгірумен айналысатын адамдарың бірден түсіне кететіні бәрімізге мәлім. Біз осыдан да жүгірудің ерекше мінездемесін анық көре аламыз.
Сонымен, жүгірудің әсіресе ұзаққа жүгірудің мән-маңызын түсіндіру әрі қарапайым әрі елеулі ерекшелікке ие үрдіс. Ал, ұзақ қашықтыққа жүгіру спорт түйірінен жоғары жетістікке жету үшін жүйрік өзінің дене қуаты дайындығын жоғарылатумен қатар, жаттықтыру үрдісі кезінде техникалық-тактикалық дайындықтарын да жоғары деңгейде дамытуы керек болады. Бұл үшін жаттықтыру үрдісінің әрбір кезеңіндегі жаттығу барысында техникалық дәлдік пен тактикалық шеберлікті үнемі шыңдап, аталмыш дайындықтардың деңгейін сақтап отыру әрі үздіксіз жоғарылатып отыруы керек.
Қазіргі кездегі көптеген археологиялық ескерткіштер жүгірушілер бәсекесінің ежелгі дәуірден бастап дамығандығын көрсетеді. Б.з.б. 776 жылғы І олимпиадалық ойындар бағдарламасында жүгіруден жарыс өткізілген. Ол кездегі жарыс жолының ұзындығы 192.27 м қашықтыққа тең болып, ол "стадиром" деп аталған. Яғни сол кездегі стадионның жүгіру жолының жалпы ұзындығына сәйкестіріп алынған.
17 ғасырдың орта кезінен бастап, Англияда кәсіпқой жүгірушілер пайда болады. Олар көбіне ұзақ қашықтықтарға сынға түскен. Қазақ халқының ауыз әдебиеттерінде желаяқтар жарысы туралы аңыз, әңгімелер бұрыннан белгілі.
ХІХ ғасырдағы батыс елдерінің саяхатшыларының жазба жұмыстарында Орта Азия халықтарының өмірінде, оның ішінде қазақ халқы туралы: «... олар топ болып, жиналып күресетінін, қуаласпақ ойнағанын, ара қашықтыққа жүгіріп жарысқанын» жазған, мысалға, 1000 метрден 5000 метр аралығына жүгіру «Жаяу жарысы» кең жазықта мереке кезінде өткізілген екен. Ал, ереже бойынша жүгіру өнері қазақ топырағына 19 ғасырдың соңына таман жетті. Ресми жарыстар 20 ғасырда өтті.
1912 жылы Семей қаласында «Нептун» спорттық клубы құрылған кезде, оның жеңіл атлетика бағдарламасы бойынша 100 метрден 10000 метр қашықтықтарға жүгірулер жарысы жыл сайын өткізіліп тұрған. Сонадай-ақ «Динамо», «Спартак» «Колхозшы» спорт қоғамдарының жүйріктері де ұзақ қашықтыққа жүгіруден көптеген жетістіктерге жеткен.
1966-2000 жылдары аралығында ұлтымыздан шыққан С. Исамбеков (5000 м, 10000 м), Ә. Байтков (20000 м), Е. Жамбылов, Б. Күреңкев қатарлы саңлақтарымыз КСРО кезінде әр түрлі қашықтықтарға жүгіріп, елеулі табыстарға қол жеткізді. Солардың ішінде XVII олимпиада ойынының күміс жүлдегері Ғ. Қосанов (1960 ж. Рим. 200 м.), 1966 жылғы Еуропа кубогінің иесі Ә. Тұяқбаевтардың (100 м) тамаша табыстарын атап өтуге болады.
Ал қазіргі кездегі Қазақстан жеріндегі аталмыш спорттың жағдайы онша көңіл қуантпайды. Соңғы реткі Пекин, Лондон олимпиадаларына барған жеңіл атлеттеріміздің арасында ұзақ қашықтыққа жүгіретін бірде бір спортшыларымыз жоқ.
Тек бұл ғана емес, 01.01.2009 жылға дейінгі жарыс қорытындыларынан біздің елдің жүйріктерінің рекордтық көрсеткіштері мен Әлемдік және Азиялық рекордтардың уақыт айырмашылығының соншалықты алшақ екендігін анық көре аламыз.
Мұндай айырмашылық тек ерлер тобында ғана емес, әйелдер, жас жеткіншектер, қыздар көрсеткіштерінде де анық көрінеді. Міне осыған қарап біздің елдегі ұзаққа жүгірушілердің қазіргі нақтылы жағдайын біле аламыз.
1-кесте – 3000 м, 5000 м, 10000 м қашықтықтарға жүгіруден Әлем(Ә), Азия(А), Қазақстан
(Қ) рекордтары (ерлер арасында)
3000 м |
|||
Ә |
7.20.67 |
Даниэль Комен |
Кения |
А |
7.30.76 |
Джамал Билал Салем |
Катар |
Қ |
7.48.35 |
Сергей Наволокин |
Жамбыл обл. |
5000 м |
|||
Ә |
12.37.35 |
Кенениса Бекеле |
Эфиопия |
А |
12.51.98 |
Саиф Саед Шахен |
Катар |
Қ |
13.35.64 |
Сергей Наволокин |
Жамбыл обл. |
10000 м |
|||
Ә |
26.17.53 |
Кенениса Бекеле |
Эфиопия |
А |
26.38.76 |
Абдуллах Ахмад Хасан |
Катар |
Қ |
27.58.9 |
Анатолий Бадранков |
Алматы |
3000 м кедергілі жүгіру |
|||
Ә |
7.53.17. |
Брахим Боуллами |
Марокко |
А |
7.53.63 |
Саиф Саед Шахен |
Катар |
Қ |
8.33.71 |
Игорь Зимин |
Қарағанды |
Көрші ел Ресейде ұзақ қашықтыққа жүгірудің жалпы жағдайы біздің елмен мүлдем ұқсамайды. Бұған бір ғана мысал, 2008 Пекин олимпиадасында әйелдер арасындағы 3000 м қашықтыққа кедергімен жүгіруде жартылай финалға 3 бірдей Ресей қыздары, Самитова Гүлнар, Волкова Екатерина және Петрова Татьяна Шықты. Нәтижесінде Самитова Г.Г 8.58.81 уақыт көрсеткішімен бұрынғы 9.01.59 нәтижесін жаңартып, әлем рекордты орнатты, Волкова Екатерина 9.07.41 уақыт көрсеткішімен қола медалға қол жеткізсе, Петрова Татьяна 9.12.33 уақыт көрсеткішімен төртінші орынға жайғасты. Міне осыдан-ақ Ресейдегі ұзақ қашықтыққа жүгірудің қаншалықты деңгейде екенін біліп алу қиынға соқпайды.
Ресейдегі ұзақ қашықтыққа жүгірушілерді дайындауда өте көптеген жұмыстар атқарылады. Солардың ішіндегі ең бастысы – ол жердегі түрлі деңгейдегі дәстүрлі жарыстар үнемі өтіп тұрады. Әрине, жарыстардың көп ұйымдастырылуы жасөспірімдерден бастап ересек жастағы адамдарға дейінгі әуесқой спортшылардың түрлі үйірмелерге қатысып, команда құрып, тіпті өз беттерімен де жаттығуларына (машықтану) мүмкіндік береді, белсенділіктерін арттырады.
Халықаралық және Қазақстан Республикасы жеңіл атлетикалық федерацияларының бекіткен жарыс күнтізбелік жоспарларына (Федерация легкой атлетика Республика Қазақстан. Информационный бюллетень 1) сүйенсек, 2009 жылға жоспарланған түрлі деңгейдегі 56 Әлемдік жарыстардың 11 түрі Ресей жерінде өтеді, яғни, Ресей бүкіл жарыстың 20 пайызын өз жерінде өткізе алады. Бұл жарыстарға белсене қатысу, өз еліндегі аталмыш спорт түрінің қаншалықты деңгейде дамығаны әйгілеу жергілікті жердегі тұрғындардың, жастар мен жасөспірімдердің арманы, әрі олардың осы спортқа деген терең сүйіспеншіліктерін білдіреді. Мұның өзі, өз кезегінде ұзақ қашықтыққа жүгіру спортының дауымын ілгерілетеді. Ал, Қазақстан жерінде осы бәсекелердің тек үшеуі ғана өтеді. Бұл үлес салмағы жағынан 0.05 пайызды ғана ұстайды. Әрине, бұл өте үлкен айырмашылық. Осыған негізделіп, қазақ жеріндегі ұзақ қашықтыққа жүгіру спортының даму деңгейі өте төмен екенін аңғара аламыз. Әлемдік жарыстардың көп бөлігінің Ресей елінде өтуі ол елдің әлемдік желаяқтар тартысында елеулі маңызға ие екенінде білдіріп тұрғандай. Дегенмен, бұрынғы Кеңес кезімен салыстырғанда ол елдің де, орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру спортының дамуы сәл баяу, Кеңес кезіндегі сияқты орта және ұзақ қашықтыққа жүгіруші желаяқтардың да саны біртіндеп азайған. Бұлай болудың негізгі себептерін осы елдегі аталмыш спорттың жанкүйерлері: халықтың әлеуметтік жағдайы, спортты қаржыландырудың азаюы т.б. болуы мүмкін деп түсіндіреді.
Ресей жеріндегі ұзақ қашықтыққа жүгірушілерді дайындаудағы тағы бір артықшылығы – ұзақ қашықтыққа жүгірудің теориялық, әдістемелік негізін қалайтын әдеби көздері мен алдыңғы буын ұзақ қашықтыққа жүгірушілердің озық тәжірибелер жинақтарының көптігі. Мысалы, В. Куц, П. Болатников т.б. жүйріктердің жазып қалдырған кітаптары, озық тәжірибелері, естеліктері өте көп. Міне осындай тамаша әдістемелік құралдарының арқасында олар мектептерде, балалар жасөспірімдер спорт мектептерінде, спортшыларды дайындау орталықтарында ұзақ қашықтыққа жүгіру оқу жаттықтыру сабақтарын озық тәжірибелерге сүйене отырып, жүйелі әрі ғылыми түрде өткізе алады. Ал, қазақ жерінде ұзақ қашықтыққа жүгірушілерді дайындауда пайдалануға болатын қазақ тіліндегі әдебиеттер жоқтың қасы, тіпті мүлдем жоқ деп айтуға болады. Қала, облыс орталықтарында орыс тіліндегі Ресей әдебиеттерін оқып пайдалануға болады. Ал, аулды жерлерде бұл мүлде мүмкін емес. Сондықтан да, қазақтың болашақ желаяқтары ауылдағы мектептегі әр сыныпқа арналған дене тәрбиесі оқулықтарын оқыи алса оқыи алды, оқыи алмаса, олда жоқ болып отыр.
Міне осындай ұзақ қашықтыққа жүгіру туралы түсінікті тереңдетіп, теориялық білімімізді молайтатын әдеби көздеріміз болмаса, өз тәжірибемізбен салыстыра отырып қарайтын озық тәжірибелер болмаса мұның өзі еліміздегі ұзақ қашықтыққа жүгіру спортын дамыту мен жүгіруші стайерлерді дайындауға үлкен кедергі болатыны даусыз.
Қазіргі кезде ұзақ қашықтыққа жүгіру спортының қоғамымыздағы таралуы, соның ішінде өз ұлтымыздың жастарының арасындағы орыны өте төмен. Ұзақ қашықтыққа жүгіруді ауызға алынса болды, әдетте спортпен айналысатын жастарымыз болмаса, қалғандарының қабағы түйіліп, сүлгіні түсіп, салындысы суға кетіп, жүгіруге дайындалғанның орынына, шама бар жүгірмеуге тырысып, алуан түрлі адам ойына келмейтін, сылтаулар мен себептерді айтып, жүгіруден ат тонын ала қашады. Бұл бір-екі рет қана емес, мәңгілік солай жалғаса береді. Ал кейбіреулері «шыда жаным шыдалап» жүгіреді, не жүгірудің дұрыс техника тактикасын білмейді де, қара сорпасы шығып, қиналады да, кейіннен жүгіріс туралы естісе болды жүрегі айнып, өз қатесін білмей барлығында жүгірудің кесапаты деп есептейді, келесі жерде жүгірместей болады. Міне біздің жастарымыздың жүгіріске, соның ішінде ұзақ қашықтыққа жүгіруге деген ынтасы осылай, сонда спорттың бұл түрінің болашағы не болмақ?
Дәл осындай көптеген кедергілер мен мәселелерді ескере отырып, оларды жеңу жолары мен ұзақ қашықтыққа жүгіруді дамытудың тиімді жолдарын табу бүгінгі күндегі аталмыш спорттың болашағына қатысты маңызды қиындық болып отыр.
Ұзаққа жүгіруші жеңіл атлетті дайындау – бұл үлкен маңызға ие әрі асқан жауапкершілікке толы жаттықтыру тәрбиелеу үрдісі. Бапкерлер мен ұстаздар өзінің жүйрігін баптап, еш мінсіз етіп тәрбиелеуі – отанымыздағы ұзақ қашықтыққа жүгірудің болашағына өшпес үлес қосқаны болып саналатындығын түсінуі, сезінуі, өз міндетін риясыз адалдықпен атқаруы керек. Ал, ұзаққа жүгірумен айналысатын спортшыларда өзін спорттық және тұлғалық жақтарынан дамытумен қатар өзінің бұрынғы өткендердің ізбасары, кейінгі жастардың үлгі-өнегесі екенін сезіне отырып, Қазақстан жерінде аталмыш спорт түрінің дамуына бір кісідей үлесін қосуға күш саулауы керек. Бапкер мен бапталушы жүйрік міне осындай жауапкершіліктері мен міндеттерін анық түсіне алғанда ғана олар спорттан жоғары деңгейге жете алады. Сондықтанда, ұзақ қашықтыққа жүгіруші жеңіл атлеттің спортта жоғары көтерілуі мен еліміздегі ұзаққа жүгірудің дамуы тек спортшының, бапкердің, немесе жергілікті органдардың ғана ісі емес, оған барлық қоғам мүшелері болып ат салысқанда ғана, өзара бірлікте күш салғанда ғана аталмыш спорттың болашағы нұрлы бола алады. Әрине, біздің кең жазиралы қазақ сахарасында көптеген жүйріктер дайындауда, олар әлі талай бәсекелерде отанымыздың абройын көкке көтере алатындықтарына сенімдіміз.
Көптеген зерттеулер мен бақылаулар және жүргізілген сауалнама қорытындысы негізінде ұзақ қашықтыққа жүгіруді Қазақстанда қалай дамыту керек? – мәселесіне мынандай ұсыныстар жасамақпын:
- Ең әуелі ұзақ қашықтыққа жүгіруді мектеп қабырғасынан бастап, жас жеткіншектерімізге ұғындырып, олардың жүгіруге ынтасын ерте ояту керек. Мектеп ішінде «желаяқтар күні», «кім жүйрік?»,т.б. жүгіру жарыстарын өткізіп, оқушылардың ұзаққа жүгіруге дайындықтарын жан-жақтылық жетілдіру керек.
- Жоғары оқу орындарында, арнайы оқу орындарында, студенттердің арасында «жүгіруді ұнатушылар», «желаяқтар» клубтарын ұйымдастыру, жатақханаларда да осы клубтарды міндетті түрде құру керек.
- Жергілікті жерлерде көпшілік сауықтыру шараларын үнемі ұйымдастырып тұру, спорт мейрамдарына, халықаралық ресми мерекелерге, спорт ардагерлерін еске алуға байланысты түрлі қашықтықтарға жүгіру жарыстарын жыл сайын тұрақты өткізіп отыру керек. Сонда ғана барлық адамдардың қызығушылығы артады, өз беттерімен жаттығу алып барады.
- Әрбір мемлекеттік мекеме, түрлі оқу орындары қызметкерлерінің арасында жыл сайын байқау ұйымдастырып, қызметкерлердің арасында жүгірудің кең таралуына мүмкіндік жасау.
- Ауылды жерлердегі жас жеткіншектерге жыл бойы іріктеу мен бағыттау жұмыстарын ғылыми түрде жүргізу, жүгіруге бейімі бар балаларды облыс орталықтарындағы, Астана, Алматыдағы жоғары дәрежелі спорт мектептеріне жіберіп, болашақ чемпиондарды дайындау, ұлтымыздың келешек желаяқтарының ауылда жанбай жатып, сөніп кетуіне жол бермей, қазіргі жағдайды ғана ойламай, болашақ саңлақтарымызды дайындауды да ойлау керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Уанбаев Е.Қ. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы: «Санат», 2000.
- Макаров А.Н. Бег на средние и длинные дистанции. – М.: ФКиС., 1973. – 240 с.
- Кузенцов В.С. Анализ техники легкий атлетических видов. – М., 1985.
- Макаров А.Н. Бег на средние и длинные дистанции. – М.: ФКиС., 1966.
- Уанбаев Е.Қ, Уанбаева Ф.Ж. Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі. Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006. – 270 б.
- Травин Ю.Г., Чернов С.С. Легкая атлетика. – М.: ФКиС, 1983.
- Макаров А.Н. Бег на средние и длинные дистанции. – М.: ФКиС, 1973. – 240
- Шорец П.Г. Бег на 3000 м с препятствиями. – М.: ФКиС, 1967.
- Шорец П.Г. Бег с препятствиями. – М.: ФКиС, 1971
- Вакуров С.А. Бег на средние и длинные дистанции. – М.: ФКиС, 1971.
- Болатников П.Г. Последний круг. – М.: «Молодая гвардия», 1975.