Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ хандығының құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін анықтау

Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені “адат” деп аталды. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1971 ж. дейін өмір сүрді.

Қазақ әдет – ғұрыптарының ерекше белгілері:

  1. рулық, патриархалдық әдет – ғұрыптардың сақталуынан көрінетін консерватизм;
  2. Қазақ әдет – ғұрып құқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік, өз бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз етті.
  3. Әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық істер мен азаматтық істердің арасындағы айырмашылықтарға ерекше мән берілмеді.
  4. Жерге жеке меншік құқығының болмауы; қоғам мүшелерінің құқықтық жағынан теңдігі қазақ аристократиясының артықшылығымен ұштастырылды.
  5. Құқықтық жүйе мен оның нормалары демократиялық және компромистікі сипатта болды [1, 15].

Қазақ әдет-ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде қалыптасты: а) әдет-ғұрыптар; б) билер сотының практикасы (сот прецеденті); в) билер съездерінің ережелері; г) шариғат нормалары.

Қазақ хандары әдет-ғұрып құқығының нормаларын жүйелеп жетілдіріп, қоғамның талаптарына орай өзгерістерге ұшыратып, оларға ресми сипат беріп отырды. Қасым ханның (1510-1523) кезіндегі “Қасым ханның қасқа жолы”, Есімханның кезіндегі (1598-1628) “Есім ханның ескі жолы”, Тәуке ханның кезіндегі (1680-1718) “Жеті Жарғы” атты заңдар жинағы белгілі.

Қазақ қоғамында малға жеке меншік адат нормаларымен реттелген. Азаматтардың сатуға, айырбастауға, сыйлауға, мұраға қалдыра алатын мүңкінің бәрі де жеке меншік заттары болып табылды. Жер адат бойынша қауымның меншігі болып есептелді. Қауым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды.

Адат бойынша жерді сату, сыйға беру, мұраға қалдыру туралы құқықтар ешкімге берілмеді. Жер бүкіл қазақ халқының байлығы деп есептелді.

Жермен қатар, жолдар, өзендер, таулар, аң және балық аулайтын мекендер де қоғамдық меншік болып есептелді.

Қазақ қоғамында келісім-шарттар ауызша жүргізілді. Келісімшарт жасау уә беру, ант беру, куәлардың алдында келісім жасау жолдармен жасалды [2, 17].

Малды қарызға алған кезде қарыз алушының туыстарының бірі ол үшін кепілдік береді. Қарыз алушы борышын өтей алмағанда кепіл болған адам өтейді. Қарыздың мерзімі өзара келісім арқылы анықталады. Мұндай келісімдер екі немесе одан да көп куәлар алдында жасалады.

Мүліктік және жеке міндеттерді тек ер адамдар ғана ала алды. Қарызға алған малдың өтемі төлімен қоса қайтарылатын. Адат бойынша қарыз иесі міндетін өтей алмаған жағдайда, оның қарызын туыстары немесе сол рудың, ауылдың адамдары қайтаруға тиіс болды.

Келісім-шарттың ерекше түрі – айырбас. Айырбас заттарды қолма-қол ауыстырғанда жасалды. Айырбас немесе сауда жағдайында өлшем бірлік ретінде мал есептелді.

Сауын ауқатты адамдар кедей руластарына сүтін сауып пайдалану үшін уақытша берген малы (сауын бие немесе сиыр). Алғашында өзара көмек ертінде есептелді. Кейінірек сауын кедей қоғам мүшелерін ауқатты адамдарға тәуелді ету әдісі ретінде қолданылды.

Көшпелі өмірдің және рулық қатынастардың ерекшеліктеріне қарай туындаған аманат-мал, жылу жинау, жұртшылық, асар жасау, соғым беру және сыбаға тарту, түрлі сый – сияпаттар жасау сияқты міндетті сипат алған әдет ғұрыптар болды.

Қазақ қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды. Отбасының басшысы ер адам адат бойынша артықшылықты пайдаланды. Отбасының әйелінің құқығы шектеулі болды. Ұлына енші, қызына жасау беру әкенің міндеті әрі парызы болды.

Қазақ некесі экзогамиялық (бір рудың ішінен некеге отыруға рұқсат етпеді) және полигамиялық (көп әйел алушылыққа рұқсат ету) сипатта болды [3, 33].

Қалыңмал қазақтардың үйлену үшін қалыңдықтың ата – анасына мал ретінде төлейтін төлемақысы. Оның мөлшері әртүрлі болған. Көбінесе, қалыңмал алған ата-ана қызына жасау жасап, төсек –орнымен оны шығарып салуға міндетті болған.

Некені тоқтау адат бойынша тек ер адамның құқығы. Оның себептері: әйелінің ерінің көзіне шөп салуы, дұрыс қарамауы, ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы. Әйелдер тек ерінің өз міндетін орындауға жарамсыздығы және ұрып-соғып күн бермеген жағдайда ғана некені тоқтату туралы мәселе қоя алған. Неке тоқтаған жағдайда бала әке жағында қалады, тек омыраудағы бала ғана анасында қалады.

Әмеңгерлік адатта ерекше қалыптасқан институт. Әмеңгерлік бойынша жесір әйел ері өлген соң бір жылдан кейін күйеуінің туыстарының біріне тұрмысқа шығуға тиіс. Жасы келген жесірлер әмеңгерлікке шықпай өз алдына үй болып отыра беретін. Әмеңгерлік тәртібі қалыңмалы төленіп қойған әлі де күйеуге тимеген қыздарға да тиісті болды [4, 37].

Мұраға қалдыру жазбаша және ауызша өсиет түрінде жасалды. Ауызша өсиет жасалғанда куәлар қатысқан. Әдет – ғұрып құқығы бойынша әке мұрасына иелік ететіндер оның балалары, әйелдері, ағаінілері, жақын туыстары болды.

Мұрагерлік құқық қыз балалардың да құқығын қорғаған. Мұра бөлудің мынандай тәртібі туралы деректер бар: мұраның сегізден бір бөлігі жесірге тиесілі; он екіден бір бөлігі қайтыс болғанның әкесіне және барлық әйелдеріне тиесілі; қалған бөлігі ұлдары мен қыздары арасында бөлінеді. Ұлдық үлесі қыздан екі есе артық болады.

Адат бойынша қылмыстық және азаматтық құқық бұзушылықтың арасы ерекше бөлінбеді. “Айыпкер” ретінде тек қылмыс істеген адам ғана емес, оның туыстары, руы да есептелді. Саяси, қоғамға қарсы қылмыстар туралы ұғымдар болмағанымен, ханға, сұлтандарға, билерге қарсы қылмыстық әрекеттер қатаң жазаланды [5, 28].

Қылмыстың түрлері: а) жеке адамға қарсы қылмыстар. Адат бойынша жауапкершілікке тартылмайтын кісі өлімдері болды: егесінің құлды өлтіруі, ерінің әйелінің опасыздығы үстінде өлтіруі; ата-ананың өз баласын өлтіруі; ұры-қарақшыны қылмыс үстінде өлтіруі.

Адат дене жарақаттарын ауыр, орта және жеңіл түрлерге бөлді. Мүліктік қылмыстарға ұрлық, тонау, басқаның мүлкін жою немесе зиян келтіру жатты.

Дінге қарсы қылмыстар. Қазақтар мұсылман ретінде ислам дінінің қағидаларына қарсы әрекеттерді қатаң жазалады. “Жеті Жарғыда” Құдайға тіл тигізген адам (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі деп көрсетілген. Сондай –ақ онда тағы да “кәпір болған адамдар мал-мүлкімен айдалады” деп те көрсетілді. Кәпір деп бұл жерде өзге дінге өтіп кеткен адамдарды айтып отыр. Дінге қарсы қылмыстар жасаған адамдардың бетіне қара күйе жағылып, масқараланып, райынан қайтпаған жағдайда өлім жазасына дейін кесілді [6, 40].

Қазақ қоғамында адат бойынша сот билігін хан, сұлтандар, билер жүргізді. Хан мен сұлтанның қарауында аса маңызды қылмыстық және азаматтық істер жатты. Олардың қатарында барымта, руаралық, ауыларалық даулар, жер дауы, сұлтандар мен билік басындағылардың өлімі, сұлтандар арасындағы даулар болды. Аса маңызды істер билердің қатысуымен жүрді және қалың көпшілік алдында өтті.

Би өзіне келген істі қарауға міндетті болды. Биді таңдау талапкердің қолында болды. Би сотқа жан-жақты дайындалатын. Талапкер мен жауапкер бидің алдында қамшыларын тастап, істі қарауға келісім беріп отырды. Қамшы тастаудың процессуалдық маңызы болды. Одан кейін екі жақта биден бас тарта алмайтын.

Сот ашық түрде екі жақты куәларды тыңдау арқылы жүрді. Сотқа келмей қалған жақтың өкілін бидің зорлап алдыруға құқығы болды. Куәлар бидің алдында ант беруі тиіс болды. Әйелдер, 15 жасқа толмағандар, шариғаттан хабары жоқтар, ақылы есі кемде, бұрын айыпты, қылмысты болғандар куә бола алмаған.

Куәлары болмаған күрделі істерде ант беру институты қолданылған. Антты талапкер мен жауапкер емес, солар үшін олардың беделді әрі белгілі туыстары берді. Егер айыпталушы үшін емкім ант бермесе, ол жауапты ретінде жазаға тартылған. Билер сотының шешімі ауызша түрде көпшіліктің алдында жарияланатын. Сот талқылауы екі жақты “алажіпті үзу” деген дәстүрмен аяқталатын.

Айыптың оннан бір бөлігі билігі үшін еңбекақысы ретінде биге берілетін. Билер сотының шешімін орындау рубасыларға, талапкерлерге және оның туыстарына жүктелді. Сот шешімі тез арада орындалуға тиіс болды. Соттың шешімін орындамау жаңа жауапкершілік тудырды. Барымта қарсы жақтың малын зорлықпен айдап әкету, тартып алу. Адат барымтаны ұрлыққа жатқызбайды. Барымта дауды шешудің басқа тәсілдері қалмағанда амалсыздан жасалатын шара болған [7, 64].

Бұрындық ханның билік еткен кезінде Қазақ хандығынан саяси орталығы Сарайшық қаласында болды (Батыс Қазақстан территориясында). Мырза Хайдардың жазуынша "Бұрындық хан Сарайшықта болды. Ал Қасым хан одан алыс болу үшін, Моғолстан шекарасына кетті". Бұл жылнамалар мазмұнында ішкі саясатты басқарған қазақ элиталары арасындағы күрделі қатынас жасылға. Деректер көрсеткендей қазақ қоғамының әкімшілік – территориялық ұйымының негізінде ұлыстық жүйе жатты. Бұрындық ханның, Қасым ханның, олардың ағалары Жаныш пен Танаштың және басқа да ірі сұлтандарын ұлыстары белгілі. 1509 жылы жорықта Мұхаммед Шайбанимен бірге болған Рузбихан былай деп жазған: "Қазақ әскерінің қатары араласын, алланың қолдауымен қашты және талқандалған олар Бұрындық ханның аймағына атаңды". Бұл жерде өзбектердің қыста қазақ сұлтандары Жаныш пен Танышқа жасалған жорықтары айтылған. 1509 жылғы бұл оқиға жалғыз болған жоқ, 1506-1510 жылдары Шайбани оларға бірнеше жорықтар жасады. Өзбектердің Дешті-Қыпшақ даласына жасаған шабуылдары жеңіліспен аяқталды [3, 50].

1510 жылғы соңғы жорықта Шайбани басты ескерімен Көк кесене ауданына тоқтайды. Қазақ әмірлерінен бірі өз әскерлерін жинап, бірақ өзбектерді көп әскерлеріне қарсы тұра алмай, Қасым ханның өзі келдім деп әдейі сыбыс жібереді. Барлаушылардан бұл сыбысты естіген өзбектер, барлық жаулап алған олжаларын тастап, Шайбан ханға қашты.

Қашқан оны басқашы Шахибек хан деп атаған. Шахибек хабардың шындығына көзі жетпесе де күйінде қыстың соңғы кезінде Самаркандқа жетеді.

Қазақ шежіресінде Қасым ханға мінездеме берілген. Мысалы, М. Ж. Көпеев: "Қасым ханның өзі мемлекет астанасын Сарайшықтан Ұлытауға көшірген", деп жазған [4, 16]. Онын билік еткен кезінде қазақтар бүкіл әлемге танымал мықты мемлекет болды, оған Қасым ханнын қазақ хандығының құқықтық негізін реформалау үлесі ерекше. ("Қасым ханның қасқа жолы"). "Қасым ханның қасқа жолы" атанған ережелер көпке белгілі.

XV-XVII ғасырларда этникалық тарихтын негізгі мазмұны қазақ этносының қалыптасуың аяқталу кезеңімен, ел территориясының шекараларының анықталуымен, қазақ жүздерінің этникалық құрамының нығаюымен байланысты. Қазақтардың этникалық құрамында бүкіл түрік тайпалары және монғол тектес тайпалар болды. XV-XVII ғасырлардағы күрделі халықаралық жағдайға қарамастан қазақтарға этностың нақты құрамын бекітіп, мемлекет құрауға мүмкіндік туды. Этникалық сипаты бір-бірімен генеологиялық туыстыққа негізделген үштік ұйым жүздер. Қазақ елінің саны артып (1 млн. жуық), территориялық ауқымы көбейіп, олардың арасындағы қандас туысатын және генеологиялық байланыс күшейді.

Тарихи деректер бізге Қазақ хандығындағы үш жүздік жүйесі толығымен аты аңызға айналған Хак Назар тұсында бекітілді деп айтуға толық негіз береді. Біріншіден ол қуатты мемлекет құруға, қажетті деректерде "алаш" атанған дала тайпаларының одағың құрды, (кейіннен Орта жүз), содан кейін Жетісудың көшпелі тайпаларын біріктіріп, Шағатай сұлтандары басқарған Моғолстанның саяси дағдарысынан аман қалған моғұлдарды қазақтар құрамына кіруіне мүмкіндік жасады (кейіннен Ұлы жүз) [1, 55].

Халық арасындағы этногениологиялық аныздарда үш жүздің пайда болуы Алаша ханыны тарихымен байланысты.

Шығай ханның ұлы Тәуекел хан өз билігін өзбек билеушілерімен ұзақ күресте бекітті. 1586 жылы ол Баба сұлтан бастаған өз қарсыластарын талқандап шықты. Сол кезеңде Қазақ хандығының халықаралық жағдайы әлсіреді. Өз билігінің басты мақсаты ретінде Тәуекел хан оңтүстік қалаларды хандық құрамына қосуды, нығайтуды көздеді.

Тәуекел хан алдында негізінен мынандай саяси мәселелер тұрған: 1) Ташкент және оның айналасын басып алу үшін Бұхар хаңдығынын билеушісі Абдаллахпен күрес; 2) Сібір ханы Көшіммен соғыс. Осындай оймен Тәуекел хан өзіне одақтастар іздей бастайды. Тәуекел ханның елшісі орыс патшасы Борис Годуновпен кездесіп, Бұхарға қарсы одақтасуды сөз етеді. Бұл елшілік жұмысына Мәскеу мемлекеті құрамындағы Қасым хандығының билеушісі, Тәуекел ханның ағайын туысы Ораз Мұхаммед сұлтан қатысты [5, 70].

1598 жылы Бұхар хандығының ішіндегі қайшылықтарды пайдаланып, Төуекел хан Орта Азияға жорық жасайды. Сонын нәтижесінде өзбек әскерін талқандап Ташкент, Самарқанд қалаларын алды. Сонымен осы жылы Сырдария қалалары үшін болған ұзақ соғыс аяқталды деп есептеуге болады. Бұхар қаласына жорық жасағанда жараланған Тәуекел хан кешікпей қайтыс болады. Тәуке ханның аты тәуелсіз билеуші ретінде XVII ғасырдың 80 жылдарында аталды. 1687 – 1688 жылдар шамасында Түркістанда Әз – Тәуке Бұхар хандығының елшілерін қабылдады. Бұл келесі сөзде екі мемлекетке қатысты Ташкент аймағының экономикалық – саяси сұрақтары талқыланды. Бұл қала (Ташкент) саяси жағынан Қазақ хандығына тәуелді болса да, экономикалық жағынан өзінің дербестігін ұстады. XVII ғасырдың 90 жылдары Тәуке хан қазақ әскерімен Ташкенттен оңтүстікке қарай қоныстанған Қытай – қыпшақ тайпаларына жорық жасады.

Тәуке хан Ресей және Жоңғария мемлекеттерімен тығыз дипломатиялық және сауда қатынастарын орнатты: 80 жылдары Тәуке хан Ресейге (тобыл мен Астраханға) бес елшілік жіберді. Осыншама елшілік қазақ хандығына да келді. Қазақ – орыс қатынастары түзеле бастады, олардың арасында егіншілік, мал шаруашылығы және өндіріс өнімдерімен айырбастау көбейді. Көптеген аймақтарда, Ертіс бойында жәрмеңкелер, айырбас орталықтары ұйымдастырылды. Онда орыс, жоңғар, қазақ және Орта Азия көпестері еркін сауда жүргізді. Ресей қазақ далалары арқылы Шығыс сауда жолдарының ашылуына қызығушылық танытты. Бірақ, экономикалық қатынастар үнемі әскери қақтығыстарға әкеліп отырды. Әз-Тәуке билігінің басынан бастап жоңғарлардың белсенді әрекеттері күшейді. 1683-1684 жылдары қазақ хандығының оңтүстік территориясы жоңғар шабуылына ілікті. Жорық барысында Түркістан оазистері қаңырап, Сайрам қаласы талқандалды.

Тәуке ханның үлесі XVII ғасырдың аяғы – XVIII ғасырдың басында Жоңғарияны басқарған Галден Башохту (1676-1697) және Цэван Рабданмен (1699-1727) күресінің ауыр жүгі тиеді. Өз заманыңның ауырлығына қарамастан Тәуке хан мемлекеттің бүтіндігімен тәуелсіздігін сақтап қалды. Сондықтан қазақ шежіресінде әз – Тәуке билік кезінде сәтті билік еткен кезең деп суреттейді. Сонымен бірге оның даналығы, көрегендігі мен тапқырлығы айқындалды. А.И. Левшин атап көрсеткендей «қазақтардың алтын ғасыры, ол әйгілі Тәуке хан билік құрған жылдар». Бұл «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деген [5, 54]. Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. История Казахстана. В пяти томах с древнейших времен до наших дней. Алматы, 1996.
  2. История Казахстана. Очерк. Алматы, 1993.
  3. Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен). Алматы, 1994.
  4. История Казахстана: белые пятна. – Алма-Ата, 1991.
  5. Ирмуханов Б.Б. История Казахстана прошлое и настоящие. Алматы, 2000.
  6. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алматы, 1992.
  7. Күзембайұлы А.Абыл Е. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы, 1998.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.