Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең күрделі де жауапты қадамдардың бірі, яғни болашақ өмірдің мәні деуге болады. Мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз – бұл өмірде белгілі бір орынға ие болу. Кәсіби тұрғыдан өздігінен анықталу нақты еңбек түріне, еңбек нарығындағы ұтқырлыққа, cол нарықта бағдарлану іскерлігіне және оның өзгерістер тенденцияларына ілесе алуға субъекттік қарым-қатынасты қалыптастыруды қарастырады. Оқушы болашақ өмірінің мазмұны мамандықты дұрыс таңдауына тәуелді екендігін жақсы түсінгені жөн. Өмірлік жоспар – бұл жалпы әлемдік көзқарасты іздестіру жолының анықталуы мен нақтылануы. Өмірлік жоспардың мағынасы кең. Ол тұлғаның өздігінен анықталу саласын, яғни моральдық бет-бейнесін, өмірлік стилін, байланыс деңгейін толығымен анықтайды.
Жоғары сынып оқушыларының мақсаты және оны жүзеге асыру тікелей әрекет түрткісіне байланысты. Адамның түрткісін анықтайтын негізгі фактор, әсіресе соңғы даму кезеңінде, субъекттің өмірді және мақсатты танудағы танымдық белсенділігі. Адамда қалыптасатын тотальды мотивациялық атмосфера, тікелей өмірдің алғашқы кезеңіндегі қажеттілік дамуына әсер етеді; кейін оның әсері талданып, белсенді өлшеніп, біртіндеп субъект интеллектпен, тәжірибемен қамтамасыз етіледі, кейбір әсерлерге төтеп бере алу қабілетіне ие болады және басқаларды тануға ұмтылады. Іс-жүзінде адамгершілікке сай болмай шығуы мүмкін болғандықтан, қалыптасқан ой-тұжырымдар да интеллектуалды тексеруден өтеді. Кейін ішкі мотивациялық сфера мен қарама-қайшылықтар тексеріске алынады. Осы дайындықты өткеннен кейін ғана тұлғамен анықталған түрткілер шынайы және қол жетімді болып келеді.
Тұлғаның түрткі жүйесі – бұл адаммен бағаланатын нақты, тиімді бағдарлама. Негізгі статусты иелену үшін қажет құпиялы эффект мақсатының мотивациялық саламен байланыстығын көрсетеді. Яғни осындағы түрткі – «қысымды жүйе» ретінде қабылданады.
Л.И. Божович оқушылардың кең әлеуметтік түрткілерін зерттеп, кейбір тұжырымдарды ұсынады, ол қажеттілік пен түрткінің даму теориясы. Бұл дегеніміз ісәрекетке деген қызығушылық қажеттіліктен туындалады, ал объект тек қана әрекеттің мінезі мен бағытын анықтайды. Адамның белсенділігінің қозғаушы күші сыртқы объекттер болып табылады. Өйткені, оларда белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін керек қабілеттер болады. Объекттің осындай өзгерісіне байланысты қажеттіліктің даму мазмұны тек қана даму көрсеткіші болып қалады. Сондықтан, адамның өз алдына саналы қойған мақсаты мен қабылдаған шешімі, мінездің түрткісі қалай бола алады деген сұрақ туындайды. Бәрімізге мәлім болғандай, мінездің анықталуы объектке деген күшті қажеттіліктің болуымен байланысты. Бірақ, кейбір туындаған жағдайларға байланысты, өзіндік қажеттілікке қарама-қайшы жүруге мәжбүр болады. Осындағы нәтиже әртүрлі болуы мүмкін. Кейде тікелей қажеттілік жеңеді, яғни адам мінезі соған бейімделеді. Бірақ адам барлық күш-жігерін салып өз шешіміне, мақсатына, қажеттіліктері мен бағытына жетуі мүмкін. Мұнда, адамның өзіндік ерік деңгейі ғана кедергі бола алады [2, 89б.].
Онтогенезде адамның қажеттілігі саналы және санасыз қалыптасқан процестер арқылы іске асырылады. Осы жағдайда біз қажеттілікпен істеспейміз. Олардың жаңа қалыптасқан функцияларымен, яғни біртұтас қажеттілікпен істес болады. Қажеттілік пен түрткінің даму жолында түрткінің даму құрылым саласын қарастырайық. Түрткі мазмұны адамның жасы ұлғайған сайын түрткі құрылымында тұрақталады. Ол өз кезегінде баланың дамуына және мінезіне үлкен әсер етеді. Мотивациялық саланың иерархиялық құрылымының жоғары дамуы кезінде кейбір материалдық құндылығын, түсініктерін, ойларын тануға мүмкіндік береді. Яғни тұлғаның өзі қойған мақсаты мен саналы әрекеті тұлға мінезінде іскерлік ерекшелігін анықтап, қалыптастырады. Жасөспірімдік шақта нақты, тұрақты тұлға бағыттылығы қаланады. Қандай да бір бағыттылықтың болуы тұлғада адамгершілік жағын анықтайды.
Түрткілер адамның мінез-құлығын іске қосатын процестердің бірі. Түрткі ретінде сыртқы әлем, ойлар, сезім мен қиял болуы мүмкін. Адам мінезіндегі күнделікті түрткілердің бірі моральды сезім, мақсат пен білім саласы. Тұлға мінез-құлығында екі өзара байланысты функциялар бар. Олар: тудырушы және реттеуші. Тудырушы мінез-құлық сапаларын бағыттайды және активизациямен қамтамасыз етеді. Ал реттеуші нақты жағдайды басынан аяғына дейін қалану шартына жауап береді.
«Мотивация» термині «түрткі» терминіне қарағанда кең түсінікке ие болады. Мотивация – психологиялық мінездің себеп жиынтығы, яғни адамның қылығын, бағыты мен белсенділігін түсіндіреді. Қылықтың әрбір формасы сыртқы және ішкі себептер бойынша түсіндіріледі. Ішкі себепте түрткі, қажеттілік, арман қарастырылса, сыртқы себепте қалыптасқан жағдайдан туындататын стимулдар жайлы айтылады. Мотивация – бұл циклдық процесс. Осындағы субъект әрекет пен жағдай барысында бір-біріне әсер етіп, нәтижесінде шынайы қылық бақыланады.
Жалпы түрткі жасөспірімнің дамуындағы негізгі сапалардың бірі деуге болады. Қандай да бір әрекетті бастау не бастамау тікелей түрткіге байланысты болады. Өйткені жасөспірім бір нәрсені таңдау не анықтау барысында, әрдайым түрткілер басшылығында болады.
Кәсіби тұрғыдан өздігінен анықталу бұл көп сатылы процесс. Оның әр түрлі классификациялары бар:
Міндет тізімі. Қалыптасып келе жатқан тұлға алдына қоғам міндеттерін шешу. Шешім қабылдау процесі ретінде индивид қажеттілік қорын қалыптастырады [3, 67 б.].
Өмірлік жеке стильді қалыптастыру процесі; кәсіби іс-әрекет.
Жасөспірімнің өздігінен анықталуы бірнеше сатылардан тұрады және олардың ұзақтығы өзгеріп отырады:
- бірінші саты – балалық ойын. Бала әртүрлі кәсіби кейіпкерлердің бейнелеріне еніп, қиялдайды;
- екінші саты – жасөспірімдік фантазия. Танымал мамандықтың жоғары өкілі ретінде өз-өзін байқап көру;
- үшінші саты – толық жасөспірімдік және бозбалалық шақты қамтиды. Бұл сатыда мамандықтарды таңдау алғашқы рет және тұрақсыз іріктеу, қарастыру жүреді. Әртүрлі әрекет түрлері ең алдымен жасөспірімнің қызығушылығы бойынша бағаланса, кейін қабілет пен құндылық жүйесіне көбірек мән береді;
- төртінші саты – іс-жүзінде шешімге келу, нақты мамандықты таңдау. Ал, ол екі компонент бойынша жүреді:
а) еңбектің болашақ біліктілігі, көлемі мен дайындық деңгейін анықтау;
б) нақты мамандыққа тоқталу.
9-ші сынып оқушылары оқу жылының аяғына қарай мынандай үш әлеуметтік процесс арасында анықталулары тиіс: жалпы орта білім (10-11 сынып), кәсіби білім және жаңа жұмыс орны. Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауымен өмірлік жоспарды жүзеге асыру әлеуметтік шартқа және ата-аналардың жалпы білім деңгейлеріне байланысты. Егер ата-аналарының білім деңгейлері неғұрлым жоғары болса, балаларының мектептен кейін оқуын әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі соғұрлым жоғары пайызға ие болады. Мамандық таңдау – күрделі және ұзақ процестерінің бірі болып табылады. Осы процесті жүзеге асыру жолында екі қауіпқатерді кездестіре аламыз:
Жоғары сынып оқушылары кәсіби тұрғыдан өздігінен анықталуларын ұзаққа созуы, кейінгіге шегеруі; Ата-аналардың өз балаларының тез анықталулары үшін психологиялық басымдылықты қолдану. Нәтижесінде балада қобалжу деңгейі жоғарлайды, немқұрайлы қарым-қатынаспен таңдау жасайды.
Болашақ пәнді таңдау мамандық таңдауға қарағанда, жасөспірімге жеңілірек түседі. Өйткені ол сол пәндерді мұғалімнің көмегімен меңгеріп, білім алады. Олардың болашақ пәнді таңдау процесіне көз жүгіртейік:
саты: ең жауапты уақыттың бірі. Әрекеттің жаңа формасы іспен және мақсатпен толықтырылады, ішкі жағында әртүрлі психикалық процестер қалыптасады. Яғни –тепе-теңдік пен тұрақтылық кезеңі басталады. Кәсіби әрекеттің мотивациялық кешені әлі қалыптаспаған.
Іс-әрекет пәнін таңдау жалпы тұлғаның ішкі мақсаты болып саналады. Ал сол ішкі мақсатпен сыртқы мазмұн ешқашан сәйкес болмаған. Болашақ пәнді таңдау – бұл психикалық белсенділік, яғни интериоризация нәтижесінде тұлғаның мотивациялық-қажеттілік саласынан өтуін айта аламыз.
- саты: алғашқы түрткінің құрылуы. Бұл түрткі итермелеу мен бағыттау сияқты екі функция арқылы әрекеттеседі. Бірақ түрткі өз бетімен әрекеттеспейді. Бір іске асырылса, кейін ол көп деңгейлі мотивациялық бағдар жүйесіне енеді. Бұл сатыда екі әсер етушілік кездеседі: өткен тәжірибе мен көкейкесті тәжірибе. Осы кезде ересек адамның көмегі өте қажет болады. Яғни жасөспірімді өздігінен іске асырылуға, дербестікке, тәуелсіздікке бағыттайды.
- саты: топтық мотивация. Негізгі мінездеме: іскерлік қарым-қатынас, сенімділік қатынасы, талаптың болуы, шынайылық сезімі, шешімді дербес анықтау. ТОптық мақсатқа жету үшін қарқынды түрде өзіндік басқару мен ұйымдастырушылықты дамыту қажет.
- саты: ең жоғары сатылардың бірі, ол ұжымдық мотивацияны көрсетеді. Осы кезеңде тұлғаның негізгі ерекшелігі, бұл сыртқы әсерлерге деген тұрақты қатынас. Әрекеттің негізгі құрылымы өзіндік іске асырудың, жағдайлық көшбасшылықпен, техникалық шеберлікпен ерекшеленеді [4, 197 б.].
Мамандық таңдау мәселесін маңызды ететін көптеген психологиялық және педагогикалық себептер бар. Әр адам қоршаған ортадан қолдауды, құрметті, бағалаушылықты, махаббатты және тәуелсіздікті іздейді, қажет етеді. Осыған жетудің бірден-бір жолы – танымалдылыққа және эмоционалды қанағаттанушылыққа әкелетін мамандықты таңдау болып келеді. Осындай сәйкестендірушілік адамды өзөзін жүзеге асыруға және көрсетуге бағыттайды. Кәсіби әрекетте жоғары сәттілікке жету ұмтылысы өз-өзін бағалау деңгейінің жоғары болуының нәтижесі.
Жасөспірімдердің кейбір бөлігі мүлдем ешбір әрекет етпеуді, яғни мүлдем жұмыс істемеу немесе еш жауапкершіліксіз және ауыртпалықсыз жұмыс істеуді қалайды. Кейбір жайлы жағдайларда да жауапкершілікке және біреудің көмегіне сүйенгенмен, мамандық таңдау жолында үлкен қиындықтарға кезігеді.
Педагогикалық әдебиеттердің барлығында да мамандық таңдаудағы түрткілердің біркелкі классификацияларды кездестіре алмаймыз. Жалпы түрткінің үш тобын көрсетуге болады:
Жалпы түрткі:
- Мамандықтың романтикалығы;
- Танымалдылығы;
- Қоғамдық маңыздылығы;
- Мысалға сүйену.
Таңдаған мамандықтың мүмкіндігін білу:
- Оқудағы және сыныптан тыс қызығушылық;
- Пайда әкелу түрткісі;
- Жақындар мен таңыстардың ықпалы.
Мамандықтың қоғамдағы пайдалық түрткісі:
- Психологиялық мінездеме;
- Еліктеу; Сыртқы себептер.
Е.М. Павлютенков классификациясы бойынша мамандық таңдау түрткілері келесідей:
- Әлеуметтік түрткі;
- Моральдықтүрткі;
- Этикалық түрткі;
- Танымдық түрткі;
- Мамандық мазмұны бойынша түрткі;
- Материалдық түрткі;
- Танымалдылық түрткісі;
- Утилитарлы түрткі.
Уақыттың әр сәтінде адам түрткісінің қалыптасуына әлеуметтік факторлар ықпал етеді. Тұлғаға әсер ететін әлеуметтік факторлар көп бейнелі және күрделі байланыста болады. Оқушылардың мамандық таңдауына әсер ететін әлеуметтік факторлар қатары:
- достық қарым-қатынас;
- бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал, телебағдарлама);
- педагогикалық ұжым: сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, оқу ісінің меңгерушісі және мектеп басшысы;
- жанұя;
- оқу пәндері;
- сыныптан тыс жұмыстар;
- ұйымдастырушылық;
- еңбек өндірісі мен қоғамдықпайдалы жұмыстар;
- мектептен тыс жұмыстар бола алады [5, 64 б.].
Мамандық таңдау бұл пән емес, тұлғаның рухани даму процесі. Сондықтан, кәсіби тұрғыдан өздігінен анықталудың ғылыми теориясын құру кезінде, өздігінен анықталудың ішкі заңдылықтарына және психологиялық негіздеріне көп мән беріледі. Яғни, мамандық таңдау және тұлғаның дамуы біртұтас жүйе болып саналады.
Психологияда өзін-өзі бағалау өзінөзі танудың феномені ретінде қарастырылады. Өзін-өзі тану-бұл адамның өзінөзі, өз «менін» түсінуі.
Өзін-өзі бағалау сөзінің мағынасының өзі түсінікті. Тұлғаның кәсіби анықталуында өзін-өзі бағалаусол кәсіп спецификасына адам өзінің мүмкіндігінің сәйкес келеді ме әлде жоқ па соны бағалайды және өзіне өзі баға береді.
Өзін-өзі бағалау басқа психикалық құрылым секілді өмір барысында құрылады және оны жас ерекшелік аспектіде қарастырған жөн.
Жеткіншектер өздерін объективті түрде және толық бағалай алмайды. Олардың өзін-өзі бағалауларында біріңғай тенденция жоқ: бірі өзін асыра бағаласа, енді бірі керісінше болып жатады.
Кәсіп таңдау барысында ең алдымен адамгершілік-еріктік қасиеттеріне, одан кейін интеллектуалды және ұйымдастырушылық қасиеттеріне көңіл бөледі.
Мүмкіндігі төмен бола тұра өздерін асыра бағалағандар кәсіп таңдағанда, кейін арты өкінішке әкеп жатады. Өзін төмен бағалағандарда кәсіп таңдауға теріс әсерін тигізіп қана қоймай тұлғасының дамуында әсер ететіні анықталған [6, 67 б.].
Қорыта келгенде дұрыс кәсіби өзінөзі анықтай алу адамның болашақ өмірімен тығыз байланысты болады. Үйткені мамандық таңдауда дұрыс таңдау жасаған болашағыңның кепілі.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Жуковская В.И. Психологические основы выбора профессии. Минск, 1998
- Профессиональное самоопределение и трудовой путь молодежи. / Под ред. В.Л. Ословского. – Киев, 1998.
- Мажитова, И. Абеуова, Н. Бижанова. Қазақ лицей интернатындағы оқу-тәрбие үрдісінің кәсіби бағыттылығы. Алматы, 1998
- Пенкрат Л.В. Мотивы выбора профессии. – Минск, 1986.
- Кухарчук, A.M., Ценципер А.Б. Профессиональное самоопределение учащихся. Мн., 2006.
- Пряжников, Н.С. Профессиональное и личностное самоопределение. М.: ИПП Воронеж: НПО «МОДЭКС», 2006.