Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балаларда қозғалыс функциясын қалыптастыру

Дене тәрбиесі мен спорт денсаулықпен тығыз байланыста болады. Ақаусыз денсаулық дене тәрбиесінің басты нысаналарының бірі. Дене және психикалық жақта ақаусыздыққа жетуде дене тәрбиесі мен спорт ең белсенді тәсіл болып есептеледі.

Адамзат дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі көзқарасын өзгертіп, ырықсыз спортты ырықты спортқа айналдырып, өзіндік дене тәрбие – денсаулық санасын орнату қажет. Дене тәрбиесі мен спорты өзінің тұрмысы мен қызметінің бір бөліміне айналдырып, дене тәрбиелік шынығуларға ырықтықпен қатысуы, денсаулықты өз істерінің табысқа жетуімен елі үшін қызмет етудің алғы шарты деп қарау қажет.

Әр бір адам дене тәрбиесі жаттығуларымен, спортпен айналысу сау денелі болуды және ақаусыз психиканы, тамаша идея моралды қалыптастыруды өзінің қоғамдық жауапкершілігі ете отырып, отаншылдық, көпшілдік сипаты мен ұйымдық тәртіпшеңдікке баулуда, серіктестерімен өзара барыс-келісті жақсартуда, адамдар ара тамаша қатынас орнатуда, салауатты өмір салтын қалыптастыруда келелі маңызға ие.

Қазіргі талаптарды ескере отырып мектептегі дене тәрбиесі міндеттерін толық және табысты шешу үшін табиғи ортаны және адамның қозғалыс қызметі жағдайларын жан-жақты зерттеу қажет болады. Осы мәселенің маңызды бөліктерінің бірі – мектеп жасындағы балалардың қозғалыс функциясын дамытудың педагогикалық аспектілерін зерттеу.

Үйлесімділігі жөнінен күрделі қозғалыстарды адамның орындауы, оларды басқара отырып, бір қозғалыстан екіншісіне ауысу, қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына сәйкес жаңа қозғалыс қимылдарды жылдам жасау қабілеттілігі – бұлардың бәрі де биологиялық және педагогикалық факторларға негізделген қозғалыс қызметтерінің қасиеттері.

Биологиялық фактор балалар мен жеткіншектердің жас ерекшеліктерімен байланысты, оның әсері елеулі түрде олардың қозғалыс қызметтеріне әсер етеді. Оның биологиялық дамуына қозғалыс анализаторының жетілуі, үлкен жарты шар қабығындағы және жүйке ет аппаратының жасқа байланысты ерекшеліктері; биологиялық жағынан кемелденуі; акселерация құбылысы; дененің дамуы себепкер болады. Биологиялық фактордың барлық бөліктерін физиологтар, гигиена, морфология саласындағы ғалымдар зерттеуде; біздер, ұстаздар осыларды ескере отырып, олардың көрсін беруіне сай іс-әрекет жасауымыз қажет.

Алайды, қозғалыстың жетілуі қозғалыс қызметінің белсенділігінің тәртібімен де байланысты. Ақырында, қозғалыс қызметтерін қалыптастыру мен жетілдіру негізгі шатыртарды сақтаған жағдайда ғана педагогикалық әсер ету жолымен шешілді.

Бірінші шарт – қозғалыс әрекеттеріне үйрету. Оқушылардың қозғалыс тәжірибесі көп болған сайын, оларда жаңа қозғалыс қимыл түрлері жылдамырақ қалыптасады. Ақырында негізгі гимнастиканың ойындарын, жүзуді, шаңғымен жүруді, спорттық жаттығуларды енгізе отырып оқушылардың кең көлемді бағдарламасымен оқыту қозғалыс функцияларының қалыптасуына себепкер болады.

Екінші шарт – дене қасиеттерін дамыту. Олардың дамуы қаншалықты жоғары болса, қозғалыс дағдылары да соншалықты табысты, нәтижесінде қозғалыс әрекеттері де қалыптасады. 6-7 жастағы балалардың жеке қозғалыс жылдамдығына, иілгіштігіне, икемділігіне, бұлшық еттерінің тұрақты күшіне, 8-10 жастағылардың жылдамдығына, икемділігіне, дене бұлшық еттерінің тұрақты күшіне, 11-13 жастағылардың күш шапшаңдығына, 14-16 жастағылардың ең жоғары күш деңгейі мен шыдамдылығына назар аудара отырып, барлық қасиеттерін бірқалыпты дамыту керек.

Үшінші шарт (ең маңыздысы) – бұлшық ет күшін жұмсау мен уақыт бойынша жасалған қозғалысты дәл бағалай білу біліктілігіне үйрету.

Осы шарттарды жүзеге асыру мұғалімнің қызметіне байланысты. Қозғалыс әрекеттеріне үйрету барысында педагогикалық әсер етудің барлық шатыртары өзара бірігіп іс-әрекет етеді, өйткені қозғалыс функцияларының көрсеткіштері қозғалыс дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Олардың қайсы бірін елемеу үйрету барысын кідіртуі немесе күрделендіруі мүмкін. Дегенменде үшінші шарттың ерекше орын алатындығын естен шығаруға болмайды.

Қозғалыстың дәлдігі мен үйлесімділігі ет сезінуінің жақсы дамуымен қамтамасыз етіледі. Ол дене жаттығуларының көмегі мен арнайы үйреткен жағдайда ғана жетілдіруге болатын қозғалыс анализаторлары қызметінің нәтижесі болып табылады. Қозғалысты басқару мүмкіндігі туралы айта отырып, И.П. Павлов адам өз қимылының әрбір сәтін сезінбейтін болса, онда оларды басқара да алмайды деп атап көрсетті.

Өз кезегінде П.Ф. Лесгаф та дене мүшелерінің әртүрлі қозғалыстарын талдау мен оларды өзара салыстыруға мүмкіндік беретін уақыт пен кеңістік арқылы ғана қабылдаумен балаларды үйретуге болатындығын сенімді түрде дәлелдеді. Әрине қозғалыс қимылдарына оқушыларды табысты түрде үйретудің басты шарттарының бірі – қозғалыс анализаторының дамуына себепкер болатын және уақыт, кеңістік пен бұлшық еттердің күш жұмсау дәрежесі бойынша орындалатын қозғалыстарды бағалау біліктілігімен тығыз байланыстағы қозғалыстарды басқару қабілеттілігін оларда тәрбиелеу керек екендігі түсінікті.

Өкінішке орай, бұл шарттар мектептегі дене тәрбиесі сабақтарында үнемі сақтала бермейді. Осыларға байланысты айтылған шарттардың орындалуына толық тоқтала кетелік. Қозғалысқа жұмсалған күш, кеңістік пен уақыт бойынша орындалуды бағалау дәлдігі, осыған арнайы бағытталған қимыл-қозғалыстарды және жіберілетін қателердің көлемі туралы жедел ақпараттар әдісін қолданған жағдайда балаларда қалыптасатындығы сынау жолымен белгілі болған.

Кеңістік пен уақыт арасындағы қозғалыс әрекеттерін бағалау біліктілігін қалыптастыру жалпы заңдылықтарға бағынатындығы да белгілі болып отыр. Сол заңдылықтарға сәйкес қозғалыс дағдылары қалыптасады және олар қозғалыс әрекеттерінің үйлесімділік күрделігімен тығыз байланысты. Қимыл-қозғалыстарды орындау барысында осы біліктіліктер қалыптасады.

Бастапқыда балаларды қарапайым түрдегі қозғалыстың жекелеген сипаттамаларын білуге үйрету керек, яғни дененің жекелеген бөліктерімен қимылды баяу және шапшаң екпінде, сосын осы қозғалыстарды отыру түрінде дененің барлық мүшелерін қатыстыра отырып, бірақ баяу және шапшаң екпінде, аз немесе көп күш жұмсап орындау керек.

Сипаты бойынша бір-бірінен шапшаң айырылатын қозғалыстар айырмашылығы аз, ұқсас қозғалыстарға қарағанда есте жеңіл сақталады. Осы сипаттағы қозғалыс тапсырмалары 6-7 жастардағы балаларға оңтайлы. Олар салыстырмалы түрде баяу жүріс пен жүгірісті жылдам жүріс пен жүгірістен, допты қашық не жақын лақтырылғандығын, баяу жасалған қозғалысты жылдам орындалған қозғалыстан жеңіл айыра біледі.

Бірінші сыныптағылар бірнеше сабақтардан кейін-ақ дененің жеке мүшелерімен қозғалысты орындауға ғана емес және дененің кеңістіктегі қалпын бағалай білуге де қабілетті, кіші допты лақтырудағы лақтыру қашықтығын, сондай-ақ үлкен допты 4-5 м дейінгі лақтыруды жеткілікті дәл айыра алады, бір метрге дейінгі белгіленген қашықтыққа орыннан ұзындыққа қарғуды да жақсы анықтайды, жүріс пен жүгіріс кезіндегі адамның қысқа, орта және ұзын екендігін де айыра алады. Бұдан бөтен де жүру мен жүгірудің баяу, орта және жылдам екпінінде қимылды орындауға үйренеді.

2-сынып оқушылары берілген қашықтықты және саптағы жаттығуларды орындау кезінде бір метрден екі метрге дейінгі аралықты анықтай білуге, 50 см-ден бір метрге дейінгі ұзындыққа секіруді, бағыт белгі бойынша анықтауға қабілетті, сондай-ақ берілген секіру тапсырмаларының 50 процентін орындай алады, берілген қашықтыққа кіші допты лақтыру қашықтығын жақсы анықтайды, бір мезгілде қарқын жасай отырып жүгіру екпінін өзгертуге қабілетті. Қол, аяқ және кеудемен қимыл қозғалыстарды орындағанда белгілі бір уақыт ішінде кеңістікте қозғалысты дәл орындауға да қабілетті жетеді. Екінші сыныптағылар барынша және «жартылай күш» жұмсап секіру мен үлкен доптарды лақтыру кезінде тапсырманы орындауға қабілетті. Заттардың көлемін көру арқылы бағалау жолымен заттар мен қашықтықтың өлшемін анықтауға берілетін тапсырмалар да тиімді болмақ. Бағалардың дәлдігі туралы ақпараттарды балалар өздерінің тексеруі арқылы алу керек.

3 сыныпта әр түрлі қозғалыс тапсырмаларын орындауда кеңістікті, уақытты және күш жұмсаудың сипаттамаларын бағалау біліктілігін қалыптастыру жөніндегі жұмыстар осы тапсырмаларды күрделендіру жолымен жалғасу керек. Бұдан бөтен де, кеңістік, уақыттық және күш жұмсау сипаттамаларын бөлшектеуге жаңа тапсырмалар енгізіледі. Ондай тапсырмалардың үлгісі төмендегідей болуы мүмкін: үш-төрт рет қайталауда секіру ұзындығына аз ғана, қашықтық қосу, мұғалімнің тапсырмасы бойынша адымның ұзындығы мен жүгіру екпінін өзгерту, бір орында жүгіргенде уақытты азайту 3 сынып оқушылары орыннан секіруді орындағанда ет күшін жұмсау дәрежесін бағалауға қабілетті өлшеп, белгіленген қашықтыққа секіру немесе нығыздалған допты көзді жұмып лақтыру, сезінуі бойынша нығыздалған доптар мен өзгеде заттардың салмағын анықтау.

Өз жетістіктерін бағалай білу біліктілігін үйренген оқушылар әр түрлі қозғалыс әрекеттерін жеңіл меңгереді. Қимылдарды салыстыра алады, қозғалыс әрекеттерінің ұқсастығы мен әр түрлілігін анықтай алады.

Қозғалыстың негізгі сипаттамаларын бөлшектеп қарастыру біліктілігіне үйретуді дербес міндеттер есебінде, жалпы қимылқозғалыс дайындығы есебінде қарастыру керек. Бұл, қозғалыстың жекелеген сипаттамаларын бағалау қабілеттілігі жекелеген және қасиеттерінің даму деңгейіне қатыссыз екендігіне негізделгендігін көрсетеді. Мысалы, оқушының күші жақсы жетілген болып, бірақ оны басқару қабілеттілігіне ие болмаса да, дене қасиетін меңгерген болып есептеледі.

Қозғалыстың жекелеген өлшемдерін бағалау қабілеттілігі өзге қабілеттерге ауыспайды, яғни оқушы қозғалыс шапшаңдығын жақсы бағалай алуы мүмкін де, кеңістіктегі дәлдікті нашар бағалау мүмкін. Қозғалыстың негізгі өлшемдерін бағалай білу қабілеттілігі дене дамуы мен дене дайындығы деңгейіне қатыссыз. Бұл ережелер дербес міндеттер есебінде салыстырмалы түрде жалпы қозғалыс дайындығын арнайы айырып қарастыру қажеттігіне дәлел болады. Бұлар уақыт бойынша, кеңістікке және ет күшін жұмсалу дәрежесі бойынша негізгі қозғалыс өлшемдерін бағылау қабілетін қалыптастыру жолымен шешіледі.

Қайталау – оқу анасы. Қозғалыстың байыпты негізі – көп қайтара қайталауда екендігін сабақты ұйымдастырушы әрқашанда есінде ұстасын. Аталғандар көпшілікке белгісі сияқты, оқырмандардың назарын бұған аудару қажет пе? Дегенмен де балалардың спорттық топтарында сабақ жүргізу тәжірибесіне көңіл бөлелік.

Спорт барлық түрлері бойынша сабақтарды баяу, қыздырыну жүгірістерінен бастайды. Өкінішке орай, жаттығу жетекшілері 10-15 минуттық тапсырма беріп қойып, көп жағдайда топқа көңіл аудармайтындығы шындық. Олар осы сәтте журналдарға өтілген материалдарды жазады, баға қояды не сабақ жоспарын қарайды.

Егер жүгірушілерге зер салып қараса тек жекелеген оқушылар ғана қыздырыну кезінде тұлғаны дұрыс ұстап, қолдарды дәл жұмыс жасатып, жүгіру жолына аяқты дұрыс қойып жүгіретіндігін байқауға болар еді. Балалар да осыларға жете мән бермейді: жүгіру барысында әңгімелесіп, жаңалықтар мен алған әсерлерін бөліседі.

Қыздырыну кезінде қысқа адыммен жүгіріп, ондаған, жүздеген мың қадамдар жасалса және егер онда үнемі қателіктер жіберілсе, жаттығу мен жарыстық жүгірістердің техникасы да сонда болмақ. Әңгіме мынада, сабақтың негізгі бөлімінде қашықтықтың әр түрлі қиындыларына үйрету үлкен шапшаңдықпен және адым санының елеулі азаюымен бірге жүреді. Сөйтіп үйрету кезіндегі қозғалыстар аз, ал оларды үлкен шапшаңдықта орындау қиын болады. Сондықтанда оны, бәрінен бұрын тұлғаны, басты ұстауды, қолдардың жұмысын, серпілу аяқталғаннан кейін аяқтарды дұрыс «жинауды» байқай отырып баяу түрде орындаған жөн.

Олар жаңадан бастағандар үшін сабақтың басы мен аяғында көбірек керек екендігі барлық уақытта үйретушілердің есінде жүргені дұрыс, себебі негізгі қозғалыстар мен оларды қарапайым ғана біріктіру сабақтың осы екі бөлігінде жиі кездеседі. Күрделірек комбинацияларды игеретін сабақтың ортасында балаларға еркіндік беру қажет өздері ізденсін!

Қозғалыстарды меңгеру қалай жүретіндігін еске түсіріп көрелік. Әдетте жаңа қозғалысты орындауға деген алғашқы ұмтылыстар салыстырмалы түрде табысты боладыАлайда, келесі бірнеше сабақтарда үйреніп жатқан қимыл-қозғалыстарды сәтсіз көп қайталаулардың арасынан үйренуге ұмтылып отырғандар сирек болса да көріс береді.

Көп қайталаулар нәтижесінде сәтті орындаулар біртіндеп пайда болады, ақырында ойлаған көрсеткішке қол жеткізуге болады. Бала үйренетін қимылды еркін, сенімді түрде қатты байқалатындай күш жұмсамай-ақ орындай бастайды. Бірақ күрделі қозғалыстарды үйлесімді түрде игеру және оларды өзгермелі түрда пайдалану бірден пайда болмайды. Техникалық жағынан кемелдене үшін көп қайталау мен белгілі бер уақыт қажет болады.

Алдыңғы жаттығуды орындаудағы бастапқы қалып келесі қозғалыстарды елеулі дәрежеде алдын-ала анықтайды. Мысалы, қазіргі кезде жүгіруде спортшы кеудені шамалы ғана алға еңкейтіп, тіке ұстайды. Алға көбірек еңкейе бастаса, аяқтардың ара қашықтығы азаяды, жүгіруші тұрақсыз, құлап қалатындай жағдайда жүгіреді.

Кеуденің дұрыс қалпы тек тұлғаға ғана байланысты емес, сондай-ақ жүгірушінің тіреліп тұрған қалпындағы әрекетінде байланысты.

Үйретудің барлық сатысында жаттығуды дұрыс орындауға итермелейтіндей жағдай жасау тиімді.

Жақсы ұстаз бен жаттықтырушыдан үйренетін бала өзінің жекелігін, дербестігін сақтай алады. Бұл үйрету кезінде олардың дене құрлысының ерекшеліктерін пайдалануға кедергі келтірумен түсіндіріледі.

Далдаларды қалыптастыруға жастың уақытша өзгерістері де әсер етуі мүмкін. Жалпы бала ағзасының жасқа байланысты белсенді қайта құрылу кезеңінде оның салмағында, денесінің өсуінде, сондай-ақ аяқ-қолдардың қатынасында тез өзгерістер жүріп жатады.

Қорытындылай келіп барлық үйретушілерге (ата-аналарға, ұстаздар мен жаттықтырушыларға) өз әріптестерінің жұмысына ынтамен қарау керек демекпіз. Өзгелердің жұмысында ерекше құпиялық жоқ. Ең бастысы – көре, талдай, түсіндіре, көмектесе білу және өз тәрбиеленушілерінің ізденісіне кедергі келтірмеу.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Уанбаев Е.Қ, Уанбаева Ф.Ж. Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі. Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006. – 270 б.
  2. Мұхамеджанова Ұ.Ж. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі. – Астана: Фолиант баспасы, 2007. – 190 б.
  3. Уанбаев Е.Қ. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы: Санат, 2000.
  4. Мектептегі дене шынықтыру журналы.4, 2007 ж. // Қошаев М. Қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік-экономикалық әсері.
  5. Уанбаев Е.Қ, Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен әдістемесі. Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2009. – 260 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.