Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.
Қарым-қатынас адамның тіршілік әрекетінің маңызды негізі бола келе, ертеден барлық ғылымдар үшін қызықты тақырыптардың бірі екені анық. Қарым-қатынас мәселесін өздерінің ғылыми еңбектерінде көпке танымал философтар, психологтер, педагогтер, әлеуметтанушылар қарастырған.
Психологияда «қарым-қатынас» ұғымының түрлі анықтамалары бар. Қарым-қатынасты философиялық тұрғыда талдаған көпке танымал ғалымдардың бірі – М.С. Каган. Ол қарым-қатынасты субъект аралық өзара әрекеттесу деп түсінді. Оның көзқарасына сәйкес, өзара әрекеттесу қарым-қатынас болып келмейді, себебі мұнда біз субъектінің объектіге ретіндегі адамға деген қатынасты қарастырып отырмыз. Ал бұл оның пікірінше қарым-қатынасқа жатпайды. М.С. Каган қарым-қатынастың төрт функционалды жағдайын бөліп қарастырды:
- қарым-қатынас мақсаты субъектілердің өзара әрекеттесуінен тыс;
- қарым-қатынас мақсаты өзара әрекеттесудің өзінде;
- қарым-қатынас мақсаты партнерді қарым-қатынас инициаторының тәжірибесіне, құндылықтарына ортақтастыру;
- қарым-қатынас мақсаты инициатордың өзін партнер құндылықтарына ортақтастыру.
Функционалды жағдайларға сәйкес қарым-қатынас түрлері қарастырылады: қарым-қатынасқа бола, басқаны өз құндылықтарына және өзгенің құндылықтарын өзіне ортақтастыру ретінде заттық ісәрекетке қызмет ету. Бірінші түрге мысалыретінде қарым-қатынас іс-әрекет мақсаттарын іске асыратын дәстүрлердегі, ойындардағы қарым-қатынасты алуға болады; екіншісіне мысал – достық қарым-қатынас; үшісіне – тәрбие; төртіншіге өзін-өзі тәрбиелеу. Берілген жіктеуде қарым-қатынас мақсаттары мен құралдары арасындағы байланысты аңғаруға болады. Психологияда қарым-қатынас мәселесімен Леонтьев А.А., Петровская А.А., Анисимов О.С., Бодалев А.А., Лисина М., Павлов К.Г. және т.б. айналысқан. Жоғарыда алғандардың әрқайсысы «қарым-қатынас» ұғымына өзінше анықтама береді. Леонтьев А.А. «қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативтік іс-әрекетке, яғни қарымқатынасқа белгілі бір іс-әрекет түріне сияқты қарау керек деп есептейді.
Қарым-қатынасқа ең жалпы анықтаманы Б.Ф. Ломов берді: «... қарым-қатынас адам тұрмысының индивидуалды формасының маңызды жағы болып табылады». Ол қарым-қатынас іс-әрекетінің әр түрлі формалары, деңгейлері, түрлері жайлы және оның құрамдас бөлімдері – сан алуан ақпарат алмасу процесі, коммуникантардың өзара әрекеттесуі – жайлы сөз қозғайды. Б.Ф. Ломов қарым-қатынас деңгейлерін анықтайды:
- Макродеңгей;
- Мезодеңгей;
- Микродеңгей.
Макродеңгей – индивидтің басқа адамдардың қалыптасқан қоғамдық қатынастарға, дәстүрге, салтқа сәйкес қарымқатынас жасауынан көрінеді.
Мезодеңгей – тақырыптың мазмұнымен анықталады.
Микродеңгей – мазмұны мен сыртқы көрсеткіштері арқылы көрінетін контактілі байланыс.
Неміс-американдық психолог К. Левин адамдарды жекелей өзгерткенде топ арқылы әсер етудің дұрыс болмайтындығын психологиялық әсер етудің тәжірибелерімен дәлелдеген. Алайда бұл жайығ тиімділігі ертеден халыққа белгілі болған. Бақсылық көріністер науқасқа әсер етудің дәстүрлік ритуалдық жолдары көпшілік топ ішінде эмоциялардың қозуды күшейтіп, оның бір адамнан екіншіге, одан басқаларыңа берілу, таралу өрісін кеңейту арқылы психологиялық әсер ету басты мақсат болды. Иландыру, сендіру әрекетінің топ арасында еселеніп, күшейетіндігін бақсылық ұстаушылар жақсы игерген. Соның арқасында бақсылық ұстаушылар әрекеттер топта санасыз қабылданып, түсінік қылықтарға илану, психологиялық әсердің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, тренингтік топтардың жетіліп, дамуы Левин есімімен байланысты. Ол АҚШ-та 1933 жылы топтық динамика әлеуметтік әрекет және басқа да топтық феномендер мәселесін шешумен айналысқан. Осыған қатысты Левин өзінің өрістер теориясын индивидтің мінез-құлқын анықтайтын бірлескен және байланысқан факторлар жиынтығын құрайды. Бұл факторлар жиынтығы жеке адамдарды, оның ортасын қамтып, бір психологиялық өріс болды. Топтық динамика ұғымын да алғаш қолданған осы ғалым болған.
Гештальттік бағытта ұйымдастыруда ашқан Перонс тәжірибесі ерекше. Ол эмоциялық инсайт негізінде индивид өзін-өзі өзек тілеу, эмпатияны күшейту мүмкіндіктеріне ие болатын топтық тренингтік жұмыстардың бағыттары ғылым мен тәжірибелерді классикалық болып аса кең тараған. Бұлар қазіргі кезде қолданып жүрген топтың психологиялық әдістердің дамуына жағдай жасайды.
Топ ішіндегі психологиялық әсерді ең алғаш рет ғылыми тұрғыда қарастырған 18 ғасырдың соңғы жылдарында париждік дәрігер Лисмер ниеттенген. Топ ішінде ерекше мистикалық атмосфера жасап, дәрігермен науқастардың өзара әрекеттестігін әлеуметтік-психологиялық ықпалының әсерімен топтық емдеу эффектісін көрсеткен. Ал 19 ғасырдың орта кезіндегі Еуропадағы психиатриялық мекемелер бір адамның басқа адамға психикасы мен мінез-құлқына әсер ету, сендіру, иландыру механизмдері психологиялық әсерде қолданылып, топ ішінде гипноздың күшін пайдаланған.
М.И. Лисина қарым-қатынасты коммуниканттардың өзара әрекеттесуі деп санайды. Ол Циготский тәрізді мақсаттық бағдардың қажеттілігін көрсетеді. Бұған қарағанда В.Н. Панферов нақтырақ анықтама береді: «Қарым-қатынас адамдардың өзара әсерлеуі болып іс-әрекет процесінің жағымды қатынас құру мақсатында коммуникация құралдары арқылы ақпарат алмасады». В.В. Богословскийдің берген анықтамасында «қарым-қатынас өзара түсінісу, өзара әсер ету, ақпарат алмасуда көрінетін психикалық контакт туатын адамдар арасындағы психикалық контакті орнату» делінген. К. Маркс қарым-қатынаста ғана индивидтер бір-бірін физикалық және рухани толықтырады; қарым-қатынас – адамдардың адамдарды өңдеуі деп есептеген.
Басқа танымал психологтер, мысалы Бодалев А.А., Смирнов Е.С. қарым-қатынас барысында әрбір жақ тұлға болып келеді деген. Бодалев А.А. қарым-қатынасты ісәрекеттің ерекше түрі деп, қарым-қатынасты адамның тұлға және іс-әрекет субъектісі және жеке дарылық ретінде дамуының негізгі факторы болатынын атап өтеді. Қарым-қатынастың тәрбиелік мәнін ол тек дүниетанымды кеңейтуде ғана емес, сонымен қатар, тұлға интеллектісінің дамуындағы рөліне тоқталған. Андреева Г.М. өзінің «әлеуметтік психология» еңбегінде қарым-қатынас мәселесіне қатысты әлеуметтік-психологиялық тұрғыларды интеграциялауға тырысты. Қарым-қатынасты сипаттай келе, ол онда өзара байланысты үш жақты қарастырды: коммуникативтік (өзара ақпарат алмасу), интерактивті (өзара әсерлесе) және перцептивті (өзара қабылдау және түсінісу).
Педагог-зерттеушілер философтар мен психологтердің мәліметтерін интеграциялап, «қарым-қатынас» ұғымына өз анықтамаларын берді. Мысалы, А.В. Мудрик қарым-қатынасты әр түрлі субъективті қатынастар байланыстыра алатын адамдардың өзара әрекеттесуінің объективті процесі ретінде қарастырады. Қарым-қатынас бірлескен тіршілік іс-әрекет негізінде қалыптасады. Ол бір-біріне деген не оң не теріс қатынастың қалыптасу про-
цесінде іске асады.
В.А. Кан-Калик педагогикалық процесте қарым-қатынас арқылы байқалмайтын, бірақ өте маңызды тәрбиелік өзара қатынастар жүйесі қалыптасатынын, және оның ЖОО-да тәрбиелеу мен оқыту тиімділігінің арттыратынын айтқан. Оның ойынша, қарым-қатынас адамгершілік-құндылық потенциалға ие. А.В. Мудрикке қарағанда, В.А. Кан-Калик қарым-қатынас функцияларын ішкі және сыртқы бөледі. Олардың әрқайсысы құрамдас бөліктерге ие. Сыртқы: ақпараттық-коммуникативті, тұлға аралық қатынастардың өзара танымды етіп ұйымдастыру, бейімделу. Ішкі: эстетикалық, дәмдік, мінез-құлықтың, әдептік.
М.А. Буева қарым-қатынасты тек рухани ғана емес, сонымен бірге материалдық, әлеуметтік-шынайы процесс ретінде қарастырды. Онда іс-әрекетпен, тәжірибемен, дағдылар мен икемділіктермен алмасу іске асады.
Т.В. Пеленина қарым-қатынастың тұлға қалыптасуындағы рөлі жайлы әңгімелей келе, қарым-қатынасты болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы ретінде қарастырды. Ол студенттердің топтық іс-әрекетінің реттеушісі және топтық мінез-құлық формаларының, адамгершілік, эстетикалық құндылықтардың реттеушісі болып келеді.
Сонымен, қорытындылай келе, қарым-қатынасты субъект-субъектілік қатынастар болып келетінін айтуға болады, себебі ол іс-әрекет және өзіне үлкен рухани, адамгершілік-құндылық потенциалды кіріктіреді.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиетті қарым-қатынаста қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас с адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Қарым-қатынастың мазмұнына, мақсатына, құралдарына қарай бірнеше түрлерін бөліп қарастыруға болады.Мазмұны бойынша ол материалды түрде (іс-әрекет өнімдері және заттарымен ауысу), когнитивті түрде (біліммен алмасу), кондиционды түрде (психикалық және физиологиялық жағдаймен алмасу), мотивациялық түрде (қажеттіліктермен, түрткілермен, қызы, шылықтармен, мақсаттармен алмасу), іс-әрекеттік түрде (әрекеттермен, амалдармен, икемділіктермен) болады.
Қарым-қатынас құралдарына келетін болсақ, оны қарым-қатынас үрдісінде біреуден екіншіге берілетін ақпаратты кодтау, тасымалдау, өңдеу әдістері арқылы анықтауға болады. Ақпаратты кодтау – бұл біреуден екіншіге ақпаратты беру әдісі. Мысалы, ақпарат тура денелік контакт көмегімен (денемен, қолмен сүйену) беріледі. Ақпарат адамдармен сезім мүшелері арқылы белгілі қашықтықта беріле алады (бір адамның екіншіні сырттан оның әс-ірекетін бақылауы).
Аталғандардан басқа да ақпарат беру тәсілдері белгілі. Оларға тіл және белгілік жүйелер; жазу түріндегі (мәтін, сұлба, сурет, сызу), ақпаратты сақтау және беру (радио видеотехника) жатады.
Құралдары бойынша қарым-қатынас тікелей емес, тура және жанама болады.
Тікелей емес қарым-қатынас табиғи мүшелер (қол, бас, дене)арқылы жүзеге асады. Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Тікелей қарым-қатынас ақпарат алмасу және қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін арналған арнаулы құралдарды қолданумен байланысты. Бұлар табиғи заттар (таяқ, тас, жердегі із т.б.) немесе мәдени (белгілік жүйелер, символдар жазбасы, радио, теледидар).
Тура қарым-қатынас кезіндегі бір-бірімен сөйлесіп отырған адамдардың жеке контакті және қабылдауы, мысалы: дене контактілері, адамдардың бір-бірінің әрекеттеріне жауап қайтаруы.
Жанама қарым-қатынас басқа адамдар шыға алатын аралықтар арқылы жүзеге асады. Мысалы, мемлекет аралық, топтық, отбасылық деңгейлер арасындағы әңгіме.
Инструментальді деп қарым-қатынастың өзінен қанағаттанушылық алудан басқа бір мақсат іздейтін, өзіндік қажеттілікпен реттелетін, өзіндік мақсат болмайтын қарым-қатынасты айтады.
Мақсаттанған – бұл арнайы қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы.
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызды түрлері болып вербальді және вербальді емес қарым-қатынас алынады.
Вербальді емес қарым-қатынас құралы ретінде сөздік тілді қолданбайды. Оған мимика, жест, пантомимика көмегімен түсінісу жатады.
Вербальді қарым-қатынас тек қана адамға тән. Өзінің коммуникативті мүмкіндіктеріне байланысты ол вербальді емес қарым-қатанасқа бай болады.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдың пайда болуы тікелей емес қарымқатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.
Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адам аралық қарымқатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарымқатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиетті қарым-қатынаста қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Қарым-қатынастың маңызды 5 функциясын бөліп қарастыруға болады. Қарымқатынас адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш ролді атқарады. Бұл функциясын шартты түрде «прагматикалық» функция деп атауға болады. Бұл шартты орындамау Інжілде айтылған атақты Вавилон мұнарасы туралы аңызға әкеліп соғуы мүмкін. Маңызы бойынша 2 – функциясын «қалыптастырғыш» функция деп атауға болады. Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, ісәрекеті және баланың қоршаған әлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д. Элькониннің айтуынша: «Бала әрқашанда 2 адам – оның өзі және ересек адам». Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық процесіне және де баланың дербестік ерікті ісәрекетіне айналады.
Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған екен: «Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккендіктен өледі». 30-жылдары АҚШ-та эксперимент жүргізілген: 2 клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал екіншісінде туысқандарымен жолықтырмайды. Осы екі клиникада жазылу тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде – бала өлімі жоқ, ал екіншісінде – балалардың үштен бірі шетінеген.
Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әселесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде «бекітетін, қолдаушы» деген функциясын атауға болады. Басқаша айтқанда, басқа адаммен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне-өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді. У. Джеймстің айтуынша: «Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы – ең зор жаза».
Көптеген психотерапевтік жүйелерде адамның мұндай жағдайы «қолданылмаған, бекітілмеген» деген ұғым арқылы беріледі, және де «Сенікі жөн емес», «Сен жамансың» деп мойындамауға қарағанда (бұл жағдайда теріс болса да бекітудің белгілі үлесі бар), бекітілмеу «Сен бұл жерде жоқсың», «Сен тірі адам емессің» дегенді көрсетеді.
Адамдар өміріндегі әртүрлі дәстүрлер – амандасу, түрліше көңіл аудару рәсімдері «бекітілу терапиясы» деп саналады. Қарым-қатынастың төртінші функциясы жеке адам аралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Басқа адамдарға деген эмоциялық көзқарастар «сүйкімді – сүйкімсіз», «ұнайды – ұнамайды» деген терминдермен белгіленеді. Әрине, эмоциялық қарым-қатынас адам өміріндегі жалғыз қатынастың түрі емес, бірақ олар адамның барлық қарымқатынас жүйесінде көрінеді, көбінесе іскерлік немесе тіпті ролдік қатынасына да өз әсерін тигізеді. Келесі, бесінші функциясы «жеке адам ішілік функциясы». Бұл жағдайда адамның өз-өзімен қарым-қатынас жасауын (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы – диалог типінде) адамның ойлауының әдісі түрінде қарастыруға болады. Осыған байланысты Л.С. Выготский былай деген: «… адам өзімен өзі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды».
Қарым-қатынастың интерактивті жағы адам аралық қарым-қатынастың адамдардың бір-бірінің әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин.
Жеке адам аралық қарым-қатынастың пайда болуы және табысты іске асырылуы үшін, егер де қатысушылар арасында өзара түсіністік болғанда ғана мүмкін. Өзара түсіністіктің болуы бір жағынан өзгенің мақсат-мүддесін, түрткілерін, бағдарын түсіну, екіншіден, түсіну ғана емес, соларды қабылдау, бөлісу түрінде көрінеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Сатиева Ш. Даму психологиясы. – Астана, 2012.
- Жұмасова К. Психология.– Астана, 2010.
- Тәжібаев Т. Жалпы психология. – Алматы, 1993.
- Аймауытұлы Ж. Психология.– Алматы, 1995.
- Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. – Алматы: Мектеп, 1996.